Об утверждении Правил осуществления государственных закупок с применением особого порядка Қолданыста
Басқа 0
Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Басқа 1. Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі 2024 жылғы
7 қазандағы № 671
бұйрығына 1-қосымша
Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары
Тармақ 1
1. Осы ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім беруші – мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум), сондай-ақ Заңның 27-бабының 6-тармағымен көзделген жағдайлардағы кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға;
Тармақша 2
2) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
Тармақша 3
3) жұмыстар – заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;
Тармақша 4
4) конкурстық баға ұсынысы – конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған, конкурсқа қатысуға өтінімге қоса берілетін баға;
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесi жоқ қызмет;
Тармақша 6
6) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) – Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;
Тармақша 7
7) бірыңғай сатып алу платформасы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол мемлекеттiк сатып алудың және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынады;
Тармақша 8
8) өнім беруші – тапсырыс берушiмен жасасқан шартта оның тарапы ретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум), сондай-ақ Заңның 27-бабының 6-тармағымен көзделген жағдайлардағы кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға;
Тармақша 9
9) тапсырыс берушілер – мүліктік кешендер ретіндегі мемлекеттік кәсіпорындарды, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес, кейіннен сатып алу құқығымен жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
Тармақша 10
10) тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, зияткерлiк меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;
Тармақша 11
11) уәкілетті өкіл – веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталда барлық іс-қимылдарды атқаруға, соның ішінде электрондық құжаттардың көшірмелерін куәландыруға уәкілеттілік берілген веб-порталға қатысушының қолданушысы.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда пайдаланатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
2-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
Тармақ 4
4. Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын болса, құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші бекітілген не нақтыланған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) негізінде қабылдайды.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Заңның 16-бабы 3-тармағының 3), 6), 21), 22) және 24) тармақшаларына сәйкес сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың бекiтiлген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берiлмейдi.
Бұл ретте, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сомалар, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) бекіту кезінде алдын ала төлемнің (аванстың) мөлшерін қосылған құн салығын есепке алмай көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) тиісті бюджет (даму жоспары), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.
Тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде тапсырыс беруші қажет болса тиісті бюджет бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар болып табылатын тапсырыс берушілер қажет болса даму жоспары немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Көрсетілген жағдайларда мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілгенге дейінгі сатыларда да жеке, сол сияқты ол нақтыланғанға дейінгі сатыларда да әзірленеді және бекітіледі.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу Заңға сәйкес жүзеге асырылады және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам бекітеді.
Тарау 3. 3-тарау. Ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
3-тарау. Ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
Тармақ 7
7. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ алда болатын мемлекеттік сатып алуда өзінің мүдделерін білдіретін лауазымды адамын айқындайды.
Тармақ 8
8. Тапсырыс берушінің өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет ете алады.
Тапсырыс беруші қажет болса мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы етіп тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені айқындайды.
Тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші қажет болса мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді.
Тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші қажет болса олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындайды.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қажет болса өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын бірнеше заңды тұлғаның, ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың арасынан олар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындайды.
Мемлекеттік кәсіпорын қажет болса өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға қажет болса өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді.
Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет еткен жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарда өзінің атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері қатарынан айқындалады.
Тармақ 9
9. Ұйымдастырушы осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес айқындалған кезде, тапсырыс берушілер ұйымдастырушыға не мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға олар белгілеген мерзімде конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде:
Тармақша 1
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарынан үзінді көшірмені;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам қол қойған және әр парағын дәйектеген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін және техникалық ерекшелігін;
Тармақша 3
3) конкурстық және сараптау комиссияларының құрамына енгізу үшін кандидатураны (сарапшыны);
Тармақша 4
4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі рәсімдерге қатысу үшін тапсырыс берушінің уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерді;
Тармақша 5
5) құрылыс жұмыстарын сатып алған кезде құрылыс объектісіне жобалау-сметалық құжаттаманы;
Тармақша 6
6) маңызды шарттарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын.
Тармақ 10
10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген ақпарат өзгерген кезде, тапсырыс беруші бұл туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны дереу хабардар етеді.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) қатысқан кезде, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өздерінің біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалардың (консорциумның) мүшелері арасында жасалған нотариат куәландырған ортақ жауапкершілік шартын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
Тармақша 2
2) бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шартта көзделген қызмет бөлiгiнде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына арналған тиiстi лицензиялардың нотариат куәландырған көшірмелерін не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияларды беруге тиіс.
Консорциумның бір немесе бірнеше қатысушысы тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес, айналысу үшін рұқсат алу қажет болатын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын құқық қабілеттілігі болуы бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, консорциум біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады.
Бұл ретте, консорциумның негізгі қатысушысының Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес, айналысу үшін рұқсат алу қажет болатын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын құқықтық қабілеттілігі өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасына сәйкес болады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері
4-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері
Тармақ 12
12. Мемлекеттік сатып алу мынадай:
Тармақша 1
1) конкурс;
Тармақша 2
2) бір көзден алу;
Тармақша 3
3) электрондық дүкен арқылы тәсілдерінің бірімен жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Қағидаларға сәйкес айқындайды.
Тарау 5. 5-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
5-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
Тармақ 13
13. Конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстық құжаттаманың мәтіндерін конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама), конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашудың қол қойылған хаттамаларын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушілердің интернет-ресурсында және веб-порталда орналастырмай жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жоспарланатын мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру туралы хабарландыруды (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша қысқаша ақпарат) веб-порталда орналастыру жолымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру рәсімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидалардың 19, 20, 21, 23 және 24-тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы және мемлекеттік сатып алуды өткізуге тиісті өтінімді жіберуі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін айқындауы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру жөніндегі комиссия құрамын қалыптастыруы және бекітуі;
Тармақша 4
4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының веб-порталда жоспарланатын мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру туралы хабарландыруды орналастыруы;
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхат беруі;
Тармақша 6
6) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өтінішхат берген әлеуетті өнім берушілерді осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруі;
Тармақша 7
7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының веб-порталда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіп түскен өтінішхаттарды қарау хаттамасын қалыптастыруы және орналастыруы;
Тармақша 8
8) өтінішхаттарды қарау хаттамасын орналастыру туралы веб-портал арқылы өтінішхат берген әлеуетті өнім берушілерді хабардар ету;
Тармақша 9
9) ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын, сараптамалық комиссияның құрамын не сарапшыны (қажет болған жағдайда) бекітуі және конкурстық комиссияның хатшысын айқындауы;
Тармақша 10
10) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеуі;
Тармақша 11
11) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;
Тармақша 12
12) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауы;
Тармақша 13
13) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осындай әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуі;
Тармақша 14
14) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Қағидалардың 49-51-тармақтарында көзделген жағдайларда оның көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі, сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес конкурстық құжаттаманы түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесудің тиісті хаттамасын ресімдеуі;
Тармақша 15
15) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркеуі;
Тармақша 16
16) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеуі;
Тармақша 17
17) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін әлеуетті өнім берушілерге не олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген олардың уәкілетті өкілдеріне жіберуі (ұсынуы);
Тармақша 18
18) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауы;
Тармақша 19
19) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыруы және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі;
Тармақша 20
20) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмелерін жіберуі (ұсынуы);
Тармақша 21
21) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған мәліметтерді, конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында тіркеуі;
Тармақша 22
22) конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы және салыстырып тексеруі (конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығаруы);
Тармақша 23
23) конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі және оған қол қоюы және оны осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тапсырыс берушіге жіберуі;
Тармақша 24
24) жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хабарлама жіберу (ұсыну);
Тармақша 25
25) тапсырыс берушінің конкурс жеңімпазымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы.
Тармақ 16
16. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін Заңның 6-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Мұндай жағдайда тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысушы тұлғаларға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушіден хабарлама алған кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтарады.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қоюлар белгіленген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу ұлттық режимнен алып қоюлар:
Тармақша 1
1) қазақстандық тауар өндірушілердің не көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің өкілдерінің (дистрибьюторларының немесе дилерлерінің) тізілімінде;
Тармақша 2
2) сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде орналасқан жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.
«Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36717 болып тіркелген) бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен берілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен үзінді көшірме, қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.
Ұсынылған өтінімдердің болмауына байланысты мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, мұндай мемлекеттік сатып алу барлық әлеуетті өнім берушілер арасында бәсекелестік тәсілдермен жүзеге асырылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру
1-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру
Тармақ 18
18. Әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы комиссия құрады және тізімді қалыптастыру жөніндегі комиссияның хатшысын айқындайды.
Тізімді қалыптастыру жөнінде комиссия құру және комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе аппарат басшысы не оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.
Сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей тапсырыс берушінің өзі не өзінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі әрекет ететін болса, комиссияны құру және комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді бірінші басшы не оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.
Тармақ 19
19. Комиссияның мүшелері төраға және комиссияның басқа да мүшелері болып табылады. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.
Комиссияның төрағасы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуға тиіс. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс беруші өзі әрекет ететін кезде, комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуға тиіс. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс берушінің атынан өзінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі әрекет ететін болса, комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесі басшысынан төмен емес лауазымды адам анықталуға тиіс.
Тармақ 20
20. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жоспарланатын мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру туралы хабарландыруды веб-порталда орналастырады. Хабарландыруда мынадай ақпарат қамтылады:
Тармақша 1
1) тапсырыс беруші(лер) мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың заңды мекенжайы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінішхаттарын қабылдау күні мен уақыты;
Тармақша 4
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуын талап еткен кезде Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген рұқсаттың (хабарламаның) болуы;
Тармақша 5
5) жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы қысқаша сипаттама.
Бұл ретте, әлеуетті өнім берушілердің тізімге енгізу туралы өтінішхаттарын қабылдау Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін (қоса алғанда) бір жұмыс күнін құрайды.
Заңның 16-бабы 3-тармағының 3), 6), 7), 20), 21), 22) және 24) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу хабарландыру орналастырылмай жүзеге асырылады.
Тармақша 6
6) бір миллион теңгеге дейін, он миллион теңгеге дейін, жүз миллион теңгеге дейін, бір миллиард теңгеге дейін, бір миллиард теңгеден асатын шекті сомаға сәйкестендіру бойынша конкурстың болжамды сомасы;
Тармақша 7
7) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізу орны (Қазақстан Республикасының облысы, республикалық маңызы бар қалалары және астанасы).
Хабарландыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтердің болуына жол берілмейді.
Хабарландыруды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы веб-порталда өтінішхатты қабылдау күніне дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын орналастырады.
Тармақ 21
21. Жоспарланып отырған мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өзін әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхат береді.
Берілетін өтінішхатта әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 24-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.
Әлеуетті өнім беруші әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхатты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде веб-порталда қалыптастырады.
Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініші, Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 13) тармақшаларымен көзделген жағдайларда, веб-портал автоматты түрде қабылдамауға тиіс.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілердің өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін құрылыс жөніндегі жұмыстарды (жаңа объектілерді, қолданыстағы объектілерді өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу), монтаждау (бөлшектеу)) ағымдағы жөндеуге әлеуетті өнім берушілердің тізімін тапсырыс беруші Заңның 7-бабында көзделген шектеулерді ескере отырып, қағаз тасығышта жасалатын мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, веб-порталда осы Қағидалардың 24-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізе отырып, оларды осы тізімге енгізу туралы өтінішхат берілген конкурс/лоттар бойынша әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастырады.
Егер өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы өтініш түспесе, не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидалардың 24-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін бірде бір әлеуетті өнім берушіге жол берілмей немесе рұқсат етілмесе, тапсырыс беруші мекенжайына хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін толықтырылады.
Бұл ретте, тізімді тапсырыс берушінің тізімді толықтыруын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қағаз тасығышта қалыптастырады.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің атына веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді (ұсынады).
Тармақ 24
24. Атына хабарлама жіберілген (ұсынылған) әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұйымдастырушы мыналарды ескере отырып қалыптастырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары белгіленген тәртіппен беретін мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыстарға рұқсат. Рұқсаттың көшірмесі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтініштерді қабылдау күні аяқталғанға дейін қағаз тасығышта қолма-қол ұсынылады.
Тармақша 2
2) Заңның 7-бабында көзделген шектеулер болмаған кезде;
Тармақша 3
3) веб-порталда тиісті тіркеудің болуы;
Тармақша 4
4) ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 Қаулысының 8-қосымшасына сәйкес таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты жария етпеу туралы міндеттеме.
Міндеттеме әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішпен бірге веб-портал арқылы ұсынылады;
Тармақша 5
5) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуын талап ететін жағдайларда, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген рұқсатты (хабарламаны) қамтиды. Рұқсаттың (хабарламалардың) көшірмесі, егер олар туралы мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаса, әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтініш хатпен бірге веб-портал арқылы ұсынылады;
Тармақша 6
6) тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің тізімі «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде тұратын әлеуетті өнім берушілер қатарынан қалыптастырылады;
Тармақша 7
7) азық-түлік тауарлары мен тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілердің тізімі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде тұратын әлеуетті өнім берушілер қатарынан қалыптастырылады.
Тармақша 8
8) тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушілердің тізімі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде не сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде тұратын әлеуетті өнім берушілер қатарынан қалыптастырылады.
Бұл ретте, атына хабарлама жіберілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізілімінде тауарларды жеткізетін әлеуетті өнім берушілер болмаған не 2 (екіден) кем әлеуетті өнім берушілер болған жағдайларда Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастырады.
Тармақ 25
25. Тауарларды мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырушы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінен әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастырады.
Бұл ретте, техникалық және функционалдық сипаттамаларға сәйкес өнімді жеткізетін әлеуетті өнім берушілер болмаған не «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде әлеуетті өнім берушілер 2 (екеуден) аз болған жағдайларда, олардың атына хабарлама жіберіледі, тапсырыс беруші осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастырады.
Тармақ 2. 2-параграф. Конкурстық комиссияны, сарапшыны
(сараптау комиссиясын) бекіту
2-параграф. Конкурстық комиссияны, сарапшыны
(сараптау комиссиясын) бекіту
Тармақ 26
26. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.
Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын айқындау, сараптау комиссиясын құру не сарапшыны айқындау туралы шешімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.
Сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей тапсырыс берушінің өзі не оның атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі әрекет ететін болса, конкурстық комиссияны құру және конкурстық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді бірінші басшы не оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және (немесе) таратылуы шектелген қызметтік ақпарат туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша оның өкілдерін конкурстық комиссияның құрамына енгізеді.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптау комиссиясын құрады (сарапшыны тартады).
Тармақ 27
27. Конкурстық комиссияның төрағасы және басқа да мүшелері конкурстық комиссияның мүшелері болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және кемiнде 3 (үш) адам болуға тиiс.
Конкурстық комиссияның төрағасы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам не оның міндетін атқарушы адам не орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы немесе аппарат басшысының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға немесе бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқарушы адам айқындалады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс беруші өзі әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс берушінің атынан өзінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі әрекет ететін кезде, конкурстық комиссияның төрағасы болып басшыдан төмен емес лауазымды адам не оның міндетін атқарушы адам не аппарат басшысының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға немесе бюджеттік бағдарламаның басшысы не тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесінің міндетін атқарушы адам анықталуға тиіс.
Конкурстық комиссия төрағасы болмаған кезде конкурстық комиссия төрағасының кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте, конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған кезде – бірінші басшы айқындалады.
Тармақ 28
28. Конкурстық комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) конкурстық комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларда көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 29
29. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
Тармақ 30
30. Конкурстық комиссияның отырыстары конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшiлiгiнің қатысуы шартымен өткізіледі және конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерi мен конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Конкурстық комиссияның қандай да бiр мүшесi болмаған кезде, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебi көрсетiліп, аталған фактіні растайтын құжат қоса беріледі.
Тармақ 31
31. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған кезде конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген кезде, осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде баяндалуға және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.
Тармақ 32
32. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдарының қатарынан айқындалады.
Конкурстық комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) конкурстық комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларын ресімдейді және оларға қол қояды;
Тармақша 3
3) тапсырыс берушіге конкурстық комиссия қол қойған отырыстар хаттамаларын, сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жібереді;
Тармақша 4
4) конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу құжаттарының және материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін тиісті бейіндегі мамандар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және (немесе) таратылуы шектелген қызметтік ақпарат туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, сарапшылар ретінде мемлекеттік қызметшілерді өтеусіз негізде, ал өзге сарапшыларды тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы, сондай-ақ өтеусіз негізде тартады.
Сарапшы ретінде қандай да бір тұлғаны тарту үшін оның қызмет бейінінің мемлекеттік сатып алу нысанасына сәйкестігі міндетті шарт болып табылады.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты мекемелердің мамандарын сарапшылар ретінде тартады.
Сарапшыны ақылы негізде таңдауды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 34
34. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 3 (үш) немесе одан көп сарапшыны тартқан кезде, тартылған сарапшылардың қатарынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан сараптау комиссиясының басшысын айқындайды.
Сараптау комиссиясын құру және сараптау комиссиясының басшысын айқындау туралы шешімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе аппарат басшы не оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.
Тармақ 35
35. Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптамалық қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Егер сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған болса ғана оны конкурстық комиссия міндетті түрде ескереді.
Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелері) оның әр парағына қол қояды және ол конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі.
Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген кезде, мұндай сарапшы ерекше пікірін жазбаша баяндайды, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 36
36. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекітілген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысады.
Тармақ 3. 3-параграф. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту
3-параграф. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту
Тармақ 37
37. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің талаптары мен тәртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және (немесе) таратылуы шектелген қызметтік ақпарат туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, үлгілік конкурстық құжаттама негізінде конкурстық құжаттаманы қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді.
Тармақ 38
38. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылық түріндегі біліктілік талабы конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады, егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын болса, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға құқығы бар.
Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын әлеуетті өнім берушінің кірістері мен негізгі құралдары бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-порталмен автоматты түрде айқындалады.
Әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады:
әлеуетті өнім берушінің өткен жылдың алдындағы үш жылдағы кірістері мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде он мың еселенген мөлшерін құрайды;
мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жылдағы әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жарым мың еселенген мөлшерін құрайды.
Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, онда оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері беретін құжаттар не Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және (немесе) таратылуы шектелген қызметтік ақпарат туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасы ратификациялаған шарттардың талаптарын ескере отырып, конкурстық құжаттаманың тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен бірге Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады.
Тармақ 39
39. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам, не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
Тармақ 40
40. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтиды.
Тармақ 41
41. Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін тапсырыс берушіге қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі.
Бұл ретте конкурстық құжаттамада тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға, мыналарды:
Тармақша 1
1) негізгі (орнатылған) жабдықты, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) толық жинақтау, жаңғырту және толық жарақтау;
Тармақша 2
2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және қажеттілік туындаған жағдайда лизингтің нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау;
Тармақша 3
3) тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) оған техникалық қызмет көрсету;
Тармақша 4
4) егер техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар, кохлеарлық импланттар, дәрілік заттар және мамандандырылған емдік тамақтану өнімдері дәрігерлік консилиумдар қорытындыларының және медициналық-генетикалық қорытындылардың нәтижелері бойынша белгіленген медициналық көрсетілімдері (жеке төзімсіздігі, өмірлік көрсетілімдері бойынша) бар пациенттерге қатысты қолдану үшін сатып алынса, оларды сатып алу үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, нұсқаулардың болуына қатысты мемлекеттік сатып алу шарттарын белгілеуге тыйым салынады.
Құрылыс (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу), техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсат (лицензия) әлеуетті өнім берушінің материалдық және еңбек ресурстарын иеленетінін растайтын құжат болып табылады.
Инжинирингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушінің материалдық және еңбек ресурстарын иеленгенін растайтын құжат Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсат (аккредиттеу туралы куәлік) болып табылады.
Тармақ 42
42. Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Тауар жеткізілетін, қызметтер көрсетілетін кемінде 5 (бес) орын болған кезде конкурс тәсілімен өткізілетін лотта тауар жеткізілетін, қызметтер көрсетілетін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.
Тармақ 4. 4-параграф. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерді хабардар ету
4-параграф. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерді хабардар ету
Тармақ 43
43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінім беруінің соңғы күніне дейін кемінде 10 (он) жұмыс күн қалғанда әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің атына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді (ұсынады).
Хабарламаға жауап ретінде әлеуетті өнім берушінің сұрау салуы бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін жібереді (ұсынады) және конкурстық құжаттаманы алған тұлғаның орналасқан жері, пошта мекенжайы туралы мәліметтерді, сондай-ақ тұлға туралы басқа да мәліметтерді көрсете отырып, бекітілген конкурстық құжаттаманы ұсыну фактісінің хронологиялық тәртіппен тіркелуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 44
44. Конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн қалғанда осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген талаптарды орындайды.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарлама) қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келеді.
Тармақ 5. 5-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін беру
5-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін беру
Тармақ 45
45. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарланған күннен бастап мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық құжаттаманың қағаз немесе электронды тасымалдағышта көшiрмесiн әлеуеттi өнiм берушiге (оның уәкiлеттi өкiлiне) әлеуетті өнім беруші жүгінген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей береді (жібереді).
Тармақ 46
46. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алуға әлеуетті өнім беруші өкілінің тиісті түрде ресімделген өкілеттіктерін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
Тармақша 2
2) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына осы Қағидалардың 47-тармағының 3), 4) және 5) көрсетілген мәліметтерді енгізеді;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне қол қойғызып, конкурстық құжаттаманың көшірмесін береді не пошта байланысын пайдалана отырып жібереді;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 47, 49 және 75-тармақтарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 47
47. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы мен өткізілетін мерзімі;
Тармақша 2
2) тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың орналасқан жері;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім берушінің толық атауы, заңды мекенжайы және байланыс телефондары;
Тармақша 5
5) конкурстық құжаттаманың көшірмесін әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілі алған уақыты мен күні.
Тармақ 48
48. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері (парақтары) нөмірленеді және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы дәйектейді.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуге тиіс.
Бір қаржы жылының ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен барлық мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды бірыңғай тіркеу журналын жүргізуге жол беріледі.
Тармақ 49
49. Өнім беруші конкурстық құжаттаманың көшірмесін беру туралы өтініш жасағанға дейін конкурстық құжаттаманың көшірмесін беруге жол берілмейді.
Тармақ 6. 6-параграф. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
6-параграф. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
Тармақ 50
50. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді ұйымдастырушы конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушілермен кездесуді ұйымдастыру арқылы, сондай-ақ мемлекеттік құпиялар және (немесе) таратылуы шектелген қызметтік ақпарат туралы заңнаманың талаптарын сақтай отырып жүргізеді.
Мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушісі қажет болса конкурсқа қатысуға өтiнiм берудің соңғы күні өткенге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні қалғанда өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін осы Қағидалардың 47-тармағымен көзделген тіркеу журналына олар туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға өтеусіз негізде жібереді.
Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік 10 (он) күн мерзімге ұзартылады.
Өздері туралы мәліметтер тіркеу журналына енгізілген тұлғалар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзіміне дейін 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей жүгінеді. Конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен жіберіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпей, олар туралы мәліметтер осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жібереді.
Қажет болған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы олар туралы мәліметтер осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғалардың уәкілетті өкілдерімен белгілі бір жерде және конкурстық құжаттамада көрсетілген тиісті уақытта конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру үшін кездесу өткізеді.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және оған қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей олар туралы мәліметтер осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға көрсетілген хаттаманың көшірмесін жібереді.
Тармақ 51
51. Әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының және (немесе) тапсырыс берушінің атынан әрекет еткен тұлғалар қол қояды.
Тармақ 52
52. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу конкурстық құжаттамада белгіленген кездесу өтетін күн мен уақытта әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен өтпеген болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға осындай факт туралы жазбаша хабарлайды.
Тармақ 7. 7-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны
және оларды ұсыну
7-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны
және оларды ұсыну
Тармақ 53
53. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға келісімін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің өзі туралы Заңның 7-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі кемінде 60 күнтізбелік күнді құрайды.
Тармақ 54
54. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім:
Тармақша 1
1) үлгілік конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін қамтуға тиіс.
Әлеуетті өнім берушінің өтінімі – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның өтінімінде жеке куәліктің көшірмесі болуы тиіс. Бұл ретте, дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар болуы туралы ақпаратты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық сервис/салық төлеушілерді іздеу» қосымша парағынан алады.
Тармақ 55
55. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, беттерін (парақтарын) нөмірлеп береді және соңғы беті (парағы) оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ол бар болса) расталады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық ерекшелігі (тігілген түрде, беттері (парақтары) нөмірленген, соңғы (парағы) беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ол бар болса) расталған) және конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
Тармақ 56
56. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басып шығарылуға немесе өшірілмейтін сиямен жазылуға және оған әлеуетті өнім беруші қол қойып, мөрмен растауға (жеке тұлға үшін, егер ол бар болса) тиіс.
Тармақ 57
57. Әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімде жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.
Тармақ 58
58. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны желімделген конвертпен береді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен заңды мекенжайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен заңды мекенжайы, конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(конкурстың атауы көрсетіледі) сатып алу жөніндегі конкурс» және «(конкурсқа қатысуға өтінімді ашатын күн мен уақыт көрсетіледі) дейін ашпаңыз» мәтін көрсетіледі.
Тармақ 59
59. Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
Тармақ 60
60. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде қабылдайды.
Тармақ 61
61. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің атынан конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім беруші өкілінің өкілеттіктерін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 57-тармағында көзделген мәліметтердің конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде болуын тексереді. Осы Қағидалардың 57-тармағының талаптарын бұзып ресімделген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер тіркеуге жатпайды және:
әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конвертті пошта байланысы арқылы алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне дереу қайтарылады;
Тармақша 3
3) тиісті түрде ресімделген конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;
Тармақша 4
4) конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қабылдайды. Бұл ретте конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күн өтінім берілген күн болып есептеледі;
Тармақша 5
5) конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін оны қайтарып алған кезде конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтаруды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт оларды берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін тіркелмейді және осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылады.
Әлеуетті өнім берушінің толық атауын және заңды мекенжайын көрсетпей берілген конкурсқа қатысуға өтінімі бар конверт тіркелмейді және ашылмайды.
Тармақ 62
62. Мәліметтері мемлекеттік құпияны қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары және (немесе) таратылуы шектелген қызметтік ақпарат туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып жібереді.
Тармақ 63
63. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді:
Тармақша 1
1) конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы мен өткізілетін мерзімін;
Тармақша 2
2) тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауын, олардың заңды мекенжайын;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса);
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім берушінің атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық және заңды мекенжайы;
Тармақша 5
5) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверт және (немесе) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініміне толықтырулар тіркелген күн мен уақытты;
Тармақша 6
6) конкурсқа қатысуға өтінімге әлеуетті өнім беруші енгізген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерін тіркеуден бас тартылған әлеуетті өнім берушілерді көрсетіп, мұндай бас тартудың себебін баяндайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы тігіледі, беттері (парақтары) нөмірленеді және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы дәйектейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті (парағы) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуге тиіс.
Бір қаржы жылы ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен барлық мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге рұқсат етіледі.
Әлеуетті өнім беруші өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін өзгертуіне немесе қайтарып алуына болады.
Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуға, желімделуге және ұсынылуға тиіс.
Тармақ 64
64. Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін нысандағы өтініш түрінде ресімделеді, оған әлеуетті өнім берушінің қолы қойылады және мөрмен бекітіледі (жеке тұлға үшін егер ол болса).
Тармақ 65
65. Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін оларға ешқандай өзгерістер енгізілмеуге тиіс.
Тармақ 8. 8-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
8-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
Тармақ 66
66. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде әлеуетті өнім беруші енгізеді. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінім берілетін лоттарға ғана конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.
Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді беру күнінен кешіктірмей әрбір лотқа конкурсқа қатысуға өтінімді жеке қамтамасыз етуді ұсынады.
Тармақ 67
67. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
үлгілік конкурстық құжаттамаға 11-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік түрінде енгізеді.
Тармақ 68
68. Банк кепілдігінің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмауға тиіс. Банк кепілдігінің қолданылу мерзімін әлеуетті өнім берушінің өтінімнің өзін ұзарту мерзіміне ұзартуына жол беріледі.
Тармақ 69
69. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етуi жоқ конкурстық өтiнiмдердiң барлығын конкурстық комиссия конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтіндер ретiнде кері қайтарады.
Тармақ 70
70. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпеген не кері қайтарып алған;
Тармақша 2
2) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
Тармақша 3
3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан кезде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, аванстық қамтамасыз етуді (шартта аванс көзделген жағдайда) демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы (ол бар болса) енгізбеген не уақтылы белгілі мерзімде енгізбеген жағдайлардың бірі орын алған;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысушы деп танылып, белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алуға бөлінген сомадан асып түсетін конкурстық баға ұсынысын не демпингтік сомадан төмен баға ұсынысын ұсынған жағдайда, осы Қағидалардың 109, 110, 111, 112, 113, 114 және 115-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтармайды.
Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызылады.
Тармақ 71
71. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мынадай:
Тармақша 1
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды);
Тармақша 3
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды);
Тармақша 4
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, аванстық қамтамасыз етуді (шартта аванс көзделген жағдайда) демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы (ол бар болса) енгізген;
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзімі өткен;
Тармақша 6
6) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелер толық және тиісінше орындалған жағдайлардың бірі басталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайтарылады.»;
Тармақ 9. 9-параграф. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу
9-параграф. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу
Тармақ 72
72. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақытта және орында конкурстық комиссияның қарапайым көпшілігінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің қатысуымен жүргізеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі қажет болған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысады.
Конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғалардың конкурстық комиссияның қызметіне араласпайды.
Тармақ 73
73. Олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі қажет болған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және (немесе) таратылуы шектелген қызметтік ақпарат туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып қатысады.
Тармақ 74
74. Егер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу белгіленген күні конкурстық комиссия мүшелерінің қажетті саны, конкурстық комиссияның хатшысы болмаса, онда конкурстық комиссияның төрағасы, конверттерді ашудың белгіленген уақытына дейін кемінде 3 (үш) сағат қалғанда бұл туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны жазбаша не ауызша хабардар етеді, ол конверттерді ашу рәсімі басталғанға дейін конкурстық комиссияның жоқ мүшелерін, конкурстық комиссияның хатшысын алмастыру бөлігінде конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдап, мұндай алмастырудың себебін көрсетеді.
Тармақ 75
75. Конкурстық комиссияның отырысы басталғанға дейін конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің мүдделерін білдіруге әлеуетті өнім берушілер өкілдерінің құжат түрінде ресімделген өкілеттігін тексереді.
Тармақ 76
76. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында және конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
Тармақ 77
77. Конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағидаларға сәйкес, сондай-ақ егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім ұсынылған болса да ашылады және қаралады.
Тармақ 78
78. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
Тармақша 1
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлғада әрекет еткен кезде – конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды:
конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы;
конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуының болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болуы немесе болмауы, сондай-ақ себептері;
конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімдер берген әлеуетті өтінім берушілер туралы хабардар етеді;
конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім беруші туралы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді хронологиялық тәртіппен жария етеді;
осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;
Тармақша 2
2) төраға не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға айқындаған тұлға:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
Тармақша 3
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
өтінімдер салынған конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушілерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алатын мерзім туралы хабардар етеді.
Тармақ 79
79. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасына отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерiнің бәрі, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр парағын дәйектейді.
Тармақ 80
80. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық комиссияның отырысы өткізілген күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде беріледі.
Тармақ 10. 10-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
10-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
Тармақ 81
81. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.
Күрделі техникалық сипаттамасы және ерекшеліктері бар, күрделі мемлекеттік сатып алуларды жүргізген кезде, өтінімдерді қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Бұл ретте, оны әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхат берілмеген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа/лотқа қатысуға өтінімдер қараусыз қалады.
