Об установлении водоохранных зон и полос водных объектов Карагандинской области, режима и особых условий их хозяйственного использования Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобалау құжаттары және түзетулері негізінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Басқа 0. Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/03 қаулысына 1-қосымша Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері № Су объектісінің атауы Орналасқан жері Су қорғау аймағының ені (метр) Су қорғау белдеуінің ені (метр) Қарағанды қаласы 1 Кіші Бұқпа өзені Қарағанды қаласы 75-500 35-100 2 Үлкен Бұқпа өзені Қарағанды қаласы 500 35-100 3 Солонка өзені Қарағанды қаласы 300-500 50-100 4 Веснянка өзені Қарағанды қаласы 500 35-100 5 Көкпекті өзені Қарағанды қаласы 500 35-75 6 Узенка өзені Қарағанды қаласы 500 35-100 7 Ащилыайрық өзені Қарағанды қаласы 500 35-100 Балқаш қаласы 8 Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады) Балқаш қаласы 500-3170 35-100 Приозерск қаласы 9 Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады) Приозерск қаласы 500-3170 35-100 Саран қаласы 10 Саран су қоймасы Саран қаласы, Карагандинка өзеніңде 500 35-100 Шахтинск қаласы 11 Тентек өзені Шахтинск қаласы 500 35-50 Абай ауданы 12 Тентек өзені Абай ауданы 500 35-50 13 Сасықкөл көлі Абай ауданы, Шахтинск қаласының оңтүстік-батысқа қарай 8 километр 500 35-100 14 Шерубай-Нұра су қоймасы Абай ауданы, Топар кентінің оңтүстік-батысқа қарай 3 километр жерде, Шерубайнұра өзенінде 500 35-100 15 Топар өзені Абай ауданы 500 35-50 16 Сулу өзені Абай ауданы 500 50 17 Есен өзені Абай ауданы 500 35-75 Ақтоғай ауданы 18 Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы 342,0 метр таңбаланудағы су қиылысында қабылданады) Ақтоғай ауданы 500-3170 35-100 19 Зеленый аралы орналасқан шегінде Балқаш көлі (су қорғау аймағы мен белдеуінің ішкі шекарасы балтық жүйесінің 342,0 метр белгісіндегі су кемері бойынша қабылданған) Ақтоғай ауданы 500 35 20 Тоқырау өзені (су қорғау аймағы мен жолағының ішкі шекарасы суару кезеніндегі орташа көпжылдық межендік дәрежедегі су қиылысында қабылданады) Ақтоғай ауданы 500-3500 55-100 21 Қусақ өзені Ақтоғай ауданы 500 35 22 Жәмші өзені Ақтоғай ауданы 500-1300 55-100 23 Қараменды өзені Ақтоғай ауданы 500 35-50 24 Мойынты өзені Ақтоғай ауданы 500 55-100 25 Ақтайлақ өзені Ақтоғай ауданы 500 35-36 26 Қаршығалы өзені Ақтоғай ауданы 500 35-36 Бұқар-Жырау ауданы 27 Шідерті өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 100 28 Шайлы өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 55-100 29 Көкпекті өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 35-75 30 Узенка өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 35-100 31 Ащилыайрық өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 35-100 32 Ошағанды өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 35-75 33 Көкпекті су қоймасы Бұқар-Жырау ауданы, Көкпекті ауылынан шығысқа қарай 2 километр жерде, Көкпекті өзенінде 500 35-50 34 Ащысу су қоймасы Бұқар-Жырау ауданы, Қарағанды қаласынан солтүстік-шығыс бағытта 90 километр жерде 500 35-75 35 Баймырза өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 55-100 36 Шоқай өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 55-100 37 Ащысу өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 35-75 38 Шоқай су қоймасы Бұқар-Жырау ауданы, Баймырза селосынан солтүстікке қарай 0,5 километр жерде 500 100 39 Өткелсіз өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 55-100 40 Қарасу (Жартас) өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 35-75 41 Теректы өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 35-75 42 Алтынсу өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 35-75 43 Аделсу өзені Бұқар-Жырау ауданы 500 35-75 Қарқаралы ауданы 44 Қарасор көлі Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 километр жерде 500 35-50 45 Талды өзені Қарқаралы ауданы 500 35-100 46 Балықтыкөл көлі Қарқаралы ауданы, Қоянды кентінең оңтүстік-шығысына қарай 500 35-75 47 Жарлы өзені Қарқаралы ауданы 500 75-100 48 Матақ өзені Қарқаралы ауданы 500 50-75 49 Каркаралинка өзені Қарқаралы ауданы 500 35-100 50 Тұндық өзені Қарқаралы ауданы 500 35-75 51 Аделсу өзені Қарқаралы ауданы 500 35-75 52 Үлкен Қарқаралы көлі Қарқаралы ауданы 500 35-100 Нұра ауданы 53 Балықты көлі Нұра ауданы 500 35-50 54 Бикеш өзені Нұра ауданы 500 100 55 Сарыозек өзені Нұра ауданы 500 35-50 56 Ащилы өзені Нұра ауданы 500 35-50 57 Қыпшақ өзені Нұра ауданы 500 35-50 58 Керей өзені Нұра ауданы 500 35-50 Осакаров ауданы 59 Шідерті өзені Осакаров ауданы 500 100 60 Ошағанды өзені Осакаров