О регламента Сандыктауского районного маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Сандықтау аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті басқару туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына және «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Сандықтау аудандық мәслихатының регламенті бекітілсін (қосымшамен бірге).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын мәслихат аппаратына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысында әділет департаментінде тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4
қосымша
Аудан мәслихаттының 26 мамырдағы 2004 жылғы
№ 7/1 шешімімен бекітілген
Сандықтау аудандық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Регламентте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Тармақша 1
1) жергілікті өкілді орган (мәслихат)-ауданның халқы сайлатын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясының төрағасы мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік ету қызметін жүзеге асыратын, мәслихаттың лаузымды адамы;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясы мәслихат қызметінің негізгі нысаны;
Тармақша 4
4) мәслихат аппараты-аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
Тарау 2. 2 тарау. АУДАНДЫҚ МӘСАИХАТТЫҢ ҚҮЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2 тарау. АУДАНДЫҚ МӘСАИХАТТЫҢ ҚҮЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тармақ 1
1. аудандық мәслихат өз қызметінде:
Тармақша 1
1) жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердін қабылдануына жол бермеуге;
Тармақша 2
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 3
3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Аудандық, мәслихатқа Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарлары сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және басқа заңдармен бекітілген осы регламент және басқа актілер, аудан мәслихат қызметінде, аудан мәслихаты кедергісіз және тиімді жұмыс істеуге өз құқығын және міндетерін асыруға жағдай жасайды. Аудан мәслихаты өз қызметін болашақ жоспарын сессияда бекітілгеннен кейін жүргізеді.
Тарау 3. 3. Аудандық мәслихаттың құзыреті
3. Аудандық мәслихаттың құзыреті
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың құзыретіне:
Тармақша 1
1) тиісті аумақты дамытудын жоспарларын, экономикалық және әлуметтік бағдарламарын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
Тармақша 2
2) аудандық аумағында қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту, сондай-ақ облыстық қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге де мәселелерді шешу;
Тармақша 3
3) аудандық әкімінің ұсынуы бойынша ауданды басқару схемасын бекіту;
Тармақша 4
4) өзінің қарауына жатқызылған аудандық құрылыс және жергілікті қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау мәселелерін шешу;
Тармақша 5
5) аудан әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен аудандық әкімдіктің дербес құрамын келісу;
Тармақша 6
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдарың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік, құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;
Тармақша 9
9) аудандық дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының аудандық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау;
Тармақша 10
10) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардын қызметі туралы есептерді тыңдау, аудандық мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
Тармақша 11
11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікпен күрес бағдарламаларын бекіту;
Тармақша 12
12) аудан әкімінің ұсынуы бойынша ведомство аралық сипаттағы мәселілер бойынша дербес құрамын бекіту;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
Тармақша 15
15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Тарау 4. 4. Аудандық мәслихаттың актілері
4. Аудандық мәслихаттың актілері
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері аудандық мәслихаттың актілері болып табылады.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары аудан әкімінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың өз құзыреті шегінде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қабылдаған шешімдері заңдарда белгіленген тәртіпте ресми жариялануға тиіс және ол аудан аумағында орындалуға міндетті.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңыны бар, ведомство аралық сипаттағы немесе азаматтардың кұқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте Ақмола облыс әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуіне жатады
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін аудандық мәслихаттың өзі жоюы не сот тәртібімен жойылуы мүмкін
Тарау 5. 5. Аудандық мәслихат жұмысын ұйымдастыру
5. Аудандық мәслихат жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат өз өкілеттігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпті жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі.Егер аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен екісі сессияға қатысса, аудандық мәслихат сессиясы заңды болады
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясының төрағасын, аудандық мәслихат хатшысын сайлайды және қызметінен босатады, олардың есептерін тыңдайды;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметінен босатады, олардың жұмысы туралы есепті тыңдайды;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, тексеру комиссиясының актілерін бекітеді
Тармақша 4
4) заңдарда белгіленген адам саны мен қаражат лимиті шегінде аудандық мәслихат аппаратының құрылымен бекітеді және оны ұстауға әрі материалдық-техникалық жағынаң қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің штат саны лимиті аудандық мәслихат депутаттарының саны негізге алынып, жеті депутатқа бір қызметкер қатынасында, яғни 3 мемлекеттік қызметкерден кем болмау керек.
Тармақша 5
5) аудандық мәслихаттың регламентін бекітеді;
Тармақша 6
6) депутаттардың сауаларын қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 7
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнінде өзге де шешімдер қабылдайды
Тарау 6. 6. Аудандық мәслихат сессиясын шақыру тәртібі
6. Аудандық мәслихат сессиясын шақыру тәртібі
Тармақ 1
1. Жаңадан сайланған мәслихатының бірінші сессиясын аудандық мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді.кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат хатшысы аудандық, мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны Туралы, сондай-ақ сессиясының қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және аудандық әкіміне сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Аудандық мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және аудандық әкіміне сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихат қарайтын мәселелерде сессия төрағасы, тұрақты немесе басқа комиссиялар, депутаттық топтар, депутаттар, аудан әкімі ұсынады
Тармақ 5
5. Сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар сессия төрағасына төменге тұрған мәслихаттардан, жоғары тұрған өкімет және басқару органдарынан, қоғамдық бірлестіктерден келіп түседі
Тармақ 6
6. Келіп түскен ұсыныстар күн тәртібіне сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауыс беруі арқылы енгізіледі.
Тарау 7. 7. Аудандық мәслихат сессиясын өткізу тәртібі
7. Аудандық мәслихат сессиясын өткізу тәртібі
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың бірінші сессиясын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және аудандық мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі аудандық мәслихат сессиясын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 3
3. Егер аудандық, мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.
Тармақ 4
4. Шешімдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихат сессиясының жұмысы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі
Тармақ 6
6. Сессия жұмысында аудандық мәслихат шешімі бойынша аудандық мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін
Тармақ 7
7. Мәжілістердің басталу және аяқталу уақыты төрағаның ұсынысы бойынша сессияда белгіленеді.Оның жұмысында аудандық мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін
Сессияда баяндама жасау үшін уақыт 1 сағатқа дейін, қосымша баяндама жасау үшін 20 минутқа дейін беріледі. Сессиясының күн тәртібінде белгіленген мәселенді талқылау барысындағы жарыссөзге катысу үшін 10 минут, жарыссөзге бір рет қайта қатысу үшін және шешімнің кейбір тармақтарын талқылау кезінде сөз сөйлеу үшін 5 минутқа дейін уақыт беріледі
Кандидатуралар, мәжілісті жүргізу тәртібі, дауыс беру себептері бойынша, сөз сөйлеу, мәлімдемелер, сауалдар, ұсыныстар, хабарламалар мен анықтамалар жасау үшін, сұрактар қою үшін 3 минутқа дейін уақыт беріледі. Депутаттардың көпшілігінің қолдауы бойынша төрағалық етуші сөз сөйлеу берілген уақытты ұзарта алады
Депутаттық сауалға жауап беру үшін 10 минутқа дейін, сұраққа жауап беру үшін 5 минутқа дейін уақыт беріледі.
Тармақ 8
8. Жарыссөзге қатысу үшін сөз алу туралы өтініш төрағалық етушіге беріледі
Аудандық мәслихаттың депутаты сессияда төрағалық етуші сөз бергеннен кейін сөйлейді
Төрағалық етуші жарыссөзге қатысу мүмкіндігін өтініштердің түсу ретіне қарай береді Төрағалық етуші себебін түсіндіре отырып, қажет болтан жағдайда сөйлеу кезегінің ретін өзгерте алады.
Сессияны жүргізу тәртібі, анықтама, сұрақтарға жауап беру және түсініктеме беру жөніндегі сөзді кезектен тыс бере алады.
Баяндаушыдларға сұрақ жазба түрінде жіберіледі немесе орыннан ауызша қойылады.
Сессия төрағасы, аудан әкімі, не оның орындағы адам, аудандық мәслихаттың хатшысы кез келген уақытта сөз алып сөйлеуге құқығы бар.
Сессияда сөйлеуші дөрекі, әдепсіз сөздерді қолданбауы керек.Олай қалған жағдайда, төрағалық етуші ескерту жасауға құқылы.
Егер кімде-кім, төрағалық етушінің рұқсатынсыз сөз сөйлейтін болса, микрофон ескертусіз өшірілуі мүмкін.
Егер сөз алған адам талқыланып отырған тақырыптан ауытқып кетсе, төрағалық етуші ескерту жасай алады.
