О создании районной эвакуационной комиссии Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық эвакуациялық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1997 жылғы 7 мамырдағы «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңдарына сәйкес Азаматтық қорғаныстың эвакуациялық шаруашылық орындау және ұйымдастыру мақсатында, төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарды қорғауды қамтамасыз ету аудан әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. Аудандық эвакуациялық комиссиясы (бұдан әрі комиссия) қосымша сәйкес мына құрамда құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған комиссия Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.В. Вострейкоға жүктелсін.
Басқа 4. Аудандық эвакуациялық комиссияның ЕРЕЖЕСІ
Качир аудан әкімдігінің 2004 жылғы 5 мамырдағы «Аудандық эвакуациялық комиссиясын құру туралы» № 118/4 қаулысымен бекітілген Аудандық эвакуациялық комиссияның ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудандық эвакуациялық комиссия (одан әрі Комиссия) консультативтік кенес етуші және отратылықтан эвакуациялау туралы барлық кешеді іс-шараларды ұйымдастыру, үйлестіру және (одан әрі эвакуациялық шаралар) төтенше жағдайлар мен бейбіт кездегі аса қауіпті кезенде аудан тұрғындарын бөліп-бөліп орналастыру үшін құрылған орган.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын Президент актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, әкімдік пен облыс әкімінің, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері сондай-ақ осы Ережені басшылыққа.
Тармақ 3
3. Комиссия ауданның азаматтық қорғаныс бастығының (одан әрі – АҚ бастығы) – аудан әкімі мен кешенді эвакуациялық шаралардың орындалуы мен дайындығына жауапты және оны жан-жақты қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Комиссия ауылдық округтердегі эвакуациялық және эвакуация комиссияларына (одан әрі қарамағындағы эвакуациялық органдарға) эвакуациялық шараларды жоспарлау және жүргізу мәселелері бойынша басшылықты қамтамасыз етеді, сонымен қатар төменгі эвакуациялық органдардың, эвакуациялық пунктердің қабылдау қызметтерін ұйымдастырады.
Тармақ 5
5. Комиссия белгіленген заңдылықтар тәртібімен атқарушы органдармен, басқа да мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен ауданның барлық меншік түрлерімен, сондай-ақ қоғамдық бірлестірктермен (одан әрі заңды тұлғалар) өзара қатынаста өз қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен құқықтары
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен құқықтары
Тармақ 6
6. Күнделікті қызметтегі Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Комиссияның өз құзырындағы төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғаныс іс-қимылдың негізгі іс-шараларын дайындау және оқыту мәселелері жоспарын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Эвакуациялық шараларды басқару жүйесі мен эвакуациялық органдар құралымы ұйымдастыруды жетілдіру;
Тармақша 3
3) Қарамағындағы эвакуациялық органдарды өрістету, даярлығын бақылау, эвакуациялық іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізуде әдістемелік және іс-жүзінде көмек көрсету.
Тармақ 7
7. Бейбіт кездегі және ерекше төтенше жағдайлар кезіндегі Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) эвакуациялық шараларды ұйымдастыру жүргізу мәселелерінде органның қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қарамағындағы эвакуациялық органдарды дайындыққа келтіру, эвакуациялық шаралар жүйесін ұйымдастыру комиссия жұмысын өрістету;
Тармақша 3
3) қалыптасқан жағдайда, сондай-ақ жоғарғы басқару органдардан алынған нұсқаулар мен өкімдерге сәйкес эвакуациялық шаралар жоспарын белгілеу оны жүргізу тәртібін анықтау;
Тармақша 4
4) қарамағындағы эвакуациялық органдар үшін орындалатын міндеттерді анықтау;
Тармақша 5
5) өз қарамағындағы аумақта жоспарлаған эвакуациялық шараларды орындау жөніндегі жұмыстарды бақылау.
Тармақ 8
8. Комиссия құқылы:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру жөнінде бейбіт кездегі төтенше жағдайлармен, сондай-ақ ерекше кездерде азаматтық қорғаныс бастығына ұсыныс енгізу;
Тармақша 2
2) Комиссия құзырына жататын нормативтік актілер мәселелері жөнінде жобалар жасауға қатысу;
Тармақша 3
3) Комиссия құзырына жататын мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатың кәсіпорындар, бөлімдер, аудан басқармаларының және басқада атқарушы органдардың лауазымдары белгіленген заңдылықтармен тындалсын;
Тармақша 4
4) Комиссия құзырына жататын мәселелер бойныша заңды тұлғалардаң ақпарат белгіленген заңдылықтармен сұралсын және алынсын.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Заң күші бар заңдылықтарына сәйкес эвакуациялық шаралар материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етілсін.
Тармақ 10
10. Комиссия белгіленген тәртіппен лауазымды және заңды тұлғаларды қатыстыра отырып жұмыс тобын құруға құқылы.
Тармақ 11
11. Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуына комиссия төрағасы дербес жауап береді.
Тармақ 12
12. Комиссияның ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстары аудандық төтенше жағдайлар комиссиясына жүктеледі.
Тармақ 13
13. Комиссия өз қызметін комиссия төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай кем дегенде тоқсанына бір рет жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Комиссия шешімдерін көпшілік дауыс берумен қабылдайды. Дауыс саны кем болғанда комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді. Комиссия шешімі бейбіт кездегі төтенше жағдайларда күнделікті қызметте ұсыныс ретінде, ал ерекше кезеңде аса маңызды міндетті шешімі ретінде қаралады.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасының Үкіметі, әкімдік пен облыс әкімі талап ететін мәселелер бойынша шешімдерге комиссия белгіленген заңдылықтар тәртібімен сәйкес ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 17
17. Комиссия азаматтық қорғаныс бастығына комиссия қаралатын және шешілетін аса маңызды мәселелер бойынша ақпаратты жүйелі түрде хабарлайды.
Басқа 36. Аудандық эвакуациялық комиссияның құрамы
Качир аудан әкімдігінің 2004 жылғы 5 мамырдағы «Аудандық эвакуациялық комиссиясын құру туралы» № 118/4 қаулысына қосымша Аудандық эвакуациялық комиссияның құрамы Вострейко Надежда Васильевна – аудан әкімінің орынбасары, төрағасы. Пахандрин Юрий Анатольевич – аудандық коммуналдық шаруашылық көлік және коммуникация бөлімінің бас маманы төраға орынбасары. Караганова Галина Николаевна – Павлодар облысы мемлекеттік мұрағат филиалының директоры, комиссия хатшысы (келісім бойынша). Комиссия мүшелері: Ағжанов Балтабай Шәкәрұлы – аудандық экономика және кәсіпкерлік дамыту бөлімінің меңгерушісі. Таңатаров Жұмалиден Бахриденұлы – аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы міндетін атқарушы. Ұқпаева Шаин Иманаилқызы – аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі. Әтікеев Ерік Қайдошұлы – аудандық коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуниакациялық бөлімінің меңгерушісі. Райник Тамара Михайловна – аудандық десаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі. Зайцев Сергей – аудандық телекоммуникациясы торабаның директоры (келісім бойынша). Арынов Ержан Сәтпекұлы – аудандық ішкі ісер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша). Смайлов Қуандық Сағындықұлы – аудандық әскери комиссар (келісім бойынша).