О расширении границ (черты) населенного пункта села Хуторок, в связи с переводом земельного участка из категории лесного фонда в земли населенных пунктов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскесін орман қоры санатынан елді мекендердің жерлеріне ауыстыруға байланысты Хуторок ауылының елді мекенінің шекараларын (шегін) кеңейту туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 12-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығымен бекітілген Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасының 12-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жер учаскесін орман қоры санатынан елді мекендердің жерлеріне ауыстыруға байланысты бұрын белгіленген нысаналы мақсатына сәйкес, жер учаскесін таңдау актісіне сәйкес алаңдарды пайдалану мүмкін еместігіне байланысты Хуторок ауылының елді мекенінің шекараларын (шегін) кеңейту мақұлдансын, Сандықтау ауданының «Сандықтау ОӨОШ» РММ Лейковский орман шаруашылығынан жалпы алаңы 62,6 га, 2 бөлімнің 2-тоқсанында орналасқан 2,17,21,25., 3 тоқсанда 5,11 телім., 6-тоқсанда 22,19 бөлу. 9-тоқсанда 56,58,47,48,49 бөлінді., 10-тоқсан 39..17-тоқсанда.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.