Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі №545 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңының 8-бабы 3 тармағы 5 тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Басқа 2. Сәтбаев қалалық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 26 мамырдағы YI сессиясының «Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» № 60 шешіміне қосымша Сәтбаев қалалық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Тарау 3. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Сәтбаев қаласындағы биліктің өкілетті органы қалалық мәслихат болып табылады. Ол жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қала тұрғындарының ерік-жігерін іске асырып, жергілікті мәселелерді айқындайды, белгіленген шаралардың жүзеге асырылуын бақылайды. Оның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен, қалалық мәслихат регламентімен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен басқарылады, жоспарлы негізбен жасалады. Мәслихат қызметі шешімдерді көпшілікпен ақылдаса отырып, еркін талқылау және қабылдау, оларды орындауда жеке жауапкершілік, заңдылық, жариялылық, өзі құратын органдар және сайлайтын лауазымды адамдардың есеп беруіне, қоғамдық пікірді ескеруге негізделеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 9 бабына сәйкес сессияда бекітілген мәслихаттың регламентінде мына мәселелер айқындалады:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын, оның органдарының отырыстарын өткізу;
Тармақша 2
2) сессияға мәселелер енгізіп, оны қарау;
Тармақша 3
3) мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есебін тыңдау;
Тармақша 4
4) депутаттық сауалдары қарау;
Тармақша 5
5) дауыс беру тәртіб;
Тармақша 6
6) аппарат жұмысын ұйымдастыру. Регламент мәслихат жұмысын ұйымдастырудың басқа да кез-келген мәселелерін белгілей алады. Регламент пен заң нормасында айырмашылық болған жағдайда сонғысы қолданылады.
Тармақ 3
3. Депутат жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, жергілікті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді. Оларға депутаттық құқығы мен міндеттерін орындау үшін материалдық және ұйымдастыру жағдайлары қамтамасыз етіледі. Қалалық мәслихаттың депутаты депутаттық өкілеттігін орындау уақытында, сессия, тұрақты комиссиялар отырыстарын өткізу кезеңінде қызметтік міндеттерін орындаудан босатылып, оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімі аппараты басшысының жалақасынан аспайтын мөлшерде өтеледі. Депутаттардың жұмыстан босатылуына сәйкес қажетті құжаттарын мәслихат аппараты уақытылы дайындап береді. Депутат мәслихат сессиясынды және оның тұрақты комиссияларында қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешім қабылдауға қатысуға, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін сессияда тыңдау туралы ұсыныс жасауға, қаралып жатқан мәселелер бойынша өзгетулер мен ескертулер енгізуге, ұсыныс жасап, сол жайында өз көзқарасын айтуға, сұрақтар қоюға, анықтамалар беруге және басқа да құқықтарын пайдалануға құқылы. Қалалық мәслихаттың әр депутатына өкілеттіктерін кедергісіз және тиімді орындау үшін жағдай жасалуына, оның құқықтарын, қадір-қасиеті мен ар-ожданын қорғауға кепілдік беріледі. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мекеме, ұйым және кәсіпорындардың басшылары меншік нысанына қарамастан депутаттарға депутаттық өкілеттігін орындауға қажетті көмек көрсетуге міндетті.
Тарау 2. 2. Қалалық мәслихаттың сессиясын өткізу тәртібі
2. Қалалық мәслихаттың сессиясын өткізу тәртібі
Тармақ 4
4. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып саналады, мұнда мұнда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер қаралады. Мәслихат сессиясына мәслихатқа сайланған депутаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Мәслихат сессия жалпы отырыс түрінде өткізіледі. Сессия жұмысында мәслихаттың шешімі бойынша мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгілейді. Мәслихат әр отырысы алдында қатысатын депутаттарға тіркеу өткізеді, оның нәтижесін отырыс алдында сессия төрағасы хабарлайды. Депутаттардың талабы бойынша қатысушылардың қажетті санын сессия жұмысы кезінде тексеруге болады. Мәслихаттың сессиялары ашық сипатта болады. Жабық түрдегі сессия өткізуге мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жол беріледі. Қала әкімі немесе оның міндетін атқарушы орынбасары мәслихат пен оның органдарының ашық және жабық отырыстарына қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қалалық мәслихат ғимаратында, сессия өтетін залда тұрақты орнатылады. Сессияға дайындық пен оған басшылық жасауды сессия төрағасы және мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын қалалық мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Тармақ 6
6. Мәслихаттың бірінші сессиясы алдында дайындық жұмыстарын өткізу үшін сессияны шақырудан 10 күн бұрын қала депутаттарының жалпы санының екіден бір өкілінің қатысуымен жиналыс өтеді. Жиналыста бірінші сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар жасалады және оны өткізу тәртібі, сессия төрағасының кандидатуралары жайлы ұсыныстар жасалып, сессияның жұмыс органдарының: хатшылықтың, редакциялық және санақ комиссияларының құрамдары қаралады. Тұрақты және тексеру комиссияларын құру, қалалық мәслихат аппаратының құрылымы мен штаты, екінші сессияның күн тәртібі және оның төрағалығына ұсыныс сияқты мәселелер талқыланады.
Тармақ 7
7. Мәслихаттың кезекті сессиясы жылына кемінде төрт peт шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы мәслихатқа сайланған депутаттардың санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ қала әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және өткізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімінен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда тек осы сессияны шақыруға себеп болған мәселелер ғана қаралады.
Тармақ 8
8. Мәслихат сессиясын өткізу орнын және шақыру уақытын, сессияда қаралатын мәселелер туралы мәслихат хатшысы депутаттарға, халыққа және әкімге сессиядан он күн бұрын, ал кезектен тыс сессияны шақырған кезде үш күн бұрын хабарлайды. Сессияда қаралатын мәселелер бойынша қажетті материалдарды мәслихат хатшысы депутаттарға және әкімге сессиядан бес күн бұрын, ал кезектен тыс сессияны шақырған жағдайда үш күн бұрын береді.
