Об утверждении Правил Государственных учреждений Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мекемелердің Ережелері осы қаулының қосымшаларына сәйкес бекітілсін:
Тармақша 1
1) 1-қосымшаға сәйкес Жетісай ауданы әкімдігінің «Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 2
2) 2-қосымшаға сәйкес Жетісай ауданы әкімдігінің «Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 3
3) 3-қосымшаға сәйкес Жетісай ауданы әкімдігінің «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 4
4) 4-қосымшаға сәйкес Жетісай ауданы әкімдігінің «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 5
5) 5-қосымшаға сәйкес Жетісай ауданы әкімдігінің «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 6
6) 6-қосымшаға сәйкес Жетісай ауданы әкімдігінің «Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 7
7) 7-қосымшаға сәйкес Жетісай ауданы әкімдігінің «Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 8
8) 8-қосымшаға сәйкес Жетісай ауданы әкімдігінің «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының бірінші тармағаныда көрсетілген мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 16. «Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е
Жетісай ауданы әкімдігінің «____» _______ 2024 жылғы №____ қаулысына 1 қосымша «Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі– Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте Жетісай ауданында экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік орган егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының актілерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160500 Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 20.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы: Мемлекеттік тілде: «Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел экономики и финансов Жетысайского района».
Тармақ 10
10. Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік орган қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Мемлекеттік орган заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мемлекеттік органның миссиясы: Жетісай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
Тармақ 14
14. Негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Жетісай ауданында экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2)Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен жүктелген басқа да міндеттер;
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1)ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын әзірлеу және мониторинг жүргізу;
Тармақша 2
2)орта мерзімді кезеңге арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу;
Тармақша 3
3)ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін басым бағыты бар жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін қарау;
Тармақша 4
4)тиісті жоспарлы жылға арналған басым бағыты бар бюджеттік инвестициялық жобалардың тізіміне енгізу үшін инвестициялық жобаларын (бюджеттік) экономикалық қорытынды дайындау;
Тармақша 5
5)экономикалық дәйектеме негізінде, ауданның орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, салық салу базасына, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдеріне сәйкес аудан бюджетінің параметрлерін жоспарлау және үш жылдық кезеңге арналған (жоспарлы кезең) жергілікті бюджеттің жобасын құрастыру;
Тармақша 6
6)ауданның бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру және мониторинг жүргізу;
Тармақша 7
7)тиісті есепті кезеңге ауданның бюджетінен қаржыландырылатын, атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау үшін тиісті жоғары тұрған уәкілетті мекемелерге құжаттар дайындау және ұйымдастыру;
Тармақша 8
8)бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 9
9)бюджеттік заңдылықтарға сәйкес ауданның бюджетінің міндеттемелер бойынша жалпы қаржыландыру жоспарларын, түсімдер жоспарын және төлемдер бойынша жалпы қаржыландыру жоспарын құрастыру, бекіту және жинақтау;
Тармақша 10
10)болжамды түсім көлемі негізінде төлемдер мен міндеттелемелер бойынша аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларына талдау жасау;
Тармақша 11
11)бюджет қаражаттарын басқаруды жүзеге асыру, алдағы кезеңге бюджетке түсетін қаржының күтілетін көлемін анықтау;
Тармақша 12
12)басқа жақтан қаражаттар тарту процессін ұйымдастыру;
Тармақша 13
13)бюджеттік мониторинг жүргізу;
Тармақша 14
14)бюджеттік есеп жүргізу;
Тармақша 15
15)Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарына сәйкес, ауданның бюджетінің айлық жылдық есептерін құрастыру және ұсыну, сонымен қатар, мемлекеттік басқару органдарына басқа да есептерді ұсыну;
Тармақша 16
16)бюджет заңдылықтары негізінде ауданның бюджетінің айлық, тоқсандық және жылдық есептеріне талдау жасау және бақылау жүргізу;
Тармақша 17
17)Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарымен белгіленген тиісті органдарға ұсыну үшін дебиторлық және кредиторлық қарыздар туралы есептерді құрастыру;
Тармақша 18
18)ауданның бюджетінің атқарылуы туралы жедел мәліметтерді жинау, құрастыру және тиісті органдарға ұсыну;
Тармақша 19
19)инвестициялық жобалар, даму бюджетінің игерілуі барысына мониторинг жүргізу;
Тармақша 20
20)бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік несиелерге қызмет көрсетуді жүзеге асыру, есебін жүргізу, мониторинг жүргізу;
Тармақша 21
21)бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы жөнінде жалпы қорытындылар дайындау;
Тармақша 22
22)ҚР қолданыстағы заңдылықтары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару және оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 23
23)аудандық коммуналдық мүлік есебін жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 24
24)акциялары және үлестері мемлекетке тиесілі шаруашылық жүргізуге құқылы мемлекеттік кәсіпорындар және акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық-шаруашылық қызметіне мониторинг жүргізу;
Тармақша 25
25)аудандық коммуналдық меншіктерді аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітуді жүзеге асыру;
Тармақша 26
26)аудандық коммуналдық меншікті пайдалану және қолдану, иелену бойынша уәкілеттікті жүзеге асыру;
Тармақша 27
27)ҚР қолданыстағы заңдылықтары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер шегінде және уәкілетті органдардың (бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің) тікелей қатысуымен аудандық коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіруді ұйымдастыру;
Тармақша 28
28)жекешелендіру үшін аудандық коммуналдық меншіктегі нысандарды беру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 29
29)коммуналдық меншікті және мүлікті жалға алу жөніндегі келісім шарттарды рәсімдеу (аудандық коммуналдық мүлікті), жалға берілген мүліктер бойынша төлем ақысын есептер көлемінің есебін құрастыру;
Тармақша 30
30)аудандық коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға және жалға беру шарты бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 31
31)заңдылықтарға және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес коммуналдық меншікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беруді ұйымдастыру;
Тармақша 32
32)аудандық коммуналдық меншіктің сақталуы, тиімділігі және ұтымды пайдаланылуы бойынша жұмыстар жүргізу;
Тармақша 33
