Об утверждении перечня отдельных товаров, работ, услуг, при государственных закупках которых к потенциальным поставщикам и поставщикам могут быть установлены дополнительные требования Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Басқа 2. Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 613 бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі № Атауы Қосымша талап 1. Көрсетілетін қызметтер: 1.1. Медициналық қарап тексеру жөніндегі қызметтер Медициналық қарап тексеру жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер және өнім берушілер көрсетілген қызметтерді сатып алу жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағында болуға тиіс 1.2. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер және өнім берушілер көрсетілген қызметтерді сатып алу жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағында болуға тиіс 1.3. Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметтер Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер көрсетілген қызметтерді сатып алу жоспарланып отырған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағында болуға тиіс 1.4. Корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі қызметтер Корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер корпоративтік басқару жүйелерін бағалау бойынша кемінде бес жыл немесе Қазақстанда да, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде де он ірі компанияда тәжірибенің болуы тиіс 1.5. Гүлдерді отырғызу және оларды күтіп ұстау бойынша қызметтер Гүлдерді отырғызу және оларды күтіп ұстау бойынша қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер қызметтерді сатып алу жоспарланған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағында орналасуы тиіс 2. Жұмыстар: 2.1. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар Елді мекендердің автомобиль жолдары мен көшелерін күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды орындайтын әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер көрсетілген жұмыстарды сатып алу жоспарланып отырған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағында болуға тиіс Ескерту: Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарланып отырған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағында орналасуын Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 20-параграфына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берілген сәтте веб-портал автоматты түрде айқындайды.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 613 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 155 «Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18359 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 1229 бұйрығы «Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30991 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 218 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34262 болып тіркелген).