О дополнительных мерах по улучшению материально-бытовых и социальных условий участников, инвалидов Великой Отечественной войны Күшін жойған
Басқа 0
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелері мен мөлшерін бекіту туралы
Жеке топтағы азаматтарды қосымша қолдау мақсатында, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып, Алматы облысының Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелері мен мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалалары мен аудандардың әкімдері жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелері мен мөлшері туралы халық арасында түсінік беру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Н.Д.Бөлекбаева) осы бекітілген Ережелерге сәйкес қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмегін есептеу және төлеу жұмыстарын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (М.Ә.Сәтқалиев) жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін ақша қаражатының дер кезінде бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. әділет басқармасында 2003 жылдың 20 наурызында 1081 рет саны бойынша тіркеліп, "Огни Алатау", "Жетісу" N№64 газеттерінде сол жылдың 10 маусымында жарияланған Алматы облысы Мәслихатының 2003 жылғы 20 наурыздағы N 33-188 "Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелері мен мөлшерін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа жүктелсін.
Басқа 7
Облыс Мәслихатының
2004 ж. "13" сәуірдегі
N 5-37 қаулысына қосымша
Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды
жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек
көрсетудің Ережелері мен мөлшері
Осы Ереже "Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке топтағы азаматтарға әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы Ереже
1. Жалпы Ереже
Тармақ 1
1. Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері тиісті жағдайлар орын алған кезде отбасы мүшелерінің, немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша, қажетті құжаттар тапсырылған жағдайда тағайындалады. қабылданған өтініш, реттік нөмірі, қабылданған күні, айы, жылы көрсетіле отырып, тігінделген және беттері нөмірленген тіркеу журналына тіркеледі. өтініште, журналға сәйкес оның реттік нөмірі, қабылданған күні, айы, жылы көрсетіледі, жауапты адамның қолтаңбасы қойылады.
Тармақ 2
2. Егер қайтыс болған адам, өлген күнге кез-келген меншіктегі кәсіпорындарда еңбектік қатынастарда тұрған болса, ал жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімдерде ресми түрде тіркеуде тұрған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері әлеуметтік көмектің мөлшерін есептейді, олардың тізімін жасайды және әр айдың 25-не дейін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына (бірінші басшының және бас бухгалтердің қолы қойылған) тапсырыс береді.
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы келесі айдың 5-не дейін, қаржыландыру үшін облыстық қаржы басқармасына тапсырыстар жиынтығын өткізеді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмектің дұрыс тағайындалып төленуіне жауапкершілік аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне жүктеледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті, көмек алуға құқығы бар тұлға тиісті құжаттармен қоса тапсырады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындауға қажет құжаттарды қарау, оларды қабылдаған күннен бастап бес күн мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек тағайындамау туралы шешім қабылданған жағдайда, комиссия бұл жөнінде арыз иесіне жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Тармақ 10
10. Өтініште және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толық және дұрыс болуына арыз иесі заңға сәйкес жауапкершілікте болады.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) сақтандыру кассасына ұсынылатын АХАЖ органдары беретін өлім туралы анықтама (түпнұсқасы);
Тармақша 2
2) еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс істеген жерінен анықтама, келісім-шарт);
Тармақша 3
3) ресми түрде жұмыссыз статусын растайтын анықтама;
Тармақша 4
4) жеке басының куәлігі, СТН.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі салыстыру үшін өткізіледі. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш иесіне қайтарылады.
Тармақ 13
13. Құжаттар болмаған жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек азаматтың қайтыс болған кезеңіндегі айлық есептік көрсеткіштің 10-еселенген мөлшерінде тағайындалып, төленеді.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек, тиісті жағдай болған күннен бастап, 3 ай мерзім ішінде өтініш берілген жағдайда төленеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің төленуі
5. Әлеуметтік көмектің төленуі
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек жергілікті (облыстық) бюджет қаржысы есебінен төленеді.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек, алушының жеке шотының деректемелері көрсетілген жазбаша өтініштің негізінде аудандық, қалалық пошта байланысы торабтарының құрылымдық бөлімшелері арқылы төленеді. Тағайындалған сома алушының жеке шотына қаржының түсуіне қарай аударылады.
Тармақ 18
18. Облыстық "Қазпошта" ААҚ-ң АОФ бөлімшелері аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен бірлесіп, төленген жәрдемақылардың сомасы туралы салыстыру актісін жасап, есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 15-не дейін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тапсырады.
Тармақ 19
19. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы облыстық "Қазпошта" ААҚ-ң АОФ бірлесіп салыстыру актісін есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 20-на дейін жасайды.
Облыстық еңбек, жұмыспен
қамту және халықты
әлеуметтік қорғау
басқармасының бастығы
Н. Бөлекбаева