О реорганизации государственного учреждения «Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта акимата Амангельдинского района» путем выделения государственного учреждения «Отдел физической культуры и спорта акимата Амангельдинского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесін бөлу жолымен «Амангелді ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесін бөлу жолымен «Амангелді ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесі «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
Тармақ 3
3. «Амангелді ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп бөлу балансын жасай отырып, мүлікті беру жөніндегі жұмысты жүргізсін.
Тармақ 4
4. Қоса беріліп отырған «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмi» және «Амангелді ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемелері туралы Ережелер бекітілсін.
Тармақ 5
5. Амангелді ауданы әкімдігінің «Амангелді ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы» 2021 жылғы 31 мамырдағы № 104, «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 16 мамырдағы № 118 қаулыларының күші жойылсын.
Тармақ 6
6. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмi» және «Амангелді ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережелердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12. «Амангелді ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Әкімдіктің 2024 жылғы 21 қазандағы № 167 қаулысымен бекітілді «Амангелді ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақша 1
1. «Амангелді ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақша 2
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
Тармақша 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақша 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарындағы шоттары бар.
Тармақша 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақша 6
6. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақша 7
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақша 8
8. «Амангелді ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақша 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Б. Майлин көшесі, 14 үй.
Тармақша 10
10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақша 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақша 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілеттілігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту; әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да мақсаттар.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер
Тармақша 1
1) құқықтар: өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу; дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, тұтынушылардың Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету; дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары.
Тармақша 1
1) жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда қолжетімділігін ескере отырып, инфрақұрылым жасау;
Тармақша 2
2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізу;
Тармақша 4
4) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Қостанай облысы Амангелді ауданында бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) Қостанай облысы Амангелді ауданы аумағында аудандық дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;
Тармақша 7
7) балалар-жасөспірімдер дене дайындығы, оның ішінде бейімделген дене шынықтыру және спорт клубтарын құру;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 9
9) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асыру;
Тармақша 10
10) Қостанай облысы Амангелді ауданында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді үйлестіру;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
Тармақша 12
12) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;
Тармақша 13
13) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 16
16) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) Қостанай облысы Амангелді ауданының аумағында жеке тұлғалардың тұрғылықты жерінде және олардың жаппай демалу орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдай жасау;
Тармақша 19
19) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 20
20) бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекіту;
Тармақша 21
21) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 23
23) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3-тарау. Мемлекеттік органының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлім басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
Тармақша 2
2) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 4
4) бөлім қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
Тармақша 5
5) өтініштермен жұмысты ұйымдастырады, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 6
6) бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтайды;
Тармақша 7
7) міндеттемелер мен төлемдер бойынша бөлімнің қаржыландыру жоспарын, белгіленген еңбекақы қоры және қызметкерлер саны шегінде бөлімнің құрылымын бекітеді;
Тармақша 8
8) дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 73. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Әкімдіктің 2024 жылғы 21 қазандағы № 167 қаулысымен бекітілді «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Амангелді ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – Бөлім) ауданда ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің мынадай ведомстволары бар: Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қ. Әбенов атындағы мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарындағы шоттары бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Дүйсенбин көшесі, 38 үй.
Тармақ 10
10. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілеттілігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту облысында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, Бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға; Бөлімнің құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде соттарда білдіру; Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктеме беру; мәдениет мәселелері бойынша Мемлекеттік басқару органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақша 2
2) мiндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ, аудан, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, тұтынушылардың Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары: ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету; ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызметін құру және қамтамасыз ету; аудан аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру; ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру; жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізу; облыстардың атқарушы органдарына ауылдарға, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу; «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 75-бабы және 729-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдануды жүзеге асырады; маңдайшаларды ауылдарда орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады; медиация саласында жүйелі жұмыс жүргізу; азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту; мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз ету; тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсыну; тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдесу.