О создании коммунального государственного учреждения «Управление по мобилизационной подготовке, территориальной обороне и гражданской защите акимата Северо-Казахстанской области» и утверждении его Положения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 6) және 7) тармақшаларына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысының басқару сызбасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 3 ақпандағы № 14/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 17/3 шешімі негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен жұмылдыру даярлығы, жұмылдыру, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау саласындағы функция, өкілеттік және штат бірлігі берілсін.
Тармақ 3
3. Алып тасталды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 08.12.2025 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 4
4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 21 қазандағы № 345 қаулысымен бекітілді «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже