О районном постоянно действующем штабе по координации деятельности исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета и территориальных органов по формированию электронных списков, регистрации и учету избирателей Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сайлаушылардың электронды тізімдерін, тіркелуі мен есебін жасайтын аумақтық органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб туралы Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сайлшаушылардың электронды тізімдерін, тіркелуі мен есебін жасайтын аумақтық органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін облыстық штаб туралы» № 104/4 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес құрамда жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдардың, сайлаушылардың электронды тізімдерін, тіркелуі мен есебін жасайтын аумақтық органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб (бұдан әрі - Штаб) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған аудандық штаб туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық штабтың ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз етілуі аудан әкімінің аппаратына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Селолық округтердің әкімдері «Сайлаушы» ААЖ компьютерлік бағдарламасын пайдалана отырып, электронды директер банкі түріндегі сайлаушылар тізімдерін құру жөніндегі осыған ұқсас штабтарды құрсын және бекітсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы мен аудандық штаб қабылдайтын шешімдердің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.П. Насоноваға жүктелсін.
Басқа 6. Жергілкті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сайлаушылардың электронды тізімдердін, тіркелуі мен есебін жасайтын аумақтық органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штабтың ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 20 мамырдағы «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сайлаушылардың электронды тізімдерін, тіркелуі мен есебін жасайтын аумақтық органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб туралы» № 80/7 қаулысына қосымша Жергілкті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сайлаушылардың электронды тізімдердін, тіркелуі мен есебін жасайтын аумақтық органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штабтың ҚҰРАМЫ Көбенов Мәнап Шарапиденұлы – аудан әкімі, төраға. Насонова Наталья Петровна – аудан әкімі аппаратының басшысы. Аудандық штаб мүшелері: Оразгулов Зейнолла Қабиболлаұлы – Железин ауданы Мәслихатының құжаттамаларды ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы. Нұргалиева Күлжәмилә Кәкішқызы – аудан тұрғындардың әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы. Гадюкова Любовь Львовна – зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың Железин аудандық филиалының директоры (келісім бойынша). Серікбаев Серік Қабышұлы – аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы. Садбеков Теміржан Хабиболлаұлы – Железин АІІБ-нің көші-қон полиция тобының аға инспекторы. Тұманбаев Хабиболлаұлы Тұманбаев – аудандық сатистика бөлімінің бастығы (келісім бойынша). Андрюшин Владимир Викторович – Железин ауданы телекоммуникация торабы «Қазақтелеком» ААҚ-ның бас инженері (келісім бойынша).
Басқа 7. Жергілкті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сайлаушылардың электронды тізімдердін, тіркелуі мен есебін жасайтын аумақтық органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 20 мамырдағы «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сайлаушылардың электронды тізімдерін, тіркелуі мен есебін жасайтын аумақтық органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб туралы» № 80/7 қаулысымен бекітілді Жергілкті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сайлаушылардың электронды тізімдердін, тіркелуі мен есебін жасайтын аумақтық органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сайлаушылардың электронды тізімдерін, тіркелуі мен есебін жасайтын аумақтық органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі аудандық штаб (бұдан әрі - Штаб) тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және сайлаушылардың электрондық тізімдерінің дұрыстығы мен оларды «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасы тәртібінде өңдеу мүмкіндігін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және сайлаушыларды тіркеу мен есепке алу жөніндегі аумақтық органдардың өзара тиімді байланысын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Тармақ 2
2. Аудандық штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Аудандық штабтың міндеттері
2. Аудандық штабтың міндеттері
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардық және аумақтық органдардың жалпы алғанда облыс, қала, аудан, әрбір елді мекен мен сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар жөніндегі электронды деректер банкінің болуына мүмкіндік беретін жұмыс істеп тұрған «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасы базасында сайлаушылар тізімдерін жасау жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіру;
Тармақша 2
2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдардың және аумақтық органдардың сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөніндегі тиімді іс-қимылдарың қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың сайлау туралы заңның сайлаушылар тізімдерін құрастыру және болған өзгерістерді үнемі енгізіп тұру бөлімі бойынша талаптарын уақытында және сапалы орындау аудандық штабтың міндеттері болып табылады.
Тарау 3. 3. Аудандық штабтың құқықтары
3. Аудандық штабтың құқықтары
Тармақ 4
4. Аудандық штаб Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен аумақтық органдар басшыларын тыңдауға;
Тармақша 2
2) халықты тіркеу және есепке алу жөніндегі одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпті Қазақстан Республикасының сайлаушылардың тізімдерін жасауды, оларды сондай-ақ аудандық штабтың шешімдерін тіркеу және есепке алу бөлімінің талаптарын тиісінше орындауды қамтамасыз етпеген аудан мемлекеттік жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
Тарау 4. 4. Аудандық штабтың жұмысын ұйымдастыру
4. Аудандық штабтың жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Аудандық штабтың төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды облыстық штаб мәжілістеріне төрағалық етеді.
Тармақ 6
6. Төрағаның орынбасары аудандық штабтың жұмысын жоспарлайды төраға болмаған жағдайда аудандық штабтың мәжілісін өткізеді.
Тармақ 7
7. Аудандық штабтың кезекті мәжілісінің күн тәртібін аудандық штат мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып төраға немесе оның орынбасары жасайды.
Тармақ 8
8. Аудандық штабтың кезекті мәжілісіне енгізілетін мәселелер дайындау үшін жұмыс тобы құрылады, оның дербес құрамын аудандық штаб төрағасының орынбасары белгілейді.
Тармақ 9
9. Аудандық штаб мәжілістерінің ара жиілігі – кем дегенде айына бір рет.