Об утверждении Правил и критериев избрания академиков Национальной академии наук Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктарын сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 101) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау өлшемшарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 457 Бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 101) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (бұдан әрі – Академия) академиктерін сайлау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) академия академиктеріне сайлануға үміткер (бұдан әрі – үміткер) – жоғары білімі (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) мен ғылыми дәрежесі бар, ғылыми ұйымда немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында еңбек заңнамасына сәйкес толық ставкада штаттық қызметкер болып жұмыс істейтін, мемлекеттік қызметші, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметкері, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі немесе оның өңірлік бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкері болып табылмайтын, осы Қағидаларға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 2
2) Академияның жалпы жиналысы – құрамына бұрын сайланған академиктер кіретін Академияның өкілді органы;
Тармақша 3
3) Академия төралқасы – Академияның нақты мүшелерінен (академиктерінен) тұратын Академияның алқалы консультативтік-кеңесші органы;
Тармақша 4
4) есеп комиссиясы – конкурс нәтижелері бойынша барлық балдарды есептеуді жүргізетін және Академия төралқасына қорытынды беретін кеңесші орган;
Тармақша 5
5) Академия академигі – осы Қағидаларға сәйкес Академия сайлайтын ғылым саласында озық жетістіктері бар ғалым;
Тармақша 6
6) сараптама комиссиясы – сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес бағалауды жүзеге асыратын және әрбір үміткер бойынша қорытынды беретін кеңесші орган;
Тармақша 7
7) штаттық қызметкер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі аккредиттелген ғылыми ұйымда немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында (бұдан әрі – ұйым) штат кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми қызметкердің ақы төленетін штаттық лауазымын толық ставкада атқаратын және еңбек шарты бойынша өз міндеттерін іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктері мен функцияларын жүзеге асыратын жеке тұлға;
Тармақша 8
8) шекті балл – сараптама комиссиясының қорытындысында көзделген ең жоғары балл сомасының кемінде 25% (жиырма бес пайыз) құрайтын және үміткер ұсынған құжаттарды таңдалған ғылыми бағыт бойынша бағалау нәтижелері бойынша айқындалатын балдар сомасы;
Тармақша 9
9) халықаралық рецензияланатын ғылыми журнал – Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс кор Коллекшн) дерекқорында индекстелетін журнал (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшн Индекс) бөлігі), Science Citation Index Expanded (Сайнс Цитэйшн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшн Индекс) Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясы;
Тармақша 10
10) жарияланым – рецензияланатын ғылыми журналда жарияланған, Аrticle (Артикл), Review/Review Article (Ревью/Ревью Артикль) немесе Аrticle in Press (Артикл ин Пресс) типі бар ғылыми жұмыс;
Тармақша 11
11) сенімді баспа – Elsevier Publishing (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли және Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Питер Ланг (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) немесе әлемдік 100 (жүз) топ деңгейлі университеттер Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкинг оф Ворлд Юниверситиес) немесе Times Higher Education World University Rankings (Таймс Хайер Едукейшн Ворлд Юниверсити Ранкинг) немесе US News Best Global Universities Rankings (Юэс Ньюс Бэст Глобал Юниверситиз Ранкингс) баспасы.
Тармақ 3
3. Академия академиктерін сайлауды Академияның осы Қағидалармен айқындалған тәртіппен конкурстық негізде өткізеді.
Сайлауды өткізу күні мен уақытын, әрбір ғылыми бағыт бойынша бос жұмыс орындарының санын және оларды бөлімшелер бойынша бөлуді Академия төралқасы белгілейді.
Тармақ 4
4. Конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өтетін жерге бару және кері қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, пошта қызметтеріне ақы төлеу және барлық түрдегі байланыс қызметтерін пайдалану) үміткерлер өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Тармақ 5
5. Өткізілетін конкурс, сараптама комиссиясының құрамы, қабылданатын шешімдер туралы мәліметтерді конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін жария етуге жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Үміткерді ұсыну ғылыми ұйымдар немесе ғылыми және (немесе) ғылыми-техикалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ұйым), жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Үміткер Заңның 6-бабының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен ғылыми бағыттар сыныптауышына (бұдан әрі – Сыныптауыш) енгізілген ғылыми бағыттар бойынша ғана ұсынылады.
Тармақ 8
8. Ұйым конкурс жарияланған және кандидатурасы ұйымның алқалы басқару органының (ғылыми, қамқоршылық, педагогтік, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік кеңесінің) шешімімен мақұлданған Сыныптауышқа сәйкес ғылыми бағыт бойынша бір ғана үміткерді ұсынады.
Ұсынылған үміткерлер Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Академия академиктерін сайлау өлшемшарттарына (бұдан әрі – өлшемшарттар) сәйкес келуі тиіс.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Конкурс кезеңдері
1-параграф. Конкурс кезеңдері
Тармақ 9
9. Конкурс бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) конкурс өткізу туралы хабарландыру;
Тармақша 2
2) үміткерлерден құжаттарды қабылдау және қарау;
Тармақша 3
3) балдық жүйе бойынша сараптама комиссиясының үміткерлерді бағалауы;
Тармақша 4
4) Академия төралқасының үміткер бағдарламасын бағалауы;
Тармақша 5
5) Академия академиктерін сайлау.
Тармақ 2. 2-параграф. Конкурс туралы хабарландыруды жариялау тәртібі
2-параграф. Конкурс туралы хабарландыруды жариялау тәртібі
Тармақ 10
10. Академия Академия академиктерін сайлауға конкурс өткізу туралы хабарландыруды (бұдан әрі – хабарландыру) өзінің корпоративтік веб-ресурсында https://qazscience.gov.kz (бұдан әрі – корпоративтік веб-ресурс) мекенжайы бойынша орналастырады.
Тармақ 11
11. Хабарландыру келесі мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) конкурс өткізетін ұйымның орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген атауы;
Тармақша 2
2) құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі;
Тармақша 3
3) әрбір ғылыми бағыт бойынша бос орындар саны;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларда айқындалатын үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар және Академияның бөлімдері бойынша бос орындар саны (сыныптауышқа сәйкес ғылыми бағыттар бойынша);
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі және оларды ұсыну тәсілдері туралы ақпарат;
Тармақша 6
6) конкурсқа қатысу үшін өтініштер мен қызметтік тізім нысандары;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану тәртібі туралы ақпарат.