Тармақ 9
9. Сессияның күн тәртібі мәслихаттың алдағы мерзімге дайындаған жұмыс жоспары негізінде, сессия төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссия, депутаттық топтар және депутаттар, қала әкімі енгізетін мәселелер бойынша қалыптастырылады. Сессияның күн тәртібі оны талдау кезінде өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Күн тәртібін бекіту туралы мәслихат сессиясы шешім қабылдайды. Мәслихат отырысында күн тәртібі және сессияны өткізу туралы енгізілген ұсыныстар хатшылыққа жазбаша түрде беріледі немесе сөз алған кезде айтылады. Жазбаша ұсыныстар түскен жағдайда сессия төрағасы оларды түсу ретімен хабарлайды. Күн тәртібіндегі әр мәселе бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған мәслихатқа сайланған депутаттардың көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілген деп саналады. Әр сессияда депутаттарға, бөлім басшыларына, қала әкіміне сұраққа жауап беруіне уақыт қалдырылады, олардың құрамы сессияны дайындау кезінде сессия мен тұрақты комиссия төрағаларының ұсынысы бойынша анықталады.
Тармақ 10
10. Сессияға енгізілетін мәселелердің сапалы дайындалуы үшін мәслихат хатшысы сессияға дайындықтың іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұйымдастырып, оны сессия төрағасы қала әкімімен келісіп, бекітеді.
Тармақ 11
11. Мәслихат сессияларына Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық мәслихаттың депутаттары, қала және аудан әкімдері, сессияда жұмысы қаралатын ұйымдар мен мекемелрдің, кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың басшылары шақырылады және сессияға қала прокуроры немесе оның орынбасары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысады. Өз шешімімен мәслихат сессияға кейбір мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің жетекшілеріне кеңесші дауыс құқығымен қатысуға рұқсат береді. Әр сессияға шақырылғандардың тізімін оның төрағасы мен мәслихат хатшысы анықтайды. Мәслихат отырысына шақырылғандар үшін отырыс залында арнайы орындар беріледі. Шақырылған адамдар мәслихат сессиясының жұмысына араласуға құқығы жоқ, мақұлдау немесе мақұлдамау әрекеттерін жасамауға, тәртіп сақтап, сессия төрағасының өкімін орындауға міндетті. Депутат емес адам тәртіпті бұзған жағдайда отырыс залынан сессия төрағасының ұйғарымымен немесе сессиядағы депутаттардың көпшілігінің талап етуі бойынша шығарылады.
Тармақ 12
12. Кезекті сессия төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында ашық дауыс беру арқылы сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат хатшысы орындайды. Мәслихат депутаты кезекті сессия төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды. Мәслихат сессиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) сессияны шақыру туралы шешім қабылдайды, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, сессияны және сессияда қарауға енгізілетін мәселелерді дайындауды басқарады;
Тармақша 2
2) сессия отырысын жүргізеді, регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді, мәслихат хатшысымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған шешімдерге, хаттамаларға және басқа да бекітілген құжаттарға қол қояды. Сессия төрағасы отырыстарды ашады және жабады, баяндамашылар мен шығып сөйлеушілерді хабарлайды, шешімдердің және басқа құжаттардың жобасын дауысқа салып, отырыста қаралған мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныстарын оқиды, өз атына түскен өтініш, ұсыныс және сұрақтарға жауа, анықтама береді, отырыс залында тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, депутаттардың ұсыныстарын дауысқа салады. Сессия төрағасы отырыс барысында депуттардың пікіріне түсініктеме беруге құқы жоқ. Сессия төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша ынтымақтастық ахуалын жасауға, тараптардың позицияларын жақындастыруға көмектеседі. Ол тұрақты комиссия, депутаттық топтармен түсініспеушілікті шешу мақсатымен кеңес беруді ұйымдастырады, қажет болған жағдайда депутаттармен келісіп комиссия, депутаттық топтар арасындағы түсініспеушілікті шешу үшін келісім комиссиясын құрады. Егер депутаттардың дауысы тепе-тең болса, мәслихаттың сессиясының төрағасының дауысы шешуші дауыс болып саналады. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергілікті атқарушы органдар басшылары, қала аумағында орналасқан ұйымдардың өзге лауазымды адамдары мен басшылары мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшін мәслихат сессиясына келуге міндетті.
Тармақ 13
13. Қалалық мәслихаттың таңертеңгілік отырыстары сағат 10-нан 14-ке дейін бір үзіліспен, күндізгісі 15-тен 19 сағатқа дейін өткізіледі. Мәслихат өз отырысын басқа уақытта өткізуге шешім қабылдай алады. Сессия төрағасы өз атынан немесе депутаттардың ұсыныстары бойынша қосымша үзілістер хабарлай алады. Сессия отырысының соңында депутаттарға жарыссөзге салынбайтын мәліметтер және хабарламалар жасауға 2 минутқа дейін қысқаша сөз сөйлеу үшін 15 минут қалдырады.
Тармақ 14
14. Мәслихат отырыстарында баяндама жасауға 25 минут, қосымша баяндамаларға 15 минутқа дейін, жарыссөзге 10 минутқа дейін, ұсынатын кандидатураларды талдауға 3 минутқа дейін, отырыс өткізу тәртібі бойынша, дауыс беру, сұрақ және анықтама үшін 2 минутқа дейін уақыт беріледі. Қажетті жағдайларда сессия төрағасы отырысқа қатысушы депутаттардың көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартуына болады. Баяндамашылар сұрақтарға жауап береді. Егер шығып сөйлеуші өзіне берілген уақытты созып алса, төраға оның баяндамасын тоқтатады немесе депутаттардың келісімімен оған қосымша 2-3 минут береді. Сөз беруді сұрау жөніндегі өтініштер сессия төрағасының атына жазбаша түрде хатшылыққа беріледі, хатшылық оларды түскен реті бойынша тіркеп, сессия төрағасына тапсырады. Сессия төрағасы сөзді депутат ауызша түрде сұрағанда да бере алады. Қалалық мәслихаттың депутаты бір мәселе бойынша екі рет қана сөз сөйлей алады. Депутаттық сауалдар, анықтама беру үшін сөз алғандар мен сұраққа жауап бергендер жарыссөзге шыққан болып саналмайды. Басқа депутатқа сөз сөйлеу құқығын беруге рұқсат етілмейді. Жарыссөздер сессияға қатысқан депутаттардың көпшілігінің ашық дауысқа салу шешімімен тоқтатылады. Жарыссөзді тоқтату мәселесі қойылған жағдайда, сессия төрағасы жазылған және сөз сөйлеген депутаттардың санын хабарлайды, жарыссөзді кімнің талап ететінін анықтайды. Қала әкімі, қалалық мәслихаттың хатшысы кез-келген уақытта сөз алуына болады, бірақ регламент шегінде.