33)ҚР заңдылықтарында белгіленген тәртіппен иесіз нысандарды анықтау және оларды есепке қойып әрі қарай коммуналдық мешікке қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 34
34)ҚР заңдылықтарында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және әрі қарай пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 35
35)мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың коммуналдық меншіктегі нысандарын түгендеу және есепке алу бойынша теңгерім ұстауыштармен жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 36
36)мемлекеттің қатысумен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің қорытындысы бойынша талдау жүргізу;
Тармақша 37
37)мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқаушы кеңесіне және директорлар кеңесіне қатысу;
Тармақша 38
38)мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруға және өткізуге мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 39
39)мемлекеттік сатып алулар бойынша жинақ және есептерді ұсыну;
Тармақша 40
40)Бөлімнің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
Тармақша 41
41)мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындардың және акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына өтуіне талдау жасау және мониторинг жүргізу;
Тармақша 42
42)ауданның жергілікті атқарушы органдарының резервтерді пайдалану бойынша мәліметтерді жинақтау;
Тармақша 43
43)Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес аудан және облыс әкімінің Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің, Экономикалық даму және сауда министрлігінің және басқалардың тапсырмаларын орындау;
Тармақша 44
44)Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларымен, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының нормативті-құқықтық актілерімен, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларымен, облыс және аудан әкімінің өкімдері және шешімдерімен белгіленген өзгеде міндеттер.
Тармақша 45
45)ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Құқықтары:
Тармақша 1
1) Бөлімге міндеттелген функцияларды атқару үшін, мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан тиісті мәліметтерді сұрауға және алуға,
Тармақша 2
2) белгілі құзыреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерге тапсырмалар береді;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 4
4) бюджет заңдылықтары негізінде бюджет қаражаттарын қайтарады және қаржыландыруды тоқтатады;
Тармақша 5
5) өз құзырына жататын мәселелер бойынша әкім шешімінің, өкімінің, аудан әкімдігінің қаулысының, сонымен қатар, мәслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындайды;
Тармақша 6
6) осы ережемен және заңдылықтармен, облыстық және аудандық жергілікті атқарушы органдармен бекітілген өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады. Мемлекеттік органның міндеттері: Мемлекеттік органның міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Мемлекеттік органға басшылықты Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлімнің бірінші басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және Мемлекеттік органның жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік органды басқару кезінде бөлімнің бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік органның атынан сенім хатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Мемлекеттік органның мүлігіне билік жасайды;
Тармақша 3
3) банктерде есеп-шоттар ашады, Мемлекеттік органның барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
Тармақша 4
4) заңдарға сәйкес Мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 6
6) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 7
7) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) Мемлекеттік органның жұмыс регламентін бекітеді;
Тармақша 9
9) Мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) заңнамамен осы ережемен және аудан әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады. Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік органның бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
Тармақ 23
23. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органның мүлкі
5. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 24
24. Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 26
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 6. 6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 27
27. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 114. «Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жетісай ауданы әкімдігінің «____» _______ 2024 жылғы №____ қаулысына 2 қосымша «Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мынадай ведомстволары бар.
Тармақша 1
1) Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Балдәурен» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақша 2
2) Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақша 3
3) Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Асыл Қазына және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жетісай ауданы әкімдігінің «Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғанының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Ш.Айманов көшесі №38 А үй, индекс 160500.
Тармақ 10
10. Осы ереже Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. «Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жетісай ауданы әкімдігі болып табылады.
Тармақ 11
11. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым- қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: - Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; - Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: - мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мекеме мүдделерін білдіру; - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу; - Қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
Тармақша 2
2) Міндеттері: - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; - мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету; - мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) аудан аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды жыл сайын анықтап отырады.;
Тармақша 2
2) мүгедектерге әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдеседі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 5
5) мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 8
8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін басқада іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 10
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субьектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субьектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 12
12) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
Тармақша 14
14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;
Тармақша 15
15) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 17
17) өз құзіреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 18
18) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
Тармақша 19
19) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;,
Тармақша 20
20) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) мемлекеттің кәмелетке толғандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 18
18. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) бөлімінің қарамағындағы ведомстволық бағынысты мекемелердің басшыларын тағайындайды және қызметінен босатады.