Тармақ 82
82. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) конкурстық комиссияның төрағасымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысын өткізу күні мен уақытын келіседі ;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссияның мүшелерін конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау жөніндегі отырысы өткізілетін күн мен уақыт туралы хабардар етеді;
Тармақша 3
3) конкурстық комиссияның қарауына әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін растайтын құжаттарды береді;
Тармақша 4
4) сарапшыны (сараптау комиссиясын) тартқан кезде олардың қарауына әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 83
83. Конкурстық комиссияның мүшелері, сарапшы (сараптау комиссиясының жетекшісі) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімінің құжаттарын қарау уақытында олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 84
84. Конкурстық комиссияның өтінімдерді қарау жөніндегі отырысы осындай комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігінің қатысуымен өткізіледі.
Тармақ 85
85. Конкурстық комиссия отырысын өткізбей конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауға жол берілмейді.
Тармақ 86
86. Конкурстық комиссия:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін құрайтын құжаттар пакетін олардың толықтығы мен тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды;
Тармақша 2
2) құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
Тармақша 3
3) қажет болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімдердің қаралуын, оларды бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратады;
Тармақша 4
4) қажет болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұрау салуына және өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттамаға сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі;
Тармақша 5
5) конкурстық құжаттаманың біліктілік және өзге талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
Тармақша 6
6) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;
Тармақша 7
7) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қояды.
Әлеуеттi өнiм берушiлердiң банкроттық рәсiмiне қатысы жоқтығы және (немесе) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған және тиісті борышкерлер тізіліміне енгізілмеген міндеттемелердің болмауы бөлiгiнде олардың жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсына және атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
Тармақ 87
87. Мынадай:
Тармақша 1
1) банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссияға:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы мұндай әлеуетті өнім берушіні конкурстық құжаттама талаптарына сай емес деп тану үшін негіз болып табылмайды;
қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде берілген өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны айқындауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісті түрде ресімделмеген жағдайларда конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімге енгізілген қамтамасыз етуді конкурстық құжаттаманың не жазбаша сұрау салудың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің тиынмен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте 50 (елу) тиыннан кем сома нөлге дейін, ал 50 (елу) тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 88
88. Заңды тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай:
олар туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйеде болмаған жағдайларда әлеуетті өнім берушінің рұқсаттарының (хабарламаларының), сондай-ақ сатып алынатын тауарларды өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқығын растайтын патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының және басқа да құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынбауы;
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбауы;
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсынбауы;
құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (жеке тұлға үшін, ол бар болса) нотариат куәландырылған үзінді көшірмені ұсынбауы (Т.А.Ә. (ол бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі);
конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кейін берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасын ұсынбауы;
тиісті мемлекеттік кірістер органының (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: www.kgd.gov.kz сайттан алады) мәліметтерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бар екендігі туралы ақпараттың болуы, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын қаржылық тұрақтылықтың сәйкес келмеуі;
әлеуетті өнім берушілермен шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға жария ету және беру фактісінің анықталуы;
үлгілік конкурстық құжаттамаға 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтердің ұсынылмауы, соған тең толық ұсынылмауы;
конкурстық құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (бұл ретте шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетілуге тиіс);
конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтердің ұсынылуы фактісінің анықталуы;
оның банкроттық рәсіміне не таратуға жатуы;
Тармақша 2
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай:
үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді, соған тең мәліметтерді толық ұсынбау;
өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы мұндай әлеуетті өнім берушіні конкурстық құжаттама талаптарға сай емес деп тануға негіз болып табылмайды;
техникалық ерекшелікті ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшеліктерді беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ерекшелікті ұсынуы.
Ескертпе: тауарлар негізгі (орнатылған) жабдықты үстеме жасақтау, жаңғырту және үстеме жарақтандыру, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету үшін сатып алынған кезде ерекшелік қолданылмайды;
үлгілік конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда) жұмыстар мен көрсетілетін қызмет түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мәліметтердің берілмеуі;
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілген кезде, әлеуетті өнім берушінің жиынтығында орындалған жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің отыз пайыздан астамы көлемін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруі;
конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбау негіздері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;
конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі айқындалса;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуда осындай талап белгіленген кезде тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында, қызмет көрсету орны бойынша аумақтық әділет органында тіркеудің болмауы;
Тармақша 3
3) Заңның 7-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 7-бабы 1-тармағының 9), 10) және 11) тармақшаларының талаптарын бұзған жағдайларда конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Тармақ 89
89. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші, егер:
Тармақша 1
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай:
жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын жеке тұлға құжатының көшірмесін ұсынбау (бұл ретте, жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы ақпаратты ұйымдастырушы қажет болған кезде: www.kgd.gov.kz сайтында «Электрондық қызметтер / салық төлеушілерді іздеу» айдарынан алады);
кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаның жеке басының куәлігін (паспортын) ұсынбауы;
олар туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйеде болмаған жағдайларда, әлеуетті өнім берушінің рұқсаттарының (хабарламаларының), сондай-ақ өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және сатып алынатын тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқығын растайтын патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының және басқа да құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынбауы;
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбауы;
тиісті мемлекеттік кірістер органының (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: www.kgd.gov.kz сайттан алады) мәліметтерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бар екендігі туралы ақпараттың болуы, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын қаржылық тұрақтылықтың сәйкес келмеуі;
әлеуетті өнім берушілермен шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға жария ету және беру фактісінің анықталуы;
үлгілік конкурстық құжаттамаға 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтердің ұсынылмауы, соған тең толық ұсынылмауы;
конкурстық құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (бұл ретте шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі);
конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтердің фактісінің анықталуы;
оның банкроттық рәсіміне не таратуға жатуы негіздері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса;
Тармақша 2
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай:
үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді, соған тең мәліметтерді толық ұсынбау;
техникалық ерекшелікті ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшеліктерді беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ерекшелікті ұсынуы.
Ескертпе: тауарлар негізгі (орнатылған) жабдықты үстеме жасақтау, жаңғырту және үстеме жарақтандыру, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету үшін сатып алынған кезде ерекшелік қолданылмайды;
үлгілік конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан кезде) жұмыстар мен көрсетілетін қызмет түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мәліметтердің берілмеуі;
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілген кезде, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығында жалпы көлемінің отыз пайыздан асырып беруі;
конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбау негіздері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;
конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі айқындалса;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуда осындай талап белгіленген кезде тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында, қызмет көрсету орны бойынша аумақтық әділет органында тіркеудің болмауы;
Тармақша 3
3) Заңның 7-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 7-бабы 1-тармағының 9), 10) және 11) тармақшаларының талаптарын бұзған жағдайларда конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
Тармақ 90
90. Сарапшы не сараптау комиссиясы конкурстық комиссиясының төрағасы белгілеген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімді қарау мерзімінен кешіктірмей:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растау үшін олар ұсынған құжаттардың толықтығы және тиісті түрде ресімделуі тұрғысынан қарайды және өз құзыреті шегінде зерделейді;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі не сәйкес келмеуі туралы сараптамалық қорытындыны ресімдейді, қол қояды және әр парағын дәйектейді;
Тармақша 3
3) тиісті түрде ресімделген сараптамалық қорытындыны ұсынады, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына береді.
Тармақ 91
91. Егер әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомадан аспаған жағдайда, функционалдық және басқа да сипаттамалары неғұрлым үздік тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды үздік материалдардан орындау ұсынылса, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес болмауына жол беріледі.
Әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімде жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.
Тармақ 92
92. Сарапшы ерекше пікір білдіретін жағдайларды қоспағанда, сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына барлық сарапшылар қол қояды және әр парағын дәйектейді.
Тармақ 93
93. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) бұл туралы конкурстық комиссияның төрағасын хабардар етеді және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығару үшін конкурстық комиссия отырысы өткізілетін күні мен уақытын онымен келіседі;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссияның мүшелерін, сондай-ақ сарапшыны (сараптау комиссиясын) конкурстық комиссия отырысын өткізу белгіленген күн мен уақыт туралы хабардар етеді.
Тармақ 94
94. Конкурстық комиссияның отырысында:
Тармақша 1
1) конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшелерін сарапшының (сараптау комиссиясының) сараптамалық қорытындысының көшірмесімен қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) сараптау комиссиясының сарапшысы не жетекшісі негізделген тұжырымдары бар сараптамалық қорытындыны, оның ішінде сараптау комиссиясы сарапшысының ерекше пікірін (егер олар бар болса) жариялайды, қажет болған кезде конкурстық комиссияның мүшелеріне сараптамалық қорытындының тұжырымдарын түсіндіреді;
Тармақша 3
3) конкурстық комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығарады және біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
Тармақша 4
4) конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру не рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
Тармақ 95
95. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуына рұқсат беру туралы шешім қабылданған (конкурсқа қатысушы деп танылған) күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері және конкурстық комиссия хатшысы қол қояды, әрбір парағын дәйектейді. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға, бар болса, конкурстық комиссия мүшесінің сараптамалық қорытындысы не ерекше пікірі, сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі тіркелуі мүмкін.
Тармақ 96
96. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның хатшысы көрсетілген хаттама көшірмелерінің конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде жіберілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 11. 11-параграф. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру (конкурс)
11-параграф. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру (конкурс)
Тармақ 97
97. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсынысы салынған конвертті береді.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен көрсетіледі. Тиындарды пайдалана отырып соманы көрсеткен жағдайда конкурстық баға ұсынысы ондық немесе жүздік үлестері бар бөлшек санмен көрсетіледі, бірақ үтірден кейін екі таңбадан аспайды.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын қарау кезінде әлеуетті өнім берушілер ұсынған тиын мәндері қолданылады, бірақ үтірден кейін екі таңбадан аспайды.
Тармақ 98
98. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнінде отырыс өткізеді.
Тармақ 99
99. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурстық комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді беру және конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін конкурсқа қатысушылардың өкілдерінде өкілеттіктерін құжаттамалық растаудың болуына көз жеткізеді;
Тармақша 2
2) конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурсқа қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерді енгізеді.
Тармақ 100
100. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген уақыт өткеннен кейін ұсынылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер бағалауға және салыстыруға қабылданбайды.
Тармақ 101
101. Конкурстық комиссияның хатшысы тіркеуден бас тартылған конкурсқа қатысушылардың тізімін көрсетіп, конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында мұндай бас тартудың себебін баяндайды.
Тармақ 102
102. Конкурстық комиссияның отырысында:
Тармақша 1
1) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға белгілеген адам:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді хронологиялық тіркелу тәртібімен ашады;
конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тіркелу тәртібімен жариялайды;
конкурстық комиссияның төрағасына конкурстық баға ұсыныстары бар ашылған конверттерді береді;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссия:
конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түсетін конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды;
осы Қағидаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші демпингке қарсы соманы (бар болса) енгізген жағдайда, осы Қағидалардың 116-тармағында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, демпингтік бағаны айқындайды және конкурсқа қатысушының демпингтік баға болып табылатын конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;
осы Қағидаларда белгіленген жағдайда демпингтік бағаны айқындайды және конкурсқа қатысушының демпингтік баға болып табылатын конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;
конкурсқа қатысушылардың бағаларын салыстырады және олардың ішінен ең төменгі баға негізінде конкурс жеңімпазын айқындайды;
ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындайды;
әлеуетті өнім берушілердің ең төмен баға ұсынысы тең болған кезде әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхаты басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын веб-порталда берілген конкурсқа қатысушы екінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып танылады.
Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер тізімін толықтыру жағдайында, веб-порталда әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаттардың болмауына байланысты, әлеуетті өнім берушілер ең төменгі баға ұсынысының теңдігі кезінде қатысуға өтініші бұрын басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтініші келіп түскен конкурстың қатысушысы екінші орын алған деп танылады.
Тармақ 103
103. Әлеуетті өнім берушілер Заңның 7-бабының бұзушылықтарын анықтаған кезде, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезеңінде мұндай әлеуетті өнім берушінің өтінімі конкурсқа қатысудан ауытқуға жатады.
Тармақ 104
104. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда конкурс нысанасы болып табылатын, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі мол әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.
Бұл ретте жұмыс тәжірибесі мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалған шарттар және олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар өзге де шарттар бойынша ғана ескеріледі.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия әрбір жылын ескере отырып, осы конкурста сатып алынатын тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесін ғана қарастырады, бұл ретте:
егер конкурстың нысанасы жаңа объектілердің құрылысы болып табылса, тек жаңа объектілердің құрылысының жұмыс тәжірибесі ескеріледі;
егер күрделі жөндеу конкурстың нысанасы болып табылса, онда жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмысының тәжірибесі ескеріледі;
егер конкурстың нысанасы кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау болып табылса, онда күрделі жөндеуді қоспағанда, жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Консорциум конкурсқа қатысқан жағдайда консорциум келісімінде айқындалған консорциумның негізгі қатысушысының жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Бағалары тең бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаты басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын веб-порталда берілген конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша Тапсырыс беруші атына хабарламалар жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізімін толықтырған сатып алу бойынша бағасы тең бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында бұрын тіркелген конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Тармақ 105
105. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі отырыстарының нәтижелері бойынша:
Тармақша 1
1) конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргізілген күні:
конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың нәтижелерін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссияның хатшысы:
конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының қол қоюын және әрбір парағын дәйектеуін қамтамасыз етеді;
ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген конкурсқа қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті өнім берушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жібереді не ұсынады;
конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 106
106. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің бәріне конкурстың қорытындылары туралы хабарлама жібереді (ұсынады).
Тармақ 12. 12-параграф. Aйлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшеріне дейінгі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
12-параграф. Aйлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшеріне дейінгі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
Тармақ 107
107. Белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық мәнінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспаған кезде, онда конкурс мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысының не бірінші басшының міндетін атқаратын адамның шешімімен конкурстық комиссияның құрамы бекітіледі, конкурстық комиссияның хатшысы айқындалады, қажет болған кезде сараптау комиссиясы құрылады не сарапшы айқындалады.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алу бойынша тұрақты негізде бір қаржы жылына конкурстық комиссия құрамын бекітеді, конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды;
Тармақша 2
2) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастырғаннан кейін, 22-тармаққа сәйкес әлеуетті өнім берушілерге жазбаша сұрау салу түрінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді. Конкурстық құжаттама сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті лауазымды адамы қол қойған жазбаша сұрау салу түрінде шарттың жобасын қоса бере отырып, конкурстық өтінімді берудің елеулі талаптары мен нысанын көрсете отырып ресімделеді. Жазбаша сұрау салу мынадай:
мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;
тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін берудің басталатын және аяқталатын мерзімі туралы мәліметтерді қамтиды.
Құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болу бөлігінде біліктілік талаптарын қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар сұратылмайды.
Әлеуетті өнім берушінің үлгілік конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес берілетін конкурсқа қатысуға өтінімі әлеуетті өнім беруші ретінде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу ниетін білдіру және тауар(лар)ды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жазбаша сұрау салуда көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады;
Тармақша 3
3) сатып алуды ұйымдастырушының жазбаша сұрау салуында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылған конкурстық өтінімдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тәртіппен конкурстық өтінімдері бар конверттерді тіркеу журналына енгізуге жатады.
Әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімі бар конверт тіркелмейді және ашылмайды;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсыну аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашады және жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қарауды жүзеге асырады және конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық өтінімі жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін және ең аз конкурстық баға ұсынған әлеуетті өнім берушіні конкурс жеңімпазы деп айқындайды.
Бұл ретте, оны әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхат берілмеген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа/лотқа қатысуға өтінімдер қараусыз қалады.
Егер бірнеше әлеуетті өнім берушілер ең аз конкурстық баға ұсынысын ұсынса, әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаты басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын веб-порталда берілген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
Осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің атына хабарламалар жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізімін толықтырған сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының ең төмен бағалары тең болған кезде конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында бұрын тіркелген конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Конкурстық комиссия, қажет болған жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстырып тексеруді жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне байланысты түсіндірмелерді жазбаша нысанда, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында қажетті ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша нысанда сұратады.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұрау салулары мен өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған іс-қимылдары түсініледі;
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі, егер:
конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса;
республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде салық берешегінің болуы, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын қаржылық орнықтылықтың сәйкес келмеуі;
әлеуетті өнім берушілермен шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға жария ету және беру фактісінің анықталуы;
Заңның 7-бабында көзделген шектеулер болса;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасының болмауы немесе жеткіліксіздігі;
әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не өзгертуді және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса;
әлеуетті өнім беруші біреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса;
әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді, техникалық ерекшелікті, конкурстық баға ұсынысын ұсынбаған не оларды тиісті емес нысан бойынша ұсынған жоқ;
әлеуетті өнім беруші техникалық ерекшелік ұсынбаса не техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларды қоспағанда, жазбаша сұрау салудың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелік ұсынса, қабылданбай қайтарылуға жатады;
осы Қағидаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші демпингке қарсы соманы (бар болса) енгізген жағдайда, осы Қағидалардың 116-тармағында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы демпингтік болып табылса;
конкурстық өтінімдерді өзге негіздемелер бойынша қабылдамай қайтаруға жол берілмейді;
Тармақша 6
6) конкурстың қорытындылары туралы шешім мынадай:
тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың пошта мекенжайы;
өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін конкурстық өтінімдерін ұсынған әлеуетті өнім берушілердің толық атауы, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мәлімдеген бағалары;
кері қайтару себептерінің негіздемесін бере отырып, қабылданбаған конкурстық өтінімдер туралы;
конкурс жеңімпазы туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша түрде ресімделеді;
Тармақша 7
7) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, сатып алуды ұйымдастырушы хабарлама жіберу арқылы конкурстық өтінімдерін ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілерді конкурстың қорытындылары туралы хабардар етеді.
Тармақ 108
108. Осы тарауда реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен конкурстық комиссияның мүшелері Заңды және осы Қағидаларды басшылыққа алады.
Тармақ 13. 13-параграф. Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі
13-параграф. Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі
Тармақ 109
109. Егер әлеуетті өнім берушінің құрылыс-монтаждау жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтінімнің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан екі пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.
Тармақ 110
110. Егер әлеуетті өнім берушінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтінімнің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен техникалық құжаттамада көрсетілген бағадан бес пайыздан астам төмен болса, ол демпингтік болып танылады.
Тармақ 111
111. Әлеуетті өнім берушінің ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы, егер ол конкурсқа бөлінген бағадан жиырма пайыздан астам төмен болса, демпингтік болып танылады.
Тармақ 112
112. Техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау (жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу бойынша қатысуға арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 223-нқ бұйрығымен бекітілген ҚР ҚНБҚ 8.01-08-2022 «Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын айқындау тәртібі» құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.
Тармақ 113
113. Әлеуетті өнім берушінің (аккредиттелген сараптамалық ұйымның) «Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) сәйкес белгіленген бағадан ол төмен болса, демпингтік деп танылады.
Тармақ 114
114. Егер әлеуетті өнім берушінің құрылыс-монтаждау жұмыстарына инжинирингтік қызметтер (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару) көрсетуге арналған конкурстық өтінімінің бағасы бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген бағадан он пайыздан астамға төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады.
Тармақ 115
115. Автомобиль жолдарын орташа жөндеуді техникалық қадағалау жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімнің бағасы, егер сәйкес есептелген бағадан төмен болса, ол демпингтік болып танылады.
Тармақ 116
116. Әлеуетті өнім берушінің тауарларға, жұмыстарға (осы қағидалардың 109, 110, 111, 112 және 113-тармақтарында көзделген жұмыстарды қоспағанда), көрсетілетін қызметтерге (осы Қағидалардың 114 және 115-тармақтарында көзделген қызметтерді қоспағанда) конкурсқа қатысуға өтінімнің бағасы, егер ол конкурсқа бөлінген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады.
Тармақ 117
117. Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы енгізу шартымен осы Қағидалардың 116-тармағында көзделген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша демпингтік баға ұсынуға рұқсат етіледі.
Тармақ 118
118. Осы Қағидалардың 109-115-тармақтарымен көзделген жағдайларда демпингтік баға ұсынылымайды.
Тармақ 14. 14-параграф. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп танудың негіздемелері
14-параграф. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп танудың негіздемелері
Тармақ 119
119. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер болмағанда;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
Тармақша 3
3) егер конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің екі және одан көп өтінімі ұсынылған жағдайда, конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өтпеді деп танылады.
Егер конкурсқа қатысуға біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың не жазбаша сұрау салудың талаптарына сай келетін бір өтінім ұсынылса, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілді деп танылады. Бұл ретте жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.
Тармақ 120
120. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған кезде тапсырыс беруші күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мынадай:
Тармақша 1
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
Тармақша 2
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 119-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды және ол біліктілік талаптарына, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуге тиіс. Жасалған шарттың бағасы осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспауға тиіс.
Осы Қағидалардың 119-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайларда, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жол берілмейді. Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары сұратылмайды және ашылмайды.
Тармақ 15. 15-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қажеттілігі үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері
15-параграф. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қажеттілігі үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері
Тармақ 121
121-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қажеттілігі үшін (бұдан әрі – Қарулы Күштер) тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілер ұсынған өтінімдерді бағалау үшін өлшемшарттарды көздейді.
Баллдарды есептеу осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 122
122. Қарулы Күштердің қажеттілігі үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттама осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 123
123. Қарулы Күштердің қажеттілігі үшін конкурс тәсілімен тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Қарулы Күштердің қажеттілігі үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша жүргізілген баллдар есебі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 124
124. Әлеуетті өнім берушілердің балдар саны тең болған кезде әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтініш басқа әлеуетті өнім берушілердің бұрын веб-порталда берілген конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Осы Қағидалардың 22-тармағының екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша тапсырыс беруші атына хабарламалар жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізімін толықтырған сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушілердің баллдарының саны тең болған кезде өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінен бұрын конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Тармақ 125
125. Қарулы Күштердің қажеттілігі үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдері жүзеге асырылмайды;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама ресімделмейді;
Тармақша 3
3) Заңның 13-бабының талаптары қолданылмайды.
Тармақ 126
126. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін және неғұрлым көп балл санын жинаған әлеуетті өнім беруші Қарулы Күштердің қажеттілігі үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып танылады.
Тармақ 127
127. Қағидалардың осы кіші бөлімінде өзгеше көзделмесе, Қарулы Күштердің қажеттілігі үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі Заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5-1. 5-1-тарау. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
5-1-тарау. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 127-1
127-1. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады. Бұл ретте жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарлар электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылады.
Электрондық дүкен арқылы әдісті қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде біртекті тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін ұсақтауға жол берілмейді.
Тармақ 127-2
127-2. Бірыңғай оператор электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін электрондық сауда алаңдары мен олардың әлеуетті өнім берушілерінің тізімін қалыптастырады. Әлеуетті өнім берушінің тауарға баға ұсынысын тек бір электрондық сауда алаңынан беруіне жол беріледі.
Тармақ 127-3
127-3. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) Тапсырыс беруші электрондық сауда алаңында Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарлардың бір немесе одан да көп моделін таңдайды;
Тармақша 2
2) электрондық сауда алаңы әлеуетті өнім берушілер және олардың тауарларға бағасы туралы ақпаратты Тапсырыс беруші таңдаған тауарлар бойынша электрондық дүкенге жібереді;
Тармақша 3
3) электрондық дүкен өсім сомасы бойынша тауардың ең төмен құнынан тапсырыс берушінің таңдалған тауарлары бойынша әлеуетті өнім берушілердің тізімін автоматты түрде қалыптастырады.
Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім берушілер ұсынған жағдайда, бұл мәліметтер басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын электрондық алаңда орналастырылған баға ұсынысынан өсіп келе жатқан мәліметтер бойынша қалыптастырылады;
Тармақша 4
4) электрондық дүкен веб-порталда жарияланбайтын ерекше тәртіпті қолдана отырып, осы Қағидалардың 14-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытындылардың алдын ала хаттамасының жобасын қалыптастырады. Қорытындылардың алдын ала хаттамасының мәліметтері Тапсырыс берушіге ғана қолжетімді;
Тармақша 5
5) Тапсырыс беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде қорытындылардың алдын ала хаттамасында сәйкес келмеу себептерін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын қабылдамауға, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қоюға және қорытындылардың алдын ала хаттамасын электрондық дүкенге жіберуге құқылы;
Тармақша 6
6) Тапсырыс беруші қол қойған қорытындылардың алдын ала хаттамасының негізінде электрондық дүкен тапсырысты әлеуетті өнім берушіге хабарлама түрінде жібереді, оның бағасы өнім берушілердің басқа бағаларымен салыстыру бойынша ең төмен болып табылады. Хабарламада Тапсырыс берушінің толық атауы, тауардың атауы мен саны, Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша тауарды жеткізу орны көрсетіледі.
Тармақша 7
7) әлеуетті өнім беруші тапсырыспен танысу алдында электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 8-қосымшасына сәйкес таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты электрондық дүкен арқылы жария етпеу туралы міндеттеме ұсынады;
Тармақша 8
8) тапсырысты ресімдеуге кемінде 2 (екі) әлеуетті өнім берушіден алдын ала хаттамада жол берілген баға ұсыныстары болған кезде жол беріледі;
Тармақша 9
9) тапсырысты әлеуетті өнім беруші жұмыс уақытында хабарлама жіберілген сәттен бастап 3 (үш) сағат ішінде растайды (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін). Егер тапсырысты растау туралы хабарламаны Тапсырыс беруші Астана уақытымен сағат 15:00-ден кейін жіберген болса, сағат саны сағат 18:00-де тоқтатылады. Тапсырысты растау үшін қалған уақыт келесі жұмыс күні Астана қаласы уақытымен сағат 09:00-ден бастап қайта басталады;
Тармақша 10
10) электрондық сауда алаңдарында тауарлар және олардың бағалары туралы ақпаратты орналастырған әлеуетті өнім беруші тапсырысты растау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 11
11) егер әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде тапсырысты растамаса не бас тартса, электрондық дүкен тауардың бағасы ең төмен бағадан кейін келесі болып табылатын тапсырысты автоматты түрде әлеуетті өнім берушіге жібереді;
Тармақша 12
12) тауардың бағасы тапсырыста көзделген көлемде межелі пунктке дейін тауарды жеткізу құнын ескере отырып, ең төмен болып табылатын тапсырысты әлеуетті өнім беруші растаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Бұл ретте, әлеуетті өнім берушінің тапсырысты растауы ерекше тәртіпті қолдана отырып, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес тапсырыста және шарттың үлгілік жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, Тауарды жеткізуді жүзеге асыруға оның келісімін білдіру нысаны болып табылады;
Тармақша 13
13) әлеуетті өнім беруші Тапсырысты растаған жағдайда электрондық дүкен веб-порталда жарияланбайтын ерекше тәртіпті қолдана отырып, осы Қағидалардың 14-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытындылар хаттамасын қалыптастырады, бұл мәліметтер тек жеңімпаз мен Тапсырыс берушіге ғана қолжетімді. Қорытындылар хаттамасымен бірге электрондық дүкен ерекше тәртіпті қолдана отырып Мемлекеттік сатып алу туралы шарт үшін Тапсырыс беруші таңдаған тауар бойынша техникалық ерекшелікті түсіреді;
Тармақша 14
14) жеңімпаздың баға ұсынысы тармақшаларда көзделген жағдайларда автоматты түрде қабылданбауға жатады 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8) 9) және 13) Заңның 7-бабы 1-тармағының, сондай-ақ егер оның бағасы демпингтік болып табылса немесе не әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы 1 (бір) реттен көп және (немесе) әртүрлі электрондық сауда алаңдарынан берілді.
Электрондық дүкенде орналастырылған тауарға әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы, егер ол көрсетілген тауарға ақпарат орналастырған әлеуетті өнім берушілердің барлық баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан 30 (отыз) пайыздан астам төмен болса, демпингтік деп танылады.
Орташа арифметикалық баға Заңның 7-бабына сәйкес шектелмеген әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары арасында есептеледі.
Тармақ 127-4
127-4. Қорытындылар хаттамасы қалыптастырылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жеңімпазға ерекше тәртіпті қолдана отырып, осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тапсырыс беруші қол қойған қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы екі данада жіберіледі.
Егер әлеуетті өнім беруші Тапсырыс тауарларының әрбір түрі бойынша жеңімпаз болып табылса, Тапсырыс беруші қажет болған жағдайда шарт жобасында электрондық дүкеннің бір санатына енгізілген тауарлардың бірнеше түрін көрсетеді.
Бұл ретте жеңімпаз Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына оны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қояды және бір данасын Тапсырыс берушіге жібереді.
Тапсырыс беруші жасалған шарттың нөмірі мен күні туралы ақпаратты электрондық сауда алаңы арқылы жеткізушіден алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық дүкенге енгізеді.
Егер жеңімпаз шарттың жобасына белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші Шарт жобасын жасасудан жалтарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды қайталап жүзеге асырады.
Тармақ 127-5
127-5. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тараптар оны тіркеген және қол қойған кезден бастап күшіне енеді.
Бұл ретте техникалық ерекшелік шартқа қосымша болып табылатын электрондық сауда алаңдарында орналастырылған фотосуреттерді қоса алғанда, тауардың барлық техникалық сипаттамалары негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 127-6
127-6. Егер Тапсырыс 2 (екі) жұмыс күні ішінде расталмаса немесе осы Қағидалардың 8-тарауында белгіленген мерзім ішінде шарт жасалмаса не баға ұсыныстары қабылданбаса, электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылады.
Тармақ 127-7
127-7. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, Тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;
Заңның 10-бабының 1-тармағында айқындалған өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы.
Тармақ 127-8
127-8. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талаптар құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын шарттар бойынша өнім берушілерге қолданылмайды.
Тарау 6. 6-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
6-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Өтпеді деп танылған мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1-параграф. Өтпеді деп танылған мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
Тармақ 128
128. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші Заңның 15-бабы 1-тармақтын 1) тармақшасында белгіленген жағдайларда қабылдайды.
Тармақ 129
129. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдануды негіздей отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жіберуі;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін, оның бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ұсынатын бағасының негіздемесін растайтын құжаттарды тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қарауы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі;
Тармақша 5
5) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушіге ұсынуы.
Заңның 15-бабы 1-тармақтын 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі, сондай-ақ өтпеді деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттамасында көзделген тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің шарттары, орны мен мерзімі және оларға ақы төлеу шарттары қолданылады.
Тармақ 130
130. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда сарапшыны не сараптау комиссиясын тартады. Сарапшыны не сараптау комиссиясын тарту осы Қағидалардың 33 және 34-тармақтарында белгіленген шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 131
131. Тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге жазбаша нысанда ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
Тармақ 132
132. 15-бабы 1-тармақтын 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша сұрау салу жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды.
Тармақ 133
133. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп тану негізінде бір көзден алу шарты туралы әлеуетті өнім берушіге жіберілетін ақпарат өтпеді деп танылған конкурстың конкурстық құжаттамасына сәйкес болуға тиіс.
Бұл ретте, әлеуетті өнім берушіге жіберілетін ақпаратта бір көзден сатып алу шарттарында тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау мерзімдері қамтылуға тиіс. Осы мерзімдер қажет болса конкурстық құжаттамада және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында белгіленген мерзімдерден артық болады, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.
Тармақ 134
134. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға біліктілік талаптарына сәйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ Үлгілік конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес жеткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны оның негіздемесімен қоса береді.
Егер әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомадан аспаған жағдайда, функционалдық және басқа да сипаттамалары неғұрлым үздік тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды үздік материалдардан орындау ұсынылса, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынған техникалық ерекшелікке сәйкес болмауына жол беріледі.
Тармақ 135
135. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушіге қол қою үшін берілетін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;
Тармақша 2
2) бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 3
3) әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы;
Тармақша 4
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы.
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары турала хаттамаға ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
Тармақ 136
136. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін сараптау комиссиясы не сарапшы бекіткен кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды қоса беріледі.
Тармақ 136-1
136-1. Мемлекеттік құпияларға жататын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған оларды әзірлеу тәртібі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 136-2
136-2. Құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болу бөлігінде біліктілік талаптарын қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар сұратылмайды.
Тармақ 137
137. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу:
Тармақша 1
1) егер әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен;
Тармақша 2
2) егер әлеуетті өнім берушіде Заңның 7-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер болған;
Тармақша 3
3) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім беруші қатысудан, оның ішінде шақыру жіберілген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жауап бермеуден бас тартқан;
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім беруші техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларда өтпеді деп танылады.
Егер бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып осы Қағидалардың осы тармағына сәйкес өткізілмеген деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алу осы Қағидаларда көзделген конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
2-параграф. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
Тармақ 137-1
137-1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдануды негіздей отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауы;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін әзірлеуі;
Тармақша 4
4) тапсырыс берушінің сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, оларға ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін бекітуі;
Тармақша 5
5) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жіберуі.
Тарау 7. 7-тарау. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау
7-тарау. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау
Тармақ 138
138. Егер тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім беруші Заңның 25-бабына сәйкес олардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде шағым жасауға құқылы.
Тармақ 139
139. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының), әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне берілетін шағымда мыналар қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) шағым жасалатын тұлғалардың;
Тармақша 2
2) шағым берген конкурс қатысушысының атауы, тұрған жері;
Тармақша 3
3) өз шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылық жасалған мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) қажет болған кезде растаушы құжаттар қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзудың нақты фактілеріне нұсқама.
Тармақ 140
140. Егер:
Тармақша 1
1) шағым осы Қағидалардың 139-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
Тармақша 2
2) шағымға қол қойылмаса не қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса, шағым келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде оны берген тұлғаға қаралмай қайтарылады.
Тармақ 141
141. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, шағымды беру мерзімі өткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде шағымды қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 142
142. Шағымды қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған кезде конкурстық комиссия 5 (бес) жұмыс күн ішінде шағымды қанағаттандыруға бағытталған шараларды қабылдайды.
Тармақ 143
143. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Бұл ретте, әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының шешіміне шағымдану мемлекеттік сатып алу рәсімдерін тоқтата тұрмайды.
Тармақ 144
144. Осы тарауда көзделген дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі міндетті болып табылады.
Тарау 8. 8-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
8-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
Тармақ 1. 1-параграф. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
1-параграф. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
Тармақ 145
145. Шарт бір қаржы жылына арналған мерзімге жасалады.
Келесі жылдарға арналған бекітілген (нақтыланған) бюджетте (даму жоспарында) тиісті қаржыландыру болған кезде бір қаржы жылынан астам мерзімге шарт жасасуға жол беріледі.
Тармақ 146
146. Шарттардың жобалары уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарттарға сәйкес жасалады.
Қазақстан Республикасының бейрезидентімен шарт жасасу жағдайында, шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып, ол ұсынатын нысанда, қағаз жеткізгіште ресімдеуге жол беріледі.
Осы Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес жасалған шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып, өзге де нысанда жасалуы мүмкін.
Тармақ 147
147. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларға сәйкес үлгі шарт бойынша жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қоюға және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағын дәйектеуге тиіс.
Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағым жасау рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушіге тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Тармақ 148
148. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса не мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, аванстық қамтамасыз етуді (шартта аванс көзделген жағдайда) демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы (ол бар болса) енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылады.
Тапсырыс беруші жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жібереді, оған екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қойылады.
Тармақ 149
149. Егер тапсырыс берушінің қолы қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа екінші орын алған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде қол қоймаса не мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты (бар болса), демпингке қарсы соманы (бар болса) қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды Заңның 10-бабында көзделген бәсекелестік тәсілдермен жүзеге асырады.
Тармақ 150
150. Өнім беруші тараптар шартқа қол қойғаннан кейін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (шартта аванс көзделген жағдайда), сондай-ақ өткізілетін тауарларды мемлекеттік сатып алулар бойынша қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде тұрған өнім берушіні қоспағанда, демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы (ол бар болса) енгізеді.
Тармақ 151
151. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
Тармақ 152
152. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде белгілейді.
Егер конкурстың нәтижелері бойынша демпингке қарсы соманы енгізу көзделген болса, әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы енгізеді.
Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, әлеуетті өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етумен бірге авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді. Бұл ретте, әлеуетті өнім беруші авансты төлеуден бас тартуға құқығы бар.
Тиынмен есептелген шарттың орындалуын қамтамасыз етуі, авансты қамтамасыз етуі (егер шартта аванс беру көзделсе), демпингтік деп танылмайтын ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшерде сомасы (болған жағдайда) дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан төмен сома нөлге дейін, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар азайтады.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша авансты (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда) қамтамасыз ету туралы талапты Заңның 5-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын сақтай отырып, тапсырыс беруші айқындайды.
Тармақ 153
153. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің және авансты қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін;
Тармақша 3
3) сақтандыру сыйлықақысын толық мөлшерде төлеу туралы төлем құжатының көшірмесімен бірге, осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауға құқылы.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы нәтижесінде тапсырыс берушіге келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру шартының объектісі болып табылады.
Тапсырыс берушінің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
Сақтандыру сомасы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шартымен айқындалады және Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмауға тиіс.
Тармақ 154
154. Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін өнім берушінің үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдік ақшалай жарнаға тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
Тармақ 155
155. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
Тармақ 156
156. Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (бар болса), сондай-ақ демпингке қарсы соманы (бар болса) қамтамасыз ету сомасын өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім беруші шарттың қолданылу кезеңінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда өнім берушіге қайтарады.
Өнім беруші шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған кезде тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (бар болса), демпингке қарсы соманы (бар болса), жиынтығында мынадай талаптар сақталған кезде қайтарады:
Тармақша 1
1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуі;
Тармақша 2
2) шарттық міндеттемелерді толық орындау;
Тармақша 3
3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы.
Тармақ 157
157. Тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген болса), сондай-ақ өнім беруші осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты (шарттың қолданылу мерзімі аяқталған) бұзылған жағдайда, демпингке қарсы соманы (бар болса) өнім беруші енгізген соманы (бар болса) қайтармайды.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету, авансты қамтамасыз ету (бар болса), демпингке қарсы сома (бар болса) тиісті бюджеттің, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорынның, заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есептеледі.
Тармақ 158
158. Өнім беруші шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) осындай өнім берушіні осы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу;
Тармақша 2
2) тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 159
159. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуға тиіс.
Тармақ 160
160. Мемлекеттік сатып алу жеңімпазымен жасалған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлермен не мемлекеттік сатып алу жеңімпазы конкурсқа қатысуға өтінімінде көрсеткен қызметтерді көрсету бойынша бірлесіп орындаушылармен жасалған шарттардың көшірмелерін тапсырыс берушіге ұсыну туралы талап қамтылды.
Жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді орындау үшін қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) берілетін жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің отыз пайызынан аспайды.
Бұл ретте қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жүргізілетін мемлекеттік сатып алулардың нысанасы болып табылатын жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орындауға өзге де қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) беруге тыйым салынады.
Тармақ 161
161. Тапсырыс берушілер дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі және өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген акционерлік қоғамдармен және шаруашылық серіктестіктермен олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан жағдайда, мұндай акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер сатып алуды осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2. 2-параграф. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау
2-параграф. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау
Тармақ 162
162. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны мен мерзімдері мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес болады.
Тармақ 163
163. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалған болып есептеледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алу мониторингі
3-параграф. Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алу мониторингі
Тармақ 164
164. Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алу мониторингі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, жинақтау, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 165
165. Ерекше тәртіп қолданылатын, Мемлекеттік сатып алу мониторингін өткізілген мемлекеттік сатып алу жөніндегі деректер негізінде мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші жүзеге асырады.
Тармақ 166
166. Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері бойынша тапсырыс беруші есепті кезеңнен кейінгі бесі күнінен кешіктірмей веб-порталда осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу туралы тоқсан сайынғы есепті орналастырады, барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, олардың мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда.
Басқа 1.1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың _______ жылға арналған жылдық жоспары/тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың _______ жылға арналған алдын ала жылдық жоспары (көрсетілген мәндердің біреуін таңдау керек)
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың _______ жылға арналған жылдық жоспары/тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың _______ жылға арналған алдын ала жылдық жоспары (көрсетілген мәндердің біреуін таңдау керек)
Жалпы мәліметтер
Тапсырыс берушінің БСН
Мемлекеттік мекемелер үшін
Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде)
Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде)
Қаржы жылы
ММ коды
қор
1
2
3
4
5
6
Бекітемін:
___________________________
(тапсырыс берушінің толық
атауын және оның лауазымды
адамының тегін, атын,
әкесінің атын (ол бар болса)
көрсету керек)
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспары
№
Жоспар тармағының типі
Ұйымдастырушының БСН
Мемлекеттік мекемелер үшін
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
Бағдарлама
Кіші бағдарлама
Ерекшелік
Қаржыландыру көзі
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Сатып алу нысанасының түрі
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тілдегі атауы
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тіліндегі атауы
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тілде қысқаша сипаттамасы (сипаты)
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тіліндегі қысқаша сипаттамасы (сипаты)
9
10
11
12
13
кестенің жалғасы
Қосымша сипаттама (мемлекеттік тілде)*
Қосымша сипаттама (орыс тілінде)*
Сатып алу тәсілі
Өлшем бірлігі
Саны, көлемі
Бір бірлігі үшін бағасы*, теңге
Сатып алу үшін бекітілген жалпы сомасы **, теңге
14
15
16
17
18
19
20
кестенің жалғасы
Үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома
Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома **, теңге
Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома **, теңге
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай)
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (ӘАБК сәйкес елді мекеннің коды)
Аванстық төлемнің мөлшер, %
21
22
23
24
25
26
27
* толтыру үшін міндетті емес
** қосылған құн салығын есепке алмағанда
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ММ – мемлекеттік мекеме.
Басқа 1.2. Бірлескен қызмет туралы шарт
(Консорциялық келісім)
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
Бірлескен қызмет туралы шарт
(Консорциялық келісім)
20__ж. «__» _______
(күні)
бұдан әрі «Негізгі қатысушы» деп аталатын _____________________________,
(заңды тұлға атауы, БСН, заңды мекенжайы)
_________________ атынан, _______________________ негізінде әрекет ететін,
(лауазымы, Т.А.Ә. (ол бар болса), ЖСН) (жарғы, куәлік)
бұдан әрі «Қатысушы-2» деп аталатын ________________________________,»,
(заңды тұлға атауы, БСН, заңды мекенжайы)
_________________ атынан, _______________________ негізінде әрекет ететін,
(лауазымы, Т.А.Ә. (ол бар болса), ЖСН) (жарғы, куәлік)
бұдан әрі «Қатысушы-3» деп аталатын ________________________________,»,
(заңды тұлға атауы, БСН, заңды мекенжайы)
_________________ атынан, _______________________ негізінде әрекет ететін,
(лауазымы, Т.А.Ә. (ол бар болса), ЖСН) (жарғы, куәлік)
бірлесіп «Қатысушылар» деп аталатындар, төмендегілер туралы осы консорциалық
келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасады:
1. Терминдер, олардың анықтамалары мен талқылаулары
1.1. Қатысушылар осы Келісімде көрсетілген терминдер мен ұғымдардың
мынадай біркелкі талқылануымен келісті:
«Тапсырыс беруші» - ____________________________________________.
(тапсырыс берушінің атауы)
«Ұйымдастырушы» - ____________________________________________.
(ұйымдастырушының атауы)
«Конкурс» - ___________________________________________________.
(конкурстың нөмірі мен атауы)
«Консорциум» - осы Келісім негізінде Қатысушылардың уақытша ерікті, тең құқылы одағы (бірлестігі), онда Қатысушылар кез келген ресрустарды біріктіреді және Жобаның ойдағыдай іске асырылуын шешу үшін күш-жігерін үйлестіреді;
«Құпия ақпарат» - кез келген ғылыми-техникалық, технологиялық, шаруашылық, қаржы-экономикалық немесе Қатысушылар туралы ақпаратты қамтитын, оның ішінде олардың қаржы-шаруашылық қызметіне, құрылтайшыларына, еншілес компанияларына, қызметтерлеріне және агенттеріне қатысты құжаттарды, қатысушылардың контрагенттері туралы ақпаратты, мұндай ақпарат «құпия» деп белгіленген бе, оған қарамастан үшінші тұлғаларға белгілі еместігіне байланысты жарамды немесе әлеуетті коммерциялық құндылығы бар өзге ақпаратты өзге түрде көрсететін құжаттарды қоса алғанда өзге ақпарат.
Тармақ 1.2
1.2. Келісімнің осы тармағында тікелей көрсетілмеген ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мағынада қолданылады.
Тармақ 2
2. Келісімнің мәні
Тармақ 2.1
2.1. Осы Келісімнің қатысушылары Консорциум құрады, оны құру мақсаты Конкурсқа қатысу және Консорциумды Конкурс жеңімпазы деп таныған және кейіннен Сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда – Жобаны табысты іске асыру болып табылады.
Тармақ 2.2
2.2. Осы Келісім жеткілікті тәжірибесі, материалдық және техникалық әлеуеті, еңбек ресурстары, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге, тауарларды жеткізуге және Конкурс шарттарында көзделген өзге міндеттемелерді орындауға өкілеттіктері мен рұқсаттары бар Қатысушылардың ерікті бірлестігі болып табылады.
Тармақ 2.3
2.3. Қатысушылар Консорциум қызметінің жалпы мақсаттарына және коммерциялық мүдделерге сүйене отырып, ынтымақтастық қағидаттарына негіздей отырып, осы Келісімді жасасады.
Тармақ 3
3. Қатысушылардың құқықытары мен міндеттері
Тармақ 3.1
3.1. Қатысушылар:
Тармақ 3.1.1
3.1.1. Осы Келісімді орындау кезінде бір бірімен адал өзара іс-әрекет жасауға.
Тармақ 3.1.2
3.1.2. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес Консорциумның қызметіне қатысуға.
Тармақ 3.1.3
3.1.3. Осы Келісімде белгіленген тәртіппен салымдар енгізуге.
Тармақ 3.1.4
3.1.4. Консорциумның және жеке алғанда әрбір Қатысушының құпия ақпаратын жария етпеуге міндетті.
Тармақ 3.2
3.2. Қатысушылар:
Тармақ 3.2.1
3.2.1. Осы Келісімде анықталған тәртіппен Консорциумның істерін басқаруға қатысуға.
Тармақ 3.2.2
3.2.2. Консорциум қызметі туралы ақпарат алу, оның ішінде Консорциум ісін жүргізу бойынша кез келген құжаттамамен танысуға.
Тармақ 3.2.3
3.2.3. Консорциум қызметінен алынатын пайданы бөлуге қатысуға.
Тармақ 3.2.4
3.2.4. Қатысушылардың барлығының жалпы келісімі болған кезде Қатысушылардың жалпы мүлкін пайдалануға құқылы.
Тармақ 4
4. Қатысушылардың салымдары
Тармақ 4.1
4.1. Негізгі Қатысушының салымы мыналар болып табылады:
Тармақ 4.1.1
4.1.1. ________________________
Тармақ 4.1.2
4.1.2. _______________________
Тармақ 4.1.3
4.1.3. ______________________
Тармақ 4.2
4.2. «Қатысушы-2» салымы мыналар болып табылады:
Тармақ 4.2.1
4.2.1. ________________________
Тармақ 4.2.2
4.2.2. _______________________
Тармақ 4.2.3
4.2.3. ______________________
Тармақ 4.3
4.3. «Қатысушы-3» салымы мыналар болып табылады:
Тармақ 4.3.1
4.3.1. ________________________
Тармақ 4.3.2
4.3.2. _______________________
Тармақ 4.3.3
4.3.3. ______________________
Тармақ 4.4
4.4. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді, сондай-ақ Консорциум жеңімпаз деп танылған және онымен Шарт жасалған жағдайда Заңның 13-бабына сәйкес Сатып алу және (немесе) сома туралы шарттың (болған кезде) орындалуын қамтамасыз етуді Негізгі қатысушы енгізеді.
Тармақ 5
5. Басқару тәртібі
Тармақ 5.1
5.1. Қатысушылардың жалпы істерін жүргізу, Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беруді және Консорциумның қызметіне байланысты өзге де іс-әрекеттерді Негізгі қатысушы қосымшаға сәйкес нысан бойынша Консорциум Қатысушыларының сенімхаты негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 5.2
5.2. Консорциум Конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда Сатып алу туралы шарт Негізгі қатысушымен жасалады.
Тармақ 5.3
5.3. Консорциум жеңімпаз деп танылған және онымен Сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда осы Келісім оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 6
6. Қатысушылардың жауапкершілігі
Тармақ 6.1
6.1. Сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ біліктілік талаптар және (немесе) конкурстық баға ұсынысына ықпал ететін құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат бергені үшін Қатысушылар ортақ жауаптылықта болады.
Тармақ 6.2
6.2. Осы Келісім шеңберінде Консорциум қызметіне байланысты емес Қатысушының жеке міндеттемелері бойынша өзге Қатысушылар жауаптылықта болмайды.
Тармақ 7
7. Дауларды шешу
Тармақ 7.1
7.1. Осы Келісім талаптарын орындаған кезде пайда болған барлық даулар мен келіспеушіліктерді Қатысушылар келіссөздер арқылы шешуге тырысады.
Тармақ 7.2
7.2. Келіссөздер арқылы реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген сот тәртібінде шешіледі.
Тармақ 8
8. Келісімнің қолданылу мерзімі
Тармақ 8.1
8.1. Осы Келісім барлық Қатысушылар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 8.2
8.2. Егер Консорциум Конкурс жеңімпазы деп танылмаса, Келісім Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін қолданыста болады.
Тармақ 8.3
8.3. Консорциум Конкурс жеңімпазы деп танылған және онымен Сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда Келісім Сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданыста болады.
Тармақ 9
9. Өзге талаптар
Тармақ 9.1
9.1. Осы Келісім қағаз жеткізгіште ресімделді, жасалды және Конкурсқа Қатысушылар қол қойды.
Тармақ 9.3
9.3. Осы Келісім ____________________ тілінде жасалған.
Тармақ 9.4
9.4. Осы Келісіммен реттелмеген қалғанының бәрінде Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 10
10. Қатысушылардың деректемелері мен қолдары
«Негізгі Қатысушы» «Қатысушы-2»
Толық атауы Толық атауы
Толық заңды мекенжайы Толық заңды мекенжайы
БСН Банктік деректемелер БСН Банктік деректемелер
Телефоны Телефоны
Лауазымы, Т.А.Ә. (ол бар болса) Лауазымы, Т.А.Ә. (ол бар болса)
«Қатысушы-3»
Толық атауы
Толық заңды мекенжайы
БСН, Банктік деректемелер
Телефоны
Лауазымы, Т.А.Ә. (ол бар болса)
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).
Басқа 1.2.1. Сенімхат
Консорциялық келісімге
қосымша
Сенімхат
20__ж. « __ » ______
____________________ осы сенімхатпен, ____________ атынан сенім білдіреді
(консорциумға қатысушы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
________________________ атынан ____________________ мүддесін білдіруге
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (негізгі қатысушы)
___________________ ________________________________________________
(консорциумға қатысушы) (ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының,
тапсырыс берушінің атауы)
Өтінім беруге және Сатып алу туралы шарт жасау үшін құқығын береді.
№ _____________ конкурс
Конкурстың атауы____________________________________________________
№ _______________ лот
Лоттың атауы _______________________________________________________
№ ___________________________________ конкурсы бойынша Консорциялық
(конкурстың нөмірі мен атауы) келісімнің қолдану мерзіміне сенімхат берілді.
Осы сенімхат менімен _________________________________ куәландырылды.
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
___________________ __________________ ______________________________
(Қатысушы) Басшы қолы
Басқа 1.4. Әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхат
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша
Әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхат
___________________________________ мемлекеттік сатып алу конкурсы
(толық атауын көрсету керек)
Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:
Aтауы _________________________________________________________
БСН/ЖСН/______________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы, байланыс деректері ___________________________________
Осымен конкурсқа шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу үшін өтініш білдіреміз, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында және осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкес екенімізді растайтын мәліметтерді алуға келісім береміз.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін мына мекенжайға жіберуді сұраймыз: ________ қаласы, _____________ көшесі, ____________ үйі/құрылысы, __________ пәтері/қызметі, ______________ әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін:
егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысқан болса, конкурс қорытындыларынан кейін;
егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысудан бас тартқан болса, конкурстық құжаттаманың көшірмесін алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтаруды қамтамасыз етуге міндеттенеміз.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
Басқа 1.4. Әлеуетті өнім берушілердің өтінішхаттарын қарау хаттамасы
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша
Әлеуетті өнім берушілердің өтінішхаттарын қарау хаттамасы
Мемлекеттік сатып алудың атауы_________________________________
(конкурстың атауы)
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы_________________________
Тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік сатып алу ____________________
1. Өтінішхат берген әлеуетті өнім берушілердің тізім
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН/ЖСН
Өтінішхат берілген күн мен уақыт
2. Өтініштерхаттары қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің тізімі
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН/ЖСН
Қабылдамау себептері
Қабылдамау себептеріне негіздеме
3. Өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімдері
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН/ЖСН
Мекенжайы, байланыс телефон нөмірі
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
Басқа 1.5. Мемлекеттік сатып алу бойынша
үлгілік конкурстық құжаттама
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша
Бекітемін:
_________________________
(тапсырыс берушінің толық
атауын және осы конкурстық
құжаттаманы бекіткен оның
лауазымды тұлғасының тегі,
аты, әкесінің аты
(ол бар болса) көрсету)
Шешімнің №
20___ жылғы «___»________;
Мемлекеттік сатып алу бойынша
үлгілік конкурстық құжаттама
_______________________________________________________________
(конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың атауын көрсету керек)
Тапсырыс беруші ________________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелерін көрсету керек)
Тапсырыс берушінің өкілі_________________________________________
(тапсырыс берушінің өкілі – лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), байланыс телефондарын және болса, электрондық поштасының мекенжайын көрсету керек)
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы __________________________
____________________________________________________________________
(толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелерін көрсету керек)
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі _________________
____________________________________________________________________
(лауазымын, байланыс телефондарын және болса электрондық поштасының мекенжайын қоса алғанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) көрсету керек)
Тармақ 1
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Конкурс (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын көрсету керек) өнім берушіні (өнім берушілерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
Тармақ 2
2. Тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома ____ теңгені құрайды.
Тармақ 3
3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) лот нөмірін, өлшем бірлігін, санын, жеткізу шарттарын, жеткізу мерзімі мен орнын, төлем шарттары мен сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып, үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
Тармақша 2
2) осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, техникалық ерекшелік. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте техникалық ерекшелік жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды ұсыну туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылуы тиіс.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келеді;
Тармақша 3
3) осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімдер;
Тармақша 4
4) осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) объектілерді салуға не қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстарды орындау кезеңдерін, түрлерін және көлемін, сондай-ақ егер жобалау алдындағы құжаттамаға сәйкес оларды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асатын болса, әрбір қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың сомасын көрсетеді.
Тармақ 4
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:
Тармақша 1
1) мынадай ______________ (тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотының толық деректемелерін көрсету керек) банк шотына орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын;
Тармақша 2
2) осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 11-қосымшаға сәйкес банк кепілдігі.
Тармақ 5. 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі.
5. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі.
Тармақ 6
6. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші қажет болса 20__жылғы «__»___________ _______ сағ.___ мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінеді. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салулары мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберіледі: (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының пошта мекенжайы, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімшені және бөлме нөмірін көрсету керек).
Тармақ 7
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салу кімнен тіркелгенін көрсетпестен, мәліметтері конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жібереді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда, бірақ 20__жылғы «__»___________ _______ сағ.___ мин. мерзімнен кешіктірмей өз бастамасымен немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн мерзімге ұзартады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін _____ (кездесу өтетін орынды, күні мен уақытын көрсету керек) кездесу өткізеді.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы ұсынылған сұрау салулары көзін көрсетпей, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық комиссияға және конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошта деректемелері бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушілердің бәріне жіберіледі.
Тармақ 3. 3. Конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы.
3. Конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы.
Тармақ 1
1. Конкурсқа қатысуға өтінім
Тармақ 11
11. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтерді көрсетуге) келісім білдіру нысаны болып табылады.
Конкурсқа қатысу өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге сәйкес келуі қажет.
Тармақ 12
12. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
Тармақша 1
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес толтырған және әлеуетті өнім беруші қол қойған өтінім;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі:
құқық қабілеттілікті (заңды тұлғалар үшін) растайтын нотариат куәландырған құжаттар, жеке куәліктің көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді растайтын құжат (жеке тұлға үшін) (бұл ретте дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар болуы жөніндегі ақпаратты ұйымдастырушы қажет болған кезде www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық сервис/Салық төлеушілерді іздеу» қосымша парағынан алады);
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттар (хабарламалар) (мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде болмағанда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшiрмелерiн ұсынады);
сатып алынатын тауарларды өндіру, өңдеу, жеткізу және өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығын растайтын патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының, басқа құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
осы үлгiлік конкурстық құжаттамаға 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесіне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер;
егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздесе, онда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады;
осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері.
Ескертпе: жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер жалпы көлемінің отыз пайызынан аспайды.
Осы талап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес операторлар болып белгіленген заңды тұлғалармен Заңның 16-бабы 3-тармағының 25) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалған жағдайларда қолданылмайды.
Бұл ретте қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруіне тыйым салынады;
Тармақша 3
3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, техникалық ерекшелік. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алуды нормалау, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен көлемдері, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға берілетін сапа кепілдіктерін, тауарды жеткізу, жұмысты орындау, көрсетілетін қызметтерді көрсету ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Ескертпе: жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісетіні туралы хат ұсынады;
Тармақша 4
4) банк кепілдігі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.
Тармақ 2
2. Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
Тармақ 13
13. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, беттерін нөмірлеп береді және соңғы бетін өзінің қолын қойып, мөрмен (жеке тұлға үшін, егер ол бар болса) куәландырады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ол бар болса) куәландырылған түрде) және конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
Тармақ 14
14. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылуға немесе өшірілмейтін сиямен жазылуға және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюға және мөрімен бекітуге (жеке тұлға үшін, егер ол бар болса) тиіс.
Тармақ 15
15. Әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімде жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.
Тармақ 16
16. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке салып желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошта мекенжайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошта мекенжайы, конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетіледі: «(конкурстың атауын көрсету керек) сатып алу жөніндегі конкурс» және «(конкурсқа қатысуға өтінім ашылатын күн мен уақытты көрсету керек) дейін ашпаңыз».
Тармақ 3
3. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
Тармақ 17
17. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық пошта мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуді қамтамасыз ететін адамның (адамдардың) Т.А.Ә. (ол бар болса) көрсету керек) мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып, (конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақытын көрсету керек) қоса алғандағы мерзімге дейін береді.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін алған конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушіге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.
Тармақ 19
19. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда – конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.
Тармақ 20
20. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылдауға және тіркелуге жатпайды.
Тармақ 4
4. Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
Тармақ 21
21. Әлеуетті өнім беруші өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін өзгертуіне немесе қайтарып алуына болады. Өзгерістер енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуға, желімделуге және ұсынылуға тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін нысандағы өтініш түрінде ресімделеді, оған әлеуетті өнім берушінің қолы қойылады және мөрмен бекітіледі (жеке тұлға үшін егер осындай болса).
Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
Тармақ 22
22. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты оларды қайтарып алуға жол берілмейді.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей, қажет болған жағдайда, нақты уақыт кезеңіне өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілерге сұрау салу жібереді. Әлеуетті өнім беруші қажет болса:
Тармақша 1
1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысады;
Тармақша 2
2) мұндай өтінімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығын жоғалтпастан, мұндай сұрау салуды қабылдамайды.
Тармақ 24
24. Өзінің конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды әлеуетті өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
Тармақ 5
5. Конкурстық тәсілмен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
Тармақ 25
25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық комиссия келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді (конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруда (хабарламада) конкурстық өтінімдер ашылатын және көрсетілген конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күнін, уақытын және орнын көрсету керек). Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең 2 (екі) сағаттан аспауға тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттер ашылуға жатады.
Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм берілсе, онда конкурсқа қатысуға арналған бұл өтiнiм де ашылады және қаралады.
Тармақ 26
26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетеді және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркеледі (тіркелетін орнын, күні және уақытын көрсету керек, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашатын уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі өткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс).
Тармақ 27
27. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
Тармақ 28
28. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
Тармақша 1
1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және тапсырыс беруші бір тараптан әрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:
конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы;
конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуының болуы не болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болуы не болмауы, сондай-ақ себептері;
белгіленген мерзімде тиісті тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өтінім берушілер;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға айқындаған тұлға:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
Тармақша 3
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алуға болатын мерзім туралы хабардар етеді.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөніндегі отырысының хаттамасына отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерiнің бәрі, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр парағын дәйектейді.
Көрсетілген отырыс хаттамасының көшірмесі конкурстық комиссияның отырысы өткізілген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде беріледі.
Тармақ 6
6. Конкурстық тәсілмен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
Тармақ 29
29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратады;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
Егер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық комиссия оны конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
Әлеуетті өнім берушілердің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы талаптардың сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия мемлекеттік кірістер саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсындағы ақпаратты қарайды.
Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық рәсіміне қатысы жоқтығы және (немесе) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелерінің болмауы бөлігінде және борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізілмеген біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
Тармақ 31
31. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіні мынадай:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартқан жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті өнім беруші ұсынбаған;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім беруші өзі тартқан қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ сәйкессіздігін растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;
Тармақша 3
3) біліктілік талаптары жөнінде дәйексіз ақпарат ұсынған жағдайларда біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 11-бабының 7-тармағында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.
Өтінімді қамтамасыз ету соманың бір пайызынан астам мөлшерде енгізілген жағдайда, конкурстық комиссия енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.
Тармақ 32
32. Конкурстық комиссия мынадай:
Тармақша 1
1) банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссияға:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде берілген өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны айқындауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісті түрде ресімделмеген.
Тармақша 3
3) конкурсқа бөлінген соманың кемінде бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайларда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Өзге негіздер бойынша конкурсқа қатысуға өтінімге енгізілген қамтамасыз етуді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.
Тармақ 33
33. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:
Тармақша 1
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
Тармақша 2
2) Заңның 7-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 7-бабы 1-тармағының 9), 10) және 11) тармақшаларының талаптарын бұзса;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:
конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамау негіздемесі көрсетіледі;
Заңның 7-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.
Тармақ 34
34. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
Тармақша 1
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін, конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беретін күнін, уақытын, орнын айқындайды.
Тармақ 35
35. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссияның бәрі, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге көрсетілген хаттаманың көшірмесін береді немесе жібереді. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы конкурстық комиссияның шешіміне осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен шағымдануға болады.
Тармақ 7
7. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
Тармақ 36
36. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:
Тармақша 1
1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басып шығарылуға немесе өшірілмейтін сиямен жазылуға және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюға және мөрімен бекітуге (жеке тұлға үшін, егер ол бар болса) тиіс;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, конкурстық баға ұсынысында жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс;
Тармақша 3
3) Қазақстандық өндірушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен көрсетіледі.
Тиындарды пайдалана отырып соманы көрсеткен жағдайда конкурстық баға ұсынысы ондық немесе жүздік үлестері бар бөлшек санмен көрсетіледі, бірақ үтірден кейін екі таңбадан аспайды.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын қарау кезінде әлеуетті өнім берушілер ұсынған тиын мәндері қолданылады, бірақ үтірден кейін екі таңбадан аспайды.
Тармақ 37
37. Әлеуетті өнім беруші он және одан да көп лотқа қатысқан жағдайда, конкурстық баға ұсынысын үлгілік конкурстық құжаттамаға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуға жол беріледі.
Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке салып желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетіледі: «(конкурстың атауын көрсету керек) сатып алу жөніндегі конкурс» және «(конкурстық баға ұсыныстары ашылатын күн мен уақытты көрсету керек) дейін ашпаңыз».
Конкурсқа қатысушының біреуден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына және (немесе) ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
Тармақ 8
8. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
Тармақ 38
38. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген мерзім өткенге дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
Конкурстық комиссияның отырысында конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға айқындаған тұлға:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді хронологиялық тіркелу тәртібімен ашады;
конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тіркелу тәртібімен жариялайды;
конкурстық баға ұсыныстары бар ашылған конверттерді конкурстық комиссияның хатшысына береді.
Тармақ 39
39. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері, қажет болған жағдайда, конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысады.
Тармақ 40
40. Қажет болған кезде конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына қатысады.
Тармақ 41
41. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әртүрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының (конкурсқа қатысушылардың) барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына – конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.
Тармақ 42
42. Конкурстық комиссия:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түсетін конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды;
2) әлеуетті өнім беруші демпингке қарсы соманы (бар болса) енгізген жағдайда, осы Қағидалардың 116-тармағында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;
Тармақша 3
3) ең төмен баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындайды;
ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындайды;
әлеуетті өнім берушілердің ең төмен баға ұсынысы тең болған кезде әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхаты басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын веб-порталда берілген конкурсқа қатысушы екінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып танылады;
Тапсырыс беруші әлеуетті жеткізушілер тізімін толықтыру жағдайында, веб-порталда әлеуетті жеткізушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаттардың болмауына байланысты, әлеуетті жеткізушілердің ең төменгі баға ұсынысының теңдігі кезінде қатысуға өтініші бұрын басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтініші келіп түскен конкурстың қатысушысы екінші орын алған деп танылады.
Тармақ 43
43. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi, оның конкурстық комиссияның отырысына қатысқан мүшелерiнің бәрі, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды, әр парағын дәйектейді.
Тармақ 44
44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде ұсынуға міндетті.
Тармақ 9
9. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
Тармақ 45
45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге мынадай:
Тармақша 1
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтiнiм берудің соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды);
Тармақша 3
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды);
Тармақша 4
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, аванстық қамтамасыз етуді (шартта аванс көзделген жағдайда) демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы (бар болған кезде) енгізген;
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзімі өткен;
Тармақша 6
6) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелер толық және тиісінше орындалған жағдайлардың бірі басталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Тармақ 46
46. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде табыс етпеген не керi қайтарып алған;
Тармақша 2
2) конкурс жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
Тармақша 3
3) конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
Тармақ 10
10. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
Тармақ 47
47. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді.
Бұл ретте шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аз болмауға тиіс.
Тармақ 48
48. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын енгізілген қамтамасыз етуді, демпингке қарсы соманы (бар болса) өнім берушіге Өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтарады.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы соманы (бар болса), тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес тұлғалар кірісіне төлеу фактісі белгіленген күннен бастап шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді болық орындаған кезде 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтарады.
Тармақ 49
49. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтиды.
Тармақ 50
50. Қазақстандық тауар өндірушілермен және қазақстандық өндірушілермен, қызметтерді көрсетушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.
Тармақ 51
51. Егер осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші Тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаған немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты (бар болса) және (немесе) демпингке қарсы соманы (бар болса) қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болып танылады.
Тармақ 52
52. Мемлекеттік сатып алу жеңімпазы болып айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;
Тармақша 2
2) қажет болса мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы арқылы келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Басқа 1.5.1. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Үлгілік конкурстық
құжаттамаға
1-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі
___________________________ мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс
(толық атауын көрсету керек)
Лот
№
Тапсырыс берушінің атауы
Тауарлардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы
Өлшем бірлігі
Саны, көлемі
Беру шарттары (ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес)
Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі
Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны
Аванстық төлем мөлшері, %
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сома (№ лот бойынша), теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
(Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипаттамалары техникалық ерекшеліктерінде көрсетілетін жағдайда бұл бағанда тауардың (жұмыстың не көрсетілетін қызметтің) қысқаша атауы және әрбір позиция бойынша техникалық ерекшеліктің нақты бөліміне сілтеме көрсетіледі)
* Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.
Ұйымдастырушы Мемлекеттік сатып алуға басшысының лауазымы, тапсырыс беруші тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және қолы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және қолы
_______________/___________/ _____________/______________/
Күні______________ Күні______________
М.О. М.О.
Басқа 1.5.2. Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігі (тапсырыс берушімен әрбір лотқа жеке беріледі)
Үлгілік конкурстық
құжаттамаға
2-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігі (тапсырыс берушімен әрбір лотқа жеке беріледі)
Конкурстың атауы _______________________________________________
Лоттың № ______________________________________________________
Лоттың атауы ___________________________________________________
Техникалық ерекшелік сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, әзірленеді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте техникалық ерекшелікте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды ұсыну туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылуға тиіс.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келеді.
Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде оларды әзірлеу туралы техникалық тапсырмада есептеу мен жобалау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық және үкіметтік емес стандарттарына (ол бар болса) сәйкес келетін материалдар мен жабдықты қолдану туралы талап көрсетілуге тиіс.
Тауарларға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының сипатталуы функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, тауардың мақсатын және тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің пайдаланылу талаптарын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.
Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте тауарларды тапсырыс берушіге жеткізу кезінде қажетті ілеспе көрсетілетін қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және тағы басқа) мен олар көрсетілетін орын, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетіледі.
Көрсетілу сапасы осындай қызметтерді, жұмыстарды тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты қызметтер, жұмыстарды сатып алынған жағдайда, техникалық ерекшелікте жұмыскерге қойылатын, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін қажетті оның кәсіптік даярлық деңгейі мен бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын талаптардың сипаты беріледі.
Басқа 1.5.3. Ұсынылатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа бөлек ұсынады)
Үлгілік конкурстық
құжаттамаға
3-қосымша
Ұсынылатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа бөлек ұсынады)
Конкурстың атауы __________________________________________________
Лоттың №
Лоттың атауы
Тауардың атауы (маркасын, моделін, түрін және/немесе тауар белгісін не қызмет көрсету белгісін және т.б. көрсете отырып)
Шығарылған жылы
Шығарылған елі
Өндіруші зауыт (өндіруші зауыттың атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі (мекен-жайы, бар болса))
Кепілдік мерзімі (бар болса) (ай)
Жеткізу мерзімі
Тауарды жеткізу орыны
Ұлттық стандарттардың атауы, ал олар болмаған жағдайда ұсынылатын тауарларға арналған мемлекетаралық стандарттар. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған, ұсынылатын тауардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі (нақты сипаттамалары көрсетіледі)
Сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де сипаттамаларының сипаттамасы (нақты сипаттамалары көрсетіледі)
Конкурстық құжаттаманың (техникалық ерекшеліктің) талаптарына тауардың сәйкестігін растайтын өзге де мәліметтер.
Байланысты қызметтер
Әлеуетті өнім беруші конкурстың жеңімпазы деп танылған және онымен шарт жасалған жағдайда, мұндай шарттың техникалық ерекшелігі конкурс жеңімпазының техникалық ерекшелігінің негізінде қалыптастырылады.
___________________________________/________________________________/
(Әлеуетті өнім беруші басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және оның қолы)
мөр орны (жеке тұлға үшін, бар болған жағдайда)
Басқа 1.5.4. Сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшеліктері
(әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа бөлек ұсынады)
Үлгілік конкурстық
құжаттамаға
4-қосымша
Сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшеліктері
(әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа бөлек ұсынады)
Конкурстың атауы _______________________________________________
Лоттың №______________________________________________________
Лоттың атауы ___________________________________________________
Әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінде қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын жұмыстардың талап етілетін техникалық және сапалық сипаттамаларын толық сипаттай отырып және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын жұмыстарға арналған мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде қойылатын барлық талаптар қамтылуға тиіс. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын жұмыстардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
______________________________/________________________________/
(Әлеуетті өнім беруші басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және оның қолы)
М.О. (жеке тұлға үшін, егер бар болса)
Басқа 1.5.5. Сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктері
(әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа бөлек ұсынады)
Үлгілік конкурстық
құжаттамаға
5-қосымша
Сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктері
(әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа бөлек ұсынады)
Конкурстың атауы_______________________________________________
Лоттың №
Лоттың атауы
Өлшем бірлігі
Саны (көлемі)
Қызмет көрсету мерзімі
Талап етілетін сипаттамалардың, параметрлердің және басқа да бастапқы деректердің сипаты:
Қызметтің конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де мәліметтер (қажет болған жағдайда әлеуетті өнім беруші толтырады)
Әлеуетті өнім берушілердің техникалық ерекшелігінде конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде қойылатын барлық талаптар қамтылады.
_______________________________________________________________
______________________________/________________________________/
(Әлеуетті өнім беруші басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және оның қолы)
М.О. (жеке тұлға үшін, егер бар болса)
Басқа 1.5.6. Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшін)
Үлгілік конкурстық
құжаттамаға
6-қосымша
Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшін)
Кімге __________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен _________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)
Тармақ 1
1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер: (әлеуетті өнім беруші):
Әлеуетті өнім берушінің заңды, пошталық мекенжайы және байланыс телефондары
Заңды тұлғаның бірінші басшысының Т.А.Ә. (ол бар болса)
Тармақ 2
2. ________________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)
осы өтініммен (конкурстың толық атауын көрсету қажет) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (тауарларды) беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді – қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
Тармақ 3
3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабында көзделген шектеулерді бұзу жоқ екенін растайды.
Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу (тауарды (тауарларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісін көрсету керек) туралы шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұзуға келісімін де білдіріледі.
Тармақ 4
4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды (тауарларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісін көрсету керек) анық ақпарат беруді, авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауды қамтамасыз етеді.
Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда анық мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап ___күн ішінде қолданылады.
Тармақ 6
6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде (егер конкурстық құжаттамада аванс төлеу көзделген болса), сондай-ақ демпингтік деп танылмайтын ең төмен рұқсат етілген бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшерде (осы Қағидалардың 116-тармағында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша демпингтік бағаны ұсынған кезде) авансты қамтамасыз етуді енгіземіз.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тану туралы хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарт рөлін орындайтын болады.
_______________________________________________________________
______________________________/________________________________/
(Әлеуетті өнім беруші басшысының лауазымы, Т.А.Ә. (ол бар болса) және қолы)
Толтырылған күні ____________
М.О.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (ол бар болса).
Басқа 1.5.7. Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлға үшін)
Үлгілік конкурстық
құжаттамаға
7-қосымша
Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлға үшін)
Кімге __________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен __________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы толық көрсетіледі)
Тармақ 2
2. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
Әлеуетті өнім беруші жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес Т.А.Ә. (ол бар болса)
Әлеуетті өнім беруші жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат деректері
Әлеуетті өнім беруші жеке тұлғаның тіркелген мекенжайы
Әлеуетті өнім беруші жеке тұлғаның іс жүзіндегі тұрғылықты мекенжайы
Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс нысанасына сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі
Әлеуетті өнім беруші жеке тұлғаның байланыс телефондары, пошталық мекенжайы мен электрондық поштасының мекенжайы (ол бар болса)
Тармақ 2
2. ____________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол бар болса) көрсетіледі)
осы өтініммен конкурс тәсілімен өткізілетін (конкурстың толық атауы көрсетілсін) мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (тауарларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді – қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
Тармақ 3
3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабында көзделген шектеулерді бұзу жоқ екенін растайды.
Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу (тауарды (тауарларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісін көрсету керек) туралы шартты бұзуға келісімін де білдіріледі.
Тармақ 4
4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (тауарды (тауарларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісін көрсету керек), оның авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы анық мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда анық мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап ___ күн ішінде қолданылады.
Тармақ 6
6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде (егер конкурстық құжаттамада аванс төлеу көзделген болса), сондай-ақ демпингтік деп танылмайтын ең төмен рұқсат етілген бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшерде (осы Қағидалардың 116-тармағында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша демпингтік бағаны ұсынған кезде) авансты қамтамасыз етуді енгіземіз.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тану туралы хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарт рөлін орындайтын болады.
_______________________________________________________________
___________________________________/___________________________/
(Әлеуетті өнім беруші – жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол бар болса) және оның қолы)
Толтырылған күні ________________
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (ол бар болса).
Басқа 1.5.8. Біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)
Үлгілік конкурстық
құжаттамаға
8-қосымша
Біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)
Конкурстың атауы _______________________________________________
Лоттың № ______________________________________________________
Лоттың атауы ___________________________________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:
Атауы _________________________________________________________
БСН/ЖСН/ССН/ТЕН _____________________________________________
2. Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, конкурста сатып алынатын тауарларға ұқсас (осындай) ағымдағы жылдың алдындағы соңғы 10 (он) жыл ішінде әлеуетті өнім беруші жеткізген (өндірген) тауарлардың көлемі (болған жағдайда толтырылады).
Жұмыстың атауы
Алушының атауы
Тауарды жеткізу орны
Тауарды жеткізу күні
Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі
Шарттың құны, теңге
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
___________________________________/___________________________/
(Әлеуетті өнім берушінің басшысының лауазымы, Т.А.Ә. (ол бар болса), және оның қолы)
мөр орны (жеке тұлға үшін, ол бар болса)
Ескертпе:
Сатып алынатын тауарлар нарығында тауарлар мен шот-фактураларды қабылдап алу актілерінің көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынатын тауарлар нарығында жұмыс тәжірибесі бар болса, жүкқұжаттар мен шот-фактуралардың көшірмелері де жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылуы мүмкін.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (ол бар болса).
Басқа 1.5.9. Біліктілік туралы мәліметтер
(жұмыстарды сатып алған кезде әлеуетті өнім беруші толтырады)
Үлгілік конкурстық құжаттамаға
9-қосымша
Біліктілік туралы мәліметтер
(жұмыстарды сатып алған кезде әлеуетті өнім беруші толтырады)
Конкурстың атауы _______________________
Лоттың № _______________________________
Лоттың атауы ___________________________
Тармақ 1
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:
Атауы __________________________________
БСН/ЖСН/ССН/ТЕН ____________________
Тармақ 2
2. Әлеуетті өнім беруші ағымдағы жылдың алдындағы соңғы 10 (он) жыл ішінде орындаған, конкурста сатып алынатындарға ұқсас (осындай) жұмыс көлемі, растаушы құжаттардың* көшірмелері қоса беріледі* (болған жағдайда толтырылады).
Жұмыстың атауы
Жұмыс орындалатын жер (объектінің орналасқан жері)
Тапсырыс берушінің атауы
Жұмыс аяқталатын жыл, ай
Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі
Шарттың құны, теңге
Тармақ 3
3. Әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың көшірмелермен қоса, жұмыстарды орындау үшін қажетті, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (механизмдер, машиналар) не ұқсас (қосымша) жабдықтың (механизмдер, машиналар) бар екендігі туралы мәліметтерді көрсетеді**.
№
Жабдықтың (механизмдердің, машиналардың) атауы
Қолда бар бірліктердің саны
Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар)
Меншікті (меншік құқығын растаушы құжаттарды қоса беру), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса беріледі)
Растаушы құжаттың атауы, күні мен нөмірі
Тармақ 4
4. Растаушы құжаттардың көшірмелерімен қоса, еңбек ресурстары туралы мәліметтер**.
№
Жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі)
Лауазымы
Азаматтығы
Білімі туралы құжат бойынша біліктілігі (білімі туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі)
1
2
…
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын
Ескертпе:
* егер конкурстың нысанасы құрылыс болса, орындалған жұмыстар және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің көшірмесі жұмыс тәжірибесін растау құжаты болып табылады;
егер конкурстың нысанасы жұмыстың өзге түрі оның ішінде ағымдағы жөндеу болса, орындалған жұмыстар актілерінің және шот-фактуралардың көшірмесі жұмыс тәжірибесін растау құжаты болып табылады;
егер конкурстың нысанасы жаңа құрылыс болып табылса, жаңа объектілерді салудағы жұмыс тәжірибесі ғана ескеріледі;
егер конкурстың нысанасы кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қайта жаңғырту болып табылса, онда күрделі жөндеуді қоспағанда, объектілерді салудағы, бар объектілерді кеңейтудегі, жаңғыртудағы, техникалық қайта жасақтаудағы және қайта жаңғыртудағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі;
егер конкурстың нысанасы күрделі жөндеу болып табылса, онда жаңа объектілерді салудағы, бар объектілерді кеңейтудегі, жаңғыртудағы, техникалық қайта жасақтаудағы және қайта жаңғыртудағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалған құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты мен салалық тиесілілігі (құрылыс түрлері бойынша бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсас болуы) және олардың техникалық күрделілігі ескеріледі.
** Растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсетілуі көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген кезде растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылмауы мүмкін.
Өтілі бойынша талап бар болған жағдайда, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабы 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттардың бірі қызметкердің өтілін растайтын құжат болып табылады (бұл ретте, конкурстық құжаттамаға сәйкес қызметкердің талап етілетін мамандық/біліктілік бойынша өтілі расталатын құжат қана ескеріледі).
Бұл ретте қызметкердің соңғы 10 (он) жылдағы өтілі ескеріледі.
_______________________/____________________/
(Әлеуетті өнім беруші басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және оның қолы)
мөр орны (жеке тұлға үшін, ол бар болса)
Аббревиатураларды таратып жазу:
СН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
СН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
СН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
Басқа 1.5.10. Біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)
Үлгілік конкурстық құжаттамаға
10-қосымша
Біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)
Конкурстың атауы _______________________________________________
Лоттың №______________________________________________________
Лоттың атауы ___________________________________________________
Тармақ 1
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:
Атауы _________________________________________________________
БСН/ЖСН/ССН/ТЕН _____________________________________________
Тармақ 2
2. Растаушы құжаттардың (болған жағдайда толтырылады) көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің ағымдағы жылдың алдындағы соңғы 5 (бес) жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) көрсеткен қызметінің көлемі.
Көрсетілген қызметтің атауы
Қызмет көрсету орны
Тапсырыс берушінің атауы
Қызмет көрсету жылы мен айы (__ бастап __дейін)
Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі
Шарттың құны, теңге
Тармақ 3
3. Әлеуетті өнім беруші қызметті көрсету үшін қажетті растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген материалдық ресурстардың болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.
№
Материалдық ресурстардың атауы
Қолда бар бірліктердің саны (дана)
Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар)
Жеке меншік (меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін)
Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі
Тармақ 4
4. Әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы конкурс (лот) бойынша қызметтерді көрсету мақсатында қажетті өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін білікті қызметкерлер туралы мәліметтерді көрсетеді.
№
Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берілсін)
Осы конкурста сатып алынатын қызметтерді көрсету саласындағы жұмыс өтілі
Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсетсін, олардың көшірмелері қоса берілсін)
Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы
егер қызметкерлерге және осындай қызметкерлердің болуы жөнінде қойылатын талаптар осы конкурс (лот) бойынша техникалық ерекшелікте көрсетілген болса толтырылады.
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын
Ескертпе:
Тармақ 1
1. Көрсетілген қызметтер актілерінің (орындалған жұмыстар актілерінің) және шот-фактуралардың көшірмелері мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.
Техникалық қадағалау қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісі жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.
Салық кодексінің 397-бабынла көзделген қызметтерді көрсетуге байланысты қызметтерді көрсету кезінде, сондай-ақ есепке алу сертификатталған есепке алу жүйелері (құрылғылары), оның ішінде коммуналдық қызметтер (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтері арқылы жүзеге асырылатын қызметтерді көрсету кезінде шот-фактураның көшірмесі жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 2
2. Растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсетілуі көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген кезде растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылмауы мүмкін.
Тармақ 3
3. Материалдық ресурстарды жалдау құқығын растайтын құжат жалдау шартының көшірмесі немесе алдын ала жалдау шартының көшірмесі болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген қызметтерді көрсету мерзімінен кем емес болып табылады.
Тармақ 4
4. Еңбек өтілі бойынша талап болған кезде қызметкердің еңбек өтілін растайтын құжат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірменің немесе жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған мәліметтердің көшірмесі және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабы 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларда көзделген құжаттардың бірі болып табылады.
Бұл ретте қызметкердің соңғы 10 (он) жылдағы өтілі ескеріледі.
Тармақ 5
5. Материалдық ресурстардың қосалқы жалдау шарттарының көшірмелерін ұсынуға жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде қызметтердің аяқталу жылы танылады.
___________________/____________________/(әлеуетті өнім беруші басшысының лауазымы, аты-жөні және оның қолы)
мөр орны (жеке тұлға үшін, бар болған жағдайда)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
Басқа 1.5.11. Банк кепілдігі
Үлгілік конкурстық
құжаттамаға
11-қосымша
Банк кепілдігі
Банктің атауы:___________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:__________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
№ _________кепілдік міндеттеме
______________________________ ____ж. «___»______________________
(орналасқан жері)
Біз, бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын,__________________________,
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
________ұйымдастырған_______________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатыны және __________________________
конкурс (лот/лоттар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы
жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайын екені туралы хабардар етілгенбіз.
Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі ________жыл «___»__________ конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді банк кепілдігі түрінде енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз________________осы арқылы Сіздің ақы төлеуге
(банктің атауы)
жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім берушінің:
конкурсқа қатысушы деп танылған тұлға белгіленген мерзімде өзінің конкурстық баға ұсынысын бермегенін не кері қайтарып алғанын;
конкурстың жеңімпазы деп айқындалған тұлға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанын;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамағанын не тиісінше орындамағанын жазбаша растауыңызды алғаннан соң Сіздің талап етуіңіз бойынша
____________________________________________________________________
(сома цифрмен және жазумен)
тең соманы төлеуге кері қайтарып алынбайтын міндеттемені өзімізге аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ________ аяғына дейін алмасақ, осы құжаттың бізге қайтарылуына немесе қайтарылмауына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.
Егер конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі ұзартылса, онда осы кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы
Басқа 1.5.12. Конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері (конкурстың толық атауын көрсету керек)
Үлгілік конкурстық
құжаттамаға
12-қосымша
Конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері (конкурстың толық атауын көрсету керек)
Р/с №
Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) – заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушы) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, оның толық заңды және пошта мекенжайы, байланыс телефоны
Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы
Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі
Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) пайыздық мәндегі көлемі
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы
теңге
көлем %-ы
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы
теңге
көлем %-ы
Барлық қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) бойынша жиыны
теңге
көлем %-ы
Осы арқылы конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер(лер)і (бірлесіп орындаушы(лар)ы) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету керек) тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу шарттары туралы өзінің хабардар екенін білдіреді және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (бірлесіп орындаушыларына) қатысты бөлігінде конкурстық құжаттамада көзделген талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) – заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Қолы
Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі жиынтығында орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің отыз пайыздан аспауға тиіс.
Осы талап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес операторлар болып белгіленген заңды тұлғалармен Заңның 16-бабы 3-тармағының 25) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалған жағдайларда қолданылмайды.
Бұл ретте қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруіне тыйым салынады.
Басқа 1.5.13. Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi
Үлгілік конкурстық
құжаттамаға
13-қосымша
Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi
____________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
(лоттың нөмірін көрсете отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады)
р/с №
Мазмұны
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің атауы
1
Қысқаша сипаты
2
Шығарылған елi (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын кезде алып тасталады)
3
Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын кезде алып тасталады)
4
Өлшем бiрлiгi
5
_______бiрлiктің бағасы ___________
ИНКОТЕРМС 2000 ___________
шарттарында (межелі пункті)
6
Саны (көлемi)
7
Бағасы, барлығы =__________5-жол х 6-жол, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды төлеуге, салықтарды (ҚҚС-сыз), төлемдер мен алымдарды төлеуге жұмсаған барлық шығыстарын, жиынтықтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектердің, пайдаланудың бастапқы мерзімінде өлшем бірлігіне қызмет көрсету құнын, басқа шығыстарды қосқанда
Бiз сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызбен келiсемiз.
_____________ __________________________________________________
(Қолы) (Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))
М.О.
Ескертпе: «бағасы, барлығы» деген жолды конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын ескере отырып айқындалған және қайта қарауға жатпайды деп қарайды.
Басқа 1.5.14. Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi
Үлгілік конкурстық
құжаттамаға
14-қосымша
Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi
______________________________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
Лот №
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы
Мазмұны
Қысқаша сипаттамасы
Шығарылған елі (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алатын кезде алып тастау керек)
Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алатын кезде алып тасталады)
Өлшем бірлігі
___________ ИНКОТЕРМС 2000
___________ шарттарында бiрлiктің бағасы
(межелі пункті)
Саны (көлемі)
Бағасы, барлығы =__________7-жол х 8-жол, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды төлеуге, салықтарды (ҚҚС-сыз), төлемдер мен алымдарды төлеуге жұмсаған барлық шығыстарын, жиынтықтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектердің, пайдаланудың бастапқы мерзімінде өлшем бірлігіне қызмет көрсету құнын, басқа шығыстарды қосқанда
Бiз сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызбен келiсемiз.
__________ _____________________________________________________
(Қолы) (Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))
М.О.
Ескертпе: «бағасы, барлық» деген жолды конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын есепке ала отырып айқындалған және қайта қарауға жатпайды деп қарайды.
Басқа 1.6. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаның нысаны
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
6-қосымша
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаның нысаны
____________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы, пошта және электрондық мекенжайлары)
мынадай:____________________________________________________________
(жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы)
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тауарлар, жұмыстар /қызметтер: _____________________________ (тауарлар жеткізілетін, жұмыстар, қызметтер көрсетілетін орны мен олардың көлемін көрсету керек)
жеткізіледі (орындалады/көрсетіледі)
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болса сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен толық ерекшелігі конкурстық құжаттамада көрсетілген деп сілтеме жасайды).
Тауарларды жеткізудің (жұмыстарды орындаудың/қызметтерді көрсетудің) талап етілетін мерзімі_______________________________________
Конкурсқа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамаға ақы төлегені туралы құжатты (егер бұл конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда) бергеннен кейін ________ жылғы «____»_____________________________________ дейінгі мерзімді қоса алғанда
(конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашуға дейін 24 (жиырма төрт) сағат қалғандағы уақыт пен күнді көрсету керек)
сағат____-дан____-ге дейін мына мекенжайдан:________, №__ бөлме және/немесе электрондық поштамен мына мекенжайдан_______ алуға болады.
Конверттерге желімделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер___________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету керек)
мына мекенжайға_______________________________________________ береді.
(толық мекенжайын, бөлменің № көрсету керек)
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі________________
(уақыты мен күнін ______________дейін көрсету керек)
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер___________________
(уақыты мен күнін көрсету керек)
мына мекенжайда _________________________________ашылатын болады.
(толық мекенжайын, бөлменің № көрсету керек)
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:
____________________________________________________________________.
(қаланың коды мен телефон нөмірін көрсету керек)
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі_______________________.
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы мен байланыс телефоны көрсетіледі).
Басқа 1.7. Конкурстық құжаттаманы түсіндіру жөнінде
әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасы
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
7-қосымша
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру жөнінде
әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасы
____________________________________________________________________
(Конкурстың атауы)
__________________________ __________________________________________
(Кездесу өтетін орын) (Уақыты мен күні)
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны білдіретін тұлғалар: ____________________________________________________________________
(олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), байланыс телефондарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандары мен әлеуетті өнім берушілермен кездесуде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген, тартылған сарапшылар)
мынадай тұлғаларға:
____________________________________________________________________
(олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуде мұндай тұлғаның әлеуетті өнім берушіні білдіруге өкілеттігін растайтын құжатты көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері туралы)
конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде кездесу өткізді.
2. Кездесуде әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде мынадай сұрақтар қойды:
____________________________________________________________________
(қандай ережелер бойынша сұрақтар қойылды)
3. Қойылған сұрақтарға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілдері мынадай жауаптар берді:
____________________________________________________________________
(олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), байланыс телефондарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қатысып отырған өкілдерінің қайсысы жауап бергенін көрсету керек).
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілдері конкурстық құжаттаманы түсіндіру жөніндегі кездесу нәтижесінде мынадай шешімге келді:
1) конкурстық құжаттама өзгертуді (толықтыруды) талап етеді деп тану керек _______________________________________________________________
(атап айтқанда, конкурстық құжаттаманың қандай ережесін өзгерту (толықтыру) қажеттігін көрсету керек)
2) конкурстық құжаттамаға өзгеріс (толықтыру) енгізудің қажеті жоқ деп тану керек ___________________________________________________________
(олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуде мұндай тұлғаның әлеуетті өнім берушіні білдіруге өкілеттігін растайтын құжатты көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдерінің қолдары)
____________________________________________________________________
(олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), байланыс телефондарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарының мен әлеуетті өнім берушілермен кездесуде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген, тартылған сарапшылардың қолдары)
Басқа 1.8. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді aшу хаттамасы
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді aшу хаттамасы
____________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
___________________________________________________________________
(Ашу орны) (Уақыты мен күні)
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: ______________________________
(конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылатын күн, уақыт пен орын көрсетіледі)
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүргізді.
2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім
берушілерге берілді:______________________________________________.
(конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілердің
атауы, мекенжайы)
3. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері
____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерін конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі
өткеннен кейін берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы көрсетіледі)
негізінде ашылмай қайтарылды.
4. Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін, оларды белгіленген мерзімде берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:
____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерін конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінім берген уақыты конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен)
ашылды және мыналарды:
____________________________________________________________________
(өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтарып алу және өзгерту туралы ақпарат, конкурсқа қатысуға өтінім құжаттарының парақ саны көрсетіледі)
қамтиды, олар конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған кезде қатысып отырғандардың барлығына жария етілді.
5. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты:___________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған кезде қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, олардың уәкілетті өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолдары.
Басқа 1.9. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
9-қосымша
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама
______________________________________ сатып алу жөніндегі конкурс
(конкурстың атауы)
_________________________________________ ______________________
(Орналасқан жері) (Уақыты мен күні)
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:_______________________
(конкурстық комиссияның құрамын тізбелеу керек)
______________________________ мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарады.
2. Сарапшыларды тарту, конкурсқа қатысуға өтінімдерде ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігі бойынша олар берген қорытындылар туралы ақпарат.
3. Оларды белгіленген мерзімде, конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:___________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінімдерін конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінім берген уақыты, өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі, конкурстық құжаттамада көзделген қандай да бір құжаттың жоқтығы туралы ақпарат, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтарып алу және өзгерту туралы ақпарат және басқа да ақпарат көрсетіледі) конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырғандардың барлығына жария етілген.
4. Конкурсқа қатысуға мынадай өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілмейді:_____________________________________ __________________ (себебін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдеріқабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі: біліктілік талаптарына сәйкес келмейді; конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді, Заңның 7-бабының талаптары бұзылған).
5. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдері____________________________________________________________
(әрбір лот бойынша әлеуетті өнім берушілердің тізбесі жеке көрсетіледі).
6. Әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсеткен кезде конкурсқа қатысуға жіберу туралы жалпы хаттаманы ресімдеуге жол беріледі.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:
1. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілсін:
__________________________ ________________________________
(конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесі көрсетілсін).
2. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмесін:
____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесі көрсетілсін).
3. Конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді қабылдау орны, күні, уақыты________________________________________ белгіленсін.
4. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы белгіленсін.
(конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысының уақыты, күні, орны көрсетілсін, бірақ мүдделі адамдарға хабарлаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен ерте емес).
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат (жіберу) туралы осы хаттаманың көшірмелерін ұсынсын
____________________________________________________________________
(олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына
енгізілген әлеуетті өнім берушілерді көрсетілсін)
Осы шешімге дауыс бергендер:
Жақтаушы дауыс ____ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі аты әкесінің аты (ол бар болса)
Қарсы дауыс _____ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі аты әкесінің аты (ол бар болса)
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерiнiң және хатшысының қолдары.
