О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о предотвращении опасной военной деятельности Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы қауiптi әскери қызметтi болғызбау туралы келiсiмдi бекiту туралы
Пекинде 2002 жылғы 23 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы қауiптi әскери қызметтi болғызбау туралы келiсiм бекiтiлсiн.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы
Қауiптi әскери қызметтi болдырмау туралы
Келісім
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi (бұдан әpi Тараптар деп аталатын)
өздерiнiң тату көршiлiк, достық қарым-қатынастарын қолдауға және дамытуға, екi ел қарулы күштерi арасындағы өзара сенiм бiлдiру мен ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылыстарын растай отырып,
егемендiк пен аумақтық тұтастықты өзара құрмет тұту, Тараптар мемлекеттерiнiң iшкi iстерiне араласпау, тең құқық және өзара сенiм бiлдiру қағидаттарын негiзге ала отырып,
қауiптi әскери қызметтен, жанжалдардан туындайтын қауiптi әскери қызметтi болдырмау және оларды тиiстi бейбiт құралдармен шешу қажеттiгiне сенiм бiлдiре отырып,
1996 жылғы 26 сәуiрде қол қойылған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы Шекара ауданында әскери саладағы сенiмдi нығайту туралы келiсiмдi негiзге ала отырып,
бейбiт уақытта олардың бiр-бiрiне жақын жерлерде қызметiн жүзеге асыруы кезiнде өз қарулы күштерi қызметшiлерiнiң (техникасының) тұрғылықты халықты және объектiлердi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап. Терминдер мен айқындамалар
1-бап. Терминдер мен айқындамалар
Осы Келiсiмде мынадай терминдер мен айқындамалар пайдаланылады:
Тармақ 1
1. "Қауiптi әскери қызмет" адамдардың құрбан болуына немесе екiншi Тарап мемлекетiнiң материалдық шығындарына әкелiп соқтыруы немесе Тараптар мемлекеттерi арасындағы қарым-қатынастың шиеленiсуiне әкелiп соқтыруы мүмкiн күтпеген жағдайларға байланысты немесе абайсыз жасалатын, бейбiт уақытта шекара ауданындағы Тараптар қарулы күштерi қызметшiлерiнiң (техникасының) iс-қимылын бiлдiредi.
Тармақ 2
2. "Қарулы күштерi" Қазақстан Республикасы үшiн - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiн қоса); Қытай Халық Республикасы үшiн - Қытай халық азаттық армиясы.
Тармақ 3
3. "Қызметшiлер" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң кез келген әскери қызметшiсiн немесе қызметшiсiн бiлдiредi.
Тармақ 4
4. "Техника" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң кез келген кемесiн, ұшағын немесе жер бетiнде жүретiн құралын бiлдiредi.
Тармақ 5
5. "Кеме" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң кез келген жауынгерлiк кемесiн немесе көмекшi кемесiн бiлдiредi.
Тармақ 6
6. "Ұшақ" ғарыштық аппараттарды қоспағанда, Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң кез келген әскери ұшу аппаратын бiлдiредi.
Тармақ 7
7. "Жер бетiнде жүретiн құрал" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң құрлықта пайдалануға арналған кез келген техникасын бiлдiредi.
Тармақ 8
8. "Лазер" электрондардың, атомдардың немесе молекулалардың мәжбүрлi сәуле шығаруына негiзделген инфрақызыл немесе ультракүлгiн диапазондардағы кез келген қарқынды когеренттi жоғары бағытталған электромагниттi сәуле шығару көзiн бiлдiредi.
Тармақ 9
9. "Ерекше назар аударылатын аудан" қарулы күштердiң қызметшiлерi (техникасы) орналасқан, жанжал туындауы неғұрлым ықтимал немесе ондай жағдай орын алған және Тараптар ол жерде осы Келiсiмге сәйкес шаралар қабылдайтын, Тараптар өзара айқындайтын ауданды бiлдiредi.
Тармақ 10
10. "Басқару жүйесiне кедергi жасау" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң қызметшiлерiне (техникасына) басшылық жасауды қамтамасыз ететiн дабылдар және ақпараттар беру құралдары мен жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қиындататын, тоқтататын немесе шектейтiн iс-қимылдарды бiлдiредi.
Тармақ 11
11. "Күтпеген жағдайлар" көзделуi немесе қандай да бiр iс-шаралармен алдын алу мүмкiн емес төтенше жағдайларды бiлдiредi. Мәселен, авариялық жағдайлардан, тиiстi қызметшiлер мүшесiнiң науқастануынан немесе табиғи апатты құбылыстардан туындаған жағдайлар.
Тармақ 12
12. "Жауынгерлiк атыстар" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң атыс қаруынан, зеңбiректен оқ атуын, зымыран ұшыруын бiлдiредi.
Тармақ 13
13. "Азаматтық халық" шекара аймағында тұратын және Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң құрамына кiрмейтiн кез келген азаматтық адамды бiлдiредi.
Тармақ 14
14. "Объектiлер" Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң техникасы болып табылмайтын ғимаратты, құрылыстарды, байланыс, көлiк құралдарын, ауыл шаруашылығы қызметiнiң объектiлерiн және азаматтық мақсаттағы инфрақұрылымның басқа да объектiлерiн бiлдiредi.
Бап 2. 2-бап. Қауiптi әскери қызметтi болдырмаудың негiзгi қағидаттары
2-бап. Қауiптi әскери қызметтi болдырмаудың негiзгi қағидаттары
Тармақ 1
1. Тараптар осы Келiсiмдi iске асыруда түрлерi осы Келiсiмнің 3-бабында айқындалған қауiптi әскери қызметтi болдырмауды басты мақсат деп санайды.
Тармақ 2
2. Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң қызметшiсi өзара қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мүддесiмен олардың бiр бiрiне жақын жерде жүзеге асыратын қызметi кезiнде сақтық танытуы қажет.
Тармақ 3
3. Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi қауiптi әскери қызметтi және әскердің күнделiктi қызметi (әскерлердiң қозғалысы, оқу-жаттығу жауынгерлiк атыстар, ұшақтардың ұшуы және т.б.) барысында туындайтын салдарларды болдырмау үшiн тиiмдi қауiпсiздiк шараларын алдын ала қабылдайды.
Тармақ 4
4. Қауiптi әскери қызметтен болатын жанжалдар туындаған жағдайда Тараптар күш көрсетудi немесе оны қолдануды болдырмай, олардың таралмауын және тоқтатуды қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдайды және мұндай жанжалдарды консультациялар арқылы шешедi.
Бап 3. 3-бап. Қауiптi әскери қызметтiң түрлерi
3-бап. Қауiптi әскери қызметтiң түрлерi
Өзара қауiпсiздiк мүдделерiнде Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi қауiптi әскери қызметтiң мынадай түрлерiн болдырмауға бағытталған қажеттi шараларды алдын ала қабылдайды:
Тармақ 1
1. Бiр Тарап мемлекетiнiң қарулы күштерi қызметшiлерiнiң (техникасының) күтпеген жағдайларға байланысты немесе басқа да абайсыз себептер бойынша жасалатын екiншi Тарап мемлекетi аумағының шегiне кіруі.
Тармақ 2
2. Тараптардың бiрi лазердi, оның сәуле шығаруы екiншi Тарап мемлекетiнiң қызметшiлерiне, азаматтық халқына, техникасы мен объектiлерiне зиян келтiруi мүмкiн етiп қолдануы.
Тармақ 3
3. Ерекше назар аударылатын аудандағы екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерi қызметшiлерiнiң (техникасы) iс-қимылының екiншi Тарап мемлекетiнiң қызметшiлерi мен азаматтық халқына зиян келтiруi не оның техникасы мен объектiлерiне нұқсан келтiруi мүмкiн болатындай қиындауы.
