Об утверждении Правил осуществления переводов обеспеченных цифровых активов Күшін жойған
Басқа 0
Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 13-9)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидалары бекітілісін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жедел талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігі төрағасының
міндетін атқарушы
2024 жылғы 30 қазандағы
№ 5 бұйрығымен бекітілді
Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заң) 16-бабының 13-9)-тармақшасына сәйкес әзірленді және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыруы тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің айналыcын жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің айналыcын жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 2
2. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі – Тұлға) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаны пайдалануды жүзеге асыратын және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсаты бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы, дара кәсіпкер болып табылады.
Тармақ 3
3. Цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналысы жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсатты береді.
Тармақ 4
4. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді аудару ақпараттық жүйе қолданушылары арасындағы келісімге сәйкес мәліметтерді ақпарттық жүйеге енгізу жолымен цифрлық активтерді ақшаға және өзге де мүлікке иеліктен шығару, сатып алу, айырбастауды қоса алғанда, қамтамасыз етілген цифрлық активтерге құқықтарды куәландыру және олардың ауысуы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Тұлға клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің атынан қамтамасыз етілген цифрлық активтерді жөнелту немесе алу кезінде аударымның және онымен байланысты кез келген хабарламаның жөнелтуші және алушы туралы нақты ақпаратты қамтитынына көз жеткізеді және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 7-бабына сәйкес шаралар қабылдайды.
Тармақ 6
6. Тұлға КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 10 және 10-1 баптарына сәйкес белгіленген шекті мәндерден асатын операцияларды мониторингтеу, айқындау және хабарлау, күдікті әрекеттерді анықтау үшін бақылау рәсімдерін, жүйелері мен құралдарын құрайды және қолдайды.
Тармақ 7
7. Тұлға қамтамасыз етілген цифрлық активтердің барлық аударымдарымен бірге ілесіп жүретін ақпараттың:
Тармақша 1
1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес жөнелтушінің (оның өкілінің) және алушының деректерін;
Тармақша 2
2) жөнелтушінің/алушының банктік шотының нөмірін (бар болса);
Тармақша 3
3) жөнелтушінің/алушының мекен-жайын;
Тармақша 4
4) жөнелтушінің және алушының сәйкестендіру нөмірін қамтуы үшін шаралар қабылдайды;
Тармақша 5
5) шот болмаған жағдайда операция нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Тұлға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, соның ішінде оларды барынша азайту бойынша (клиенттердің қызметтеріне (өнімдеріне), сондай-ақ клиенттер жасайтын операцияларға қатысты) рәсімдерді әзірлейді.
Тармақ 9
9. Тұлға басшылық қызметкерлер қатарынан немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшылар қатарынан ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты тұлғаны тағайындау туралы талапты, сонымен қатар ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты қаржы мониторингі субъектілеріне қойылатын өзге де талаптарды, соның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес мінсіз іскерлік беделдің болуы туралы талапты орындайды.
Тармақ 10
10. Тұлға қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарына қатысты мәліметтер мен ақпаратты қаржылық мониторинг бойынша уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының № 13 бұйрығымен бекітілген, Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 26924 болып тіркелді) сәйкес электрондық әдіспен жолдайды.
Тармақ 11
11. Тұлға құжаттардың көшірмесін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап бес жыл бойы сақтайды.