Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы орынбасарының 2024 жылғы 08 қазандағы № 05-03/6634 ұсынысы негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласы Абай ауданы Самал-1 мөлтек ауданы М. Сәрсенбаев көшесі № 1225 үй аумағында мысықтан құтыру ауруы анықталуына байланысты М. Сәрсенбаев көшесінің бойына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі