О регламенте Буландынского районного маслихата Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұланды аудандық мәслихатының регламенті туралы «Қазакстан Республикасында жерглікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 9-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бұланды аудандық мәслихатының регламенті бекітілсін: (қосы берілген).
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 3
Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 25 мамырдағы № 3С-9/1 шешімімен бекітілген Бұланды аудандық мәслихатының регламенті
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Регламентте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жергілікті өкілді орган (аудандық мәслихат) - ауданның халқы сайлайтын халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік қызметін жүзеге асыратын мәслихаттың лауазымды адамы;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясы - мәслихат қызметінің негізгі нысаны
Тармақша 4
4) мәслихат аппараты - аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме:
Тарау 2. 2-тарау. АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2-тарау. АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат үшін белгіленетін негігі талаптар мен шектеулер Аудандық мәслихат өз қызметінде:
Тармақша 1
1) жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге:
Тармақша 2
2) ұлттық кауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүддедерін сақтауға;
Тармақша 3
3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыпастыруға тауарлар мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдлуға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары облыстың стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихатың қызметі мәселелерді ұжымдық, еркін талқылап шешуге, оның жариялылығына, жауапкершілікке және аудандық мәслихаттың алдында өзі құрған органдардың, сайланған немесе тағайындалған лауазымды тұлғалардың есеп беруіне, заңдылыққа, аудандағы істерді мемлекеттік және қоғамдық басқару жұмысына азаматтарды кеңінен тартуға және көпшіліктің пікірін үнемі ескеріп отыруға негізделген.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихаттың жұмысында аудандық мәслихаттың депуттарына “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” заңымен, осы регламетпен және басқа да заң актілерімен белгілелген құқықтары мен міндеттерін кедергісіз жүзеге асыру үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6
6. Аудандық мәслихат өз қызметін сессияда бекітілген перспективалық жоспарға сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Аудандық мәслихаттың құзыреті
3. Аудандық мәслихаттың құзыреті
Тармақ 1
1. Аудандық мөслихаттың кұзыретіне:
Тармақша 1
1) тиісті аумақты дамытудың жоспарларын, және.экономикалык және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
Тармақша 2
2) аудан аумағында қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндгі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге де мәселелерді шешу;
Тармақша 3
3) аудан әкімінің ұсынуы бойынша ауданды басқару схемасын бекіту;
Тармақша 4
4) өзінің қарауына жатқызылған аудандық құрылыс және жергілікті қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау мәселелерін шешу;
Тармақша 5
5) аудан әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен аудандық әкімдіктің дербес құрамын келісу;
Тармақша 6
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу:
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзге асыру;
Тармақша 8
8) “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексіне сәйкес, заң бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;
Тармақша 9
9) ауданды дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, аудандық бюджетінің атқарылуына бақылау жасау;
Тармақша 10
10) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарды құру олардың қызметі туралы есептерді таңдау аудандық мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
Тармақша 11
11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікпен күрес бағдарламаларын бекіту;
Тармақша 12
12) аудан әкімінің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардын дербес құрамына бекіту;
Тармақша 13
13) Қазақстан Реслубликасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкімет актілерін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құкықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
Тармақша 15
15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың құзыретіне ауданның аумағында орналасқан қалалардың, кенттер мен ауылдар құрылысының бас жоспары жобасын бекіту жатады.
Тарау 4. 4. Аудандық мәслихаттың актілері
4. Аудандық мәслихаттың актілері
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері аудандық мәслихаттың актілері болып табылады.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары аудан әкімнің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың өз кұзырті шегінде және азаматтардың құқықтарына бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қабылдаған шешімдері заңдарда белгіленген тәртіпте ресми жариялануға тиіс және ол аудан аумағында орындалуға міндетті.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте Ақмола облыстық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуіне алынады. 5 Аудандық мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін аудандық мәслихаттың өзі жоюы не сот тәртібімен жойылуы мүмкін.
Тарау 5. 5. Аудандық мәслихат жұмысын ұйымдастыру
5. Аудандық мәслихат жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат өз өкілеттігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат кызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады онда мәслихаттың карауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі. Егер аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен екісі: сессияға қатысса, аудандық мәслихат сессиясы заңды болады.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясының төрағасын, аудандық мәслихат хатшысын сайлайды және кызметінен босатады, олардың есептерін тыңдайды:
Тармақша 2
2) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын кұрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметінен босатады, олардың жұмысы туралы есепті тыңдайды;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихаттың кызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, тексеру комиссиясының актілерін бекітеді;
Тармақша 4
4) заңдарда белгіленген адам саны мен қаражат лимиті шегінде аудандық мәслихат аппаратының құрылымын бекіту және оны ұстауға әрі материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің штат санының лимиті аудандық мәслихат депутаттарының саны негізге алынып, жеті депутатқа бір қызметкер қатынасында, яғни үш мемлекеттік қызметкерден тұрады.
Тармақша 5
5) аудандық мәслихаттың регламентін бекітеді.
Тармақша 6
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды:
Тармақша 7
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнінде өзге де шешімдер қабылдайды.
Тарау 6. 6. Аудандық мәслихат сессиясын шақыру тәртібі
6. Аудандық мәслихат сессиясын шақыру тәртібі
Тармақ 1
1. Жаңадан тағайындалған мәслихаттың бірінші сессиясын аудандық мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте мәслихат делутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны тіркеу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәсслелер қаралуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат хатшысы аудандық мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және аудан әкіміне - сессияға он күн калғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Аудандық мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және аудан әкіміне сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихат қарайтын мәселелерді сессия төрағасы, тұрақты немесе басқа да комиссиялар, депутаттық топтар, депутаттар, аудан әкімі ұсынады.
Тармақ 5
5. Келіп түскен ұсыныстар күн тәртібіне сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауысымен ашық дауыс беруі арқылы енгізіледі.
Тарау 7. 7. Аудандық мәслихат сессиясың өткізу тәртібі
7. Аудандық мәслихат сессиясың өткізу тәртібі
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың бірінші сессиясын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және аудандық мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі аудандық мәслихат сессиясын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 3
3. Егер аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.
Тармақ 4
4. Шешімдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихат сессиясының жұмысы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Сессия жұмысыңда аудандық мәслихат шешімі бойынша аудандық мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасауы мүмкін.
Тармақ 7
7. Мәжілістердің басталу және аяқталу уақыты тұрағының нысаны бойынша сессияда белгіленеді. Оның жұмысыда аудандық мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін. Сессияда баяндама жасау үшін уақы 1 сағатқа дейін, қосымша баяндама жасау үшін 20 минутка дейін беріледі. Сессияның күн тәртібінде белгіленген мәселені талқылау барысындағы жарыссөзге қатысу үшін 10 минут, жарыссөзге бір рет қайта қатысу үшін және шешімнің кейбір тармақтарын талқылау кезінде сөйлеу үшін 5 минутқа дейін уақыт беріледі. Кандидатуралар, мәжілісті жүргізу тәртібі, дауыс беру себептері бойынша, сөз сөйлеу мәлімдемелер, сауалдар, ұсыныстар, хабарламалар мен анықтамалар жасау үшін, сұрақтар қою үшін 3 минутқа дейін уақыт беріледі. Депутаттардың көпшілігінің қолдауы бойынша төрағалық етуші сөз сөйлеу үшін берілген уақытты ұзартады. Депутаттар сауалға жауап беру ушін 10 минутқа дейін, сұраққа жауап беру үшін 5 минутқа дейін уақыт беріледі.
