Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 56 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6355-13 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары
Созақ аудандық мәслихатының
2024 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 136 шешіміне қосымша
Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі –Қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Созақ ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Созақ ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек – Созақ аудандық әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган –«Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 7
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
Тармақша 8
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
Тармақша 9
9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
Тармақша 10
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Түркістан облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 6
6. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға- 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
балаларының қарауынсыз қалған көпбалалы аналарға - бір рет 28 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 435 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8 тармақшаларында санамаланған басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 33 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға – 33 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға – 7,55 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 21 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болған адамдардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты қайтыс болған азаматтардың отбасыларына – 4,59 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Социалистік Еңбек ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген), мемлекеттік наградалармен наградталмаған адамдарға – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988–1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға – 33 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 3
3) 31 мамыр – Қазақстан Республикасындағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күні:
саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларына – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4) 30 тамыз-Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың құрбандарына - 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мөлшерінде;
Тармақша 5
5) 1 қазан-Қарттар күніне орай:
үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған жалғызілікті карттарға біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6) 25 қазан- Республика күні:
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бірінші, екінші және үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мөлшерінде;
Тармақша 7
7) 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларына - 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақ 7
7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:
Тармақша 1
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматтың (отбасының) тұрғын үйіне зиян келуіне әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;
Тармақша 2
2) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кірісінің болуы;
Тармақша 3
3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
Тармақша 4
4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
Тармақша 5
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.
Тармақ 8
8. Ақшалай нысандағы бір реттік әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына:
Тармақша 1
1) белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кірісі бар:
әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматтарға (отбасыларға);
жетімдерге;
ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарға;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын азаматтарға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға;
пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға;
Тармақша 2
2) жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай:
дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматтың (отбасының) тұрғын үйіне зиян келген жағдайда тұрғын үй иесі отбасына 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысты есептемегенде біржолғы және мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:
Тармақша 1
1) адамның иммун тапшылығын вирусын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;
Тармақша 2
2) Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Созақ ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімге сәйкес туберкулезбен ауыратын және емнің амбулаториялық сатысындағы азаматтарға 28000 (жиырма сегіз мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі;
Тармақша 3
3) үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын 80 және 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға - ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен жәрдемақыға мұқтаж азаматтарға - бір жолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 5
5) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектігі бар адамдарға:
серуендеуге арналған кресло-арбаға - бір рет 62 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бөлмеге арналған кресло-арбаға - бір рет 55 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
мүгедектігі бар балаларға арналған кресло-арбаға - бір рет 51 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ересектерге арналған көп функцияналды (әмбебап) кресло-арбаға - бір рет 180 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
балаларға арналған көп функцияналды (әмбебап) кресло-арбаға - бір рет 180 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
электр жетегі бар әмбебап кресло-арбаға - бір рет 240 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдар және соларға теңестірілген адамдарға, жасына байланысты зейнеткерлерге және мүгедектігі бар адамдар, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларына санаторийлік-курорттық емделуге - бір рет 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақ 10
10. Азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа кірісінің шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде белгіленсін.
Әрбір жеке жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері оқиғалар басталған күннен бастап үш ай ішінде жасалады.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 11
11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек уәкілетті ұйым не өзге де ұйымдар ұсынған, Созақ ауданының әкімдігі бекіткен тізімдер бойынша оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтiк көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру жергілікті бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидалардың 3-тарауымен анықталады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
Тармақша 1
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 2
2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
Тармақша 3
3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа кірісі әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді орган белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы Созақ ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалары ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.