Құжат мәтініне өту

Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Алматы

Қаулы · № 3/478 · қабылданған 29.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-200440/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Алматы Қолданыста Қаулы ·№ 3/478 ·29.08.2024
29.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Алматы

Қолданыста Қаулы ·№ 3/478 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3/478
Қабылданған күні
29.08.2024
Көрсетілген редакция
29.08.2024 200440_718845.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24R0003478
ЭКБ идентификаторы
200440
Редакция идентификаторы
200440_718845
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:52

0 Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17 бабының 1) тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер белгіленсін.

2 2. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер

Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «____»__________
№ _____ қаулысымен бекітілген
Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер
№ р/с
Критерий атауы
Иеліктен шығару түрі
1
объектіге әрі қарай бақылау жүргізуге мемлекет мүддесінің болмауы;
объектіні барынша жоғары бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту.
аукцион түрінде сауда-саттық өткізу
2
сату шартын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт кезеңіне объектіге мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттігі (қызмет бейінін сақтау);
объектіні барынша жоғары бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту.
тендер түрінде сауда-саттық өткізу
3
сенімгерлік басқарушының, жалға алушының (жалдаушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары талаптарының орындалуына мемлекет тарапынан белгілі бір уақыт кезеңіне бақылауды сақтау қажеттілігі.
тікелей атаулы сатылым
4
объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі;
шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі
қор биржасында сауда-саттық өткізу
5
акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі ақцияларына құқығын растайтын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі.
туынды бағалы қағаздарды сату
6
жекешелендіру объектілерін сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнінде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі;
бағаның және (немесе) жекешелендірудің өзге де шарттарының басымдығын айқындайтын қаржы кеңесшісінің қатысуымен сауда-саттық жүргізу қажеттілігі
екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс

Қолданыстағы