Тармақ 8
8. Жарыссөзге қатысу үшін сөз алу туралы өтініш төрағалық етушіге беріледі. Аудандық мәслихаттың депутаты сессияда төрағалық етуші сөз бергеннен кейін сөйлейді. Төрағалық етуші жарыссөзге қатысу мүмкіндігін өтініштердің түсу ретіне қарай береді. Төрағалық етуші себебін түсіндіре отырып, қажет болған жағдайда сөйлеу кезегінің ретін өзгерте алады. Сессияны жүргізу тәртібі. анықтама, сұрақтарға жауап беру және түсініктеме беру жөніндегі сөзді төрағалық етуші кезектен тыс бере алады. Баяндамашыларға сұрақ жазба түрінде жіберіледі немесе орыннан ауызша қойылады. Сессия төрағасы, аудан әкіміне оның орнындағы адам, аудандық мәслихаттың хатшысы кез келген уақытта сөз алып сөйлеуге құқығы бар. Сессияда сөйлеуші дөрекі, әдепсіз сөздерді қолданбауы керек. Олай бола қалған жағдайда төрағалық етуші ескерту жасауға құқылы. Егер сөз алған адам талқыланып отырған тақырыптан ауытқып кетсе, төрағалық етуші ескерту жасай алады. Егер сез сөйлеуші өзіне берілген уакыттан көп сөйлесе, немесе тақырытан ауытқып кетсе, сөз барысында дөрекілік танытса төрағалық етуші ондай адамды бір рет ескерту жасағаннан кейін сөз сөйлеу құқығынан айырады.
Тармақ 9
9. Аудандық мәслихат сессиялары әдетте ашық сипатта болады, мәслихат сессиясы төрағасының немесе аудандық мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар еткізуге жол беріледі.
Тармақ 10
10. Аудан әкімі немесе оның орнындағы адам аудандық мәслихаттың және оның органдарының кез келген мәжілістеріне, соның ішінде жабық мәжілістеріне қатысуға құқылы. Сессия өтіп жатқан кезде төралқада сессия төрағасынан басқа мәслихаттың хатшысы, аудан әкімі немесе оның орнындағы адам отырады. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың шешімі бойынша басқа депутаттар мен ресми адамдар сайлануы мүмкін.
Тармақ 11
11. Аудандық мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергілікті аткарушы органдар басшылары, аудан аумағында орналасқан ұйымдарың басшылары мен езге де лауазымды адамдары аудандық мәслихаттың құзырына; жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшін аудандық мәслихат сессиясына келуге міндетті.
Тармақ 12
12. Жарыссөз сессия төрағысының ұсынысы бойынша ашық дауыс беру арқылы сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен тоқтатылады.
Тармақ 13
13. Жарыссөздің аяқталуына байланысты айтылмай қалған депутаттардың өтінші бойынша, сессияның төралқасына тапсырылып мәтіндері сессия материалдарына енгізіледі.
Тарау 8. 8. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі
8. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. қажет болған жағдайда, аудандық мәслихат тұрақты комиссияларды қайта құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
Тармақ 2
2. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын аудандық мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан аудандык мәслихат сайлайды. Тұрақты комиссияларды сайлау сессия шешімі бойынша комиссия құрамы бойынша тұтас немесе әр кандидатураға жеке дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Тұрақты комиссиялар аудандық мәслихат алдында жауапты және кемінде жылына бір рет өз қызметі туралы есеп бере;
Тарау 9. 9. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшіліктік тыңдаулар
9. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшіліктік тыңдаулар
Тармақ 1
1. Тұрақты комссиялар өз бастамасы бойынша немесе аудандық мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тындаулар өткізе алады.
Тармақ 2
2. Көпшіліктік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
Тарау 10. 10. Аудандық мәслихат тұрақты комиссиялардың қызметі мен өкілеттігі
10. Аудандық мәслихат тұрақты комиссиялардың қызметі мен өкілеттігі
Тармақ 1
1. Тұрақты комссиялар:
Тармақша 1
1) Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ аудандық мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша аудандық мәслихат сессиясының төрағасына, хатшысына ұсыныс енгізуге.
Тармақша 2
2) өздерінің құзырына жататын әрі аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге:
Тармақша 3
3) өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тындау туралы аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізуге.
Тармақша 5
5) комиссияның жұмысына аудандық мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін және азаматтарды тартуға құқылы.
Тармақ 2
2. әкімдік, орталық аткарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгіленген тәртіпте тұрақты комссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың тұрақты комссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар абылдайды.
Тарау 11. 11. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртібі
11. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне карай шақырылады және егер отырысқа олардың кұрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы катысса, занды болып есептеледі.
Тармақ 2
2. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелері жалгіы санынын копшілік даусымен кабылданагпл. Комиссияның отырысынла дауыс беру кезінде деп гатгардың дауысы і -ц белі:ілен жағдайда, түракты комитеттің төрағасы шешуші дауы күкығып па аал-аладь;.
Тармақ 3
3. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасын оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұракты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды
Тарау 12. 12. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы
12. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілетілігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын аудандық, мәслихат белігілейді. Тексеру комиссиясының төрағасын аудандық Мәслихат депутаттар арасынан сайлайды.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Тексеру комиссиясының жұмысына аудандық мәслихат депутаты емес адамдар шарт негізінде тартылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Тексерулер аудандық мәслихаттың, тексеру комиссиясының не аудандық мәслихат хатшысының шешімдерімен, аудандық мәслихат депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы аудандық мәслихат пен әкімдікке хабарлайды. Тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихат депутаты басқа жұмыстан босатылған негізде тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланған жағдайда, оған аудандық мәслихат аппаратының басшысы үшін белгіленгеп мөлшерде жалақы белгіленеді.
Тарау 13. 13. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары
13. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда карауға әзірлеу мақсатында аудандық мәслихат не аудандық мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы Уақытша комиссиялардың құрамы, міндеттерін өкілеттік мерзімдерін және құкықтарын мәслихат оларды құру кезінде белгілейді.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары ол құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
Тармақ 3
3. Уақытша комиссияның жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.
Тарау 14. 14. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясын, Бұланды аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын, учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау.
14. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясын, Бұланды аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын, учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау.
Тармақ 1
1. Жаңа сайлау комиссияларын құру және аты сайлау сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталып кем дегенде үш күн қалғанға дейін аяқталады.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың хатшысы сайлау комиссияларын құру туралы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланға дейін кем дегенде үш күн бұрын өз өкімімен депутаттардан және аппарат қызметкерлерінен сайлау комиисияларына байланысты Жұмыс тобын құрады. Аудандық мәслихаттың Жұмыс тобы құрылған сайлау комиссиясының құрамына саяси партиялардан және басқа да қоғамдық бірлестіктерден олардың құрылымдық бөлімшелерінен. Жоғарға комиссиялардан кандидатуралар жөніндегі ұсыныстарды жинаумен және оны өндеумен айналысады. Сайлау комиссиясының құрамына әрбір саяси партия өзінің тек бір ғана өкілін енгізеді. Саяси партиялар сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері сайлау комиссиясының құрамына сол саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатур енгізуге құқығы бар. Саяси партиялар, өзгеде қоғамдық бірлестіктер, жоғарғы комиссиялар Жұмыс тобына тапсыратын құжаттардың тібесіне мыналар кіред:
Тармақша 1
1) әділет органдарында саяси партияның немесе қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі.
Тармақша 2
2) сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар ұсыну жөніндегі саяси партия жене өзге де қоғамдық бірлестік, оның құрыдымдық бөлімшесі жоғарғы сайлау комиссиясы отырыстары хаттамаларының көшірмесі;
Тармақша 3
3) сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім бергені туралы кандидаттың аудандық мәслихатқа берген арызы және кандидаттың өмірбаяны туралы берген деректер.
Тармақ 3
3. Сайлау комиссиясы кұрамының жобасын дайындаған кезде Жұмыс тобы бірінші кезекте саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, ұсынылған кандидатураның саны 7 адамға жетпесе, коғамдық бірлестіктердің және жоғарғы сайлау комиссиясының ұсыныстары ескеріледі.
