Об утверждении Правил декларирования иностранной и национальной валют физическими лицами, следующими через таможенную границу Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін жеке адамдардың шетелдік және ұлттық валюталарды декларациялауының ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жол жүретін жеке тұлғалардың шетелдік және ұлттық валюталарды декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жол жүретін жеке адамдардың шетелдік және ұлттық валюталарды декларациялауының ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (Н.Е.Қасымов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін жеке адамдардың шетелдік және ұлттық валюталарды декларациялауының ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2030 болып тіркелген, 2002 жылғы N 48 "Нормативтік құқықтық кесімдердің бюллетенінде" жарияланған) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 14 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 6. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін жеке адамдардың шетелдік және ұлттық валюталарды декларациялауының ережесі
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Кедендік бақылау
агенттігінің төрағасы
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төрағасы
12 мамыр 2004 жыл
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2004 жылғы
13 маусымдағы N 221
бұйрығымен бекітілген
"Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы
жол жүретін жеке адамдардың
шетелдік және ұлттық
валюталарды декларациялауының
ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін жеке адамдардың шетелдік және ұлттық валюталарды декларациялауының ережесі
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 265-бабына сәйкес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелетін және Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкететін ұлттық және шетелдік валюталарды декларациялауының тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ұлттық валюта - Қазақстан Республикасының валютасы;
Тармақша 2
2) шетелдік валюта - шет мемлекеттердің валютасы;
Тармақша 3
3) резиденттер - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жері бар, оның ішінде шет елде уақытша тұратын немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрып оның мемлекеттік қызметінде болатын жеке адамдар;
Тармақша 4
4) резидент емес тұлғалар - осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлғалар.
Тармақ 3
3. Резиденттер және резидент емес тұлғалар валюталарды тікелей Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде қолда бар шетелдік және ұлттық валюталар Қазақстан Республикасының кедендік ресімдеу жүргізілетін кеден органына осы Ережеге сәйкес жолаушылар кедендік декларациясын пайдалана отырып, жазбаша нысанда декларацияланады.
Тармақ 2. 2. Валютаны Қазақстан Республикасына әкелу кезінде декларациялау
2. Валютаны Қазақстан Республикасына әкелу кезінде декларациялау
Тармақ 4
4. Резиденттердің және резидент емес тұлғалардың қолда бар шетелдік және ұлттық валюталарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаған кезде шектеусіз жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін қолда бар ұлттық және шетелдік валюталарды жазбаша декларациялау мен кедендік ресімдеу жеке тұлғаның бастамасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жеке тұлғаның әкелінетін қолда бар шетелдік валютаны жазбаша декларациялауды және кедендік ресімдеуді жүргізуден бас тартуы оны кейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетуге негіздеме болып табылатын құжаттарды ұсыну қажеттігінен босатпайды.
Тармақ 3. 3. Резиденттердің Қазақстан Республикасынан әкететін қолма-қол валютаны декларациялау
3. Резиденттердің Қазақстан Республикасынан әкететін қолма-қол валютаны декларациялау
Тармақ 7
7. Резиденттердің Қазақстан Республикасының кеден аумағынан қолма-қол ұлттық валютаны әкетуі шектеусіз және Қазақстан Республикасының кеден органына жазбаша декларациялаусыз жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Резиденттер Қазақстан Республикасының кеден аумағынан оның шыққан тегін растайтын құжаттарды ұсынбастан он мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын мөлшердегі қолма-қол шетел валютасын әкете алады.
Тармақ 9
9. Резиденттердің Қазақстан Республикасының кеден аумағынан он мың АҚШ долларының баламасынан асатын мөлшердегі қолма-қол шетелдік валютаны әкетуіне осы Ереженің 10-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, рұқсат етілмейді.
Тармақ 10
10. Резиденттер осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген соманың сыртында Қазақстан Республикасының кеден аумағына оның Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінгендігін растайтын кеден декларациясында көрсетілген соманың шегінде Қазақстан Республикасына бұрын әкелінген қолма-қол шетел валютасын әкетуге құқылы.
Тармақ 11
11. Резиденттердің Қазақстан Республикасының кеден аумағынан үш мың АҚШ долларының баламасынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкетуі Қазақстан Республикасының кеден органына жазбаша декларациялауға жатпайды.
Тармақ 12
12. Резиденттердің Қазақстан Республикасының кеден аумағынан үш мың АҚШ долларының баламасынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкетуі Қазақстан Республикасының кеден органына міндетті жазбаша декларациялауға жатады. Жазбаша декларациялау әкетілетін қолма-қол шетелдік валютаның бүкіл сомасына жүзеге асырылады.
Тармақ 4. 4. Резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасынан әкететін қолма-қол валютаны декларациялау
4. Резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасынан әкететін қолма-қол валютаны декларациялау
Тармақ 13
13. Резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан қолма-қол ұлттық валютаны әкетуі шектеусіз және Қазақстан Республикасының кеден органына жазбаша декларациялаусыз жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Резидент емес тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан оның шыққан тегін растайтын құжаттарды ұсынбастан үш мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын мөлшердегі қолма-қол шетел валютасын әкете алады.
Тармақ 15
15. Резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан үш мың АҚШ долларының баламасынан асатын мөлшердегі қолма-қол шетелдік валютаны әкетуіне осы Ереженің 16-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, рұқсат етілмейді.
Тармақ 16
16. Резидент емес тұлғалар осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген соманың сыртында Қазақстан Республикасының кеден аумағына оның Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінгендігін растайтын кеден декларациясында көрсетілген соманың шегінде Қазақстан Республикасына бұрын әкелінген қолма-қол шетел валютасын әкетуге құқылы.
Тармақ 17
17. Резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан үш мың АҚШ долларының баламасынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкетуі Қазақстан Республикасының кеден органына жазбаша декларациялауға жатпайды.
Тармақ 18
18. Резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан үш мың АҚШ долларының баламасынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкетуі Қазақстан Республикасының кеден органына міндетті жазбаша декларациялауға жатады. Жазбаша декларациялау әкетілетін қолма-қол шетелдік валютаның бүкіл сомасына жүзеге асырылады.
Тармақ 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 19
19. Осы Ереженің 10 және 16-тармақтарына сәйкес қолма-қол шетел валютасын әкету үшін ұсынылатын кеден декларациясы кедендік ресімдеу жүргізілген кеден органында қалатын жолаушылардың кеден декларациясы данасына қосылады.
Тармақ 20
20. Резиденттердің және резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан төлем кәртішкелерін пайдалана отырып ұлттық және шетел валютасын әкетуі жазбаша декларациялауға жатпайды және шектеусіз жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Резиденттердің және резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан бастапқы құны (номинал) ұлттық және шетелдік валютада көрсетілген төлем құжаттарын (вексельдерді, чектерді, оның ішінде жол чектерін) әкетуі жазбаша декларациялауға жатпайды және шектеусіз жүзеге асырылады.