Басқа 1.10. Конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындылары
туралы хаттама
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
10-қосымша
Конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындылары
туралы хаттама
_______________________________________________________________
(конкурстың атауы)
_________________________________________ ___________________________
(орналасқан жері) (уақыты мен күні)
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:_____________________
(конкурстық комиссияның құрамын тізбелеу керек)
___________________________ мемлекеттік сатып алу бойынша.
(сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қысқаша сипаттау)
2. Әрбір лот бойынша жеке-жеке сатып алу үшін теңгемен бөлінген
сома: _______________________________________________________________.
(сомасын көрсету)
3. Келесі өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді: __________________
(рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін көрсету)
4. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары
бар конверттер __________________________________________________________
(баға ұсыныстары оларды тіркеу үшін соңғы уақыт өткеннен кейін ұсынылуына
байланысты бағалауға және салыстыруға қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің
атаулары көрсетіледі).
5. Конкурстық комиссияның отырысына қатысуға конкурстық баға ұсыныстарын оларды
тіркеуге арналған соңғы уақыт өткенге дейін берген конкурсқа қатысушылардың:
____________________________________________________________________
(конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді тіркеу журналына сәйкес конкурсқа
қатысушылардың не олардың уәкілетті өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
хронологиялық тәртіппен біріздендіру керек)
____________________________________________________________________
конкурстық баға ұсыныстары ашылды және мыналарды қамтиды:
____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде барлық қатысушыларға жария етілген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді тіркеу журналына оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен көрсету)
6. Екінші жеңімпаздың (әрбір лот бойынша) атауы, орналасқан жері және
бағасы: _____________________________________________________________
7. Конкурстық баға ұсыныстары қабылданбады: ______________________
____________________________________________________________________ (мынадай себептер: конкурстық баға ұсынысы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түсуін; демпингтік болып табылатын конкурстық баға ұсынысын көрсете отырып, конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаған конкурсқа қатысушылардың не олардың уәкілетті өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) көрсету)
8. Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:
1)______________________________________________________________
(конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін, сондай-ақ ол жеңімпаз деп танылған шарттарды көрсету)
конкурсқа қатысушының конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылсын немесе _______________________ мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс (конкурстың атауы) өтпеді деп танылсын;
____________________________________________________________________
(егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын қарау, бағалау және салыстыру кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаса, тиісті себебін көрсету)
2) Тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер)
_______________________________________________________________
(әрбір тапсырыс берушінің атауын және орналасқан жері тізбеленсін)
_______ жылға дейінгі мерзімде_________________________________________
_______________________ -мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын.
(конкурс жеңімпазының атауын көрсету)
3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: _______________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетілсін)
Осы шешімге дауыс бергендер:
«Жақтаушы дауыс»___ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
«Қарсы дауыс» ___ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң және хатшысының қолдары.
Басқа 1.11. Тамақтандыру қызметтерін жеткізушілерді таңдау өлшемшарттары
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
11-қосымша
Тамақтандыру қызметтерін жеткізушілерді таңдау өлшемшарттары
Р/с №
Өлшемшарттар
Баллдар
Растайтын құжат
1
2
3
4
5
1
Ет тағамдарын (1 санаттағы сиыр еті, 1 санаттағы құс еті (тауық, күркетауық), жоғары сортты жартылай ысталған шұжық) сериялық өндіру
жоқ (0 балл)
- бір өнім - 1 балл
- өнімнің екі түрі - 2 балл
- өнімнің үш түрі - 3 балл
Негізгі нормада қолданылатын тауарларды (өнімдерді) сериялық өндіруге берілген Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен қолданыстағы үзіндік көшірме.
Ет тағамдарын (1 санаттағы сиыр еті, 1 санаттағы құс еті (тауық, күркетауық), жоғары сортты жартылай ысталған шұжық) партиясын өндіру
жоқ (0 балл)
- бір өнім - 0,5 балл.
- өнімнің екі түрі - 1 балл
- өнімнің үш түрі - 1,5 балл
Негізгі нормада қолданылатын тауарларды (өнімдерді) партияға берілген Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен қолданыстағы үзіндік көшірме.
2
Сүт өнімдерін сериялық өндіру (сиыр сүті, майлылығы 2,5% - дан кем емес, айран, майлылығы 2,5% - дан кем емес, қаймақ, майлылығы 15% - дан кем емес, сүзбе, майлылығы 9% - дан кем емес, сарыша ірімшігі, сиыр майы, жануарлар майының үлесі 72,5% - дан кем емес)
жоқ (0 балл)
- бір өнім - 0,5 балл.
- өнімнің екі түрі - 1 балл
- өнімнің үш түрі - 1,5 балл
- өнімнің төрт түрі - 2 балл
- өнімнің бес түрі - 2,5 балл
- өнімнің алты түрі - 3 балл
Негізгі нормада қолданылатын тауарларды (өнімдерді) сериялық өндіруге берілген Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен қолданыстағы үзіндік көшірме.
Сүт өнімдерін партиясын өндіру (сиыр сүті, майлылығы 2,5% - дан кем емес, айран, майлылығы 2,5% - дан кем емес, қаймақ, майлылығы 15% - дан кем емес, сүзбе, майлылығы 9% - дан кем емес, сарыша ірімшігі, сиыр майы, жануарлар майының үлесі 72,5% - дан кем емес)
жоқ (0 балл)
- бір өнім - 0,25 балл
- өнімнің екі түрі - 0,5 балл
- өнімнің үш түрі - 0,75 балл
- өнімнің төрт түрі - 1 балл
- өнімнің бес түрі - 1,25 балл
- өнімнің алты түрі - 1,5 балл
Негізгі нормада қолданылатын тауарларды (өнімдерді) партияға берілген Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен қолданыстағы үзіндік көшірме.
3
Нан-тоқаш өнімдерін сериялық өндіру (2-сұрыпты ұннан бидай наны, 1-сұрыпты байытылған ұннан бидай наны)
жоқ (0 балл)
- бір өнім - 1 балл
- өнімнің екі түрі - 2 балл
Негізгі нормада қолданылатын тауарларды (өнімдерді) сериялық өндіруге берілген Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен қолданыстағы үзіндік көшірме.
Нан-тоқаш өнімдерін партиясын өндіру (2-сұрыпты ұннан бидай наны, 1-сұрыпты байытылған ұннан бидай наны)
жоқ (0 балл)
- бір өнім-0,5 балл
- өнімнің екі түрі-1 балл
Негізгі нормада қолданылатын тауарларды (өнімдерді) партияға берілген Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен қолданыстағы үзіндік көшірме.
4
Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында, қызмет көрсету орны бойынша әлеуетті өнім берушінің аумақтық әділет органында тіркелуінің болуы
жоқ (0 балл)
бар (3 балл)
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін). Бұл ретте, жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің болуы туралы ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған жағдайда www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық сервистер/Салық төлеушілерді іздеу» бөлімінен алады.
5
Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі соңғы 10 (он) жыл ішінде*
жоқ (0 балл)
бар (әр жұмыс жылы үшін 1 балл, бірақ 10 балдан аспайды)
1. Көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесі (әрбір жыл үшін осы шартты орындаудың соңғы айы үшін).
2. Шот-фактураның көшірмесі (әрбір жыл үшін осы шартты орындаудың соңғы айы үшін).
3. Шарттың көшірмесі.
Ескертпе:
*Қызмет көрсету мерзімі бір жылдан асатын жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде мұндай әулетті өнім берушіге көрсетілген қызметтердің әрбір жылы үшін бал беріледі.
Басқа 1.12. Қарулы Күштердің қажеттілігі үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша үлгі конкурстық құжаттама
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
12-қосымша
Бекітемін:
________________________
(тапсырыс берушінің толық
атауын және оның осы
конкурстық құжаттаманы
бекіткен лауазымды
адамының тегі, аты, әкесінің
аты (ол бар болса)
көрсетіледі)
20 ___ жылғы «___»
№ шешім
Қарулы Күштердің қажеттілігі үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша үлгі конкурстық құжаттама
___________________________________________
(конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы)
Тапсырыс беруші ___________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауы, орналасқан жері, БСК, банктік деректемелері)
Тапсырыс берушінің өкілі ___________________________________________
(Тапсырыс берушінің өкілі – лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), байланыс телефондарын және бар болған жағдайда, электрондық поштасының мекенжайы)
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ___________________________________________
(толық атауы, орналасқан жері, БСК, банктік деректемелері)
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі ___________________________________________
(Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі, лауазымы, байланыс телефондары және бар болса, электрондық поштаның мекенжайы)
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Конкурс өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі (көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі).
Тармақ 2
2. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома ___________ теңгені құрайды (көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлген жағдайда сома әрбір лот үшін бөлек көрсетіледі).
Тармақ 3
3. Осы конкурстық құжаттамада қамтылады:
Тармақша 1
1) лот нөмірін, өлшем бірлігін, санын, қызмет көрсету шарттарын, көрсету мерзімі мен орнын, төлем шарттарын және сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып, үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесі;
Тармақша 2
2) бар болса, ұлттық стандартты немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған кезде үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары, техникалық ерекшеліктері;
Тармақша 3
3) үлгілік конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімдер;
Тармақша 4
4) үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер қамтылады.
Тармақ 4
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса төменде көрсетілген нысандардың бірінде қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:
Тармақша 1
1) мынадай банк шотында __________________ (тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотының толық деректемелері көрсетіледі) орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы;
Тармақша 2
2) үлгілік конкурстық құжаттамаға 11-қосымшаға сәйкес банк кепілдігі.
Тармақ 5
5. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының түсіндіруі
2-тарау. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының түсіндіруі
Тармақ 6
6. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы 20__ жылғы «__» __________, _____ сағат ___ минуттан кешіктірмей жазбаша сұрау салумен жүгінеді. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салулары мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберіледі: (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының пошталық мекенжайы, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімше мен бөлменің нөмірі көрсетіледі).
Тармақ 7
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен келіп түскенін көрсетпестен, олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жібереді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 20__ «__» __________, _____ сағат ___ минуттан кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекіту сияқты тәртіппен ресімделеді.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесі ұсынылған барлық әлеуетті өнім берушілерге өтеусіз негізде жібереді. Бұл ретте, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алуы үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн мерзімге ұзартады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін ___________ (кездесуді өткізу орны, күні мен уақыты көрсетіледі) кездесу өткізеді.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасын жасайды, онда көздерін көрсетпей, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы ұсынылған сұрау салулары, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошта деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Тарау 3
3-тарау. Қарулы Күштердің қажеттілігі үшін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдері бар конверттерді беруі
Тармақ 3.1
3.1. Конкурсқа қатысуға өтінім
Тармақ 11
11. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге келісім білдіру нысаны болып табылады.
Тармақ 12
12. Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар қамтылуы тиіс:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі:
құқық қабілеттілігін растайтын нотариат куәландырған құжаттар (заңды тұлғалар үшін), жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін) (бұл ретте дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар екені туралы ақпаратты ұйымдастырушы қажет болған кезде www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық сервистер/Салық төлеушілерді іздеу» бөлімінен алады);
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттар (хабарламалар) (мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде болмағанда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшiрмелерiн ұсынады);
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесі;
сатып алынатын тауарларды өндіру, өңдеу, жеткізу және өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығын растайтын патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының, басқа құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге береді;
үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер;
Тармақша 2
2) үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшелік;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысуға өтінімді банк кепілдігі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда белгіленген мөлшерде қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес қызмет көрсетушілерді таңдау өлшемшарттарын растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.
Тармақ 13
13. Қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуға жол берілмейді.
Тармақ 3.2
3.2. Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
Тармақ 14
14. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, беттерін нөмірлеп береді және соңғы бетін өзінің қолын қойып, мөрмен (ол бар болса) куәландырады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (ол бар болса) куәландырылған түрде) және конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
Тармақ 15
15. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылуға немесе өшірілмейтін сиямен жазылуға және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюға және мөрімен бекітуге (ол бар болса) тиіс.
Тармақ 16
16. Әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімде жолдар арасында ешқандай қыстырмалар, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.
Тармақ 17
17. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке салып желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетіледі: «(Конкурстың атауы көрсетіледі) сатып алу жөніндегі конкурс» және «(Конкурсқа қатысуға өтінім ашылатын күн мен уақыты көрсетіледі) дейін ашпаңыз».
Тарау 4
4-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
Тармақ 18
18. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуді қамтамасыз ететін адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) көрсету керек) мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып, (конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты көрсетіледі) қоса алғандағы мерзімге дейін береді.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін алған конкурсқа қатысуға өтінімдердің барлығы ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушіге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдерінің жеке өздеріне қайтарылады.
Тармақ 20
20. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда – конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.
Тармақ 21
21. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылдауға және тіркелуге жатпайды.
Тарау 5
5-тарау. Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
Тармақ 22
22. Әлеуетті өнім берушінің өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуіне немесе қайтарып алуына болады. Өзгерістер енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуға, желімделуге және ұсынылуға тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін нысандағы өтініш түрінде ресімделеді, оған әлеуетті өнім берушінің қолы қойылады және мөрмен (ол бар болса) бекітіледі.Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
Тармақ 23
23. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты оларды қайтарып алуға жол берілмейді.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей, қажет болған жағдайда, нақты уақыт кезеңіне өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілерге сұрау салу жібереді. Әлеуетті өнім беруші мыналарға:
Тармақша 1
1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға;
Тармақша 2
2) қажет болса осындай өтінімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығын жоғалтпай, осындай сұрау салуды қабылдамайды.
Тармақ 25
25. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді көтермейді.
Тарау 6
6-тарау. Конкурс тәсілмен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық комиссия келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді (конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруда (хабарламада) көрсетілген конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу және конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күні, уақыты және орны көрсетіледі). Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең 2 (екі) сағаттан аспайды.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттер ашылуға жатады.
Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм берілсе, осы конкурсқа қатысуға өтiнiм де ашылады және қаралады.
27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркеледі (тіркелетін орны, күні және уақыты көрсетіледі, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашатын уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі өткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс).
Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдерінің конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінің аудиожазбасы мен бейнетүсірілімін пайдалануына жол берілмейді.28. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
29. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде бір тұлға әрекет еткен жағдайларда ол туралы мәліметтер осы конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды:
конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы;
конкурстық құжаттама көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілер саны;
әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының бар не жоқ екені, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар не жоқ екені, сондай-ақ себептері;
белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінім берген, тиісті тіркеу журналында тіркелген әлеуетті өнім берушілер туралы хабардар етеді;
2) конкурстық комиссия төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға анықтаған тұлға:
конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алуға болатын мерзім туралы хабардар етеді.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу бойынша отырысының хаттамасына отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерiнің бәрі, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр парағын дәйектейді.
Көрсетілген конкурстық комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.
Тарау 7
7-тарау. Конкурс тәсілмен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу. Өлшемшарттар бойынша есептеу нәтижелерінде конкурсқа қатысушылар жинаған баллдар санын, конкурсқа қатысушыларды конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
Тармақ 30
30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия қажет болса:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратады;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
Егер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық комиссия оны конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
Тармақ 32
32. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіні мынадай:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартқан көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті өнім беруші ұсынбаған;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім беруші өзі тартқан бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ сәйкессіздігін растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;
Тармақша 3
3) біліктілік талаптары жөнінде дұрыс емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталған жағдайларда біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 11-бабының 7-тармағында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.
Өтінімді қамтамасыз ету соманың бір пайызынан астам мөлшерде енгізілген жағдайда конкурстық комиссия енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.
Тармақ 33
33. Конкурстық комиссия мынадай:
Тармақша 1
1) банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссияға:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде берілген өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны айқындауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісті түрде ресімделмеген жағдайларда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Өзге негіздер бойынша конкурсқа қатысуға өтінімге енгізілген қамтамасыз етуді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.
Тармақ 34
34. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:
Тармақша 1
1) ол біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
Тармақша 2
2) Заңның 7-бабының не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 7-бабы 1-тармағының 9), 10) және 11) тармақшаларының талаптарын бұзса;
Тармақша 3
3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе:
конкурс қорытындысы туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамау негіздемесі көрсетіледі;
Заңның 7-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.
35. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конвертті ашқан күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 36
36. Күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктері бар күрделі мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау 5 (бес) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Тармақ 37
37. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелер бойынша конкурстық комиссия бағалайды және өлшемшарттар бойынша, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген кезде есептеу нәтижелері бойынша конкурс қатысушылары жинаған баллдар санын салыстырады.
Тармақ 38
38. Өнім берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша баллдарды есептеу Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 39
39. Әлеуетті өнім беруші өнім берушіні таңдау өлшемшарттарын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия оларды бағалау үшін тиісті баллдарды есептемейді.
Тармақ 40
40. Баллдар саны тең болған кезде әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаты мемлекеттік сатып алу веб-порталына басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын берілген конкурс қатысушысы жеңімпаз болып танылады.
Тармақ 41
41. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді, бағалау мен конкурсқа қатысуға баллдар санын салыстыруды қарау нәтижелері бойынша:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға жіберілетін, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға бір өтінім жіберілген жағдайды қоспағанда, өлшемшарттар бойынша есептеу нәтижесінде конкурсқа қатысушылардың жинаған баллдарының санын бағалайды және салыстырады;
Тармақша 3
3) конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссия отырысына қатысып отырғандарға конкурс тәсілімен жүргізілген көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алу нәтижелерін айтады және қатысып отырғандарға конкурс жеңімпазын жариялайды.
Тармақ 42
42. Конкурстық комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) конкурстық комиссияның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптары бойынша әлеуетті өнім берушілерді айқындау және конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 14-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының қол қоюын және әрбір парағын дәйектеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген конкурсқа қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті өнім берушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне жүргізілген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жібереді не ұсынады;
Тармақша 3
3) конкурс тәсілімен жүргізілген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тарау 8
8-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
Тармақ 43
43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге мынадай:
Тармақша 1
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
Тармақша 2
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды);
Тармақша 3
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзімі өткен жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайтарып береді.
Тармақ 44
44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
Тармақша 1
1) конкурс жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
Тармақша 2
2) конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі орын алған кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтармайды.
Тарау 9. 9-тарау. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
9-тарау. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
Тармақ 45
45. Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде тапсырыс беруші Заңның талаптарына сәйкес және Көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және өнім берушіге жібереді.
Тармақ 46
46. Өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім берушіге қайтарады.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес тұлғалар кірісіне төлеу фактісі белгіленген күннен бастап шарт бойынша міндеттемелерін толық орындаған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтарады.
Тармақ 47
47. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтиды.
Тармақ 48
48. Қазақстандық тауар өндірушілермен және қазақстандық өндірушілердің көрсетушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.
Тармақ 49
49. Егер әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда белгіленген мерзімде қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген болса) енгізбеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болып танылады.
Тармақ 50
50. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;
Тармақша 2
2) қажет болса мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы арқылы келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді
Басқа 1.13. _______________________________________________________________
(конкурстың атауы)
сатып алу жөніндегі Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды
ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсiлiмен
мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
13-қосымша
_______________________________________________________________
(конкурстың атауы)
сатып алу жөніндегі Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды
ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсiлiмен
мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама
_______________________________________________________________
(орналасқан жері) (уақыты мен күні)
Тармақ 1
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: ____________________________________________________________________
(конкурстық комиссия құрамын атап көрсетіледі)
_______________________________________________________________ мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс
(сатып алынатын көрсетілетін қызметтер қысқаша сипаттау керек)
Тармақ 2
2. Cатып алу үшін бөлінген сома, әрбір лот бойынша теңгемен
_______________________________________________________________ (сома көрсетіледі).
Тармақ 3
3. Мынадай конкурсқа қатысуға өтінімдер жіберілді:
________________________________________
(конкурсқа жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері көрсетіледі)
Тармақ 4
4. Мынадай конкурсқа қатысуға өтінімдер конкурсқа қатысуға қабылданбады _______________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімі себептері көрсетіле отырып, қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі: біліктілік талаптарына сәйкес келмейді; конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді; Заңның 7-бабының талаптары бұзылған)
Тармақ 5
5. Осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушы өнім берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша баллдар кестесі
Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысушының конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылсын
________________________________________
(конкурсқа қатысушының атауы мен заңды мекенжайы, сондай-ақ ол жеңімпаз
деп танылған шарттар көрсетіледі)
немесе мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс
________________________________________
(конкурстың атауы)
өткізілмеді деп танылсын.
________________________________________
(Егер конкурсқа қатысушылардың баллдарын қарау, бағалау және салыстыру кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса немесе барлық өтінімдер қабылданбаса, тиісті себебі көрсетіледі)
Тармақша 2
2) Екінші жеңімпаздың атауы мен заңды мекенжайы (әрбір лот бойынша):
________________________________________
Тармақша 3
3) Тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) __________________________
(әрбір тапсырыс берушінің атауы және заңды мекенжайы атап көрсетіледі) _________ жыл ____ дейінгі мерзімде ____________________________ мемлекеттік (конкурс жеңімпазының атауы көрсетіледі) сатып алу туралы шарт жасассын.
Тармақша 4
4) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның көшірмесін тапсырыс берушіге (тапсырыс берушілерге) жібереді.
Осы шешімге дауыс бергендер:
Жақтап дауыс бергендер ______ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе));
Қарсы дауыс бергендер ______ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)).
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының қолдары.
Басқа 1.14. Конкурсқа қатысушы өнім берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша балдар кестесі
_________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
14-қосымша
Конкурсқа қатысушы өнім берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша балдар кестесі
_________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
Лот№
Әлеуетті өнім берушілердің атауы
11-қосымшаның өлшемшарттары бойынша балдар
Ет тағамдарын (1 санаттағы сиыр еті, 1 санаттағы құс еті (тауық, күркетауық), жоғары сортты жартылай ысталған шұжық) сериялық өндіру немесе партиясын өндіру
Сүт өнімдерін сериялық өндіру немесе партиясын өндіру (сиыр сүті, майлылығы 2,5% - дан кем емес, айран, майлылығы 2,5% - дан кем емес, қаймақ, майлылығы 15% - дан кем емес, сүзбе, майлылығы 9% - дан кем емес, сарыша ірімшігі, сиыр майы, жануарлар майының үлесі 72,5% - дан кем емес)
Нан-тоқаш өнімдерін (2-сұрыпты ұннан бидай наны, 1-сұрыпты байытылған ұннан бидай наны) сериялық өндіру немесе партиясын өндіру
Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында, қызмет көрсету орны бойынша әлеуетті өнім берушінің аумақтық әділет органында тіркелуінің болуы
Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы 10 (он) жыл ішінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының қолдары.
Басқа 1.14-1. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу қорытындылар туралы алдын ала хаттамасы
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
14-1-қосымша
Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу қорытындылар туралы алдын ала хаттамасы
Жалпы мәліметтер:
Сатып алу түрі
Бірінші сатып алу/Қайта сатып алу
Қаржы жылы
Тауардың атауы
ЭД-дегі тапсырыс нөмірі
Тапсырысты рәсімдеу күні мен уақыты
Тапсырыс беруші туралы мәліметтер*:
Тапсырыс берушінің атауы ___________________
БСН Әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының тізімі**:
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы, БСН/ЖСН
Тауардың атауы
Әлеуетті өнім берушінің ҚҚС-сыз сомасы, теңгемен
ЭД-ге ұсыныс беру күні мен уақыты
ЭСА-ға ұсыныс беру күні мен уақыты
Өнім берушінің баға ұсынысынан бас тарту себебі
Өнім берушінің бағасы қайдан алынған ЭСА атауы
Тапсырысты растау мәртебесі (Иә / Жоқ)
Тапсырысты растауға сұрау салу өнім берушіге жіберілді: (тапсырысты растамаған әлеуетті өнім берушілерді есепке алмағанда, ең төмен бағаны көрсеткен әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы).
Ескерту:
* Егер бірнеше тапсырыс беруші болса, тапсырыс беруші туралы мәліметтер көрсетілмейді.
**деректер әлеуетті өнім берушінің сомасының өсу ретімен көрсетіледі.
Аббревиатураларды ашып жазу:
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚҚС - қосылған құн салығы;
ЭСА - электрондық сауда алаңы;
ТЭК - тауарлардың электрондық каталогы;
ЭД - электрондық дүкен;
кк.аа.жжжж. - күн, ай, жыл
Басқа 1.14-2. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамасы
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
14-2-қосымша
Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамасы
Жалпы мәліметтер:
Сатып алу түрі
Бірінші сатып алу/Қайта сатып алу
Қаржы жылы
Тауардың атауы
ЭД-дегі тапсырыс нөмірі
Тапсырысты рәсімдеу күні мен уақыты
Тапсырысты растау күні мен уақыты
Тапсырыс беруші туралы мәліметтер*:
Тапсырыс берушінің қазақ тіліндегі атауы ___________________
Тапсырыс берушінің орыс тіліндегі атауы ___________________
БСН
Әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының тізімі**:
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы, БСН/ЖСН
Тауардың атауы
Әлеуетті өнім берушінің ҚҚС-сыз сомасы, теңгемен
ЭД-ге ұсыныс беру күні мен уақыты
ЭСА-ға ұсыныс беру күні мен уақыты
Өнім берушінің баға ұсынысынан бас тарту себебі
Тармақ 1
1. № ___ жоспардың тармағы бойынша жеңімпаз болып белгіленсін: (жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің БСН/ЖСН атауы).
Тармақ 2
2. Тапсырыс беруші (Тапсырыс берушінің атауы) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасын.
Немесе:
«Мемлекеттік сатып алу (№___ жоспардың тармағы бойынша сатып алудың атауы) _________________ байланысты өтпеді деп танылсын»:
(Мынадай мәндердің бірі көрсетілсін: «ұсынылған баға ұсыныстарының болмауы», «бір баға ұсынысын ұсыну» не: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тартылды).
Ескерту:
* Егер бірнеше тапсырыс беруші болса, тапсырыс беруші туралы мәліметтер көрсетілмейді.
**деректер әлеуетті өнім берушінің сомасының өсу ретімен көрсетіледі.
Аббревиатураларды ашып жазу:
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚҚС - қосылған құн салығы;
ЭСА - электрондық сауда алаңы;
ТЭК - тауарлардың электрондық каталогы;
ЭД - электрондық дүкен;
кк.аа.жжжж. - күн, ай, жыл.
Басқа 1.15. Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
15-қосымша
Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
____________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алудың атауы)
_________________________________ ___________________________________
(орналасқан жері) (уақыты мен күні)
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: ___________________________
____________________________________________________________________
(атауы, мекенжайы)
____________________________________________________________________
(сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қысқаша сипаттау)
сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүргізді.
2. Сатып алуға бөлінген сома ________________ (сомасын көрсету) теңге.
3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме _______________________________________
____________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімін қоса беру, бұйрықтың нөмірі, күні)
4. Өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі
____________________________________________________________________
(«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 11-бабы 1-тармағында
көзделген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі көрсетіледі)
5. Шарт жасалатын өнім берушінің атауы және заңды мекенжайы және мұндай шарттың бағасы:
_________________________________________________________________________
6. Сарапшыларды тарту, олар ұсынған қорытындылар туралы ақпарат.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша былай деп шешті:
1) өнім берушіден тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алу немесе ______________________________________________________________
(өнім берушінің атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі)
бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу
__________________________________ өтпеді деп танылсын;
(тиісті себебін көрсетіледі)
2) Тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(әрбір тапсырыс берушінің атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі)
_________ жылға _______ дейінгі мерзімде _______________________ мемлекеттік
(өнім берушінің атауы көрсетіледі)
сатып алу шартын жасассын.
3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы _______________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, бірінші басшының не аппарат басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның, тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе міндетін атқарушы адамның қолдары.
Басқа 1.16. Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
16-қосымша
Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ (ол бар болса)> атынан әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ (ол бар болса)> атынан әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:
Тармақ 1
1. Шарттың мәні
Тармақ 1.1
1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Тауарды жеткізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Тауарды қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 1.2
1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) осы Шарт;
Тармақша 2
2) сатып алынатын тауарлар тізбесі (1-қосымша);
Тармақша 3
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
Тармақ 2
2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
Тармақ 2.1
2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа 1-қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (<сома жазумен>) теңгені құрайды және Тауарлар жеткізумен байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы>теңге>/<ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
Тармақ 2.2
2.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт бюджеттік бағдарламасы, кіші бағдарламасы, - ерекшелігі бойынша (), / <_____> жылы тіркеуге жатады.
Тармақ 2.3
2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін, Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді. Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді.
Тармақ 2.4
2.4. Егер Өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болса, Тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде шарт сомасының 30 (отыз) пайыз мөлшерінде аванстық төлем жүргізеді.
Тармақ 2.5
2.5. Жеткізілген Тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдап алу-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.
Тармақ 2.6
2.6. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
Тармақша 2
2) жүкқұжат;
Тармақша 3
3) тауарды (тауарларды) қабылдап алу-беру актісі (актілері);
Тармақша 4
4) жеткізілген тауарлардың санын, бірлік бағасы мен жалпы сомасын сипаттай, көрсете отырып, Өнім беруші Тапсырыс берушіге ұсынған шот-фактура;
<№. Жаңа тармақша>
Тармақ 3
3. Тараптардың міндеттемелері
Тармақ 3.1
3.1. Өнім беруші мыналарға:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайыз мөлшерінде теңгеге тең, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарттың мән-жайлары бойынша көзделген аванс мөлшері (бар болса) теңгеге тең, сондай-ақ демпингке қарсы сома (бар болса) теңгеге тең мөлшерде енгізілсін онсыз жалпы алғанда теңге түрінде:
тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
не:
Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 21-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі;
не:
Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 22-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының толық мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып жасалатын сақтандыру шарты.
Осы тармақшаның талаптары қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі өнім берушілерге қолданылмайды.
Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін енгізбеуі мүмкін;
Тармақша 3
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа 2-қосымшада (техникалық ерекшелік) көрсетілген талаптарға тауарлардың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Тауарларды түпкілікті межелі пунктіне тасымалдау кезінде олардың бұзылудан немесе бүлінуден сақтай алатын орамын қамтамасыз етуді. Орам қандай да бір шектеусіз қарқынды жүктеу-тасымалдау өңдеуі мен экстремалды температуралардың әсерлерге, тасымалдау кезінде тұздар мен жауын-шашынға, сондай-ақ ашық түрде сақтауға төзе алатын болуы қажет.
Буып-түйілген жәшіктер габариттері мен олардың салмақтарын айқындау кезінде, Тауарлар тасымалының барлық пункттерінде жеткізудің соңғы пунктінің алыстығын және қуатты жүккөтергіш құралдарының бар болуын ескеру қажет;
Тармақша 5
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс.
Тармақша 6
6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген қандай да бір құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
Тармақша 7
7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
Тармақша 8
8) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
Тармақша 9
9) Тапсырыс берушіге жүкқұжатты, тауарларды қабылдап алу-беру актісін ресімдейді және ұсынады;
Тармақша 10
10) Тапсырыс беруші тауарды (тауарларды) қабылдап алу-беру актісін бекіткеннен кейін шот-фактураны белгіленген тәртіппен жазуға міндеттенеді;
<№) жаңа тармақша>.
Тармақ 3.2
3.2. Өнім беруші:
Тармақша 1
1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша жеткізілген Тауарларға төлем талап етуге;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушімен алдын ала жеткізу мерзімін келісе отырып, Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Тауарды мерзімінен бұрын жеткізуге құқылы.
Тармақ 3.3
3.3. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) Тауар жеткізу үшін Өнім берушінің мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Тауардың сәйкессіздіктері мен кемшіліктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;
Тармақша 3
3) Тауарды қабылдап алу кезінде Тауарды қабылдап алу-беру актісін бекітеді не Тауарды қабылдап алу-беру актісін алған күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей оны қабылдамаудың дәлелді негіздемелерін көрсете отырып, Тауарды қабылдаудан бас тартады, не жеткізілген тауарға қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, Тауарды қабылдап алу-беру актісін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қарастырады;
Тармақша 4
4) тауарды (тауарларды) қабылдап алу-беру актісі бекітілгеннен кейін Өнім беруші белгіленген тәртіппен жазып ұсынған шот-фактураны қабылдайды;
Тармақша 5
5) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.
