Об утверждении регламента Ерейментауского районного Маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Ерейментау аудандық Мәслихатының регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес Ерейментау аудандық Мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Ерейментау аудандық Мәслихатының регламенті бекітілсін. (қоса ұсынылып отыр).
Тармақ 2
2. Бұл шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Ерейментау аудандық Мәслихатының
2004 жылдың 18 мамырындағы
«Ерейментау аудандық Мәслихатының
регламентін бекіту туралы»
№ С-6/7 шешімімен бекітілген
Ерейментау аудандық Мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Тарау 1. 1. Бөлімі
1. Бөлімі
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 85 және 86 баптарына сәйкес аудан аумағында жергілікті маңызы бар мәселелердің шешілуі төрт жылдық мерзімге сайланатын аудандық Мәслихат жүзеге асырады.
Аудандық Мәслихат Қазақстан Республикасы Конституциясының, Зандарының, Президент пен Үкімет актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Аудандық Мәслихаттың біліктілік, оның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі депутаттардың саны мен құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңға сәйкес және осы регламент бойынша белгіленеді.
Тармақ 2
2. Аудандық Мәслихаттың қызметі мәселелерді ұжымдық түрде еркін талқылауға, жариялығына, мәслихат құрған ұйымдардың, ол сайланған немесе тағайындаған лауазымды адамдардың аудандық Мәслихат алдында жауапкершілігі мен есеп берушілігіне, зандылығына, аудандық мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға азаматтарды кеңінен тартуға, қоғамдық пікірмен санасып отыруға негізделген.
Тармақ 3
3. Аудандық Мәслихат өз депутатына «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, осы Регламент және басқа актілер құқықтар мен жүктелген міндеттерді кедергісіз және тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасайды.
Тармақ 4
4. Мәслихаттың және оның комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету үшін аудандық Мәслихат өз аппаратын құрып, оның құрылымын, штатын, аудандық Мәслихатты материалдық-техникалық қамтамасыз ету және еңбекақы төлеу жөніндегі шығындар сметасын бекітеді. Аудандық Мәслихат аппаратының жұмысы әкім бекіткен ереже негізінде жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлімі
2. Бөлімі
1 тарау
Аудандық Мәслихаттың сессиялары
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңға сәйкес жаңадан сайланған Мәслихаттың бірінші сессиясын осы Мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, аудандық Мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Аудандық Мәслихаттың бірінші сессиясын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және аудандық Мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Әріғарай сессияны аудандық Мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Екінші және одан кейінгі сессияларды өткен (алдыңғы) сессияда ашық дауыс беру арқылы сайланған төрағасы жүргізеді. Сессия төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін аудандық Мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
Аудандық Мәслихаттың депутаты Мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 6
6. Аудандық Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Аудан әкімі немесе оның орнын ауыстырушы аудандық Мәслихаттың және оның органдарының кез келген мәжілістерінің соның ішінде жабық мәжілістеріне қатысуға құқылы. Аудандық Мәслихат сессиясы төрағасының немесе аудандық Мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын аудандық Мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледі.
Егер аудандық Мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі аудандық Мәслихат сессиясына қатысса, ол занды болады.
Шешімдер аудандық Мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен облыстық мәслихат сессиясында қабылданады.
Тармақ 7
7. Аудандық Мәслихаттың аудандық бюджет кірістерін қысқартуда немесе аудандық бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң шешімі болған жағдайда ғана қарастырылуға енгізуі мүмкін.
Тармақ 8
8. Аудандық Мәслихаттың сессиясының төрағасы аудандық Мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды.
Мәслихаттың хатшысы аудандық Мәслихат сессиясының шақырылатын уақыты мен өткізілетін орны жайында, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы сессияға дейін он күн бұрын, ал кезектен тыс сессия өткізілген жағдайда - үш күн бұрын депутаттарға, тұрғындарға және әкімге хабар береді. Мәслихаттың хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажет етілген материалдарды депутаттар мен әкімге сессияға дейін бес күн бұрын, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда үш күннің ішінде ұсынады.