Тармақ 15
15. Отырыс өткізу тәртібі және дауыс беру себебі бойынша сөзді депутатқа алдынғы баяндама аяқталғаннан кейін кезектен тыс беру керек. Сессия төрағасы кезектен тыс сөзді депутаттық сауалға, анықтама, сұраққа жауап бергенде және талқыланып жатқан мәселе бойынша түсініктеме алу үшін бере алады. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша сұрақтар сессия төрағасына беріледі және мәслихаттың отырысында жарияланады.
Тармақ 16
16. Қалалық мәслихат сессиясының жұмысы қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Баяндаманы өзге тілде жасайтыны туралы депутат мәслихаттың хатшысына алдын-ала хабарлайды.
Тармақ 17
17. Қалалық мәслихат отырыстарында шығып сөйлеушілер депутаттың ар-намысына зиян тигізетін дөрекі сөздер қолдануына, біреудің атына дәлелсіз жала жабуға, конституциялық бағдарда күшпен төңкеріс жасауға және басқа да заңсыз іс-әрекеттерге үн тастауға құқықсыз. Осы шарттарды сақтамаған жағдайда төраға шығып сөйлеушіге ескерту жасайды, содан соң сөз бермейді. Қалалық мәслихаттың отырысында ешкімге төрағаның рұқсатынсыз сөйлеуіне болмайды.
Тармақ 18
18. Сессия хатшылығы депутаттар және мәслихат аппараты қызметкерлерінің арасынан дауысқа салу арқылы жетекшісі және мүшелері құрамында сайланады. Хатшылық сессия хаттамасын және стенограмма жүргізуді ұйымдастырады, сөз алушылар тізімін жүргізеді, депутаттардан түскен депутаттық сауал, анықтама, хабарландыру, өтініш пен ұсыныстарды тіркейді, сессия атына берілген үндеулермен жұмыс жасайды және отырысқа қажетті басқа да жұмыс атқарады. Хатшылық төрағалық етушіге депутаттардан түскен ұсыныстарды, сөз сөйлеуге жазылғандар туралы мәліметті және депутаттардың басқа да бастамаларын жеткізеді.
Тармақ 19
19. Қалалық мәслихат ашық дауыспен санды және редакциялық комиссия құрамын тақ санымен сайлайды, олардың басым көпшілігі депутаттар болуға тиіс, қала әкімі және басқа қалалық ұйымдардың әкімшілік қызметкерлері де сайлана алады. Редакциялық комиссия кезекті сессияға да сайлана алады. Хатшылық, санақ және редакциялық комиссияларды сайлау жөнінде сессия шешімдер қабылдайды.
Тармақ 20
20. Шешімдер, басқа да құжаттар мәслихат отырыстарында ашық дауыспен депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Басқа мәселелерді қарастырған кезде сессияға қатысқан депуттардың көпшілік дауысымен қабылданады. Қатысушы депутаттардың көпшілігінің талабы бойынша жабық дауыс беру өткізіледі, оның нәтижелері апта ішінде қалалық баспасөзде жарияланады.
Тармақ 21
21. Сессияда ашық дауыс беруді өткізгенде дауыстарды санау депутаттардың бір тобына тапсырылады, оның құрамын қалалық мәслихаттың сессиясы анықтайды. Ашық дауысқа салу алдында төраға дауысқа салынатын ұсыныстар санын көрсетіп, олардың мазмұнын анықтайды. Егер депутаттардың бір де біреуі өзгеше талап етпесе, дауыс беруді оның анық көпшілік дауысы бойынша санамай, не дауыстарды санаумен өткүзуге болады. Дауыс берген кезде бір мәселе бойынша әр депутат бір ғана дауыс береді – «қарсы емеспін», «қарсымын» не болмаса «қалыс қалдым» деп. Егер дауыс беруге сол мәселе бойынша бір ұсыныс қойылып, қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауысы басыңқы болса, қабылданды деп саналады. Ал егер сол мәселе бойынша дауысқа бірнеше ұсыныс берілсе, онда тек «қарсы емеспін» деп әр ұсынысқа дауыс береді және қабылданды деп, тек көп дауыс берілген ұсыныс қабылданады. Дауыстарды санап болғаннан кейін сессия төрағасы дауыс беру нәтижесін хабарлайды: ұсыныс қабылданды ма, әлде жоқ па. Дауыс беру ұсыныстар түсуіне қарай өтеді. Бір мәселе бойынша қайталап дауыс берілмейді. Қалалық мәслихаттың процедуралық мәселелр бойынша шешімі сессияға қатысқан депутаттардың көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Егер бұл мәселелерді шешуге басқа тәртіп орнатылмаса, шешім қабылданбай хаттамаға тіркеліп, отырыс стенограммасына жазылады. Қандай да бір маңызды мәселелр бойынша шешім қабылдау үшін және сайланбалы қызметке адам сайланғанда ашық немесе жабық дауыс беру өткізуге болады.
Тармақ 22
22. Жабық дауыс беруді өткізу және оның нәтижелерін анықтау үшін сессия ашық дауыс беру арқылы депутаттар арасынан санақ комиссиясын сайлайды. Мұның құрамына сайланбалы органдар немесе лауазымдық қызметке кандидатуралары ұсынылған депутаттар кіре алмайды. Санақ комиссиясының сайланғаны жөніндегі шешім қабылданады. Санақ комиссиясының құрамынын комиссия хатшысы, төраға сайланады. Санақ комиссиясының шешімі оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Санақ комиссиясының хаттамаларын қалалық мәслихаттың сессиясы бекітеді. Бюллетендер санақ комиссиясының бақылаумен комиссия белгіленген нысан бойынша қажетті мөлшерде және қажетті ақпаратымен жасалады. Шешімнің жобасы бойынша дауыс беру үшін бюлеттенде «қарсы емеспін» және «қарсымын» сөздері болу шартты. Дауыс беру мерзімі және орны, өткізу тәртібі осы жұмыс регламентіне сәйкес жүргізіледі, оны санақ комиссиясының төрағасы хабарлайды.
Тармақ 23
23. Әр депутатқа сайланатын орган немесе лауазымды адам, не болмаса сессияда қаралатын мәселенің шешімі бойынша бір бюллетенб беріледі. Санақ комиссиясының мүшелері депутаттардың тізіміне сәйкес жабық дауыс беру бюллетендерін қалалық мәслихаттың депутаттары куәлігін көрсеткеннен кейін береді. Бюллетенді депутат кабинада немесе жабық дауыс беру бөлмесінде толтырады, өзі дауыс бермейтін үміткердің аты-жөнін бюллетеннен сызып, ал шешімнің жобасы берілген нұсқадағы бюллетенде «қарсымын» немесе «қарсы емеспін» сөздерін сызады. Нысаны белгісіз бюллетендер, дауыс берушінің қойылған мәселеге «қарсы» немесе «қарсы еместігі» нақтылы көрсетілмеген, ал қызметке сайланған кезде бір орынға екі немесе одан да көп аты-жөндері қалдырылған бюллетендер жарамсыз деп саналады. Бюллетенге қосымша жазылған аты-жөндер дауыс есептеген кезде ескерілмейді.
Тармақ 24
24. Жабық дауыс беру нәтижесі бойынша санақ комиссиясы хаттама толтырады, оларға санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Санақ комиссиясының баяндауы бойынша қалалық мәслихат жабық дауыс беру нәтижелерін бекітуге шешім қабылдайды. Дауыс беру кезінде жіберілген қателіктер анықталған жағдайда қалалық мәслихаттың шешімі бойынша қайта дауыс беру өткізіледі. Дауысты есептеу кезінде санақ комиссиясы басыңқылық жасаса, онда ол комиссия ауыстырылып, қайта дауыс беру жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Қалалық Мәслихаттың депутаттары дауыс беру құқығын өздері орындаулары керке. Дауыс беру кезінде болмаған депутаттың соңынан дауыс беруіне болмайды. Депутаттардың бірі үшін бірі дауыс беруіне жол берілмейді.
Тармақ 26
26. Мәселені тез арада шешу қажет болған жағдайда комиссия дауыс беруді сұрастыру жолымен өткізуге шешім қабылдайды. Бұл жағдайда дауысты атап береді. Депутаттың ұсынысы бойынша қаралатын мәселенің қайсысын болса да атап дауыс беруге қоюға болады.
Тармақ 27
27. Жабық дауыс беру нәтижесі бойынша санақ комиссиясы хаттама жазады, оларға комиссия мүшелерінің бәрі қол қойып, мәслихаттың шешімімен бекітіледі. Дауыс беру немесе дауыстарды санау кезінде қателер табылған жағдайда мәслихаттың шешімі бойынша қайта дауыс беру өткізіледі.
Тарау 3. 3. Қалалық мәслихаттың актілерін қарау және қабылдау, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын, жоспарын, бюджетін бекіту туралы
3. Қалалық мәслихаттың актілерін қарау және қабылдау, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын, жоспарын, бюджетін бекіту туралы
Тармақ 28
28. Қалалық мәслихат шешімдер қабылдайды. Шешімдер, дауыс беру заңмен немесе регламентпен өзгеше белгіленбесе, сайланған депутаттардың жалпы санының көпшілігінің дауысымен қабылданады. Мәслихат отырысына қатысушылардың көпшілік дауысымен процедуралық мәселелер бойынша шешім қабылданады, оларға дауыс беру нысанын таңдау, мәселені талқылауға берілетін уақытты анықтау, жарыссөз жасауға немесе доғаруға шешім ету, уақытша депутаттық топтың жеке құрамын және олардың құқығын бекіту, шешімдердің жобасын негіз ретінде қабылдау, өтініштер және Мәслихат үндеулерін қабылдау жатады. Қала әкіміне сенімсіздік білдіру туралы шешім депутаттардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен ашық немесе жабық дауыс берумен, қалалық атқарушы органның басшысына сенімсіздік білдіру немесе босату туралы шешім сайланған депутаттардың көпшілігінің дауысымен қабылданады.
Тармақ 29
29. Қалалық мәслихаттың қарауына шешім жобаларын, басқа да актілерді енгізу құқығы оның депутаттарына, тұрақты комиссияларға, депутаттық топтарға, қала әкіміне беріледі.
Тармақ 30
30. Сессия кезінде шешім жобалары, басқа да актілер хатшылыққа, ал сессия аралығындағы кезеңде сессия төрағасына немесе мәслихаттың хатшысына беріледі. Қарауға қабылданған шешім жобалары және басқа да актілерді сессия төрағасы немесе мәслихаттың хатшысы ұсыныстарды қарап, дайындау үшін тұрақты комиссияға жібереді. Санымен қатар тұрақты комиссиялардың біріне мәслихат актілерінің жобасын, сессиядағы қосымша баяндама бойынша қорытынды дайындау, тексеріс өткізу және қосымша ақпарат жинақтау тапсырылуы мүмкін. Актілердің жобаларымен жұмыс жасау және басқа мәселелерді дайындау үшін тұрақты комиссиялар өз құрамынан жұмыс топтарын құруы мүмкін. Қажет болған жағдайда бірнеше комиссиялардан біріккен жұмыс тобы құрылады. Бұл тобптың жұмысына әр депутат қатысуға ерікті.
Тармақ 31
31. Сессия төрағасы, Мәслихаттың хатшысы, тұрақты немесе дайындық комиссиялары, жұмыс топтары шешім жобаларын ғылыми сараптауға жібере алады, мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың пікірін сұрай алады, дайындалып жатқан мәселелер мен шешім жобаларын еңбек ұжымдарында және азаматтардың жиналыстарында алдын-ала талдай алады. Сессия төрағасының немесе мәслихат хатшысының шешімі бойынша жоба қалалық баспасөзде басылады, және ұсыныстар мен ескертулерді қарау тәртібі мен мерзімі анықталады.
Тармақ 32
32. Мәслихат және оның органдары балама жобаларды негізгі жобамен бірге қарайды. Сессия мәселелерін дайындауға қатысатын тұрақты комиссиялар арасында келіспеушілік болған жағдайда комиссия төрағасы және сессия төрағасы оларды жоюға шаралар қолданады, қалған келіспеушіліктер жөнінде мәслихатқа жеткізеді.
Тармақ 33
33. Сессияда мәселе қаралған кезде басты тұрақты комиссияның, басқа да тұрақты комиссиялардың, жұмыс топтарының және уақытша комиссиялардың баяндамасы, қажет болса қосымша баяндамалар тыңдалады. Тұрақты комиссиялар, уақытша комиссияның және жұмыс топтарының кейбір мүшелері баяндаманың ережелерімен немесе шешім жобасының қорытындысымен келіспесе, олар өз пікірін қаралатын мәселе бойынша талқылау басталмай тұрып баяндауы керек.
Тармақ 34
34. Депутаттар және шақырылған адамдар баяндаманы, қосымша баяндаманы және тұрақты комиссияның жоба бойынша жасаған қорытындысын талқылайды, шешім жобасына түзетулер түрінде ескертулерін, ұсыныстары мен толықтыруларын айтады. Жобаның әр бабы жеке талқыланады. Жобаға түзетулер ұсынылатын өзгетулер не толықтырулар нақты тұжырымдалып, шешім жобасының мәтініндегі орны көрсетіліп сессия хатшылығына тек жазбаша түрде ғана беріледі. Осы талапты қанағаттандырмайтын түзетулер қарауға қабылданбайды.
Тармақ 35
35. Әр мәселенің талқылауы аяқталғаннан соң сессия ол бойынша шешім қабылдайды. Егер бір мәселе бойынша бірнеше болса енгізілсе, оның әрқайсысы талқылауға дейін депутаттарға таратылып берілу керек. Редакциялық комиссия қай жобаны негізге алу, қайсысын алмау жөнінде өз пікірін білдіреді. Дауысқа қаулының барлық енгізілген жобалары салынады, қатысушылардың көпшілігімен бір жобаны негізге алғаннан кейін, депутаттар осыған өзгерістер енгізуге кіріседі.
Тармақ 36
36. Тұрақты немесе редакциялық комиссиялар шешімдерінің жобасын пысықтауға депутаттар қатысып, қосымша ұсыныстары мен түзетулерін олардың қарауына жазбаша түрде бере алады. Комиссия мәслихатқа қайтарылған және қабылданған түзетулерді дәлелдей отырып толықтырылған жобаны ұсынады. Комиссияның баяндамасында жобаға кірген және қайтарылған ұсыныстар көрсетіліп, қабылдау немесе кері қайтару себептері дәлелденеді.
Тармақ 37
37. Шешім жобасына түзетулер болған жағдайда дауыс беру келесі ретпен өтеді:
Тармақша 1
1) ұсынылған (қайта жасалған) жобаны негізге алу, ол қайтарылған жағдайда дауыс беру тоқтатылады.
Тармақша 2
2) негізге алынбаған, жобаға кірмеген барлық өзгерістер міндетті түрде дауысқа кезекпен салында, дауысқа салуды шешу тек сайланған депутаттардың көпшілігінің дауысымен жүзеге асырылады.
Тармақша 3
3) шешімдерге қабылданған өзгетулер есепке алына отырып толығымен дауыс беріледі. Сессия барысында қайтарылған жоба мен оның өзгетулеріне қайта дауыс беруге болмайды.
Тармақ 38
38. Өзгерістерге дауыс беру жеке-жеке жасалады, оларға дауыс беру реттілігін төраға жасайды. Бірінші кезекте басқа түзетулерді қабылдау – кері қайтаруды анықтайтын түзетулерге дауыс беріледі. Өзара қайшы келетін түзетулерді дауысқа салар алдында төрағалық етуші оларды оқып таныстырады, түзетуді енгізгендер оның мәнін түсіндіру үшін сөз алуға немесе оны дауыс беруден алып тастауға құқылы. Қабылданатын шешімнің әр бабына дауыс жеке-жеке беріледі. Мәслихат сессиясы мен тұрақты комиссиялары қабылдаған шешімдерге және басқа құжаттарға мәслихат хатшысы және аппараты өзгерістер енгізе алмайды. Сессия хаттамалары сессия аяқталған соң бір айдан кешіктірілмей басылып тұруы керек. Сессиялардың хаттамасының бір данасы тұрақты комиссияның отырысы өтетін бөлдеме болу керек және депутаттардың өтініші бойынша оларға беріледі.
Тармақ 39
39. Қалалық мәслихаттың жалпы міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдері заңда сәйкес Қарағанды облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге жатады және мәслихат хатшысы оларды атқарушылар мен лауазым иелеріне хабарлайды, қалалық баспасөзде жарияланады.
Тармақ 40
40. Қалалық жоспарлардың жобасы, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, оларды орындау туралы есептер, мәслихаттың басқа да жоспарлы және жоспардан тыс мәселелері, қала басқармасының сызбасы, әкімшіліктің дербес құрамы, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша ақыл-кеңес органдарының құрамдары, сондай-ақ олардың шешім жобалары мәслихатқа кезекті сессиядан үш жеті бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарауға енгізіледі. Мәслихат хатшысы бұл жобаларды тұрақты комиссиялардың қарауына жолдайды.
Тармақ 41
41. Қала әкімі қаржы жылына жасалған қала бюджетінің жобасын сол жылдың облыстық бюджеті бекітілгеннен кейін екі аптадан кешіктірмей қалалық мәслихаттың қарауына береді. Екі апта мерзімінен кешіктірмей қалалық мәслихат оны бекіту жөнінде шешім қабылдайды. Қала бюджетінің жобасын қарау жұмыстары қала әкімі мәслихатқа бергеннее бастап бес күн ішінде тұрақты (уақытша) комиссияда қаралғаннан соң аяқталады. Қала әкімі қала бюджетінің жобасын тұрақты (уақытша) комиссияның ұсыныстары мен толықтыруларын ескере отырып, осы комиссия қарастырғаннан кейін екі күн мерзімде мәслихатқа ұсынады. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына тиісті жылдың қалалық бюджетін нақтылауға қатысты жоспардан тыс мәселелерді енгізгенде құжаттар регламенттің осы бөлімінде көрсетілген мерзімде тапсырылады. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала бюджетін нақтылағанда кезектен тыс сессияны шақыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі күн ішінде тұрақты (уақытша), комиссияларда, қалалық қаржы басқармасында комиссиялар ұсынған өзгетулер және толықтырулармен жұмыс жүргізіледі. Қала әкімі қалалық мәслихатқа өткен қаржы жылындағы қала бюджетін орындау жөнінде жылдық есеп береді және ол қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітіледі.
Тармақ 42
42. Есеп берілген жылдан кейінгі келесі есеп жылының бірінші шілдесінен кешіктірмей қалалық мәслихат әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының және қала бюджетінің орындалуын бақылайды. Осы мәселе бойынша қала әкімиятының есептерін тыңдайды.