Тармақ 3. 3-параграф. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау және оларды қарау тәртібі
3-параграф. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау және оларды қарау тәртібі
Тармақ 12
12. Конкурсқа қатысу үшін ұйым келесі құжаттарды жібереді:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткерді ұсыну туралы ұйымнан ілеспе хат;
Тармақша 2
2) ұйымның алқалы басқару органының (ғылыми, қамқоршылық, педагогикалық, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) ғылыми-техникалық) үміткерді конкурсқа қатысуға мақұлдау және оның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы шешімі;
Тармақша 3
3) ұйымды ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы қолданыстағы куәліктің көшірмесі (ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәлік);
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Академия академигі болып сайлануға арналған конкурсқа қатысуға 1 және 2 нысандар бойынша өтініш;
Тармақша 5
5) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 6
6) құжаттарды тапсыру сәтінде үміткерде соттылығының болуы не болмауы туралы құжаттарды қабылдау басталған күнге дейін 1 (бір) айға дейінгі мерзімде берілген анықтама;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – тану Қағидалары) сәйкес берілген (танылған) ғылыми (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуын растайтын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6939 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми атақтар беру қағидаларына (бұдан әрі – беру Қағидалары) сәйкес берілген (танылған) ғылыми атағының болуын (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) дипломдарының көшірмелері;
Тармақша 8
8) бұйрықтың (бұйрықтардың) көшірмесі бар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдарда табыс еткен күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз күнге) дейінгі мерзімде ұйымның тиісті персоналды басқару қызметі куәландырған үміткердің қызметтік тізімі (жұмыс, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
Тармақша 9
9) үміткердің Академия академиясына сайлау өлшемшарттарына сәйкестігін растайтын жарияланымдар мен монографиялардың көшірмелері (мақалалардың толық мазмұны бар бедерлер);
Тармақша 10
10) үміткердің осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдеріндегі бағдарламасы;
Тармақша 11
11) үміткерде:
Сыныптауышқа сәйкес «Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік» ғылыми бағыты бойынша ұйымдар ұсынған үміткерлерді қоспағанда, ғылым және техника саласындағы халықаралық және (немесе) мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты атақтары;
Сыныптауышқа сәйкес «Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік» ғылыми бағыты бойынша ұйымдар ұсынған үміткерлерді қоспағанда, халықаралық ғылыми ұйымдар және (немесе) Қазақстан Республикасының салалық уәкілетті органдары тағайындаған ғылым және техника саласындағы стипендия (стипендиялар);
кемінде 3 (үш) философия докторы (PhD) және (немесе) ғылым кандидаттары немесе ғылым докторлары (дипломдардың, тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелері және (немесе) үміткер ғылыми басшылықты жүзеге асырған ұйымдардың хаты) жетекшісі мәртебесі (бар болса);
шет елдердің ұлттық (мемлекеттік) ғылым академияларындағы мүшелігі (бар болса);
инновациялардың жаһандық индексінің өзекті рейтингінде интегралдық микросхемалардың өнертабысына, өнеркәсіптік үлгісіне, пайдалы моделіне, селекциялық жетістігіне немесе топологиясына арналған Қазақстан Республикасының қорғау құжаты (гуманитарлық ғылымдар үшін – зияткерлік меншік объектісіне белгіленген үлгідегі құжаттың болуы) және күзет құжаттарына лицензиялық шарттардың көшірмелері (бар болса);
жаһандық инновациялар индексінің өзекті рейтингінде көшбасшы орын алатын 30 (отыз) елдің бірінің өнертабысына, пайдалы моделіне, селекциялық жетістігіне немесе интегралдық микросхемалар топологиясына шет елдің қорғау құжаты (гуманитарлық ғылымдар үшін – зияткерлік меншік объектісіне белгіленген үлгідегі құжаттың болуы) және күзет құжаттарына лицензиялық шарттардың көшірмелері (бар болса);
конструкторлық және (немесе) технологиялық құжаттамалар (бар болса);
Заңға сәйкес толық ғылыми цикл жобасы (бар болса) бар екенін растайтын белгіленген үлгідегі құжаттардың көшірмелері.
Тармақ 13
13. Құжаттарды қабылдау мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 14
14. Үміткердің өтініші, сондай-ақ өтінішке қатысты барлық хат-хабарлар мен құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде қағаз форматта жасалады және ұсынылады.
Өтініш брошюра (тығыз түптеу) нысанында әрбір беттің тізімдемесі мен нөмірленуімен ұсынылады, оның соңғы бетінде парақтардың санын көрсете отырып қорытынды жазба жасалады.
Тармақ 15
15. Үміткер шет тілдінде ілеспе құжаттама мен баспа әдебиетін ұсынған жағдайда оларға қазақ немесе орыс тілдеріндегі тиісті бөлімдердің нотариалды куәландырған аудармасы қоса берілген жағдайда рұқсат етіледі.
Интерпретация қазақ немесе орыс тілдерінде жасалған құжаттар артықшылыққа ие болады.
Осы Қағидалардың 12-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген үміткердің құжаттарының нотариалды куәландырған аудармасы қазақ немесе орыс тілінде ұсынылмаған құжаттар қаралмайды және қараусыз қалдырылады.
Тармақ 16
16. Академия өтінімге түгендеу нөмірін береді және өтінім Академияда тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді ұйымдастырады және үміткердің өлшемдерге сәйкестігін айқындайды.
Тармақ 17
17. Ұйым ұсынған:
екінші деңгейдегі бір ғылыми бағыт бойынша үміткерлердің екі және одан да көп өтінімдерін Академия осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкессіздікті жою үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде үміткерлердің өтінімдерін ұйымға қайтарады;
екінші деңгейдегі 2 (екі) және одан да көп ғылыми бағыттар бойынша үміткердің (лердің) өтінімдері немесе екінші деңгейдегі ғылыми бағытты көрсете отырып, үміткердің өтінішінде деректер жоқ болса, Академия 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкессіздікті жою үшін үміткерлердің өтінімдерін ұйымға қайтарады;
үміткердің 12-тармақта және өлшемшарттарда көзделген талаптарға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарға сәйкестігін растайтын құжаттардың толық емес тізбесін Академия құжаттар Академияда тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кемшіліктерді жою туралы ұйымға хабарлама жібереді;
тексеру барысында анық емес деп танылған немесе дұрыстығын бағалау мүмкін болмаған құжаттарды Академия 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұйымға құжаттарды еркін нысанда қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жібереді.
Тармақ 18
18. Ұйым хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Академияға хабарламада көрсетілген жоқ құжаттарды ұсынады.
Хабарламада көрсетілмеген құжаттар қабылданбайды және қараусыз қалады.
Тармақ 19
19. Жетіспейтін құжаттар қайтадан ұсынылмаса, Академия ұйымға хабарлама жіберілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұйымға құжаттарды еркін нысанда қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жібереді.
Жетіспейтін құжаттар осы тармақта белгіленген мерзімді бұза отырып ұсынылса, өтінім қараусыз қалдырылады, ол туралы ұйымға тиісті хабарлама жіберіледі.
Тармақ 20
20. Үміткерлердің ұсынылған құжаттары жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келсе Академия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Академияның корпоративтік веб-ресурсында келесі кезеңге жіберілген үміткерлердің тізімі орналастырылады.
Тармақ 21
21. Құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен кейін алынған үміткерлердің барлық өтініштері қабылданбайды, ашылмайды және оларды ұсынған ұйымдарға қайтарылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Балдық жүйе бойынша сараптамалық комиссиясының үміткерлерді бағалау тәртібі
4-параграф. Балдық жүйе бойынша сараптамалық комиссиясының үміткерлерді бағалау тәртібі
Тармақ 22
22. Үміткерлерді бағалау үшін Академияда сараптау комиссиясы құрылады.
Тармақ 23
23. Сараптама комиссиясының құрамын Академия төралқасы конкурс жарияланғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бекітеді.
Тармақ 24
24. Сараптама комиссиясы кемінде 5 (бес) адамнан тұрады.
Сараптама комиссиясының құрамына төраға, орынбасар және оның мүшелері кіреді.
Сараптама комиссиясының төрағасы сараптамалық комиссияның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және қызметі мен қабылданатын шешімдері үшін жауапты болады.
Сараптама комиссиясының хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және Академия қызметкерлерінің арасынан тағайындалады.
Хатшы сараптама комиссиясының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттама ресімдейді.
Тармақ 25
25. Сарапшылар ретінде Академия қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік қызметші болып табылмайтын және ғылыми саладағы функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі бар адамдар әрекет етеді.
Академия төралқасының шешімі бойынша сараптама комиссиясының құрамына шетелдік ғалымдар және (немесе) сараптама қоғамдастығының өкілдері енгізілуі мүмкін.
Тармақ 26
26. Сараптама комиссиясының жоқ мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Тармақ 27
27. Сараптама комиссиясы қызметінің негізгі мақсаты үміткердің 12-тармақтарда және өлшемшарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан ұсынылған құжаттарға және үміткердің ғылымды дамытуға қосқан үлесін бағалау болып табылады.
Сараптама комиссиясы сараптама жүргізу кезінде үміткерден және (немесе) ұйымнан, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қосымша ақпарат сұратады.
Ұсынылған құжаттарға сараптаманы жүзеге асыру кезінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау (балдар) шкаласы бойынша балдық жүйе негізінде бағалау жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Сараптама 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Сараптама жүргізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде әрбір үміткер бойынша сараптама комиссиясының қорытындысын және балдарды саралаудың кему жүйесі бойынша әрбір ғылыми бағыт бойынша үміткерлердің рейтингін қамтитын сараптама комиссиясының хаттамасы дайындалады.
Сараптама комиссиясының хаттамасына сараптама комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қояды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде Академия төралқасына беріледі.
Тармақ 30
30. Егер үміткер бағалау нәтижелері бойынша шекті деңгейден төмен балл санын алса, оның өтінімі қабылданбайды және ол келесі кезеңге жіберілмейді.
Академия сараптама комиссиясының жоғарыда көрсетілген қорытындысына сәйкес ұйымға 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жібереді.
Тармақ 5. 5-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы төралқасының үміткердің бағдарламасын бағалау тәртібі
5-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы төралқасының үміткердің бағдарламасын бағалау тәртібі
Тармақ 31
31. Академия төралқасы үміткердің бағдарламасын бағалауды оның өзектілігін, жаңашылдық деңгейін (оның ішінде жоспарланатын зерттеулер мен әзірлемелерді), тиімділігін (ұлттық даму мақсаттарына қол жеткізуге және ғылыми-технологиялық даму басымдықтарын іске асыруға қосқан үлесі бөлігінде), нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді және бағдарламаның ресурстық қамтамасыз етілуін, шекті деңгейін Академия төралқасы айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
Тармақ 32
32. Сараптама комиссиясының хаттамасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Академия төралқасының отырысы ұйымдастырылады, онда үміткерлердің бағдарламасын қорғау жүргізіледі.
Үміткерлердің бағдарламасын қорғау Академия төралқасының отырысында жүргізіледі.
Үміткер келмеген жағдайда бағдарлама қабылданбайды, ол туралы ұйымға 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.
Үміткердің бағдарламасын қорғауды өткізу кестесін Академия төралқасы бекітеді және Академияның корпоративтік веб-ресурсында Академия төралқасының отырысы басталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын орналастырылады.
Тармақ 33
33. Үміткердің бағдарламасын бағалау нәтижесі қорытынды балдарының орташа сомасынан құралады және Академия төралқасының шешімімен бекітіледі.
Тармақ 34
34. Бағдарлама қарапайым көпшілік дауыс пен ең көп дауыс алған болса, үміткер бағдарламасын бағалау нәтижелеріне қол жеткізілді деп саналады.
Тармақ 35
35. Егер бағдарлама көпшілік дауыс алмаса және оған осы Қағидалардың 31-тармағында белгіленген шекті мәннен төмен баға қойылса, үміткердің бағдарламасын бағалау нәтижелері қол жетімсіз болып саналады.
Егер үміткердің бағдарламасын бағалау нәтижелері қолжетімсіз деп танылса, оның өтінімі қабылданбайды және ол келесі кезеңге жіберілмейді.
Академия жоғарыда көрсетілген нәтижеге сәйкес ұйымға тиісті хабарламаны 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
Тармақ 6. 6-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау тәртібі
6-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау тәртібі
Тармақ 36
36. Академия академиктеріне сайлау Академия академиктерінің жалпы санының кемінде үштен екісі кворумы болған кезде жалпы жиналыстың отырысында жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Жалпы жиналыс келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) Академияның нақты академик мүшесін сайлау;
Тармақша 2
2) Академия академигі болып сайлануға үміткерді қабылдамау.
Тармақ 38
38. Егер конкурс нәтижесінде жалпы жиналыс Академияның академигі болып сайлануға кандидаттарды анықтамаса, конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда;
Тармақша 2
2) егер үміткер сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес шекті балл жинамаса және (немесе) бағдарламаны барынша бағалаумен бағалаудың қол жеткізуге болатын нәтижелерін алмаса;
Тармақша 3
3) үміткерге жалпы жиналысқа қатысқан академиктердің жалпы санының үштен екісінен азы дауыс берсе.
Тармақ 39
39. Академияның нақты мүшесі болып – бағдарламаны қорғау нәтижелері бойынша бағалаудың ең жоғары көрсеткішін алған және жалпы жиналысқа қатысқан академиктердің жалпы санының кемінде үштен екісі дауыс берген сараптамалық комиссияның қорытындысына сәйкес ең көп балл жинаған үміткер саналады.
Тармақ 40
40. Академия академигі болып сайлануға қабылданбаған үміткер деп Жалпы жиналысқа қатысқан академиктердің жалпы санының үштен екісінен аспайтын дауыс берген үміткер танылады.
Тармақ 41
41. Жалпы жиналыс отырысында балдарды есептеуді жалпы жиналыс қалыптастыратын және 3 (үш) адамнан тұратын есеп комиссиясы жүргізеді.
Тармақ 42
42. Есеп комиссиясына Академияның төралқасы мен атқарушы органының мүшелері кірмейді.
Тармақ 43
43. Академияның нақты – академик мүшелері олардың мәртебесін куәландыратын куәлік пен төсбелгілер алады.
Тармақ 44
44. Академия мүшелері Академия бөлімшелерінің бірінде тұрады.
Тармақ 45
45. Академия мүшелерінің басты мақсаты ғылымды жаңа біліммен және жетістіктермен байыту болып табылады.
Тармақ 46
46. Сайланған академиктер ғылымды байыту және білімді тарату мақсатында ғылыми бағыт бойынша кеңес береді және Академия жүргізетін Академия академиктерінің тізіліміне енгізіледі, онда ғылыми еңбек, еңбек өтілі, электрондық мекенжай туралы ақпарат қамтылады.
Тармақ 47
47. Академия төралқасының шешімі бойынша зейнеткерлік жасқа толған және мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін:
Тармақша 1
1) ғылыми қоғамдастық мойындаған ғылымның тиісті саласында ұлттық және (немесе) халықаралық деңгейдегі ғылыми жетістіктері бар;
Тармақша 2
2) отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан және оны әлемдік аналогтар деңгейінде байытқан;
Тармақша 3
3) ғылыми қоғамдастықта, оның ішінде шетелде белгілі жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау мектебі бар;
Тармақша 4
4) ғылыми ұйымдарда және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға үлес қосқан Академияның толық мүшелері-академиктер Академияның құрметті академигі атағын алады.
Тармақ 48
48. Академия төралқасының ұсынысы бойынша «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің нақты мүшелері (академиктері) Академияның жалпы жиналысының шешімімен Академияның құрметті академигі болып сайланады және оларға құрметті академик атағы беріледі.
Тармақ 49
49. Академияның құрметті академигі атағын беру адамның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі саласындағы еңбегін, қабілеттерін, бастамашылығы мен жауапкершілігін мойындаудың көрінісі болып табылады.
Тармақ 50
50. «Құрметті академик» атағы өмір бойына беріледі.
Тармақ 51
51. Осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес Академияның құрметті академигі атағы берілген адамдар Академия төралқасының шақыруы бойынша Академиктердің жалпы жиналысының отырыстарына қатысады.
Басқа 1.1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясының
академиктерін сайлау
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясы
Ілеспе хат
«________________________________________________________________»
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, ғылыми ұйымның немесе жоғары және
(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының толық атауы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі болып
сайлануға қатысуға мынадай ғылыми бағыт бойынша
________________________________________ «Ғылым және технологиялық
саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ғылыми
бағыттардың сыныптауышына сәйкес __________________________________ (тегі,
аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) азаматтың құжаттарын қарау туралы өтініш
Осы хатпен «___________________________________________________»
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, ғылыми ұйымның немесе жоғары және
(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының толық атауы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау
қағидалары мен өлшемшарттарының барлық талаптарына үміткер
__________________________________________________________сәйкестігін растайды.
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Қосымша: парақта.
Ұйымның бірінші басшысы Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Басқа 1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы академиясының академигі
болып сайлануға арналған конкурсқа қатысуға өтініш
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының
академиктерін сайлау
қағидаларына
2-қосымша
1-нысан
Бірінші басшыға
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете
отырып, ғылыми ұйымның немесе
жоғары және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымының толық атауы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы академиясының академигі
болып сайлануға арналған конкурсқа қатысуға өтініш
Маған _____________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайлануға арналған конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарының талаптарына өзімнің сәйкестігімді растаймын және өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
1
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, қашан және кім берді, жеке сәйкестендіру нөмірі)
2
Туған күні және жері
3
Жұмыс орны (қысқартуларсыз)
4
Ұйымның штаттық кестесіне сәйкес атқаратын лауазымның атауы (қысқартуларсыз) растайтын құжаттарды қоса отыра
5
Білімі (қай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы)
6
Ғылыми дәрежесі / атағы (атауы, қашан және кім берді)
7
Марапаттар, көтермелеулер (мемлекеттік, ведомстволық)
8
Ғылыми бағыттардың Жіктеуішіне сәйкес деңгейі мен коды көрсетілген таңдалған ғылыми бағыт
9
Таңдалған ғылыми бағыт бойынша жарияланымдар мен монографиялар саны
10
Атақтардың, наградалардың, стипендиялардың, қорғау құжатының болуы (қашан және кім тағайындалды)
11
Шет елдердің ұлттық (мемлекеттік) ғылым академияларына мүшелігінің болуы (қай кезеңнен бастап және қай деңгейде)
12
Ғылыми кеңесші және (немесе) басшы ретінде тиісті құжаттың мерзімі мен нөмірін көрсете отырып, кемінде 3 (үш) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаттары немесе ғылым докторларының даярлау тәжірибесінің болуы
13
ORCHID (ОРСИД) (ғылыми авторларды сәйкестендірудің әріптік-цифрлық коды)
14
Researcherid (Рисечерайди) (Web of Science (Веб оф Сайнс) базасындағы ғалымның идентификаторы базасындағы ғалымның идентификаторы)
15
Author ID (Автор айди) (Scopus (Скопус) базасындағы автордың бірегей нөмірі)
16
Толтыру датасына Scopus (Скопус) Хирш Индексі
17
Толтыру датасына Web of Science (Веб оф Сайнс) Хирш Индексі
18
Электрондық мекенжайы
19
Тіркелген мекенжайы және тұрғылықты мекенжайы
20
Байланыс телефоны (үй, ұялы)
Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
____________________________________________________________
(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы, күні)
2-нысан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясы
Өтініш
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес мен,
_________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
Қазақстан Республикасының азаматы, жеке
куәлік___________________________ (жеке басын куәландыратын құжаттың
нөмірі, берілген күні және кіммен берілген), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан
әрі – ЖСН)__________________________________________________________,
________________________________________(нақты тұрғылықты мекенжайы),
_____________________________________ (тіркеу орнының мекенжайы),
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академияға (бұдан әрі – Академия) және
үшінші тұлғаларға, яғни қазіргі уақытта да, болашақта да академияның менің
(мен туралы) дербес деректерімді жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі мән-
жайлармен немесе құқықтық қатынастармен, осы келісіммен регламенттелген
мақсаттарда және дереккөздерде заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен
жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге байланысты, оның ішінде
Академияның қалауы бойынша Академияда бұрыннан бар немесе болашақта
туындайтын кез келген еңбек, азаматтық-құқықтық және (немесе) құқықтық
қатынастардың, менің (мен туралы) дербес деректерімде, сондай-ақ
қолданыстағы заңнамаға сәйкес болашақта оларда болып жатқан электрондық,
қағаз және (немесе) материалдық жеткізгіште тіркелген өзгерістер және (немесе)
толықтырулардың туындауына байланысты тұлғаларға келісім беремін.
Академия академигі болып сайлануға арналған конкурсқа қатысу кезеңі
ішінде Академияға тиісті растайтын құжаттарды ұсына отырып, менің (мен
туралы) дербес деректерімнің кез келген өзгерістері және (немесе)
толықтырулары туралы Академияға жазбаша хабарлауға міндеттенемін.
Академия үміткердің дербес деректерін жинауды, өңдеуді және
трансшекаралық беруді мынадай мақсаттар үшін жүзеге асырады:
1) Академияны ішкі бақылау және есепке алу үшін, сондай-ақ үміткердің
және Академияның өз міндеттемелерін, оның ішінде тиісті конкурстар (шарттар,
келісімдер) бойынша тиісінше орындауын бақылау және растау үшін;
2) Академияның құқықтарын қорғаудың сот және соттан тыс нысаны үшін:
тиісті мәмілелер (шарттар, келісімдер) бойынша міндеттемелер бұзылған
жағдайда;
үшінші тұлғалармен даулы жағдайларды қоса алғанда, даулы жағдайлар
туындаған жағдайда;
3) бұқаралық ақпарат құралдарында және жалпыға қолжетімді
дереккөздерде деректерді орналастыру үшін жүзеге асырады.
Осы келісіммен:
1) осы келісім Академиямен барлық қатынастарға, оның ішінде осы келісім
берілген кезде қалыптасқан және (немесе) туындайтын, оның ішінде болашақта
туындайтын қатынастарға қолданылатынын;
2) осы келісіммен Академияға үшінші тұлғалардың менің дербес
деректеріме қол жеткізу шарттарын дербес айқындауын; заңнамаға сәйкес дербес
деректердің жалпыға қолжетімді көздерінде дербес деректерді таратуын;
3) Академия дербес деректерді жинау, өңдеу және трансшекаралық беру
кезінде үміткердің хабарламасын талап етпейтінін;
4) осы келісім Академияда үміткердің дербес деректерін жинауға, өңдеуге
және трансшекаралық беруге қажетті өкілеттіктердің бар екендігінің дәлелі
ретінде үшінші тұлғаларға берілетінін;
5) осы келісім Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттелген
жағдайларда жазбаша нысанда ресімделген тиісті өтініштің негізінде кері
қайтарылатынын, ол академияға осы келісім кері қайтарылған күнге дейін
кемінде 15 (он бес) жұмыс күні бұрын жіберілетінін.
Бұл ретте, осы келісім Заңда көзделген жағдайларда, сондай-ақ Академия
алдында мен орындамаған міндеттемелер болған кезде кері қайтарылмайтынын;
6) егер мен және академия арасында жасалған тиісті шартта немесе
мәмілелерде Академияның дербес деректерді ашық байланыс арналары арқылы
беруі көзделген немесе көзделсе, мен оларды үшінші тұлғалардың рұқсатсыз алу
тәуекелін түсінемін және осындай тәуекелді өзіме қабылдаймын;
7) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс ақпараты
(телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы), портреттік бейнесі
(фотосуреті) бар дербес деректер жалпыға қолжетімді, яғни оларға қол жеткізу
еркін болып табылатынын;
8) Академия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
жағдайларда үміткердің келісімінсіз дербес деректерді жинауды, өңдеуді және
трансшекаралық беруді жүргізетінін;
9) дербес деректерді жинау, өңдеу тізбесі мен тәртібін белгілейтін
Академия актілерімен танысқанымды және осындай тәртіппен келісетінімді;
10) Академия заң талаптарын және (немесе) осы келісімде қол жеткізген
шарттарды сақтаған жағдайда, болашақта менің (мен туралы) дербес
деректерімді жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге қатысты
Академияға қандай да бір наразылықтарым болмайтынын растаймын.
Осы келісімнің мәтінін мен толық түсінемін, толықтырулар, ескертулер
мен қарсылықтар жоқ.
_______________________ _________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (күні, қолы)
Анықтама: әр парақ үміткердің қолымен расталады
Басқа 1.3
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының
академиктерін сайлау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
ҮМІТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК ПРЕТЕНДЕНТА
I. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР
ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Фото 3х4
____________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) /фамилия, имя, отчество (при наличии)
__________________________________________
(жұмыс орны, лауазымы, / место работы, должность)
___________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/ индивидуальный идентификационный номер)
Туылған күні (күнi, айы, жылы) / Дата рождения (число, месяц, год)
Меняли ли фамилию/имя/отчество с указанием предыдщуего, номера и даты соответствующего решения
Туылған жерi/Место рождения
Ұлты/Национальность *
Семейное положение
Бiлiмi/Образование
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орныан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірген жылы/ Год окончания организации высшего и (или) послевузовского образования
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi/ Квалификация по специальности
Оқу орнын атауы/ Наименование учебного заведения
Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы/ Ученая степень, ученое звание
Наименование ученой степени/ ученого звания
Когда и кем присуждена с указанием номера и даты решения
Шет тiлдерiн бiлуi/ Владение иностранными языками
Дипломатиялық дәрежесi/ Дипломатический ранг
Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi/ Воинское, специальное звание, классный чин
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары/ Государственные награды, почетные звания
Тәртiптiк жазалар туралы мәлiмет/ Сведения о дисциплинарных взысканиях
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жазалар қолданылғаны туралы мәлiмет/ Сведения о дисциплинарных взысканиях за совершение коррупционного правонарушения
Аттестациядан өткен күнi және нәтижелерi/ Дата и результаты аттестации
Қайта даярлау (қайта мамандану) және біліктілігін арттыру курстарынан өткен күні/
Дата прохождения курсов переподготовки (переквалификации) и повышения квалификации
Шет елдердің ұлттық (мемлекеттік) Ғылым Академияларына мүшелігінің болуы/ Наличие членства в национальных (государственных) академиях наук зарубежных стран
II. ЕҢБЕК ЖОЛЫ
ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата
Лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жерi / Должность, место работы, местонахождение организации
№ и дата документа о приеме на работу
№ и дата документа об освобождении от должности
қабылданған/ приема
босатылған/ увольнения
Тармақ iii
III. ҒЫЛЫМ ЖОЛЫ
НАУЧНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Наградалар/ Награды
Атауы/Наименование
Құжаттың нөмірі мен күні /
Номер и дата документа
Гранттар/ Гранты
Атауы, іске асыру мерзімі, кім берді
Наименование, срок реализации, кем присуждены
Берілген құжаттың нөмірі мен күні
Номер и дата документа о присуждении
Жетістіктер/ Достижения
Атауы, кім берді
Наименование, кем присуждено
Берілген құжаттың нөмірі мен күні
Номер и дата документа о присуждении
Жарияланған жұмыстар/ Опубликованные работы
Ғылыми тағылымдамалар/ Научные стажировки
Оқытушылық қызмет тәжірибесі/ Опыт преподавательской деятельности
Зерттеу қызметінің тәжірибесі/ Опыт исследовательской деятельности
_______________________________________ (лауазымы/должность)
_______________________________________ (Тегі, аты және әкесінің аты
(болған жағдайда) / Фамилия, имя и отчество (при его наличии)
Қолы __________________ _______ жыл «__» _____________ айы
Подпись________________ «__» ____________месяц ________год
Басқа 1.4. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне сайлануға үміткердің бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының
академиктерін сайлау
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне сайлануға үміткердің бағдарламасы
Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне сайлануға үміткердің бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері сайланған жағдайда үміткердің өткізуі болжанатын 5 (бес) жылдық кезеңге арналған іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы мен тізбесін қамтиды.