Егер сөз сөйлеуші өзіне берілген уақыттан көп сөйлесе, немесе тақырыптан ауытқып кетсе, сөз барысында дөрекілік танытса, төрағалық етуші ондай адамды бір рет ескерту жасағаннан кейін сөз сөйлеу құқынан айырады
Тармақ 9
9. Аудандық мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады.Аудандық мәслихат сессиясы төрағасының немесе аудандық мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледі
Тармақ 10
10. Аудан әкімі немесе оның орындағы адам аудандық мәслихаттың және оның органдарының кез келген мәжілістеріне, соның ішінде жабық мәжілістеріне қатысуға құқылы. Сессия өтіп жатқан кезде төралқада сессия төрағасынан басқа мәслихаттың хатшысы, аудан әкімі немесе оның орандағы адам отырады. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың шешімі бойынша басқа депутаттар мен ресми адамдар сайлануы мүмкін.
Тармақ 11
11. Аудандық мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергілікті атқарушы органдар басшылары, аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзгеде лауазымды адамдары аудандық мәслихаттың құзарына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшін аудандық, мәслихат сессиясына келуге міндетті
Тармақ 12
12. Жарыссөз сессия төрағасының ұсынысы бойынша ашық дауыс беру арқылы сессияға қатысып отыратын депутаттардың жалпы санының КӨПШІЛІК дауысымен тоқтатылады.
Тармақ 13
13. Жарыссөздің аяқталуына байланысты айтылмай қалғандар, депутаттардың өтініші бойынша, сессияның төралқасына тапсырылып, мәтіндері сессия материалдарына енгізіледі.
Тарау 8. 8. Аудандық, мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі
8. Аудандық, мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады қажет болатын жағдайда, аудандық мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
Тармақ 2
2. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын аудандық мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін депутаттары арасынан аудандық мәслихат сайлайды. Тұрақты комиссияларды сайлау сессия шешімі бойынша комиссия құрамы бойынша тұтас немесе әр кандидатураға жеке дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Тұрақты комиссиялар аудандық мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді.
Тарау 9. 9. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшіліктік тыңдаулар
9. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшіліктік тыңдаулар
Тармақ 1
1. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе аудандық мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады.
Тармақ 2
2. Көпшіліктік тындаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі
Тарау 10. 10. Аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының қызметі мен ө кілеттігі
10. Аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының қызметі мен ө кілеттігі
Тармақ 1
1. Тұрақты комиссиялар:
Тармақша 1
1) Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ аудандық, мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша аудандық мәслихат сессиясының төрағасына, хатшысына ұсыныс енгізуге
Тармақша 2
2) өздерінің құзырына жататын әрі аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
Тармақша 3
3) өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тындау туралы аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізуге;
Тармақша 5
5) комиссияның жұмысына аудандық мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін және азаматтарды тартуға құқылы
Тармақ 2
2. Әкімдік, орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландыратын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгіленген тәртіпке тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Тарау 11. 11. Аудандық, мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртібі
11. Аудандық, мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.
Тармақ 2
2. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелері жалды санының көпшілік даусымен қабылданады.Комиссияның отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комитеттің төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 3
3. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссияны бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды
Тарау 12. 12. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы
12. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне аудандық мәслихат тексеру комиссиясының, тексеру комиссиясының төрағасын аудандық мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын аудандық мәслихат белгілейді
Тармақ 2
2. Тексеру комиссиясының төрағасын аудандық, мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады
Тармақ 3
3. Тексеру комиссиясының жұмысына аудандық, мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Тексерулер аудандық мәслихаттың, тексеру комиссиясының аудандық мәслихат хатшысының шешімдерімен аудандық мәслихат депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы аудандық мәслихат пен әкімдікке хабарлайды. Тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихат депутаты басқа жұмыстан босатылған негізде тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланған жағдайда, оған аудандық мәслихат аппаратының басшысы үшін белгіленген мөлшерде жалақы белгіленеді
Тарау 13. 13. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары
13. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында аудандық мәслихат не аудандық мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат оларды құру кезінде белгілейді.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
Тармақ 3
3. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.
