О порядке информирования о приобретении акций открытого народного акционерного общества Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ашық халықтық қоғамның акцияларын сатып алу туралы хабарлау тәртібі туралы "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi заңының 29-бабының 4-шi және 5-тармақтарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ашық халықтық акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының бес және одан да көп процентiн жеке немесе өзiнiң аффилиирленген тұлғаларымен бiрлесiп соңғы он екi ай iшiнде немесе бiрден сатып алған тұлға (бұдан әрi "Инвестор" деп аталады) Ұлттық комиссияға және осы акциялардың бағасын кесетiн, сауда-саттық ұйымдастырушыға осындай акцияларды сатып алу жөнiндегi соңғы мәмiле тiркелген күннен бастап жетi күн iшiнде осы Қаулының 1-қосымшасындағы үлгi бойынша бұл туралы ақпарат беруге мiндеттi екендiгi белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Инвестордың жазбаша ескертпенiң 9, 10-тармақтарындағы және 12-тармақтың 9) және 10) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтерi тиiстi бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрмелермен расталу керек екендiгi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Монополияға қарсы заңдарды сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органды, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiн Инвестордан алынған ақпаратпен бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабар жариялау не осы мақсат үшiн Ұлттық комиссияның таңдаған өзге де тәсiлi арқылы таныстыруға Ұлттық комиссияның құқылы екендiгi белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Басқа 8. Акциялардың iрi пакетiн сатып алу туралы Ақпарат
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының 1998 жылғы 3 қарашадағы N 187 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына Көшiрмесi: (бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының атауы)<1> ________________ <1> Осы ақпарат бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушыға ашық халықтық акционерлiк қоғам акцияларының бес және одан да көп процентi соңғы он екi ай iшiнде сатып алынған жағдайда берiледi. Акциялардың iрi пакетiн сатып алу туралы Ақпарат Мен(бiз) осымен, мына мекен-жайда (қоғамның орналасқан жерi) орналасқан (қоғамның атауы)<2> (бұдан әрi "Қоғам" деп аталады) ашық халықтық акционерлік қоғамының дауыс беретiн акцияларының_________ (сатып алынған шығарылған дауыс беретiн акцияларының үлесi процентпен, үтiрден кейiн екi белгiмен)<3> процентiн соңғы он екi ай iшiнде/бiрден (қажетсiзiн сызып тастау керек) өзiм/аффилиирленген тұлғалармен бiрлесiп (қажетсiзiн сызып тастау керек) сатып алғандығымды (алғанымызды) ескертемiн(мiз). ____________________ <2> Қоғамның атауы және орналасқан жерi туралы мәлiметтер қоғамның акцияларын ұстаушылары тiзiлiмiнен жасалған көшiрмеге немесе қоғамның акцияларын нақтылы ұстаушыдағы шоттан жасалған көшiрмеге сәйкес көрсетiледi. <3> Дауыс беретiн шығарылған акциялардың жалпы санынан сатып алынған акциялардың үлесi туралы мәлiметтi қоғамның тiзiлiм ұстаушысынан алынуы немесе нақтылануы мүмкiн. Өзiм(мiз) туралы мынадай мәлiметтердi хабарлаймын(мыз):
Тармақ 1
1. Хабарлаушының аты (атауы)<4>. Жеке тұлға - хабарлаушының оның жеке өзiн куәландыратын құжатқа сәйкес аты немесе заңды тұлға - хабарлаушының оны Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке (Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшiн) немесе хабарлаушыны заңды тұлға ретiнде тiркеу туралы құжатқа (шетелдiк заңды тұлғалар үшiн) сәйкес атауы. ___________________________ <4> Шетелдiк тұлғалар және азаматтығы жоқ тұлғалар (ТМД-ға мүше елдердiң азаматтары және заңды тұлғалары туралы мәлiметтердi Қоспағанда) туралы мәліметтер латын әрiптерiмен толтырылады.
Тармақ 2
2. Хабарлаушының қатыстылығы. Жеке тұлға - хабарлаушының азаматтығы (азаматтығын немесе азаматтығы жоқ екендiгiн көрсету) немесе заңды тұлға - хабарлаушыны заңды тұлға ретiнде тiркелген ел.
Тармақ 3
3. Заңды тұлға - хабарлаушының ұйымдық-құқықтық нысаны.
Тармақ 4
4. Хабарлаушының тiркелу мәлiметтерi. Жеке тұлға - хабарлаушының жеке өзiн куәландыратын құжаттың нөмiрi, берiлген күнi және берген орган немесе заңды тұлға - хабарлаушыны Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң (Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшiн) немесе хабарлаушыны заңды тұлға ретiнде тiркеу туралы құжаттың (шетелдiк заңды тұлғалар үшiн) нөмiрi, берiлген күнi және берген орган.
Тармақ 5
5. Хабарлаушының тұрған жерi (орналасқан жерi)<5>. Жеке тұлға - хабарлаушының тұрған жерi немесе заңды тұлға - хабарлаушының оны Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес немесе осындай мәлiметтер болмаған кезде статистикалық карточкаға сәйкес (Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшiн) немесе хабарлаушыны заңды тұлға ретiнде тiркеу туралы құжатқа сәйкес (шетелдiк заңды тұлғалар үшiн) тiркелiп орналасқан жерi. _________________ <5> Бұл жерде және 6-тармақта: шетелдiк тұлғалар және азаматтығы жоқ тұлғалар (ТМД-ға мүше елдердiң азаматтары және заңды тұлғалары туралы мәлiметтердi қоспағанда) туралы мәлiметтер латын әрiптерiмен толтырылады.
Тармақ 6
6. Хабарлаушының нақты мекен-жайы. Шетелдiк жеке тұлға - хабарлаушы үшiн: Қазақстан Республикасында тұрған (келген) жерi; заңды тұлға - хабарлаушы үшiн: пошталық индексiн көрсете отырып, оның атқарушы органының орналасқан жерi.
Тармақ 7
7. Хабарлаушының коммуникациялық реквизиттерi. Хабарлаушының телефондарының, факстерiнiң, телетайптарының нөмiрлерi, электрондық поштасының мекен-жайы және халықаралық және қалааралық байланыс кодтарын көрсете отырып хабарлаушының басқа да ықтимал коммуникациялық реквизиттерi. Шетелдiк тұлға - хабарлаушы үшiн: автоматтандырылған қалааралық байланыс кодын көрсете отырып, Қазақстан Республикасындағы ықтимал байланыс телефондарының және факстерiнiң нөмiрлерi.
Тармақ 8
8. Заңды тұлға - хабарлаушының оған негiзгi кiрiс келтiретiн қызмет түрлерiнiң тiзбесi.
Тармақ 9
9. Қоғамның қызметiне ұқсас қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының шығарылған дауыс беретiн акцияларының (қатысушылардың салымдарының) жалпы санының хабарлаушыға меншiктеу құқығымен тиесiлi және хабарлаушының басқаруындағы <6> дауыс беретiн акциялардың үлесi (процентпен, үтiрден кейiн екi белгiмен). ________________________ <6> Бұл жерде және одан әрi акциялар бойынша дауыс құқығын немесе "алтын акция" бойынша вето құқығын келiсiмнiң немесе сенiмхаттың негiзiнде пайдалану акциялар басқару деп танылады.
Тармақ 10
10. Қоғамның дауыс беретiн акцияларының меншiктеу құқығымен хабарлаушыға тиесілі саны.
Тармақ 11
11. Қоғамның дауыс беретiн акцияларының хабарлаушының басқаруындағы саны.
Тармақ 12
12. Қоғамның акцияларын бiрлесiп сатып алуға ниет бiлдiрген хабарлаушының аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтер (әрбiр аффилиирленген тұлға бойынша жеке-жеке):
Тармақша 1
1) хабарлаушымен аффилиирлендiрiлу дәрежесi (сипаттама). Аффилиирлендiрiлу көзқарасы бойынша хабарлаушы мен осы тұлғаның арасындағы өзара қарым-қатынастарға қысқаша сипаттама жасау. Мысалы: "Хабарлаушының еншiлес ұйымы", "Хабарлаушыға тәуелдi акционерлiк қоғам", "Хабарлаушының басшы қызметкерi", "Хабарлаушының басшы қызметкерi бақылау жасайтын заңды тұлға". Сондай-ақ "Аффилиирленген тұлға" ұғымын қолдану практикасы туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 26 қазандағы N 181 қаулысын қараңыз;
Тармақша 2
2) аффилиирленген тұлғаның аты (атауы) <7>; ___________ <7> 12-тармақта көрсетілген мәлiметтердi берген кезде 12, 4-7-тармақтарға түсiндiрмелердi басшылыққа алған дұрыс.
Тармақша 3
3) аффилиирленген тұлғаның қатыстылығы;
Тармақша 4
4) заңды тұлға - аффилиирленген тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны;
Тармақша 5
5) аффилиирленген тұлғаның тiркелу мәлiметтерi;
Тармақша 6
6) аффилиирленген тұлғаның тұрған жерi (орналасқан жерi);
Тармақша 7
7) аффилиирленген тұлғаның нақты мекен-жайы;
Тармақша 8
8) аффилиирленген тұлғаның коммуникациялық реквизиттерi;
Тармақша 9
9) Қоғамның қызметiне ұқсас қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының шығарылған дауыс беретiн акцияларының (қатысушылардың салымдарының) жалпы санының аффилиирленген тұлғаға меншiктеу құқығымен тиесiлi және аффилиирленген тұлғаның басқаруындағы дауыс беретiн акциялардың үлесi (процентпен, үтiрден кейiн екi белгiмен);
Тармақша 10
10) Қоғамның дауыс беретiн акцияларының меншiктеу құқығымен аффилиирленген тұлғаға тиесiлi саны;
Тармақша 11
11) Қоғамның дауыс беретiн акцияларының аффилиирленген тұлғаның басқаруындағы саны.
Тармақ 13
13. Қоғамның акцияларын сатып алу бағасы (теңгемен). Осы бағалар бойынша акциялардың бағалары мен саны бойынша хабарлаушының және оның аффилиирленген тұлғасының Қоғамның акцияларын сатып алу бағалары. Мысалы: 1.000,00 теңгемен - 100 дана, 1.010,00 теңгемен - 200 дана.
Тармақ 14
14. Қоғамның акцияларын төлеудiң қолданылған тәртiбi мен нысаны. Осы бағалар бойынша акциялардың бағалары мен саны бойынша Қоғамның акцияларын төлеу үшiн хабарлаушы және оның аффилиирленген тұлғасы қолданған тәсiлдер мен нысандар. Мәлiметтердi таблица түрiнде ұсынған дұрыс.
Тармақ 15
15. Қоғамның акцияларын сатып алу үшін тартылған тұлғалардың атаулары. Қоғамның акцияларын сатып алу үшін тартылған, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын хабарлаушыға белгілі ұйымдардың атаулары не "Акцияларды үшінші тұлғаларды тартусыз жеке өзім (өзіміз) сатып аламын (мыз)" деген жазба. Заңды тұлға - хабарлаушы үшін: Басшы (лауазымы)          (қолы)             (тегі, инициалы)      М.О.      Жеке тұлға - хабарлаушы үшін: (қолы)  (тегі, инициалы)