О создании районной эвакуационной приемной комиссии Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауднадық эвакуациялық қабылдау комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтрадағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Заңдарына сәйкесті, 7 мамырдағы «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңдарына сәйкесті, азаматтық қорғаныстың эвакуациялық қабылдау шараларын ұйымдастыру және орындау, төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық эвакуациялық қабылдау комиссиясы қосымшадағы құрамға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берілген комиссияның Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Ө.А. Оралов комиссияның жеке құрамын аудан мәслихатының сессиясына бекітуге ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін. «Келісілді» Аудандық ішке істер бөлімінің бастығы Қ. Серікбаев «Келісілді» Аудандық әскери комиссар Е. Смағулов
Басқа 5. Аудандық эвакуациялық қабылдау комиссиясының ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 20 мамырдағы «Аудандық эвакуациялық қабылдау комиссиясын құру туралы» № 85/7 қаулысына қосымша Аудандық эвакуациялық қабылдау комиссиясының ҚҰРАМЫ Марданова Айгүл Қамзақызы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы. Оралов Өмірбек Алпанұлы – аудандық коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы, комиссия төрайымының орынбасары. Қадіров Ержан Рахметұлы – аудандық коммуналдық шаруашылық басқармасының көлік және төтенше жағдай бас маманы, хатшы. Величко Виктов Иванович – аудандық электр желісі жабдығының бастығы (келісім бойынша). Доскиреев Қайржан Бекқайырұлы – аудандық қаржы және экономика бөлімінің бастығы. Исаев Құдайберген Бекқайырұлы – ауыл шаруашылық министрлігі Қазақстан Республикасының территория басқармасының бастығы (келісім бойынша). Көзкин Қайролла Жұматайұлы – жол полиция бастығы (келісім бойынша). Раисов Амангельді Бектұрұлы – аудандық ауыл шаруашылық департаментінің бастығы. Жуков Владимир Иванович – мемлекеттік қазыналық коммуналдық мекемесінің «Көмек» бастығы. Жапарова Мәриәм Қабнәсірқызы – аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы. Серікбаев Қабыш Қасымұлым – аудандық ішкі істер бөлімінің быстығы (келісім бойынша). Смағұлов Елжан Ержасланұлы – аудандық әскери комиссар (келісім бойынша). Уәлиев Тайыр Уәлиұлы – Железин селолық округінің әкімі. Пшеничников Владимир Васильевич - «Пшеничникова» шаруа қожалығыңы бастығы (келісім бойынша). Шавриков Владимир Иванович – «ДМТС» жауаптылығы шектеулы серіктестік бастығы (келісім бойынша).
Басқа 6. Аудандық эвакоқабылдау комиссисының ЕРЕЖЕСІ
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 20 мамырдағы «Аудандық эвакуациялық қабылдау комиссиясын құру туралы» № 85/7 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Аудандық эвакоқабылдау комиссисының ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудандық эвакуациялық қабылдау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін орган болып саналды және бейбіт ауқытындағы төтенше жағдайларда, сондай-ақ ерекше кезеңдерде тұрғындарды қабылдау және орналастыру бойынша барлық кешенді шараларды ұйымдастыру, үйлестіру және орындау үшін құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, аудан әкімдігінің және әкімінің, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия аудандық Азаматтық қорғаныс быстығының аудан әкімінің жұмыс органы болып танылады (бұдан әрі – АҚ бастығы) және барлық кешенді эвакуациялық шаралардың дайындалуына, орындалуына және олардың барлық жағынан қамтамасыз етілуіне жауыпты.
Тармақ 4
4. Комиссия эвакуациялық шараларды жоспарталу және өткізу мәселелері бойынша аудандық селолық округтердің атқарушы органдарының эвакуациялық қабылдау комиссияларына басшылық жасайжы, ал олар өз кезегінде төмен тұрған эвакуациялық қабылдау органдарының – эвакуациялық қабылдау пунктарының қызметтерін ұйымдастырады.
Тармақ 5
5. Комиссия өзінің өкілеттігін белгіленген заңнамалық ретте, жергілікті бюджет есебінен қаржыланжырылатын атқарушы органдармен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелермен, басқа да мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен және барлық меншік нысанындағы аудандық ұйымдармен бірлескен іс-қимылда атқарады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі мәселелері және құқығы
2. Комиссияның негізгі мәселелері және құқығы
Тармақ 6
6. Комиссияның күнделікті қызметінің негізгі мәселелері мыналар:
Тармақша 1
1) барлық кешенді эвакуациялық шараларды мезгілінді ұйымдастыру және сапалы орындау үшін барлық деңгейдегі эвакуациялық қабылдау органдарының өрісін жайуға тұрақты дайындығын қамтамасыз етуге бағыттылған заңды тұлғалардың қызметтерін үйлестіру;
Тармақша 2
2) эвакуациялық шараларды жоспарлау, бейбіт және соғыс уақыттарына арналған АҚ аудандық жоспарларының сәйкесті шарауларына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардағы басқару органдарының іс-қимыл жоспарларына күштер, құрал-жабдықтар және тұрғындар жөнінде түзетулер мен анықтамалар енгізу;
Тармақша 3
3) комиссияның құзіретіне енетін мәселелер бойынша төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға әзірлеу және азаматтық қорғанысқа оқыту бойынша негізгі шаралар жоспарын жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) эвакуацилық қабылдау органдарының құрылымдық ұйымдастырлуын және эвакуациялық шаралардың басқару жүйесін жетілдіру;
Тармақша 5
5) бағыныстағы эвакуациялық органдарының өрістерін жайуларына дайындығы бойынша жасау, эвакуациялық қабылдау шараларын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша оларға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету.
Тармақ 7
7. Бейбіт уақыттағы және ерекше кезеңдегі төтенше жағдайлардағы комиссияның негізге мәселелері мыналар:
Тармақша 1
1) эвакуациялық шараларды өткізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша органның фукциясын атқару;
Тармақша 2
2) таратылатын және эвакуацияланатын тұрғындарды қабылдау және орналстыру жоспарын әзірлеу;
Тармақша 3
3) таратылатын және эвакуацияланатын тұрғындарды қорғау және барлық жақты қамтамасыз ету бойынша аудандық АҚ төтенше жағдайының қызметімен бірлесіп шаралар әзірлейді;
Тармақша 4
4) эвакуациялық қабылдау пунктарының әкімшілігін даярлауды ұйымдастырады, жергілікті атқарушы органдарда, барлық меншік нысандардағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында эвакуациялық қабылдау комиссиясының құрылуына және олардың дайындалуына бақылау жүргізеді.
Тармақ 8
8. Эвакуациялық шараларды әзірлеу үкімі түсуі бойынша:
Тармақша 1
1) жергілікті ақтарушы органдардың эвакуациялық комиссияларының әзірлікке келтірілгеніне бақылау жасайды;
Тармақша 2
2) таратылатын және эвакуацияланатын тұрғындарды қабылдау, орналастыру, қамтамасыз ету жоспарын анықтайды;
Тармақша 3
3) аудан аумағында жаяу эвакуациялау мартшруттарын және эвакуацияның аралық пунктарын дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) таратылатын және эвакуациялатын тұрғындарды қабылдауға арналған пунктардың дайындығына бақылау жасайды;
Тармақша 5
5) қабылдау пунктерінің аудандарына, жаяу эвакуациялау маршруттарының демалыс орындарында және тұрғындарды орналастыру пунктарында, таратылатын және эвакуацияланатын тұрғындар үшін жасырынатын құрылымдардың әзіленуіне және олар жетіспеген жағдайда жаңадан жеткілікті етіп салынуына бақылау жүргізеді.
Тармақ 9
9. Тұрғындарды тарату және эвакуациялауды өткізуге өкім түскен бойда:
Тармақша 1
1) Эвакуациялық қабылдау пунктарының және түсу пунктарының әрісін ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) Тұрғындарды қабылдау және орналастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың эвакуациялық қабылдау комиссияларының жұмыстарын басшылық және белгіленген мерзімді бұл жөнінде аудандық АҚ бастығына және облыстық эвакуация және облыстық эвакуациялық комиссияға баяндама береді;
Тармақша 3
3) Сәйкесті қызметтермен бірлесіп келіп жатқан тұрғындарға қамтамасыздықты және қорғауды ұйымдастырады.
Тармақ 10
10. Комиссияның құқығы:
Тармақша 1
1) бейбіт және ерекше кезеңдегі төтенше жағдайлардағы эвакуациялық шараларды орындау үшін заңды тұлғалардың іс-қимылын үйлестіру бойынша АҚ бастығына ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) комиссияның құзіретіне қатынасты белгіленген заңнамалық тәртіпте ауданның басқару лаузымдық тұлғаларын және басқа да атқарушы органдарын тыңдауға құқылы;
Тармақша 3
3) комиссияның құзіретіне қатынасты мәселелер бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте заңды тұлғалардаң ақпарат сұрауға және алуға құқылы.
Тармақ 11
11. Эвакуациялық шараларды материалдық және техникалық және қаржылық қамтамасыз ету қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкесті жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Комиссия белгіленген заңнамалық тәртіпте лауазымдық және заңды тұлғаларды тарту арқылы жұмыс топтарын құруға құқылы. Аталған топтардың құрамын комиссияның төрағасы бекітілді.
Тармақ 13
13. Комиссияның төрағасы комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауап береді.
Тармақ 14
14. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру, техникалық қамтамасыз ету аудандық коммуналдық шаруашылық басқармасына жүктеледі. (келісім бойынша).
Тармақ 15
15. Комиссия өзінің қызметін комиссияның төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкестік жүргізеді.
Тармақ 16
16. Комиссияның мәжілісі қажеттілігіне қарай өткізіледі, ол тоқсан сайын 1 реттен кем болмауы керек.
Тармақ 17
17. Комиссия көпшілік дауыс пен шешім қабылдайды. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді. Комиссияның шешімдері күнделікті тұрмыста және бейбіт уақытындағы төтенше жағдайларда ұсыныстық сипатта болса, ерекше кезеңде - міндетті сипатта.
Тармақ 18
18. Комиссияның арауындағы және шешуіндегі аса маңызды мәселелер бойынша, комиссия әрдайым АҚ бастығына ақпарат береді.