Тарау 14. 14. Аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік учаскілік сайлау комиссияларын құру және сайлау
14. Аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік учаскілік сайлау комиссияларын құру және сайлау
Тармақ 1
1. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау-сайлау комиссияларының өкілеттіктерінің аяқталуына кемінде бір ай қалғанда басталады және кемінде үш күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың хатшысы өз әкімімен депутаттардан және мәслихат аппаратынан бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларын құру жөніндегі хабарды жариялауға кемінде үш күн қалғанда сайлау комиссияларының кұрамын құру жөніндегі Жұмыс тобын құрады.Аудандық мәслихаттың Жұмыс тобы саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінең, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын комиссиялардың құрамына кандидатуралар туралы келіп түскен ұсыныстарды жинаумен және айналысады. Әр саяси партия сәйкес сайлау комиссияларының құрамына тек бір ғана өкілін енгізе алады. Саяси партиялар, сандай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері тиісті сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатуралар ұсынуға құқылы. Жұмыс тобына саяси партиялармен, коғамдық бірлестіктермен, жоғары тұраған комиссиялармен ұсынылатын құжаттар тізбесіне:
Тармақша 1
1) Әділет органдарында саяси партияны немесе басқа да қоғамдық бірлестікті, олардын құрылымдық бөлімшелерін тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) Кандидатты тиісті сайлау комиссиясы құрамында ұсыну туралы саяси партияның немесе басқа да коғамдық бірлестіктің олардын құрылымдық бөлімшелерінің отырысының хаттамасынан үзінді; жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешінің үзінді;
Тармақша 3
3) Аудандық мәслихатқа кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініш және кандидаттың өмірбаян деректері енеді
Тармақ 3
3. Сайлау комиссияларының құрамдарының жобасын дайындауда Жұмыс тобы бірінші кезекте саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, одан кейін, ұсыныстардың 7 мүшеден кем болған жағдайында басқа да қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының кандидатураларын есепке алады
Тармақ 4
4. Жаңа сайлау комиссияларының құрамдарына ұсыныстардың түсу мерзімі аяқталғанда, Жұмыс тобы сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау жөніндегі бюллетендер мен сессия шешімінің жобаларын дайындайды
Тармақ 5
5. Шешімдер мен бюллетендердің жобалары бөлек дайындалады:
Тармақша 1
1) аудандық сайлау комиссия бойынша;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихатқа депутат сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссия бойына.
Тармақша 3
3) учаскелік сайлау комиссия бойынша
Тармақ 6
6. Саяси партиялардың басқа да қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының сайлау комиссияларының құрамдарына ұсынылған барлық кандидатуралар Жұмыс тобының арнайы журналына келіп түскен және тіркелінген кезек ретімен бюллетендер және шешімдер жобаларына енеді.
Тармақ 7
7. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар көрсетілген бюллетендері сессияға қатысушы аудандық мәслихаттың барлық депутаттары алады және оларды жеке толырады. Дауысқа салудын қорытындысын сессияда бекітілген Санақ комиссиясы жүргізеді. Санақ комиссиясының сандық құрамы, төрағасысы мәслихаттың сессиясымен анақталады. Сессияға қатысушы депутаттардың көпшілік дауысын алған комиссия мүшелері сайланды деп есептелінеді.
Тармақ 8
8. Саяси партиялардан сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерінің,санысына тең (жеті) ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы мәслихаттың сессиясына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Саяси партиялардан сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан артық (жетіден аса) ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы мәслихаттың сессиясында осы сайлау комиссиясының сайлауын рейтенгілік даусқа салуды ұсынады
Саяси партиялардан сәйкес сайлау комисисясы мүшелерінің саңы (жетіден аз) жетлейтін ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы бюллетендегі бос орындарға басқа қоғамдық бірлестіктерден түскен, ал рндай кандидатуралар болмаған жағдайда, жоғары тұрған сайлау комиссиясының кандидатураларын енгізеді (түсу ретіне сәйкес ).Бос орындардын санына тең ұсыныстар түскен жағдайда Уақытша комиссия сессияға осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Бос орандардын санынан артық ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы мәслихатың сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауды, ал бос орындарға рейтенгілік дауысқа салуды өткізу ұсынады Егер сайлау комиссиясының құрамы бойынша дауыс беруде ұсынылған кандидатуралардың саны жетігі сәйкес келіп, мәслихаттың депутаттары нақты кандидатураға қарсылықтарын білдірсе, онда сол саяси партия не қоғамдық бірлестіктін басқа кандидатурасымен ауыстырылады Бүл рәсімді бір реттен артық өткізбеу ұсынылады
Тармақ 9
9. Бюллетенге осы кандидатураның қай саяси партиядан (басқа да қоғамдық, бірлестіктен, жоғары тұрған сайлау комиссиясынан) енгізілгенін, үміткерлердің фамилиясы, аты, әкесінің аты көрсетілетін деректер кіреді. Кандидатуралар фамилияларының он жағында депутаттар белгі қоятын шаршылар бейнеленеді. Депутаттар жеті шаршыда белгі қояды.
