О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в Бородулихинском районе Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бородулиха ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бородулиха ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4%-дан 3%-ға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.