Сессия өткізілетін уақытта төралқадан сессияның төрағасынан басқа, Мәслихаттың хатшысы, ауданның әкімі немесе оны алмастырушы тұлға орын алады сондай-ақ Мәслихаттың шешімі бойынша басқа депутаттар мен ресми адамдар сайлануы мүмкін.
Тармақ 9
9. Сессияның төрағасы, тұрақты және өзге комиссиялар, депутат топтары мен депутаттар, аудан әкімі мәслихаттың қарауына мәселе енгізеді.
Жоғарғы буын билік немесе басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер сессияның күн тәртібіне енгізілетін ұсынысын сессияның төрағасына жолдай алады.
Келіп түскен ұсыныстарды сессияның күн тәртібіне енгізу туралы мәселе сессияға қатысып отырған депутаттар санының басым дауысымен ашық дауыс беру жолымен шешіледі.
Тармақ 10
10. Мәслихаттың сессиясы пленарлық мәжіліс үлгісінде өткізіледі.
Мәжілістің басталатын және аяқталатын уақытын төрағалық етушінің ұсынысы бойынша сессия белгілейді. Оның жұмысына мәслихат белгілеген, күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін.
Сессияда баяндама жасауға бір сағатқа дейінгі шекте, қосымша баяндамаға — 20 минутқа дейін уақыт беріледі. Сессияның күн тәртібінде талқыланатын мәселе бойынша жарыссөзге 10 минутқа дейід, жарыссөзде бір адамға қайта сөйлеуге, сондай-ақ шешімдердің жекелеген тармақтары талқыланғанда – 5 минутқа дейін уақыт беріледі. Үміткерлер жөнінен сөз сөйлеуге, мәжілісті өткізу тәртібі, дауыс беру ыңғайы жайында пікір қосуға, мәлімдеме, хабарлама жасауға, сұрау, сауал, ұсыныс енгізуге, анықтама жариялауға 3 минутқа дейін уақыт беріледі. Төрағалық етуші депутаттардың басым бөлігінің келісімімен сөз сөйлейтін уақытты ұзарта алады.
Сұрауға жауап беруге 10 минутқа дейін, сауалға жауап қайтаруға 5 минутқа дейін уақыт беріледі.
Тармақ 11
11. аудандық Мәслихат сессиясының жұмысы мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Жарыссөзге қатысып, сөз сөйлеуге арналған өтініш сессияның төрағалық етуші өкіліне жолданады.
Аудандық Мәслихаттың депутаты сессияда төрағалық етуші оған сөз бергеннен кейін сөйлейді.
Төрағалық етуші жарыссөзге қатысуға арналған сөзді өтініштің түсу тәртібімен береді. Сессияға төрағалық етуші қажетті жағдайда сөз сөйлеу кезектілігін өзгерте алады, мұндай өзгерістің себебі мен ыңғайын жария етеді.
Төрағалық етуші сессияны жүргізу тәртібі бойынша анықтама, сұраққа жауап және түсініктеме беру үшін кезектен тыс сөз беруі ықтимал.
Баяндамашыға сұрақтар жазбаша үлгіде жолданады немесе орнынан беріледі.
Сессия төрағасының аудандық Мәслихат хатшысының кез келген уақытта сөз алуға құқығы бар.
Тармақ 13
13. Сессияда сөз сөйлеуші өрескел және бейпіл сөзді қолданбауға тиісті. Төрағалық етушінің мұндай жағдайда жаңағыдай сөз айтуға жол берілмейтіні туралы ескерту жасауға құқығы бар.
Егер сөз сөйлеуші төрағалық етушінің рұқсатынсыз сөз алса, онда оны талқыланатын мәселені ұстануға шақыра алады.
Егер шешен соз сойлеуге берілген уақыттан асып кетсе немесе талқыланатын мәселеден тыс сөз сөйлесе, өз сөзінде өрескел әрі бейпіл сөзді қолданса, сшда төрағалық етуші оны бір мәрте ескертуден кейін сөзден айырады.
Аудан әкімінің аппараты органдарының жетекшілері, аудан аумағында орналасқан кәсіпорын, мекеме, ұйым басшылары немесе озге лауазымды түлғалары Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша аудамдык Мәслихатты жүргізуге қатысты мәселелер бойынша ақпарат ұсынуға сессияға келуге міндетті.
Тармақ 15
15. Шақырылған тұлғалардың сессияның жұмысына араласуларына құқықтары жоқ. Тәртіп сақтауға және төрағалық етушінің өкіміне бағынуға міндетті. Аудандық Мәслихаттың депутаты болып табылмайтын тұлға, тәртіпті өрескел бұзған жағдайда, сессияға төрағалық етушінің ұсынысы бойынша мәжіліс залынан шығарылуы ықтимал.
Тармақ 16
16. Жарыссөз төрағалық етушінің ұсынысы бойынша тоқтатылады: Ол сессияға қатысып отырған депутаттар санының басым даусымен ашық дауыс беру жолымен жүзеге асырылады.
Жарыссөздің доғарылуына байланысты сөз сөйлеуге мүмкіндігі болмаған депутаттардың өтініші бойынша сессияның төралқасына бергізген сөйленетін сөздің мәтіні сессия материалдарына енгізіледі.
Тармақ 17
17. Аудандық мәслихаттың сессиясында қаралатын мәселемен орайласқан шешім аудандық Мәслихат депутаттарының жалпы санының басым дауысымен қолданылады.
Жалпыға міндетті мәнге, ведомствоаралық сипатқа ие болған немесе азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне катысты аудандық Мәслихаттың шешімдері облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауға жатады. Және аудан аумағында орындауға міндетті болады.
Тармақ 18
18. Аудандық Мәслихат хатшысының қызметіне үміткерді аудандық Мәслихаттың сессиясында аудандық Мәслихаттың депутаттары ұсынады. Аудандық Мәслихаттың хатшысы депутаттар қатарынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы, аудандық Мәслихат депутаттарының жалпы санының басым даусымен сайланады. Аудандық Мәслихаттың хатшысы мәслихаттың өкілеттік мерзіміне сайланады.
Ашық дауыс беру жүргізілгенде залда дауыс санын санауды депутаттарға міндеттейді, оның құрамын сессия немесе оған төрағалық етуші белгілейді.
Төрағалық етуші ашық дауыс беру басталар алдында дауысқа салынған ұсыныстың санын көрсетеді, олардың құрамын нақтылайды.
Бір мәселе бойынша дауыс берілгенде әрбір депутат бір дауысты иеленеді. Оның ұсынылуын жақтап, оған қарсы дауыс береді, немесе дауыс беруден қалыс қалады.
Төрағалық етуші дауысты санағаннан кейін сессия дауыс беру нәтижелері бойынша депутаттардың ұсынысын қабылдау немесе оны алып тастау туралы шешімін жария етеді.
Аудандық Мәслихаттың хатшысы науқасы, өтініші бойынша немесе өзге себептерге орай өз міндеттерін орындауға қабілетсіз болғанда аудандық мәслихаттың сессиясында депутаттардың жалпы санының басым бөлігінің ашық немесе құпия даусымен қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Сессия жасырын дауыс беруді жүргізу және оның нәтижелерін анықтау мақсатында депутаттар қатарынан ашық дауыспен есеп комиссиясын сайлайды. Оған мәслихат хатшылығына сайлануға кандидатурасы ұсыньшған депутаттар кіре алмайды.
Есеп комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлап алады. Есеп комиссиясының шешімі оның мүшелерінің басым дауысымен қабылданады.
Тармақ 20
20. Бюллетень бекітілген үлгіде және белгіленген есеп комиссиясының бақылауымен өзірленеді.
Дауыс берілетін уақыт пен орынды, оның өткізілу тәртібін есеп комиссиясы белгілейді және есеп комиссиясының төрағасы жария етеді.
Депутаттарға жасырын дауыс беру бюллетеньдерді депутаттардың тізіміне сәйкес олар аудандық Мәслихат депутатының, куәлігін, төлқұжатын немесе жеке куәлігін көрсету арқылы депутаттардың тізіміне сәйкес есеп комиссиясының мүшелері береді.
