Об утверждении Положения о научно-техническом совете Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ғылыми-техникалық кеңес бойынша ережені бекіту туралы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-тармағының 4) тармақшасына, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 61-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 98-ө Өкіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Ғылыми-техникалық кеңес туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Медицина және фармацевтика ғылымын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 502 бұйрығы;
Тармақша 2
2) «Медицина және фармацевтика ғылымын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы №502 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № 978 бұйрығының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ғылыми-техникалық кеңес туралы ереже
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы «__» қыркүйектегі №__ бұйрығына қосымша Ғылыми-техникалық кеңес туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ғылыми-техникалық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Ереже ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрі – ҒТК) қызметінің құқықтық және ұйымдарстырушылық негіздерін айқындайды.
Тармақ 3
3. ҒТК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың басым бағыттары жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, сондай-ақ ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында құрылады.
Тармақ 4
4. ҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. ҒТК-нің негізгі міндеттері мен функциялары
2-тарау. ҒТК-нің негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. ҒТК-нің қызметі мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы ғылым және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға ұсыныстар әзірлеу және жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет саласындағы заңнамалық актілерін жетілдіру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға жіберетін қаражатты аудару мен бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу және шараларды іске асыру;
Тармақша 5
5) салалық ғылыми ұйымдар мен технологиялық және инновациялық қызмет ұйымдарын дамытуға ұсыныстар әзірлеу және қатысу;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау;
Тармақша 7
7) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалардың енгізілу нәтижелеріне талдау жүргізу;
Тармақша 8
8) ғылыми білімдерді денсаулық сақтау саясаты мен практикасына трансляциялауға, реформалар мен басқарушылық шешімдерді әзірлеуде ғылыми негізделген тәсілді қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Тармақ 6
6. ҒТК өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми зерттеулерді, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ҒЗТКЖ, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру мәселелері бойынша:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын іске асыру мақсатында мамандандырылған бағыттарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 2
2) Министрліктің ғылыми-техникалық және ғылыми-технологиялық міндеттері мен бағдарламаларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған техникалық шарттарды әзірлеу кезінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау саласындағы жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін қаржыландыру нысандары мен көлемдерін айқындау үшін ғылым саласындағы уәкілетті органға жіберілген өтініштерді қарайды;
Тармақша 7
7) денсаулық сақтау саласында ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығы, ғылыми-техникалық деңгейі, перспективалары, даму дәрежесі, қаржыландырудың сұралатын көлемінің экономикалық орындылығы жөніндегі ұсынымдарды қарайды және әзірлейді;
Тармақша 8
Тармақша 8
8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалардың енгізілу нәтижелеріне, олардың денсаулық сақтау жүйесінің сапасына, қолжетімділігіне және орнықтылығына, әлеуметтік және экономикалық әсеріне ықпалын ескере отырып, талдау жүргізеді;
Тармақша 9
9) денсаулық сақтау саласындағы реформаларды, нормативтік өзгерістер мен басқарушылық шешімдерді ғылыми тұрғыдан негіздеу мақсатында ғылыми-талдамалық шолулар мен Policy Brief (нақты деректерге негізделген талдамалық анықтамалар) әзірлеуді және қарауды ұйымдастырады. Мемлекеттік технологиялық саясат және инновацияны мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері бойынша:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы технологиялық дамудың басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы инновациялық-технологиялық дамыту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлейді;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жүйені және инновацияларды мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік технологиялық саясат жөніндегі ұсыныстарды қарайды және әзірлейді;
Тармақша 6
6) негізгі (басымдық) технологияларды, технологиялық құзыреттің салалық орталықтарын, мақсатты технологиялық бағдарламаларды және денсаулық сақтау саласындағы технологиялық платформаларды ұйымдастыруды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Тармақша 7
7) денсаулық сақтау саласындағы технологияларды іздеу жүйесін қалыптастыру және дамыту, оларды анықтау және нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 8
8) денсаулық сақтау саласындағы инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау, одан әрі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұсыныстар әзірлейді. Министрліктің міндеттерін орындау шеңберінде:
Тармақша 1
1) ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық қызметі туралы есептерді тыңдайды;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖООКББҰ), кәсіпкерлік субъектілерімен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен жоғары технологиялық өнімдерді шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды енгізуді жүзеге асыратын бірлескен өндірістерді құру мақсатында ынтымақтастық мәселелерін қарайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша тиісті ұсынымдар әзірлей отырып, мәселелерді қарайды;
Тармақша 4
4) бағынысты ғылыми ұйымдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын қарау және келісу;
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызметтерді, ҒҒТҚН коммерцияландыру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау ұйымының оған денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру туралы ұсынымын қарайды және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру туралы ұсынысты мақұлдау не мақұлдау (негіздемемен) беруден бас тарту туралы ұсыным шығарады;
Тарау 3. 3-тарау. ҒТК қызметін ұйымдастыру
3-тарау. ҒТК қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. ҒТК құрамын Министрлік ғылыми қоғамдастықтың және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы заңды тұлғалардың ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі бекітеді.
Тармақ 8
8. ҒТК төрағадан, төрағаның екі орынбасарынан және тұрақты мүшелерінен тұрады. ҒТК құрамына денсаулық сақтау саласындағы жетекші ғалымдар, мемлекеттік органдар мен даму институттарының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ұлттық холдингтер мен компаниялардың өкілдері, Ұлттық ғылыми кеңестің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың мүшелері кіреді.
