Об утверждении норм потребления тепловой энергии Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылу энергиясын тұтыну нормаларын бекіту туралы «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тұрғын үй-жайларына жылу энергиясын тұтыну нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Басқа 1. Тұрғын үй-жайларға жылу энергиясын тұтыну нормалары
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 369 Бұйрыққа қосымша Тұрғын үй-жайларға жылу энергиясын тұтыну нормалары Кли­мат­тық ай­мақ Өл­шем бір­лі­гі Ғи­ма­рат­тың қа­ба­ты 2 3 4,5 6,7 8,9 10,11 12 және одан жо­ға­ры I кли­мат­тық ай­мақ ги­га­кал­ло­рий/м2 0,1333 ден 0,1859-ге дей­ін 0,1197 ден 0,1520-ге дей­ін 0,1155 ден 0,1467-ге дей­ін 0,1081 ден 0,1373-ге дей­ін 0,1027 ден 0,1303-ге дей­ін 0,0969 ден 0,1230-ге дей­ін 0,0933 ден 0,1185-ге дей­ін II кли­мат­тық ай­мақ ги­га­кал­ло­рий/м2 0,0898-ден 0,1332-ге дей­ін 0,0807-ден 0,1197-ге дей­ін 0,0778-ден 0,1155-ке дей­ін 0,0729-дан 0,1081-ге дей­ін 0,0692-ден 0,1026-ға дей­ін 0,0653-тен 0,0968-ге дей­ін 0,0629-дан 0,0933-ке дей­ін III кли­мат­тық ай­мақ ги­га­кал­ло­рий/м2 0,0897 дей­ін 0,0806 дей­ін 0,0777 дей­ін 0,0728 дей­ін 0,0691 дей­ін 0,0652 дей­ін 0,0628 дей­ін Ескерту: осы жылу энергиясын тұтыну нормалары тек тұрғын үй-жайларға қолданылады.