О городской жилищной комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Қалалық тұрғын үй комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi "Мемлекеттiк тұрғын-үй қорынан тұрғын-жай бөлу, жалға беру және пайдалануға беру тәртiбi туралы" № 1292 қаулысын жүзеге асыру мақсатында қала
әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Екiбастұз қаласының тұрғын үй қорынан тұрғын-жай бөлу жөнiндегi қалалық комиссия (бұдан былай - Комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Комиссия туралы Ереже;
Тармақша 2
2) Комиссия құрамы (1-қосымша);
Тармақша 3
3) Тастап кеткен, бос тұрған, иесiз қалған жекешелендiрiлген пәтерлердi бөлу уақытша Қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Қала әкiмдiгiнiң мына:
Тармақша 1
1) 2001 жылғы 7 желтоқсандағы "Тұрғын үй комиссиясын құру туралы" № 217/11;
Тармақша 2
2) 2002 жылғы 23 сәуiрдегi "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi "2001 жылғы 7 желтоқсандағы "Тұрғын үй комиссиясын құру туралы" № 217/11 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" № 242/8;
Тармақша 3
3) 2002 жылғы 19 тамыздағы "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 23 сәуiрдегi "Тұрғын үй комиссиясын құру туралы" № 242/8 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" № 431/13;
Тармақша 4
4) 2002 жылғы 21 қазандағы "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы "Тұрғын үй комиссиясын құру туралы" № 431/13 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" № 587/15 қаулыларының күшi жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң жедел-шаруашылық мәселелерi жөнiндегi орынбасары С.М. Көшiмбаевқа жүктелсiн.
Келiсiлдi:
Екiбастұз қалалық мәслихатының
хатшысы 2004 жылғы 2 маусым
Б. Шәймерденов
Басқа 12. Бос қалған, тастап кеткен, жекешелендiрiлген
иесiз пәтерлердi бөлудiң уақытша
қағидасы
Екiбастұз қаласы
әкiмдiгiнiң 2004 жылғы
3 маусымдағы "Қалалық
тұрғын үй комиссиясы туралы"
№ 328/6 қаулысымен
бекiтiлдi
Бос қалған, тастап кеткен, жекешелендiрiлген
иесiз пәтерлердi бөлудiң уақытша
қағидасы
Тарау 1. 1. Осы қағидалармен қолданылатын, негiзгi түсiнiктер:
1. Осы қағидалармен қолданылатын, негiзгi түсiнiктер:
тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншiк нысандарындағы тұрғын үйлер;
тұрғын үй - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгiленген техникалық, санитарлық және басқа да мiндеттi талаптарға сай келетiн жеке тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер);
тұрғын үй (тұрғын жай) - негiзiнен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және жалпы мүлiк болып табылатын өзге де бөлiктерден тұратын құрылыс;
жатақхана - мерзiмдi еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың,оқу кезеңiнде студенттер мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншiк иесiмен немесе қожайынымен мерзiмдi еңбек шарты (келiсiм-шарт) бар басқа да адамдардың тұруы үшiн арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын жай;
үй-жай - тұрғын үйдегi (тұрғын жайдағы) жеке iшкi кеңiстiк.