Тармақ 4
4. Сайлау комиссиясының жаңа құрамына ұсыныс енгізу мерзімі аяқталған соң Жұмыс тобы сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау жөніндегі сессия шешімі жобасын және бюллетендер дайындайды.
Тармақ 5
5. Шешімнің жобасы мен бюллетендер бөлек дайындалады:
Тармақша 1
1) аудандық сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттар сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 3
3) учаскелік сайлау комиссиялары бойынша.
Тармақ 6
6. Сайлау комиссиясының құрамына саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер және жоғарғы сайлау комиссиясы ұсынған барлық кандидатуралар шешімінін жобасына және бюллетенге ұсыныстың түсуі жұмыс тобының арнаулы журналында тіркелу кезегі бойынша есептеледі.
Тармақ 7
7. Сайлау комиссиясының құрамы бойынша бюллетендерді аудандық мәслихаттың сессиясына қатысқан барлык депутаттар алады және оны өзі толтырады. Дауыс беру нәтижесін сессияда құрылған Санақ комиссиясы шығарады. Санақ комиссиясы құрамының саны мен төрағасын мәслихаттың сессиясы белгілейді. Сессияға қатысқан депутаттардың көпшілігі дауыс берген комиссия мүшелері сайланды деп еселтеледі.
Тармақ 8
8. Саяси партиялардан түскен ұсыныстар сайлау комиссиясы мүшелері санына сәйкес келсе (жеті), Жұмыс тобы мәслихттын сессиясына осы сайлау комиссиясының кұрамы үшін дауыс беру жөнінде ұсыныс жасайды. Саяси партиялардан түскен ұсыныстың саны сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан асып кетсе (жетіден артык) Жұмыс тобы мәслихат сессиясына осы сайлау комиссиясы бойынша рейтингтік дауыс беру жөнінде ұсыныс білдіреді. Егер саяси партиялардан түскен ұсыныстың саны сайлау комиссиясының санына жетпесе (жетіден аз) бюллетендегі бос орынға кандидатуралар өзгеде қоғамдық бірлестіктерден енгізіледі, олардан кандидатуралар жоқ болған жағдайда, жоғарғы сайлау комиссиясының ұсынысы енгізіледі ұсыныстың түсу кезегі бойынш) егер бос орынға берілген ұсыныс сайлау комиссиясының санына сәйкес келсе. Жұмыс тобы сессияға осы сайлау комиссиясының құрамы үшін дауыс беру жөніндегі ұсыныс енгізеді. Егер бос орынға берілген ұсыныс сайлау комиссиясының санынан асып кетсе, Жұмыс тобы мәслихаттың сессиясына комиссиясының құрамына саяси партиялардың өкілдерін және бос орындарға рейтинг бойынша дауыс беру жөнінде ұсыныстар. Ұсынылған кандидатуралардың саны жетіге сөйкес келіп, сайлау комиссиясының құрамы бойынша дауыс берген кезде мәслихат депутаттары нақты бір депутақа қарсы болса, ол адам өзі өкілі болып табылатын партияның немесе қоғамдық бірлестіктің басқа өкілімен ауыстырылады. Бұл процедураны бір реттен артық өткізбеу ұсынылады.
Тармақ 9
9. бюллютенге үміткердің фамилиясы, аты, әкесінің аты жазылады, қандай саяси партиядан (басқа да қоғамдық бірлестіктен, жоғарғы сайлау комиссиясынан) енгізілген кандидатура екені көрсетіледі. Кандидатураның фамилиясының оң жағында шаршы бейнеленген, оған депутаттар белгі салады (крест немесе құс белгісі). Депутаттар жеті шаршыға белгі салады.
Тармақ 10
10. Дауыс қорытындысын Санақ комиссиясының төрағасы мәслихаттың сессиясында жариялайды.
