Об утверждении Регламента районного маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихат регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 545 ««Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8 және 9 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихат регламентін бекіту.
Тармақ 2
2. Шешім Ақмола облысы әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді.
Басқа 3
Аудандық мәслихаттың
2004 жылғы «27» мамыр
№ 3С-5/2 шеішмімен
БЕКІТІЛГЕН
Аудандық мәслихат Регламенті
Тарау 1. 1-тарау. Регламентте пайдаланылатын негізгі түсініктер.
1-тарау. Регламентте пайдаланылатын негізгі түсініктер.
Тармақ 1
1. Жергілікті өкілетті орган (мәслихат) - ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутатарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық - билік ету қызметін жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат сессиясы - аудандық мәслихат қызметінің негізгі нысаны.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихат аппараты - аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
Тарау 2. 2-тарау. Аудандық мәслихат үшін белгіленетін негізгі талаптар мен шектеулер.
2-тарау. Аудандық мәслихат үшін белгіленетін негізгі талаптар мен шектеулер.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихат өз қызметінде:
Тармақша 1
1) жалпымемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
Тармақша 2
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
Тармақша 3
3) қызметтің қоғамдық маңызды бар салаларында белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды ұстануға;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүддерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 6
6. Аудандық мәслихатқа Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді епкін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тиым салынады.
Тармақ 7
7. Аудандық мәслихаттың аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 8
8. Аудандық мәслихат қызметі қоғамдық ой-пікірді есепке алуда аудандағы мемлеттік және қоғамдық істерді басқаруда азаматтарды кеңінен іске тартуда, заңдылық, лауазымды тұлғаларды сайлайтын және тағайындайтын органдарды құратын аудандық мәслихат алдында коллективті, мәселелерді еркін талдау мен шешуде, жауапкершілік және есеп беруге негізделеді.
Тармақ 9
9. Аудандық мәслихат қызметіндегі аудандық мәслихат депутаты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен белгіленген құқық пен міндетті сапалы жүзеге асыру үшін жағдайымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 10
10. Аудандық мәслихат өз қызметін сессияда бекітілген перспективті жоспарға сәйкес жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Аудандық мәслихат құзыреті.
3-тарау. Аудандық мәслихат құзыреті.
Тармақ 11
11. Аудандық мәслихат құзыретіне:
Тармақша 1
1) тиісті аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
Тармақша 2
2) тиісті аумақтарды қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге де мәселелерді шешу;
Тармақша 3
3) әкімнің ұсынуы бойынша аудандық бөліністі басқару схемасын бекіту;
Тармақша 4
4) өздерінің қарауына жатқызылған аудандық құрылыс және жергілікті, қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау мәселелерін шешу;
Тармақша 5
5) әкімнің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат сессиясының шешімімен тиісті әкімияттың дербес құрамын келісу;
Тармақша 6
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың, сондай-ақ ұымдары жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы әкімшілігінің - құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;
Тармақша 9
9) тиісті аудандық бөлінісіті дамыту жоспарларының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, аудандық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау;
Тармақша 10
10) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
Тармақша 11
11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және кедейлікпен күрес бағдарламаларын бекіту;
Тармақша 12
12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомсвтоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімият жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларының орындалуына жәрдемдесу;
Тармақша 15
15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Тармақ 12
12. Аудандық мәслихат құзыретіне, сондай-ақ аудан аумағында орналасқан қала, ауылдар салудың бас жоспарларын бекітілу де жатады.
Тарау 4. 4-тарау. Аудандық мәслихат актілері.
4-тарау. Аудандық мәслихат актілері.
Тармақ 13
13. Аудандық мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері мәслихаттың актілері болып табылады.
Тармақ 14
14. Аудандық мәслихаттың бюджет кірістерін қысқарту немесе аудандық бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қортындысы болған жағдайда гана енгізілуі мүмкін.
Тармақ 15
15. Аудандық мәслихат өз құзыреті шегінде және азаматгардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қабылдаған шешімдері заңдарда белгіленген тәртіпте ресми жариялауға тиіс және ол тиісті аумақта орындалуға міндетті.
Тармақ 16
16. Аудандық мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін зандарды белгіленген тәртіпте әділет Департаментінің мемлекеттік тіркеуіне жатады.
Тармақ 17
17. Аудандық мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін мәслихаттың өзінің жоюы не соттар тәртібімен жойылуы мүмкін.
Тарау 5. 5-тарау. Аудандық мәслихаттың жұмысын ұйымдастыру.
5-тарау. Аудандық мәслихаттың жұмысын ұйымдастыру.
Тармақ 18
18. Аудандық мәслихат өз өкілеттігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Аудандық мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған шешіледі. Егер аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен екісі сессияға қатысса, аудандық мәслихат сессиясы заңды болады.
Тармақ 20
20. Аудандық мәслихат:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясының төрағасының, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметінен босатады, олардың есептерін тыңдайды;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметінен босады, олардың жұмысы туралы есепті тыңдайды;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, тексеру комиссиясы актілерін бекітеді;
Тармақша 4
4) заңдарда белгіленген адам саны мен қаражат лимиті шегінде аудандық мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді және оны ұстауға әрі материалдық - техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің штат саны лимиті тиісті аудандық мәслихат депуттарының саны негізге алынып, жеті депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ үш адамнан кем емес болып белгіленеді;
Тармақша 5
5) аудандық мәслихаттың регламентін бекітеді;
Тармақша 6
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 7
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнінде өзге де шешімдер қабылдайды.
Тарау 6. 6-тарау. Аудандық мәсихат сессиясын шақыру тәртібі.
6-тарау. Аудандық мәсихат сессиясын шақыру тәртібі.
Тармақ 20
20. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын аудандық мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болғаны ретте, аудандық мәслихат депутаттары тіркелген күнен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, тиісті аумақтық аудандық сайлау комиссиясының төрағасы шақырылады.
Тармақ 21
21. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Аудандық мәслихаттың кезекен тыс сессиясын аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ әкімнің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімінен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мумкін.
Тармақ 22
22. Аудандық мәслихат хатшысы аудандық мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай - ақ сессияның қарауына енгізлетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және аудандық әкімге сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Аудандық мәслихат хатшысы сессияның қарауын енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және аудандық әкімге сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.
Тармақ 24
24. Аудандық мәслихаттың қарауындағы мәселелерді сессия төрағасы, тұрақты және басқа да комиссиялар, депутаттық топтар мен депутаттар, аудан әкімі енгізеді.
Тармақ 25
25. Сессия күн тәртібіне ұсыныстарды аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, жоғары тұрған органдар немесе басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер ұсына алады.
Тармақ 26
26. Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне түскен ұсыныстарды енгізу туралы мәселе сессияға қатысушы депутаттар санының көпшілік даусымен ашық дауыс алу жолымен шешіледі.
Тарау 7. 7-тарау. Аудандық мәслихат сессиясын өткізу тәртібі.
7-тарау. Аудандық мәслихат сессиясын өткізу тәртібі.
Тармақ 27
27. Аудандық мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Тармақ 28
28. Аудандық мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының төрағасы ашады және аудандық мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі мәслихат сессиясын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 29
29. Егер аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі аудандық сессиясына қатысса, ол заңды болады.
Тармақ 30
30. Шешімдер аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Тармақ 31
31. Аудандық мәслихат сессиясында жұмыс мемлекеттік және орыс тілінде қатар жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Сессия жұмысында аудандық мәслихат шешімі бойынша аудандық мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде үзіліс жасалуы мүмкін.
Тармақ 33
33. Аудандық мәслихат сессиясының ұсынуы бойынша басталу және аяқталу уақытын сессия белгілейді.
Сессияда баяндама үшін уақыт бір сағатқа дейін, баяндама бойынша сөз алғандарға жиырма минут шегінде беріледі. Сессия күн тәртібінде талданатын мәселелер бойынша сөз сөйлеушілерге он минут, қайтадан сөз алушылар үшін, сондай-ақ шешімнің жеке тармақтарын талдауда сөз алғандар үшін бес минут беріледі. Кандидатура, мәжілісті жүргізу тәртібі, дауыс беру бойынша, өтініш, сауал, ұсыныс, хабарлама және анықтама енгізу үшін үш минут беріледі. Депутаттардың көпшілігінің келісімімен төрағалық етуші сөз сөйлеушінің уақытын ұзарта алады.
Өтініш - сауалдарға жауап беру үшін он минут, ал сұрақтарға бес минутқа дейін уақыт беріледі.
Тармақ 34
34. Жарыссөзге шығу үшін сөз беру туралы өтініш сессияда төрағалық етушіге жіберіледі.
Аудандық мәслихат депутаты төрағалық етуші өзіне сөз бергеннен кейін сөз сөйлейді.
Төрағалық етуші жарыс сөзге қатысу үшін сөзді өтініш түсу тәртібімен береді.
Сессия жүргізу тәртібі бойынша, анықтама үшін сұрақтарға жауап және түсінік беру бойынша сөз төрағалық етушінің кезектен тыс беруі бойынша болады.
Баяндамашыға сұрақтар жазбаша түрде немесе орнында тұрып беріледі.
Сессия төрағасы, аудан әкімі немесе оларда ауыстыратын тұлға, аудандық мәслихат хатшысы кез келген уақытта сөз сөйлеуге құқылы.
Сессияда сөз сөйлеуші өз сөзінде дөрекі сөздерді пайдаланбауы керек. Бұндай жағдайда төрағалық етуші ескерту жасауға құқылы.
Егер сөз алушы төрағаның рұқсатынсыз сөз алса, сөз алушыны ескертусіз алып тастауға болады.
Егер сөз сөйлеуші тақырыптан тыс кететін болса, онда талданатын мәселеге тоқтауына ескерту жасауына болады.
Егер сөз алып тұрған адам уақыттан шамадан тыс ұлғайтса, немесе талданатын мәселеден тысқары сөз сөйлесе, өз сөзінде дөрекі сөздерді пайдаланса, онда төрағалық етуші бір рет ескертуден кейін оның сөзін тоқтатып тастауына болады.
Тармақ 35
35. Аудандық мәслихат сессиясы ереже бойынша ашық түрге ие.
Жабық сессияны өткізу егер қатысушы депутаттардың жалпы санының көпшілінсіз дауыс берсе, аудандық мәслихат сессиясына қатысушы депутаттар санының үштен бірі немесе аудандық мәслихат сессиясы төрағасының ұсынысы бойынша қабылданған аудандық мәслихат шешімімен жіберіледі.
Тармақ 36
36. Аудан әкімі немесе оны ауыстырушы тұлға кез - келген, оның ішінде аудандық мәслихат және оның органдары жабық мәжілістеріне қатысуға құқылы. Сессия өткізу уақытында президиумда сессия төрағасынан басқа аудан әкімі немесе оны ауыстырушы тұлға, аудандық мәслихаттың хатшысы, сондай - ақ мәсихат шешімі бойынша басқа да депутаттар мен ресми тұлғалар қатысады.
Тармақ 37
37. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасының шақыруы бойынша жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен лауазымды тұлғалар мәслихатты өткізуге қатысты мәселелер бойынша хабарламалар ұсыну үшін аудандық мәслихат сессиясына келуге міндетті.
Тармақ 38
38. Сессияға қатысушы депутаттар санынан көпшілік дауысқа ие болған ашық дауыс алу жолымен қабылданған төрағалық етушінің ұсынысы бойынша жарыс сөз алу тоқтылады.
Тармақ 39
39. Жарыс сөздің тоқтылуына байланысты сөз сөйлей алмаған депутаттардың өтініші бойынша сессия президиумына берілген олардың сөз сөйлеу мәтіні сессия материалдарына енгізіледі.
Тарау 8. 8-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі.
8-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі.
Тармақ 40
40. Аудандық мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиіс. Қажет болан жағдайда аудандық мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып және қайта ұйымдастыра алады.
Тармақ 41
41. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын аудандық мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайды. Тұрақты комиссия сайлауда дауыс беру сессия шешімі бойынша, комиссия құрамы бойынша толығымен немесе әр кандидатура жеке жүргізіледі.
Тармақ 42
42. Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған аудандық мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді.
Тарау 9. 9-тарау. Аудандық мәлихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшіліктік тыңдаулар.
9-тарау. Аудандық мәлихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшіліктік тыңдаулар.
Тармақ 43
43. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе аудандық мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады.
Тармақ 44
44. Көпшіліктік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін - өзі басқару органдар, ұйымдар, бұкаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссиялардың қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
Тарау 10. 10-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметі мен өкілеттігі.
10-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметі мен өкілеттігі.
Тармақ 45
45. Трақты комиссиялар:
Тармақша 1
1) аталған аудандық мәслихат сессияның күн тәртібі бойынша сондай - ақ аудандық мәслихат сессиясында қаралатын кез - келген мәселе бойынша аудандық мәслихатқа, аудандық мәслихат сессиясының төрағасына, аудандық мәслихат хатшысына ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) өздерінің кұзыретіне жататын, әрі аудандық мәслихат сессияның қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар берілген;
Тармақша 3
3) өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізілген;
Тармақша 5
5) комиссияның жұмысына аудандық мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін - өзі басқару органдар және азаматтарды тартуға кұқылы.
