Об утверждении "Правил передачи в доверительное управление предприятий и государственных пакетов акций акционерных обществ, а также государственной доли товариществ с ограниченной ответственностью" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік үлесін сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы негізінде:
Тармақ 1
1. Облыстың коммуналдық меншігіндегі "Кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік үлесін сенімгерлік басқаруға беру ережесі" бекітілсін және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіліп (қоса тіркеледі).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Әмірәлинге жүктелсін.
Басқа 3. Кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік үлесін сенімгерлік басқаруға беру ережесі
"Кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік  акциялар пакеттерін, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік үлесін сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 3 маусымдағы N 280 қаулысымен бекітілген Кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік үлесін сенімгерлік басқаруға беру ережесі
Тарау 1. 1. Негiзгi ұғымдар
1. Негiзгi ұғымдар
Тармақ 1
1. Осы қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Департамент - Облыстың коммуналдық мемлекеттік меншiгiне қатысты мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiруге уәкiлетті Оңтүстік Қазақстан облыстық коммуналдық меншік департаментi;
Тармақша 2
2) қатысушы - қажеттi құжаттарды тапсырған және ұсынылған шарттар негізінде келiсiм жасасуға келiсiм бiлдiрген жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға;
Тармақша 3
3) Нысан - сенімгерлік басқаруға берілетін мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғамның мемлекеттік акциялар пакеті, сондай ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік үлестері;
Тармақша 4
4) өтiнiм - қажеттi құжаттардың жиынтығы, сондай ақ, департамент ұсынған келiсiм жасасуға және келiсiмнің шарттарын орындауға қатысушының келiсiмi;
Тармақша 5
5) Тендерлiк комисcия - Объектi басқаруға келiсiм жасасу бойынша тендердi ұйымдастыру үшiн департамент құрған орган;
Тармақша 6
6) Басқарушы - департаментпен келiсiм жасасқан тендер жеңiмпазы.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығына сәйкес жасалды және Басқарушымен соңынан сатып алу құқығымен (құқығысыз) Объектiлердi сенiмгерлiк басқаруға алған келісім (бұдан әрi - Келiсiм) жасасу тәртiбiн, сонымен қатар, Басқарушының келiсiм шарттарын орындауын бақылау жасаудың механизмдерін айқындайды. Келiсiм жасау тендердi жеңiп алған қатысушыға одан тиiстi дәрежеде ресiмделген Объектiге қатысты белгілі шарттарды орындау талап етiлгенде объектіге иелiк ету, басқару және пайдалану (билік ету құқығынсыз), мемлекет берген ресiмдеу болып табылады.
Тарау 3. 3. Тендер комисcиясын құру
3. Тендер комисcиясын құру
Тармақ 3
3. Департамент құрамына мыналар кіретiн тендер комиссиясын құрады:
Тармақша 1
1) Облыстық коммуналдық меншік департаменті;
Тармақша 2
2) Облыстық қаржы департаменті;
Тармақша 3
3) Облыстық әділет департаменті (келісімі бойынша);
Тармақша 4
4) Облыстық экономика департаменті;
Тармақша 5
5)Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы;
Тармақша 6
6) Облыс әкімінің аппараты. Жоғарыда көрсетілген өкілдер тендер комиссиясының жұмысына тендер комиссиясының құрамы туралы облыстық коммуналдық меншік департаментінің бұйрығы негізінде қатысады. Тендер комиссиясының төрағасы департаменттің өкілі болып табылады.
Тармақ 4
4. Тендер комиссиясы:
Тармақша 1
1) басқаруға берiлетiн Объектiлер туралы ақпараттық хабарламаны жариялауды белгiленген тәртiпте ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) өз жұмысының регламентiн жасайды және бекiтедi;
Тармақша 3
3) қажет болған жағдайда кеңес беретiн фирмаларды тартады;
Тармақша 4
4) тендер комиссиясына беру үшiн қажеттi басқа құжаттарды және 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түскен өтiнiштердi тез арада тiркейдi және қабылдайды, берiлген құжаттардағы кемшiлiктердi қысқа мерзiмде жою үшiн қажеттi шаралар қабылдағаны туралы қатысушыларға хабарлайды. Басқа қаладан тысқары қатысушылар үшiн тiркеу күнi өтiнiш берген күннен почта белгiсi соғылғаннан бастап саналады;
Тармақша 5
5) осы ережемен танысу үшiн қатысушыға ұсынады;
Тармақша 6
6) тендердiң жеңiмпазын анықтайды;
Тармақша 7
7) тендердiң нәтижесi туралы хаттамаға қол қойылады.
Тарау 4. 4. Тендерге объектiнi дайындау
4. Тендерге объектiнi дайындау
Тармақ 5
5. Сенiмгерлiк басқаруға объектiнiң мемлекеттiк пакет акциясын беру туралы облыс әкімиятының қаулысынан уәкiлеттi орган берiлетiн объектiлердi соңғы 2 (екi) жыл iшiндегi шаруашылық қызметi туралы толық ақпарат тапсырады.
Тарау 5. 5. Тендер өткiзу туралы хабарлама
5. Тендер өткiзу туралы хабарлама
Тармақ 6
6. Тендер комиссиясы объектi туралы баспасөзде жариялау арқылы ақпарат хабарлайды.
Тармақ 7
7. Тендердiң өткiзiлуi туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөзде тендер өткiзiлгенге дейiн ең кем дегенде 30 күн iшiнде хабарлама жариялануы тиiс. Тиiмдiлiктi жақсарту мақсатында халықаралық баспасөзде объект туралы толық ақпаратты қамтитын қосымша ақпарат бюллетенi жариялануы мүмкiн.
Тармақ 8
8. Хабарлама жарияланғаннан кейiн Департамент басқаруға берiлетiн объектi туралы ақпаратқа барлық ниет бiлдiрушiлердi еркiн жiбередi.
Тарау 6. 6. Қатысушыларға қойылатын талаптар
6. Қатысушыларға қойылатын талаптар
Тармақ 9
9. Тендерге қатысуға өтiнiш және басқа да қажеттi құжаттарды уақытылы берген жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар және шетелдiк заңды тұлғалар жiберiледi. Бұдан басқа, өтiнiш берген жеке тұлға қажеттi бiлiмдi меңгеруi және осы немесе аралас салада жұмыс тәжiрибесi болуы тиiс, ал заңды тұлға кәсiпорынды (объектiнi) басқаруға жоғарыда көрсетiлген деректердi игерген өкiлi болуға тиiс.
Тармақ 10
10. Тендерге қатысу үшiн тендер комиссиясының мекен-жайына мынадай қажеттi құжаттарды тапсыруы керек:
Тармақша 1
1) 1-қосымшаға сәйкес тендерге қатысу үшiн өтiнім;
Тармақша 2
2) бизнес-жоспар;
Тармақша 3
3) жеке конвертте жабылған тендер ережесi бойынша жазбаша үлгiдегi ұсыныс;
Тармақша 4
4) қатысушының қаржылық мүмкiндiгiн дәлелдейтiн құжаттар; Заңды тұлғалар нотариалды куәландырылған құжаттарды, сонымен қатар тиiстi органда олардың мемлекеттiк тiркеуден өткенiн растайтын құжаттарды қосымшаға тапсырады.
Тармақ 11
11. Қатысуға өтiнiш қабылдау тендер өткiзiлетiн күннiң алдында күндiзгi 18 сағатта аяқталады. Белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiн өтiнiштер мен құжаттар қабылдау тоқталады.
Тармақ 12
12. Тендер комиссиясы құжаттарды алғаннан кейiн өтiнiш берушiге оны өтiнiшiнiң тіркелген күнi көрсетiлiп, тендерге оның қатысуы туралы хабарлама жiберiледi. Хабарлама жiберiлген сәттен бастап өтiнiш берушi тендерге қатысушы мәртебесiн алады. Өтiнiш берушiлерге 7 күн мерзiм iшiнде өтiнiштерiнiң қарауға қабылданылмағаны немесе қайтарылған туралы себебi көрсетiлiп хабарланады.
Тармақ 13
13. Тендерге қатысуға өтiнiш берушi тұлғалар туралы мәлiмет беруге болмайды.
Тармақ 14
14. Тендерге қатысушылардың кепiлдiк жарналары тендердi ұйымдастыру жөнiндегi шығындарды өтеуге жұмсалады, оның iшiнде:
Тармақша 1
1) жеке жобаларды жасау бойынша консалтингтiк қызметтер;
Тармақша 2
2) даулы мәселелер және мемлекеттiк заңды тұлғалар болмаса мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғаларды бекiту, оларды қайта құрылуы, таратылуы, кепiлдiкке объектiлердi беруге, сауықтыру рәсiмiн жүргiзуге, жалға сенiмгерлiк басқаруға, жекешелендiру туралы шешiм қабылдау жолымен проблемаларды шешу бойынша нақты жерлерге бару жөнiндегi iс-сапар шығындары;
Тармақша 3
3) қалааралық, халықаралық телефон байланыстарын төлеу;
Тармақша 4
4) объектiнi қорғау үшiн төлем;
Тармақша 5
5) көлiк үшiн төлем;
Тармақша 6
6) жарнама және ақпаратты қамтуға арналған шығындар;
Тармақша 7
7) қағаздарды, бланкiлердi, кеңсе тауарларын, компьютерлердi, құжаттарды түптеудi, жабдықтарды, техникаларды жөндеу үшiн қосалқы бөлшектердi сатып алу;
Тармақша 8
8) тендерлердi өткiзуге тiкелей қатысқан қызметкерлердi және жұмыс уақытынан тыс жұмыс iстегендердi материалдық ынталандыру.
Тармақ 15
15. Жеңiмпаз болмаған тендерге қатысушыға тендердi ұйымдастыру және өткiзу бойынша шығындарды жабуға жiберiлген сомадан 10 проценттiк шегерiм кепiлдiк жарнасы қайтарылады. Кепiлдiктi қалған сомасы тендер жеңiмпазы анықталғаны туралы хабарландыру жариялаған күннен 20 банктiк күн iшiнде қатысушыға қайтарылады.
Тармақ 16
16. Тендер жеңiмпазы болған қатысушыға кепiлдiк жарнасы қайтарылмайды.
Тарау 7. 7. Тендер өткiзу тәртiбi
7. Тендер өткiзу тәртiбi
Тармақ 17
17. Тендер комиссиясы қатысушылардың ұсынысын жеңiмпазды анықтау өлшемдерiне байланысты қарайды. Тендер комиссиясының жобаларға тәуелсiз сараптама жүргiзуге құқығы бар.
Тармақ 18
18. Тендер комиссиясының шешiмi оның мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстың тепе-теңдiк жағдайында төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Дауыстардың теңдiгi кезiнде тендер комиссиясы келiссөзге қатысушыларды шақыруға және олардың келiсiмiмен жеңiмпазды анықтау үшiн қосымша тендер өткiзуге құқығы бар. Объектiнiң жұмысын жақсартуға бағытталған қосымша ұсыныстарды тендер комиссиясына ұсынған қатысушы жеңiмпаз болып табылады.
Тармақ 19
19. Тендер комиссиясының шешiмi хаттамамен рәсiмделедi, тендер комиссиясының мүшелерiнiң, оның төрағасының және сауда-саттықтың жеңiмпазы аталған тұлғаның қолдары қойылады. Тендердiң қорытындысын жеңiмпаз хабарлаған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде олардың қатысушылары жоққа шығаруы мүмкiн.
Тармақ 20
20. Тендер қорытындысы жеңiмпаз хабарланған күннен бастап 5 күнтiзбелiк күн iшiнде бекiтiледi. Тендер қорытындысы бекiтiлмеген, тендерге қатысуға өтiнiштiң жоқтығы немесе жеңiмпаздығы туралы тендер комиссиясының шешiмi қабылданбауы жағдайында Департаменттiң жаңадан тендер жариялауға құқығы бар, тиiстi тендер комиссиясының тендердiң ережесiн өзгертуге нұсқау бередi.
Тарау 8. 8. Келiсiм-шарттың жасалуы
8. Келiсiм-шарттың жасалуы
Тармақ 21
21. Объектiнi басқаруға арналған келiсiм-шартқа Департамент тендер қорытындыларын бекiткеннен кейiн ең кем дегенде 10 күннен кешiктiрмей Тараптар қол қоюға тиiс. Департамент және тендер жеңiмпазы арасындағы жасасқан келiсiм-шарт 3 қосымшаға сәйкес үлгi бойынша жасалады.
Тармақ 22
22. Тараптар қол қойған объектiнi басқаруға арналған құқық Департаменттiң қабылдау-беру актiсi келiсiм-шартты негiзгi бөлiгi болып табылады.
Тарау 9. 9. Келiсiм-шарттың ережелері
9. Келiсiм-шарттың ережелері
Тармақ 23
23. Келiсiм-шарттың негiзгi ережелерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) өндiрiстiң профилiн, бiрқалыпты деңгейде немесе одан ірi оны көбейтуге өнiмдердiң шығару көлемiн сақтау;
Тармақша 2
2) Объектiнiң мүлiктiк кешенiне жататын әлеуметтiк салалар объектiлерiн қаржыландыру және ұстау;
Тармақша 3
3) жұмыс орнының бәрiн немесе келiсiм-шартпен айқындалған санын сақтау;
Тармақша 4
4) Объектiнiң қызметкерлерiне өндiрiстiк зақымнан және өндiрiсте кездейсоқтық жағдайдан Объектi қызметкерлерiнiң өмiрiн сақтандыру және денсаулығын әлеуметтiк кепiлдiкпен қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Объектiлердiң мүлкiн өрттен, жарылыстан, апаттан, табиғат зардаптарынан сақтандыру;
Тармақша 6
6) өнiмдердiң сапасын және оның бәсекелестiгiн арттыру, өндiрiс өнiмдiлiгiн төмендету;
Тармақша 7
7) қабылдау-беру актiлерiне қол қою сәтiндегi объектiнiң барлық берешектерiн жою (өтеу);
Тармақша 8
8) жер қойнауын, қоршаған ортаны және еңбектi қорғауға байланысты нормалар мен ережелердi сақтау;
Тармақша 9
9) қаржы қаражаттарын тарту жөнiндегi мiндеттемелер: айналымдағы қаражаттар негiзiнде тауар, инвестиция несиелерi;
Тармақша 10
10) монополияға қарсы реттеуге жататын шығарылатын өнiмдерге (тауарлар, қызметтер) бағаның қалыптылығы жөнiндегi мiндеттемелер;
Тармақша 11
11) өзара келiсiмдi баға бойынша отандық тауар өндiрушiлер үшiн iшкi рыноктың сұраныстарын қанағаттандыру жөнiндегi мiндеттемелер;
Тармақша 12
12) аймақтарды және салаларды дамытудың мемлекеттiк инвестициялық стратегиясына сәйкес орта және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған Объектiлерге инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру жөнiндегi фирма басқарушысының мiндеттемелерi мен құқықтары;
Тармақша 13
13) Объектiнi қайта құру оның қаржылық қалыптылығы нәтижесiн қамтамасыз етудiң толық бағдарламасын жасау жөнiндегi фирма басқарушысының ұсынысы;
Тармақша 14
14) Объектiнiң күшiн ұстау;
Тармақша 15
15) бағалар, орта рыноктық бағадан төмен емес бағалар бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге өнiмдердi сату;
Тармақша 16
16) жiберiлетiн өнiмдерге алдын ала төлеу кезiнде жеңiлдiк проценттерiнiң әлемдiк стандартқа сәйкестiгi жөнiндегi мiндеттемелерi;
Тармақша 17
17) материалдар, шикiзаттар тұтынушылар мен ұлттық жеткiзушiлермен әсiресе дәстүрлi келiсiм-шарт қарым-қатынастарын нығайту.
Тармақ 24
24. әрбiр жеке жағдайда Объектiнiң ерекшелiгiне байланысты талап ету өзгеруi және толықтырылуы мүмкiн. Осы жағдайда тендер комиссиясы өндiрiстiк секторды құрылымдық-салалық бағытына байланысты келiсiм-шартта сенiмгерлiк басқаруға:
Тармақша 1
1) Облыстың коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік үлесі;
Тармақша 2
2) Кәсіпорындар және коммуналдық меншік объектілерінің жекелеген түрлері.
Тарау 10. 10. Келiсiм-шарт мерзiмдерi
10. Келiсiм-шарт мерзiмдерi
Тармақ 25
25. Департамент пен Басқарушы арасындағы келiсiм-шарт оған қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi. Есептеу мерзiмi Объектiнiң Басқарушысына Департаменттiң берген күнiнен бастап есептеледi.
Тармақ 26
26. Келiсiм-шарт өндiрiстiк сектордың құрылымдық-салалық мәнiне байланысты 10 жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.
Тарау 11. 11. Ерекше шарттар
11. Ерекше шарттар
Тармақ 27
27. Келiсiм-шарт ережелерiн атқару кезiнде Басқарушыға объектiнi сатып алуға айрықша құқық берiлуi мүмкiн. Объектiнiң сатып алу мерзiмдерi басқаруға және құнының мөлшерiн Департамент белгiлейдi.
Тарау 12. 12. Тараптардың жауапкершiлiгi
12. Тараптардың жауапкершiлiгi
Тармақ 28
28. Келiсiм-шарт бойынша мiндеттердi орындамау және/немесе тиiстi атқарылмауы жағдайында Тараптарға Қазақстан Республикасының белгiленген заңдарына байланысты жауапкершiлiк жүктеледi. Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелмеген мәселелер және келiсiм-шарт ережелерi бойынша Қазақстан Республикасы мақұлдаған халықаралық келiсiмдердiң нормалары қолданылады.
Тармақ 29
29. Келiсiм-шарт талаптары мен ережелерiн бұзудың тiкелей және жасырын үлгiсiндегi мәмiлелер жарамсыз болып табылады, ал оларды жүзеге асырған кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының белгiленген заңдарымен жауап бередi.
Тармақ 30
30. Жауапқа тартуда келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiнен кiнәлi тұлғалар босатылмайды.
Тармақ 31
31. Осы ереженің тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын бұзу жағдайында кiнәлi тараптар басқа тараптан осындай бұзу материалдық зияндарды қосқанда барлық тiкелей шығындарды өтеудi талап етуге құқығы бар.
Тарау 13. 13. Форс-мажор
13. Форс-мажор
Тармақ 32
32. Тараптар мiндеттемелердi толық немесе iшiнара орындамағандары, сондай-ақ жасалған келiсiм-шарт бойынша олардың орындалуын кешiктiргенi үшiн жауапкершiлiктен босатылады, егер ол жеңе алмас күштердiң (форс-мажор) жағдайларының салдары болып табылса. Жеңе алмас күштердiң жағдайларына тараптар бақылауына кiретiн кез келген оқиғалар, атап айтқанда: әскери шиеленiстер, табиғат апаттары, табиғат зардаптары (су тасқыны, жер сiлкiну және т.б.) жатқызылады.
Тармақ 33
33. Форс-мажор жағдайлары болған кезде одан зардап шеккен тарап тез арада қағаз жүзiнде оқиғаның басталған күнiн көрсете отырып басқа тарапты бұл туралы хабардар етедi және форс-мажор жағдайларының дәлелдемесiн тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 34
34. Жасалған келiсiм-шарт бойынша мiндеттеменiң атқарылу мерзiмi белгiсiз уақытқа, яғни форс-мажор жағдайлары туындаған кезде ұзартылады.
Тарау 14. 14. Келiсiм-шарт талаптарының орындалуын бақылау
14. Келiсiм-шарт талаптарының орындалуын бақылау
Тармақ 35
35. Келiсiм-шарт ережелерiнiң орындалуына бақылауды Департамент жүзеге асырады. Осы мақсатта Департамент тиiстi өкiлдерiнен жұмысшы тобын құрады. Жұмысшы тобы өзiнiң жұмысын фирма басқарушысының мiндеттемесiн ескере отырып, жасалынған келiсiм-шартқа сәйкес ұйымдастырады. Фирма басқарушысы жұмысшы тобының қарауына белгiленген мерзiмде және бекiтiлген үлгi бойынша құжаттарды (есептер) тапсырады.
Тарау 15. 15. Келiсiмнің әрекет етуін тоқтату шарттары
15. Келiсiмнің әрекет етуін тоқтату шарттары
Тармақ 36
36. Келiсiм-шарт өзiнiң қызметiн мынадай себептердiң бiрi бойынша тоқтатады:
Тармақша 1
1) келiсiм-шарт қызметi мерзiмiнiң аяқталуы бойынша, егер оның қызметi тараптар келiсiмi бойынша ұзартылмаған жағдайда;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес осы қағиданың "Форс-мажор" бөлiмiнiң 1-тармағына сәйкес және алмас күштер жағдайларына (форс-мажор) тараптардың бiреуi осы келiсiм-шарт ережелерiн орындамаса немесе елеулi түрде бұзса;
Тармақша 3
3) тараптардың бiрi басқа тараптардың келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа өзiнiң мүддесiнiң кез келген бөлiгiн бергенде;
Тармақша 4
4) соттың тиiстi шешiмi негiзiнде.
Тармақ 37
37. Объектi қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелерiн Басқарушы келiсiм-шартта белгiлеген мерзiмде орындамаған жағдайда Департамент келiсiм-шартты бiржақты ретпен бұзады, ол туралы Басқарушыға 15 күн iшiнде ескертедi.
Тарау 16. 16. Дауларды шешу
16. Дауларды шешу
Тармақ 38
38. Осы Ережелермен реттелмеген барлық мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Заңдарын және Қазақстан Республикасының аумағында пәрмендi құқықтық мәртебесi бар, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдердiң нормаларын басшылыққа алады.
Тармақ 39
39. Келiсiм-шарт бойынша Объектiлердi және/немесе акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқаруға құқық беру кезiнде туындаған даулар тараптардың өзара келiсiмi бойынша немесе сот арқылы қаралады. Тараптар 60 (алпыс) күн iшiнде оларды шешу мүмкiн емес жағдайда оларға соңғы нүктенi тиiстi сот қояды. Осы органның шешiмi екi тарап үшiн түпкiлiктi болып табылады.
