Екінші дәрежелі суда құтқару постын құру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Екінші дәрежелі суда құтқару постын құру туралы
Ауданның су айдындарындағы төтенше жағдайларын болдырмау үшiн, облыс әкiмiнiң 2002 жылғы 4 маусымдағы "Суда құтқару статусын өзгерту туралы" № 18 шешiмiн жүзеге асыру мақсатында, және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында Көктөбе селосында екiншi дәрежелi суда құтқару посты құрылсын.
Тармақ 2
2. Екiншi дәрежелi суда құтқару постының Ережесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Аудандық қаржы бөлiмi (Қ. Жанғазинов) екiншi дәрежелi суда құтқару постын құру үшiн қаражат қарастырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т. Әлжановқа жүктелсiн.
Басқа 5. Екiншi дәрежелi суда құтқару постының
Ережесi
Май ауданы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 13 мамырдағы
"Екiншi дәрежелi судан
құтқару постын құру
туралы" № 73/1 қаулысымен
бекiтiлген
Екiншi дәрежелi суда құтқару постының
Ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 3 қыркүйектегi "Облыстық судан құтқару қызметi туралы" N 25 қаулысымен бекiтiлген Ережесi негiзiнде әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Екiншi дәрежелi судан құтқару посты аудан су қоймаларындағы төтенше жағдайлар кезiнде тұрғындардың өмiрiн сақтау және құтқаруды ұйымдастыруға арналған.
Тармақ 3
3. Екiншi дәрежелi судан құтқару посты аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен құрылады.
Тармақ 4
4. Екiншi дәрежелi судан құтқару постын облыстық судан құтқару қызметiмен келiсiп, аудан әкiмi тағайындаған пост старшинасы басқарады.
Тарау 2. 2. Суда құтқару посты қызметкерлерiнiң мақсаттары
2. Суда құтқару посты қызметкерлерiнiң мақсаттары
Тармақ 5
5. Суда құтқару постының негiзгi мақсаттары:
Тармақша 1
1) Суда апатқа ұшырағандарға шұғыл көмек көрсету, судағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iздеу - құтқару және эвакуациялық жұмыстар жүргiзу;
Тармақша 2
2) Судағы төтенше жағдайларды алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) Тұрғындардың суда жүзуге, суда зардап шегушiлердi құтқару әдiсiне және көмек көрсетуге үйретуге қатысу;
Тармақша 4
4) Су жағасындағы көпшiлiк демалатын орындарда тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға жұмылдыру;
Тармақша 5
5) Құтқару постының апаттан құтқару жұмыстарын жүргiзуге тұрақты даярлығын қамтамасыз ету.
Тармақ 3. 3. Суда құтқару посты қызметкерлерiнiң функциялары
3. Суда құтқару посты қызметкерлерiнiң функциялары
Тармақ 6
6. Екiншi дәрежелi суда құтқару посты өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Судағы төтенше жағдайлар кезiнде iздеу - құтқару және эвакуациялық жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Бiлiм беру, iшкi iстер, денсаулық сақтау органдарымен және басқа да қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс - әрекет жасап, бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн пайдалана отырып су қоймаларында қайғылы жағдайларды болдырмау жөнiндегi алдын алу жұмыстарын жүргiзедi.
Тармақ 4. 4. Суда құтқару посты қызметкерлерiнiң құқықтары
4. Суда құтқару посты қызметкерлерiнiң құқықтары
Тармақ 7
7. Екiншi дәрежелi суда құтқару постына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн аудан әкiмi келесiдей өкiлеттiктер бередi:
Тармақша 1
1) Жергiлiктi атқару органдарына судағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және судан құтқару постының қызметiн жақсарту жөнiндегi ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 2
2) Су қоймаларында адамдар өмiрiн сақтау жөнiндегi барлық меншiк үлгiсiндегi ұйымдардың ведомстволық құтқару постыларының жұмыстарын тексеру;
Тармақша 3
3) Су қоймаларындағы қорғаныс мәселелерi жөнiнде тағайындалған жайылма сулар комиссияларының, көпшiлiк қолданыстағы су объектiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиясының, сараптау комиссиялары мен топтарының жұмыстарына қатысу;
Тармақша 4
4) Көпшiлiк демалатын су, объектiлерiне және су өткелдерiне техникалық тексеру жүргiзу, су қоймаларында қауiпсiздiк ережелерiн бұзған жағдайда азаматтарға, барлық меншiк үлгiлерiндегi ұйымдар мен кәсiпорындарға белгiленген тәртiпте әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолдану;
Тармақша 5
5) Азаматтардың көпшiлiк демалыс орындары мен су қоймаларында қоғамдық тәртiптi сақтауды және оларға медициналық қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер және денсаулық сақтау органдарының күштерi мен құралдарын белгiленген тәртiпте пайдалану;
Тармақша 6
6) Судағы техникалық қауiпсiздiк оқу-жаттығу жиындарын, семинарлар өткiзу;
Тармақша 7
7) Белгiленген тәртiпте су қоймаларындағы төтенше жағдайларды болдырмау және жою мақсатында ведомстволық құрамына қарамастан көлiк құралдарын, оның iшiнде суда жүзу құралдарын жұмылдыру.
