Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по регулированию игорного бизнеса и лотереи Министерства туризма и спорта Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті»
мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 721 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялау және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті»
мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2024 жылғы « » № бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті»
мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларында басшылықты жүзеге асыратын Министрліктің ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Егер оған сәйкес уәкілеттік берілсе, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатынасуына құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 15-кіреберіс.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласындағы реттеу, іске асыру, бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ ведомство құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу.
Тармақ 14
14. Комитеттің құқықтары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан Комитет құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 3
3) Комитет реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 5
5) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
Тармақша 6
6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;
Тармақша 7
7) қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат беруге қатысады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ олармен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сот органдарына талап қояды;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асырады.
Комитеттің міндеттері:
Тармақша 1
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы хабардарлығын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Тармақша 5
5) Комитетке бөлінген бюджет қаражатының толық, уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпейді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Комитеттің функциялары:
Тармақша 1
1) Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді, келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде петицияны қарауға қатысу;
Тармақша 3
3) өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;
Тармақша 4
4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың нысанын әзірлеу;
Тармақша 5
5) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысанын әзірлеу;
Тармақша 6
6) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 7
7) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлеу;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 9
9) лотерея операторын айқындау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 10
10) лотереяларды өткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ интернет-казино, шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы тұрғысынан интернет-ресурстардың мазмұнын жүйелі түрде жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты есепке алудың және берудің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 13
13) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
Тармақша 13-1
13-1) цифрлық трансформациялауды жүргізу;
Тармақша 14
14) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіптері мен зияны туралы ескертудің мәтінін, эскиздерін әзірлеу;
Тармақша 15
15) ойын мекемесінің, букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың жұмысының, мөлшерлемелер мен өткізілетін құмар ойындарды қабылдаудың және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 16
16) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 17
17) казиноларды, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыру үшін аумақтардың шекараларын айқындау жөніндегі жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің жобаларын қарау және оларды келісу бойынша Министрлікке тиісті ұсыныстар енгізу;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамаларының сақталуын мемлекеттік бақылауды жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың, лотерея операторының Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамаларының, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүргізу;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;
Тармақша 23
23) ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру, оның қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар жолдау;
Тармақша 24
24) лотерея өткізу шарттарын келісу не келісуден бас тарту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың ойын бизнесі саласында интернет-казино белгілерінің, сондай-ақ заңсыз жарнаманың болуы тұрғысынан интернет-ресурстардың мазмұнын жүйелі түрде жинауды және талдауды жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының аумағында қызметі заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізбесін жүргізу және оны Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 27
27) тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер кассалардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 28
28) Комитет реттейтін салалардағы мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
Тармақша 28-1
28-1) ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 29
29) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 30
30) ойын бизнесі саласындағы лицензиаттардың электрондық тізілімін жүргізу;
Тармақша 31
31) құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізімін жүргізу;
Тармақша 32
32) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу және төлемақы мөлшерлемелерінің дұрыс қолданылуына бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ алымның толықтығы, бюджетке төлемдердің уақтылы төленуі және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығына жауап беру;
Тармақша 33
33) салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша салық органдарына қызметпен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ойын бизнесі саласындағы салық салу объектілері туралы мәліметтерді беру;
Тармақша 34
34) Комитет реттейтін салаларда халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитет төрағасының қызметін ұйымдастыру
кезіндегі мәртебесі мен өкілеттігі
3-тарау. Комитет төрағасының қызметін ұйымдастыру
кезіндегі мәртебесі мен өкілеттігі
Тармақ 16
16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Комитет Төрағасы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Комитет Төрағасының уәкілеттілігі:
Тармақша 1
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 3
3) өз құзыретінің мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;
Тармақша 5
5) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу үшін конкурстық құжаттарды, техникалық ерекшеліктерді бекітеді, Министрліктің мемлекеттік сатып алу жоспарларын келіседі, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, азаматтық-құқықтық мәмілелер туралы шарттарға қол қояды, берілген (көрсетілген) қызметтер, тауарлар жұмысы актілерін бекітеді;
Тармақша 7
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 8
8) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
Тармақша 8-1
8-1) Министрліктің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды;
Тармақша 8-2
8-2) цифрлық трансформациялауды жүргізуді ұйымдастырады және дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
Тармақша 10
10) Комитеттің жыл сайынғы жұмыс жоспары мен оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлейді және Министрлік басшылығына бекітуге ұсынады;
Тармақша 11
11) Комитеттің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін Министрге ұсынылатын бюджеттік өтінімдерін Министрліктің аппарат басшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) Комитеттің қаржыландыру жоспарының әзірленуін қамтамасыз етеді және Министрліктің аппарат басшысына бекітуге енгізеді;
Тармақша 13
13) Комитет өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 15
15) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапкершілікте болады;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлігі
4-тарау. Комитеттің мүлігі
Тармақ 21
21. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке иелік етуге құқығы бар.
Комитеттің мүлкі оған иесі өткізген мүлік есебінен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден құралады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті егер заңнамада өзге тәртіп белгіленбесе, дербес иеліктен айыруға немесе оған басқадай жолмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта құру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта құру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақ 1
1. «Құмар ойындар мониторингі және талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».