Тармақша 2
2) Мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, бөлімге бағынысты мекемелердің орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4) бұйрықтар шығарады және Мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 7
7) Мекеме қызметкерлерінің белгіленген саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегінде штат кестелерін бекітеді;
Тармақша 8
8) бюджеттік бағдарламалар әкімшісін және мекеменің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде Мекеменің қаражаты мен мүлкіне иелік етеді;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
Тармақ 24
24. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қарамағындағы ведомстволық ұйымдардың тізбесі:
Тармақ 1
1. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Балдәурен» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Асыл Қазына және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 187. «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жетісай ауданы әкімдігінің «___» _______ 2024 жылғы №___ қаулысына 3 қосымша «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қорын дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады , оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 160500 Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі №12.
Тармақ 9
9. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады. - «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жетісай ауданы әкімдігі болып табылады.
Тармақ 10
10. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Бөлім кәсіпкерлік субьектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Мақсаттары: - ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында және тұрғын үй қорын дамыту саласында, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту саласында, тұрғын үй инспекциясы саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: - тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; - тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; - тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады; - бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді; - Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайда, кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етеді; - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен айқындалатын тәртіппен тұрғын үйлерді тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады; - кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келіседі; - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады. - коммуналдық шаруашылықты қысқы мезгілдегі жұмысқа дайындау бойынша кәсіпорындар-қызмет берушілер мен тұтынушылардың (ПИК) қызметін үйлестіреді және жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді; - тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді; - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді; - тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектілерді қабылдаған кезде мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына ену; - Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарттарын жасасу, қажет болған жағдайларда жалға алушы мен оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылды деп тану бойынша шаралар қабылдау; - коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізу; - республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді; - авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады; - жерлеу орындарын күтіп-ұстау және тексіздерді жерлеу; - ауданның аумағы шегінде орналасқан су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен конкурстық негізде береді. - ауданды абаттандыру мен көгалдандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыр. - ауданды санитарлық тазартуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; - өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтiп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру. - коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлеп, аудан әкімдігі арқылы жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады; - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен бірлесіп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерiн әзiрлеп, аудан әкімдігі арқылы жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады; - коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады; - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен бірлесіп, қалдықтарды жинау, әкету, залалсыздандыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы тарифтердің мөлшері мен оларды бөлу тәртібін айқындайды; - қазандықтардың, жылу желілерінің және тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін; - қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады. - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады; - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді; - ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады; - жасыл желектерді санитарлық кесуге (іріктемелік, жаппай) амалсыз алып тастауға, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға, санитарлық кесуге, ландшафтық кесуге, діңгегін тазалауға рұқсат беру; - «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарған кезде өтем төлейді; - қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және аудан аумағындағы көріктендіру ержелерін бұзуға сондай-ақ аудандағы инфрақұрылымдар мен нысандардың бұзылуына жол бермеу; - аудандағы сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға келісе отырып ұйымдастырады; - аудан аумағындағы көлік аялдамаларын орнату, көріктендіру және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру; - инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына жобалау-сметалық құжаттамалар, техникалық экономикалық негіздер жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жұмыстарын үйлестіру; - ауданның коммуналдық меншігіндегі қала көшелерін, саябақтарды, скверлерді, лотоктар мен арық-атыстар жүйелерін, ұңғымаларды және фонтандарды, көпшілік пайдаланатын жерлер мен көріктендіру, ескерткіш нысандарын өз дәрежесінде күтіп ұстауды ұйымдастыру; - ауданның коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға келісе отырып ұйымдастырады;. - қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi; - жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды; - экономикалық тұрақты жұмысты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасайды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады; - заң актілеріне сәйкес ауданның коммуналдық меншігін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; - әділет органдарында жедел басқару құқығын мемлекеттік тіркеуді, мүлік және жылжымайтын мүлік объектілерін тіркеуді іске асырады; - азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату, мердігерлік және басқа да шарттар) негізінде мүлікті сатып алу және оны жасау жұмыстарын ұйымдастыру; - заң актілеріне сәйкес ауданның коммуналдық меншігін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; - Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi; - Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстар жүргізу. - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; - автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу; - аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару; - ауданның коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару; - аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; - аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау; - маршруттар және маршруттар бойынша жүру кестелерін бекіту үшін әзірлеп аудан әкімдігіне ұсыныс енгізуді, сондай-ақ оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыруды; - жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi; - жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады; - шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлейді және аудан әкімдігіне ұсынады; - алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастырады; - қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады; - тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді; - таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді; - жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. - Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi; - Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстар жүргізу. - жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. - тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға; - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларының жүзеге асыру; - тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету; - тұрғын үй инспекциясының кондомиум обьектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру: - кондоминиум обьекиісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды орындауға, - коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру; - кондоминиум обьектісіне ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру; - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау; - мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды атқаратын мердігерлік ұйымдар жұмыстарын бақылау; - осы тізімде көрсетілген обьектілерді жөндеудегі жобалау-сметалық құжаттарды әзірлейді, тиісті қызметтермен бірлесе отырып инженерлік құрал жабдықтарының, техникалық жағдайын, өз құзыры шегіне қызметтері мемлекеттік мекемеге жүктелген қолданыстағы нормативтік – техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп-ұстау мен жөндеу жөніндегі кешенді шаралардың уақытылы орындалуын бақылау; - жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және жауап береді; - елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде бақылау субьектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде қадағалау . - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабыладау жөніндегі комиссияларға қатысу; - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару. - пәтерлердің, тұрғын үй үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум обьектісін басқару және кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу; - пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақталуына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашу. - обьектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталынуына мемлекеттік қадағалау. - көп пәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу,энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуын қадағалау. - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақытылы орындалуына мемлекеттік қадағалау. - анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына мемлекеттік қадағалау. - жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге мемлекеттік қадағалау. - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындаған жұмыстардың сапасына мемлекеттік қадағалау. - елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен обьектілеріне қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау йункцияларын жүзеге асырады. - Тұрғын үй инспекциясы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады. - Тұрғын үй инспекциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрған үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру. -Тұрғын үй инспекциясы кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын обьектілердің иелеріне,көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға «әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді. - Тұрғын үй инспекциясы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум обьектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынады. - Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №767 қаулысымен бекітілген бағдарлама аясындағы міндеттері мен функцияларды атқарады. - Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыны меншік иелерінен қайтару жұмыстарын ұйымдастырады. - Пәтерлердің , тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум обьектілерінің жекелеген түрлеріне күрделі жөндеу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірлейді. - Кондоминиум обьектілерінің жекелеген түрлеріне жөндеу жүргізу үшін техникалық және авторлық қадағалаушыны Заңнамаларға сәйкес анықтап береді. - Кондоминиум обьектілерінің жекелеген түрлеріне жөндеу жүргізу үшін «ҚР Тұрғын үй қатынастары» Заңы талаптарына сәйкес тұрғындармен жиналыстар ұйымдастырады. - Мекеменің құрылымындағы тұрғын үй инспекциясы, кондоминиум обьектілерін басқару және техникалық қадағалау секторларының жұмысын ұйымдастыру. - апатты тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) міндеттері: - ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында және тұрғын үй қорын дамыту саласында, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту саласында, тұрғын үй инспекциясы саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақ 14
14. Функциялары: - азаматтардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Мекемеге жүктелген жұмыстары орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрауға және алуға. - Мекеме функцияларымен талапкер ретінде сотта талап-арыз беруге, наразылық білдіруге. - бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау обьектілерінен сұратуға және белгіленген мерзімде алуға. - талап-арыз, наразылық білдіруге, талапкер есебінде Бөлімнің басқа қызметіне байланысты істер бойынша соттарда сөйлеуге; - Тексеру жүргізген уақытта тексерілетін обьектіге баруға. - тексеру жүргізу кезінде кез-келген қажетті ақпаратты сұрауға, тексеруге нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға; - бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау обьектілерінен сұратуға және белгіленген мерзімде алуға. - тексеру жүргізу кезеңіндегі тексерілетін обьектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге; - тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге; - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. - мекеме заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі. - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу; - оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы; - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Бөлімнің бірінші басшысын Жетісай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
Тармақша 11
11) Бөлімде бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
Тармақ 20
20. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органның мүлкі
5. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 6. 6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қарамағындағы ведомстволық ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) Жетісай ауданы әкімдігінің «Жетісай қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісай су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.
Басқа 233. «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жетісай ауданы әкімдігінің «____» _______ 2024 жылғы №____ қаулысына 4 қосымша «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте ішкі саясат саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының актілерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160500 Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі № 20 үй. 9.Мемлекеттік органның толық атауы – «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 10.Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ішкі саясат саласында біріңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қажетті жағдайлар жасау болып табылады. 14.Міндеттері:
Тармақша 1
1)қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2)ауданда мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыстың және аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының ішкі саясат басқармасының Мемлекеттік орган құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жасайды;
Тармақша 3
3)қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады;
Тармақша 4
4)ішкі саясат, қоғамдық-саяси мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
Тармақша 5
5)«сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды және насихаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6)ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 7
7)ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси процестерге және оның даму барысында жан-жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды;
Тармақша 8
8)аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады;
Тармақша 9
9)аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік-саяси зерттеулер жүргізеді;
Тармақша 10
10)қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте жұмыс жасайды;
Тармақша 11
11)әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12)аудан әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады;
Тармақша 13
13)аудан аумағында қызмет атқаратын үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорға енгізілуін қадағалау, мәлімет ұсынбаған ұйымдарды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартуды жүзеге асырады.
Тармақша 14
14)Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырады. 15.Функциялары:
Тармақша 1
1)ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық – саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2)Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыс пен аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысы ішкі саясат басқармасы қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3)«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұрымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;
Тармақша 4
4)Аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады;
Тармақша 5
5)«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің құзырына кіретін мәселелер бойынша Түркістан облысының ішкі саясат басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6)«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесi атқарған жұмыстары туралы Түркістан облысының ішкі саясат басқармасына үнемі есеп беріп отырады;
Тармақша 7
7)«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесi құзырына кіретін мәселелер жөнінде аудандағы «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесiқызметін бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8)Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9)Аудандық қоғамдық-саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10)Ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның мемлекеттік мекемелерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;
Тармақша 11
11)Ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелер бойынша аудан әкімдігінің мәжілісне материалдар әзірлеуге қатысады;
Тармақша 12
12)Кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді;
Тармақша 13
13)Ішкі саясат саласында, ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға;
Тармақша 14
14)«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15)Саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдамен, жұртшлықпен байланысты жүзеге асырады;
Тармақша 16
16)Ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталға облыстық және аудандық ғылыми-практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;
Тармақша 17
17)Аудан әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесi құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді
Тармақша 18
18)Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады;
Тармақша 19
19)«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесi ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпарттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді; 16.Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1)өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
Тармақша 2
2)ішкі саясат саласында «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, Мемлекеттік органға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3)«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
Тармақша 4
4)аудандық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясаты мен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі аудандық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5)«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесі құзырына кіретін ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;
Тармақша 6
6)«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттiк мекемесі құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
Тармақша 7
7)Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Мемлекеттік органның басшысы (бұдан әрі мәтін бойынша – бірінші басшы) жүзеге асырады.
Тармақ 18
18.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
Тармақ 20
20.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1)Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;
Тармақша 2
2)Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және Мемлекеттік органның жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.
Тармақ 21
21.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқару кезінде бірінші басшы заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1)«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенім хатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;
Тармақша 2
2)заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Мемлекеттік органның мүлігіне билік жасайды;
Тармақша 3
3)банктерде есеп-шоттар ашады, «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4)заңдарға сәйкес «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5)заңдарда белгіленген тәртіппен «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 6
6)бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 7
7)барлық «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мен басқа да ұйымдарда Мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;
Тармақша 8
8)«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентін бекітеді;
Тармақша 9
9)«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10)заңнамамен осы ережемен және аудан әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады. «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 22.Бірінші басшы өз қызметкерлерінің функционалдық мііндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тармақ 23
23.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібіне және еңбек заңдарына сәйкес айқындалады.
Тарау 4. 4. Мемлекттік органның жұмыс тәртібі
4. Мемлекттік органның жұмыс тәртібі
Тармақ 24
24. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс;
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органның мүлкі
5. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 25
25.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 26
26.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. 27.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 6. 6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 28
28.«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7. Мемлекеттік органның қарауындағы ұйымдардың тізбесі
7. Мемлекеттік органның қарауындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Басқа 314. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жетісай ауданы әкімдігінің «____» _______ 2024 жылғы №____ қаулысына 5 қосымша «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында, жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:160500 Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Байботаев көшесі 28 Б.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "«Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы саласында, жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын әзірлеу;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 4
4) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
Тармақша 6
6) аудандағы «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру, кепілін мемлекеттік тіркеу, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, ауыртпалықтың жоқ (бар) туралы ақпарат беру және машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады
Тармақша 8
8) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияныжүзегеасыру; 3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
Тармақша 4
4) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргiзудi, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
Тармақша 7
7) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) есептілік ұсыну;
Тармақша 8
8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
Тармақша 10
10) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 10-1
10-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 11
11) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 11-1
11-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 12
12) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 13
13) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
Тармақша 14
14) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
Тармақша 15
15) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 16
16) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 18
18) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
Тармақша 19
19) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;
Тармақша 20
20) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
Тармақша 21
21) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
Тармақша 22
22) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 24
24) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 24-1
24-1) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
Тармақша 25
25) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 26
26) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
Тармақша 27
27) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 28
28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
Тармақша 2
2) «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жетісай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 21
21. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемеcінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
Тармақ 23
23. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органның мүлкі
5. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 24
24. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 26
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 6. 6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 27
27. «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 400. «Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е
Жетісай ауданы әкімдігінің «____» _______ 2024 жылғы №____ қаулысына 6 қосымша «Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте Жетісай ауданында кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақлау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзгеде нормативтік құқық актілерге, сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырыды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік орган егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік орган өз құзіретінінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының актілерімен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат сынының лимиті қолданыстағы саңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Ә.Байботаев көшесі № 28 Б.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органнын толық атауы: Мемлекеттік тілде: «Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел предпринимательства Жетысайского района».
