Об определении чрезвычайных ситуации Күшін жойған
Басқа 0
Төтенше жағдай жариялау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" және "Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, ормандар мен далалық жерлердегі өрттерді сөндіруге күш пен құралдарды, материалдық-техникалық ресурстарды тарту жөніндегі қосымша шараларды шұғыл жүргізу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында табиғи өрттерден қалыптасқан жағдай төтенше деп жариялансын.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия:
Тармақша 1
1) өрт ошақтарын сөндіру үшін меншіктің түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардан қажетті күштер мен құралдарды тартсын;
Тармақша 2
2) құтқару жұмыстарын жүзеге асырсын, қажет болған жағдайда табиғи өрт аймақтарынан тұрғындарды көшіру жөнінде шұғыл шараларды алсын;
Тармақша 3
3) орындалған жұмыстардың барысы туралы облыс әкімін ұдайы хабардар етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. П. Качалоға жүктелсін.