О мерах по защите населения от туберкулеза Күшін жойған
Басқа 0
Халықты туберкулезден қорғау шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды шешімнің қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты – Ақтөбеоблысы әкімдігінің 24.03.2006 № 07-4/670 хаты.
Облыста туберкулездің таралуы үлкен қауіп төндіріп, алаңдатып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда туберкулезбен бірінші рет науқастанғандар саны 718-ге артты /1997 жылы 497 адам/.
Туберкулезбен науқастану әсіресе Ақтөбе қаласында, Алға, Темір, Шалқар, Мұғалжар, Хромтау аудандарында меңдеп барады. Облыс бойынша 1997 жылы 100 мың адамның 667-і науқастанған болса, биыл 99,1-ге, ал әлем саны 24,1-ге /1997 жылы-17,7/ жетіп отыр.
Облыста 680 стационарлық және 500 сауықтыру орындары жұмыс істейді, оның ішінде өз алдына бөлек-бөлек туберкулезге қарсы күрес диспансерлері /355 орындық облыстық, 125 орындық қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерлері/, ауданаралық туберкулезге қарсы емдеу аруханалары /Алға – 100 орын, Темір – 50 орын/, 2 туберкулезге қарсы емдеу бөлімдері /Ырғыз – 30 орын, Қарабұлақ - 70 орын/ бар. Одан басқа науқастарды қабалдау, бақылау және емдеу жұмыстары жүргәзілетін 14 туберкулезге қароы емдеу кабинеттері жұмыс істейді.
Бірақ сонда да туберкулезбен ауыратындар саны қарқындап, әл бермеуге айналжы. Бұл халықтың тұрмыс жаңдайының ауырлығынан қарсы қолданылатын дәрі-дермектердің жеткіліксіздігінен, ауданаралық мамандандырлған мекемелердің
қашықтығынан туындап отыр. Осындай себептердің салдарынан Алға жене Темір туберкуангзге қареы емдеу ауруханалары ауданаралық туберкулезге қарсы аруханалары бос қалуда, ал бұл мекемелердің кредиторлық бережақтары күннен-күнге өсуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998-ші жылдың 18-ші мамырындағы N 3956-шы "Қазақстан республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсартудың бірінші кезектегі шаралары туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-ші жылдың, 4-ші қыркүйегіндегі № ЗЗ9-шы "Қазақстан Республикасы халқын туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШIМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына /Н. Е. Алдашев/.
Тармақ 1.1
1.1. Алға және Темір ауданаралық туберкулезге қарсы емдеу ауруханалары қайта құрылсын және олардан босаған орындар облыс аудандарына таратылып берілсін. /қосымша N 1/.
Тармақ 1.2
1.2. Облыстағы туберкулезге қарсы күрес жургізудің құрылымы мен тармақтары бекітілсін. /қосыша N 2/.
Тармақ 1.3
1.3. Туберкулезге карсы күрес жүргізетін базалық мекемелерде /облыстық және қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерлері/ бактериалдық диагностиканың шұғыл әдістемесі енгізілсін. Бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының әдістемесі бойынша қысқа мерзімді бақылаудағы химиотерапияның алгашқы сатысын жүргізу ұйымдастырылсын.
Тармақ 1.4
1.4. Барлық аудандық туберкулезге қарсы күрес бөлімдерінде бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының әдістемесі бойынша қысқа мерзімді бақылаудағы химиотерапияның 2-ші сатысын жүргізу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық мемлекеттік тазалық сақтау және жұқпалы ауруларга қарсы күресті бақылау басқармасының бастығына /Оңайбаев Е. Ж./
Тармақ 2
2. 1. Облыстық туберкулезге қарсы күрес мекемелерінде қысқа мерзімді бақылаудағы химиотерапияны жүргізу бағдарламасын жүзеге асыруды өз бақылауына алсын. Аудандық ауруханалар жанынан ашылатын туберкулезге қарсы күрес бөлімдерінің тазалық жағдайы және оған қойылатын талаптар өздеріндегі бар материалды-техникалық базаларына сәйкес қалыптастырылсын.
Тармақ 2.2
2.2. Мал өнімдерін өндіріп және оны сатумен айналысатын жеке және заңды тұлгалардың, меншіктің қандай түрі болса да, бекітілген ветеринарлық және тазалық талаптарын сақтауы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасына /С. А. Есімов/
Тармақ 3
3. 1. Арнайы қамау орындарындағы тергеуге жабылғандарды алғаш түскенде және әрбір жарты жыл сайын, түзету орындарындағы сотталғандарды жылына 2 рет міндетті түрде флюрографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3.2
3.2. Тергеуге қамау орындары мен түзету мекемелеріндегі науқастарды емдеу үшін тиісті шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Облыстык қаржы басқармасына /Б. Е. Жантемиров/
Тармақ 4.1
4.1. 1999 жылдың бюджет жобасында медициналық құрал-жабтықтар алуға және туберкулезге қарсы күрес мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуге қаржы қарастырылсын.
Тармақ 4.2
4.2. Туберкулезге қарсы күреске жұмсалатын шығындарды айқындайтын жергілікті бюджетке арнайы бөлек жол енгізілсін. Аудандық ауруханалар жанындағы туберкулезге қарсы күрес телімдеріне жұмсалатын шығындар жергілікті бюджетке
кірістірілсін.
5.Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Е. Н. Дошаевқа жүктелсін.
Басқа 15
Облыс әкімінің
"3" қарашадағы 1998 жылғы
№ 167 шешіміне қосымша N 1
Облыстағы туберкулезге қарсы күрес жүргізетін мекемелердің құрылымы
1.
Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері
- 355
орын
2.
Қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансері
-125
орын
3.
Алға аймақтық медициналық бірлестігі
- 15
орын
4.
Әйтеке би аймақтық медициналық бірлестігі
- 25
орын
5.
Байғанин аймақтық медициналық бірлестігі
- 15
орын
6.
Ырғыз аймақтық медициналық бірлестігі
- 30
орын
7.
Қарғалы аймақтық медициналық бірлестігі
- 10
орын
8.
Мартөк аймақтық медициналық бірлестігі
- 10
орын
9.
Мұғалжар аймақтық медициналық бірлестігі
- 25
орын
10.
Темір аймақтық медициналық бірлестігі
- 15 орын
11.
Ойыл аймақтық медициналық бірлестігі
- 15
орын
12.
Қобда аймақтық медициналық бірлестігі
- 10
орын
13.
Хромтау аймақтық медициналық бірлестігі
- 15
орын
14.
Шалқар аймақтық медициналық бірлестігі
- 15
орын
15.
"Шағала"санаториі
- 300
орын
16.
" Бершүгір" санаториі
- 200
орын
Басқа 16
Облыс әкімінің
"3" қарашадағы 1998 жылғы
№ 167 шешіміне қосымша N 2
Алға және Темір ауданаралық туберкулезге қарсы емдеу ауруханаларынан босаған орындарды облыс аудандарына бөлу.
1.
Әйтеке би ауданына
- 25
2.
Алга Ауданына
- 15
3.
Байғанин ауданына
- 15
4.
Ырғыз ауданына
- 30
5.
Карғала ауданына
- 10
6.
Мартөк ауданына
- 10
7.
Мұғалжар ауданына
- 25
8.
Темір ауданына
- 15
9.
Ойыл ауданына
- 15
10.
Қобда ауданына
- 10
11.
Хромтау ауданына
- 15
12.
Шалқар аудінына
- 15