Тармақ 10
10. Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жетісай ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік торган қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады Егер Мемлекеттік орган заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мемлекеттік органның Миссиясы: Жетісай ауданында кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
Тармақ 14
14. Негізгі міндеттер:
Тармақша 1
1)Жетісай ауданында кәсіпкерлік саласында Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ;
Тармақша 2
2)Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен жүктелген басқа да міндеттер;
Тармақ 15
15. Функциялары: - Өңірлік туризмді дамытубағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шаралардың атқарылуын жүзеге асырады. - Сауданы дамыту мен реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету. - Кәсіпкерліктің дамыған инфрақұрылымын қалыптастыруға қажетті құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдастырушылық жағдайларын жасау; - Аудан кәсіпорындарында шетелдік тауарлармен бәсекесе алатын өнімдерді шығару үшін озық техника мен технологияны өндіріске енгізу; - Кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету және қызмет ету жүйесін қалыптастыру; - Мемлекеттік саясаты жүзеге асыру және кәсіпорындармен серіктестік-экономикалық өзара қарым-қатынастарға жағдай жасау; - Маркетинг қызметін дамытуды қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру; - Жеке кәсіпкерлікті, ауылдық аумақтарды дамытудың және осы саладығы бағдарламаларды іске асырудың мониторингін жүргізу; - Аудан әкіміне орта шағын кәсіпкерлік бойынша талдау және есеп берін отыру; - Кәсіпкерлерге несие алу үшін жәрдем беру; - Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы субъектілеріне осы заманнын техтологиясын алуда көмек көрсету, оның ішінде лизингке; - Өз атыныа келісім шартқа тұру, сенімхат беру, мүліктік және мүліктік емес құқыққа ие болу, сотта талапкер және жауапкер болу, және де заңдарға сәйкес, бөлімге жүктелген басқа іс-әрекеттер жүргізу; - Аудан әкімінің қарауына бөлім міндетіне қатысты мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізу; - Бөлім міндетіне кіретін мәселелер бойынша кеңес шақыру; - Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне ҚР заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттерді жүзеге асыру; - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Құқықтары:
Тармақ 1
1. Бөлімге міндеттелген функцияларды атқару үшін, мемлекеттік органдардан, басқада ұйымдардан тиісті мәліметтерді сұрауға және алуға;
Тармақ 2
2. Белгілі құзіреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға тапсырмалар береді;
Тармақ 3
3. Өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақ 4
4. Бюджет заңдылықтары негізіндң бюджет қаражаттарын қайтарады және қаражыландыруды тоқтатады;
Тармақ 5
5. Өз құзырына жататын мәселелер бойынша әкім шешімінің, өкімінің, аудан әкімдігінің қаулысының, сонымен қатар, мәслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындайды;
Тармақ 6
6. Халықтың ой-пікірін білуге әлеуметтік сұрақ –жауаптарды өткізуге,экономикалық реформалардың жүзеге асу барысын зерттеу;
Тармақ 7
7. Азық –түлікпен қамтамасыз етудін қарқынын арттыру жөніндегі аудандық бағдарламалар мен ұсыныстарды дайындап жасау және ауданның өндірістік қуаты мен мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға, өзін –өзі қамтамасыз ету мен артық өнімді өткізугі ықпал жасау;
Тармақ 8
8. Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін аудан көлемінде орналасқан ведомоствалық бағынасына, меншік түріне қарамастан экономикалық және әлеуметтік негізгі корсеткіштерін және басқа да корсеткіштерді алу;
Тармақ 9
9. Аудан әкіміне кәсіпкерлік саласын талдап есеп беріп отыру;
Тармақ 10
10. Несие алушыларға уақытша қаржылай көмек алуға көмектесу және уақытша берілген қаржылай көмектің мақсатты жұмсалуын тексеру;
Тармақ 11
11. Кәсіпкерлік саласындағы субъектілерге осы заманның технологиясын алуда көмек көрсету, оның ішінде лизингке;
Тармақ 12
12. Өз атыныа келісім шартқа тұру, сенімхат беру, мүліктік және мүліктік емес құқыққа ие болу, сотта талапкер және жауапкер болу, және де заңдарға сәйкес, бөлімге жүктелген басқа іс-әрекеттер жүргізу;
Тармақ 13
13. Аудан әкімінің қарауына бөлім міндетіне қатысты мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақ 14
14. Бөлім міндетіне кіретін мәселелер бойынша кеңес шақыру;
Тармақ 15
15. Осы ережелермен және заңдылықтармен, олылыстық және аудандық жергілікті атқарушы органдармен бекітілген өзгеде уәкілеттерді жүзеге асырады. Мемлекеттік органның міндеттері:
Тармақ 16
16. Мемлекеттік органның міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттелді.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Мемлекеттік органға басшылықты Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлімінің бірінші басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;
Тармақ 19
19. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылатын орынбасырлары болуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі: - Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастрады және басқарады, Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді; - Қазақстан Республикасының Заңнамасында және оыс ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципіне іс-әрекет жасайды және Мемлекеттік органның жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік органды басқару кезінде бөлімнің бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіпте: - Мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді; - Заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Мемлекеттік органның мүлігіне билік жасайды; - Банктерде есеп-шоттар ашады, Мемлекеттік органның барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, - Заңдарға сәйкес Мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, - Заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады; - Бұйрықтарға