ауданы 500 35-75 61 Бикеш өзені Осакаров ауданы 500 100 62 Баймырза өзені Осакаров ауданы 500 55-100 63 Қарғалы өзені Осакаров ауданы 500 50 64 Тоқсымақ көлі Осакаров ауданы, Озерный ауылдық округінің солтүстік-батысына қарай 10 километр жерде 500 35-100 65 Есіл су қоймасы Осакаров ауданы, Есіл өзенінен 40 километр жерде 500 35-100 66 Есіл өзені Осакаров ауданы 500 35-75 67 Шоқай өзені Осакаров ауданы 500 55-100 68 Оленты өзені Осакаров ауданы 500 75-100 69 Ақбастау өзені Осакаров ауданы 500 35-55 Шет ауданы 70 Тұматай өзенінің учаскесі Шет ауданы 500 35 71 Краснополянский су қоймасы Шет ауданы, Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай 70 километр жерде 500 35-100 72 Сарыбұлақ өзені Шет ауданы 500 100 73 Шажағай өзені Шет ауданы 500 100 74 Жәмші өзені Шет ауданы 500-1300 55-100 75 Талдыманака өзені Шет ауданы 500 50 76 Курманака өзені Шет ауданы 500 50 77 Талдыэспе өзені Шет ауданы 500 50 78 Сулу өзені Шет ауданы 500 50 79 Мойынты өзені Шет ауданы 500 55-100 80 Есен өзені Шет ауданы 500 35-75 81 Апарсу өзені Шет ауданы, «Солтүстік Қатпар» кен орнының жоспарланған қызметінің іргелес учаскесі 500 35
Басқа 1. Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары
Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/03 қаулысына 2-қосымша Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
Басқа 2. Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі
Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/03 қаулысына 3-қосымша Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 09/10 «Қарағанды облысының шекарасындағы Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде, «Қазақмыс Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Балқашцветмет» Өндірістік Қоғамының профилакториясы орналасқан Балқаш көлінің жағалау учаскесі мен Тоқырау өзені үшін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1891 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/01 «Қарағанды облысының Матақ, Жарлы, Каркаралинка өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1908 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 «Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шажағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1910 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/05 «Қарағанды облысының Саран, Ащысу, Шоқай, Көкпекті, Краснополянский, Шерубай-Нұра су қоймаларында, Сасықкөл, Балықтыкөл, Қарасор, Балықты көлдерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1912 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 61/02 «Қарағанды облысының Шайлы, Ащысу, Өткелсіз, Шоқай, Ошағанды, Баймырза, Бикеш, Тентек, Шідерті өзендерінде су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 2873 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 61/03 «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қусақ өзенінде су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 2874 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 61/04 «Қарағанды облысының Қарғалы өзенінде және Тоқсымақ көлінде су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 2875 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 14/01 «Қарағанды облысының Тұматай өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5218 болып тіркелген).
Тармақ 9
9. Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 09 сәуірдегі № 21/01 «Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5288 болып тіркелген).
Тармақ 10
10. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 88/04 «Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 «Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шажағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6142 болып тіркелген).
Тармақ 11
11. Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 29/02 Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/01 «Қарағанды облысының Матақ, Жарлы, Каркаралинка өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6326 болып тіркелген).
Тармақ 12
12. Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 33/03 «Зеленый аралы орналасқан шегінде Балқаш көлінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6341 болып тіркелген).
Тармақ 13
13. Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 03/01 «Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26563 болып тіркелген).
Тармақ 14
14. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 88/05 «Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/03 «Қарағанды облысының Ащилыайрық, Кіші Бұқпа, Үлкен Бұқпа, Солонка, Узенка, Веснянка, Көкпекті, Талды, Шажағай, Сарыбұлақ өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 6141 болып тіркелген).