<№) жаңа тармақша>
Тармақ 3.4
3.4. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) жеткізілген Тауарлардың сапасын тексеруге;
Тармақша 2
2) Тауар мерзімінен бұрын жеткізілген жағдайда Тапсырыс беруші Тауарды мерзімінен бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы. Тауарды мерзімінен бұрын жеткізуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда жол беріледі.
Тармақ 4
4. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру
Тармақ 4.1
4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері жеткізілген тауарлардың техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.
Тармақ 4.2
4.2. Осы Шарт шеңберінде жеткізілген тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.
Тармақ 4.3
4.3. Егер тексеру кезінде жеткізілген тауарлардың нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.
Тармақ 4.4
4.4. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестілігін тексеру Өнім беруші немесе қосалқы мердігер(лер) аумағында, жеткізу орнында және (немесе) тауарлардың түпкілікті межелі пунктіне жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері(лері) аумағында жүргізілетін болса, Тапсырыс беруші инспекторларына, Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығынсыз, сызбалар мен өндірістік ақпараттарға рұқсатты қоса алғанда, барлық қажетті құралдар мен көмек ұсынылатын болады.
Тармақ 4.5
4.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың ешқайсысы Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
<№. жаңа тармақ>*
Тармақ 5
5. Тауарларды жеткізу және құжаттама
Тармақ 5.1
5.1. Өнім беруші Тауар межелі пунктте Тапсырыс берушінің өкіліне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) ақпарат Тауардың өзінде және/немесе орамасында көрсетілген не Тауар сапасы дайындаушы кәсіпорынның мөртаңбасымен немесе көрсетілген белгілерді таратып жаза отырып, басқа белгімен Тауардың өзінде және/немесе оның орамасында расталған жағдайларды қоспағанда, Тауардың жиынтығы, оның техникалық сипаттамасы, пайдалану қағидалары, кепілдігі туралы мәліметтерді және Тауардың сапасын және оның Қазақстан Республикасында танылған нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін айқындау үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын дайындаушы зауыт (жөнелтуші) берген зауыттың сапа сертификатының және/немесе техникалық паспортының түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе дайындаушы зауыт берген өзге құжат;
Тармақша 2
2) сәйкестігін міндетті түрде растауға жатпайтын Тауарларды қоспағанда, өнім беруші растаған Тауардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттың (сәйкестік сертификаты/сәйкестігі туралы декларация/ мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) көшірмесі;
Тармақша 3
3) Дайындаушының немесе Өнім берушінің (қажет болған кезде) кепілдік (міндеттеме) сертификаты;
Тармақша 4
4) егер Тауар Қазақстанда шығарылған болса, онда «Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36717 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен берілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады.
Егер Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен шығарылған елдің тиісті органы берген тиісті Тауардың шығарылған елі туралы сертификатының түпнұсқасы немесе көшірмесі беріледі.
Осы тармақтың 4) тармақшасының талаптары құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға ғана қолданылады.
Тармақ 5.2
5.2. Тауарға меншік құқығы және кездейсоқ опат болуы, Тауардың жоғалуы немесе бүлінуі тәуекелін қоса алғанда, онымен байланысты барлық тәуекелдер Тараптар тауарды қабылдап алу-беру актісіне қол қойған сәттен бастап Тапсырыс берушіге ауысады. Осы сәттен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Өнім беруші Тапсырыс берушіден Тауарды қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған Тауардың ақаулықтарына байланысты кінараттарды қабылдайды.
Тармақ 5.3
5.3. Жеткізу Өнім беруші Тапсырыс берушіге Тауарды техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте толық беру шартында жасалды деп есептеледі.
Тармақ 5.4
5.4. Осы Шарттың 6.3-тармағының талаптары сақталған кезде Тауарды жеткізу/беру күні деп өнім берушінің веб-портал арқылы тапсырыс берушіге тауарды қабылдап алу-беру актісін жіберген күні есептеледі.
Тармақ 6
6. Кепілдік. Сапа
Тармақ 6.1
6.1. Өнім беруші осы Шарт шеңберінде жеткізілетін Тауардың:
Тармақша 1
1) сапалы және сатып алынатын тауарларға ұлттық стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетініне;
Тармақша 2
2) жаңа (ғимаратты, құрылысты, тұрғын емес мақсаттағы үй-жайларды, авиациялық техниканы сатып алуды қоспағанда), пайдаланылмаған, зауыттық орамасында, материалда және орындауда қандай да бір ақаулардан босатылған;
Тармақша 3
3) өнеркәсіптік және (немесе) басқа зияткерлік меншікке негізделген үшінші тұлғаның кез келген құқықтары мен талаптарынан бос екеніне кепілдік береді.
Тармақ 6.2
6.2. Тапсырыс беруші алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өнім берушінің тауарды қабылдау-беру актісіне қол қояды не дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, тауарды қабылдаудан бас тартады.
Тапсырыс беруші жеткізілген тауарды қосымша зерделеу қажет болған кезде хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген іс-қимылдарды орындайды, бұл туралы тауарды қабылдау-беру актісін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өнім берушіге хабарлайды.
Тармақ 6.3
6.3. Жеткізілетін Тауардың кепілді кезеңі Тауар Тапсырыс берушінің қоймасына келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 12 (он екі) айда айқындалады. Ауыстырылған немесе жөнделген Тауар үшін кепілдік мерзімі жаңа Тауарға ауыстырылған сәттен бастап басталады. Тауар ақауларын жою, ауыстыру бойынша, оның ішінде кедендік тазартуға байланысты барлық шығыстарды да Өнім беруші көтереді. Егер туындаған ақауларды жоюда іркіліс Өнім берушінің кінәсінен болған жағдайда, онда кепілдік беру мерзімі тиісті уақыт кезеңіне ұзартылатын болады.
<№. жаңа тармақ>.
Тармақ 7
7. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 7.1
7.1. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың есеп шотында ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
Тармақ 7.2
7.2. Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15 (он бес) пайызынан аспауға тиіс.
Егер Өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде болса, онда тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайыздан аспауға тиіс.
Тармақ 7.3
7.3. Өнім беруші Тауарды жеткізуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Тауар жеткізу мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, күнтізбелік он бес күннен аса мерзімге Тауар жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.
Тармақ 7.4
7.4. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 7.5
7.5. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша Тауар жеткізу үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, онда Шарт сомасы немесе тауар жеткізу кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.
Тармақ 7.6
7.6. Өнім беруші толығымен де, ішінара да біреуге осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бермеуі тиіс.
Тармақ 7.7
7.7. Тапсырыс беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген болса), сондай-ақ Өнім беруші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты бұзылған жағдайда қайтармайды.
Тармақ 7.8
7.8. Тапсырыс беруші енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Өнім беруші Шарттың қолданылу кезеңінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда Өнім берушіге қайтарады.
<№. жаңа тармақ>.
Тармақ 8
8. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
Тармақ 8.1
8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <_____> дейін қолданылады.
Тармақ 8.2
8.2. Шартты біржақты тәртіппен бұзуды тапсырыс беруші оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өнім берушінің жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан бас тартуы;
Тармақша 2
2) өнім берушінің жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы, не тиісінше орындамауы;
Тармақша 3
3) қайта ұйымдастыруды не жеке тұлға болып табылатын өнім берушінің (азаматтың) қайтыс болуын қоспағанда, тапсырыс берушінің немесе заңды тұлға болып табылатын өнім берушінің тартылуы не банкроттығы;
Тармақша 4
4) өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті құқық қабілеттілігін жоғалтқан, өнім беруші қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) жағдайда;
Тармақша 5
5) шарт жасауға негіз болған сатып алуға қатысты Заңның 7-бабында көзделген шектеулердің бұзылуын анықтау;
Тармақша 6
6) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұйымдастырушының өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген жәрдем көрсетуін анықтау;
Тармақша 7
7) өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін өз міндеттемелерін орындаған жағдайды қоспағанда, өнім беруші белгіленген мерзімде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді, демпингке қарсы сома) енгізбеген жағдайда.
Тармақ 8.3
8.3. Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды қозғамайтын Шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.
Тармақ 8.4
8.4. Тапсырыс беруші тараптардың келісімі бойынша шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда, мердігерге осы орынсыздықтың егжей-тегжейлі себебі көрсетілген, жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ шартты бұзу күшіне енген күні көрсетілген тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта бұза алады.
Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде, Мердігер Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана төлем талап етуге құқылы.
Тармақ 8.5
8.5. Шартты бұзуды тапсырыс беруші заңды күшіне енген сот актісі бойынша оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Хабарлама
Тармақ 9.1
9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
Тармақ 9.2
9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
Тармақ 10
10. Форс-мажор
Тармақ 10.1
10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар оның толық немесе ішінара орындалмауы үшін жауапкершілікте болмайды.
Тармақ 10.2
10.2. Өнім беруші Шарттың, демпингке қарсы соманың орындалуын өзінің қамтамасыз етуінен айырылмайды және егер Шарттың орындалуын кешіктіру форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болып табылса, оның талаптарын орындамауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе шарттың бұзылуына жауапты болмайды.
Тармақ 10.3
10.3. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
Тармақ 10.4
10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.
Тармақ 11
11. Даулы мәселелерді шешу
Тармақ 11.1
11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
Тармақ 11.2
11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
Тармақ 12
12. Өзге де шарттар
Тармақ 12.1
12.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
Тармақ 12.2
12.2. Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделмеген міндеттемелерді орындау бойынша өнім берушіге қойылатын талаптарды және (немесе) шарттарды белгілеуге жол берілмейді.
Тармақ 12.3
12.3. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
Тармақ 12.4
12.4. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге Заңның 18-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі.
Бұл ретте, егер өнім беруші қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгiзiлген болса, Шартты орындау шеңберiнде жеткiзiлетiн тауарды шетелдiк шығарылған тауарлармен ауыстыруға жол берiлмейдi.
Тармақ 12.5
12.5. Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Тараптар айырбастайтын шартқа қатысты барлық хат-хабарлар және басқа құжаттама осы шарттарға сәйкес келуі керек.
Тармақ 12.6
12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<№. жаңа тармақ>.
Тармақ 13
13. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші
Өнім беруші (қаражат алушы)
<Тапсырыс берушінің толық атауы>
<өнім берушінің толық атауы>
<Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>
< өнім берушінің толық заңды мекен-жайы>
БСН < Тапсырыс берушінің БСН>
«өнім берушінің БСН/ССН/ТЕН <БСН/ССН/ТЕН>
БСК <Тапсырыс берушінің БСК>
БСК < өнім берушінің БСК>
ЖСК <Тапсырыс берушінің ЖСК>
ЖСК < өнім берушінің ЖСК>
<Банк атауы>
<Банк атауы>
Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны>
Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Тапсырыс берушінің лауазымы>
<Өнім берушінің лауазымы>
<Тапсырыс берушінің аты-жөні (ол бар болса)>
< Өнім берушінің аты-жөні (ол бар болса)>
(қолы) (қолы)
«___» ____________ ____ жыл «___» ____________ ____ жыл
М. О. М. О.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ҚҚС – Қосылған құн салығы
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (ол бар болса).
Басқа 1.17. Құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
17-қосымша
Құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ (ол бар болса)> атынан әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі «Мердігер» деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ (ол бар болса)> атынан әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
Тармақ 1
1. Ұғымдар мен анықтамалар
Тармақ 1.1
1.1. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:
Тармақша 1
1) бас мердігер (бұдан әрі – Мердігер) – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);
Тармақша 2
2) қосалқы мердігер – Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;
Тармақша 3
3) техникалық қадағалаушы – мердігерлік жұмыстарды Мердігердің Шарттың ережелеріне сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс беруші тағайындаған және Мердігерге хабарланған тұлға;
Тармақша 4
4) объект – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігердің Шартта көзделген түрде салуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушіге беруге тиіс деп анықтаған ғимарат, құрылым;
Тармақша 5
5) учаске – Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргізуге бөлінген аумақ;
Тармақша 6
6) уақытша құрылымдар – Объектінің құрылысын салу мен жөндеу үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің құрылысын салуды аяқтағаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылымдар.
<№) жаңа тармақша>
Тармақ 2
2. Шарттың мәні
Тармақ 2.1
2.1. Мердігер осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша жұмысты (Жұмыстарды) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған Жұмысты (Жұмыстарды) қабылдауға және Мердігер Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде ол үшін осы Шарттың талаптарында ақы төлеуге міндетті.
Тармақ 2.2
2.2. Жұмыстар - <сатып алу атауы> Жобасы бойынша орындалады, онда <объектінің орналасқан жері> бар.
Бас жобалаушы - <Бас жобалаушының аты>.
Тармақ 2.3
2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) осы Шарт;
Тармақша 2
2) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (1-қосымша);
Тармақша 3
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша);
Тармақша 4
4) консорциялық келісім (Консорциуммен Шарт жасасқан жағдайда).
Тармақ 3
3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
Тармақ 3.1
3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа 1-қосымшамен анықталады және <шарттың сомасы> (<сома жазумен>) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС-ты <ҚҚС сомасын> теңге>/ҚҚС-сыз> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
Тармақ 3.2
3.2. Аумақтық қазынашылық органында Шарт бюджеттік бағдарламасы, кіші бағдарламасы, - () теңге ерекшелігі бойынша, теңге/ <_____> жылға тіркеуге жатады.
Тармақ 3.3
3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Мердігер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
Бұл ретте, жұмыс көлемі қосалқы мердігерлікке берілген жағдайда, Мердігер тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге бөлінген соманың 30 (отыз) пайызын мөлшерінде аванстық төлем төлеуге міндеттенеді.
Аралық төлемдерді Тапсырыс беруші ақшалай қаражатты Мердігердің есеп шотына аудару жолымен төлейді <төлем шарты> Тараптар қол қойылған орындалған жұмыстар актілеріне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, пропорционалды ұстап қалуды ескере отырып төлейді бұрын төленген авансты, сондай-ақ кепілдік жарнаны шарт сомасының 5 (бес) пайыз мөлшерінде, <сома>мөлшерінде ұстап қалуды көздейді.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге аралық төлемдерді Мердігер бұрын төленген авансты пропорционалды ұстауды ескере отырып, Тапсырыс берушіден Мердігердің есеп айырысу шотына аралық төлемдер түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді Тапсырыс беруші мердігердің есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді <төлем шарты> тараптар қол қойылған орындалған жұмыстар актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей.
Мердігер орындалған жұмыстар үшін қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміндегі қосалқы мердігерге ақы төлеуді Мердігердің есеп шотына Тапсырыс берушіден төлем түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Бір қаржы жылы шеңберінде жұмыстар орындалған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар аяқталғаннан және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде <сома> мөлшерінде шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.
Егер жұмыстарды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асқан жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар аяқталғаннан кейін және құрылысы аяқталған соңғы жылы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде <сома> мөлшерінде шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.
Тармақ 3.4
3.4. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) < аумақтық қазынашылық органында тіркелген / қол қойылған> шарт;
Тармақша 2
2) орындалған жұмыстар актісі(лері)6;
Тармақша 3
3) орындалған жұмыстардың жалпы сомасы көрсетілген Тапсырыс берушіге Мердігер ұсынған шот-фактура.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 4
4. Тараптардың міндеттемелері
Тармақ 4.1
4.1. Мердігер:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде <сомаға> теңгеге тең, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарттың мәні бойынша көзделген аванс мөлшеріне тең <сомаға> теңгеге, сондай-ақ демпингке қарсы сомаға (бар болса) тең мөлшерде енгізілсін <жалпы сомасы> теңге, бұл <қамтамасыз ету сомасы> (<жазумен қамтамасыз ету сомасы>) теңге түрінде:
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
не:
Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 21-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі;
не:
Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 22-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының толық мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып жасалатын сақтандыру шарты.
Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін енгізбеуі мүмкін;
Тармақша 3
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28243 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;
Тармақша 5
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Мердігер тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
Тармақша 6
6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген қандай да бір құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
Тармақша 7
7) Тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша, шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
Тармақша 8
8) Тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша объектідегі жұмыстарды орындаудан мердігердің қызметкері болып табылатын адамды шеттетуге;
Тармақша 9
9) Мердігердің Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
Тармақша 10
10) Орындалған жұмыстардың актісін ресімдеуге және тапсырыс берушіге беруге;
Тармақша 11
11) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстардың актісін бекіткеннен кейін шот-фактура жазып беруге міндеттенеді.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 4.2
4.2. Мердігер:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап етуге;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
Тармақ 4.3
4.3. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) егер жер учаскесін босатуға байланысты жұмыстар жобалау-сметалық құжаттамада көзделмеген болса, Тараптар Шартқа қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жер учаскесінен Мердігерге жұмыстарды орындауға кірісуге, оларды жүргізуді және аяқтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілері ауысуға жататын өз бетінше салынған құрылыстардан, өзге де бұрыннан бар үйлерден, құрылыстардан, құрылыс жайлардан үйінділер мен қоқыстардан босатуға;
Тармақша 2
2) жұмыстарды орындау үшін Мердігер мамандарының объектіге кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) орындалған жұмыстардың сәйкессіздіктері анықталған кезде дереу жазбаша мердігерді хабардар етуге;
Тармақша 4
4) жұмыстарды қабылдау кезінде қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындауды, бұл туралы өнім берушіге хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауды;
Тармақша 5
5) орындалған жұмыстардың актісі бекітілгеннен кейін сәйкес жазып берген шот-фактураны қабылдауға;
Тармақша 6
6) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге;
Тармақша 7
7) өндірістік жұмыстар басталғанға дейін Мердігерге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларына сәйкес барлық қажетті құжаттарды беруге;
Тармақша 8
8) бюджет қаражаты жеткілікті болған жағдайда Мердігерден жұмыстарды мерзімінен бұрын орындау және оларды тапсыруға дайын екендігі туралы хабарлама алған жағдайда, Шарт талаптарына сәйкес Жұмыстарды орындау аяқталған күннен бастап бір ай ішінде орындалған Жұмыстар үшін мерзімінен бұрын ақы алуға және түпкілікті төлем жасауға міндеттенеді;
Тармақ 4.4
4.4. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;
Тармақша 2
2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда, Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға жол беріледі.
Тармақ 5
5. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру
Тармақ 5.1
5.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысында орындалған жұмыстарды бақылауды және тексеруді жүргізуі мүмкін. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Мердігер тартады. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін анықталған өзінің өкілдері туралы Мердігерді жазбаша түрде уақтылы хабардар етуі тиіс.
Тармақ 5.2
5.2. Осы Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға, сондай-ақ техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 5.3
5.3. Егер орындалған Жұмыстардың нәтижелері тексеру кезінде Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға, сондай-ақ техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына (Шартқа 2-қосымша) сәйкес келмейді деп танылса, Мердігер тексеру сәтінен бастап <сәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 5.4
5.4. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келуін тексеру кезінде Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық құралдар беріледі және жәрдем көрсетілуге тиіс.
Тармақ 5.5
5.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың біреуі де Мердігерді Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 6
6. Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі
Тармақ 6.1
6.1. Өнім берушінің Жұмыстарды осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда Жұмыс орындалды деп саналады.
Тармақ 6.2
6.2. Мердігер орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) егер жұмыстар қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса, онда «Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36717 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен берілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады;
Тармақша 2
2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса – тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларында белгіленген тәртіппен шығарылған елдің тиісті органы берген тиісті Тауардың шығарылған елі туралы сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі.
Осы тармақтың талаптары құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға ғана қолданылады.
Тармақ 6.3
6.3. Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес мердігер орындаған және авторлық және техникалық қадағалаумен расталған жұмыстарды тапсыру ай сайын, бірақ есепті айдың 25-күнінен кешіктірілмей, жұмыстарды орындау фактісі бойынша жүзеге асырылады және орындалған жұмыстардың Тараптар қол қоятын актісімен ресімделеді және орындалған жұмыстар мен шығындардың құны туралы анықтама.
Тармақ 7
7. Кепілдік. Сапа
Тармақ 7.1
7.1. Мердігер Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын материалдар мен жабдықтар Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға, сондай-ақ техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келетініне, жұмыстар олардың сапасын техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді.
Осы талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде жеткілікті негізделмеген және санкцияланбаған өзгерістері бар жұмыстар ақаулы деп танылады.
Мердігер (қосалқы мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру қағидаларын бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның жол берілетін тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе ақауды түзету, сондай-ақ кепілдік мерзімі кезеңінде объектіге ағымдағы қызмет көрсету мердігер (қосалқы мердігер) беретін кепілдікке кірмейді.
Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтар сапасының техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкестігін куәландыратын құжаттарды ұсынады.
Мердігер Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жұмыстарды орындау нәтижелері осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға, сондай-ақ техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келетініне, жұмыстар олардың сапасын техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде жеткілікті негізделмеген және санкцияланбаған өзгерістері бар жұмыстар ақаулы деп танылады.
Мердігер (қосалқы мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру қағидаларын бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның жол берілетін тозуы немесе бүлінуі (бар болса) себебінен залалды өтеу немесе ақауды түзету Мердігер беретін кепілдікке кірмейді.
Тапсырысшының талап етуі бойынша Мердігер жұмыстарды орындау нәтижелері сапасының техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкестігін куәландыратын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 7.2
7.2. Мердігер Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті <кепілдік мерзімі> мерзіміне береді.
Тармақ 7.3
7.3. Мердігер орындалған Жұмыстарды және Жұмыстарға (олар болған кезде) байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етеді.
Мердігер өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті қандай да бір зақымдану түрлерінен немесе жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етеді. Мердігер жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 8
8. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 8.1
8.1. Тараптар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда осы Шарт шеңберінде барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тармақ 8.2
8.2. Секвестр және/немесе мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында/есеп шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші өзіне тиесілі қаражатты (оның ішінде аванс) Мердігерге Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Мердігерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1% (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10%-нан аспауға тиіс.
Тармақ 8.3
8.3. Жұмыстарды орындау мерзімі өткен жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерден Мердігер міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындау) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15%-нан аспауға тиіс.
Тармақ 8.4
8.4. Мердігер Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімде, бірақ Шарттың қолданылуы аяқталу мерзімінен кешіктірмей Жұмыстарды орындау мерзімін кешіктірген жағдайда, Тапсырыс беруші мердігерден/орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құнына төлем жүргізеді.
Тармақ 8.5
8.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 8.6
8.6. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Мердігерге қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, онда Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі, немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Мердігердің түзетулерді жүргізу туралы барлық сұрау салулары Мердігер Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы тапсырма алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Тармақ 8.7
8.7. Мердігердің Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.
Тармақ 8.8
8.8. Қосалқы мердігерлер тартылған жағдайда, Мердігер Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі жиынтығында орындалатын жұмыстардың жалпы көлемінің 30 пайыздан аспауға тиіс.
Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге беруге тыйым салынады.
Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді.
Тармақ 8.9
8.9. Тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген болса), сондай-ақ мердігердің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты ол бұзылған жағдайда демпингке қарсы соманы (бар болса) қайтармайды.
Тармақ 8.10
8.10. Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы соманы (бар болса) мердігерге шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім беруші шарттың қолданылу кезеңінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда қайтарады.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 9
9. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
Тармақ 9.1
9.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <қолдану мерзімі> жылға дейін қолданылады.
Тармақ 9.2
9.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюі бөлігінде жұмыс ұзақтығы мерзімдерінің өзгеруіне әкеп соғады:
Тармақша 1
1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде Жұмыстарды орындауды кешіктіруге әкеп соғады.
Тармақша 2
2) Тапсырыс беруші Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргізу үшін Жұмыстарды тоқтатуға Мердігерге нұсқау береді. Бұл ретте, егер бұл сынақтар ақауларды анықтамаса, онда Жұмыстарды өндіру тоқтатылған уақыт Жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады.
Тармақ 9.3
9.3. Тапсырыс беруші көрсетілген мерзімге дейін Мердігерге сәйкес жазбаша хаттаманы жібере отырып Шартты бір жақты бұза алады, ол өзіне мыналарды қамтиды, бірақ тізбеленгенмен шектеліп қалмайды:
Тармақша 1
1) бекітілген шарт бойынша Мердігер Жұмыстарды орындаудан бас тартқан;
Тармақша 2
2) өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, және талаптардың елеулі бұзушылықтар орын алса;
Тармақша 3
3) өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім бермеген жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлерді тартқан жағдайда, сондай-ақ берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі жиынтығында орындалатын жұмыстардың жалпы көлемінің 30 пайыздан асса;
Тармақша 4
4) қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлға болып табылатын тапсырыс беруші немесе өнім беруші таратылған не банкрот болған не жеке тұлға болып табылатын өнім беруші қайтыс болған жағдайда;
Тармақша 5
5) өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті құқық қабілеттілігін жоғалтқан, өнім беруші қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) жағдайда;
Тармақша 6
6) шарт жасауға негіз болған сатып алуға қатысты осы Заңның 7-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған жағдайда;
Тармақша 7
7) ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткені анықталған жағдайда;
Тармақша 8
8) өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін өз міндеттемелерін орындаған жағдайды қоспағанда, өнім беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген мерзімдерде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді, демпингке қарсы соманы) енгізбеген жағдайда.
Тармақ 9.4
9.4. Шарттың талаптарын елеулі бұзу өзіне мыналарды қамтиды, бірақ тізбеленгенмен шектеліп қалмайды:
Тармақша 1
1) егер Мердігер Жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;
Тармақша 2
2) Мердігер <күн саны> күнге дейін Жұмыстарды тоқтата тұрады, бұл ретте тоқтатуға Тапсырыс берушінің рұқсаты болмаса және егер Мердігер Тапсырыс берушіге жұмыстардың тоқтатыла тұру себептері туралы жазбаша хабарламаса;
Тармақша 3
3) Мердігер Тапсырыс беруші айқындаған негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса;
Тармақша 4
4) Мердігер жобалау құжаттамасында және (немесе) шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу қағидаларын, нұсқаулықтары мен ережелерін ескермейтін болса.
<№. Жаңа тармақша>*
Тармақ 9.5
9.5. Тапсырыс беруші тараптардың келісімі бойынша шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда, мердігерге осы орынсыздықтың егжей-тегжейлі себебі көрсетілген, жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ шартты бұзу күшіне енген күні көрсетілген тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта бұза алады.
Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде, Мердігер Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана төлем талап етуге құқылы.
Тармақ 9.6
9.6. Шартты бұзуды тапсырыс беруші заңды күшіне енген сот актісі бойынша оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырады.
Тармақ 9.7
9.7. Егер шарт бұзылса, Мердігер дереу жұмысты тоқтатып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Объектіні консервациялауды және оны Тапсырыс берушіге белгіленген тәртіппен тапсыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 9.8
9.8. Егер шарт Мердігердің шарт талаптарын едәуір бұзуы себебінен бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен жабдық, сондай-ақ уақытша құрылыстар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның иелігінде болады.
Тармақ 10
10. Хабарлама
Тармақ 10.1
10.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
Тармақ 10.2
10.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
Тармақ 11
11. Форс-мажор
Тармақ 11.1
11.1. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар, эпидемия, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, сондай-ақ осы Шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі болатын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуі жататын форс-мажорлық жағдаяттар туындаған жағдайда, өзіне алған міндеттемелерді орындамау үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте, тарап форс-мажор басталғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жағдаятқа сілтеме жасауға құқығы жоқ.
Тармақ 11.2
11.2. Форс-мажор жағдаяттары кезінде екінші тараптың өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шығынға ұшыраған тарап осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ оның қызметіне тигізген әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттамалық растауларды одан алуға құқығы бар.
Тармақ 11.3
11.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлайды. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Жұмыстардың тоқтатыла тұруын қамтамасыз етеді.
Тармақ 11.4
11.4. Егер форс-мажор жағдаяты Шарттың орындалуын бұзатын болса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмыстарды тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.
Тармақ 12
12. Даулы мәселелерді шешу
Тармақ 12.1
12.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тиіс.
Тармақ 12.2
12.2. Егер келіссөздер процесінде Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша туындаған келіспеушіліктерді немесе дауларды шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
Тармақ 13
13. Өзге де шарттар
Тармақ 13.1
13.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
Тармақ 13.2
13.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттемелерді орындау бойынша өнім берушіге қойылатын талаптарды және (немесе) шарттарды белгілеуіне жол берілмейді.
Тармақ 13.3
13.3. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
Тармақ 13.4
13.4. Мердігердің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі.
Тармақ 13.5
13.5. Шарт қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болғанда шарттың қазақ және орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу және тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес болуға тиiс.
Тармақ 13.6
13.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<№. жаңа тармақ>*
Тармақ 14
14. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші
Өнім беруші (қаражат алушы)
<Тапсырыс берушінің толық атауы>
<өнім берушінің толық атауы>
<Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>
< өнім берушінің толық заңды мекен-жайы>
БСН < Тапсырыс берушінің БСН>
«өнім берушінің БСН/ССН/ТЕН <БСН/ССН/ТЕН>
БСК <Тапсырыс берушінің БСК>
БСК < өнім берушінің БСК>
ЖСК <Тапсырыс берушінің ЖСК>
ЖСК < өнім берушінің ЖСК>
<Банк атауы>
<Банк атауы>
Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны>
Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Тапсырыс берушінің лауазымы>
<Өнім берушінің лауазымы>
<Тапсырыс берушінің аты-жөні (ол бар болса)>
< Өнім берушінің аты-жөні (ол бар болса)>
(қолы) (қолы)
«___» ____________ ____ жыл «___» ____________ ____ жыл
М. О. М. О.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ҚҚС – Қосылған құн салығы
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (ол бар болса).
Басқа 1.18. Жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
18-қосымша
Жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> «Тапсырыс берушінің негіздемесі» негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ (ол бар болса)> атынан әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі «Мердігер/Орындаушы» деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы»>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ (ол бар болса)> атынан әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
Тармақ 1
1. Ұғымдар мен анықтамалар
Тармақ 1.1
1.1. Осы Шартта төменде аталған ұғымдар мынадай түсіндірулерге ие:
Тармақша 1
1) жобалаушы/орындаушы – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта Тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ консорциум (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);
Тармақша 2
2) қосалқы жобалаушы – Жобалаушымен/Орындаушымен Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға арналған шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;
Тармақша 3
3) жұмыстар – Объектіні салу үшін қажетті барлық жобалау және іздестіру жұмыстары, сондай-ақ жобаға сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар, Шартта оған тиісті қосымшаларымен көзделген жұмыстар, сондай-ақ объектіні іске асыру басталғанға дейін немесе салу барысында туындаған жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты барлық қосымша жұмыстар;
Тармақша 4
4) объект – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жобалау-сметалық құжаттаманы және техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге жататын деп анықтаған және Жобалаушы Шартта көзделген түрде Тапсырыс берушіге беретін ғимарат, құрылыс, учаске.
<№) Жаңа тармақша>
Тармақ 2
2. Шарттың мәні
Тармақ 2.1
2.1. Жобалаушы/Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттарға, талаптарға сәйкес және бағалар бойынша жұмысты (бұдан әрі – Жұмыс) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған жұмысты (жұмыстарды) қабылдауға және Жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда осы Шарттың талаптарында ол үшін ақы төлеуге міндеттенеді:
Тармақ 2.2
2.2. Жұмыстар Жоба бойынша орындалады - <сатып алудың атауы>, ол <объектінің орналасқан жерінде> орналасқан.
Тармақ 2.3
2.3. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) Осы Шарт;
Тармақша 2
2) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (1-қосымша);
Тармақша 3
3) жобалауға тапсырыс беруші бекіткен тапсырма.
Тармақ 3
3. Шарттың сомасы және төлеу талаптары
Тармақ 3.1
3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа 1-қосымшада айқындалады және <шарт сомасы> (<сома жазумен>) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындауға байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> теңге> /ҚҚС-сыз> (бұдан әрі-Шарт сомасы) қамтиды.
Тармақ 3.2
3.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт
бюджеттік бағдарлама бойынша, кіші бағдарламасы, - () теңге ерекшелігі бойынша, теңге / <____> жылға тіркеуге жатады1.
Тармақ 3.3
3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, Орындалған жұмыстар актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Жобалаушының/Орындаушының есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді.
Орындалған Жұмыс үшін төлемді Тапсырыс беруші Орындалған жұмыстар актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Жобалаушының/Орындаушының есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.
Тармақ 3.4
3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.
Тармақ 3.5
3.5. Төлем алдындағы қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) <қазынашылықтың аумақтық органында тіркелген / қол қойылған> Шарт;
Тармақша 2
2) Орындалған жұмыстардың актісі(лері);
Тармақша 3
3) орындалған жұмыстардың жалпы сомасы көрсетілген Тапсырыс берушіге Мердігер ұсынған шот-фактура.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 4
4. Тараптардың міндеттемелері
Тармақ 4.1
4.1. Жобалаушы/Орындаушы міндеттенеді:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде тең <сома> теңге, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарттың мәні бойынша көзделген аванс мөлшері тең <сома> теңге, сондай-ақ демпингке қарсы сома (бар болса) тең <сома>енгізілсін теңге, бұл жалпы < қамтамасыз ету сомасы >(<жазумен қамтамасыз ету сомасы>) теңге түрінде:
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
не:
Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 21-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі;
не:
Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 22-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының толық мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып жасалатын сақтандыру шарты.
Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз етуді жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін енгізбеуі мүмкін;»;
Тармақша 3
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28243 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде көрсету;
Тармақша 5
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Жобалаушы/Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
Тармақша 6
6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген қандай да бір құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
Тармақша 7
7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
Тармақша 8
8) Жобалаушының/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
Тармақша 9
9) Тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша Жобалаушының/Орындаушының немесе қосалқы Жобалаушының қызметкерін жұмыстан шектету;
Тармақша 10
10) Орындалған жұмыстардың актісін ресімдеуге және тапсырыс берушіге беруге;
Тармақша 11
11) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстардың актісін бекіткеннен кейін шот-фактура жазып беруге міндеттенеді;
Тармақша 12
12) «Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12422 болып тіркелген), ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы берілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде құрылыс жобасын (техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын) пайдалануға құқықтарды, оның ішінде мүліктік (айрықша) құқықтарды беру туралы үлгілік шартқа қол қоюға міндеттенеді.
<№. Жаңа тармақша>*
Тармақ 4.2
4.2. Жобалаушы/Орындаушы:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін Тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап етуге;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
Тармақ 4.3
4.3. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) Жұмыстарды орындау үшін Жобалаушы/Орындаушы мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Жобалаушыға/Орындаушыға Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген тиісті бастапқы деректерді (бар болса) беруге;
Тармақша 3
3) орындалған Жұмыстардың сәйкес келмеуі анықтаған кезде дереу жазбаша Жобалаушыны/Орындаушыны хабардар етуге;
Тармақша 4
4) жұмыстарды қабылдау кезінде қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындауды, бұл туралы өнім берушіге хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауды;
Тармақша 5
5) орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін шот-фактуралардың Өнім беруші жазған шот-фактураны қабылдауға;
Тармақша 6
6) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге міндеттенеді.
Тармақ 4.4
4.4. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;
Тармақша 2
2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда, Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға жол беріледі.
Тармақ 5
5. Жұмыстарды тапсыру және қабылдау тәртібі
Тармақ 5.1
5.1. Егер Жобалаушы өз міндеттемелерін шарттық құжаттардың талаптарын бұза отырып орындаса, сондай-ақ, егер Жобалаушы жұмысты орындауға қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен Жобалаушыға тоқтату себептері жойылғанға дейін жұмыстарды тұтастай немесе оның бір бөлігін тоқтату туралы өкім бере алады.
Тармақ 5.2
5.2. Жобалау-сметалық құжаттаманы кешенді ведомствадан тыс сараптамаға жіберу алдында Жобалаушы Тапсырыс берушіге ілеспе хатпен жобалау-сметалық құжаттаманы қарау үшін жібереді, оған тексеру үшін жобалау-сметалық құжаттаманың қабылдау-тапсыру актісі қоса беріледі.
Тармақ 5.3
5.3. Тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттаманы алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы:
Тармақша 1
1) тиісті сараптамалардың, келісімдердің, техникалық шарттардың қорытындысының бар болуына;
Тармақша 2
2) құзыретті (уәкілетті) мемлекеттік органдардың жобалау-сметалық құжаттамаға қажетті келісімдерінің бар болуына;
Тармақша 3
3) техникалық тапсырманың талаптарына, ҚР нормалары мен стандарттарына сәйкестігіне, Техникалық және Ғылыми-техникалық кеңестердің ұсынымдарын қолдануына қарайды.
Тармақ 5.4
5.4. Тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттаманы қарағаннан кейін:
Тармақша 1
1) жобалау-сметалық құжаттамаға қандай да бір ескертулер болған және/немесе қажетті келісулер болмаған және/немесе тиісті сараптамалардың қорытындысы болмаған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы Жобалаушыға ескертулері мен оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, пысықтау үшін жазбаша қайтарады;
Тармақша 2
2) жобалау-сметалық құжаттамаға Тапсырыс берушіде қандай да бір ескертулер болмаған жағдайда, кешенді ведомствадан тыс сараптамадан өтуге тиісті шарттың қорытындысымен соңғы Тапсырыс беруші жібереді.
Тармақ 5.5
5.5. Кешенді ведомствадан тыс сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін Жобалаушы ұсынған жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдап алу-тапсыру актісіне және одан кейін орындалған Жұмыстар актісіне қол қою арқылы қағаз тасығыштарда 4 (төрт) данадан кем емес, және электрондық форматта 2 (екі) данада жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдайды.
Тармақ 5.6
5.6. Жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдау – тапсыру актісіне қол қою арқылы Жобалаушы барлық мүліктік емес құқықтарды Тапсырыс берушінің пайдасына беруді растайды.
Тармақ 5.7
5.7. Өнім берушінің Жұмыстарды осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда Жұмыс орындалды деп саналады.
Тармақ 5.8
5.8. Жобалаушы/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдау/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) егер жұмыстар қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса, онда «Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36717 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен берілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады;
Тармақша 2
2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса – Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларында белгіленген тәртіппен шығарылған елдің тиісті органы берген тиісті Тауардың шығарылған елі туралы сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі.
Осы тармақтың талаптары, құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға ғана қолданылады.
Тармақ 5.9
5.9. Жобалаушы жобалау-сметалық құжаттаманың сапасына жауапты болады және жобаны кешенді ведомствадан тыс сараптамадан өткен уақытқа дейін, тіпті оның оң қорытындысын алғанға дейін алып жүреді.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 6
6. Кепілдік. Сапа
Тармақ 6.1
6.1. Жобалаушы Тапсырыс берушінің кешенді ведомствадан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде орындалған Жұмыстардың сапасына кепілдік береді.
Тармақ 6.2
6.2. Жобалаушы Жұмыстардың жобалауға Тапсырыс беруші бекіткен Тапсырмаға (сәулет-жоспарлау тапсырмасына, техникалық шарттарға) сәйкес және құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттама жүйесінің халықаралық стандартының, конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің талаптарына және Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес орындалатынына кепілдік береді.
Тармақ 6.3
6.3. Жобалаушы кепілдік мерзімі шегінде табылған Жұмыстардағы кемшіліктері үшін жауапты болады.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 7
7. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 7.1
7.1. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тармақ 7.2
7.2. Секвестрлеу және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/есеп шотында мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға Шартта көрсетілген мерзімде өзіне тиесілі қаражатты төлемесе, онда Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1% (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10%-нан аспауға тиіс.
Тармақ 7.3
7.3. Жұмыстарды орындау мерзімдері кешіктірілген жағдайда, Тапсырыс беруші Жобалаушыдан/Орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде Жобалаушы/Орындаушы міндеттемелерді толық орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15%-нан аспауға тиіс.
Тармақ 7.4
7.4. Жобалаушы/Орындаушы Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімге Жұмыстарды орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірақ Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу мерзімінен кешіктірмей Тапсырыс беруші Жобалаушыдан/Орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын өндіріп ала отырып, осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құны үшін ақы төлейді.
Тармақ 7.5
7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 7.6
7.6. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Жобалаушыға/Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкеп соқтырса, онда Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Жобалаушының/Орындаушының түзетуді жүргізуге барлық сұрау салулары Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Тармақ 7.7
7.7. Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Жобалаушының/Орындаушының осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық не ішінара беруіне жол берілмейді.
Тармақ 7.8
7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы жобалы шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы жобалаушылардың болуы Жобалаушыны/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Қосалқы жобалаушыларға жұмыстарды орындау үшін берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі орындалатын жұмыстардың жиынтығында жалпы көлемінің 30 пайыздан аспауға тиіс.
Бұл ретте қосалқы жобалаушының жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау көлемін өзге қосалқы жобалаушының беруіне тыйым салынады.
Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы жобалаушыларды тартуға жол берілмейді.
Тармақ 7.9
7.9. Тапсырыс беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген болса), сондай-ақ Жобалаушы/Орындаушының осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты ол бұзылған жағдайда демпингке қарсы соманы (бар болса) қайтармайды.
Тармақ 7.10
7.10. Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы соманы (бар болса) Жобалаушыға/Орындаушыға шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім беруші/Орындаушы Шарттың қолданылу кезеңінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ұсынған жағдайда қайтарады.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 8
8. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
Тармақ 8.1
8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркегеннен кейін/қол қойылған күнінен бастап> күшіне енеді және <қолданылу мерзімі> жыл бойынша әрекет етеді.
Тармақ 8.1.1
8.1.1. Жұмыстарды орындауды бастау мерзімі Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген тиісті бастапқы деректерді (бар болса) берген сәттен басталады.
Тармақ 8.2
8.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюі бөлігінде жұмыс ұзақтығы мерзімдерінің өзгеруіне әкеп соғады:
Тармақша 1
1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, бұл өз кезегінде Жұмыстардың орындалуын кідіртуге әкеп соғады;
Тармақша 2
2) Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға Шартта жоспарланбаған сынақтар жүргізу үшін Жұмыстарды тоқтатуға нұсқау береді. Бұл ретте, егер осы сынақтар ақаулар анықтамаса, онда Жұмыс өндірісін тоқтату уақыты Жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады;
Тармақша 3
3) Тапсырыс беруші техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарға бастапқы деректерімен жобалауға Тапсырма беруді кідіртеді.
Тармақ 8.3
8.3. Шартты біржақты тәртіппен бұзуды Тапсырыс беруші оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жобалаушыға/орындаушыға тиісті жазбаша хабарлама жіберу жолымен мынадай жағдайларда:
өнім берушінің жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан бас тартуы;
өнім берушінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы не тиісінше орындамауы, оның ішінде Шарт талаптары елеулі бұзылған кезде;
Жобалаушы/Орындаушы конкурсқа қатысуға мәлімделмеген қосалқы жобалаушыларды жұмыстарды орындау бойынша, сондай-ақ орындалатын жұмыстардың жалпы көлемінің жиынтығында отыз пайызынан асатын көлемде жұмыстарды орындау бойынша қосалқы жобалаушыға беру кезінде тарту;
қайта ұйымдастыруды не жеке тұлға болып табылатын өнім берушінің (азаматтың) қайтыс болуын қоспағанда, Тапсырыс берушінің немесе заңды тұлға болып табылатын өнім берушінің таралуы не банкроттығы;
өнім берушінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті құқық қабілеттілігін жоғалтуы, өнім берушінің қайтыс болуы (сот хабар-ошарсыз кетті деп тануы немесе қайтыс болды деп жариялауы);
негізінде шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 7-бабында көзделген шектеулердің бұзылуын анықтау;
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген ұйымдастырушының өнім берушіге жәрдем көрсетуін анықтау;
өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін өз міндеттемелерін орындаған жағдайды қоспағанда, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты, демпингке қарсы соманы қамтамасыз етуді) белгіленген мерзімдерде енгізбеген жағдайда.
Тармақ 8.4
8.4. Шарттың талаптарын елеулі бұзу өзіне мыналарды қамтиды, бірақ тізбеленгенмен шектеліп қалмайды:
Тармақша 1
1) Егер Жобалаушы/Орындаушы Жұмысты орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;
Тармақша 2
2) Жобалаушы/Орындаушы Жұмысты <күн саны> күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұрады, бұл ретте Тапсырыс беруші тоқтауды санкцияламаған;
Тармақша 3
3) Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс беруші айқындаған негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймайды;
Тармақша 4
4) Жобалаушы/Орындаушы техникалық тапсырмада көрсетілген Жұмыстарды жүргізу қағидаларын, нұсқаулықтар мен ережелерді елемейді.
<№. Жаңа тармақша>*
Тармақ 8.5
8.5. Тапсырыс беруші тараптардың келісімі бойынша шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда, мердігерге осы орынсыздықтың егжей-тегжейлі себебі көрсетілген, жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ шартты бұзу күшіне енген күні көрсетілген тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кез келген уақытта бұза алады.
Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде, Жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана төлем талап етуге құқылы.
Тармақ 8.6
8.6. Шартты бұзуды тапсырыс беруші заңды күшіне енген сот актісі бойынша оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырады.
Тармақ 8.7
8.7. Егер шарт бұзылса, Жобалаушы/Орындаушы Жұмысты дереу тоқтатады, Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және оны белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіге береді.
Тармақ 9
9. Хабарлама
Тармақ 9.1
9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
Тармақ 9.2
9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
Тармақ 10
10. Форс-мажор
Тармақ 10.1
10.1. Дүлей зілзалалар, әскери іс-қимылдар, эпидемиялар, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама тыйым салатын, сондай-ақ Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуге жататын форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, олар өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте тарап форс-мажордың басталғаны туралы дереу жазбаша хабардар етуге тиіс. Олай болмаған жағдайда Тарап осы жағдайға сілтеме жасауға құқылы емес.
Тармақ 10.2
10.2. Форс-мажорлық жағдайлар кезінде басқа тараптың өз міндеттемелерін орындамауынан залал шеккен Тарап одан осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ олардың қызметіне әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттық растаулар алуға құқылы.
Тармақ 10.3
10.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Жобалаушы/Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарламаны алғаннан кейін қысқа мерзімде Жұмысты тоқтата тұруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 10.4
10.4. Егер форс-мажорлық жағдай Шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатылуын куәландырады. Жобалаушы/Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарламаны алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші Жобалаушыға Объектіні тоқтату күніне дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлейді.
Тармақ 11
11. Даулы мәселелерді шешу
Тармақ 11.1
11.1. Тапсырыс беруші мен Жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
Тармақ 11.2
11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Жобалаушы/Орындаушы шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
Тармақ 12
12. Өзге де шарттар
Тармақ 12.1
12.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
Тармақ 12.2
12.2. Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттемелерді орындау бойынша өнім берушіге қойылатын талаптарды және (немесе) шарттарды белгілеуіне жол берілмейді.
Тармақ 12.3
12.3. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
Тармақ 12.4
12.4. Жобалаушыны/Орындаушыны таңдау үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі.
Тармақ 12.5
12.5. Шарт қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болғанда шарттың қазақ және орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу және тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес болуға тиiс.
Тармақ 12.6
12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<№. жаңа тармақ>*
Тармақ 13
13. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші
Өнім беруші (қаражат алушы)
<Тапсырыс берушінің толық атауы>
<өнім берушінің толық атауы>
<Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>
< өнім берушінің толық заңды мекен-жайы>
БСН < Тапсырыс берушінің БСН>
«өнім берушінің БСН/ССН/ТЕН <БСН/ССН/ТЕН>
БСК <Тапсырыс берушінің БСК>
БСК < өнім берушінің БСК>
ЖСК <Тапсырыс берушінің ЖСК>
ЖСК < өнім берушінің ЖСК>
<Банк атауы>
<Банк атауы>
Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны>
Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Тапсырыс берушінің лауазымы>
<Өнім берушінің лауазымы>
<Тапсырыс берушінің аты-жөні (ол бар болса)>
< Өнім берушінің аты-жөні (ол бар болса)>
(қолы) (қолы)
«___» ____________ ____ жыл «___» ____________ ____ жыл
М. О. М. О.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ҚҚС – Қосылған құн салығы
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (ол бар болса).
Басқа 1.19. Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
19-қосымша
Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ (ол бар болса)> атынан әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ (ол бар болса)> атынан әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
Тармақ 1
1. Ұғымдар мен анықтамалар
Тармақ 1.1
1.1. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:
Тармақша 1
1) мердігер/орындаушы – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);
Тармақша 2
2) қосалқы мердігер – Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен/Орындаушымен шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;
Тармақша 3
3) объекті – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жұмысты орындауға жататын деп анықтаған және Мердігер Шартта көзделген түрде Тапсырыс берушіге беретін ғимарат, құрылыс;
Тармақша 4
4) учаске – Объектінің жұмыстарды орындауға немесе жұмыстарды өндіруге бөлінген аумақ;
Тармақша 5
5) уақытша құрылымдар – Объектінің жұмысын орындау үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің жұмысы аяқталғаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылымдар.
<№) жаңа тармақша>
Тармақ 2
2. Шарттың мәні
Тармақ 2.1
2.1. Мердігер/Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша жұмысты (жұмыстарды) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған Жұмысты (Жұмыстарды) қабылдауға және Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде ол үшін осы Шарттың талаптарында ақы төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 2.2
2.2. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) Осы Шарт;
Тармақша 2
2) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (1-қосымша);
Тармақша 3
3) Техникалық ерекшелік (2-қосымша);
Тармақша 4
4) консорциумдық келісім (Консорциуммен шарт жасалған жағдайда).
Тармақ 3
3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
Тармақ 3.1
3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа 1-қосымшамен анықталады және <шарттың сомасы> (сома жазумен) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС-ты <ҚҚС сомасын> теңге>/ҚҚС-сыз (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
Тармақ 3.2
3.2. Аумақтық қазынашылық органында шарт <_____> жылға тіркелуге жатады/жатпайды.
Тармақ 3.3
3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін мердігер/Орындаушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, Орындалған жұмыстар актісіне Тараптар қол қойғаннан күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді.
Орындалған Жұмыс үшін төлемді Тапсырыс беруші Орындалған жұмыстар актісіне Тараптар қол қойғаннан күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.
Тармақ 3.4
3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.
Тармақ 3.5
3.5. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
Тармақша 2
2) орындалған жұмыстардың актісі (актілері);
Тармақша 3
3) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың жалпы сомасы көрсетілген шот-фактура.
<№. Жаңа тармақша>
Тармақ 4
4. Тараптардың міндеттемелері
Тармақ 4.1
4.1. Өнім беруші міндеттенеді:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде тең <сома> теңге, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарттың мәні бойынша көзделген аванс мөлшері тең <сома> теңге, сондай-ақ демпингке қарсы сома (бар болса) тең <сома>енгізілсін теңге, бұл жалпы < қамтамасыз ету сомасы >(<жазумен қамтамасыз ету сомасы>) теңге түрінде:
Тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
не:
Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 21-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі;
не:
Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 22-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының толық мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып жасалатын сақтандыру шарты.
Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін енгізбеуі мүмкін;
Тармақша 3
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын Жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Мердігер/Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
Тармақша 5
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген қандай да бір құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
Тармақша 6
6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
Тармақша 7
7) Мердігердің/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге;
Тармақша 8
8) Тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша мердігердің/Орындаушының немесе қосалқы мердігердің қызметкері болып табылатын адамды жұмыстарды орындаудан шеттетуге;
Тармақша 10
10) Орындалған жұмыстардың актісін ресімдеуге және Тапсырыс берушіге беруге;
Тармақша 11
11) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстардың актісін бекіткеннен кейін шот-фактура жазуға.
< № ) жаңа тармақша>
Тармақ 4.2
4.2. Мердігер/Орындаушы:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін Тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап етуге;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
Тармақ 4.3
4.3. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) Жұмыстарды орындау үшін Мердігер/Орындаушы мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) орындалған Жұмыстардың сәйкес келмеуі анықтаған кезде дереу жазбаша Мердігерді/Орындаушыны хабардар етуге;
Тармақша 3
3) Жұмыстарды қабылдау кезінде орындалған жұмыстардың актісі бекітілсін, не Мердігер/Орындаушы орындалған жұмыстар актісін ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, не орындалған жұмыстарды қосымша зерделеу қажет болған жағдайда Мердігер/Орындаушы орындалған жұмыстар актісін ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оны қабылдамаудың дәлелді негіздемелері көрсетіле отырып, жұмыстарды қабылдаудан бас тартуға;
Тармақша 4
4) Орындалған жұмыстардың актісі бекітілгеннен кейін Мердігер/Орындаушы белгіленген тәртіппен жазып берген шот-фактураны қабылдауға;
Тармақша 5
5) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге міндеттенеді.
Тармақ 4.4
4.4. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;
Тармақша 2
2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға жол беріледі.
Тармақ 5
5. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру
Тармақ 5.1
5.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысында орындалған жұмыстарды бақылауды және тексеруді жүргізуі мүмкін. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Мердігер/Орындаушы тартады. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін анықталған өзінің өкілдері туралы Мердігерді/Орындаушыны жазбаша түрде уақтылы хабардар етуі тиіс.
Тармақ 5.2
5.2. Осы Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс.
Тармақ 5.3
5.3. Егер орындалған Жұмыстардың нәтижелері тексеру кезінде техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына (Шартқа 2-қосымша) сәйкес келмейді деп танылса, Мердігер/Орындаушы тексеру сәтінен бастап <сәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 5.4
5.4. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келуін тексеру кезінде Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық құралдар беріледі және жәрдем көрсетілетін болады.
Тармақ 5.5
5.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың біреуі де Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 6
6. Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі
Тармақ 6.1
6.1. Өнім берушінің Жұмыстарды осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда Жұмыс орындалды деп саналады.
Тармақ 6.2
6.2. Мердігер/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) егер жұмыстар қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса, онда «Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36717 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен берілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады;
Тармақша 2
2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса – Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларында белгіленген тәртіппен шығарылған елдің тиісті органы берген тиісті Тауардың шығарылған елі туралы сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі.
Осы тармақтың талаптары, құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға ғана қолданылады.
Тармақ 7
7. Кепілдік. Сапа
Тармақ 7.1
7.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жұмыстарды орындау нәтижелерінің техникалық ерекшеліктерге сәйкес болатынына, Жұмыстардың оның сапасын техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгерістерді қамтитын Жұмыстар ақаулы деп танылады.
Мердігер (қосалқы мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Орындаушы беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Орындаушы материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды береді.
Тармақ 7.2
7.2. Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті <кепілдік мерзімі> мерзіміне береді.
Тармақ 7.3
7.3. Мердігер/Орындаушы орындалған Жұмыстарды және Жұмыстарға (олар болған кезде) байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етеді.
Мердігер/Орындаушы өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті қандай да бір зақымдану түрлерінен немесе жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етеді. Мердігер/Орындаушы жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 8
8. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 8.1
8.1. Тараптар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда осы Шарт шеңберінде барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тармақ 8.2
8.2. Секвестр және/немесе мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында/есеп шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші өзіне тиесілі қаражатты Мердігерге/Орындаушыға Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1% (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10%-нан аспауға тиіс.
Тармақ 8.3
8.3. Жұмыстарды орындау мерзімі өткен жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерден/Орындаушыдан Мердігер/Орындаушы міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындау) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15%-нан аспауға тиіс.
Тармақ 8.4
8.4. Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімде, бірақ Шарттың қолданылуы аяқталу мерзімінен кешіктірмей Жұмыстарды орындау мерзімін кешіктірген жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерден/Орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құнына төлем жүргізеді.
Тармақ 8.5
8.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 8.6
8.6. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Мердігерге/Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, онда Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі, немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Мердігердің/Орындаушының түзетулерді жүргізу туралы барлық сұрау салулары Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы тапсырма алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Тармақ 8.7
8.7. Мердігердің/Орындаушының Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.
Тармақ 8.8
8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Өнім беруші жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстардың шекті көлемі жиынтығында Орындалатын жұмыстардың жалпы көлемінің отыз пайызынан аспауға тиіс.
Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге беруге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін Мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді.
Тармақ 8.9
8.9. Тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген болса), сондай-ақ мердігердің/Орындаушының осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты ол бұзылған (шарттың қолданылу мерзімі аяқталған) жағдайда демпингке қарсы соманы (бар болса) қайтармайды.
Тармақ 8.10
8.10. Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы соманы (бар болса) жобалаушыға/Орындаушыға шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім беруші/Орындаушы Шарттың қолданылу кезеңінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ұсынған жағдайда қайтарады.
<№. Жаңа тармақ>
Тармақ 9
9. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
Тармақ 9.1
9.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <қолдану мерзімі> жылға дейін қолданылады.
Тармақ 9.2
9.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюі бөлігінде Жұмыс ұзақтығы мерзімдерінің өзгеруіне әкеп соғады:
Тармақша 1
1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде Жұмыстарды орындауды кешіктіруге әкеп соғады.
Тармақша 2
2) Тапсырыс беруші Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргізу үшін Жұмыстарды тоқтатуға Мердігерге/Орындаушыға нұсқау береді. Бұл ретте, егер бұл сынақтар ақауларды анықтамаса, онда Жұмыстарды өндіру тоқтатылған уақыт Жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады.
Тармақ 9.3
9.3. Шартты біржақты тәртіппен бұзуды Тапсырыс беруші Мердігерге/орындаушыға тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Өнім берушінің жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан бас тартуы;
Тармақша 2
2) Өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде Шарт талаптары елеулі бұзылған кезде;
Тармақша 3
3) Өнім беруші жұмыстарды орындау бойынша конкурсқа қатысуға мәлімделмеген қосалқы мердігерлерді тартқан кезде, сондай-ақ орындалатын жұмыстардың жалпы көлемінің жиынтығында отыз пайызынан асатын көлемде жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерге берген кезде;
Тармақша 4
4) қайта ұйымдастыруды не жеке тұлға болып табылатын өнім берушінің (азаматтың) қайтыс болуын қоспағанда, Тапсырыс берушінің немесе заңды тұлға болып табылатын өнім берушінің таралуы не банкроттығы;
Тармақша 5
5) Өнім берушінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті құқық қабілеттілігін жоғалтуы, өнім берушінің қайтыс болуы (сот хабар-ошарсыз кетті деп тануы немесе қайтыс болды деп жариялауы);
Тармақша 6
6) сатып алуға қатысты осы Заңның 7-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, оның негізінде шарт жасалған;
Тармақша 7
7) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген ұйымдастырушының өнім берушіге жәрдем көрсеткені анықталған;
Тармақша 8
8) өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін өз міндеттемелерін орындаған жағдайды қоспағанда, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты, демпингке қарсы соманы қамтамасыз етуді) белгіленген мерзімдерде енгізбеген жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 9.4
9.4. Шарт талаптарын елеулі бұзушылықтарға мынадай бұзушылықтар жатады, бірақ жоғарыда айтылғандармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) Мердігер / Орындаушы жұмыстарды орындау мерзімдерін бірнеше рет бұзғанда;
Тармақша 2
2) Мердігер/Орындаушы <күн саны> күнге дейін Жұмыстарды тоқтата тұрады, бұл ретте тоқтатуға Тапсырыс берушінің рұқсаты болмаса;
Тармақша 3
3) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс беруші айқындаған негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса;
Тармақша 4
4) Мердігер/Орындаушы жобалау құжаттамасында және (немесе) шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу қағидаларын, нұсқаулықтары мен ережелерін ескермейтін болса.
<№. Жаңа тармақша>
Тармақ 9.5
9.5. Тапсырыс беруші тараптардың келісімі бойынша шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда оны кез келген уақытта бұза алады, өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібереді, онда осы орынсыздықтың егжей-тегжейлі себебі көрсетіледі, жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ шартты бұзу күшіне енген күні ескертіледі.
Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты жойылған кезде, Өнім беруші шарт бойынша бұзуға байланысты нақты шығындар үшін ғана тоқтатылған күні төлеуді талап етеді.
Тармақ 9.6
9.6. Шартты бұзуды Тапсырыс беруші заңды күшіне енген, орындалуы шартты бұзуды талап ететін сот актісі бойынша оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырады.
Тармақ 9.6
9.6. Егер шарт бұзылса, мердігер / Орындаушы жұмысты дереу тоқтатады, Объектінің сақталуын қамтамасыз етеді және оны белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіге береді.
Тармақ 9.7
9.7. Егер Мердігердің Шарт талаптарын елеулі бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған жұмыстар Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.
Тармақ 10
10. Хабарлама
Тармақ 10.1
10.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
Тармақ 10.2
10.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
Тармақ 11
11. Форс-мажор
Тармақ 11.1
11.1. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар, эпидемия, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, сондай-ақ осы Шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі болатын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуі жататын форс-мажорлық жағдаяттар туындаған жағдайда, өзіне алған міндеттемелерді орындамау үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте, тарап форс-мажор басталғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жағдаятқа сілтеме жасауға құқығы жоқ.
Тармақ 11.2
11.2. Форс-мажор жағдаяттары кезінде екінші тараптың өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шығынға ұшыраған тарап осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ оның қызметіне тигізген әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттамалық растауларды одан алуға құқығы бар.
Тармақ 11.3
11.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлайды. Мердігер/Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Жұмыстардың тоқтатыла тұруын қамтамасыз етеді.
Тармақ 11.4
11.4. Егер форс-мажор жағдаяты Шарттың орындалуын бұзатын болса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмыстарды тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.
Тармақ 12
12. Даулы мәселелерді шешу
Тармақ 12.1
12.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
Тармақ 12.2
12.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
Тармақ 13
13. Өзге де шарттар
Тармақ 13.1
13.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
Тармақ 13.2
13.2. Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттемелерді орындау бойынша өнім берушіге қойылатын талаптарды және (немесе) шарттарды белгілеуіне жол берілмейді.
Тармақ 13.3
13.3. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар шарт жасасу сияқты нысанда жасалады.
Тармақ 13.4
13.4. Мердігерді/Орындаушыны таңдау үшін негіз болған сапаның және басқа да талаптардың өзгермеуі жағдайында жасалған шартқа өзгеріс енгізуге жол беріледі.
Тармақ 13.5
13.5. Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалды. Тараптар айырбастайтын шартқа қатысты барлық хат-хабарлар және басқа құжаттама осы шарттарға сәйкес келуі керек.
Тармақ 13.6
13.6. Шартта реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<№. Жаңа тармақ>
Тармақ 14
14. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші
Өнім беруші (қаражат алушы)
<Тапсырыс берушінің толық атауы>
<өнім берушінің толық атауы>
<Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>
< өнім берушінің толық заңды мекен-жайы>
БСН < Тапсырыс берушінің БСН>
«өнім берушінің БСН/ССН/ТЕН <БСН/ССН/ТЕН>
БСК <Тапсырыс берушінің БСК>
БСК < өнім берушінің БСК>
ЖСК <Тапсырыс берушінің ЖСК>
ЖСК < өнім берушінің ЖСК>
<Банк атауы>
<Банк атауы>
Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны>
Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Тапсырыс берушінің лауазымы>
<Өнім берушінің лауазымы>
<Тапсырыс берушінің аты-жөні (ол бар болса)>
< Өнім берушінің аты-жөні (ол бар болса)>
(қолы) (қолы)
«___» ____________ ____ жыл «___» ____________ ____ жыл
М. О. М. О.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ҚҚС – Қосылған құн салығы
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (ол бар болса).
Басқа 1.20. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
20-қосымша
Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ (ол бар болса)> атынан әрекет ететін бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ (ол бар болса)> атынан әрекет ететін екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:
Тармақ 1
1. Шарттың мәні
Тармақ 1.1
1.1. Мердігер осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген шарттар мен талаптарға сәйкес қызмет (ті) <шарт нысанасының қысқаша сипаттамасын> көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші мердігер тиісінше орындаған жағдайда орындалған қызмет (ті) қабылдауға және ол үшін осы Шарттың талаптарында төлеуге міндеттенеді шарт бойынша өз міндеттемелерін:
Тармақ 1.2
1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) осы Шарт;
Тармақша 2
2) сатып алынатын қызметтер тізбесі (1-қосымша);
Тармақша 3
3) Техникалық ерекшелік (2-қосымша).
Тармақ 2
2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
Тармақ 2.1
2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа 1-қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (<сома жазумен>) теңгені құрайды және қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> теңге> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
Тармақ 2.2
2.2. Аумақтық қазынашылық органында шарт <______> жылға тіркелуге жатады/жатпайды.
Тармақ 2.3
2.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, Көрсетілген қызметтер актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді.
Көрсетілген Қызметтер үшін төлемді Тапсырыс беруші Көрсетілген қызметтер актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.
Тармақ 2.4
2.4. Көрсетілетін қызметтердің көлемі Шартқа 1 қосымшада көрсетілген.
Тармақ 2.5
2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
Тармақша 2
2) көрсетілген қызмет актісі (актілері);
Тармақша 3
3) өнім беруші Тапсырыс берушіге ұсынған көрсетілген қызметтердің жалпы сомасы көрсетілген шот-фактура.
<№) жаңа тармақша>
Тармақ 3
3. Тараптардың міндеттемелері
Тармақ 3.1
3.1. Өнім беруші мыналарға:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде тең <сома> теңге, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарттың мәні бойынша көзделген аванс мөлшері тең <сома> теңге, сондай-ақ демпингке қарсы сома (бар болса) тең <сома>енгізілсін теңге, бұл жалпы < қамтамасыз ету сомасы >(<жазумен қамтамасыз ету сомасы>) теңге түрінде:
Тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
не:
Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 21-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі;
не:
Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 22-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының толық мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып жасалатын сақтандыру шарты.
Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін енгізбеуі мүмкін;
Тармақша 3
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
Тармақша 5
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген қандай да бір құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
Тармақша 6
6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
Тармақша 7
7) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
Тармақша 8
8) Тапсырыс берушіге көрсетілген қызметтердің актісін ресімдеу және ұсыну;
Тармақша 9
9) Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтердің актісін бекіткеннен кейін шот-фактура жазуға міндеттенеді.
Тармақ 3.2
3.2. Өнім беруші:
Тармақша 1
1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге төлем талап етуге;
Тармақша 2
2) қызмет көрсету мерзімдерін Тапсырыс берушімен алдын ала келісе отырып, Шартқа 1-қосымшада көрсетілген қызметтерді мерзімінен бұрын көрсетуге.
Тармақ 3.3
3.3. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) Қызметтерді көрсету үшін Өнім берушінің мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздіктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;
Тармақша 3
3) қызметтерді қабылдау кезінде көрсетілген қызметтердің актісі бекітілсін, не көрсетілетін қызметтердің актісін өнім беруші ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, не көрсетілген қызметтерді қосымша зерделеу қажет болған жағдайда өнім беруші көрсетілген қызметтер актісін ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оны қабылдамаудың дәлелді негіздемелері көрсетіле отырып, қабылдаудан бас тартуға;
Тармақша 4
4) көрсетілген қызметтердің актісі бекітілгеннен кейін Өнім беруші белгіленген тәртіппен жазып берген шот-фактураны қабылдауға;
Тармақша 5
5) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.
<№) жаңа тармақша>
Тармақ 3.4
3.4. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;
Тармақша 2
2) Қызмет мерзімінен бұрын көрсетілген жағдайда, Тапсырыс беруші көрсетілген қызметті мерзімінен бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы. Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда жол беріледі.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру
Тармақ 4.1
4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.
Тармақ 4.2
4.2. Осы Шарт шеңберінде көрсетілген Қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.
Тармақ 4.3
4.3. Егер тексеру кезінде көрсетілген қызметтердің нәтижелері Техникалық ерекшелік талаптарына (Шартқа 2-қосымша) сәйкес келмейді деп танылса, өнім беруші тексеру сәтінен бастап <сәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 4.4
4.4. Жоғарыда көрсетілген ешбір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 5
5. Қызметтер көрсету
Тармақ 5.1
5.1. Өнім берушінің қызметтерді көрсетуі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Тармақ 5.2
5.2. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте көрсетілетін қызметті толық тапсыруы шартында Қызмет көрсетілді деп есептеледі.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 6
6. Кепілдік
Тармақ 6.1
6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақтылы қызмет көрсетудің қамтамасыз етілуіне кепілдік береді.
Тармақ 6.2
6.2. Өнім беруші техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) көрсетілетін Қызметтерінің қателерін, жете өңдеумелері мен басқа да сәйкессіздіктерін ақысыз түзетуге кепілдік береді.
Тармақ 6.3
6.3. Тапсырыс беруші берілген кепілдікке байланысты барлық шағымдары туралы Өнім берушіге жазбаша түрде жедел хабарлауға міндетті, одан кейін Өнім беруші, осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, өз есебінен кемшіліктерді жою шараларын Тапсырыс беруші хабарламасында айқындалған мерзімде қолдануға тиіс.
Тармақ 6.4
6.4. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, кемшіліктерді жою шараларын уақтылы қолданбаса, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзінің басқа құқықтарына ешқандай нұқсан келтірмей және Өнім беруші есебінен қажетті санкциялар мен кемшіліктерді жою шараларын қолдана алады.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 7
7. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 7.1
7.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тармақ 7.2
7.2. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында Секвестр және/немесе ақша жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда/дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорынның, заңды тұлғаның есеп айырысу шотында, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Өнім берушіге кешіктірілген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлейді әрбір кешіктірілген күн үшін тиесілі соманың 0,1% (нөл бүтін Бір) мөлшерінде. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 10% - нан аспауға тиіс.
Тармақ 7.3
7.3. Қызмет көрсету мерзімдері кешіктірілген жағдайда Тапсырыс беруші Өнім беруші міндеттемелерді толық орындамаған жағдайда өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда Мерзімі өткен. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 15% - нан аспауға тиіс.
Тармақ 7.4
7.4. Өнім беруші Қызмет көрсетуден бас тартқан немесе қызмет көрсету мерзімі шарт бойынша қызмет көрсету мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімге кешіктірілген жағдайда, бірақ шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей Тапсырыс беруші Өнім берушіден жалпы соманың 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын өндіріп ала отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы Мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттар.
Тармақ 7.5
7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 7.6
7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша қызмет көрсету үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе қызмет көрсету кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулар Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.
Тармақ 7.7
7.7. Өнім берушінің Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.
Тармақ 7.8
7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
Өнім беруші қызметтер көрсету үшін бірлесіп орындаушыларға беретін қызметтердің шекті көлемі жиынтығында көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің отыз пайызынан аспауға тиіс.
Бұл ретте бірлесіп орындаушыларға өткізілетін Мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылатын қызметтер көрсету көлемін өзге бірлесіп орындаушыларға беруге тыйым салынады.
Көрсетілетін қызметтерге, Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін Мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылатын қызметтер көрсету бойынша бірлесіп орындаушыларды тартуға жол берілмейді.
Тармақ 7.9
7.9. Тапсырыс беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген болса), сондай-ақ өнім беруші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты оны бұзған жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы Демпингке қарсы соманы (бар болса) қайтармайды.
Тармақ 7.10
7.10. Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы соманы (бар болса) Өнім берушіге Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім берушіге Шарттың қолданылу кезеңінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ұсынған жағдайда қайтарады.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 8
8. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары
Тармақ 8.1
8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <_____> дейін қолданылады.
Тармақ 8.2
8.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюi бөлiгінде қызмет көрсету ұзақтығы мерзiмдерiнің өзгеруiне әкеп соқтырады:
Тармақша 1
1) Тапсырыс беруші Объектiнiң барлық учаскелерiн пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде қызмет көрсетудің кешіктірілуіне әкеп соқтырады;
Тармақша 2
2) Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргiзу үшiн қызмет көрсетуді тоқтатуға нұсқау береді. Бұл ретте, егер аталған сынақтар ақауларды анықтамаған жағдайда, қызмет көрсетуді тоқтату уақыты қызмет көрсету мерзіміне қосылады;
<Жаңа абзац>
Тармақ 8.3
8.3. Шартты біржақты тәртіппен бұзуды Тапсырыс беруші оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберу жолымен мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өнім берушінің жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан бас тартуы;
Тармақша 2
2) өнім берушінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы не тиісінше орындамауы;
Тармақша 3
3) өнім беруші қызметтер көрсету бойынша конкурсқа қатысуға мәлімделмеген бірлесіп орындаушыларды тартқан кезде, сондай-ақ қызметтер көрсету бойынша бірлесіп Орындаушыға жиынтығында көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің отыз пайызынан асатын көлемде берген кезде;
Тармақша 4
4) қайта ұйымдастыруды не жеке тұлға болып табылатын өнім берушінің (азаматтың) қайтыс болуын қоспағанда, Тапсырыс берушінің немесе заңды тұлға болып табылатын өнім берушінің таралуы не банкроттығы;
Тармақша 5
5) Өнім берушінің шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті құқық қабілеттілігін жоғалтуы, өнім берушінің қайтыс болуы (сот хабар-ошарсыз кетті деп тануы немесе қайтыс болды деп жариялауы);
Тармақша 6
6) негізінде шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 7-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған;
Тармақша 7
7) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген ұйымдастырушының өнім берушіге жәрдем көрсеткені анықталған;
Тармақша 8
8) өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін өз міндеттемелерін орындаған жағдайды қоспағанда, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты, демпингке қарсы соманы қамтамасыз етуді) белгіленген мерзімдерде енгізбеген жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 8.4
8.4. Тапсырыс беруші тараптардың келісімі бойынша шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда оны кез келген уақытта бұза алады, өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібереді, онда осы орынсыздықтың егжей-тегжейлі себебі көрсетіледі, жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ шартты бұзу күшіне енген күні ескертіледі.
Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты жойылған кезде, Өнім беруші шарт бойынша бұзуға байланысты нақты шығындар үшін ғана тоқтатылған күні төлеуді талап етеді.
Тармақ 8.5
8.5. Шартты бұзуды Тапсырыс беруші заңды күшіне енген, орындалуы шартты бұзуды талап ететін сот актісі бойынша оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Хабарлама
Тармақ 9.1
9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
Тармақ 9.2
9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
Тармақ 10
10. Форс-мажор
Тармақ 10.1
10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапкершілікте болмайды.
Тармақ 10.2
10.2. Өнім беруші Шарттың, демпингке қарсы соманың орындалуын өзінің қамтамасыз етуінен айырылмайды және егер Шарттың орындалуын кешіктіру форс-мажорлық мән-жайлардың нәтижесі болып табылса, оның талаптарын орындамауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе шарттың бұзылуына жауапты болмайды.
Тармақ 10.3
10.3. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
Тармақ 10.4
10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.
Тармақ 11
11. Даулы мәселелерді шешу
Тармақ 11.1
11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
Тармақ 11.2
11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
Тармақ 12
12. Өзге де шарттар
Тармақ 12.1
12.1. Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
Тармақ 12.2
12.2. Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттемелерді орындау бойынша өнім берушіге қойылатын талаптарды және (немесе) шарттарды белгілеуіне жол берілмейді.
Тармақ 12.3
12.3. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
Тармақ 12.4
12.4. Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Тармақ 12.5
12.5. Шарт бірдей заңды күші бар, қазақ және орыс тілдерінде жасалды. Тараптар айырбастайтын шартқа қатысты барлық хат-хабарлар және басқа құжаттама осы шарттарға сәйкес келеді.
Тармақ 12.6
12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<№. Жаңа тармақ>*
Тармақ 13
13. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші
Өнім беруші (қаражат алушы)
<Тапсырыс берушінің толық атауы>
<өнім берушінің толық атауы>
<Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>
< өнім берушінің толық заңды мекен-жайы>
БСН < Тапсырыс берушінің БСН>
«өнім берушінің БСН/ССН/ТЕН <БСН/ССН/ТЕН>
БСК <Тапсырыс берушінің БСК>
БСК < өнім берушінің БСК>
ЖСК <Тапсырыс берушінің ЖСК>
ЖСК < өнім берушінің ЖСК>
<Банк атауы>
<Банк атауы>
Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны>
Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Тапсырыс берушінің лауазымы>
<Өнім берушінің лауазымы>
<Тапсырыс берушінің аты-жөні (ол бар болса)>
< Өнім берушінің аты-жөні (ол бар болса)>
(қолы) (қолы)
«___» ____________ ____ жыл «___» ____________ ____ жыл
М. О. М. О.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (ол бар болса).
Басқа 1.21. Банк кепілдігі
(мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны)
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
21-қосымша
Банк кепілдігі
(мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны)
Банктің атауы: __________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге: ___________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері)
Кепілді міндеттеме ___ жылғы «___» _______ № _____________________
________________________________________________________________________________
(орналасқан жері)
«Өнім беруші» __________________________________________________________
(өнім берушінің атауы)
_______________________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы)
жеткізуге (орындауға, көрсетуге) _____ жылғы __________ ___ № ___ мемлекеттік сатып алу туралы
шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасқанын (жасасатынын) және Сіз Шартта Өнім беруші жалпы сомасы
________________ теңгеге банк кепілдігі түрінде оның орындалуын қамтамасыз етеді деп көздегеніңізді
назарға ала отырып, _____________________________________________
(банктің атауы)
жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілгер болып табылатынымызды және Сіздің төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағанын немесе тиісінше орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін Сізге _______________________________ (сомасы цифрмен және жазумен) тең соманы төлеуге өзімізге кері қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.
Осы кепілді міндеттеме қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.
Осы кепілді міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгерлердің қолы/электронды-цифрлық, күні және мекенжайы, қолтаңбасы, мөрі (қағаз жеткізгіште) (Банктің (банк филиалының) атынан оның бірінші басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері).
Басқа 1.22. Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
22-қосымша
Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты
__________ қаласы____________сериясы № ____ 20___жылғы «____»
Бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын,
_____________________________________________________________ атынан
(сақтандыру ұйымының атауы)
___________________________________________________________________,
(жарғы, ереже немесе сенімхат)
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша 20__ жылғы «___» _________ № ______
сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның
және Сақтандыру қағидаларының негізінде әрекет ететін __________________
(уәкілетті тұлғаның
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.
(ол бар болса)) бір тараптан және бұдан әрі «Сақтанушы» деп аталатын,
____________________________________________________________________,
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның
атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
атынан _________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(жарғы, лицензия немесе сенімхат)
____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә. (ол бар болса))
екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету/ авансқа тең мөлшерде авансты (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда) қамтамасыз ету мақсаттары үшін төмендегілер туралы 20___ жылғы «___» ______ № _________ осы Сақтандыру шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
Тарау 1. 1-тарау. Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар
1-тарау. Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Пайда алушы – осы Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға («Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 27) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші);
Тармақша 2
2) Сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайдасына осы Шарт жасалған тұлғаға (Пайда алушы) осы Шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
Тармақша 3
3) Сақтанушы – Сақтандырушымен осы Шартты жасасқан тұлға («Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 24) тармақшасына сәйкес өнім беруші);
Тармақша 4
4) сақтандыру жағдайы – Пайда алушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі;
Тармақша 5
5) сақтандыру объектісі – Сақтанушының тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан Пайда алушының келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі;
Тармақша 6
6) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған ақша сомасы және сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіреді;
Тармақша 7
7) сақтандыру сыйлықақысы – Сақтанушының Сақтандырушыға, соңғысы Пайда алушыға осы Шартта айқындалған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізу мiндеттемелерін қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
Тармақша 8
8) сақтандыру төлемi – сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушының Пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы.
Тарау 2. 2-тарау. Шарттың мәні
2-тарау. Шарттың мәні
Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Шартта көзделген көлемде және талаптарда Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тарау 3. 3-тарау. Пайда алушы
3-тарау. Пайда алушы
Осы Шарт бойынша Пайда алушы
_(тапсырыс берушінің атауы)
_______________________________________________________________
(заңды мекен-жайы)
_______________________________________________________________
(тапырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
болып табылады.
Тарау 4. 4-тарау. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
4-тарау. Сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
4.1. Осы Шарт бойынша сақтандыру сомасы _______________ (___________________) (сома толық жазылады) теңге мөлшерінде белгіленді (тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасының кемінде үш пайызы/авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз ету сомасы (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген жағдайда).
4.2. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы ____________ (_______________________) (сома толық жазылады) теңгені құрайды және Сақтандырушыға 20___ жылғы «___» _________ дейінгі мерзімде біржолғы төлеммен толық көлемде төленуі тиіс.
4.3. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы Сақтанушының ақшаны Сақтандырушының осы Шартта көрсетілген банктік шотына ақша аудару жолымен қолма-қол ақшасыз төлеммен төленуі тиіс.
Тарау 5. 5-тарау. Сақтандыру жағдайы
5-тарау. Сақтандыру жағдайы
Тармақ 5.1
5.1. Осы Шарт бойынша өнім берушіге Пайда алушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісіболып табылады.
Тармақ 5.2
5.2. Сақтандыру жағдайының басталуын растайтын құжат, растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Пайда алушы Сақтандырушының атына жіберген жазбаша хабарлама болып табылады:
Тармақша 1
1) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың көшірмелері;
Тармақша 2
2) Сақтанушыға тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындамау немесе тиісінше орындамау туралы жіберілген хабарламалар, талаптар, наразылықтар, ескертулер;
Тармақша 3
3) егер олар бар болса және Сақтанушы мен Пайда алушы қол қойған жағдайда қабылдап алу-беру, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмелері;
Тармақша 4
4) бар болса қабылданған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар бойынша салыстыру актісінің көшірмесі;
Тармақша 5
5) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залал сомасын тіркеген және растайтын құжаттар.
Тармақ 5.3
5.3. Сақтандыру жағдайын, сондай-ақ сақтандыру төлемді заңсыз түрде алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттерді қасақана жасау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Тарау 6. 6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 6.1
6.1. Сақтанушы:
Тармақша 1
1) Сақтандырушыдан осы Шарт бойынша Сақтандыру қағидаларын, сақтандыру шарттарын, өз құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
Тармақша 2
2) Сақтандыру шартының телнұсқасын жоғалтқан жағдайда, оны алуға құқылы;
Тармақша 3
3) Осы Шартта көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзу.
Тармақ 6.2
6.2. Сақтанушы:
Тармақша 1
1) осы Шартты жасасқан кезде Сақтандырушыға ұсынылған мәліметтерді растайтын қажетті мәліметтер мен құжаттардың ұсынуға (Сақтандырушуның талабы бойынша);
Тармақша 2
2) осы Шартты жасасқан кезде Сақтандырушыға сақтандыру тәуекелін бағалау үшін оған белгілі барлық мән-жайлар туралы хабарлауға;
Тармақша 3
3) осы Шарттың 4.2-тармағында белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
Тармақша 4
4) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының жай-күйі туралы дереу хабарлап, бірақ кез келген жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының артуы туралы хабарлауға міндетті;
Тармақша 5
5) сақтандыру жағдайының басталған мән-жайларының тергеуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) сақтандыру жағдайының себептерін, барысын және салдарларын анықтау шараларын, сондай-ақ сақтандыру жағдайынан туындаған шығындарды азайту шараларын қолдануға;
Тармақша 7
7) Сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеуде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы бойынша қолда бар ақпаратты хабарлауға және қажетті көмек көрсетуге;
Тармақша 8
8) Сақтандырушыға оның талабы бойынша Сақтанушының сотқа дейінгі немесе сот тәртібінде үшінші тұлғалармен дауларды реттеу кезіндегі өкілеттігін ұсынуға;
Тармақша 9
9) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап ету құқығының Сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 10
10) сақтандыру жағдайы басталған кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Шарттың 5.2-тармағында көрсетілген құжаттарды Сақтандырушыға табыс етуге міндетті;
Тармақша 11
11) Сақтандырушыға ол жүзеге асырған сақтандыру төлемін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оны жүзеге асырған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде толық көлемде өтеуге міндетті.
Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты сақтандыру төлемінің сомасын және шығыстарды уақтылы өтемеген жағдайда, Сақтанушы Сақтандырушыға әрбір кешіктірілген күн үшін өтелуге жататын сомадан
_____________________ (_________________________________) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық (жазбаша түрде) айыбын төлеуге міндетті;
Тармақша 12
12) осы Шартты жасасқан кезде және оның қолданылу мерзімі ішінде Сақтандырушыны өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың барлық қолданыстағы немесе жасалған шарттары туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 6.3
6.3. Сақтандырушы:
Тармақша 1
1) Сақтанушы ұсынған мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының осы Шарттың талаптары мен шарттарын орындауын тексеруге;
Тармақша 2
2) Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын, және ықтимал залалдың (сақтандыру тәуекелінің) мөлшері мен сақтандыру тәуекелінің бағасын айқындау үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді алуға;
Тармақша 3
3) осы Шартпен белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру сыйлықақысын алуға;
Тармақша 4
4) сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарлама мен оның құжаттамалық дәлелдерін алуға;
Тармақша 5
5) сотқа дейін немесе сот тәртібінде үшінші тұлғалармен дауларды реттеу кезіндегі Сақтанушының өкілеттігін алған кезінде Сақтанушы атынан сот органдарында сөз сөйлеуге;
Тармақша 6
6) осы Шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйақысын төлеуді талап етуге;
Тармақша 7
7) сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін Сақтанушыға қойылатын талап ету мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте даулауға;
Тармақша 8
8) сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін осы Шарттың 6.2-тармағының 11) тармақшасында және 8.1-тармағында көрсетілген жағдайларда Сақтанушыға, не сақтандыру жағдайының басталуына жауапты өзге тұлғаға кері талап қою құқығын ұсыну;
Тармақша 9
9) сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін тиісті мемлекеттік органдардан және ұйымдардан, олардың құзыретіне қарай, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және Пайда алушыға келтірілген залал мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.
Тармақ 6.4
6.4. Сақтандырушы:
Тармақша 1
1) осы Шарт бойынша Сақтанушыны сақтандыру қағидаларымен, сақтандыру шарттарымен, оның құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;
Тармақша 2
2) Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтінішін уақтылы қабылдауға;
Тармақша 3
3) Сақтанушы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Сақтанушы тарапынан жүгініске және сақтандыру жағдайының басталуын растайтын құжаттардың ұсынылуына не ұсынылмауына қарамастан хабарлама және осы Шарттың 5.2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру жолымен Пайда алушының тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сақтандыру сомасын төлеу туралы талабын орындауға;
Тармақша 4
4) сақтандырудың құпиясын қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) Сақтанушыға сақтандыру жағдайы кезіндегі шығындарды азайту үшін жүргізілген шығыстарды өтеуге;
Тармақша 6
6) Сақтанушы не оның өкілі барлық қажетті құжаттарды ұсынбаған жағдайда, дереу, бірақ 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей оларды жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 6.5
6.5. Пайда алушы осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға құқылы.
Тармақ 6.6
6.6. Пайда алушы Сақтанушы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Сақтандырушыға сақтандыру төлемдерін төлеу туралы талапты жібереді.
Тармақ 6.7
6.7. Сақтанушыда, Сақтандырушыда және Пайда алушыда осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
Тарау 7. 7-тарау. Сақтандыру төлемінің мөлшерін және оны жүзеге асыру тәртібін айқындау
7-тарау. Сақтандыру төлемінің мөлшерін және оны жүзеге асыру тәртібін айқындау
Тармақ 7.1
7.1. Сақтандыру жағдайының басталу фактісі Пайда алушының төлем деректемелерін, сондай-ақ осы Шарттың 5.2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, Пайда алушы жазбаша нысанда жіберген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді Сақтанушының орындамауы не тиісінше орындамауы туралы талап негізінде белгіленеді.
Тармақ 7.2
7.2. Сақтандыру төлемі осы Шартпен белгіленген сақтандыру сомасы шегінде жүзеге асырылады және одан аса алмайды.
Тармақ 7.3
7.3. Егер сақтандыру жағдайы осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде болса, сақтандыру төлемі жүргізіледі.
Тарау 8. 8-тарау. Сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы
8-тарау. Сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы
Тармақ 8.1
8.1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушының Сақтанушыға жүзеге асырылған сақтандыру сомасы шегінде кері талап қоюға құқығы бар.
Тармақ 8.2
8.2. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде сақтанушының сақтандыру нәтижесінде сақтандырушы өтеген залалдар үшін жауапты адамға кері талап ету құқығы ауысады.
Тармақ 8.3
8.3. Пайда алушы сақтандыру төлемін алған кезде, Сақтанушы Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беруге және Сақтандырушының талап ету құқықтарын жүзеге асыруға қажетті барлық мәліметтерді хабарлауға міндетті.
Тарау 9. 9-тарау. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері
9-тарау. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері
Тармақ 9.1
9.1. Сақтандырушының сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудан бас тартуына мыналар:
Тармақша 1
1) Пайда алушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғадан тиісті шығындардың өтелуін алу;
Тармақша 2
2) Сақтандырушының сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы;
Тармақша 3
3) Азаматтық кодекстің 839-бабының 2-тармағында көзделген негіздер негiз болуы мүмкiн.
Тармақ 9.2
9.2. Сақтандыру Пайда алушының/Сақтанушының моральдық зиянын, жоғалтқан пайдасын, залалдарын, айыппұлдарды, тұрақсыздық айыптарын, өсімпұлдарды өтемейді.
Тарау 10. 10-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және еңсерілмейтін күштердің мән-жайлары
10-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және еңсерілмейтін күштердің мән-жайлары
Тармақ 10.1
10.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңмалық актілеріне және осы Шартқа сәйкес Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікте болады.
Тармақ 10.2
10.2. Егер тиісті орындау еңсерілмейтін күштердің мән-жайлары салдарынан мүмкін болмаса, Шарттың Тараптары осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 10.3
10.3. Төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар, оның ішінде дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және тараптар болжай алмаған және осы Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осыған ұқсас өзге де мән-жайлар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары болып табылады.
Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң рынокта болмауы жатпайды.
Тармақ 10.4
10.4. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары тоқтатылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде еңсерілмейтін күш мән-жайларына ұшыраған Тарап басқа Тарапқа еңсерілмейтін күш мән-жайларының аяқталғаны және өз міндеттемелерінің орындалуын жаңғырту туралы жазбаша хабардар етуі тиіс.
Тармақ 10.5
10.5. Тиісінше хабардар етпеу, осы Шарт бойынша міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тарапты жауапкершіліктен босатуға негіз ретіндегі жоғарыда көрсетілген кез-келген мән-жайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тармақ 10.6
10.6. Еңсерілмейтін күш салдарынан болған мән-жайлар тиісті құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарымен расталуы тиіс.
Тарау 11. 11-тарау. Шарттың қолданыс мерзімі
11-тарау. Шарттың қолданыс мерзімі
Тармақ 11.1
11.1. Осы Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады және өнім беруші тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады, атап айтқанда 20__жылғы «__________» (мемлекеттік сатып алу туралы шарттың аяқталу күні).
Тармақ 11.2
11.2. Сақтандыру қорғау қолданысы кезеңі Шарттың қолданыс мерзімімен сәйкес келеді.
Тармақ 11.3
11.3. Осы Шарттың қолданылу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.
Тарау 12. 12-тарау. Шарт талаптарын өзгерту
12-тарау. Шарт талаптарын өзгерту
Шарт талаптарын өзгерту Тараптардың бірінің өтініші негізінде екінші Тарап Пайда алушының жазбаша келісімі қоса берілген өтінішті алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде Пайда алушының жазбаша келісімімен Сақтандырушы мен Сақтанушының өзара келісімі бойынша жүргізіледі және Тараптардың осы Шартқа қосымша келісімімен рәсімделеді.
Тарау 13. 13-тарау. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату және бұзу
13-тарау. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату және бұзу
Тармақ 13.1
13.1. Осы Шарт мынадай:
Тармақша 1
1) Шарттың қолданыс мерзімінің өтуі;
Тармақша 2
2) Азаматтық Кодекстің 841-бабына сәйкес осы Шартты мерзімінен бұрын тоқтату;
Тармақша 3
3) Осы Шарттың қолданыс мерзімі ішінде орын алған сақтандыру жағдайы бойынша Сақтандырушы осы Шартта белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруы;
Тармақ 13.2
13.2. Осы Шарттың мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы шарт талаптары Сақтандырушының кiнәсi бойынша оның шарттары орындалмаған немесе осы Шартты Сақтандырушының орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, соңғысы оған төленген сақтандыру сыйақысын Сақтанушыға толық қайтаруға мiндеттi.
Тармақ 13.3
13.3. Осы Шарттың 13.1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша осы Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде, қайтарылуға жататын сыйлықақы сомасының __ (__) пайызы мөлшерінде әкімшілік шығыстарды алып тастағанда Сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданылған уақытқа бара-бар бір бөлігіне құқығы бар.
Тармақ 13.4
13.4. Осы Шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы оның талаптарын Сақтанушының орындамауынан туындаған жағдайда, төленген сақтандыру сыйақысы қайтарылуға жатпайды.
Тармақ 13.5
13.5. Осы Шарттың тоқтатылуы осы Шарттың қолданысы кезеңінде сақтандыру жағдайынан болғаны мойындалған сақтандыру жағдайы бойынша Сақтандырушыны Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндетінен босатпайды. Сақтандыру жағдайында болған әрекет кезеңінде осы Шартты жасасқан Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
Пайда алушының мұндай талаптары Сақтандырушының атына осы Шарттың қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 (үш) жылдан кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
Тарау 14. 14-тарау. Дауларды шешу тәртібі
14-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 14.1
14.1. Осы Шарттың ережелерімен реттелмеген Тараптардың өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 14.2
14.2. Тараптар арасында осы Шарт бойынша туындайтын барлық даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Тармақ 14.3
14.3. Келісімге келмеген Тараптардың келіспеушіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешіледі.
Тарау 15. 15-тарау. Қорытынды ережелер
15-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 15.1
15.1. Осы Шартқа қосымша, өзгерiстер мен толықтырулар оның ажырамас бөлiгi болып табылады және егер олар жазбаша нысанда жасалған және оларға екi Тарап қол қойған жағдайда ғана олардың заңды күшi болады.
Тармақ 15.2
15.2. Тараптар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңың, оның ішінде қажетті құжаттарды, мәліметтерді, растау жолымен тапсыру арқылы талаптарын орындайды.
Тармақ 15.3
15.3. Осы Шарттың талаптарында көзделмеген қалған өзара қарым-қатынастар Азаматтық кодекспен реттеледі.
Тармақ 15.4
15.4. Шарт 3 (үш) данада, әрбір Тарап үшін және біреуі Пайда алушы үшін әрқайсысының заңды күші бірдей мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасалады.
Тармақ 15.5
15.5. Тараптардың бірде бірі осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін екінші Тараптың және Пайда алушының жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
Тармақ 15.6
15.6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптар уағдаластыққа қол жеткізілген және бір біріне берілетін ақпараттардың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді.
Тарау 16. 16-тарау. Тараптардың деректемелері:
16-тарау. Тараптардың деректемелері:
«САҚТАНДЫРУШЫ»
«САҚТАНУШЫ»
Атауы: ______________
Атауы: ______________
Мекенжайы: ______________
Мекенжайы: ______________
БСН ______________
ЖСН/БСН ______________
ЖСК ______________
ЖСК ______________
БСН ______________
Резидент___/
Бейрезидент ___
(елді көрсету)
Экономикалық қызмет түрі түрі
___________________
Экономика секторының коды коды
___________________
БСК ______________
Резидент ____/
Бейрезидент ____
(елді көрсету)
Экономикалық қызмет түрі түрі
___________________
Экономика секторының коды коды
___________________
___________________
(Т.А.Ә. (ол бар болса), қолы)
___________________
(Т.А.Ә. (ол бар болса), қолы)
Басқа 1.23
Ерекше тәртіп қолданылатын,
мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
23-қосымша
Тапсырыс беруші _________________________________________________
Есепті кезең ______________________________________________________
№
Сатып алу нысанасы
Сатып алу жоспарымен бекітілген сома (теңге)
Шарт бойынша сома
(теңге)
Шартты үнемдеу (теңге)
конкурс
бір көз
конкурс
бір көз
тауарлар
жұмыстар
қызметтер
Жиыны:
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі 2024 жылғы
7 қазандағы № 671
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 686 бұйрығы «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 21 маусымда № 32868 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 168 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2024 жылғы 29 наурызда № 34184 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 366 бұйрығы «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 686 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 маусымда № 34513 болып тіркелген).