О реформации амбулаторно-поликлинического звена области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың амбулаториялық-емханалық буындарын реформалау туралы.
📌 Ескерту. Күші жойылды – шешімнің қолдану мерзімінің өтіп кеткендігне байланысты – Ақтөбе облысы әкімдігінің 06.06.2005 № 14-5/1648 хаты.
Қазакстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18-ші мамырындағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсартудың бірінші кезектегі шаралары туралы" № 3956-шы Жарлығын, "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының "21-ші ғасырдағы бәріміздің денсаулығымыз" стратегиясының негізгі принциптеріне сүйене отырып облыс Әкімі ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
1999 жылы облыстың амбулаториялық-емханалық буындарын реформалаудың бағдарламасы мен-күнтізбелік жоспарын дайындайтын
жұмысшы топтарының құрамы /N1-ші қосымша/.
Амбулаториялық-емханалық буындардың құрылымын өзгерту бағдарламасы /№ 2 қосымша/.
Облыстың амбулаториялық-емханалық буындарын реформалаудың күнтізбелік жоспары /№ З-ші қосымша/
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Е. Дошаевқа жүктелсін.
Басқа 3
Облыс Әкімінің 1998 жылдың
8 желтоқсандағы шешіміне № 1 қосымша
1998 жылға облыстың амбулаториялық-емханалық буындарын реформалаудың бағдарламасы мен күнтізбелік жоспарын дайындайтын жүмысшы топтарының құрамы.
1.
Алдашев Ж. Е.
облыстық денсаулык сақтау басқармасының бастығы
2.
Беркімбаев А.Қ.
облыстык міндетті медициналық сақтандыру қоры бөлімінің директоры
3.
Ағзамов Н. А
қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі
4.
Гибнер Т. Д
облыстық денсаулық сақтау басқармасы экономика және реформалау бөлімінің
бастығы
5.
Нармұхамедов Ж. К.
облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
6
Сафронова Т. А
облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас терапевті
7.
Тұякбаев А. М
облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры
8.
Әкімжанов Н. А.
облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинеколоғы
9.
Ақатаев Н. А.
облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі
10.
Үсенова Ғ. Д
қалалық денсаулық сақтау - бөлімінің бас педиатры
11.
Ыбыраева Р. С.
№ 2-ші жанұялық емхананың бас дәрігері
12.
Шынықұлова Н. М
№ 2-ші емдеу-консультативтік орталығының бас дерігері
13.
Кадыров К. Б
№ 1-ші жанұялык емхананың бас дәрігері
14.
Жазыкова Л. К.
№ 1-ші консультативтік-диағностикалық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары
Басқа 4
Облыс Әкімінін 1998 жылдың
8 желтоқсандағы № 185
шешіміне 2-ші қосымша.
Бөлім 5. Кіріспе
Кіріспе
Облыста халық денсаулығын қорғауда негізгі мақсат-халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға, қоршаған ортадан болатын теріс әсерлерді жоюға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, негізгі ауруларды азайтып, оның алдын-алуға бағытталған бүкіл мемлекеттік шаралар жүргізу, денсаулық сақтау саласындат жаңа экономикалық жетістіктерге орай реформалау және халық
денсаулығы көрсеткіштерін жақсарту.
Осы меселелерді шешу денсаулық сактау басқармасы мен ұйымдастыру жүйелерін реформалауды, оны бүгінгі зкономикалық жағдайлармен нарықтық медицина енгізген жағдайларға сәйкестендіруді талап етеді.
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының нормативті актілері мен заңдылықтарына, 1998 жылдың 18-ші мамырындағы N 3956-шы "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсартудың бірінші кезектегі шаралары туралы" Президент Жарлығын орындау барысындағы облыс Әкімінің шешіміне және білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігі денсаулық сақтау Комитетінің 1998 жылдың 24-ші қыркүйегіндегі N 500-ші "Қазақстанда жалпы дәрігерлік тәжірибені /медицина/ қолдануды
іске асыру туралы" бұйрығына сүйенеді.