Әрбір іс-шара бойынша үміткердің іс-қимыл жоспарын, аяқталу нысанын және оны іске асыру мерзімін көрсету қажет.
Бағдарлама мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
Тармақ 1
1. Бағдарламаның жалпы тұжырымдамасы (750 (жеті жүз елу) сөзден аспайды).
Тармақша 1
1) Кіріспе бөлім (200 (екі жүз) сөзден аспайды).
Бағдарлама идеясының қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.
Тармақша 2
2) Бағдарламаның мақсаты (50 (елу) сөзден аспайды).
Мақсат қысқаша және нақты баяндалады, бағдарлама тақырыбына және бағдарлама әзірленген стратегиялық міндетке сәйкес, қол жеткізуге болатын болуы және бағдарламаны іске асыру нәтижесінде күтілетін шешімнің сипатын көрсетеді.
Тармақша 3
3) Бағдарламаның міндеттері (500 (бес жүз) сөзден аспайды).
Бұл бөлімде логикалық өзара байланысты, дәйекті тапсырмалар арқылы бағдарламаның мақсатына жету жолы сипатталған.
Қойылған міндеттердің тізбесі:
Тармақша 1
1) міндеттерді шешудің өлшенетін көрсеткіштерімен;
Тармақша 2
2) бағдарламаның мақсатына жетудегі міндеттердің әрқайсысының рөлін және міндеттермен және бағдарламаның күтілетін нәтижелерімен өзара байланысын қысқаша негіздеумен;
Тармақша 3
3) үміткердің пікірінше маңызды параметрлермен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Бағдарламаның ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы (2000 (екі мың) сөзден аспайды).
Бөлім келесі ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) бағдарламаны әзірлеуге ғылыми негіздеме, бағдарлама тақырыбына қатысты әлемде және Қазақстан Республикасында жүргізілген алдыңғы ғылыми зерттеулерге міндетті шолу жасай отырып, ғылыми жаңалықтың негіздемесі және олардың осы бағдарламамен өзара байланысы (шолуда пайдаланылған әдебиетке сілтемелер көрсетіледі, оның толық транскрипциясы «Библиография» бөлімінде ұсынылады), (болған жағдайда бағдарламаның тақырыбына қатысты алдын ала нәтижелер және (немесе) үміткер бұрын алған нәтижелер көрсетіледі);
Тармақша 2
2) бағдарламаның өзі шешілетін стратегиялық маңызды мемлекеттік міндетке сәйкестігі, нәтижелердің стратегиялық маңызды мемлекеттік міндетті шешу үшін қолданылуы, бағдарламаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңыздылығы, күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологиялардың дамуына әсері, күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер;
Тармақша 3
3) бағдарлама нәтижелерінің маңыздылығын негіздейтін ғылыми және технологиялық мұқтаждықтар (бар болса, әлеуметтік сұранысты және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделілікті, растайтын деректерді қоса алғанда);
Тармақша 4
4) бағдарламаның күтілетін нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігі, оларды Қазақстан Республикасында және әлемде бар белгілі аналогтармен салыстыру, әлемде ұқсас міндеттерді шешу тәжірибесі, оны бағдарлама шеңберінде қолдану;
Тармақша 5
5) бағдарлама идеясының қолданыстағы аналогтардан немесе бәсекелес идеялардан түбегейлі айырмашылықтары. Егер зерттеу идеясы немесе нәтижесі әлемде және (немесе) Қазақстанда бұрыннан бар болса, бағдарламаға инвестициялар неге әлі де тиімді екенін негіздеу қажет;
Тармақша 6
6) бағдарламаның түпкілікті нәтижелерінің бірі өнім болып табылса, қазіргі уақытта бағдарламаның пәндік саласында қалыптасқан техника деңгейін сипатталады;
Тармақша 7
7) егер бағдарлама үміткер бұрын жүргізген ғылыми зерттеулердің жалғасы болып табылса немесе бұрын қаржыландырылған және аяқталған ғылыми зерттеулердің элементтерін қамтыса, бағдарламаның бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулермен өзара байланысын және оның олардан айырмашылығын нақты баяндау қажет.
Тармақ 3
3. Зерттеу әдістері және әдеп мәселелері (1500 (мың бес жүз) сөзден аспайды).
Бөлім келесі ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) бағдарламаның негізгі ғылыми мәселелері мен гипотезаларының сипаттамасы, зерттеу стратегиясы мен тәсілдерінің негіздемесі, бағдарламада қолданылатын зерттеу түрлері (сипаттамалық, корреляциялық және/немесе эксперименттік), зерттеу жүргізудің кезектілігі;
Тармақша 2
2) ең маңызды эксперименттердің қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 3
3) бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерінің негіздемесі ретінде пайдаланылатын зерттеу әдістерінің сипаттамасы, олардың бағдарлама мақсаттары мен міндеттерімен өзара, бір-бірімен байланысы;
Тармақша 4
4) алғашқы (бастапқы) ақпаратты жинау әдістері, оның көздері және бағдарламаның міндеттерін шешу үшін қолданылуы, деректерді өңдеу тәсілдері, сондай-ақ олардың дұрыстығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз етуі;
Тармақша 5
5) зияткерлік меншік құқықтарын ресімдеу және зерттеу нәтижелеріне бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай әдісі таңдалатынын көрсету, таңдауды негіздеу қажет).
Тармақ 4
4. Зерттеу (көпсалалы) тобы және бағдарламаны басқару.
Бағдарламаны басқару схемасы, зерттеу тобының құрамы, оның ішінде орындаушылар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі, олардың жұмысын үйлестіру және бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау тәсілдері сипатталады.
Тармақ 5
5. Зерттеу ортасы (1000 (мың) сөзден аспайды).