Басқа 113. Тендерге қатысуға өтінім (жеке немесе заңды тұлға толтырады)
"Кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік  акциялар пакеттерін, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік үлесін сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 3 маусымдағы N 280 қаулысына 1-қосымша _____________________________ ______ ______________________ Тендер комиссиясының төрағасы _____________________________ Тендерге қатысуға өтінім (жеке немесе заңды тұлға толтырады) 1. Акциялардың мемлекеттік пакеттерін басқаруға құқық берілетін акционерлік қоғам туралы жарияланған ақпарат хабарламасын зерттеп, оның сенімгерлік басқару және беру ережелерімен таныса отырып, ________________________________________________________________ _____________________________________________________________ (хабарлама жарияланған басылымның атауы, N-і, күні) ________________________________________________________________ (объектінің толық атауы) мен (төмендегі келісім-шартқа қол қоюға өкілетті біздер) ________________________________________________________________ ұсынылған ережелерге арналған объектілерді сенімгерлік басқаруға және осы өтінішке ұсынылған өзімнің ұсыныстарыма сәйкес келісім-шарт жасауға келістім. 2. Егер менің (біздің) ұсыныстарымыз қабылданған жағдайда өзіме тендер қорытындылары хабарлаған сәттен бастап, кемінде 10 күн мерзімде келісім-шарт жасауға міндеттеме аламын (аламыз). 3. Келісім-шартқа қол қойылғанға дейін менің (біздің) ұсыныстарымыздың қабылданғаны туралы сіздердің жазбаша хабарламаларыңызбен бірге осы өтініш біздің арамыздағы күші бар шарт деп есептелінеді. 4. Тендердің шешімі мен қорытындысын мына мекен-жайға: ____________________________________________________________________ салып жіберуді өтінемін (өтінеміз). Осы өтінішке қоса мынадай құжаттар ұсынылады:__________________________________________________________ (ереженің "қатысушыларға қойылатын талаптар" бөлімінің 2-тармағына сәйкес) ___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) ___________________________________________________________________ (уәкілетті тұлғаның қызметі, аты-жөні) қолы ___________ қабылданды: "____"__________200__ж. "___"________200__ж. қолы ______________ (құжатты қабылдауға уәкілетті, тендер комиссиясының мүшесі)
Басқа 114. "__________" мемлекеттік кәсіпорынды (акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін) кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру жөнінде Келісім
"Кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік  акциялар пакеттерін, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік үлесін сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 3 маусымдағы N 280 қаулысына 2-қосымша "__________" мемлекеттік кәсіпорынды (акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін) кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беру жөнінде Келісім Шымкент қ. "___"__________200__жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" Заң күші бар 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес, "Кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік үлесін сенімгерлік басқаруға беру ережесі" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 200__ жылғы "____"______N_____ қаулысымен бекітілген Ереженің негізінде әрекет ететін Облыстық коммуналдық меншік департаменті, департамент директоры __________________ арқылы (бұдан әрі - "Меншіктенуші") - бірінші Тараптан және _______________ _____________ Жарғысының негізінде әрекет ететін,__________________ арқылы (бұдан әрі - "Басқарушы") - екінші тараптан, осы Келісім-шартқа қол қойды. Оңтүстік Қазақстан облысы уәкілетті өкілінің функциясын жүзеге асыра отырып, меншіктенуші __________________ мемлекеттік кәсіпорынды (бұдан әрі - "ұйым") (акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін) кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға береді. ұйым акцияларының мемлекеттік пакетін Жарғылық капиталдың ___% мөлшерінде кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға беруге арналған, 200__жылғы "__"_________ аяқталған ашық тендердің нәтижесінде Басқарушы жеңімпаз болып табылады. Тендердің хаттамасы осы келісім-шартқа қосымша беріліп отыр. Сенімгерлік басқару деп Тараптар Басқарушы өз шотының, сондай-ақ заемдық немесе басқа жолмен жинақталған, оның ішінде осы Келісім-шарттың қағидалары бойынша қайта инвестицияланған және енгізілген қаржылардың есебінен Басқарушы айқындайтын және жүзеге асыратын, ұйымдарды қаржылық-экономикалық сауықтыруға, дамытуға, қайтадан құруға, технико-технологиялық тұрғыдан қайтадан жабдықтауға; ұйымның тұрақты ағымдағы өндірістік қызметін қамтамасыз ететін келешекті ұйымдық-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар кешенін іске асыру үшін қолайлы қаржылық ахуал жасауға арналған іс-әрекеттер мен шаралардың кешенін Басқарушының жүзеге асыруы мақсатында акциялардың мемлекеттік пакетін пайдалануға тапсырып беру деп түсінеді. Осы Келісім-шарттың Тараптары мына төмендегілер туралы уағдаласты:
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 40
1.1 Ұйым ___________ қ. әділет басқармасында 200__ ж. "__"__________, N-мен тіркелген. Ұйым Жарғысының көшірмесі, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік осы Келісім-шартқа қоса беріліп отыр.
Тармақ 41
1.2 Меншіктенуші ұйымға кепілдік рұқсаты берілмегенін, оның сатуға шығарылмағанын және үшінші тұлғалардың өзгеше құқықтармен байланысты емес екенін растайды.
Тармақ 1.3
1.3. Басқарушының функциясын осы Келісім-шартқа сәйкес "____________" заңды тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 1.4
1.4 Меншіктенуші ұйымның шаруашылық іс-әрекетіндегі мемлекеттік қатысушы өкілінің құқықтары мен міндеттерін тапсырып береді, ал Басқарушы қабылдап алады. бұл ретте, осы Келісім-шартта сөз болған жағдайлардан басқасында, ұйымды меншіктену құқығы өзгермейді.
Тармақ 1.5
1.5 Мемлекеттік қатысушыға осы Келісім-шарттың ережелері және Басқарушының Бизнес-жоспары негізінде ұйымды сенімгерлік басқаруға беруге байланысты мемлекеттік қатысушының өкілеттіктері Басқарушыға беріледі. Басқарушыға басқару құқықтарын беру Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртіппен және ережелермен кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) ұйымды оған сенімгерлік басқаруға беру жолымен жүзеге асырылады. Басқарушының ұйымды сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруына арналған құқығын растайтын негіз осы Келісім-шарт және Меншіктенушінің сенімхаты болып табылады.
Тарау 2. 2. Тараптардың құқықтары
2. Тараптардың құқықтары
Тармақ 2.1
2.1. Меншіктенушінің мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) Басқарушымен тікелей келіссөздерде Қазақстан Республикасын білдіру;
Тармақша 2
2) Осы Келісім Қазақстан Республикасы үкіметінің атынан қол қою;
Тармақша 3
3) әрбір толық қаржылық жыл аяқталған соң ұйымның құжаттарын жоспарлы түрде тексеріп отыру;
Тармақша 4
4) Осы Келісім және оны дамыту барысында жасалған барлық қосымша келісімдер бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылау.
