Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба на территории села Аққулы сельского округа Аққулы района Аққулы Күшін жойған
Басқа 0
Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес, Аққулы ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 1 қазандағы № 9 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасы негізінде, Аққулы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бірінші көтергіш күрделі су құбыры сумен жабдықтау жүйесінде орын алған авариялық жағдайға байланысты Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Аққулы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.