Бөлім келесі ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) әрбір орындаушының бағдарламаның мақсатына қол жеткізуге қосқан үлесін және олардың рөлін негізге ала отырып, бағдарламаға қатысуының негіздемесі (бағдарламаны орындаушылар бүкіл кезең ішінде бағдарламаны іске асыруға қатысатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып саналады);
Тармақша 2
2) әрбір ұйымды тарту қажеттілігі негізделе отырып, оның бағдарламадағы рөлін, орындалатын жұмыстың сипатын және мақсатын, күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге қосқан үлесін сипаттай отырып, бөгде ұйымдарды бағдарламаны іске асыруға тарту;
Тармақша 3
3) бағдарламаны іске асыру үшін тікелей пайдаланылатын, оны пайдалану бағытын және ғылыми-зерттеу жабдықтарымен жұмыс істеу дағдылары бар зерттеу тобының мүшелерін көрсете отырып, орындаушыларда бар материалдық-техникалық базаның (жабдық, аспаптар, мүкәммал, көлік, ғимараттар, құрылыстар және т. б.) сипаттамасы;
Тармақша 4
4) бағдарламаны іске асыру үшін пайдаланылатын негізгі отандық және халықаралық байланыстар (коллабораторлар мен әріптестер), оларды пайдаланудың сипаты мен негіздемесі көрсетіле отырып, отандық және шетелдік ұйымдардың (зертханалардың) инфрақұрылымын негіздемемен пайдалану;
Тармақша 5
5) ұтқырлықтың негіздемесі: (1) ғылыми іссапарлар және олардың бағдарламаны іске асыруға әсері, (2) әріптес ұйымдар базасындағы жұмыс кезеңдері және олардың бағдарламаны іске асыруға әсері. Әрбір шетелдік іссапар үшін іссапардың мақсаты, күтілетін нәтижесі және орындаушының бағдарлама мақсатына қол жеткізуге қосқан үлесі қысқаша көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Сұралған қаржыландырудың негіздемесі (2000 (екі мың) сөзден аспайды).
Бөлім келесі ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) бағдарлама бойынша жиынтық есеп (бюджет).
Тармақша 2
2) бағдарламаның мақсатына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу үшін олардың қажеттілігін міндетті негіздей отырып, шығыстардың әрбір бабының мазмұны мен шамасын есептеуге қысқаша түсініктемелер.
Тармақ 7
7. Бағдарламаны іске асыру жоспары (750 (жеті жүз елу) сөзден аспайды).
Бөлім бағдарламаның әр жылы бөлінісінде бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмыстардың егжей-тегжейлі, дәйекті жоспарын қамтиды.
Тармақ 8
8. Бағдарламаның күтілетін нәтижелері (1000 (мың) сөзден аспайды).
Күтілетін нәтижелер, стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттің барлық аспектілеріне ықпал етуді көздейтін кешенді шешімді қамтамасыз етуге тиіс.
Бағдарламаның нәтижелері сандық және сапалық сипаттамалары мен іске асыру нысаны көрсетіле отырып сипатталады. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нәтиженің негіздемесі келтіріледі.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) бағдарламаның бағыты (бағыттары) бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша Q1-Q2 журналдарында кемінде 3 (үш) мақала жариялау;
Тармақша 2
2) шетелдік және (немесе) Қазақстандық баспалардың кітаптарында кемінде 1 (бір) монографияны, кітаптарды және (немесе) тарауларды жариялау;
Тармақша 3
3) қазақстандық және шетелдік патенттік бюроларда өтінім беру және/немесе патенттер алу;
Тармақша 4
4) ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;
Тармақша 5
5) бағдарлама нәтижелерін пилоттық енгізу және (немесе) бағдарламаны іске асыру кезінде алынған білім мен нәтижелерді әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қауымдастығы және қалың жұртшылық арасында тарату жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 6
6) үміткердің тікелей басшылығымен кемінде 1 (бір) көпсалалы зерттеу тобының қызметі;
Тармақша 7
7) кемінде 2 (екі) отандық ғылыми кадрларды (PhD философия докторларын, бейіні бойынша докторларды және (немесе) ғылым кандидаттарын немесе ғылым докторларын) даярлау;
Тармақша 8
8) ғылым мен техниканың түрлі салаларында кемінде 3 (үш) ғылыми зерттеулер жүргізу;
Тармақша 9
9) ғылымды танымал етуге қатысу (оның ішінде теледидарда және (немесе) радиохабарларда кемінде 5 (бес) сұхбат, ғылыми-танымал мақалалар, республикалық деңгейдегі баспа бұқаралық ақпарат құралдарында кемінде 5 (бес) мақала (жарияланымдар) жариялау, кемінде 5 (бес) ғылыми-танымал дәрістер оқу жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында аудиторияны кеңінен қамти отырып, интернет-ресурстарда кемінде 5 (бес) бейнематериал (бейнеәдістер, фильмдер, репортаждар, бейне-подкасттар) құру және орналастыру;
Тармақша 10
10) бағдарламаның ерекшеліктеріне сәйкес өлшенетін нәтижелер. Бөлімде қосымша көрсетіледі:
қолдану саласы, нысаналы тұтынушылар, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік және (немесе) стратегиялық маңызды мемлекеттік міндетке сәйкес күтілетін нәтижелердің әрқайсысының әсері, оны шешу үшін негіздемесі бар бағдарлама;
күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологияның негізгі ғылыми бағыты мен сабақтас салаларының дамуына әсері;
алынған ғылыми нәтижелердің қолданылуы және (немесе) коммерцияландыру мүмкіндігі.
бағдарламаның сапалық және сандық сипаттамаларын көрсете отыра тікелей және жанама нәтижелері.
Тармақ 9
9. Библиография
Бөлімде басылымдар, пайдаланылған әдебитеттер және сілтемелер толық таратып жазылады.
Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шыққан жылы, бет нөмірлері, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының аты-жөні болады.