Тармақ 11
11. Санақ комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, оның орынбасарын және хатшысын сайлау жөніндегі ұйымдастыру отырысының өткізілу мерзімін жариялайды (комиссия құрылған соң жеті күннен аспауға тиіс) Санақ комиссиясының төрағасы ұйымдастыру отырысын өткізетін сайлау комиссиясының мүшелерін жариялайды. Бұл кандидатураларды берілген дауыстың санына қарай сынақ комиссиясы анықтайды. Егер депутаттар дауысының саны тең болған жағдайда кандидатура бюллетенде орналасу тәртібі бойынша айқындалады.
Тармақ 12
12. Мәслихат хатшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпараттық құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді. Материлдар газеттің қосымшаларымен бірге бір нөмірінде жариялануға тиіс.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституииялық заңында көзделген жағдайда мәслихат сайлау комиссиясының мүшесін босатып және шығып кеткен адамның орынына басқа адам сайлау туралы шешім қабылдайды. Босаған орынға сайлану үшін сол сайлау комиссиясында қай саяси партияның және қоғамдық бірлестіктің өкілі жоқ болса солардың ұсынысы қабылданады.
Тармақ 14
14. Сессияда сайлаған кезде мәслихат «Қазақстан Республикасы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлау комиссияларының құрамында бір ұйымнан бір қызметкерден артық адам болмауға және міндетті түрде сәйкес әкімшілік аумақтық бірлікте тұратыны ескерілуі тиіс. Парламент және мәслихат депутаттығына кандидатар. сенім білдірген адамдар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері кандидаттың жұбайы мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттың тікелей қол астында істейтін адамдар сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
Тарау 15. 15. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
15. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасын аудандық мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сайланады.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы аудандық мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда өкілеттілік аудандық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады. Аудандық мәслихат депутаты аудандық мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) Аудандық мәслихаттың кезекті және кезектен тыс сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды.
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, аудандық мәслихат регламентін сақталуын қамтамсыз етеді;
Тармақша 4
4) аудандық мәслихаттың сессиясында кабылданған немесе бекітілген мәслихаттың шешіміне. хаттамаларға, өзге де кұжаттарға қол кояды.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметін басқа жүмыстан босатылмаған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, аудандық мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тарау 16. 16. Аудандық мәслихаттың хатшысы
16. Аудандық мәслихаттың хатшысы
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттын хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Оны аудандық мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санын көпшілік даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Аудандық мәслихаттың хатшысы аудандық мәслихат өкілетті мерзіміне сайланады.
Тармақ 2
2. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
Тармақ 3
3. Ашық дауысқа салу кезіндегі дауыс санын санауды құрамынн сессия белгілеген санақ комиссиясы жүргізеді. Ашық дауысқа салар алында төрағалық етуші дауысқа түсетін ұсыныстар санын ксрсетеді, олардың дұрыс қарастырылғанын қарайды. Бір мәселе бойынша әр депутат бір-ақ рет қолдап, Не қарсы дауыс береді не қалыс қалады. Төрағалық етуші дауыстарды санау аяқталған соң дауыс беру нәтижесі бойынша ұсыныстың кабылданғаны, не қабылданбағаны туралы депутаттардың шешімін хабарлайды.
Тармақ 4
4. Жасырын дауыс беруді ұйымдастыру және оның нәтижелсерін анықтау үшін ашық дауысқа салу арқылы депутаттар қатарынын санақ комиссиясы сайланады Оның құрамына мәслихат хатшылығына кандидат депутаттар кіреді. Санақ комиссиясы карамағындағы депутаттардың комиссия төрағасы және хатшысы сайланады. Санақ комиссиясынын шешімдері мүшелерінін дауысы негізінде қабылданады. Бюллетеньдер есептеу комиссиясының бақылауымен ол белгілеген формада және белгілі санмен жасалып шығарылады. Дауыс беру уакытын жүргізу тәртібін санақ комиссиясы белгілейді де төрағасы хабарлайды. Жасырын дауыс беру бюллетеньдерін санақ комиссиясының мүшелері депутатарға тізім және аудандық мәслихаттың депутаты екендігі туралы куәлік Төлқұжаты немесе жеке басының куәлігі бойынша береді. Бюллетеньдерді толтыру жасырын дауыс беру кабинасында дауыс беретін кандидаттың тұсына крест, канат белгінің бірін қою немесе «иә» деп жазу арқылы өтеді. Белтіленген үлгіге сай келмейтін, сондай-ақ депутаттың өз еркін білдіруді анықтау мүмкін болмаған жағдайда бюллетеньдер жарамсыз деп саналады. Санақ комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша хаттама толтырады оған санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Дауыс санын есептеу аяқталған соң төрағалық етуші дауыс беру нәтижесі бойынша ұсыныстың қабылданғаны, не қабылданбағаны туралы депутаттардың шешімін хабарлайды.