Үй-жай қабырғасының, еденiнiң және төбесiнiң (қабатаралық жабынның) iшкi бөлiнбеген бетi, егер заңдарда немесе меншiк иелерi арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, әрбiр үй-жайдың шекарасы болып табылады;
тұрғын үй-жай (пәтер) - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын үйдiң тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;
кондоминиум - үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң бөлек (жеке-дара) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестi меншiк құқығымен тиесiлi болатын жағдайда бiрыңғай мүлiктiк кешен ретiндегi (бұдан әрi - кондоминиум объектiсi) жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше нысаны;
үй-жайлар иелерiнiң кооперативi - көп пәтерлi тұрғын үйдегi (үйлердегi) үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кондоминиум объектiсiн басқару мақсатындағы коммерциялық емес бiрлестiгi;
тұрғын үйдi жалдау (жалға беру) - жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн ақы төлеттiрiп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;
тұрғын үйдi жалдау (жалға беру) шарты - (жалға берушi) тұрғын үйдi не оның бiр бөлiгiн жалдаушыға (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын осы шартқа сәйкес бередi;
жалға берушi - тұрғын үйдi жалдау шартындағы тұрғын үйдi меншiктенушi немесе меншiк иесi атынан iс-қимыл жасаушы болып табылатын тарап;
жалдаушы (жалға алушы) - тұрғын үйдi жалдау шартындағы тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн тұрақты немесе уақытша пайдалануға алушы тарап;
тұрғын үйдiң құны - тұрғын үйдiң мәмiле жасалған күнi белгiленетiн нарықтық құны;
коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын жайда) көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметiн көрсетудi қамтитын қызметтер;
уақытша тұрғындар - жалдаушы (тұрғын үйдiң меншiк иесi, тұрғын үй кооперативiнiң мүшесi) тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн олардан ақы алмай, тұрғын үйде уақытша тұру құқығын берген азаматтар;
тұрғын үйдi ұстауға жұмсалатын шығындар - тұрғын үйдi пайдалануға, оны ағымдағы және күрделi жөндеуден өткiзуге, сондай-ақ жер учаскесiн ұстауға қажет төлемдер қосындысы.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар тастап кеткен, бос қалған пәтерлерге жеке меншiкте тұрған және жылжымайтын мүлiктер Орталығы есебiндегi иесiз меншiктерге қатысты әрекет етедi.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар иесiз тұрғын үйдi берудiң тәртiбiн, шартын және мерзiмiн анықтайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар уақытша өтеусiз тұрғын үйдi пайдалану туралы келiсiм-шарт (бұдан былай - Шарт) жасаудың негiзi болып табылады.
Тарау 3. 3. Иесiз тұрғын үй беруге болатын тұлғалардың санаты
3. Иесiз тұрғын үй беруге болатын тұлғалардың санаты
Тармақ 4
4. Тастап кеткен, бос қалған, жекешелендiрiлген пәтерлер (бұдан былай - иесiз тұрғын үй) тұрғын үй алуға мұқтаж қазақстан Республикасының азаматтарына, тұрақты елдi жерде тұратын, аз қамтылған әлеуметтiк қорғалатын халық тобына жататын және мемлекеттiк үй қорының тұрғын үй алуға мұқтаждардың есебiнде тұрғандарға берiледi.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан осындай тұрғын үй алу үшiн есепте тұрған мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымның қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және мемлекеттiк сайлау лауазымында айналысатын тұлғаларға берiледi;
Тармақ 6
6. Иесiз тұрғын үйдi алуға, тұрғын үйлерi, ерiктi жеке меншiктерi (тұрғын үйдi бөлу туралы шешiммен пайдалануға және иемденуге; жалға алу келiсiм-шарты) азаматтардың пәтер сұраған кезiнен бастап тұрғын үй мәртебесiн жоғалтқан, не тұрғын үй мәртебесiн жоғалтпаған, бiрақ тастанды, бос, сынған пәтерлер осы тұратын үйлердiң жалпы санынан 80 пайызын құраса ғана берiледi. Аталған үйлерден пәтерлерi бар тұлғаларға, егер де оларда басқа (олардың отбасы мүшелерiнде) жеке меншiкке (жалпы, үлестiк) жататын тұрғын-жай болмаса, иесiз тұрғын үй берiледi.
Тарау 4. 4. Иесiз тұрғын үйдi берудiң шарттары
4. Иесiз тұрғын үйдi берудiң шарттары
Тармақ 7
7. Иесiз тұрғын үй осы қағиданың 3 тарауында көрсетiлгендей тұлғаларға Шарт бойынша уақытша пайдалануға берiледi.
Тармақ 8
8. Иесiз тұрғын үй анықталғанда және оған жайғастыру кезiнде оған техникалық жағдайы жөнiнде акт жасалады.
Тарау 5. 5. Иесiз тұрғын үйдi беру тәртiбi
5. Иесiз тұрғын үйдi беру тәртiбi
Тармақ 9
9. Осы Қағиданың 3 тарауында көрсетiлгендей (тұрғын үй есебiнде иесiз болып анықталған) тұлғалардың жазбаша өтiнiшiмен иесiз тұрғын үй берiледi.
Тармақ 10
10. Иесiз тұрғын үйдi беруден бас тарту жағдайында мiндеттi түрде оның себептерiн жазбаша баяндау керек;
Тармақ 11
11. Иесiз тұрғын үй алуға үмiткер тұлғалар, өтінiшпен қоса (осы Қағиданың 9 тармағында көрсетiлгендей) соңғы тiркелген орнынан, қаланың коммуналдық қызметтерi алдында қарызы жоқ екенi туралы анықтама әкелуге мiндеттi.