Тарау 5. 5. Судан құтқару посты қызметкерлерiнiң
жұмысын ұйымдастыру
5. Судан құтқару посты қызметкерлерiнiң
жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Судан құтқару посты қызметкерлерiнiң жұмыстарын ұйымдастыру осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 9
9. Судан құтқару посты жыл бойы жұмыс iстейдi.
Тармақ 10
10. Судан құтқару постының құрамына 2 адам кiредi: құтқарушы старшина (тұрақты) және құтқарушы матрос (жазғы уақытқа - жұмыссыз азаматтардың қатарынан тартылады).
Тармақ 11
11. Пост старшинасының мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Кезекшiлiк (вахта) атқару және құтқару жұмыстарына қатысу;
Тармақша 2
2) Қарамағындағы құтқарушы матрос пен құтқарушы жасақшылардың жұмысына басшылық ету;
Тармақша 3
3) Вахта, мотор журналын және судағы болған адамдардың қайғылы жағдайлары туралы актiлер кiтабын жүргiзу;
Тармақша 4
4) Пост жұмысының айлық жоспарын және келесi күнге тапсырмалар құру;
Тармақша 5
5) "Посттың әрекет ауданы" су учаскесiн, су түбiнiң рельефiн, тереңдiгiн, иiрiм жерлердi, бұлақтарды, шұңқырларды, ағынның бағыты мен жылдамдығын, дауылды ауа-райында жүзу құралдарын жасыратын орындарды, сол сияқты посттың тексеру ауданына кiретiн су қоймаларының ерекшелiктерiн бiлу;
Тармақша 6
6) Постқа қажеттi мүлiктер мен жабдықтарды уақытында толықтырып отыру;
Тармақша 7
7) Посттық тексеру ауданында болған барлық қайғылы жағдайлар туралы облыстық судан құтқару қызметiнiң бастығына жедел баяндау;
Тармақша 8
8) Облыстық судан құтқару қызметiне бекiтiлген үлгi бойынша уақытында есеп беру;
Тармақша 9
9) Құтқару постының старшинасына постының мүлiктерi үшiн материалдық жауапкершiлiк жүктеледi.
Тармақ 12
12. Құтқарушы матростың мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Бекiтiлген кестеге сәйкес кезекшiлiк (вахта) атқару;
Тармақша 2
2) Кезекшiлiк уақытында вахта журналын жүргiзу;
Тармақша 3
3) Суда апатқа ұшыраған адамдарға жедел көмек көрсету;
Тармақша 4
4) Жүзу құралдары мен жабдықтарын үнемi даярлықта ұстау;
Тармақша 5
5) Жүзудi, сүңгудi және барлық құтқару құралдарын пайдалануды, құтқару қайығын басқара бiлу, суға батып бара жатқан адамға жақындау және судан алып шығу тәсiлдерiн бiлу, қыспақтан босатып шығу, сүйрету және зардап шегушiге дәрiгерге дейiнгi көмек көрсету әдiстерiн бiлу;
Тармақша 6
6) Құтқарушы жасақшыларды үйрету, құтқару постының шаруашылық, қауырт және тексеру жұмыстарына қатысу;
Тармақша 7
7) Құтқару iсi бойынша үнемi өзiнiң бiлiмiн жетiлдiру, құтқарушының нормативтерiн орындау;
Тармақша 8
8) Құтқарушы матросқа өзiне бекiтiлген мүлiктiң материалдық жауапкершiлiгi жүктеледi.
Тармақ 13
13. Аудандық бюджет қаражатынан суда құтқару постының 2 адамына Қазақстан Республикасы бойынша белгiленген ең төмен жалақыдан артық емес мөлшерiнде жалақы төленедi.