Тармақ 2.2
2.2. Басқарушының мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) Осы келісім-шартта айтылған ережелер бойынша ұйымды пайдалану;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдары мен осы келісім-шартта берілген құқықтар шеңберінде кез келген заңды әрекеттерді қолдану;
Тармақша 3
3) Заңдар талаптарына жауап бере алмайтын немесе ұйымның іс-әрекетінің мазмұнына қайшы келетін, бұрын жасалған шарттарды, келісімдерді және келісім-шарттарды тексеріс, қайта қарау немесе бұзу шараларын жүргізу. бұл ретте келісімді қатынастарды тексеруді, ұзартуды және бұзуды Басқарушының өзі жүргізеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымның қаржы-шаруашылық әрекетін жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) Осы Келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде оның барлық ережелері орындалған жағдайда, заңдарда қарастырылған тәртіп пен ережелер бойынша және меншіктенушінің келісімімен ұйымды мерзімінен бұрын сатып алуды жүргізу (кейіннен сатып алу құқығы қарастырылған жағдайда).
Тарау 3. 3. Тараптардың міндеттемелері
3. Тараптардың міндеттемелері
Тармақ 1
1. Меншіктенушінің міндеттері:
Тармақша 1
1) ұйымды сенімгерлік басқаруға, яғни Басқарушының пайдалануына кейіннен сатып алу құқығымен беру;
Тармақша 2
2) Президент немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі ұйымды сату туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, Басқарушы үшін осы Келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде аталған келісім-шарт бойынша оған берілген ұйым ды толық көлемінде сақтау;
Тармақша 3
3) Басқарушыға осы Келісім-шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде жоғарыда аталған барлық құқықтарды, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген құқықтарды сақтауға кепілдік беру.
Тармақ 2
2. Басқарушының міндеттері:
Тармақша 1
1) ұйымның өндірістік сипатын сақтау;
Тармақша 2
2) Кемінде 3 жылдық мерзімге арналған ұйымның индикативтік жоспарын әзірлеу;
Тармақша 3
3) жұмыстарды жүргізген кезде озық технологияларды қолдану және жұмысқа білікті мамандарды тарту, ішкі рыноктың қызметтермен және тауарлармен толықтырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) өнімнің сапасын және оның бәсекелестік қабілетін арттыру, өндіріс шығындарын азайту үшін қажетті әрекеттер жасау;
Тармақша 5
5) Осы Келісімге қосымша Бизнес-жобаға сәйкес сауда, техникалық және әлеуметтік бағдарламалардың кешенін іске асыру;
Тармақша 6
6) әрбір тоқсан біткенде Меншіктенушіге қаржы-шаруашылық және сауда-өндірістік іс-әрекеттер бойынша осы Келісім-шарттың ережелерінің орындалу барысы туралы Меншіктенушіге ұдайы ақпарат беріп түру, ұйымның сауда-өндірістік іс-әрекеті жүзеге асырылуына байланысты барлық шығыстар мен шығындардың толық әрі нақты бухгалтерлік есебін жүргізу;
Тармақша 7
7) әр жылдың тамыз айында келер жылға арналған ұйымды дамытудың болжамды көрсеткіштерін Меншіктенушіге келісу үшін тапсыру.
Тармақша 8
8) Меншіктенушінің, сондай-ақ қаржы және салық органдарының бірінші талап етуі бойынша ұйым қаражаттарының қалыптасуы мен шығыстарына қатысты барлық есепті беру;
Тармақша 9
9) Келісімнің бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде жұмыс орындарының мүмкіндігінше ең көп мөлшерін сақтау, жұмыс орындарының санын қысқартуды жүргізуден екі ай бұрын мемлекеттік жұмыспен қамту қызметін хабардар ету. әлеуметтік кепілдікті, ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын өндірістік жарақаттардан және өндірістегі оқыс жағдайлардан сақтандыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) Келісімнің бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде ұйымның көрсететін қызметтері мен тауар айналысының көлемін оны басқаруға беру сәтіне дейінгі ұйымның статистикалық және бухгалтерлік есептемесінде көрсетілген деректерден кем емес мөлшерде сақтау;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті аударымдарды уақытында жүргізу;
Тармақша 12
12) ұйымның айналыстағы қаражаттарының Бизнес-жоспарда белгіленген - мөлшердегі, қажетті деңгейге дейін толықтырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) Келісімнің әрекет ету кезінде ұйымның инвестициялық бағдарламаларын осы келісім-шартқа қоса беріліп отырған Бизнес-жоспарға сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) ұйым сенімгерлік басқаруға берілген сәтте болған ұйымның барлық деңгейдегі бюджеттер алдындағы несиелік, оның ішінде жалақы жөніндегі қарыздарын осы Келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде, өзге несиелік қарыздарды - Меншіктенушімен келісілген және осы Келісім-шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылатын қарыздарды өтеу кестесіне сәйкес жабу;
Тармақша 15
15) ұйымның мерзімі өткен дебиторлық берешегінің сомасын қайтару жөнінде қажетті әрекеттер жасау;
Тармақша 16
16) Басқарушының оперативтік шаруашылық іс-әрекетіне байланысты активтердің өзгеруін ескере отырып, ұйым мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) Заңдарда қарастырылған тәртіппен, салық органдары статистикалық және қаржылық есептемелерді қабылдап және бекіткеннен кейін, сенімгерлік басқаруға берілген акциялардың мемлекеттік пакетінің дивидендтерін міндетті түрде және тоқсан сайын акционерлердің; жиналысы арқылы есептеп шығаруды және олардың бюджетке аударылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) ұйымның мүліктік кешеніне енетін әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыру және ұстау;
Тармақша 19
19) ұйымның мүліктерін өрттен, жарылыстан, авариядан, табиғи апаттан сақтандырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғауға және еңбекті қорғауға қатысты нормалар мен қағидалардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) шығарылатын өнімдер (тауарлар, қызмет көрсетулер) жөніндегі бағалардың монополияға қарсы реттеуге сәйкес белгіленуін қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) ұйымның жұмылдыру қуаттарын қолдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 23
23) өнімдердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орташа нарықтық бағаның деңгейінен төмен емес бағалар бойынша сатылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 24
24) жөнелтілетін өнім үшін алдын ала ақы төленген жағдайда әлемдік стандарттарға сәйкес шегерім проценттерін қамтамасыз ету;
Тармақша 25
25) Басқарушының осы Келісім-шарт бойынша өз міндеттерін жүзеге асыру кезеңінде оның кінәсінен ұйымның тікелей зияндары пайда болған жағдайда, оларды өз есебінен жабу;
Тармақша 26
26) Басқарушыға қарасты активтердің, акциялар пакетінің 20%-тен асатын құнын кепілдікке беруді Меншіктенушімен келісу;
Тармақша 27
27) Басқару кезеңінде Меншіктенушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз - ұйымның объектілерін, оның акцияларын, оның ішінде басқа акционерлік қоғамға, не заңды тұлғаға салым ретінде шеттету;
Тармақша 28
28) Келісім-шарт күшіне енген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде Меншіктенушінің Басқарушыға ұйымды берген күніндегі баланстың активтері мен пассивтерін түгендеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 29
29) осы Келісім-шарт жасалғаннан кейін ұйымның қаржы-шаруашылық жағдайына баға беру үшін тәуелсіз аудитор тағайындау. Аудиторлық тексерудің қорытындылары салыстыру үшін Меншіктенушінің қарауына тапсырылады және осы Келісім-шартқа қосымша ережелерді келісу және/немесе оның ережелерін өзгерту үшін негіз бола алады.
Тарау 4. 4. Ұйымды сату
4. Ұйымды сату
Тармақ 1
1. Ұйымды сату туралы шешімді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Меншіктенуші қабылдайды.
Тарау 5. 5. Тараптардың жауапкершілігі
5. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 1
1. Осы Келісім-шарттың ережелері орындалмаған немесе лайықты орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мүліктік жауапкершілік көтереді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Келісім-шарттың ережелерімен реттелмеген мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісімдердің нормалары басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Осы Келісім-шарттың талаптары мен ережелерін тікелей немесе заңдарды жасырын түрде бұзатын сауда-саттықтар жарамсыз болып табылады, ал олардың жасалуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады, мұның өзі оларды келтірілген зиянның орнын толтыру міндетінен босатпайды.
Тармақ 4
4. Осы келісім-шартта белгіленген жағдайларды қоспағанда, Басқарушы осы Келісім-шарт бойынша құқығын қолына алғанға дейін, ұйымның бухгалтерлік, қаржы-шаруашылық, сауда-өндірістік және өзге де іс-әрекетінің нәтижелері үшін Басқарушы жауап бермейді.
Тармақ 5
5. Осы Келісім-шарт жасалғанға және басқарушының акцияларды пайдалану мен басқару құқығына ие болғанына дейін ұйымның атынан жасалған немесе жүргізілген барлық жазбаша өтініштер, мәмілелер, келісімдер мен өзге де құжаттар тек оларды Басқарушы мақұлдаған жағдайда ғана жарамды болып табылады.
Тарау 6. 6. Форс-мажор
6. Форс-мажор
Тармақ 1
1. Тараптар жауапкершіліктерінің толық және ішінара орындалмағаны үшін, сондай-ақ олардың осы Келісім-шарт бойынша орындалуын тежегені үшін, егер олар тежеусіз күш жағдайларының (форс-мажор) салдарынан болса, жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 2
2. Тежеусіз күш жағдаяттарына осы Келісім-шарттың бақылау шегінен немесе осы келісім тараптарының бақылауынан немесе ықпалынан шығып кететін және тараптардың жағдайын нашарлататын кез келген оқиғалар, сонымен бірге: әскери жанжалдар, табиғат апаттары, кездейсоқ оқиғалар (су тасқыны, жер сілкінісі және с.с.) жатады.
Тармақ 3
3. Тежеусіз күш жағдаяттары пайда болған жағдайда олардан зардап шеккен тарап бұл туралы басқа тарапқа оқиғаның басталған уақытын және форс-мажорлық жағдайларды сипаттай отырып, тез арада жазбаша түрде хабарлайды. Тараптар күш-жігерлерін біріктіріп бұл жағдаяттарды барынша басу үшін мүмкін болған барлық шараларды қолданады.
Тармақ 4
4. Осы Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімі форс-мажорлық жағдайлар болған уақытқа тең кезеңге кейін ұзартылады.
Тармақ 5
5. Егер аталған жағдаяттар 6 айдан аса жалғасатын болса, тараптың әрқайсысы келісімдегі міндеттемелерінің одан әрі орындалуынан бас тартуға құқықты және бұл жағдайда тараптардың бір де бірінің басқа тараптан шығындарды қайтарып алуға, айыппұл шараларын қолдануға құқығы болмайды.
Тарау 7. 7. Құпиялылық
7. Құпиялылық
Тармақ 1
1. Тараптар Қазақстан Республикасының құпиялылықты сақтауға қатысты заңдарына сәйкес, барлық құжаттар, ақпараттар, есептер бойынша құпиялылықты сақтаудың мерзімдері мен шектерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Тараптардың бір де бірі басқа тараптың жазбаша келісімін алмайынша, құпиялылықтың әрекет ету мерзімі ішінде, Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, әлдеқандай үшінші тарапқа осы Келісімнің мазмұнын немесе құпия деп саналатын өзге ақпаратты ашуға құқығы жоқ.