Тармақ 10
10. Дауысқа салудын қорытындысын мәслихаттың сессиясында Санақ комиссиясының төрағасы жариялайды.
Тармақ 11
11. Санақ комиссиясының төрағасы комиссия төрағаларын, олардың орынбасарлары мен хатшыларын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларың ұйымдастыру отырыстарының өткізілу мерзімдерін ( құрылғаннан кейін жеті күннен аспауы керек) хабарлайды. Санақ комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының ұйымдастыру отырысын өткізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы хабарлайды. Бүл комиссия мүшесін белгілейді. Депутаттар дауыстарының тең жағдайында ол кандидатура бюллетенде тұрған орны бойынша анықталады.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңыны сәйкес мәслихаттың хатшысы сәйкес сайлау комиссияларының құрамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді. Материалдар басылымның бір санында қосымшасымен бірге орналасуы керек.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңында ескерілген жағдайларда мәслихат сәйкес сайлау комиссиясының мүшесін босату және шыққанның орнына сайлау туралы шешім қабылдайды.Босатылған лауазымға өкілдері осы сайлау комиссиясында жоқ саяси партиялар мен басқа да коғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады
Тармақ 14
14. Мәслихаттар сессияларында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес, сайлау комиссияларының құрамы бір ұйымның қызметкерлерінің құрылуына жол берілмеуі керек, міндетті түрде сәйкес әкімшілік аумақтық бірлікте тұруы ескерілуі қажет. Президент, олардың сенімді тұлғалары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, кандидаттардың жұбайлары және жақын туыстары, сонымен қатар кандидаттардың тікелей қарамағындағы жұмыскерлер сайлау комиссиясының мүшелері бола алмайды
Тарау 15. 15. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
15. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасын аудандық мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы аудандық, мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сайланады
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы аудандық мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат аудандық хатшысы жүзеге асырады
Аудандық мәслихат депутаты аудандық мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясын өзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, аудандық мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) аудандық мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген мәслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, аудандық, мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тарау 16. 16. Аудандық мәслихаттың хатшысы
16. Аудандық мәслихаттың хатшысы
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лаузымды адам болып табылады. Оны аудандық мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.Аудандық мәслихаттың хатшысы аудандық мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады
Тармақ 2
2. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады
Тармақ 3
3. Ашық дауысқа салу көзіндегі дауыс санын санауды құрамын сессия белгілеген санақ комиссиясы жүргізеді
Ашық дауысқа салар алында төрағалық етуші дауысқа түсетін ұсыныстар санын көрсетеді, олардың дұрыс құрастырылуын қарайды Бір мәселе бойынша әр депутат бір-ақ рет қолдап, не қарсы дауыс береді, не қалыс қалады
Төрағалық етуші дауыстарды санау аяқталған доң, дауыс беру нәтижесі бойынша ұсыныстаң қабылданғаны, не қабылданбағаны туралы депутаттардың шешімін хабарлайды
Тармақ 4
4. Жасырын дауыс беруді ұйымдастыру және оның нәтижелерін анықтау үшін ашық дауысқа салу арқылы депутаттар қатарының санақ комиссиясы сайланады. Оның құрамына мәслихат хатшылығына кандидат депутаттар кіре алмайды.
Санақ комиссиясы қарамағындағы депутаттардан комиссия төрағасы және хатшысы сайланады.Санақ комиссиясының шешімдері мүшелерінің көпшілік дауысы негізінде қабылданады.
Бюллетеньдер есептеу комиссиясының бақылауымен, ол белгілеген формада және белгілі санмен жасалып шығарылады.
Дауыс беру уақытын, жүргізу тәртібін санақ комиссиясы белгілейді де төрағасы хабарлайды
Жасырын дауыс беру бюллетеньдерін санақ комиссиясының мүшелері депутаттарға тізім және аудандық мәслихаттың депутаты екендігі туралы куәлігі, төлқұжаты немесе жеке басының куәлігі бойынша береді
Бюллетеньдерді толтыру жасырын дауыс беру кабинасында дауысын беретін кандидаттың тұсына крест, канат белгілерінің бірін қою немесе иә деп жазу арқылы өтеді.
Белгілінген үлгіге сай келмейтін, сондай-ақ депутаттың өз еркін білдіруін анықтау мүмкін болмаған жағдайда бюллетеньдер жарамсыз деп саналады.
Санақ комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша хаттама толтырады, оған санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды
Дауыс санын есептеу ақталған соң, төрағалық етуші дауыс беру нәтижесі бойынша ұсыныстың қабылданғаны, не қабылдаңбағаны туралы депутаттардың шешімін хабарлайды.
Тармақ 5
5. Мәслихаттың хатшысы сайлаудың төмендегідей тәртібі белгіленеді:
Жалғыз кандидат үсынылған жағдайда Кандидат депутаттар жалпы санының көпшілік даусына ие болуы керек.
Екі кандидат ұсынылған жағдайда Депутаттар жалпы санының көпшілік дауысына ие болған кандидат сайланды деп есептеледі.
Екіден көп кандидат ұсынылған жағдайда
Егер бірде-бір кандидат көпшілік дауыс жинай алмаса, онда аудандық мәслихат көбірек дауыс жинаған екі кандидат бойынша қайта сайлау белгілейді. Қайта дауыс беруде депутаттар жалпы санының көпшілік дауысын алған депутат сайланды деп есептелінеді
Тармақ 6
6. Аудандық мәслихат хатшысы лауазымда қызметінен ауырғаны себепті міндеттерін атқара алмағанда, өзі бергенде және басқа да себептерге байланысты аудандық мәслихат сессиясында ашық не жабық аудандық мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен мерзімінен бұрын босатыдады.
Тармақ 7
7. Аудандық мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттық топтарының қызметін үйлестіріп, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынасын ұйымдастырадыу
Тармақ 8
8. Аудандық мәслихат хатшысы:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясың және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихат депутатттарың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды аудандық мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және саулау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
Тармақша 4
4) аудандық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар аудандық, мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
Тармақша 6
6) аудандық мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша әкімдер шығарады;
Тармақша 8
8) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым қатынастарда аудандық мәслихат атынан өкіл болады; 10) аудандық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
Тармақша 11
11) аудандық мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды.
Тармақ 8
8. Аудандық мәслихат хатшысының аудандық, мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
Тармақ 9
9. Аудандық мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады
Тармақ 10
10. Аудандық мәслихат депутаты тұрақты негізде аудандық мәслихат хатшысы болып сайланған жағдайда, оған аудан әкімінің орынбасары үшін белгіленген мөлшерде жалақы белгіленеді
Тарау 17. 17. Аудандық, мәслихат депутаты
17. Аудандық, мәслихат депутаты
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүддерлерді ескере отыра, аудан халықының еркін білдіреді.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат депутатының өкілеттігі аудан сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген кезден басталып, аудандық мәслихат өкілеттігі тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
Тармақ 3
3. Аудандық, мәслихат депутатының өкілеттігі мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) депутат заңдарға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
Тармақша 2
2) депутатты ерекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне ексе;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихаттық өкілеттігі тоқтатылса;
Тармақша 4
4) депутат қайтыс болса;
Тармақша 5
5) Ол Қазақстан Республикасының; азаматтығынан айырылса;
Тармақша 6
6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енсе;
Тармақша 7
7) аудан тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
Тармақша 8
8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтінішіне байланысты;
Тармақша 9
9) депутат өз міндеттерін күйелі түрде орындамаса, оның ішінде аудандық мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелді себептерсіз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 4
4. Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім аудандық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен аудандық мәслихат сессиясында қабылданады.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссиясы аудандық, мәслихат сессиясының төрағасына, аудандық мәслихат хатшысына аудан әкіміне, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сауалдар беруге құқылы.
Сауал сессияға жазбаша немесе ауызша түрде енгізіледі.
Жазбаша түрде енгізілген сауал жария етілуге тиіс. Сауал берілген мемлекеттік орган, лауазымды адам аудандық мәслихаттың сессиясында сауалға жазбаша немесе ауызша жауап беруге міндетті сауалға жауап түскен күннен бастап 30 күннің, ал қосымша зерделеу мен тексеруді қажет етпейтін өтініштер бойынша 10 күннің ішінде беріледі.
Қосымша тексерулер жүргізу қажет болған жағдайларда бұл мерзімдерді аудандық мәслихат ұзартуы мүмкің, ол туралы аудандық мәслихаттың депутатына хабарланады.
Қажет болған жағдайда сауалға қайтарылған жауап және оны талқылаудың нәтижелері бойынша аудандық мәслихат шешім қабылдайды
Тарау 18. 18. Депутаттың өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары мен міндеттері
18. Депутаттың өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Депутат:
Тармақша 1
1) сайлауға және аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, аудандық, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, аудандық мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға аудандық, мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жіберуге;
Тармақша 4
4) өз округінің сайлаушылармен сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткізуге;
Тармақша 5
5) аудандық мәслихат сессиясында аудан аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының аудандық мәслихаттың құзыретіне жатқызылтан мәселелер бойынша есептер тындау туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 6
6) аудандық әкімдіктік отырыстарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 7
7) аудандық мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
Тармақша 8
8) белгілінген заң тәртібімен тіркелген саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің депутаттық топтары түрінде депутаттық бірлестіктер құраға құқылы. Депутаттық топ мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс.
Депутаттық топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асыралады
Тармақша 9
9) заңдарда және аудандық мәслихат регламентінде көзделген өзге де іс әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Депутат:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихаттың және өзі құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) өз округе сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға аудандық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, аудандық мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргізуге міндетті
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың әрбір депутатына өкілеттіктерін кедергісіз және тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасалуына, оның құқықтарын, қадір-қасиеті мен ар-ожданын қорғауға кепілдік беріледі
Тарау 19. 19. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға
байланысты шығыстарды өтеу
19. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға
байланысты шығыстарды өтеу
Депутат регламентте белгіленген тәрттіппен аудандық; мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырастарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар аудан әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру жуақыты ескерілін, сессиялар өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
Тарау 20. 20. Аудандық мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері
20. Аудандық мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталғанда тоқтатылады
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат өкілеттігін мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын сот тәртібімен заңсыз деп танылған шешімдер қабылдау түрінде бірнеше рет ( екі және одан да көп ) бөзса;
Тармақша 2
2) егер жаңадан сайланған аудандық мәслихат бірінші сессиясы ашылған күннен бастап отыз күн өткенше өз құрылымын белгілемесе және тиісті органдарын құрмаса;
Тармақша 3
3) қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
Тармақша 4
4) аудандық мәслихат өз депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің жасырын даусымен өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаса;
Тармақша 5
5) аудандық бюджетті, ауанды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын екі рет бекітпеумен білдірілген облыстық әкімдікпен арада еңсерілмейтін келіспеушіліктер болса;
Тармақша 6
6) ауданды басқару схемасын екі бекітпеумен білдірілген әкіммен арада еңсерілмейтін келіспеушіліктер болса;
Тарау 21. 21. Мәслихаттың аудан әкіміне сенімсіздік білдіру өкілеттігі
21. Мәслихаттың аудан әкіміне сенімсіздік білдіру өкілеттігі
Тармақ 1
1. Мәслихат өз депутаттары жалпы санының үштен екісінің
қаусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің алдына оны қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
Тармақ 2
2. Әкімі ұсынған ауанды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді аудандық мәслихаттың екі рет бекітпеуі , аудандық мәслихаттың аудан әкіміне сенімсіздік білдіруі туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады
Тарау 22. 22. Аудандық мәслихат аппараты
22. Аудандық мәслихат аппараты
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат аппараты аудандық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілірінің қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың өкілеттік мерзімінің аяқталуымен, облыстық мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілірінің қызметі тоқтатылмайды
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихат аппараты жергілікті бюджет есенбінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихат аппаратының жұмысы аудандық мәслихаттың хатшысы бекіткен ереже негізінде жүргізіледі.