Тармақ 4
4. Екiншi Тарап мемлекетiнiң қызметшiлерi мен азаматтық халқына зиян келтiруге не техникасы мен объектiлерiне нұқсан келтiруге әкеп соғатындай басқару желiлерiне кедергi жасау.
Бап 4. 4-бап. Екiншi Тарап мемлекетi аумағының шегiне кiру кезiндегi iс-қимыл тәртiбi
4-бап. Екiншi Тарап мемлекетi аумағының шегiне кiру кезiндегi iс-қимыл тәртiбi
Тармақ 1
1. Егер күтпеген жағдайларға байланысты немесе басқа да абайсыз себептер бойынша бiр Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi (техникасы) екiншi Тарап мемлекетi аумағының шегiне кiруi мүмкiн немесе кiрген болса, онда осындай жағдайды бiрiншi анықтаған кез келген Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi:
Тармақша а
а) байланыс орнату және қалыптасқан жағдайдың мән-жайлары туралы екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерiн хабардар ету үшiн күш-жiгер жұмсайды;
Тармақша б
б) тиiстi нұсқауды сұратады (бередi).
Тармақ 2
2. Бiр Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi екiншi Тарап мемлекетi аумағының шегiне кiруi мүмкiн немесе кiрген болса, онда қалыптасқан жағдайға қарай кiрудi жүзеге асырған қызметшiлер (техниканы басқарушы қызметшiлер) кiрудi болдырмау немесе аумақты тастап шығу немесе екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi белгiлеген орынға бару үшiн шаралар қабылдайды.
Тармақ 3
3. Бiр мемлекетiнiң қызметшiлер белгiленген орынға келiсiмен оларға:
Тармақша а
а) елшілік жанындағы әскери атташе аппаратымен немесе өз елiнiң консулдық өкiметiмен мүмкiндiгiнше жылдам байланысуына мүмкiндiк берiледi;
Тармақша б
б) болуының тиiстi жағдайлары жасалады және техниканың сақталуы қамтамасыз етiледi;
Тармақша в
в) олардың аумақ шегiнен шығуын жеңiлдету мақсатында олардың техникасын жөндеуге, сондай-ақ мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде аумақты тастап шығуды жүзеге асыруына көмек көрсетедi;
Тармақша г
г) қызметшiлерiнiң болуы, техниканың сақталуы мен жөнделуi жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ қызметшiлерiнiң (техниканың) мемлекет аумағы шегiнен шығуын қамтамасыз етумен байланысты қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi шығыстар қызметшiлерi (техникасы) екiншi Тарап мемлекетi аумағының шегiне кiрген Тарап қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
Бап 5. 5-бап. Лазердi қолдану кезiндегi iс-қимыл тәртiбi
5-бап. Лазердi қолдану кезiндегi iс-қимыл тәртiбi
Тармақ 1
1. Бiр Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiсiне (техникасына) жақын жерде бола тұра лазер қолдануға ниеттенсе және бұл қолдану екiншi Тарап мемлекетiнiң қызметшiлерiне, азаматтық халқына зиян келтiретiн болса не қарулы күштер техникасы мен объектiлерiне нұқсан келтiретiн болса, лазер қолдануға ниеттенген Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiсi ол туралы екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң тиiстi қызметшiлерiн хабардар ету үшiн алдын ала шаралар қолданады. Кез келген жағдайда лазер қолдануға ниеттенген Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi тиiстi қауiпсiздiк шараларын қабылдайды.
Тармақ 2
2. Егер Тараптардың бiрi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi лазер қолдануы оған немесе азаматтық халыққа зиян келтiруi не оның техникасы мен мемлекет объектiлерiне нұқсан келтiруi мүмкiн деп санаған жағдайда, ол осындай қолданысты тоқтату мақсатында екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерiмен байланыс орнату және хабардар ету үшiн алдын ала шаралар қабылдайды. Егер осындай хабарлама алған Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiсi лазердi хабарламада көрсетiлген ауданға жақын жерде нақты қолданған жағдайда, ол тиiстi мән-жайларды анықтауды жүргiзедi. Егер оның лазердi қолдануы екiншi Тарап мемлекетi қызметшiлерiне, азаматтық халқына, техникасы мен объектiлерiне нақты зиян келтiруi мүмкiн болса, ол осындай қолдануды тоқтатады.