Тармақ 5
5. Мәслихаттың хатшысын сайлаудың төмендегідей тәртібі белгіленеді. Жалғыз кандидат ұсынылған жағдайда Кандидат, депутаттар жалпы санынын көпшілік даусына ие болуы керек. Екі кандидат ұсынылған жағдайда Депутаттар жалпы санының көпшілік санына ие болған кандидат сайланады деп есептеледі. Екіден көп кандидат ұсынылған жағдайда Егер бірде бір кандидат көпшілік дауыс жинай алмаса, онда аудандық мәслихат көбірек дауыс жинаған екі кандидат бойынша қайта сайлау белгілейді. Қайта дауыс беруде депутаттар жалпы санының көпшілік дауыс алған депутат сайланады деп есептелінеді.
Тармақ 6
6. Аудандық мәслихат хатшысы лауазымдық қызметінен ауырғанды себепті міндеттерін атқара алмағанда, өзі арыз бергенде және басқа да себептерге байланысты аудандық мәслихат сессиясында ашық не жабық дауыспен аудандық мәслихат депутаттарының жалпы санынын көпшілік дауысымен мерзімінен бұрын босатылады.
Тармақ 7
7. Аудандық мәслихаттың хатшысы тұрақты комиссиялардың аудандық мәслихатың өзгеде органдарымен депутаттық топтарының қызметін үйлестіріп жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзар қарым-қатынасын ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Аудандық мәслихат хатшысы:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәсслеледі әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданган немесе бекітілген шешімдерге және өзгеде құжаттарға қол қояды.
Тармақша 2
2) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды аудандық мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және оның өзгеде органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды.
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштерді қаралуын қабылдайды.
Тармақша 4
4) аудандық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақша 5
5) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылдан шаралар туралы аудандық мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады:
Тармақша 6
6) аудандық мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
Тармақша 8
8) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін – өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда аудандық мәслихат атынан өкіл болады:
Тармақша 10
10) аудандық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамысыз етеді олардың орындадуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
Тармақша 11
11) аудандық мәслихат шешімі бойынша өзгеде міндеттерді орындайды;
Тармақ 9
9. Аудандық мәслихат хатшысының аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
Тармақ 10
10. Аудандық мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасы шешімі бойынша аудандық мәслихаттын тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Аудандық мәслихат депутаты тұрақты негізде аудандық мәслихат хатшысы болып сайланған жағдайда, оған аудан әкімінің орынбасары үшін берген мөлшерде жалақы белгіленеді.