Тармақ 46
46. Аудандық әкімият, орталық атқарушы органдардың аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдар, ұйымдар белгіленген тәртіпте тұрақты комиссияларға олардың кұзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 47
47. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Тарау 11. 11-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртібі.
11-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртібі.
Тармақ 48
48. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.
Тармақ 49
49. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Комиссияның отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың даусы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тармақ 50
50. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.
12-тарау. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы.
51. Аудандық мәслихат бюджетінің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын аудандық мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясының төрағасын аудандық мәслихат депутаттар арасынан сайлайды.
52. Аудандық мәслихаттардың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады.
53. Тексеру комиссиясының жұмысына аудандық мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмін.
54. Тексерулер аудандық мәслихаттың, тексеру комиссиясының не аудандық мәслихат хатшысының шешімдерінен, аудандық мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай - ақ Қазақстан Ресупбликасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізіліуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы аудандық мәслихат пен аудандық әкімиятқа хабардайды. Тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
55. Аудандық мәслихаты босатылған негізде оны тексеру комиссиясының төрағасы сайлаған жағдайда, аудан әкімі аппараты басшысы үшін белгіленген еңбекақы төлемі мөлшерінде белгіленеді.
Тарау 13. 13-тарау. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары.
13-тарау. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары.
Тармақ 56
56. Аудандық мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында аудандық мәслихат не аудандық мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын аудандық мәслихат оларды құру кезінде белгілейді.
Тармақ 57
57. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындалар қабылдайды.
Тармақ 58
58. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшін ақы төленбейді.
Тарау 14. 14-тарау. Аудандық мәслихат және учаскелік комиссия депутаттарын сайлау бойынша аудандық, округтік қалыптастыру және сайлау.
14-тарау. Аудандық мәслихат және учаскелік комиссия депутаттарын сайлау бойынша аудандық, округтік қалыптастыру және сайлау.
Тармақ 59
59. Сайлау комиссиясының жаңа кұрамын қалыптастыру және сайлау екі айдан кешіктірілмей басталады және сайлау комиссиясы өкілеттілігінің мерзімі аяқталғанға дейінгі үш күн мерзім кешіктірілмей аяқталады.
Тармақ 60
60. Аудандық мәслихаттың хатшысы сайлау комиссиясын құру туралы ақпараттың хабарландыруы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға дейінгі үш күн мерзімінен кешіктірілмей өзінің өкімімен сайлау комиссиясының кұрамын қалыптастыру жөніндегі аппараттың депутаттары мен қызметкерлерінен жұмысшы топтарын құрады.
Аудандық мәслихаттың жұмысшы тобы партия мен басқа қоғамдық бірлестіктерден түскен ұсыныстарды, олардың кұрылымдық бөлімдерін, сайлау комиссиясын қалыптастырушы құрамдағы кандидатуралар туралы жоғары тұрған комиссияларды жинақтау мен әзірлеумен айналысады. Саяси партияның әрқайсысы тиісті сайлау комиссиясының құрамына тек бір ғана өзінің өкілдерін енгізеді. Саяси партиялар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімдері осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды сайлау комиссиясының құрамына беруге құқылы. Жұмысшы тобына саяси партия, басқа да қоғамдық бірлестіктер, жоғары тұрған комиссияның берген құжаттар тізбесіне:
Тармақша 1
1) саяси партия немесе қоғамдағы бірлестікті тіркеу, олардың құрылымдық бөлімін әділет органдарында тіркеу туралы көшірме;
Тармақша 2
2) саяси партия және басқа да қоғамдық бірлестік органдары, олардың құрылымдық бөлімдері, тиісті сайлау комиссиясы құрамындағы үміткерлерді беру туралы жоғары тұрған комиссиясы мәжілістің хаттамаларынан үзінді;
Тармақша 3
3) Сайлау комиссиясының жұмысын қатысуға келісім туралы үміткердің өтініші, үміткер туралы нақты өмірбаяны енгізілді.
Тармақ 61
61. Сайлау комиссиясы құрамының жобасын әзірлеуде Жұмысшы топ бірінші кезекте саяси партиялардан түскен ұсыныстармен басшылық етеді, содан соң 7 мүшесінен кем емес ұсыныстарда басқа да қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссиясы кандидатураларымен есептеледі.
Тармақ 62
62. Ұсыныстар түскен мерзімі аяқталуы бойынша жаңа сайлау комиссия құрамына Жұмысшы тобы сессия шешімі жобасын және сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау жөнінде бюллетендер әзірлейді.
Тармақ 63
63. Шешім және бюллетендер жобалары бөлек әзірленеді:
Тармақша 1
1) аудандық сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихатқа депутаттар сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 3
3) учаскелік сайлау комиссиясы бойынша.
Тармақ 64
64. Сайлау комиссиясы құрамына саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер және жоғары сайлау комиссиялары ұсынған үміткерлердің бәрі шешім жобасына және олардың түсуіндегі кезекті тәртіптегі бюллетенге және Жұмысшы тобының арнаулы жорналындағы тіркеуге енгізіледі.
Тармақ 65
65. Сайлау комиссиясының құрамындағы бюллетендерді аудандық мәслихат депутаттары сессиясына қатысушылардың барлығы алады және оларды өз қолдарымен толтырады. Дауыс беру қорытындысын сессия құрылған Есептік комиссия жүргізеді. Есептік комиссияның есеп құрамы мен төрағасын аудандық мәслихат сессиясы анықтайы. Депутаттар сессиясына катысушылардың көпшілік дауыс алған комиссия мүшелрі сайланғандар болып табылады.
Тармақ 66
66. Тиісті сайлау комиссиясының тең санды мүшелерінің (жеті) саяси партиядан түскен ұсыныстарын Жұмысшы тобы осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысына аудандық мәслихат сессиясына енгізеді. Тиісті сайлау комиссиясының (жетіден көп) мүшелерінің санын өсіретін саяси партиядан түскен ұсыныстарды Жұмысшы тобы аудандық мәслихат сессиясында осы сайлау жөніндегі комиссия реитингтік дауыс беруді жүргізуге ұсынады.
Тиісті сайлау комиссиясының жетіспейтін мүшелері санының (жетіден кем) саяси партиядан түскен ұсыныстарын Жұмысшы тобы басқа қоғамдық бірлестіктен түскен кандидатуралардың бос орын бюллетеніне енгізеді, ал егер ондай кандидатуралар болмаған жағдайда (кезекті түскен ұсыныстар тәртібінде). Оған тең түскен бос орынға түскен ұсыныстарды Жұмысшы тобы сессияға осы сайлау комиссиясы кұрамына дауыс беру ұсынысына енгізеді. Бос орынға келіп түскен ұсыныстарды, олардың санын Жұмысшы тобы аудандық мәслихат сессиясына саяси партия өкілдері комиссиясы құрамына сайлауға, ал бос орындарға рейтингтік дауыс беру жүргізуге енгізеді.
Егер сайлау комиссиясы құрамы бойынша дауыс беру барысында ұсынылған кандидатуралар саны жетіге сәйкес келсе, мәслихат депутаттары нақты кандидатураға қарсы өз ойларын айтып, ол басқа ұсынылған саяси немесе қоғамдық бірлестіктің орнын ауыстырады.
Тармақ 67
67. Бюллетенге үміткерлердің аты, жөні, тегі және қандай саяси партия (басқа қоғамдық бірлестік, жоғары тұрған сайлау комиссия) нұсқауымен осы кандидатураның енгізілгені көрсетіледі. Кандидатура тегінің оң жағында депутаттар белгі коятын квадраттар бейнеленген. Депутаттар жеті квадраттарға белгі қояды.
Тармақ 68
68. Дауыс беру қорытындысымен аудандық мәслихат сессиясында Есептік комиссия төрағасы таныстырады.
Тармақ 69
69. Есептеу комиссиясының төрағасы төраға, оның орынбасарлары мен хатшыларын сайлау бойынша сайлау комиссиясының ұйымдастырылған мәжілісін өткізу мерзімі (құрьшғаннан кейін жеті күннен кем емес) жөнінде жариялайды. Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының ұйымдастырылған мәжілісін өткізетін сайлау комиссиясының мүшесін жариялайды.
Берілген кандидатураны алынған дауыстардың көпшілік дауысы бойынша Есептеу комиссиясы нақтылайды. Егер депутаттардың дауысы тең түскен жағдайда берілген дауыс бюллетенде жергілікті орналасушы бойынша нақтыланады.
Тармақ 70
70. Аудандық мәслихат хатшысы «Қазақстан Републикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңға сәйкес тиісті сайлау комиссиясы құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамсыз етсін. Материалдар басылымның бір нөмірінде қосымшасымен қоса басылы керек.
Тармақ 71
71. Аудандық мәслихат хатшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Републикасындағы сайлау туалы» Конституциялық Заңында қаралған жағдайда тиісті сайлау комиссиясының мүшесін босату және шығып кеткендер орнына сайлау туралы шешім қабылдайды. Босаған қызмет орнын ауыстыруда осы сайлау комиссиясына өкілдері қатыспаған саяси және басқа да қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.
Тармақ 72
72. Сайлау комиссиясы сессиясына сайлауда аудандық мәслихат Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңынан шыға отырып:
Тармақша 1
1) оларды бір ұйым қызметкерлерінен қалыптастыруға жол бермеуі;
Тармақша 2
2) тиісті әкімшілік - аймақтық бірліктерге сәйкес аумақта тұруын міндетті түрде ескеруі керек.
Сайлау комиссиясының мүшелері мәслихат депутаты, сенімді тұлға, өзін - өзі басқару органының мүшелері, жолдасы (жұбайы) және үміткерлердің жақын туыстары болмауы керек.
Тарау 15. 15-тарау. Аудандық мәслихат сесиясының төрағасы.
15-тарау. Аудандық мәслихат сесиясының төрағасы.
Тармақ 73
73. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасын мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.
Тармақ 74
74. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сайланады.
Тармақ 75
75. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы аудандық мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оңың өкілеттігін аудандық мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
Аудандық мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 76
76. Мәслихат сессиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады.
Тармақша 3
3) аудандық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) аудандық мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген аудандық мәслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
Тармақ 77
77. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 78
78. Аудандық мәслихат сессиясында дауыс беру кезенде депутаттардың даусы тең бөлінген жағдайда, аудандық мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Тарау 16. 16-тарау. Аудандық мәслихат хатшысы.
16-тарау. Аудандық мәслихат хатшысы.
Тармақ 79
79. Аудандық мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Оны аудандық мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санынын көпшілік дауысымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Аудандық мәслихаттың хатшысы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.
Тармақ 80
80. Аудандық мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары аудандық мәслихат сессиясына ұсынады.
Тармақ 81
81. Залда ашық дауыс беруді өткізуде сессия нақтылаған құрамда есептік комиссияға дауыс есебі беріледі.
Ашық дауыс берер алдында төрағалық етуші дауыс беруге тұрған ұсыныстарды белгілеп көрсетеді, оның қалыптасуын көрсетеді.
Дауыс беруде әр депутат бір дауысқа ие болады және ұсынысқа дауыс береді немесе қарсы дауыс береді, немесе дауыс беруде қалыс қалады.
Дауыс беру есебінен соң сессияға төрағалық етуші дауыс беру нәтижесі бойынша қабылданған ұсыныстар немесе оның қабылданбауы жөнінде депутаттар шешімін жариялайды.
Тармақ 82
82. Жасырын дауыс беру үшін және оның нәтижесін анықтау үшін сессия есептік комиссияның ашық дауыс беруімен депутаттар қатарынан сайланады. Оған мәслихат хатшысын сайлау үшін кандидатуралар сайлаған депутаттар жатпайды.
Есептік комиссия өз құрамдарынан комиссия төрағасы мен хатшысын сайлайды. Есептік комиссия шешімі көпшілік дауыспен оның мүшелерін қабылдайды.
Бюллетендер белгіленген нысанда және нақты көрсетілген сан бойынша есептік комиссия бақылауымен әзірленеді.
Дауыс беру уақыты мен орыны, оны өткізу тәртібін есептік комиссия белгілейді және есептік комиссия төрағасы жариялайды.
Жасырын дауыс беру бюллетені аудандық мәслихат депутатының куәлік, төлқұжат немесе жеке басы куәлігінің көрсетуі бойынша депутаттар тізіміне сәйкес есептік комиссия депутаттарына беріледі.
Бюллетенді толтыру оның дауыс беріп отырған кандидатының тегіне қарсы «Ия» сөзін белгілеу жолымен жасырын дауыс беру кабинасында жүргізіледі.
Жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша есептік комиссия есептік комиссия мүшелерінің барлығы қол қойған хаттамаларды құрады.
Дауыс беру есебінен кейін сессияға төрағалық етуші дауыс беру қорытындысы бойынша қабылданған ұсыныстар мен оның қабылданбағаны жөнінде депутатар шешімін жариялайды.
Тармақ 83
83. Аудандық мәслихат хатшысы сайлауды өткізудің төмендегідей тәртібі белгілеген:
Бір кандидатты ұсыну бойынша
Кандидат аудандық мәслихат депутаттары жалпы санынан көпшілік дауысқа ие болуы керек.
Екі кандидатты ұсыну бойынша
Аудандық мәслихат депутаттарының жалпы санынан көпшілік дауысқа ие болған кандидат сайланған болып есептеледі.