Бюллетень жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылады. Өзі жақтап дауыс беретін үміткердің тегіне қарсы крест, галочка үлгісінде белгі соғады немесе «Иә» сөзін жазады.
Белгіленбеген үлгідегі, сондай-ақ депутаттық жүрек қалауы анықталмаған бюллетеньдер жарамсыз болып есептеледі.
Тармақ 21
21. Есеп комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижелері туралы хаттама толтырады, оған есеп комиссиясының барлық мүшелері қолын қояды. Есеп комиссиясының баяндауы бойынша сессия ашық дауыспен жасырын дауыс беру нәтижелерін бекітеді.
Тармақ 22
22. Мәслихат хатшысының сайлауын өткізудің келесідей тәртібі белгіленеді:
Бір кандидат ұсынылғанда Ол дауыс беруге қатысқандардың жалпы садының 50 пайыздан астам дауысын жинауға тиісті.
Екі немесе бұдан артық. кандидат ұсынылғанда Өзге кандидатпен салыстырғанда депутаттардың әлдеқалай көбірек дауысын жинаған (үміткер) кандидат сайланған болып есептеледі.
Тармақ 23. 2-тарау
23. Аудандық Мәслихаттың сессиясы, тұрақты комиссиялар мен өзге органдарының мәжілісі өткізілген кезенде, депутат депутаттық өкілеттігін атқару кезінде кызмет міндеттерін орындаудан босатылады. Оған жергілікті бюджет қаржысының есебінен негізгі жұмыс орташа айлық жалақы төлемі сақталады. Дегенмен ол көрсетілген қызметте бір жылға жуық жұмыс стажы бар аудан әкімінің аппарат жетекшісінің жалақысынан асып кетпеуге, сессия өткізілетін мерзімдегі жолда жүрген шығынын ескергенде жолсапар шығынынан аспайтын шамада болуға тиісті.
2-тарау
Аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссиялары
Тармақ 24
24. Аудандық Мәслихат «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңға сәйкес өзінің өкілеттік мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады.
Тармақ 25
25. Тұрақты комиссиялар мен олардың төрағаларын аудандық Мәслихат оның депутаттарының арасынан сайлайды.
Тұрақты комиссиялардың саны жетіден аспауға тиісті. Қажеттілік жағдайында жаңа комиссия құрылуы, бұрын құрылғандары таратылуы және ұйымдастырылуы ықтимал.
Тұрақты комиссиялардың тізбегі мен сандық құрамын аудандық Мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін оның депутаттары қатарынан аудандық Мәслихат сайлайды. Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған аудандық Мәслихаттың алдында жауапты болады, кемінде жылына бір рет өз қызметі туралы есеп беріп отырады.
Тармақ 1
1. Тұрақты комиссиялардың:
Тармақша 1
1) аудандық Мәслихатқа, сессияның төрағасына, аудандық Мәслихаттың хатшысына осы Мәслихат сесиясының күн тәртібі жөнінен, сондай-ақ аудандық Мәслихаттың сессиясында қаралатын кез келген мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) аудандық Мәслихаттың сессиясына ұсынылған және қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытынды беруге;
Тармақша 3
3) аудандық Мәслихаттың сессияларына оны жүргізуге арналған мәселелер бойынша баяндама мен қосымша баяндама ұсынуға;
Тармақша 4
4) өз құзырлығы шеңберінде Мәслихатқа жергілікті атқару органдары басшыларының есептерін де тыңдау туралы ұсыныс енгізу;
Тармақша 5
5) комиссиялардың жұмысына Мәслихаттың өзге депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік орган ұйым, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері мен азаматтарды тартуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзырлығы шеңберіндегі мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Тұрақты комиссиялардың қаулылары комиссия мүшелерінің жалпы санының басым даусымен қабылданады.
Аудандық Мәслихат хатшысының аудандық Мөслихаттың тұрақты комиссияларына мүшелікке кіруге құқығы жоқ.
Аудандық Мәслихаттың хатшысы болмаған сәтте аудандық Мәслихат сессия төрағасының шешімі бойынша оның өкілеттігін уақытша аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы атқарады.
