Об утверждении Положения о жилищной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы 148 Занының 31 бабының 1 тармағының 12 тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі 94 -1 Заңының 9,10 тарауларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы» 1999 жылғы 2 қыркүйектегі №1292 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы нұсқауының» 8 тармағы негізінде, тұрғын үй комиссиясының құқықтық статусын, міндеттерін және өкілеттігін анықтау мақсатында, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосы берілген тұрғын үй комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Н. Кұлжановаға жүктелсін.
Басқа 3
Қала әкімдігінің
2004 жылғы 20 сәуір № 220
Тұрғын үй комиссиясы туралы
Ережені бекіту туралы қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Тұрғын үй комиссиясы туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Тұрғын үй комиссиясы (бұдан әрі - комиссия), Петропавл қаласының әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады. Өз қызметінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы» 1999 жылғы 2 қыркүйектегі №1292 қаулысын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады. Тұрғын үй комиссиясының құқықтық мәртебесін, функцияларын, құзырын және өкілеттігін анықтайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
2. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 2
2. Комиссияның жұмысын оның төрағасы немесе төрағаның тапсырмасы бойынша оның орынбасары басқарады. Комиссия барлық мүшелерінің 2/3 бар болған жағдайда құқылы болады. Комиссияның шешімі қатысушы мүшелерінің дауысының көпшілігімен қабылданады.
Тармақ 3
3. Комиссия отырысы түскен өтініштер санына байланысты, айына кемінде бір рет жүргізілу керек.
Тармақ 4
4. Комиссияның отырысы барысында хаттама жасалады, оны хатшы жүргізеді, хаттаманың түйіндік бөлігінде жұмыс нәтижелері шешім түрінде жазылады. Хаттамаға комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Тарау 3. 3. Комиссияның құзыры
3. Комиссияның құзыры
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функциялар атқарады:
баспанаға мұқтаж азаматтардың есепке алу туралы өтініштерін қарайды;
ерекше жағдайларда, баспананың меншік иесінің отбасы мүшелері ретінде басқа тұлғаларды таниды;
бөлек тізімдері бойынша, атап айтқанда аз қамтылған әлеуметтік қорғалатын азаматтардың тізімдері және мемлекеттік қызметшілердің, басқа бюджеттік ұйымдар мен әскери қызметшілердің тізімдері бойынша баспана беру кезектілігін анықтайды.
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметінде қала әкімдігіне есеп береді және оның, бақылауында болады.