Об утверждении Инструкции о порядке и размерах выплаты единовременных вознаграждений за высокие спортивные результаты на международных спортивных соревнованиях среди инвалидов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер арасындағы халықаралық спорт жарыстарындағы жоғары спорт нәтижелерінің бір жолғы сыйақысын төлеудің тәртібі мен мөлшері туралы НҰСҚАУЛЫҚ Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі N 245 бұйырығымен. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып халықаралық спорт жарыстарда үлкен нәтиже көрсету үшін, мүгедек спортшыларына және олардың жаттықтырушыларына қолдау көрсету үшін бұйырамын:
Тармақ 1
1. Мүгедектер арасындағы халықаралық жарыстарда үлкен спорттық нәтиже көрсеткен үшін берілетін бір уақыттық қаржылай сыйлықтың өлшемі мен беруі тәртібі туралы нұсқауы бекітілсін.
Тармақ 2. Мүгедектер арасындағы халықаралық спорт жарыстарындағы жоғары спорт нәтижелерінің бір жолғы сыйақысын төлеудің тәртібі мен мөлшері туралы НҰСҚАУЛЫҚ
2. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау дене тәрбиесі мен сауықтыру бөлімі (М.А. Алпысбаев) және қаржы-экономика бөліміне (Шелипанова О.И.) жүктелсін. Мүгедектер арасындағы халықаралық спорт жарыстарындағы жоғары спорт нәтижелерінің бір жолғы сыйақысын төлеудің тәртібі мен мөлшері туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрлігінің Туризм және спорт департаменті спорт шараларын өткізуге бөлінген қаржы есебінен және мөлшерінде негізгі халықаралық жарыстарда жоғары спорт нәтижелеріне жеткені үшін көру және есту органдары, тіреу-қозғалыс мүшелері кем спортшы-мүгедектерге, сондай-ақ жаттықтырушылар мен мамандарға сыйлық беруді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Халықаралық жарыстарда жоғары спорт нәтижелеріне жеткен спортшы-мүгедектерге сыйлық төлеу келесі мөлшерде жүргізіледі: ____________________________________________________________________ |N     Жарыс атаулары               Орындар және есептеу |п/п                         көрсеткішіндегі сыйлық мөлшерінің |                                     коэффициенті |                                1 орын   2 орын     3 орын ___________________________________________________________________ |1. Паралимпиадалық               К-80     К-70       К-60 |   ойындар, Саңыраулардың |   дүниежүзілік |   ойындары (дейін) ____________________________________________________________________ |2. Әлем чемпионаттары            К-60     К-50       К-40 |     (дейін) ___________________________________________________________________ |3. Азиялық-Тынықмұхит            К-40     К-30       К-20 |   ойындары (FE PIC) |    (дейін) ____________________________________________________________________ |4. Азия чемпионаты (дейін) К-20 К-10 К-5 ____________________________________________________________________ Ескерту: сыйлықтың сомасы коэффициенті жарыстар өткізу кезінде қолданылатын есептеу көрсеткіштеріне көбейту арқылы анықталады.
Тармақ 3
3. Егер спортшы-мүгедек бір жарыста бірнеше жүлделі орынға ие болса, онда сыйлық әрбір жүлделі орын үшін төленеді.
Тармақ 4
4. Бір уақытта (бір мәреде) жекелей және командалық біріншілікте 1-3 орын алған спортшы-мүгедектерге, сыйақы, ал жекелей біріншілікте алған орны үшін толық, ал командалық біріншілік үшін 0,5 коэффициенті арқылы төленеді.
Тармақ 5
5. Спортшы-мүгедектерді немесе командаларды дайындауға тікелей қатысы бар жаттықтырушылар мен мамандар үшін жиынтық сыйақы қоры келесі мөлшерде есептелінеді: - жарыстардың жекелей түрлерінің бағдарламасында әрбір спортшының сыйақысының мөлшеріне сәйкес 1,5 коэффициентіне дейін; - жарыстардың командалық түрлерінің бағдарламасында және спорттың командалық ойын түрлерінде командадағы спортшылардың жиынтық сыйақысының мөлшерінің 1,0 коэффициенті бойынша төленеді. Жеке жаттықтырушы мен мамандардың сыйақысының мөлшері өздері дайындаған спортшы үшін бекітілген сыйақы мөлшерінен аспауы керек.
Тармақ 6
6. Сыйақыны төлеу жарыстар хаттамасының және Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі Туризм және спорт комитетінің Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бөлімі растаған тиісті құжаттар (рапорттар) арқылы жүргізіледі.