Тармақ 3
3. Лазер қолдану туралы хабарлама осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын осы Келiсiмге қосымшада көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Бап 6. 6-бап. Ерекше назар аударылатын аудандардағы iс-қимыл тәртiбi
6-бап. Ерекше назар аударылатын аудандардағы iс-қимыл тәртiбi
Тармақ 1
1. Тараптардың әрқайсысы қауiпсiздiктiң неғұрлым жоғары деңгейiн қамтамасыз ету мүдделерiнде екiншi Тарапқа кез келген ауданды ерекше назардағы аудан ретiнде айқындау туралы уағдаласуды ұсынуы мүмкiн.
Уағдаласушы Тарап осы ұсыныстармен не келiседi, не бас тартады. Тараптар келiскен жағдайда келiсiм жасалады.
Тармақ 2
2. Айқындалған ерекше назардағы ауданда болатын Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi осы Келiсiмнiң қосымшаларына сәйкес байланыс орнатады және оны қолдайды, сондай-ақ осындай қызметтiң салдарынан туындауы мүмкiн қауiптi әскери қызметтi болдырмау және кез келген жанжалды реттеу үшiн кейiнiрек Тараптар келiсуi мүмкiн кез келген басқа да шараларды алдын ала қабылдайды.
Тармақ 3
3. Тараптың әрқайсысы айқындалған ерекше назар аударылатын ауданға қатысты уағдаластықтың қолданылуын тоқтатуға құқылы. Осы құқықты пайдалануға ниет бiлдiрген Тарап екiншi Тарапқа осындай уағдаластықтың қолданысын тоқтату күнi мен уақытын қоса алғанда, осындай ниетi туралы уақтылы хабарламаны осы Келiсiмнiң 9-бабының 3-тармағында көзделген байланыс арнасы бойынша бередi.
Бап 7. 7-бап. Басқару желiлерiне кедергi келтiрудi тоқтату үшiн iс-қимыл жасау тәртiбi
7-бап. Басқару желiлерiне кедергi келтiрудi тоқтату үшiн iс-қимыл жасау тәртiбi
Тармақ 1
1. Бiр Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiсiне (техникасына) жақын жерде бола тұрып, оған және азаматтық халқына зиян келтiруi немесе оның техникасы мен объектiлерiне нұқсан келтiруi мүмкiн, өздерiнiң басқару желiлерiне кедергiлердi анықтағанда, егер ол осы кедергiлер осы Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерiнен (техникасынан) болған деп жорамалдаса, ол туралы екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң тиiстi қызметшiлерiне хабарлайды.
Тармақ 2
2. Егер осындай ақпаратты алған Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi осы басқару желiлерiне кедергiлер шынында да оның iс-қимылынан туындағанын анықтаған жағдайда, ол осындай кедергiлердi тоқтату мақсатында дереу алдын ала шаралар қабылдайды.
Бап 8. 8-бап. Жауынгерлiк атыстар жүргiзу кезiнде iс-қимыл жасау тәртiбi
8-бап. Жауынгерлiк атыстар жүргiзу кезiнде iс-қимыл жасау тәртiбi
Тармақ 1
1. Жауынгерлiк атыстарды жүргiзетiн Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына оқтардың, снарядтардың, зымырандардың кездейсоқ түсуiне және оның қызметшiлерiне, азаматтық халқына, техникасы мен объектiлерiне нұқсан келтiруге жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдайды.
Тармақ 2
2. Егер бiр Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерi екiншi Тарап жүргiзетiн жауынгерлiк атыстар оның қызметшiлерiне, азаматтық халқына, техникасы мен объектiлерiне нұқсан келтiргенiн анықтаған жағдайда, онда ол бұл туралы екiншi Тарапты хабардар ету үшiн алдын ала шаралар қабылдайды.
Тармақ 3
3. Жауынгерлiк атыстарды қайта жүргiзу тиiстi қауiпсiздiк шаралары қабылданғаннан соң жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жауынгерлiк aтыстap тоқтатылғаннан кейiн, жауынгерлiк атысты жүргiзген тарап қауiптi әскери қызметi барысында туындалған нұқсанды өтеу үшiн шаралар қабылдайды.
Бап 9. 9-бап. Ақпарат алмасу тәртiбi
9-бап. Ақпарат алмасу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң қарулы күштерi осы Келiсiмнiң қосымшасында көзделгенiндей байланысты орнатады және қолдайды.
Тармақ 2
2. Тараптар мемлекеттерiнiң қарулы күштерi осындай қызметтiң салдарынан туындауы мүмкiн қауiптi әскери қызметтер немесе жанжалдар туралы, сондай-ақ осы Келiсiмге қатысты басқа да мәселелер бойынша тиiстi ақпаратты уақтылы алмасады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ақпаратты Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшiлiгi жанындағы әскери атташе аппараты арқылы бередi. Қытай Халық-азаттық армиясының Бас штабы осындай ақпаратты Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгi жанындағы әскери атташе аппараты арқылы бередi.
Бап 10. 10-бап. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
10-бап. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм Тараптардың арасында, және Тараптар мен басқа мемлекеттер арасында қолданылып жүрген басқа да келiсiмдер мен уағдаластықтар құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiм қандай да бiр үшiншi Тарапқа қарсы бағытталмаған. Егер осы Келiсiмнiң қолданыс аясына жататын жанжал бiр Тараптың көршiлес елi аумағының шегiнде болса, онда бұл Тараптың осы елмен тиiстi шаралар қабылдауға қатысты консультация жүргiзуге құқығы бар.
Тармақ 3
3. Осы Келiсiмiнiң қолданыс аясына жататын қауiптi әскери қызмет нәтижесiнде туындаған зиянды өтеу халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей қабылданған қағидаттары мен нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 11. 11-бап. Кездесулер және консультациялар
11-бап. Кездесулер және консультациялар
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм күшiне енген күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрмей Тараптардың өкiлдерi оның ережелерiн iске асыру, сондай-ақ өз қарулы күштерiнiң қауiпсiздiгiн неғұрлым жоғары деңгейде қамтамасыз етудiң ықтимал жолдарын қарастыру үшiн кездеседi.
Тармақ 2
2. Бұдан әрi осындай кездесулер, егер қажет болған кезде Тараптар шұғыл кездесулер өткiзудi келiспесе, екi жылда бiр рет өткiзiлетiн болады.
Бап 12. 12-бап. Осы Келiсiмнiң күшiне енуi
12-бап. Осы Келiсiмнiң күшiне енуi
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi. Осы Келiсiмнiң оған қосымшасымен бiрге қолданысын Тараптардың бiрi бұл туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлағаннан кейiн алты айдан соң тоқтата алады.
Тармақ 2
2. Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi. Көрсетiлген хаттамалар осы Келiсiм үшiн көзделген тәртiппен күшiне енедi.
Тармақ 3
3. Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды өзара консультациялар және келiссөздер арқылы шешедi.
Пекин қаласында 2002 жылы желтоқсан айының 23 жұлдызында қабылданды, әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, және барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Басқа 0. Байланыс орнату және оны қолдау тәртiбi
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасындағы Қауiптi әскери қызметтi болдырмау туралы келiсiмге қосымша
Байланыс орнату және оны қолдау тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Тараптар мемлекетiнiң қарулы күштерi, қажет болған кезде мыналардың:
Тармақша а
а) ерекше назар аударылатын ауданда болатын тиiстi қолбасшылар;
Тармақша б
б) тиiстi кемелердiң, ұшақтар экипаждарының, жер бетiнде жүретiн құралдардың, құрлық бөлiмдерiнiң немесе бөлiмшелерiнiң командирлерi 1 ;
Тармақша в
в) бiр Тарап ұшақтары экипаждарының командирi мен екiншi Тараптың әуе қозғалысын басқару және бақылау пункттерiнiң командирлерi арасындағы байланысты орнату және оны қолдау үшiн барлық жағдайды қамтамасыз етедi.
________________________
1 командир - кемеге, ұшаққа, жер бетiнде жүретiн құралдарына, құрлық бөлiмдерiне немесе бөлiмшелерiне қолбасшылық етуге уәкiлеттi адамды бiлдiредi
Тармақ 2
2. Радиобайланыс орнату мақсатында жағдайға қарай мынадай жиiлiктер пайдаланылады:
Тармақша а
а) Тараптар мемлекеттерiнiң ұшақтары арасында не бiр Тарап мемлекетiнiң ұшақтары мен екiншi Тараптың әуе қозғалысын басқару және бақылау пункттерiнiң арасында - УҚТ диапазонында 128,5 МГц, (124,0 МГц, 130,0 МГц - қосалқы), не ҚТ диапазонында 7390,0 кГц (5040,0 кГц - қосалқы) жиiлiгiнде; алғашқы байланысты орнатқаннан кейiн жұмыс алмасуы 128,5 МГц не 7390,0 кГц жиiлiгiнде жүзеге асырылады;
Тармақша б
б) Тараптар мемлекеттерiнiң шекара кемелерi арасында және шекара кемесi мен жағалау арасында - УҚТ диапазонында 48,6 МГц немесе ҚТ диапазонында 4500,0 кГц жиiлiгiнде;
Тармақша в
в) Бiр Тарап мемлекетiнiң шекара кемесi мен екiншi Тарап мемлекетiнiң ұшағы арасында - УҚТ диапазонында 128,5 МГц (124,0 МГц, 130,0 МГц - қосалқы); алғашқы байланысты орнатқаннан кейiн жұмыс алмасуы 128,5 МГц жиiлiгiнде жүзеге асырылады;
Тармақша г
г) жер бетiнде жүретiн құралдар немесе Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң құрлық бөлiмшелерi арасында - УҚТ диапазонында 46,1 МГц (47,9 МГц - қосалқы) жиiлiгiнде немесе ҚТ диапазонында 4503,0 кГц (6915,0 кГц - қосалқы) жиiлiгінде;
Тармақша д
д) УҚТ диапазонында радиобайланысты жүзеге асыру кезеңде амплитуда немесе жиiлiк модуляция әдiсi қолданылады; ҚТ диапазонында жоғары бүйiрдегi белдеу қолданылады.
Тармақ 3
3. Байланыс орнату үшiн мынадай шақыру белгiлерi қолданылады:
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының | Қытай Халық Республикасының
кемесi - монарх | кемесi - итбалық (Хайбао)
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының | Қытай Халық Республикасының
ұшағы - крыло | ұшағы - сұңқар (Сюнъин)
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының әуе | Қытай Халық Республикасының әуе
қозғалысын басқару және бақылау| қозғалысын басқару және бақылау
пунктi - бригадир | пунктi - Тайшань
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының | Қытай Халық Республикасының
құрлық бөлiмi немесе бөлiмшесi | құрлық бөлiмi немесе бөлiмшесi -
- фактор | жер (Дади)
__________________________________________________________________
Тармақ 4
4. Тараптар радиобайланыстың болмауы олардың қауiптi әскери қызметi нәтижесiнде жанжалға тартылған қарулы күштерi қызметшiлерi (техникасы) үшiн қауiп-қатердi ұлғайтуға қабiлеттi екенiн мойындайды. Осындай жанжалға қатысатын Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнің қызметшiлерi:
Тармақша а
а) екiншi Тарап мемлекетiнiң қызметшiлерiмен радиобайланысты орнату мүмкiн болмаған жағдайда немесе радиобайланыс болғанымен, түсiнiсу мүмкiндiгi болмаған жағдайда осы Қосымшаның Қосымша белгiлер кестесiнде қамтылған белгiлердiң көмегiмен байланысты жүзеге асыру жөнiнде күш-жiгер жұмсайды;
Тармақша б
б) екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерiмен байланыс орнату мүмкiн болмаған жағдайда өз қарулы күштерiнің басқа да бөлiмдерiмен байланыс орнатуға алдын ала шаралар қабылдайды, ал олар, өз кезегiнде жанжалды шешу мақсатында екiншi Тарап мемлекетi қарулы күштерiнiң қызметшiлерiмен байланыс орнату жөнiнде шаралар қабылдайды.
Тармақ 5
5. Тараптардың кемелерi арасындағы байланыс және кеме мен жағалау арасындағы байланыс 1965 жылғы Халықаралық белгiлер жиынтығында көзделген белгiлер мен сөз тiркестерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Ұшақтар арасындағы байланыс ұстап алушы және ұстап алынған әуе кемесi үшiн белгiленген және 1944 жылғы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясының (Чикаго конвенциясы) 2-қосымшасында (Ұшу ережесi) қамтылған белгiлер мен сөз тiркестерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Қосымша ретiнде осы Ереженің Қосымша белгiлер кестесiнде қамтылған белгiлер мен сөз тiркестерi пайдаланылуы мүмкiн.
Тармақ 6. Қосымша белгiлер кестесi
6. Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң ұшақтары өздерiнiң арасында көрiнетiн байланысқа түскенде, олардың экипаждары 128,5 МГц (124,0 МГц, 130,0 МГц - қосалқы) жиiлiгiн тыңдайды. Егер ұшақ экипаждарына ақпарат алмасу қажет болып, бiрақ ортақ тiлде байланыс орнату мүмкiн болмағанда, онда осы Қосымшаның 5-тармағында көрсетiлген сөз тiркестерiн немесе көрiнетiн белгiлердi пайдалану арқылы негiзгi ақпаратты беруге немесе берiлген нұсқауларды қабылдағанын растауға әрекет жасайды.
Қосымша белгiлер кестесi
___________________________________________________________________
А. Белгiлер |В. Ұшақ үшiн көзбен | С. Сөз |Д. Айтылуы|E. Тиiстi
(сөз тiркес.| шолу белгiсi |тiркестерi| | жауапты
терi) мәнi | | | |iс-қимылдар
___________________________________________________________________
1. Сiз бiз. Күндiз және түнде: "Closse to Клоус ту Ұсталынатын
дiң мемле. ұстаушы ұшақ ұстап territory" тэритори Ұшақ мем.
кеттiк аума. алынатын ұшақпен лекеттiк
ғымызға қатар бағытта шекарадан
тiкелей қауiпсiз аралықта, бұрылып
жақындықта. бiр қанаттан екiншi кетедi
сыз қанатқа тербеледi,
бiрдей уақыт аралы.
ғында аэронавигация.
лық оттармен сирек
жыпықтауды орындай.
ды, содан соң көл.
денең жазықтықта
екi жағына да ұшу
сызығынан шамамен
10 0 бұрылыстармен
бiрнеше рет
"ирелеңдеудi"
орындайды
2. Сiз бiз. Күндiз және түнде: "Territory Тэритори Ұсталынған
дiң мемле. ұстаушы ұшақ ұстап entered" энтэрд ұшақ ұстап
кеттiк ау. алынатын ұшақпен алушы
мағымыздың қатар бағытта қа. ұшақтың
шегiне уiпсiз аралықта, бiр нұсқауымен
кiрдіңіз қанаттан екiншi қа. жүреді.
натқа тербеледi,
бiрдей уақыт аралы.
ғында аэронавига.
циялық оттармен
сирек жыпықтауды
орындайды, бiр мез.
гiлде бiр қанаттан
екiншi қанатқа шай.
қалады, содан соң
көлденең жазықтықта
ұсталынатын ұшақ
жағына 15-20 0 қиғаш.
тықпен айналуды
орындайды. Жақындасу
аса сақтықпен, бiрақ
қанаттардың өрiсiнен
жақын емес, 10 - 15
метрлiк биiктiкте
төмендеумен немесе
жоғарылаумен жүзеге
асырылады. Ұсталынған
ұшақ белгi алғанын
растағанға дейiн
немесе радиобайланыс
орнатылғанға дейiн
қайталансын.
3. Маған Күндiз және түнде: "Request Риквэст Ұстап алушы
қону қажет ұшақ аэронавигация. landing" Лэндинг ұшақ ұста.
лық оттармен жиi лынған
қайталанатын жыпық. ұшаққа
тауларды орындайды көмек
және бiр қанаттан көрсетедi.
бiр қанатқа тербеле
отырып, бiр мезгiлде
жағылған шамдарын
шығарады, одан кейiн
тiк жазықта "ире.
леңдеудi" баяу
орындайды.
4. Радио. Күндiз де түнде де "Radio Рэдио Сұратушы
байланысты 128,5 МГц немесе contact" контакт ұшаққа, ке.
128,5 МГц 124,0 МГц немесе меге, әуе
немесе 124,0 130,0 МГц жиiлiкте қозғалысын
МГц, немесе байланыс орнату мүм. басқару
130,0 МГц кiн емес, ұшақ бiр және бақы.
жиілікте қанатынан екiншi лау пунктi.
орнатуды қанатына тербеле не осы сөз
сұраймын отырып, аэронавига. тiркесi
циялық оттарын ұзақ белгiсiнiң
және қысқа жыпықтау. қабылдануы
ларды кезек-кезек расталады.
үзiксiз орындайды. Байланыс
орнатылған.
нан кейiн
радиобай.
ланысты
жүзеге
асыру үшiн
128,5 МГц
жиiлiгiне
көшу керек.
5. Менiң Жоқ "Radio Рэдио Ұшақ пен
ұшағым contact" контакт кеме осы
сiздiң сөз тiрке.
кемеңiзге сiн алмасу
128,5 МГц жолымен
немесе радиобайла.
124,0 МГц, ныс орната.
немесе ды, екеуi
130,0 МГц де радио.
жиiлiгiнде байланысты
радиобайла. жүзеге
ныс орнату. асыру үшiн
ды ұсынады 128,5 МГц
жиiлiгiне
көшедi.
6. Мен Жоқ "Stop Стоп ин. Мән-жайлар
өзiмнiң interfe. терфирэнс анықталады
басқару rence" және қажет
желiлерiмде болған жағ.
қауiптi ке. дайда қа.
дергiлер уiптi ке.
деңгейiн дергiлер
байқаймын туғызатын
(сөз тiркесi кез келген
орнатылған iс-қимылдар
жиiлiкте тоқтатылады.
берiледi)
7. Мен жос. Жоқ "Laser Лэйзер Қызметшi.
парлаған danger" дэнджер лерге, аза.
лазердi қол. маттық ха.
дану осы ау. лыққа зиян
данда қауiп немесе тех.
тудыруы мүм. никаға нұқ.
кiн (сөз сан келтi.
тiркесi ор. рудi бол.
натылған дырмау үшiн
жиiлiкте тиiстi
берiледi) шаралар
қабылданады.
8. Мен қа. Жоқ "Stop Стоп Мән-жайлар
уiптi лазер. laser" лэйзер анықталады
лік сәуле. және қажет.
лендiру дең. тi жағдайда
гейiн бай. қызметшi.
қаймын (сөз лерге, аза.
тіркесі ор. маттық ха.
натылған лыққа зиян
жиiлiкте немесе тех.
берiледi) ника мен
объектi.
лерге нұқсан
келтiруi
мүмкiн ла.
зердiң кез
келгенiн
қолдану
тоқтатылады.
__________________________________________________________________