О создании комиссии по выдаче разрешений на привлечение иностранной рабочей силы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөнінде комиссия құру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардагы №148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 21-тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңы 11-бабы 2-1 тармағына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 зсылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 каулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия косымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Шетел жұмыс күшің тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия туралы қоса берілген ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Тартылатын жұмыс күшіне рұқсаттар беру, олардың іс-әрекетінің мерзімдерін ұзарту мен қысқарту, рұқсаттарды тоқтату, тізімін бекіту үшін құжаттар дайындау және есеп беруді жүргізу жөніндегі функция Солтүстік Қазакстан облысы әкімінің еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау делартаментіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.Ы.Омаровқа жүктелсін. Келісілген: Облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Е. Тұрғымбаев Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көші-кон және демографияның басқармасының бастығы Ш. Әлиев Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры А. Овчеренко Қазақстан Республикасының Еңбек және халыкты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Әшітов
Басқа 6
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы «11» мамырдағы № 73 қаулысымен бекітілді "Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөнінде комиссия құру туралы" Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Ереже облысқа шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылатын комиссияның (бұдан әрі-комиссия) мәртебесін және өкілеттігін аңықтайды.
Тармақ 1.2
1.2. Комиссия өзінің қызметінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетел жұмыс күшін тарту квотасын айқындау ережесін, жұмыс берушілерге рұқсат беру жағдайларын және тәртібін басшылыққа алады. 1.3.Тартылатын жұмыс күшіне рұқсаттар беру, олардың іс-әрекетінің мерзімдерін ұзарту мен қысқарту, рүқсаттарды тоқтату, тізімін бекіту үшін құжаттар дайындау және есеп беруді жүргізу жөніндегі комиссияның жұмыс шы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің еңбек, жүмыспен қамту және халықты әлеуметтік корғау департаменті болып табылады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 2.1
2.1. Жұмыс берушілердің шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат алу құжаттарын карау (бүдан әрі - рұқсат);
Тармақ 2.2
2.2. Рұқсат беру (бермеу) туралы ұсыныстар шығару.
Тарау 3. 3. Комиссия құқы
3. Комиссия құқы
Тармақ 3.1
3.1. Комисся мыналар: мүдделі тұлғаларды мәжіліске шақыруға және тыңдауға; міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, материалдарды талап етуге және алуға құқылы.
Тарау 4. 4. Комиссия мәжілісін қалыптастыру және өткізу тәртібі
4. Комиссия мәжілісін қалыптастыру және өткізу тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Комиссияның құрамына орталық билік органының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің аумақтық органдарының |өкілдері енгізіледі.
Тармақ 4.2
4.2. Комиссия мәжілісін комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда |төрағаның орынбасары жүргізеді.
Тармақ 4.3
4.3. Комиссия мәжілісі рұқсат алуға өтініштер түсуіне қарай жүйелі түрде жүргізіледі. Қомиссия хатшысы төрағаның (төраға орынбасары) келісімі бойынша комиссия мүшелерін комиссия мәжілісінің жүргізілу күні мен уақыты, күн тәртібі, жұмыс берушілермен ұсынылған құжаттар туралы хабарлайды.
Тармақ 4.4
4.4. Комиссия мәжілісіне мүдделі ведомстволар өкілдері, сондай-ақ арызданушылар немесе олардың өкілдері шақырылуы мүмкін.
Тармақ 4.5
4.5. Дауыс беру оның мүшелерінің кемінде 2/3 мүшелер қатысқан жағдайда жүргізіледі. Егер ұсынысқа қатысқан мүшелердің 50 % - ынан артығы дауыс берсе, онда комиссия қорытындысы оң болып есептеледі. Дауыс беру саны тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып есептеледі.
Тармақ 4.6
4.6. Комиссия қорытындысы хаттамамен ресімделеді, оны комиссия хатшысы жүргізеді. Хаттама комиссия мәжілісі жүргізілгеннен кейін 3 күннен кешіктірілмей төрағамен және мәжіліске қатысқан комиссия мүшелерімен қол қойылады. Комиссия мүшелері ерекше пікір айтуға қүқылы, сондай ой болған жағдайда, ол жазбаша түрде мазмұндалуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
Тармақ 4.7
4.7. Уәкілетті орган комиссия ұсынымы бойынша рұқсат беру (бермеу) туралы шешім қабылдайды.
Басқа 23
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы «11» мамырдағы № 73 каулысына қосымша "Шетел жұмыс күшін тартуға рұксат беру жөнінде комиссия кұру туралы" Шетел жұмыс күшін тартуға рұксат беру жөніндегі комиссиянын кұрамы Омаров Жаслан Ысқакұлы облыс әкімінің орынбасары-комиссияның төрағасы Балтабаева Ғалия Қазезтайқызы еңбек, жұмыспен қамту және халыкты әлеуметтік корғау департаментінің бастығы-комиссия төрағасының орынбасары Кускаева Татьяна Георгиевна еңбек, жұмыспен қамту және халыкты әлеуметтік корғау департаментінің еңбек рыногы және лицензиялау бөлімінің бастығы-комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Гайсин Ғалымбек Ғайсенұлы еңбек және халықты әлеуметтік корғау министрлігі департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша) Есіімов Болат Ғафизұлы Солтүстік Қазақстан облысы ІІБ көші-кон полициясы басқармасының бастығы (келісім бойынша) Қалиев Базарбек Қабдөшұлы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша коші-қон және демография баскармасының бөлім бастығы (келісім бойынша) Ракымбекова Зейнеп Толегенқызы облыс әкімі аппараты экономикалык бөлімнің меңгерушісі