Тарау 4. 4. Мәслихаттың комиссиялары және депутаттық топтары, лауазымды адамдары, бақылау функцияларын орындау
4. Мәслихаттың комиссиялары және депутаттық топтары, лауазымды адамдары, бақылау функцияларын орындау
Тармақ 43
43. Қалалық мәслихат бірінші сессияда депутаттардың арасынан тұрақты негізде жұмыс істейтін, өзіне есеп беретін лауазымды адамды – мәслихат хатшысын сайлайды. Мәслихат хатшысы мәслихаттың қызметін және күнделікті жұмысын ұйымдастырады. Оның негізгі қызмет функциялары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 19 бабында және осы регламентпен анықталады. Мәслихат хатшысының кандидатурасын мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады. Ұсынылған кандидаттардың саны шектелмейді. Ұсынылған кандидаттар өздерінің болашақ қызмет бағдарламарымен таныстырады, кандидатураларды талқылау мәслихат шешімімен тоқтатылады. Егер ашық немесе жабық дауыс беру нәтижесінде депутаттардың жалпы санының жартысынан көбінің дауысын жинаса, кандидат мәслихат хатшысының қызметіне сайланды деп саналады. Мәслихат хатшысының сайланғаны жөнінде шешім қабылданады. Егер хатшы қызметіне екіден көп ұсынылушы болса және олардың біреуі де қажетті дауыс жинамасы, ең көп дауыс жинаған екі кандидат бойынша қайта дауыс беру өткізіледі. Егер қайта дауыс нәтижесінде біреуі де депутаттардың жалпы санынан жартысының көбінің дауысын жинамаса, жаңа кандидатуралар ұсыныла отырып, қайтадан сайлау өткізіледі. Мәслихат хатшысын қызметтен босату жөніндегі ұсынысты сессияға мәслихат депутатының жалпы санының көпшілік дауысымен енгізуге болады. Мәселе күн тәртібіне енгізілген жағдайда ашық дауыс беру өткізіледі. Мәслихат хатшысын қызметтен мерзімінен бұрын босатқан жағдайда жаңа хатшының сайлауы алғашқыдай өтеді. Мәслихат хатшысының қызметі жөніндегі есебі жыл сайын тыңдалады.
Тармақ 44
44. Мәслихат өз өкілеттігінің мерзіміне бірінші сессияда депутаттар арасынан мәслихаттың құзретіне жататын мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, мәслихаттың шешімдерін жүзеге асыруға ықпал ету, өз өкілеттігінің шегінде бақылау функцияларын орындау үшін тұрақты комиссиялар құрады. Тұрақты комиссиялардың төрағалары және мүшелері депутаттар арасынан ашық дауыспен сайланады. Әр тұрақты комиссия құрамы жеке дауысқа салынады. Комиссиялардың тізбесін, олардың санын және құрамын мәслихат айқындайды. Олардың саны алтыдан аспау керек. Бұл мәселелер бойынша ұсыныстарды әр депутат енгізуге құқылы. Тұрақты комиссиялардың құрамдары қалыптастырылғаннан кейін, сессия жұмысында тұрақты комиссия отырысын өткізу үшін үзіліс жарияланып, комиссиялардың төрағалары ұсынылады. Комиссия төрағаларын ұсыну қатысушылардың көпшілігінен ашық дауыс беру арқылы бекітіледі. Сессияға комиссия төрағасын ұсынуды комиссия депутатының біреуі жасайды, олардың саны шектелмейді. Мәслихат отырысы төрағалыққа ұсынылған кандидатураны әр комиссия бойынша жеке-жеке талқылайды. Төрағаның орынбасары мен тұрақты комиссияның хатшысы оның ұйымдастыру отырысында төрағаның немесе депутаттың ұсынысы бойынша сайланады. Тұрақты комиссия өз жұмысына қарай сектор, бөлімшелер құруына болады. Қажет болған кезде жаңа тұрақты комиссия құрылады, бұрын болғандар қайта құрылып немесе қысқартылады. Тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру функциялары және өкілеттіліктері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 12-15-баптарында көрсетілген. Тұрақты комиссияның қаулысы орындалмаған жағдайда немесе лауазымды адамдар жала ақпар берген жағдайда комиссия ұсынысы бойынша қалалық мәслихаттың хатшысы тиісті органға шара қолдану жөнінде талап қояды.
Тармақ 45
45. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссия құруына болады. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат не мәслихат хатшысы анықтайды.
Тармақ 46
46. Тұрақты комиссиялар өз өкілеттігінің шегінде қоғамдық мәні бар және тиісті аумақтағы халықтың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделелеріне байланысты мәселелер бойынша өз бастамасымен не қалалық мәслихаттың шешімі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізе алады, тыңдаудың негізгі мәселесін, баяндамашыныны, өткізу күнін, орнын және нысанын анықтап алады. Көпшілік тыңдауды өткізу уақыты, орны және күн тәртібі туралы 10 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдар арқылы хабарлайды. Тұрақты комиссиялар көпшілік тыңдауларға баяндама не хабарлама жасау үшін 15 күн бұрын қаланың атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және бұқаралық ақпарат өкілдерін шақыруға құқылы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерін, азаматтарды шақыра алады.
Тармақ 47
47. Көпшілік тыңдауды өткізу үшін депутаттар санынан жұмыс тобы құрылады, тыңдауды дайындауға мамандарды қатыстырыруға болады. Тұрақты комиссия бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды болатын көпшілік тыңдау тақырыбымен таныстырады, қала азаматтарынан мәлімет жинауға көмек сұрайды, тыңдау соңында олардың нәтижесі халыққа хабарланады. Тыңдау дайындығы кезінде атқарушы органдар, олардың бөлімдерінің, комитеттерінің, басқарма, құқық қорғау органдарының, барлық нысандағы банк, кәсіпорын, мекеме және ұйымдар басшылары тыңдауды дайындау комиссиясының мүшеліріне қалалық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпия туралы» Заңымен құпия болып табылмайтын материалдарды және құжаттарды кедергісіз беруге міндетті. Көпшілік тыңдауларға тұрақты комиссия өзі белгілеген адамдарды шақырады. Оларға кеңесші дауыс құқығымен облыстық мәслихат депутаттары, журналистер, қала азаматтары қатыса алады. Жасалатын ақпарлар заңға сәйкес мемлекеттік құпия болмаған жағдайда, тұрақты комиссиялардың отырыстары, негізінде, ашық өтеді. Көпшілік тыңдауды дайындау және өткізу үшін тұрақты комиссия құрған жұмыс тобы жазбаша қорытынды жасайды, оған жұмыс тобының барлық мүшелері қол қойып, мүдделі адамдар таныстырылады. Тыңдаулардың нәтижесі бойынша тұрақты комиссия қаулы қабылдайды. Тыңдаулар барысында анықталған кемшіліктерді жою үшін облыс және қалалық мәслихаттың, облыс және қала әкімінің немесе республикалық органдардың араласуы керек деп табылса, онда комиссияның қорытындысы және қаулысы осы органдарға жіберіледі. Тұрақты комиссиялардың тыңдау қорытындылары бойынша өз өкілеттігінің негізіндегі қаулысы қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады және басқару органдары, олардың бөлімдері, кәсіпорындар және ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар үшін орындалуға міндетті. Тұрақты комиссиялардың көпшілік тыңдаулар бойынша ұсыныстарын тиісті кәсіпорындар, бөлімдер және лауазымды адамдар орындамаған не дұрыс орындамаған жағдайда тыңдауды ұйымдастырушылар жоғары инстанцияларға дереу шағымдануға және сот арқылы әкімшілік жауапкершілікке шақыруға құқылы.