Бөлім 6. Мақсаты.
Мақсаты.
Бағдарламаның мақсаты-алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсартуға өту жағдайын жасау, біріншіден профилактикалық бағытталу, халыққа медициналық қызмет көрсетуді барынша жақсарту, көрсетілетін көмектердің сапасы мен тиімділігін әлеуметтік және экономикалық жағдайларға қарай арттыру.
Бөлім 7. Негізгі міндеттері.
Негізгі міндеттері.
Алғашкы медициналық-санитарлық көмекті реформалау бағдарламасының негізгі міндеттері болып:
- жанұялық дәрігерлік тәжірибелер /амбулатория/ жасау, олардың мамандарын оқыту және қажетті заттармен қамтамасыз ету.
- денсаулық сақтау саласының құрылымын алғшқы медициналық-санитарлық көмекті дамытудың басымдық бағытын өзгерту арқылы қайта құру.
- амбулаториялық-консультативтік көмек орталықтарын үлкейтіп, тоғыстыру.
- денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру барысында медициналық қызметкерлердің атсалысуын қамтамасыз ету.
- алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жан басына қаржыландыруына көшу жанұялық дәрігерлік тәжірибе-амбулатория, консультативтік - диагностикалық емханаларда белгіленген тариф бойынша, адамдардың дәрігерге қаралу санына қарай төлеу механизмін жетілдіру.
- профилактикалық көмек көлемін ұлгайту есебінен халықтың денсаулық көрсеткішін жақсарту және салауатты өмір салтын үгіттеу жұмыстарын жанұялық дәрігерлер арқылы компанияларда жүргізу саналады.
Бөлім 8. Алынатын қорытындылар:
Алынатын қорытындылар:
Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің құрылымын қайта өзгерту Бағдарламасынан төмендегідей қорытынды шығады деп күтілуде:
Тармақ 1
1. Бюджет қаржысын көзделген мақсаттарға шығындау
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтауда алдын-алу шараларын күшейту.
Тармақ 3
3. Медициналық қызмет тиімділігін және сапасын жоғарылату.
Тармақ 4
4. Медициналық көмектің көрсетілуіне аурулардың-қанағаттандырылу деңгейін көтеру.
Тармақ 5
5. Халықты өз денсаулығын қоргау ісіне жұмылдыру.
Басқа 14
Облыс Әкімінің 1998 жылдың
8 желтоқсандағы № 185 шешімне
№ 3 – ші қосымша
Амбулаториялық-емханалық буындарды реформалаудың жоспары
№
Жүргізілетін шаралар
саны
орындалу мерзімі
орындаушылар
орындалу түрлері
күтілетін қорытынды
1.
Алғашқы медициналық- санитарлық көмектің құрылымн қайта өзгерту /АСМК/
1.1
№ 1-ші ЖЕ, № 2-ші ЖЕ, № 1-ші КДО, № 2-ші ЕДО-н, № 1, 2, 3, 4-ші КДЕ қайта құру
4
1998 жыл қараша
қалалық денсаулық сақтау бөлімі
ДК № 487-ші, ОДСБ 1998 жылдың 20.10-дағы № 150-п 4 бұйрықтары
көрсетілетін көмектің сапасы жоғарылуы. Өз алдына қаржысы болуы, халыққа тиімділігі.
1.2
ЖДА құруда жұмысшы комиссиясын олардың штатын құру.
1998 жыл қараша
КДСБ, ОДСБ
ОДСБ 1998 жылдың 20.10 № 150 п - 4 бұйрығы
алдын-ала жоспарланған бағытпен енгізілуі.
1.3
Қалада және селода ЖДА ұйымдастыру
12- дәрігер, 56-м/б
1998 жыл желтоқсан
КДСБ, ОДСБ
ОДСБ 1998 жыл 20.10. № 150-ші бұйрығы
өзін-өзі басқару және қаржыландыру
1.4
Көрсетілетін көмектің көлеміне орай АМСК мекемелерін құралдармен жабдықтау
1999 жыл
ЕПМ, КДСБ, ОММСҚ
ДК № 500-ші бұйрығы
Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуы және көлемі кеңейту.
