Об установлении карантина в связи с выявлением болезни эмфизематозный карбункул среди крупного рогатого скота в крестьянских хозяйствах «Жеті қазына» и «Өлетті» Токмансайского сельского округа Алгинского района Актюбинской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округінің «Жеті қазына» және «Өлетті» шаруа қожалықтары мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан жұқпалы ауруы анықталуына байланысты карантин белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Алға аудандық аумақтық инспекциясы» ММ басшысының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 02-06-1/190 ұсынысының негізінде Тоқмансай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округінің «Жеті қазына» және «Өлетті» шаруа қожалықтары мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан жұқпалы ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.