Тармақ 12
12. Барлық анықтамалар мен керектi құжаттар ұсынылған жағдайда өтiнiш тұрғын үй комиссиясының отырысында қаралады.
Тармақ 13
13. Иесiз тұрғын үйдi уақытша өтеусiз пайдалануға беруге дейiн, тұрғын үй қаланың коммуналдық меншiктi есептеу мәселелерiмен айналысушы уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша (әрi қарай- уәкiлеттi орган) мемлекеттiк жылжымайтын мүлiктердi тiркеумен айналысатын органға иесiз тұрғын үй ретiнде есепке тұрғызылуы керек.
Тармақ 14
14. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу есебiнде тұрған, бiрақ та келiсiм-шартпен иесiз тұрғын үйде тұратын азаматтар сот шешiмi заң күшiне енiп, тұрғын үй қаланың коммуналдық меншiгiне айналғанша есептен алынбайды.
Тарау 6. 6. Иесiз тұрғын үйдi беру мерзiмдерi
6. Иесiз тұрғын үйдi беру мерзiмдерi
Тармақ 15
15. Иесiз тұрғын үйдiң коммуналдық меншiк құқында екенiн мойындау туралы немесе тұрғын үй коммуналдық меншiктiң құқында емес екендiгi туралы сот шешiмi шыққанға дейiн, иесiз тұрғын үй бiр жыл мерзiмге берiледi (шарттық мiндеттемелер орындалған жағдайда, Шарт мерзiмдерi ұзартылады).
Тармақ 16
16. Сот шешiмi бойынша қаланың коммуналдық меншiк құқына қатысты емес деп табылған иесiз тұрғын үй өз меншiк иесiнiң пайдасына және иелiгiне қайта қабылдануы мүмкiн, немесе қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бұрынғы сатып алу күшiне қарай меншiкке сатып алынады. Бұл жағдайда Шарт бiржақты бұзылады.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй иесi пайда болған жағдайда, жалға беру шарты бойынша осы тұрғын үйде тұрып жатқан тұлғалар басқа иесiз тұрғын үй қолма-қол табылған жағдайда үйдi босатуға мiндеттi.
Тарау 7. 7. Мүлiктi коммуналдық меншiкке қабылдау салдары
7. Мүлiктi коммуналдық меншiкке қабылдау салдары
Тармақ 18
18. Сот шешiмiнiң негiзiнде қаланың коммуналдық меншiкке кiрген тұрғын үйi, сонымен бiрге иесiз тұрғын үй, мемлекеттiк тұрғын үй қорының құрамына енгiзiледi.
Тармақ 19
19. Сот шешiмiнiң қаланың коммуналдық меншiкке кiрген иесiз тұрғын үйдiң Шарт бойынша тұрып жатқан тұлғалары, тұрғын үй аукционға қойылған жағдайда сатып алуға ниет етсе, егер де осы тұрғын үйдi жөндеп және сақтап ұстағанын растайтын тиiстi құжаттары бар болса және коммуналдық қызмет көрсету орындарына қарыздар болмаса артықшылық құқына ие болады.
Тарау 8. 8. Иесiз тұрғын үйлердi жалға алу келiсiм-шарты бойынша алған тұлғалардың құқы мен мiндеттерi
8. Иесiз тұрғын үйлердi жалға алу келiсiм-шарты бойынша алған тұлғалардың құқы мен мiндеттерi
Тармақ 20
20. Иесiз тұрғын үй алған тұлғалар мынаған құқылы:
Тармақша 1
1) заңнама шеңберiнде айқындалған өз отбасы мүшелерiн алған үйiне тұрғызуға;
Тармақша 2
2) қайта жоспарлау мен қайта пiшiндеуге байланысты емес жаңарту жұмыстарын жүргiзуге;
Тармақша 3
3) коммуналдық қызметтердi пайдалануға.
Тармақ 21
21. Иесiз тұрғын үй алған тұлғалар мынаған құқылы емес:
Тармақша 1
1) 20 тармақтың 1 тармақшасында көрсетiлген жағдайдан басқа, тұрғын үйге өзге тұлғаларды тұрғызуға;
Тармақша 2
2) Шарт бойынша алған тұрғын үйдiң жағдайын төмендетуге;
Тармақша 3
3) қаланың коммуналдық қызмет орындарынан қарызын төлемей жалтаруға;
Тармақша 4
4) уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатынсыз тұрғын үйдi қосымша жалдауға;
Тармақша 5
5) қолданылып жүрген заңнамалар мен осы қағиданың нормаларына немесе келiсiм-шарттың мiндеттемелерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге баруға.
