Отдельные вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасының әскери соттарына басшылықты жақсарту және олардың жұмыстарының сапасын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппаратының саны Әскери соттар басқармасы аппаратының санын қысқарту есебiнен 14 адамға көбейтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тиiстi шығыс сметасын әскери соттардың шығыс сметасын азайту есебiнен көбейтсiн.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 450 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн: 2-тармақтағы "136" деген сан "150" деген санмен ауыстырылсын.