Тармақ 3
3. Осы келісім тараптары басқа тараптың келісімінсіз бірінен бірі алған, келісім-шартты іске асыруға байланысты ақпаратты үшінші тұлғаға бермеуге міндеттенеді. бұл ереже Басқарушы басқа көздерден алған баршаға ортақ ақпаратты, сондай-ақ заң бойынша халыққа жариялануға немесе құзыретті органдар мен ұйымдарға берілуге тиісті ақпаратты қозғамайды. Жоғарыда айтылған міндеттемелер осы келісім-шарт әрекетін тоқтатқан күннен бастап үш жыл бойында күшін сақтайды және сондай-ақ Тараптардың қызметкерлері мен консультанттарына қолданылады.
Тарау 8. 8. Дауларды шешу
8. Дауларды шешу
Тармақ 1
1. Осы Келісім реттелмеген барлық мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын және Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық мәртебесі бар, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісімдердің нормаларын басшылыққа алады.
Тармақ 8
8. Келісім бойынша ұйымның акцияларының мемлекеттік пакетін басқару құқығын беру кезінде пайда болған даулар тараптардың өзара келісім бойынша қаралады. Заңда белгіленген мерзім ішінде тараптардың оларды шешуі мүмкін болмаған жағдайда, соттың Алқасына шешуге беріледі.
Тарау 9. 9. Келісімнің әрекет ету мерзімі
9. Келісімнің әрекет ету мерзімі
Тармақ 1
1. Осы Келісімнің әрекет ету мерзімі ___ жыл.
Тармақ 2
2. Келісім-шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және 20___ жылдың "__"______ ында аяқталады.
Тармақ 3
3. Келісім егер тараптар қажет деп тапса және өзара келіссе, кез келген мерзімге жазбаша түрде ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Осы Келісім-шарттың әрекеті тоқтатылған соң ол бойынша іс жүзіндегі қатынастар тараптар барлық мүліктік міндеттемелерін реттегеннен кейін тоқтатылады, бұл туралы олар тиісті актіге қол қояды.
Тарау 10. 10. Келісімнің әрекет етуін тоқтату шарттары
10. Келісімнің әрекет етуін тоқтату шарттары
Тармақ 1
1. Осы Келісім-шарт төмендегі себептердің бірі бойынша өз әрекетін тоқтатады:
Тармақша 1
1) егер тараптардың келісім бойынша оның әрекеті ұзартылмаған жағдайда, оның әрекет ету мерзімі біткенде;
Тармақша 2
2) тараптардың бірі, тежеусіз күш (форс-мажор) жағдаятына байланысты жағдайлардан басқа, Келісім-шарт ережелерін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес лайықты орындамаса немесе елеулі түрде бұзса;
Тармақша 3
3) Басқарушы инвестициялық бағдарламаны орындамаған немесе бұзған жағдайда;
Тармақша 4
4) Басқарушы Қазақстан Республикасының экономикасына зиян келтіретін саясат жүргізген жағдайда;
Тармақша 5
5) тараптардың бірі басқа тараптың келісімінсіз үшінші тарапқа өз мүддесінің кез келген бөлігін өткізіп берсе;
Тармақша 6
6) соттың тиісті шешімі негізінде.
Тармақ 2
2. Басқарушы өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе лайықты орындамаған жағдайда Меншіктенуші анықталған кемшіліктерді белгілі бір, бірақ 20 күнтізбелік күннен кем емес мерзімде түзету қажеттігі туралы Басқарушыға жазбаша ескертеді. Кемшіліктер түзетілмеген жағдайда Басқарушының атына Келісім-шарттың алдағы уақытта бұзылатыны туралы хабарлама жіберіледі. Мұндай жағдайда Меншіктенушінің Келісім-шартты біржақты түрде бұзуға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Осы Келісім-шарттың 2-тармағында қарастырылмаған негіздер бойынша Келісім-шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, кінәсіз тарап, барлық тікелей шығындарды, келісім-шарттың осы бұзылуынан болған материалдық зияндарды қоса, өтеуді басқа тараптан талап етуге құқықты.
Тармақ 4
4. Тараптардың осы Келісім-шарт бойынша қатынастары олардың барлық мүліктік наразылықтары реттелген соң тоқтатылады, бұл туралы олар (тараптар) Акт жасайды, оған қол қойылған сәттен бастап осы Келісім-шарт әрекетін тоқтатады.
Тармақ 5
5. Тараптардың өзара келісе отырып осы келісім-шартты бұзуға құқықтары бар.
Тарау 11. 11. Ерекше шарттар
11. Ерекше шарттар
Тармақ 1
1. Меншіктенуші мен Басқарушының, өзара келісе отырып, қолданылып жүрген тәртіпке сәйкес осы Келісім-шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ осы Келісім-шартты іске асыруға байланысты қажетті қосымша келісімдер жасасуға құқықтары бар.
Тармақ 2
2. Осы Келісім-шартқа енетін барлық қосымшалар мен толықтыруларға тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюға тиіс. Бұл ретте, осы Келісім-шарт пен оның қосымшалары мәтіндерінің мағынасы мен құрамында алшақтықтар болған жағдайда, неғұрлым соңғы уақытта жасалған құжаттар заң күшіне ие болады.
Тармақ 3
3. Осы Келісім-шартқа енгізілген кез келген өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалған және құқығы бар лауазымды тұлғалар қайтадан қол қойған кезде ғана жарамды.
Тармақ 4
4. Келісім-шарт үш данада жасалды, оның екеуі орыс және біреуі мемлекеттік тілде, әрқайсысының заңды күштері бірдей, олардың екеуі Меншіктенушіде, біреуі Басқарушыда сақталады.
Тармақ 5
5. Осы Келісім-шартқа қосымша берілген құжаттар оның әрекет етуінің бүкіл кезеңінде сақталады.
Тарау 12. 12. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен реквизиттері
12. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен реквизиттері "Меншіктенуші" - "Басқарушы" - Оңтүстік Қазақстан облыстық коммуналдық меншік департаменті г. Шымкент Иляева көшесі, 24 Е/Ш 259132201 К/Ш 900161126 СТН 582100231804 Облыстық қазынашылық басқармасы Департамент бастығы Директор М. Сабденов_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _