Қолданыстағы ред. 06.05.2004

Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 06.05.2004 г. № 73 (Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)

0

Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 ""Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі бекітілсін (№ 1 қосымша).

2

2. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін (№ 2 қосымша).

3

3. Қоғамдық жұмыстардың көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақы мөлшері және оларды қаржыландыру көздері туралы ережесі бекітілсін (№ 3 қосымша).

4

4. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру аудандық қаржы бөліміне (М. Қойшекенова) тапсырылсын.

5

5. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне (У. Нұрғалиев) жұмыс берушілермен бірлесе отырып ақылы қоғамдық жұмыстарды келісім-шарт негізінде ұйымдастыру міндеттелсін.

6

6. Аудан әкімдігінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 17 "Бөкей ордасы ауданында 2003 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (тіркеу 27.02.2003 ж. N 1987, "Орда жұлдызы" газеті 2003 жыл 28 наурыз N 6), аудан әкімдігінің 2003 жылғы 6 маусымдағы N 97 "Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 17 "Бөкей ордасы ауданында 2003 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (17.06.2003 ж. N 2191, "Орда жұлдызы" газеті 2003 жыл 28 шілде N 14) және аудан әкімдігінің 2003 жылғы 6 қазандағы № 185 "Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 17 "Бөкей ордасы ауданында 2003 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (тіркеу 16.10.2003 ж. № 2311, "Орда жұлдызы" газеті 2003 жыл 15 қараша № 21) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

7

7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Еркеғалиевке жүктелсін.

8. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 7 мамырдағы
№ 73 қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі
А. Құсайынов атындағы орта мектебі;
Әкім аппараты;
Балалар саз мектебі;
Бисен ауыл округі бойынша;
Б. Жәнекешов атындағы орта мектебі;
Бөкей ордасы аудандық мәдениет бөлімі;
Бөкей ордасы аудандық білім бөлімі;
Бөкей ордасы аудандық санитарлық эпидемиялық станциясы;
Бөкей ордасы аудандық әскери комиссариат;
Бөкей ордасы аудандық қазынашылық бөлімі;
Бөкей ордасы аудандық байланыс торабы;
Бөкей ордасы аудандық зейнетақы тағайындау орталығы;
Бөкей ордасы аудандық мұрағат;
Бөкей ордасы тарихи мұражай кешені;
Бөкей ордасы аудандық туберкулез ауруханасы;
Бөкей ордасы аудандық аумақтық медицина бірлестігі;
Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі;
Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығы;
"Гүлдер" балабақшасы;
Жәңгір хан атындағы орта мектебі;
Искра ауыл округі бойынша;
Көктөбе ауыл округі бойынша;
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің аудандық аумақтық басқармасы;
Қ. Сағырбаев атындағы орта мектебі;
Мұратсай ауыл округі бойынша;
М. Мәметова атындағы орта мектебі;
М. Бегалиева атындағы орта мектебі;
Орда ауыл округі бойынша;
Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме;
"Орда" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Сайқын ауыл округі бойынша;
Саралжын ауыл округі бойынша;
Спорт мектебі;
Т. Масин атындағы орта мектебі;
Ш. Жексенбаев атындағы орта мектебі.

9. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 7 мамырдағы
N 73 қаулысымен бекітілген
N 2 қосымша
Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері
aудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру;
ауыл ішін және мекеме кеңселерін безендіру жұмыстары;
аудан бойынша шегіртке бар жерлерді анықтауға жәрдемдесу;
бу қазандарына және пешке от жағу жұмыстары;
газет-журнал, хат және жеделхаттарды абоненттерге жеткізіп беру;
елді мекендердің санитарлық тазалықтарын сақтау, күл-қоқыстарын шығару;
елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден сыпырушы, күзет ұйымдастыру;
жол жөндеу жұмыстары;
көгалдандыру (ағаш, гүл егу жұмыстары);
көлдерді қору, су құбырларын тазарту және ауыз су құдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау;
құрылыс материалдарын дайындау (қамыс буу, ағаш сүргілеу, саман, пеш тас соғу), иесіз қалған ғимараттарды құрылыс материалдарына бұзып алу;
мал азығын және отын дайындау;
малды қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізу;
малдың жұқпалы ауруларға қарсы егуге, қан алуға жәрдемдесу;
мәдени шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
мекеме, ұйым, кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуге жәрдемдесу;
мәдениет және демалыс паркін тазалау және көркейту;
мүгедек және ауру адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек әкеліп беру, мүгедек адамдармен, кемтар балалармен жұмыс жүргізу және медициналық сараптау комиссиясынан өтуіне жәрдемдесу;
мектеп жанындағы асханаларға қызмет көрсету;
мекеме аумағында және кеңселерінде тазалық жұмыстарын жүргізу;
өз жеке меншік ат-түйе көлігін пайдаланып тасымал жұмыстарына қатысу;
спорт алаңын жөндеу, сырлау;
тарихи ескерткіштерді жөндеу, қалпына келтіру;
тұрғын ұй, әлеуметтік сала объектілерін салу, күрделі және жәй жөндеу жұмыстарына көмектесу;
халық және мал санағын жүргізу;
фитосанитария, орман ағаштарын сақтау және оларды өртеп, кесіп бүлдіруден қорғау жұмыстары.

10. Қоғамдық жұмыстардың көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақы мөлшері және оларды қаржыландыру көздері туралы ережесі

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 7 мамырдағы
N 73 қаулысымен бекітілген
N 3 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың көлемі және нақты
жағдайлары, қатысушылардың еңбекақы мөлшері
және оларды қаржыландыру көздері туралы ережесі

1

1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің сұранысы бойынша олардың есебінен қаржыландырылады.

2

2. Қоғамдық жұмыстарды нақты қаржыландыру көлемі мен көздері аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі және мекемелермен жасалған үлгілік шарт негізінде анықталады. Келісім шартта қоғамдық жұмыстарға жіберілетін жұмыссыздардың саны және оларға төленетін еңбекақының жалпы сомасы белгіленеді.

3

3. Қоғамдық жұмысқа қатысқаны үшін жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбекақы тағайындалады, ол Республика бойынша белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Жұмыссыздарға есептелген жалақыға Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген Заңдарда белгіленген тәртіппен зейнетақы қорына 10 пайыз мөлшерінде төлем ұсталады.

4

4. Еңбек нормаларын жұмыс беруші анықтайды.

5

5. Ауырлығына байланысты иесіз қалған ғимараттарды құрылыс материалдарына бұзу, құрылыс материалдарын (саман, пеш тас соғу, қамыс буу) дайындау жұмыстарына және өз жеке меншік ат-түйе көлігін пайдаланып тасымал жұмыстарына қатысқаны үшін төменгі жалақыға қосымша 30 пайыз мөлшерінде үстемақы төленеді.

6

6. Құрылыс салу, күрделі жөндеу, темір пісіру жұмыстарында мамандықтары бойынша қоғамдық жұмыс жасаушыларға 60 пайыз мөлшерінде үстемақы төленеді.

7

7. Ақылы қоғамдық жұмыс белгілі бір мерзімге және төлеміне қарай ұйымдастырылатын уақытша жұмыс болғандықтан, ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу уақытша әрбір жұмыссыз үшін 6 айдан аспауы тиіс.

8

8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.

9

9. Жұмыс берушілер қоғамдық жұмысқа жолдамамен жіберілген әрбір жұмыссызбен Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493-I "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес екі жақты жеке келісім шарт жасасады және соның негізінде бұйрық береді немесе өкім шығарып жұмысқа алады.