қол қояды; - Барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді; - Мемлекеттік органның жұмыс регламентін бекітеді; - Мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа шаралар қабылдау ұшін дербес жауапты болады; - Мемлекеттік органның атынан іс-қыймылдар жүргізеді, барлық органдарда, жеке және заңды тұлғалар қатынасында оның мүддесін көздеп ұсынады; - Барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер алдында келісім-шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етед; - Құрылтайшы шешімін жүзеге асырады; - Мемлекеттік органның атынан іс - жүргізу құқығына сенімхат береді, сонымен қатар қайта сену құқығына сенімхатар береді; - Мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, келісім-шарттар мен контактілерге қол қояды және мемлекеттік мекеменің қызметіне тікелей жеке жауапты болады, материалдық және ақшф қаражаттарын пайдаланылуын бақлайды; - Қаржы-шаруашылық қызметтерін бақлайды және ұйымдастырады; - Мемлекеттік органның дамуының негізгі бағыттарын ескере отырып, еңбекке ақы төлеу жүйелері, лауазымдық жалақы мөлщерін анықтайды, сыйақы беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады; - Бұйрықтар шығарады; - Мемлекеттік органның қызметкерлерін жұмысқа қабылдануын және шығарылуын жүргізеді; - Заңдарға сәйке басқа да құзіреттерді жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік органның бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы зағнамаға сәйкес белгілейді.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
Тармақ 23
23. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органның мүлкі
5. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 24
24. Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 26
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 6
Тарау 6. 6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 27
27. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 455. «Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е
Жетісай ауданы әкімдігінің «____» _______ 2024 жылғы №____ қаулысына 7 қосымша «Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте құрылыс қатынастары саласында, сәулет және құрылысы саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады , оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Абай көшесі № 69 А.
Тармақ 10
10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады. - «Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жетісай ауданы әкімдігі болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлім кәсіпкерлік субьектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: - құрылыс саласында, сәулет және құрылысы саласында біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: - өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Мемлекеттік орган құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады; - құрылыс саласында және сәулет және құрылысы саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, Мемлекеттік органға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады; - Мемлекеттік органның қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады. - аудандық деңгейде құрылыс мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады; - заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген ауданы аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру; - аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру; - аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған обьектілер құрылысын тоқтатып қою, обьектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау; - пайдалануға берілетін обьектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; - аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауда және олардың күтіп ұсталуына (қолданылуына, пайдалануына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру; - аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық маслихаттың бекітуіне ұсыну; - елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру; - салынып жатқан (салынуы белгіленген) обьектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жүргізу; - ведоствалық бағынысты аумақта құрылыс салуға өзге де қала құрылысын салуға арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау; - қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын рекострукциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау қайта биімдеу) туралы шешім қабылдау; - өзінің өкілеттілігі аясындағы мәселелерді талқылап шешімдер қабылдай отырып, олардың орындалуы тиісті органдардан және жауапты тұлғалардан талап ету; - белгіленген тәртіппен қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат және матиралдар алу; - аудандық елді мекендердің құрылыс салу, аудандық жобада және жоспарында көрсетілгендей атқарылуына бақылау жасау; - құрылыс индустриясы заман талабына сай келмейтін жағдайда, жобаға түзетулер енгізілуін; қамтамасыз ету; - жаңа құрылыс жайларын, бұрыннан бар объектілерді кеңейту және қайта өңдеу, инженерлік құрылыс жүйелерін таңдау мен анықтайтын комиссия жұмысына қатысу; - ауданның елді мекендердің көріктендіру және құрылыс салу ережелерінің сақталуына тексеру жүргізу; - тұрғын үй, қоғамдық құрылыстар мен өндірістік құрылыстарды абаттандыру сапасын бақылауды жүзеге асыру; - Мемлекеттік орган құзырына кіретін құрылыс қатынастарында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына үйымдастырушылық -әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді; - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады,
Тармақша 2
2) міндеттері: - Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізу; - ауданның атқарушы органдарынан қажетті құжаттар, ақпараттар, қажетті қызметтері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсініктемелер сұратуға; - Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұқушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау; - аудандық әкімдіктің мәслихаттың мәжілістеріне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу.
