Об утверждении Правил оплаты проезда ветеранам и инвалидам, направленным на обследование и лечение в областные больницы медицинскими учреждениями Күшін жойған
Басқа 0
Медициналық мекемелермен облыстық ауруханаларға тексерілуге және емделуге жіберілген ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру төлемі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы
"Медициналық мекемелермен республикалық ауруханаларға емделуге жіберілген ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру төлемі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық әкімиятының 2004 жылғы 17 наурыздағы N 388 қаулысын орындауға Зырян ауданы-Зырян қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан-қала медициналық мекемелермен облыстық ауруханаларға тексерілуге және емделуге жіберілген ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру төлемі жөніндегі ұсынылған Ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Зырян ауданы-Зырян қаласының халықты әлеуметтік қорғау бөлімі (Р.З. Оспанова) жоғарыда аталған Ережелерге сәйкес 258 015 000 332 "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасы бойынша төлем жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары Э.Я. Гейгерге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Медициналық мекемелермен облыстық
ауруханаларға тексерілуге және емделуге
жіберілген ардагерлер мен мүгедектердің
жол жүру төлемі жөніндегі Ережелер
Зырян ауданы-
Зырян қаласының әкімиятының
2004 жылғы 11 мамырдағы қаулысына
қосымша
Медициналық мекемелермен облыстық
ауруханаларға тексерілуге және емделуге
жіберілген ардагерлер мен мүгедектердің
жол жүру төлемі жөніндегі Ережелер
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының көлемінде медициналық көрсеткіштер бойынша тексерілуге және емделуге жіберілетін, аурулардың жол жүру құнының төлемі Зырян ауданы-Зырян қаласының денсаулық сақтау бөлімі берген белгіленген үлгідегі жолдамасы болған жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Бағдарламаның әкімшісі Зырян ауданы-Зырян қаласының халықты әлеуметтік қорғау болып табылады.
Тармақ 3
3. Аурулардың емделуге және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Аурулардың емделуге және оларды ертіп жүрген
адамдардың жол жүру құнының төлем тәртібі
2. Аурулардың емделуге және оларды ертіп жүрген
адамдардың жол жүру құнының төлем тәртібі
Тармақ 4
4. Зырян ауданы-Зырян қаласының халықты әлеуметтік қорғау бөлімі аурудың (екі жаққа) жол жүру төлемін мынадай құжаттардың негізінде жүргізеді:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) жеке куәлігі;
Тармақша 3
3) аудан-қала денсаулық сақтау бөлімінің жолдамасы;
Тармақша 4
4) тұратын жерден анықтамалар;
Тармақша 5
5) жол жүру нақтылығын растайтын билеттер.
Тармақ 5
5. Заңнамада белгіленген жағдайларда ауруды (екі жаққа) ертіп жүрген адамның жол жүру төлемі жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Медициналық көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілетін аурулардың және оны ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемі темір жол және қалааралық автомобиль көлігінде жол жүру құнының мөлшерінде жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Емделуге жол жүру нақтылығын растайтын құжаттар емделу орынынан келген күннен 30 күннен кеш емес ұсынылуы қажет.
Тармақ 8
8. Аурудың және оны ертіп жүрген адамның жол жүру нақтылығын растайтын билеттерді жоғалтқан жағдайда, емделу орнына дейін және кері жол жүру құнын растайтын темір жол немесе автобекеттердің кассаларынан анықтама ұсынылуы қажет.
Тармақ 9
9. Зырян ауданы-Зырян қаласының халықты әлеуметтік қорғау бөлімі құжаттарды ұсыну бойынша аурулардың және оларды ертіп жүрген адамдардың жеке шоттарына ақшалай қаражатты аударады.