Тармақ 26
26. Тұрақты комиссиялардың құрамына шамамен біркелкі санда аудандық Мәслихаттың депутаттары енгізіледі. Әдетте олардың белгілі бір комиссияда жұмыс істеу ынтасы мен ниеті ескеріледі.
Комиссиялардың барлық мүшелері біркелкі құқықты пайдаланады.
Тармақ 27
27. Аудандық Мәслихат тұрақты комиссиялардың құрамына олардың төрағаларының ұсынысы бойынша өзгеріс енгізуге құқылы.
Тұрақты комиссиялардың төрағаларының өкілеттігін осы тұлғалардың өтініші бойынша, сондай-ақ олардың өз міндеттерін орындауға мүмкіндік болмайтын жағдайда аудандық Мәслихат тоқтатуы ықтимал.
Тармақ 28
28. Аудандық Мәслихаттың хатшысы тұрақты комиссиялардың саны, олардың тізбегі, құрамы және комиссия төрағаларының кандидатурасы туралы ұсыныс енгізеді.
Тұрақты комиссияларды сайлағанда дауыс беру сессияның шешімі бойынша комиссияның тұтас құрамына немесе әрбір кандидатура бойынша бөлек-бөлек жүргізеді.
Тармақ 29
29. Аудандық Мәслихаттың жұмысын жүргізуге арналған, сессияларда мәселе қарауға даярлану мақсатында аудандық Мәслихаттың немесе аудандык Мәслихат хатшысының уақытша комиссия құруға құқығы бар. Уақытша комиссияның міндеттерін, өкілеттік ауқымы мен мерзімін оны құрған сәтте Мәслихат белгілейді.
Аудандық Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзырлығы шеңберіндегі мәселелер бойынша корытынды құжат әзірлейді.
Тармақ 30
30. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша аудандық Мәслихаттың шешімі негізінде жариялы тындау өткізе алады.
Жариялы тындау тұрақты комиссияның ісін жүргізуге енгізілген анйғүрлым маңызды әрі қоғамдық мәнді мөселелерді депутаттардың, атқару органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, бұқаралық ақпарат кұралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен талқылау мақсатында өткізіледі.
Тармақ 31
31. Саяси партиялардың депутат топтарын тіркеу Мәслихаттың сессиясында жүргізіледі. Саяси партиялардың депутат тобы мәслихаггың кеміңде бес депутатын біріктіруге тиісті.
Тармақ 32
32. Мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өкілеттік мерзімге тексеру комиссиясын сайлайды. Мүшелерінің санын Мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттардың арасынан сайлайды. Аудандық Мәслихаттың тексеру комиссиясынъің төрағасы өз қызметін босатылған негізде жүзеге асырады. Мәслихаттың депутаттары болып табылмайтын тұлғалар да, келісімдік негізде, тексеру комиссиясының жұмысына тартыла алады.
Тексеріс Мәслихаттың, тексеру комиссиясының немесе аудаңдық Мәслихат хатшысының шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге жағдайда жүргізілуі мүмкін. Тексеру комиссиясы тексеріс нәтижелері бойынша акт жасайды да, ол жөнінде аудаңдық Мәслихат пен аудандық әкімдікке ақпар береді. Тексеріс кемінде жылына бір рет өткізіліп тұрады.
Тармақ 33
33. Аудандық мәслихаттың хатшысы тұрақт комиссиялардың, аудандық Мәслихаттың өзге органдары мен депутат топтарының қызметін үйлестіреді, аудандық Мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Тармақ 34
34. Аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссиясы, аудандық мәслихаттың құзырлығына енетін мәселелер бойынша, төрағаға, аудандық мәслихаттың хатшысына, аудан әкіміне, ауданның аумағында орналасқан кәсіпорын, ұйым мекеме басшыларының сұраумен жолығуға құқықты.
Сұрау жазбаша немесе ауызша үлгіде аудандық Мәслихаттың сессиясына енгізіледі. Жазбаша сипатта берілген сұрау жариялануы шарт. Сұрау жолданған мемлекеттік орган, лауазымды тұлға аудандық Мәслихаттың сессиясында ол жөнінде ауызша немесе жазбаша жауап беруге міндетті. Сұрауға жауап, ол түскен уақыттан бастап, 30 күннің ішінде, ал қосымша зерттеуді, тексерісті керек етпейтін сұрау бойынша — 10 күннің ішінде беріледі.
