О проведении смотра готовности оздоровительных учреждений к работе в летний период Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сауықтыру мекемелерінің жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын, «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабын басшылыққа ала отырып жазғы сауықтыру ұйымдарында балалар арасында жұқпалы аурулар мен тағамнан уланудың алдын алу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері 2004 жылғы 1 - маусымнан 20 - маусымға дейін сауықтыру мекемелерінің жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізсін.
Тармақ 2
2. Алға аудандық білім беру бөлімі (Б. А. Аппазов), Әйтеке би аудандық білім беру бөлімі (Б. А. Құдайбергенов), Байғанин аудандық білім беру бөлімі (Қ. Аққожаев), Ырғыз аудандық білім беру бөлімі (С. А. Байжиенов), Қарғалы аудандық білім беру бөлімі (А. С. Мұқатова), Қобда аудандық білім беру бөлімі (Р. К. Мұқашева), Мәртөк аудандық білім беру бөлімі (А. Т. Қилыбаев), Мұғалжар аудандық білім беру бөлімі (Ж.К. Құрмашев), Темір аудандық білім беру бөлімі (Г. Т. Дулатбаев), Ойыл аудандық білім беру бөлімі (К. С. Жонысов), Хромтау аудандық білім беру бөлімі (Е. К. Хайруллин), Шалқар аудандық білім беру бөлімі (К. К. Табаналин) және Ақтөбе қаласы білім беру басқармасы (М. А. Мыңжасаров); «Мұғалжар» санаторий үлгісіндегі лагерь (В. М. Ан), «Нефтяник» (Р. А. Мүсіркепов), «Ақбөбек» (К. Д. Байғазин), «Дружба» (М. А. Мыңжасаров), «Космос» (Р. М.Тасыбаева), «Восток» (К. А. Айдарханова) сауықтыру лагерьлерінің басшылары: сауықтыру мекемелерін технологиялық қыздырғыш, тоңазытқыш құрал- жабдықтармен, асханалық ыдыс-аяқтармен, тиісті мөлшерде жуу дизенфекциялаушы заттармен қамтамасыз ету; оларды шаюды және дизенфекциялауды қарастыра отырып, ауыз сумен қамтамасыз ететін көздерді тиісті санитарлық - техникалық қалыпқа келтіру; жазғы сауықтыру мекемелерінің аумақтарын тазарту және абаттандыру, ойын және спорт алаңдарын дайындау; тамақ әзірлеу; технолгиясының сақталуына, балалардың толыққанды тамақтануының ұйымдастырылуына, тұрақты зертханалық бақылау жүргізсін; анықтамасы, сәйкестік сертификаты, ветеринарлық куәлігі жоқ тағам өнімдерін пайдалануға жол бермесін. жазғы сауықтыру мекемелерінде балалардың санитарлық жай күйін дизенфикциялық режимін, тұру жағдайын жеке басының гигиенасы сақтауын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Облыстық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қ. А. Әлжанова байқау өткізудің қорытындысы туралы облыс әкімінің аппаратына хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды облыс әкімінің бірінші орынбасары А. К. Есіркеповке жүктелсін.