Тармақ 22
22. Шарт бойынша тұрып жатқан тұлғалар мынаған мiндеттi:
Тармақша 1
1) Шарт жасаған немесе тұрғын үйде нақты тұра бастаған кезден бастап коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге;
Тармақша 2
2) үйдi күтiп ұстау бойынша жалпы шығыстарға қатысуға;
Тармақша 3
3) алған иесiз тұрғын үйдiң техникалық жағдайын құптауға;
Тармақша 4
4) уақытша өтеусiз пайдалануға берiлген тұрғын үйдiң Шартын бұзу туралы тарапты 30 күнтiзбелiк күн бұрын ескертуге.
Тарау 9. 9. Тұрғын үй алған тұлғалардың жауапкершiлiгi
9. Тұрғын үй алған тұлғалардың жауапкершiлiгi
Тармақ 23
23. Тұрғын үйдi Шарт бойынша алған тұлғалар осы қағиданың нормалары мен Шарттың мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, мұндай Шарт бiр жақты бұзылады.
Басқа 57. Екiбастұз қаласының тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу жөнiндегi қалалық тұрғын үй комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
Екiбастұз қаласы
әкiмдiгiнiң 2004 жылғы
3 маусымдағы "Тұрғын үй
комиссиясы туралы"
№ 328/6 қаулысымен
бекiтiлген
Екiбастұз қаласының тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу жөнiндегi қалалық тұрғын үй комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қалалық тұрғын үй комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiн, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" № 94-1 Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға беру және пайдалану тәртiбi туралы" № 1292 қаулысын, осы Ереженi және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк - құқықтық актiлерiн басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия Екiбастұз қаласының тұрғын үй қорын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк тұрғын үйдi бөлу және иесiз қалған тұрғын үйдi анықтау және оған уақытша адам кiргiзу үшiн құрылды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты мен негiзгi мiндеттерi
2. Комиссияның мақсаты мен негiзгi мiндеттерi
Тармақ 4
4. Комиссияның негiзгi мақсаты Екiбастұз қаласының азаматтарының әлеуметтiк - тұрғын үй мәселелерiн шешу.
Тармақ 5
5. Екiбастұз қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй бөлуге, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың және тұрғындардың аз қамтылған бөлiгiне жататын азаматтардың, сондай-ақ бюджеттiк ұйымдардың тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерiнiң, әскери қызметшiлердiң және мемлекеттiк сайлану лауазымымен айналысатын тұлғалардың мәселелерiн қарау - Комиссияның негiзгi мiндетi болып табылады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйдi бөлу Комиссия шешiмi негiзiнде жергiлiктi атқару органының қаулысымен ресiмделедi.
Тарау 3. 3. Комиссияның негiзгi функциялары
3. Комиссияның негiзгi функциялары
Тармақ 7
7. Комиссия белгiленген заңнама тәртiбiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтардың және тұрғындардың аз қамтылған топтарына жататын азаматтардың ұсынылған есепке қою туралы өтiнiштерiн қарайды және тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу туралы оларға ұсыныс мазмұнындағы қорытынды шығарады;
Тармақша 2
2) Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан (қайта пайдалануға кiргiзiлген, не тұрушылардан босатылған), немесе иесiз пәтерлер санынан "Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгi тiркеу қызметi комитетiнiң Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" Екiбастұз филиалында есепке тұрғызылған, тұрғын үйдi беру мәселелерiне ұсыныс кiргiзедi.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқы мен жауапкершiлiгi
4. Комиссияның құқы мен жауапкершiлiгi
Тармақ 8
8. Белгiленген заңнама тәртiбiнде жүктелген басты мiндетiн және атқаратын қызметiн жүзеге асыру үшiн Комиссия мынаған:
Тармақша 1
1) Комиссияның құзырына кiретiн мәселелер бойынша қаланың мемлекеттiк мекемелерiнен, ұйымдарынан қажеттi ақпарды сұрауға;
Тармақша 2
2) қызмет барысында мамандарды, сарапшыларды және басқа тұлғаларды осы және басқа мәселелердi шешу үшiн тартуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес басқа да билiктi жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 9
9. Комиссия өз қызметi барысында жергiлiктi атқару органының алдында жауапты.
