Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Шарықты және Қоянды ауылдық округтерінің аумақтарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Данияр Турсынбекович Омаров тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 06 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.