Тармақ 48
48. Қалалық бюджеттің орындалысын бақылау үшін мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын Мәслихат өзі белгілейді. Комиссия төрағасы депутаттар арасынан сайланады. Қалалық Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін босатылған негізде атқарады. Тексеру комиссиясының жұмысына келісім-шарт арқылы мәслихат депутаттары емес адамдарды да тартуға болады. Тексеру мәслихаттың шешімі, тексеру комиссиясы, мәслихат хатшысы, мәслихатқа сайланған депутаттардың үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген өзге де жағдайларда өткізіледі. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссия акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкімиятқа хабарлайды. Тексеру жылына кемінде бір peт өтеді. Тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру бағыты мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысына ұқсас.
Тармақ 49
49. Мәслихат депутаты сессия төрағасына, мәслихаттың хатшысына, қалалық әкімшілікке, қалада орналасқан кәсіпорын, мекеме мен ұйым басшыларына мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге құқығы бар, қоғамдық маңызы барлары сессияда жарияланады.
Тармақ 50
50. Сауал жазбаша түрде бірнеше депутаттар атынан жасалған жағдайда, онда олардың аты-жөні, сайлау округінің нөмірі көрсетіледі және барлық депутаттар қол қою керек. Қалалық мәслихаттың тұрақты немесе уақытша комиссиясының атынан жасалатын жазбаша сауалға оның төрағасы қол қояды. Тұрақты комиссияның атынан сауал жасау шешімі оның отырысында қабылданып, хаттама жасалынады.
Тармақ 51
51. Сессия басталуға дейін жасалған сауалдар сессия төрағасына, мәслихат хатшысына беріледі және сессияның күн тәртібіне енгізу жөнінде мәселе шешілген жағдайда оның отырысында қаралады. Мәслихат хатшысы сауал жолданған органға не лауазым иесіне сауалдың көшірмесін, жауап беру мерзімін және тәртібін көрсетіп тапсырады. Сессия барысында жасалған сауалдар отырыс төрағасына беріледі. Сауалдың жауабын және оны әрі қарай талқылау үшін мәслихат хатшысы сессияға мемлекеттік орган басшысын немесе оның орнынбасарын шақырады.
Тармақ 52
52. Сессияда қаралатын басқа мәселелермен байланысы жоқ сауалды мәслихат күн тәртібіне жеке мәселе ретінде енгізеді, немесе сессия жұмысы соңында арнайы бөлінген уақыт ішінде қарайды. Мәслихат күн тәртібінде сұрақтар мен сауалдарды шешетін арнайы уақыт қалдырады. Сауалға жауап беру үшін 10 минут, сұраққа жауапқа 5 минут беріледі. Сессияда қаралатын басқа мәселелермен байланысты сауалдарды төраға күн тәртібіне енгізбейді және сессияда осы мәселе бойынша жарыссөз басталғанға дейін таныстырады.
Тармақ 53
53. Қатысы жоқ мемлекеттік органға не лауазымды адамға жолданған, қалалық мәслихаттың құзыретінің шегінен шыққан, не болмаса «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік не қызметтік құпия болып табылатын ақпар, не тергеу органдарының қылмыстық істері бойынша мәлімет беруді талап ететін сауалдар қаралмай қайтарылады. Мәслихат жоғарыда айтылған негіздер бойынша сауалды кері қайтарады, ал сессия аралығында түскен сауалдарды сессия төрағасы, не мәслихат хатшысы қайтарады. Мәслихат депутаттардың қоғамдық мәні жоқ өтініштерін сауал емес деп тани алады. Бұл жағдайда оны қарастыру депутаттардың басқа ұсыныстарын қарау тәртібімен жүргізіледі. Сауалды мақсаттылық себебімен кері қайтаруға болмайды.
Тармақ 54
54. Мәслихат сауалды қарауды басқа сессияға ауыстыра алады. Сессияның күн тәртібі бекітілгенге дейін сауалдарды жасаған депутаттар қайта алуына болады. Сессияның күн тәртібі бекітілгеннен кейін сауалды тек мәслихат шешімі бойынша ғана қараудан алуға болады. Жазбаша түрде берілген сауалдар сессия хаттамасына тіркеледі.
Тармақ 55
55. Депутаттық сауал жолданған мемлекеттік органның басшысы, не лауазымды адамдар мәслихаттың құзыретіне жататны мәселелер бойынша сауалда жауап берудің басқа мерзімі көрсетілмеген жағдайда сол сессияда жауап берулері керек. Сауалға берілген жауап талқылауға қойылады. Сауал бойынша шешім қабылданады. Отырысқа қатысқан депутаттардың көпшілік дауысымен сауал бойынша шешім талқылаусыз қабылдануы да мүмкін. Қабылданған шешімге қарамастан сауал солардың атынан жасалған депутаттар жауап берген ұжымға немесе лауазымды адамға қосымша түсініктеме сұрап, пікір немесе арыз айтуына болады. Депутат қала аумағында орналасқан атқарушы органдар мен ұйымдарға сайлаушылардың мүддесін қорғайтын мәселелер бойынша депутаттық сауалдар беруге және жолданымдар жіберуге және олардан заңмен белгіленген мерзімде жазбаша жауап алуға құқылы.
Тармақ 56
56. Депутаттық сауал және оған берілген жауап, сауал бойынша қабылданған шешім, олар туралы қысқаша хабар қалалық баспасөзде жазылып, радио мен теледидар арқылы беріледі.
Тармақ 57
57. Қала аумағында сайланған мәслихат депутаттары құрамында мәслихаттың кемінде бес депутатынан тұратын саяси партиялардың тобына біріге алады. Саяси партиялардың депутаттық топтары қалалық мәслихат қарайтын мәселелер бойынша пікір алмасады. Депутаттық топ өз өкілін мәслихат отырысында сөз сөйлеуге ұсынуға құқылы.
Тарау 5. 5. Қалалық мәслихаттың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету
5. Қалалық мәслихаттың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету
Тармақ 58
58. Қалалық мәслихаттың заңды тұлға құқығы жоқ. Сессия өткізу, жетекшілерді, аппаратты және тұрақты комиссияларды орналастыру үшін лайықты жабдықталған арнайы орындар бөлінеді.
Тармақ 59
59. Мәслихаттың және оның органдарының қызметін қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруда көмек көрсету үшін мәслихат аппараты құрылады. Мәслихат жыл сайын өз қызметін қамтамасыз ету шығыстарының тізімін бекітеді. Мәслихат хатшысы аппарат жұмысын басқарады, оның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 60
60. Депутаттық жұмыс бойынша қызметтік іссапарда болған мерзімге депутаттарға жол шығынын өтеу ақысы төленеді. Депутаттар үшін канцелярлық шығындар депутаттық қызмет бойынша қалалық бюджет есебінен қаралады.
Тармақ 61
61. Депутаттарға өздері сайланған сайлау округтерінде сайлаушыларымен кездесіп қабылдау өткізу үшін орындар беріледі.
Тармақ 62
62. Қалалық Мәслихат сессиясында айтылған немесе отырыс барасында төраға жазбаша түрде берілген ұсыныстар мен ескертулер қалалық мәслихат аппаратында сарапталып, мемлекеттік және қоғамдық органдар мен лауазым иелеріне қарауға жіберіледі. Сессияда айтылған депутаттық ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру және қадағалау тұрақты комиссия мен қалалық мәслихат аппаратына жүктеледі.
Тармақ 63
63. Қалалық Мәслихаттың қызметін ұйымдастыруды, техникалық және басқа да жағдайларын қамтамасыз етуді қалалық мәслихат аппараты немесе қала әкімі аппаратының тиісті бөлімдері жүзеге асырады.
Тармақ 64
64. Қалалық мәслихат аппараты сессия аяқталсымен екі жеті ішінде егер ол әділет органдарында тіркелу қажет болмаса, қалалық мәслихатта қабылданған шешімді кәсіпорын, мекеме, ұйым жне депутаттарға таратып береді, басқа жағдайда тіркелгеннен соң таратылады. Шешімдерді іске асырып, орындалуын бақылау үшін қалалық мәслихаттың маңызды мәселелер бойынша барлық шешімдері депутатта болуы керек.
Тарау 6. 6. Сайлау комиссияларын құру тәртібі
6. Сайлау комиссияларын құру тәртібі
Тармақ 65
65. Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу қалалық мәслихаттың шешімін қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды қалыптастыру саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жүргізіледі. Сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі мен саны қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 66
66. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған лауазымына осы сайлау комиссиясында өкілі жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар қабылданады. Босаған лауазымды ауыстыру процедурасы осы регламенттің 67, 68, 69 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 67
67. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша жұмыс комиссиясын (бұдан әрі уақытша комиссия) құру сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кемі үш күн бұрын мерзімде қалалық мәслихат хатшысының өкімі негізінде жүзеге асырылады. Уақытша комиссияның құрамы депутаттардан және қалалық мәслихаттың аппараты қызметкерлерінен құралады. Сайлау комиссиялары өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей қалалық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларының құрылатындығы туралы хабарлайды. Хабарламада құруға жататын сайлау комиссияларының тізбесі, сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшін ұсынылған кандидатуралар бойынша ұсыныстардың мерзімі мен тәртібі, осы ұсыныстар берілетін мекен-жай көрсетіледі. Сайлау органдарының тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан бастап 30 күннің ішінде саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктер ұсынылатын сайлау комиссиясын көрсете отырып тиісті формаға сәйкес үміткерлер тізімін жібереді, оларға мыналарды қоса береді:
Тармақша 1
1) саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының үміткерді тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасының көшірмесін;
Тармақша 2
2) саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікі, олардың құрылымдық бөлімшесін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесін.
Тарау 7. 7. Сайлау комиссияларын құру және сайлау
7. Сайлау комиссияларын құру және сайлау
Тармақ 68
68. Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партия және басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиядан құрылатын сайлау комиссиясының құрамына түскен ұсыныстарды жинастырумен, өңдеумен айналысып, қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсынады. Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санына тең (жеті) ұсыныс түскенде уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсыныс енгізеді. Егер мәслихат депутаттары нақты бір үміткерге қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын үміткерге ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелері санынан артық (жетіден артық) ұсыныс болғанда, уақытша комиссия мәслихаттың отырысында рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. Уақытша комиссия әрбір депутат үшін осы үміткерді қандай саяси партия енгізгенін көрсете отырып, саяси партиялар ұсынған үміткерлер кіретін бюллетеньді дайындайды. Бюллетеньге үміткерлер саяси партиялардан ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен қосылады. Депутаттар бюллетеньге үміткерлер тектерінің және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы жеті квадратқа белгі қояды. Алғашқы жеті орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкілдері сайланған болып саналады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетіспейтін үміткерлер бойынша бос орындарға басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 69
69. Рейтингілік дауыс бергеннен кейін есеп комиссиясының төрағасы, сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын, хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастыру мәжілісін жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесін атайды. Бұл үміткерді есеп комиссиясы мәслихат депутаттарының берген даусының санына қарай анықтайтын болады. Мұндай депутаттар дауыс бірдей болған жағдайда аталмыш үміткер депутаттардың ашық дауыс беруімен анықталады. Аймақтық, округтік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының құрылғаннан кейін кемінде жеті күннің ішінде сайлау комиссиясының отырысында сайланады. Қалалық мәслихат сайлау комиссияларының құрамын және өзгерістерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жарияланатын материалдардың көлемі сол басылымның бір нөмірінде оның қосымшасымен бірге жарияланады.