Тарау 5. 5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Комиссия құрамында төрағасы (қала әкiмiнiң орынбасары), төрағаның орынбасары, комиссия мүшелерi және комиссия хатшысы құрылады.
Тармақ 11
11. Комиссия құрамындағы өзгерiстер Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiледi.
Тармақ 12
12. Комиссияны комиссия қызметi жұмысын ұйымдастыратын және басшылық жасайтын, Комиссияға жүктелген мiндеттерге жеке жауапты болатын және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын, өз құзыры аясында Комиссияның барлық мүшелерiне қатысты тапсырмалар мен нұсқаулар беретiн, Комиссия мәжiлiсiн жүргiзетiн, Комиссия хаттамасына қол қоятын Төраға басқарады.
Тармақ 13
13. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн құрастырады;
Тармақша 2
2) Комиссия мүшелерi мен шақырылғандардың келуiн және комиссия шешiмiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың және басқа мүдделi тұлғалардың жұмысын үйлестiредi;
Тармақша 4
4) Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасын жүргiзедi және жасайды.
Тармақ 14
14. Комиссия мүшелерi комиссия жұмысына қатысады, өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауға жауапкершiлiктi атқарады.
Тармақ 15
15. Комиссия мәжiлiсi жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде (айына бiр реттен кем емес) өткiзiледi, әрi ол комиссия мәжiлiсiнде қабылданады және төрағамен бекiтiледi.
Егер де мәжiлiсте Комиссияның құрамы ең аз дегенде 2/3 қатысса, Комиссия қорытындысы құқықты деп есептелiнедi.
Тармақ 16
16. Мәжiлiске қатынасқан мүшелерiнiң жалпы саны есебiнiң нәтижесiмен Комиссия қорытынды шығарады.
Тең дауыста төраға дауысы шешушi дауыс болып табылады.
Тармақ 17
17. Комиссия мәжiлiсi хаттамалармен ресiмделедi.
Тармақ 18
18. Комиссия мүшелерi өзгеше пiкiрде болуға құқықты, егер де ол айтылған жағдайда, хаттамаға кiргiзiлуi керек, жазбаша түрде баяндалып және Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына қоса тiркелуi қажет.
Тармақ 19
19. Егер де шұғыл шешiм (отырыс) қабылдау қажет болса, Комиссия төрағасының ұсынысымен кезектен тыс Комиссия мәжiлiсi өткiзiлуi мүмкiн.
Басқа 91. Қалалық тұрғын үй комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 3 маусымдағы
"Қалалық тұрғын үй
комиссиясы туралы"
№ 328/6 қаулысына
1 қосымша
Қалалық тұрғын үй комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Көшiмбаев
Серiк Мұқиұлы
- қала әкiмiнiң жедел шаруашылық мәселелерi
жөнiндегi орынбасары, комиссия төрағасы
Смаилов
Абай Бабылбекұлы
- "Екiбастұз қаласының коммуналдық меншiк
басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары
Сейiтжапарова
Сәуле Серiкқызы
- "Екiбастұз қаласының коммуналдық меншiк
басқармасы" мемлекеттiк мекемесi тұрғын үйдi
есепке алу және бөлу жөнiндегi бөлiмiнiң
жетекшi маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi:
Базылов
Мәдениет Зайырұлы
- "Екiбастұз қаласы әкiмiнiң аппараты"
мемлекеттiк мекемесi құқық жұмысы бөлiмiнiң
бастығы
Жұмадiлова
Шолпан Сабырқызы
- "Екiбастұзкоммунсервис" мемлекеттiк
коммуналдық кәсiпорнының ақпарат және
азаматтардың есебiн жүргiзу бөлiмiнiң
бастығы
Кашигина
Евгения Павловна
- "Екiбастұз қаласы әкiмiнiң халықты
әлеуметтiк қорғау басқармасы" мемлекеттiк
мекемесiнiң үйге барып әлеуметтiк көмек
көрсету бөлiмiнiң меңгерушiсi
Рамазанов
Самат Жайынұлы
- қалалық мәслихат депутаты,
"Промсервис-Отан" жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiгiнiң кадр және iс жүргiзу
бөлiмiнiң бастығы (келiсiм бойынша)
Дзеитов
Ахмет Якубович
- Екiбастұз қалалық мәслихаты тексеру
комиссиясының төрағасы (келiсiм бойынша)