Қосымша тексеріс жүргізу қажет болған жағдайда, аудандық Мәслихат мерзімді ұзартуы ықтимая, ол жөнінде аудандық Мәслихаттың депутатына хабарлайды.
Аудандық Мәслихат сұрауға берілген жауап пен оны талқылау нәтижелері бойынша қажеттілігіне қарай шешім қабылдайды.
Тарау 3. 3 тарау
3 тарау
Сайлау комиссияларының құрылуы туралы
Тармақ 35
35. Аудандық мәслихат сайлау комиссияларын - аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын құрады.
Тармақша 1
1) сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастырып-сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан кемінде бір ай бұрын басталады да, үш күннен кешіктірілмей аякталады;
Тармақша 2
2) аудаңдық Мәслихаттың хатшысы сайлау комиссияларының құрылуы туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланардан үш күн бұрын өз өкімімен депутаттар мен аппарат қызметкерлерінен сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыруға арналған Жұмысшы тобын құрады;
Аудандық Мәслихаттың Жұмысшы тобы кұрылатын сайлау комиссияларының құрамына үміткер енгізу туралы саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары буын комиссияларынан келіп түскен ұсынысты жинаумен және өңдеумен айналысады. Әрбір саяси партия сәйкестелген сайлау комиссияларының құрамына өзінің тек бір-бір өкілін ғана енгізеді. Саяси партиялар сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын үміткерлерді сайлау комиссиясының құрамына ұсынуға құқылы. Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, жоғарғы буын комиссиялары уакытша комиссияға ұсынатын құжаттар тізбегі келесідей:
саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің әділет ортандарында тіркелгені туралы құжатының көшірмесі;
саяси партия органы немесе өзге қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғарғы буын сайлау комиссиясы мөжілісінің сәйкестелген сайлау комиссияларының қүрамына үміткерлерді үсыну туралы хаттамасынан алынған үзінді;
үміткерлердің сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім бергені туралы аудандық мәслихатқа жолдаған/мәлімдемесі және үміткердің өмірбаян деректері;
Тармақша 3
3) жұмысшы тобы сайлау комиссиялары құрамының жобасын даярлаған сәтте бірінші кезекте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа алады. Кейіннен, ұсыныс қағазында кемінде 7 мүше болса, өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғарғы буын сайлау комиссияларының үміткерлері ескеріледі;
Тармақша 4
4) жұмысшы тобы жаңа сайлау комиссияларының құрамына ұсыныс түсіретін мерзім аяқталғанда сессия шешімі мен сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауға арналған бюллетеньнің жобасын әзірлейді;
Тармақша 5
5) аудандық аумақтық сайлау комиссияларына:
аудандық мәслихатқа депутат сайлауы жөніндегі округтік сайлау комиссияларына;
учаскелік сайлау комиссияларына арналған шешімнің жобасы мен бюллетень бөлек-бөлек әзірленеді;
Тармақша 6
6) саяси партиялардан, басқадай қоғамдық бірлестіктер мен жоғарғы буын сайлау комиссияларынан сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған үміткерлердің бәрі олардың түсу кезектілігі жөне Жұмысшы тобының арнаулы журналына тіркеу тәртібімен шешімнің жобасы мен бюллетеньге енгізіледі;
Тармақша 7
7) сайлау комиссияларының құрамына енетін бюллетеньдерді сессияға қатысқан аудандық мәслихат депутаттарының бәрі алады және оны жеке өзі толтырады. Сессияда құрылған Есеп комиссиясы дауыс беру қорытындысын шығарады. Есеп комиссиясының сандық құрамы мен төрағасын мәслихаттың сессиясы белгілейді. Сессияға қатысушы депутаттардың басым бөлігі жақтап дауыс берген комиссия мүшелері сайланған болып есептеледі;
Тармақша 8