Тарау 17. 17. Аудандық мәслихаттың депутаты
17. Аудандық мәслихаттың депутаты
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып аудан халқының еркін білдіреді.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат депутатыныц өкілеттігі аудандық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген кезден басталып, аудандық мәслихат өкілеттігі тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат депутатынын өкілеттігі мынадай жагдайларда
Тармақша 1
1) депутат заңдарға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
Тармақша 2
2) депутатты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі заң күшіне енсе;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихаттың өкілеттігі тоқтатылса;
Тармақша 4
4) депутат қайтыс болса;
Тармақша 5
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;
Тармақша 6
6) соттын депутатқа қатысты айыптау өкім заңды күшіне енсе;
Тармақша 7
7) ауданнан тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
Тармақша 8
8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке меншігіне байланысты;
Тармақша 9
9) депутат өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, оның ішінде аудандық мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелді себепсіз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 4
4. Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім аудандық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен аудандық мәслихат сессиясында қабылданады.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссиясы аудандық сессиясының төрағасына аудандық мәслихат хатшысына аудан әкіміне, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелелердің басшыларына аудандық мәслихаттың құзыретіне мәселелер бойынша сауал беруге құқылы. Сауал сессияға жазбаша немесе ауызша түрде енгізіледі. Жазбаша енгізілген сауал жария етілуге тиіс. Сауал берілген мемлекеттік орган, лауазымды адам аудандық мәслихаттың сессиясында сауалға жазбаша немесе ауызша жауап беруге міндетті. Сауалға жауап түскен күннен бастап 30 күннің, ал қосымша зерделеу мен тексеруді қажет етпейтін өтініштер бойынша - 10 күннің ішінде беріледі. Қосымша тексерулер жүргізу қажет болған жағдайларда, бұл мерзімді аудандық мәслихат ұзартуы мүмкін, ол туралы аудандық мәслихаттың депутатына хабараланады. Қажет болған жағдайда сауалға қайтарылған жауап және оны талқылаудың нәтижелері бойынша аудандық мәслихат шешім қабылдайды.
Тарау 18. 18. Депутаттың өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары мен міндеттері
18. Депутаттың өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары мен міндеттері Депутат:
Тармақша 1
1) сайлауға және аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, аудандық мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға катысуға;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға аудандық мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруіне және жолданымдар жіберуге.
Тармақша 4
4) өз округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткізуге.
Тармақша 5
5) аудандық мәслихат сессиясында аудан аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардын лауазымды адамдарының аудандық мәслихатының жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) аудандық әкімдіктің отырыстарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 7
7) аудандық мәслихат пен оның органдары отырыстарың стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
Тармақша 8
8) белгіленген заң тәртібімен тіркелген саяси партиялар мен өзгеде қоғамдық бірлестіктердің депутаттық топтары түрінде депутатық бірлестіктер құруға құқылы. Депутаттық топ мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс. Сессияның алдында талқылауға енгізілген күн тәртібі шешімдердің жобалары және өзге де құжаттар бойынша депутаттық топтың мүшелері кеңеске алуға, сессия жұмысы басталғанға дейін 20 күн бұрын шешімнің балама жобасын енгізуіге, сессияда үндеу қабылдауға және талқыланып жатқан мәселе бойынша ез көзқарсын білдіруге болады. Топ өз партиясы мен сайлаушыларының мүддесін қорғауды, өз өкілеттілігін Қазақстан Республикасның Конституниясына және Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік баскару туралы”, «Саяси партиялар туралы» Заңдарға және осы регламентке сәйкес іске асырылады.
Тармақша 9
9) заңдарда және аудандық мәслихат регламетінде өзгеде іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Депутат:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) өз округі сайлаушылары мен тұрақты байланыс жасауға, оларға аудандық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, аудандық мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға аудандық мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) сайлаушылардың езіне келіп түскен өтініштерін қаруға, азаматттарды жеке қабылдауды ұдайы жүргізуге міндетті.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың әрбір депутатына өкілеттіктерін кедергісіз және тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасалуына оның құқықтарын қадір-қасиетін ар-ожданын қорғауға кепілдік беріледі.
Тарау 19. 19. Депутаттың өз өкілеттігін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері.
19. Депутаттың өз өкілеттігін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері. Депутат регламентте белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де ордандарының отырыстарын өткізу кезінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар аудан әкімі аппараты басшысынын жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялары өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
Тарау 20. 20. Аудандық мәслихат аппараты
20. Аудандық мәслихат аппараты
Тармақ 1
1. Аудандық маслихат аппараты аудандық мәслихатпен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады депутаттарға өздерінің өкілеттілігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың өкілеттік мерзімнің аяқталуымен аудандық мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслахат аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслахат аппаратының жұмысы ауданның әкімімен бекіткен ереже негізінде жүргізіледі.