Екіден астам кандидатты ұсыну бойынша
Егер бірде-бір кандидат көпшілік дауысқа ие болмайтын болса, аудандық мәслихат екі кандидат бойынша қайтадан дауыс беруді тағайындайды. Қайтадан дауыс беруде аудандық мәслихат депутаттарының жалпы санынан көпшілік дауысқа ие болған кандидат сайланған болып есептеледі.
Тармақ 84
84. Аудандық мәслихат хатшысы өзінің міндетін науқастығына байланысты, өз өтініші және басқа да себептерге байланысты жүзеге асыра алмауына байланысты аудандық мәслихат депутаттарының жалпы санынан ашық және жабық дауыс беру арқылы аудандық мәслихат сессиясының міндетінен мерзімнен бұрын босатылуына болады.
Тармақ 85
85. Аудандық мәслихат хатшысы тұрақты комиссия және басқа да аудандық мәслихат және депутаттық топтар органдарының қызметін үйлестіреді, жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен аудандық мәслихаттың өзара қызметін ұйымдастырады.
Тармақ 86
86. Аудандық мәслихат хатшысы:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясын және оның қарауын енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасы мен бірге аудандық мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерде, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды аудандық мәслихат сессияларына , оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан бастауға байлансты мәселелерді қарайды;
Тармақша 3
3) депутаттар сауаларының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
Тармақша 4
4) аудандық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 87
87. Аудандық мәслихат хатшысының аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
Тармақ 88
88. Аудандық мәслихат хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін аудандық мәслихат сессясы төрағасының шешімі бойынша аудандық мәслихат тұрақты комисссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
Тармақ 89
89. Аудандык мәслихат депутатын тұрақты негізде аудандық мәслихатының хатшысы етіп сайлау жағдайында аудан әкімі орынбасары үшін белгіленген еңбекақы мөлшерінде жалақы тағайындалады.
Тарау 17. 17-тарау. Аудандық мәслихат депутаты.
17-тарау. Аудандық мәслихат депутаты.
Тармақ 90
90. Аудандық мәслихат депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып халақтың еркін білдіреді.
Тармақ 91
91. Аудандық мәслихат депутатының өкілеттігі аудандық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген кезден басталып, мәслихат өкілеттігі тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
Тармақ 92
92. Аудандық мәслихат депутатының өкілеттігі мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) депутат заңдарға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
Тармақша 2
2) депутатты әрекетке кабілетсіз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енсе;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихаттың өкілеттігі тоқтатылса;
Тармақша 4
4) депутат қайтыс болса;
Тармақша 5
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;
Тармақша 6
6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енсе;
Тармақша 7
7) ауданнан тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
Тармақша 8
8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтінішіне байланысты;
Тармақша 9
9) депутат өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаса, оның ішінде аудандық мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелді себептерсіз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 93
93. Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім аудандық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен аудандық мәслихат сессиясында қабылданады.
Тармақ 94
94. Депутат сессия төрағасына, аудандық мәслихат хатшысына, аудан әкіміне, ауданда орналасқан кәсіпорын, ұйым және мекеме басшыларына, аудандық мәслихат құзыретіне қатысты мәселелер бойынша кіруіне болады.
Сұрақ - сауал аудандық мәслихат сессиясында жазбаша немесе ауызша түрде енгізіледі. Сауал берілген мемлекеттік орган, лауазымды тұлға аудандық мәслихат сессиясында ауызша немесе жазбаша жауап беруге міндетті. Сұрақ - сауалға жауап беру 30 күн мерзімі ішінде тапсырылуы керек, ал қосымша тексеруді қажет етпейтін сұрақ - сауалдар түскен күннен кейін 10 күн ішінде тапсырылады.
Қосымша тексеруді өткізу қажет еткен жағдайда аудандық мәслихаттың уақытты ұзартқаны жөнінде аудандық мәслихат депутатына хабарлануы керек.
Сұрақ - сауалға жауап беру және қажетті жағдайда оны талдау қорытындысы бойынша аудандық мәслихат шешім қабылдайды.
Тарау 18. 18-тарау. Аудандық мәслихат депутатының өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезіндегі қүқықтары мен міндеттері.
18-тарау. Аудандық мәслихат депутатының өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезіндегі қүқықтары мен міндеттері.
Тармақ 95
95. Депутат:
Тармақша 1
1) сайлауға және аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға , аудандық мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихат сеиссиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға;
Тармақша 3
3) тиісті аудандық мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға аудандық мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселеллер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жіберуге;
Тармақша 4
4) өз округінің сайлаушыларымен, сондай - ақ жергілікті өзін - өзі басқару органдары мен және үйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткізуге;
Тармақша 5
5) сессияда тиісті аудандық мәслихат аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының аудандық мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 6
6) тиісті аудандық әкімият отырыстарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 7
7) аудандық мәслитхатпен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
Тармақша 8
8) саяси партиялардың депутаттық тобы түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Саяси партияның депутаттық тобы аудандық мәслихаттың кемінде бес депутаттың біріктіруге тиіс.
Сессия қарсаңында депутаттар топтарының мушелері талдауға енгізілген күн тәртібі, шешім жобалары, басқа да құжаттар бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында, сессия жұмысы басталғанға дейін 20 күннен қалдырмай шешімнің альтернативті жобасын енгізуге, талданатын мәслелер бойынша өз позициясы туралы хабарлауға және сұрақтар дайындауға мәжіліс жүргізуіне болады.
Өз партиялары мен сайлаушыларының мүдделерін және өкілетті топтарын жүзеге асыруды Қазақстан Ресупбликасының Конституциясына және «Қазақстан Ресупбликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Саяси партия туралы» Заңдарға және осы регламентке сәйкес іске асырады;
Тармақша 9
9) заңда көзделген басқа да іс - әрекетер іске асырылады.
Тармақ 96
96. Депутат:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат және оның органы жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауды ұстауға, аудандық мәслихат жұмыс және оның тұрақты комиссия және басқа да органдары қызметінің жұмысы туралы оларды ұдайы хабарландыруға, аудандық мәслихат шешімін орындауға, аудандық мәслихат шешімін орындауды ұйымдастыруға және бақылауға қатысуға.
Тармақша 3
3) оған түсетін сайлаушылар сұрақтарын қарауға, аматтардың жеке сұрақтарын үнемі жүргізуге міндетті.
Тармақ 97
97. Аудандық мәслихаттың әр депутатына өкілеттігін, оның құқығын сөзсіз және сапалы жүзеге асыру үшін шартты кепілдемелер береді.
Тарау 19. 19-тарау. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу.
19-тарау. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу.
Тармақ 98
98. Депутат регламентте белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша аудандық бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар аудандық әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
Тарау 20. 20-тарау. Аудандық мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері.
20-тарау. Аудандық мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері.
Тармақ 99
99. Аудандық мәслихат өкілеттігі Қазақстан Ресупбликасының Конституциясында белгіленген оның өкілеттік мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.
Тармақ 100
100. Аудандық мәслихат өкілеттігін мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын сот тәртібімен заңсыз деп танылған шешімдер қабылдау түрінде бірнеше рет (екі және одан да көп) бұзса;
Тармақша 2
2) аудан қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихат өз депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің жасырын даусымен өзін - өзі тарату туралы шешім қабылдаса;
Тармақша 4
4) жергілікті бюджетті, аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын екі рет бекітпеумен білдірілген әкімиятпен арада еңсерілмейтін келіспеушіліктер болса;
Тармақша 5
5) аудан басқару схемасын екі рет бекітпеумен білдірілген аудан әкімімен арада еңсерілмейтін келіспеушіліктер болса, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мерзімінен бұрын тоқтатады.
Тарау 21. 21-тарау. Аудандық мәслихаттың аудан әкіміне сенімсіздік білдіру өкілеттігі.
21-тарау. Аудандық мәслихаттың аудан әкіміне сенімсіздік білдіру өкілеттігі.
Тармақ 101
101. Аудандық маслихат өз депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен аудан әкіміне сенімсіздік білдіруге және тиісінше облыс әкімінің алдына оны қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
Тармақ 102
102. Аудан әкімі ұсынған ауданды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, аудандық бюджеттің атқарылуы ткралы есептерді аудандық мәслихаттың екі рет бекітпеуі аудандық мәслихаттың аудан әкіміне сенімсіздік білдіруі туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.
Тарау 22. 22-тарау. Аудандық мәслихат аппараты.
22-тарау. Аудандық мәслихат аппараты.
Тармақ 103
103. Аудандық мәслихат аппараты аудандық мәслихатпен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық - техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
Тармақ 104
104. Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 105
105. Аудандық мәслихаттың өкілеттік мерзімінің аяқталуы мен аудандық мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.
Тармақ 106
106. Аудандық мәслихат аппараты аудандық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Тармақ 107
107. Аудандық мәслихат аппарарының жұмысы ол туралы ереже негізінде құрылады.