8) саяси партиялардан сәйкестелген сайлау комиссиясы мүшелеріне тең санда (жеті) ұсыныс түссе, Жұмысшы тобы мәслихаттың сессиясына осы сайлау комиссиясының құрамын жақтап дауыс беруге ұсыныс енгізеді. Саяси партиялардан сәйкестелген сайлау комиссиясының мүшелерінен асатын санда (жетеуден артық) ұсыныс түссе, Жұмысшы тобы мәслихаттың сессиясына осы сайлау комиссиясын сайлауға рейтингтік дауыс беруді өткізуді ұсынады;
Саяси партиялардан сәйкестелген сайлау комиссиясына мүше саны толмайтын (жетіден кем) ұсыныс түскенде Жұмысшы тобы бюллетеньге бос орындарға өзге қоғамдық бірлестіктерден түскен үміткерлерді енгізеді, ал мұндай үміткер болмаған жағдайда, жоғарғы буын сайлау комиссияларынан ұсынылған үміткерлер (сәйкестелген түсу кезек тәртібімен) енеді. Бос орындарға саны жағынан тең келетін ұсыныс түскен Жұмысшы тобы сессияға осы сайлау комиссиясының құрамын жақтап дауыс беруге ұсыныс енгізеді. Бос орындарға олардың санынан асатын ұсыныс түскенде Жұмысшы тобы мәслихаттың сессиясына комиссияның құрамына саяси партиялардың өкілдерін сайлауды, ал бос орындарға рейтингтік дауыс беру жүргізуді ұсынады.
Егер ұсынылған үміткердің саны жетіге тең келетін сайлау комиссиясының құрамы бойынша дауыс беру барысында мәслихаттың депутаттары нақты үміткерге қарсы пікір білдірсе, онда сол саяси партияға немесе өзге қоғамдық бірлестікке мүше басқа адаммен алмастырылады. Мұндай істі бір-ақ мәрте өткізу ұсынылады;
Тармақша 9
9) бюллетеньге сол үміткердің қай саяси партияның (өзге қоғамдық бірлістіктің, жоғарғы буын сайлау комиссиясының) өкілі екені көрсетіліп, оның тегі, аты, әкесінің аты енгізіледі. Үміткердің тегінің оң жағында бос төртбұрыш бейнеленеді, депутаттар оған белгі (қосу, галочка белгісін) қояды. Депутаттар жеті төртбұрышқа белгі соғады;
Тармақша 10
10) Есеп комиссиясының төрағасы мәслихаттың сессиясында дауыс беру нәтижелерін жария етеді;
Тармақша 11
11) Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссияларының төрағаларын, олардың орынбасарлары мен хатшыларын сайлауға арналған ұйымдастыру мөжілісінің өткізілетін мерзімін (ол құрылғаннан кейін жеті күндік мерзімнен кешіктірмей) жария етеді. Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының ұйымдық мәжілісін жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы хабар береді.
Мұндай үміткерді көбірек жиылған дауыс саны бойынша Есеп комиссиясы анықтайды. Депутаттардың дауысы тең түскен жағдайда жаңағы үміткер бюллетеньде орналасқан орнына қарай анықталады;
Тармақша 12
12) мәслихаттың хатшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкестелген сайлау комиссиялары құрамының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді. Материалдар басылымның қосымшасымен бір нөмірде орналастырылуға тиісті;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында алдын-ала қарастырылған жағдайда мәслихат сәйкестелген Сайлау комиссиясының мүшесін босату және шығып қалған адамның орнына сайлау туралы шешім қабылдайды. Босаған лауазымды иеленуге өкілдері ооы сайлау комиссиясында болмаған саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктерден ұсыныс қабылданады;
Тармақша 14
14) сайлау комиссиялары сессияда сайланғанда, мәслихат Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына орай, олардың бір мекеме кызметкерлерінен құралуына жол бермеуге, міндетті түрде сәйкестелген әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұратынын ескеруге тиісті. Президенттікке үміткерлер, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, сенімді өкілдер, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, үміткерлердің зайыбы және жақын туыстары, сондай-ақ үміткерлердің тікелей бағынысындағы адамдар сайлау комиссиясына мүше бола алмайды.