1.5
ЖДА дәрігерлері мен кіші медицина қызметкерлерін ЖЖМ-дан оқытып, мамандық шеберлігін арттыру.
1999 жыл
ОДСБ, КДСБ, АММА, мед. колледжі
ДСК № 500 1998 ж. 20.10-дағы № 501-ші 24.09-дегі бұйрықтары
Бүкіл жанұяға комплексті медициналық көмек көрсету.
1.6
ЖДА-да жқмыс жасайтын менеджерлерді оқытуды жалғастыру.
20
1999 жыл
АММА
№ 500-ші ДСК-ң бұйрығы, № 150-ші п-4ші 1998 ж. 20.10
Көмек көрсету көлемін барынша ұлғайту және АМС-ға қаржыны барынша көбірек ығыстыру.
1.7
Күндізгі және үйдегі стационарларды кеңінен енгізу.
1998-2000 ж. ж.
ЕПМ
АМСК-да көрсетілетін көмекті тереңдетіп, тездету қаржыларды АМСК-ға ығыстыру
1.8
ЖДА-ФАП-тардың барлық комплекстерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
100
1999-2000 ж. ж.
ОДСБ аудан әкімдері
ДСК № 500 бұйрығы
АМСК-ны нығайту
1.9.
Қалада және селоларда мемлекеттік емес секторлар тармақтарын дамыту.
желтоқсан 1998-ші жыл
ОДСБ, КДСБ, ОММСҚ
ДСК № 500 1998 жылдың 23.10-дағы бұйрығы
бәсекелестікті көбейту, сапасын жақсарту.
1.10
Жеке ЖДА құруға сайыстар ұйымдастыру.
1998 ж. желтоқсан
ОДСБ, ОММСҚ
2.
Консультативтік – диагностикалық орталықтар ашу.
1999 ж. 4-ші тоқсаны
ҚР ДСК, ОДСБ
3.
3.1
Қаржыландыру ЖДА жан басына шаққанда қаржыландыру
1999 ж. қаңтар
ОММСҚ
ДСК-ң 1998 ж. 23.10-дағы № 500-ші бұйрығы
өзін-өзі қаржыландыруды басқару деңгейін жоғарылату
3.2
Жартылай қаржы қорын /2-ші саты/
1999 ж. 3-4-ші тоқсандары
ОММСҚ
АМСК секторларын нығайту. Мед. көмектер көлемін ұлғайту
3.3
Толық қаржы қорын ұстауға көшу. /3-ші саты/
2000 жыл
АМСК секторларын нығайту
4.
Тұрғындарды бекіту.
4.1
Тұрғындарды ЖДА-ға қалада 10-20 мың тұрғынға, ал селолық жерлерде 1-3 мың есебінен аумақтық жанқялықпринциптері бойынша бөліп, белгілеу.
4.2
ЖДА-ға тұрғындарды ашық белгілеу /2-ші саты/
1999 жыл 4-ші тоқсан 2000 жыл
ДСК-ң № 500, 501-ші бұйрықтары
көрсетілген көмектің көлемі мен сапасына тұрғындардың қанағаттануы
4.3
ММСҚ-ң мәлімет базасына белгіленген тұрғындар жөнінде мәлімдемелер енгізу
1999 жыл 1-ші тоқсан
ОММСҚ ОДСБ
ДСК-ң № 501-ші бұйрықтары
5.
Аймақтық – медициналық бірлестіктерді емханаларды стационарлардан бөлу арқылы қайта құру және оларға өз алдына заңды тұлғалық беру.
1999 жыл 1-ші тоқсан
ОДСБ
ҚР ДСК ОДСБ
АМСК-ң өзін-өзі басқаруы және қаржыландыруы