Тармақ 15
15. Функциялары: - құрылыс жүргізу, сәулет саласында заңдылықтар мен тиісті нормалардың сақталуына бақылау жасау; - құрылыс саласында, сәулет және құрылысы саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселесі бойынша жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, лицензиялау органдарымен өзара іс-қимыл жасау; - коммуналдық меншік объектілері құрылысы және қайта құру бюджеттік бағдарламалары бойынша - жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар арқылы қаржыландырылған сараптама мен құрылысы аяқталған объектілердің мемлекеттік қабылдау комиссиясы жұмыстарына қатысу; - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бірінші басшысын Жетісай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
Тармақша 11
11) Бөлімде бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
Тармақ 23
23. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органның мүлкі
5. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. - Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 6. 6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бөлімнің ведомстволары жоқ
Басқа 501. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Жетісай ауданы әкімдігінің «____» _______ 2024 жылғы №____ қаулысына 8 қосымша «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша – Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте мәдениет, тілдер, дене шынықтыру және спорт саясаты саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қзақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. Мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орган Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарына шоттары болады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік орган егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының актілермен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері. 160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Жайшыбеков орамы №8 үй.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі » мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жетісай ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақша 1
1) «Жетісай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (БСН 180840027085) мен «Жетісай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (БСН 180840026740) мирасқоры болып – «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік орган қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субьектілерімен Мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұлғасында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Мемлекеттік орган заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе,онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы,негізгі міндеттері , фунциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы,негізгі міндеттері , фунциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Мемлекеттік органның миссиясы: мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамыту салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпарттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Бөлім құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады:
Тармақша 2
2) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамыту салаларында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніне аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, Бөлімг қатысты мәселелер бойынша ақпараттың талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады:
Тармақша 3
3) Бөлімнің қызмет саласына қатысты мәселер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады:
Тармақша 4
4) аудандық деңгейде мәдеиет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады:
Тармақша 5
5) Бөлім құзырына кіретін мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамытуда азаматтардың құқықтардың сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді:
Тармақша 6
6) бөлім құзырына кіретін міселелер бойынша отырыстар өткізеді.
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады:
Тармақ 16
16. Фунциялары:
Тармақша 1
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлейді және іске асырады:
Тармақша 2
2) спорт түрлері бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткізеді:
Тармақша 3
3) спорттың әр түрі бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуін қамтамасыз етеді:
Тармақша 4
4) тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытады:
Тармақша 5
5) аудандық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерінің қызметін үйлестіреді:
Тармақша 6
6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды береді: жасөспірімдер арасындағы екінші және үшінші , бірінші, екінші және үшінші разрядтар,біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жақтықтырушы,біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдістер,спорт төрешісі.
Тармақша 7
7) аудандық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады:
Тармақша 8
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді:
Тармақша 9
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді:
Тармақша 10
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша дене шынықтыру ме спортты дамыту туралы мәліметтерді талдап,облыстық атқарушы органға табыс етеді:
Тармақша 11
11) аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері үшін консультациялар мен семинарлар өткізеді және әдістемелік материалдар , ұйымдар даярлауды ұйымдастырады:
Тармақша 12
12) «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады:
Тармақша 13
13) мәдениет,тілдерді дамыту саласындағы Жетісай ауданы әкімдігінің консультативтік-кеңесі органдарының қызметін қамтамасыз етеді:
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді:
Тармақша 15
15) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады:
Тармақша 16
16) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалануы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады:
Тармақша 17
17) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады:
Тармақша 18
18) ауданның мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарын аттесттаттаудан өткізеді:
Тармақша 19
19) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады:
Тармақша 20
20) ауданның мәдени мақсаттағы обьектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады:
Тармақша 21
21) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді:
Тармақша 22
22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддсінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады:
Тармақша 23
23) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізу:
Тармақша 2
2) ауданның атқарушы органдарының құжаттармен, ақпараттар, қажетті қызметтері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсініктемелер сұратуға:
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілрін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау:
Тармақша 4
4) аудандық әкімдіктің және маслихаттың мәжілістеріне, аудандық аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу:
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органға басшылықты Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлімнің басшысы (бұдан әрі мәтін бойынша-бірінші басшы) жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылатын орынбасалары болуы мүмкін.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретінде сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс – әрекет жасайды және Мемлекеттік органның жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік органды басқару кезінде бірінші басшы заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Мемлекеттік органның мүлігіне билік жасайды;
Тармақша 3
3) банктерде есеп-шоттар ашады, Мемлекеттік органның барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
Тармақша 4
4) заңдарға сәйкес Мемлекеттік органның қызметкерлерін және ведомстволық бағыныстағы мекеме, кәсіпорын басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 6
6) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 7
7) барлық мелекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) Мемлекеттік органның жұмыс регламентін бекітеді;
Тармақша 9
9) Мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) заңнамамен осы ережемен және аудан әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады. Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 23
23. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі.
4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі. 24.Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органның мүлкі
5. Мемлекеттік органның мүлкі 25.Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 27
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 6. 6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7. Мемлекеттік органның қарауындағы ұйымдардың тізбесі
7. Мемлекеттік органның қарауындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемсі;
Тармақ 4
4. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 5
5. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай футбол клубы» комуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 6
6. «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай аудандық ұлттық спорт клубы» комуналдық мемлекеттік мекемесі;