Тармақ 9
9. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.12.2025 № 168 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 10
10. ҒТК құрамына сайланатын ғалымдар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 2
2) ҒТК құрамы қалыптасқан күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің жұмыскерлері болып табылатын немесе шетелдік ғылыми ұйымдарда немесе ЖООКББҰ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын ғылым докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның реттелетін салаларында ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл болуы тиіс.
Тармақ 11
11. ҒТҚ құрамының 70%-нан (жетпіс пайыз) аспайтын, жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл:
Тармақша 1
1) тиісті мемлекеттік органдар ұсынған мемлекеттік органдардың;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның реттелетін салаларында тиісті ұйымдар ұсынған ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың;
Тармақша 3
3) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің жұмыскерлерінен және (немесе) сарапшыларынан қалыптастырылады;
Тармақша 4
4) ұлттық ғылыми кеңестердің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың мүшелері.
Тармақ 12
12. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.12.2025 № 168 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 13
13. ҒТК төрағасы және төраға орынбасарлары ҒТК бірінші отырысында ҒТК мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы ҒТК мүшелерінің қатарынан сайланады.
Тармақ 14
14. ҒТК төрағасы:
Тармақша 1
1) отырыстарда төрағалық етеді және оның қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) даулы мәселелерді талқылауда алқалылықты қамтамасыз етеді,
Тармақша 3
3) ҒТК отырыстарын өткізудің күн тәртібін, күнін, уақытын, орнын және нысанын айқындайды;
Тармақша 4
4) ҒТК отырыстарының хаттамаларына қол қояды;
Тармақша 5
5) ҒТК шешімдерінің іске асырылуына жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасарларының бірі орындайды. Орынбасарлар тарапынан функционалдық міндеттердің атқарылу тәртібі ҒТК отырысында айқындалады.
Тармақ 16
16. ҒТК жанынан ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыруды және ҒТК отырысына шығарылатын бейіндік мәселелерді қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған секциялар (бұдан әрі – Секциялар) құрылады.
Тармақ 17
17. Секцияның атауы, оның дербес құрамы, сондай-ақ Секцияның жұмыс органы ҒТК отырысында бекітіледі. Тиісті бейін бойынша Секцияның жұмысына тартылатын сарапшылардың құрамы Секция басшысының ұсынымы бойынша ҒТК шешімімен бекітіледі. Тартылған сарапшылар Секцияның жұмысына дауыс беру құқығынсыз қатысады. Секция жұмысы барысында шешім қабылдау кезінде дауыстар тең болған жағдайда Секция басшысының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 18
18 ҒТК құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және мүшелерінің саны тақ болып, кемінде 9 (тоғыз) адамнан және 25 (жиырма бес) адамнан аспауға тиіс.
Тармақ 19
19. ҒТК жұмысы күндізгі және сырттай отырыстар нысанында жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда ҒТК отырыстары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен байланыс жүйелерін пайдалана отырып өткізілуі мүмкін.
Тармақ 20
20. ҒТК қажеттілігіне қарай жиналады, бірақ жылына кемінде екі рет. Егер отырысқа оның мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысқанда, ҒТК шешім қабылдайды.
Тармақ 21
21. ҒТК-ның жұмыс органының лауазымды тұлғасы болып табылатын хатшы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) отырыстарға арналған материалдарды дайындау, жинау және жүйелеу;
Тармақша 2
2) ҒТК мүшелері мен шақырылған тұлғаларға ҒТК отырыстарының өтетіндігі туралы хабарламаларды уақтылы жіберу;
Тармақша 3
3) отырыстардың күн тәртібін қалыптастыру, отырыстарды хаттамалау;
Тармақша 4
4) ҒТК шешімдерінің жобаларын дайындау және отырыстардан кейін хаттамаларды ресімдеу.
Тармақ 22
22. Отырыс хаттамалары, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар, есептер, актілер Министрлікке беріледі және «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) сәйкес сақталады .
Тармақ 23
23. ҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ҒТК-нің отырысына қатысқан мүшелердің жалпы санының кемінде 2/3-і дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болғанда, шешуші Төрағаның дауысы болады. Хатшы ҒТК мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді. Дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша ҒТК мүшелерінің ерекше пікірі болған жағдайда, Хатшы хаттамаға тиісті жазба енгізеді. ҒТК мүшесінің шешімдер қабылдау және дауыс беруден негізсіз бас тартуына болмайды. Қабылданған шешімдер хаттамамен рәсімделеді және оған Төраға, ҒТК мүшелері мен Хатшы қол қояды. Хаттамалардың көшірмелері ҒТК мүшелеріне жіберіледі.
Тармақ 24
24. ҒТК жұмыс органы Министрліктің құрылымдық бөлімшесі немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.
Тармақ 25
25. Жұмыс органы ҒТК қызметін қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақша 1
1) ҒТК жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде отырыс өткізілгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын ҒТК мүшелеріне жіберілетін материалдарды дайындауды;
Тармақша 2
2) жыл сайынғы негізде ҒТК мүшелерінен Тізбені қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жинауды;
Тармақша 3
3) ҒТК жұмысы туралы жоспарлар мен есептер жасайды және орындалуын үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) ҒТК мүшелеріне отырыс өткізуге 5 (бес) жұмыс күні қалғанға дейін жіберілетін материалдарды жинау.
Тармақ 26
26. ҒТК жұмыс органы жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Министрлікке және ғылым саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңнің қорытындылары бойынша ҒТК жұмысы туралы ақпарат ұсынады.