Об образовании бюджетной комиссии района Күшін жойған
Басқа 0
Ауданның бюджеттік комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 31 бабының 1 тармағы 17 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. Ауданның бюджеттік комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Ауданның бюджеттік комиссиясын құру жөніндегі Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімінің қаржы бөлімі бюджет комиссиясының жұмыс органы болып анықталсын.
Тармақ 4
4. Бюджет комиссиясының құрамы белгіленген заңнамаларға сәйкес удандық мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Сералиновқа жүктелсін.
Басқа 6. Аудан бюджетін құру жөніндегі бюджеттік комиссияны құру туралы ЕРЕЖЕ
Качир ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 5 мамардағы
«Аудандық бюджеттік
комиссиянын құру туралы»
№ 116/4 қаулысымен бекітіліген
Аудан бюджетін құру жөніндегі бюджеттік комиссияны құру туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудан бюджетін құру жөніндегі бюджеттік комиссия (бұдан әр бюджеттік комиссия) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңес беру органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және басқа да нормативтік құқықтық актілер және осы Ереже бюджеттік комиссия іс-әрекетінің құқықтық негізін құрайды.
Тарау 2. 2. Бюджеттік комиссияның мақсаты мен міндеттері
2. Бюджеттік комиссияның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 3
3. Бюджеттік комиссия іс-әрекетінің негізгі мақсаты, тұрғындардың мүдделеріне жауап беретін аудан бюджетінің нәтижелі құрылымын қалыптастыруға жәрдемдесу.
Тармақ 4
4. Бюджеттік комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) аудан бюджетінің орындалуына талдау жасайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі мен облыс қаржы Департаментінің ұсынымдарының негізінде, түсімдердің болжамын есептей отырып, аудан бюджетінің бағдарламалары бойынша шығытардың жоғарғы лимиттерін әзірлейді;
Тармақша 3
3) Комиссия мүшелерінің бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің аудан бюджетінен жоғары тұрған бюджеттерге аудару жөніндегі ұсыныстарын қарайды;
Тармақша 4
4) Аудан бюджетінің ірілендірілген параметрлерін анықтауға қатысады.
Тарау 3. 3. Бюджеттік комиссия өкілеттіктері
3. Бюджеттік комиссия өкілеттіктері
Тармақ 5
5. Бюджеттік комиссия құқылы:
Тармақша 1
1) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінен, басқару органдарынан, басқа органдардан оның құзырына кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұрайды;
Тармақша 2
2) бюджеттік өнімдерге тиісті өзгерістерді енгізу мәселелері жһніндегі даулардың шешілуіне қатысалы;
Тармақша 3
3) белгелінген тәртіпте оның құзыррына кіретін мәселелер бойынша кеңесті шақырады;
Тармақша 4
4) заңнамалармен белгіленген тәртіппен басқа іс-шараларды өткізеді.
Тармақ 6
6. Бюджеттік комиссияның шешімдері бюджеттік комиссия мүшелеренің жалпы құрамымен қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Шешім хаттамамен ресімделеді.