________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), күні және қолы
Басқа 1.5
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының
академиктерін сайлау
қағидаларына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
болып сайлануға үміткер бойынша сараптама комиссиясының
қорытындысы
____________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі )
________________________________________
(ғылыми бағыттың атауы)
№
Көрсеткіштің атауы
1-параметр
2-параметр
Балдардың жалпы жиыны (3 баған+4 баған)
1
2
3
4
5
1
Үміткерде ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағының болуы
1 (бір) мемлекеттік сыйлық болса 2 (екі) балға дейін беріледі
2 (екі) және одан да көп мемлекеттік сыйлық болса
5 (бес) балға дейін беріледі
2
Үміткерде ғылым және техника саласындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты атағының болуы
1 (бір) халықаралық сыйлық болса 2 (екі) балға дейін беріледі
2 (екі) және одан да көп халықаралық сыйлық болса
5 (бес) балға дейін беріледі
3
Үміткерде ғылым және техника саласындағы мемлекеттік стипендиялардың лауреаты атағының болуы
1 (бір) мемлекеттік стипендия болса 2 (екі) балға дейін беріледі
2 (екі) және одан да көп мемлекеттік стипендиялар болса
5 (бес) балға дейін беріледі
4
Үміткерде ғылым және техника саласындағы халықаралық стипендиялардың лауреаты атағының болуы
1 (бір) халықаралық стипендия болса 2 (екі) балға дейін беріледі
2 (екі) және одан да көп халықаралық стипендиялар болса
5 (бес) балға дейін беріледі
5
Үміткердің шет елдерде ұлттық (мемлекеттік) ғылым академияларына мүшелігінің болуы
1 (бір) ұлттық немесе мемлекеттік ғылым академияларына мүшелігі болса 2 (екі) балға дейін беріледі
2 (екі) және одан да көп академияларда мүшелігі болса
3 (үш) балға дейін беріледі
6
Ғылыми кеңесші және (немесе) басшы ретінде кемінде 3 (үш) философия докторын (PhD), бейіні бойынша докторларды, ғылым кандидаттарын немесе ғылым докторларын даярлау тәжірибесі
3 (үш) философия докторын (PhD), бейіні бойынша докторларды, ғылым кандидаттарын немесе ғылым докторларын даярлаған болса 2 (екі) балға дейін беріледі
3 (үш) және одан көп философия докторын (PhD), бейіні бойынша докторларды, ғылым кандидаттарын немесе ғылым докторларын даярлаған болса
5 (бес) балға дейін беріледі
7
Үміткерде Қазақстан Республикасының қорғау құжатының және Еуразиялық патенттік агенттіктің өнертабысқа, пайдалы модельге, селекциялық жетістікке, интегралдық микросхемалар топологиясына болуы
Патенттер болған жағдайда (гуманитарлық ғылымдар үшін – зияткерлік меншік объектісіне қорғау құжатының болуы) 2 (екі) бал беріледі
Патенттерді пайдалануға лицензиялық шарттар болған жағдайда (гуманитарлық ғылымдар үшін – ғылым, әдебиет және өнер туындыларын пайдалану туралы, зияткерлік меншік объектілерінің қорғау құ жаттарына авторлық шарт)
5 (бес) бал беріледі
8
Үміткердің жаһандық инновациялар индексінің өзекті рейтингінде көшбасшы орын алатын 30 (отыз) елдің бірінің өнертабысқа, пайдалы модельге, селекциялық жетістікке немесе интегралдық микросхемалар топологиясына қорғау құжатының болуы (гуманитарлық ғылымдар үшін зияткерлік меншік объектісіне қорғау құжатының болуы);
Патент болған жағдайда (гуманитарлық ғылымдар үшін зияткерлік меншік объектісіне қорғау құжатының болуы) 3 (үш) бал беріледі
Патенттерді пайдалануға лицензиялық шарттар болған жағдайда (гуманитарлық ғылымдар үшін – ғылым, әдебиет және өнер туындыларын пайдалану туралы, зияткерлік меншік объектілерінің қорғау құжаттарына авторлық шарт)
5 (бес) бал беріледі
9**
Үміткерде конструкторлық және (немесе) технологиялық құжаттаманың болуы
Ұлтттық деңгейде (Қазақстан Республикасы) конструкторлық және (немесе) технологиялық құжаттаманың болған жағдайда 2 (екі) бал беріледі
Халықаралық деңгейде конструкторлық және (немесе) технологиялық құжаттаманың болған жағдайда
5 (бес) бал беріледі
10**
Үміткерде толық ғылыми цикл жобасының болуы
Ғылыми мазмұны бар өнімдер (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) болған жағдайда 3 (үш) бал беріледі
Ғылыми мазмұны бар өнімдер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өндірілетін және өткізілетін болған жағдайда
10 (он) бал беріледі
Балдардың жиыны
«Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақтау» және «Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары» ғылыми бағыттары бойынша
22
58
80
«Әлеуметтік ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар және өнер», «Әскери ғылымдар және Ұлттық қауіпсіздік» ғылыми бағыттары бойынша
17
43
60
Барлығы:
* Жаһандық инновациялар индексінің өзекті рейтингінде көшбасшы орындарға ие елдердің тізбесі конкурс жарияланған күні айқындалады.
** Бұл көрсеткіштер үміткерлерді «Әлеуметтік ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар және өнер», «Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік» ғылыми бағыттары бойынша бағалау кезінде ескерілмейді.
Сараптама комиссиясының төрағасы ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Сараптама комиссиясының хатшысы ___________________ Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Қорытындыға қол қойған күні және орны
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 457 Бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау өлшемшарттары
Тармақ 1
1. Үміткерлерге қойылатын өлшемшарттар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
Тармақша 2
2) соттылықтың болмауы;
Тармақша 3
3) Заңға сәйкес «ғылым кандидаты», «ғылым докторы» немесе «философия докторы (PhD) дәрежесі», «бейіні бойынша доктор» және «қауымдастырылған профессор», «профессор» ғылыми атағының болуы;
Тармақша 4
4) үміткерде ғылыми-техникалық қызмет субъектісі аккредиттелген ғылыми ұйымда немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында (бұдан әрі – ұйым), штаттық кестеге сәйкес толық ставкада қызмет атқаратын және еңбек шарты бойынша өз міндеттерін іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктері мен функцияларын жүзеге асыратын, ұйымдарда кемінде 10 (он) жыл еңбек өтілінің болуы;
Тармақша 5
5) соңғы 10 (он) жылда:
«Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақтау» және «Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары» ғылыми бағыттары бойынша халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған және импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) және (немесе) 2 (екінші) квартильге кіретін жарияланған жылдағы жағдай бойынша кемінде 10 (он) жарияланымның;
«Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік» ғылыми бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда жарияланған кемінде 10 (он) мақала мен шолулардың болуы;
«Әлеуметтік ғылымдар» және «Гуманитарлық ғылымдар және өнер» ғылыми бағыттары бойынша:
халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда және (немесе) Scopus (Скопус) Дерекқорында жарияланған жылы citescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын журналдарда және (немесе) сенімді баспалар жариялаған монографияларда және (немесе) кітаптарда тарауларда кемінде 4 (төрт) жарияланымның;
ұйымның алқалы органы ұсынған кемінде 1 (бір) монографияның (үміткердің үлесі кемінде 6 (алты) баспа парағы) болуы болып табылады.
Монографиялар мен кітаптарға конференция, сессиялар, семинарлар және өзге де іс-шаралар материалдары бар жинақтар жатпайды.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 457 Бұйрыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 223 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31561 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 599 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33678 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 118 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34220 болып тіркелген).