Об утверждении Положении о государственном учреждении «Аппарат акима Мактааральского района» Күшін жойған
Басқа 0
«Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысы «Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже» осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Түркістан облысы «Мақтарал ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Мақтаарал ауданы әкімдігінің
«_30_»__қазан__ 2024 жылғы
№__676__ қаулысына қосымша
Түркістан облысы «Мақтарал ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Түркістан облысы «Мақтарал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) аудан әкімінің мемлекеттік басқару саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік орган егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының актілерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 16054, Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Мырзакент кенті, С.Жаштаев көшесі, № 96.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы – Түркістан облысы «Мақтарал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік орган қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік орган заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мемлекеттік органның миссиясы: аумақтық әкімшілік бірлікте аудан әкiмi мен әкiмдiктiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 14
14. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауыл округтеріндегі қоғамдық-саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды жүйелi талдау негiзiнде аудан әкiмiне, аудан әкiмiнiң орынбасарларына, аппарат басшысына ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;
Тармақша 2
2) қоғамдық пiкiрлердi зерттеу, халықтың түрлi әлеуметтiк топтары арасында ауданда, жалпы елiмiзде және мемлекеттiк саясат саласында өткiзiлетiн ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру, басқару туралы шешiмдер қабылдау үшiн мәлiметтер жинау және қорытындылау, ұсыныстарды пысықтау;
Тармақша 3
3) жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларды, iс-шараларды, кешендi мақсатты бағдарламаларды әзiрлеу, аймақтық әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау, жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің жетілдіру қызметтерiне жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) нормативтік құқықтық аткілердің, аймақтың әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясы мәселелерi, ауданның экономикалық дамуы, атқару өкiметтiң жалпы мемлекеттiк саясаты бойынша облыс әкіміне ұсыныстардың жобаларын әзiрлеу;
Тармақша 5
5) әкiмдiк мәжiлiсiнiң регламентiне сәйкес өткiзiлетiн, аудан әкiмi және әкiмдiктiң қызметтерi, үйлестiру-консультациялық кеңестерде штабтарды, комиссияларды, мәжiлiстердi, жиналыстарды, кездесулердi және оның қатысуымен өтетiн басқа iс-шараларды ұйымдық құжаттамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) БАҚ-да аудан әкiмi мен әкiмдiктiң қызметтерiн көрсетудi қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) аудандық атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру, зерттеу және талдау, олардың қызметiн жақсарту жөнiнде аудан әкiмiне ұсыныс енгiзу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Президентiнiң әкiмшiлiгiмен, Премьер-Министiрдiң кеңсесiмен, Қазақстан Республикасы Парламент сенатының және мәжiлiсiнiң депутаттарымен, орталық органдардың аппаратарымен, жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдырмен өзара қатынасты жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президент Жарлығының, Үкiмет пен әкiмдiк қаулыларын, облыс әкiмiнiң шешімдері мен өкімдерін, аудан әкімдігінің қаулыларын және аудан әкiмiнiң шешiмi мен өкiмдерiнiң атқарылуын бақылау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) аудан әкiмдiгiнiң қаулы жобаларының және аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң заңнама талаптарына сәйкестiгiн құқықтық сараптама, нормашығармашылықты жетiлдiру, аудан әкiмiнiң, аудан әкiмiнiң орынбасарларының және аппарат басшысының басқару қызметiн заңдылығын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) әкiмдiктiң және аудан әкiмiнiң нормативтi-құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу;
Тармақша 4
4) облыс әкімі, облыс әкімі апппараты мен облыс мәслихаты, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен өзара байланысты қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) аудан әкiмдiгiнiң және әкiмнiң актiлерiнiң орындаулына бақылау жасау;
Тармақша 6
6) кадрлар жұмысын «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң, Президент жарлықтары мен Үкiмет қаулыларының талаптарына сәйкес жүргiзу, саяси және әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдардың бос орындарына тағайындау және ауыстыру туралы келiсуге ұсынылатын мәселелер жөнiнде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларымен, облыс әкiмiнiң Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттауға ұсыну үшiн сәйкес құжаттар дайындау, марапаттау құжаттарын ресiмдеу, марапатталғандар туралы мәлiметтер банкiн қалыптастыру;
Тармақша 8
8) жергiлiктi атқарушы органдардың қылмыс пен сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқықты тәртiптi және заңдылықтарды қорғау мәселелерi бойынша басқа мемлекеттiк органдармен байланыс әрекеттерiн қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) аудан әкімдігі мен әкiмнің қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қызметiн қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) еңбек және демалыс үшiн қолайлы әлеуметтiк-тұрмыс жағдай жасау;
Тармақша 11
11) қызметтiк кабинеттердi және мәжiлiс залдарын нормативтi талаптарға сәйкес техникалық жарақтандыру;
Тармақша 12
12) мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды, құпия iс-жүргiзудiң сақталуы үшiн жағдай жасау;
Тармақша 13
13) ресми үкiметтiк және шетелдiк делегацияларға, мемлекеттiң жоғары лауазымды тұлғаларға қызмет көрсетудi, олардың қатысуларымен өтетiн iс- шараларды ұйымдастыру.
Тармақ 16
16. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) аудан әкiмi аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзуге;
Тармақша 2
2) ауданның атқарушы органдарынан, төмен деңгейде тұрған әкiмдерден қажеттi құжаттармен, ақпараттар, қажеттi қызметтерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсiнiктемелер сұратуға, оларға Аппараттың құзiретiне жататын, орындалуы мiндеттi тапсырмалар беруге, аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң құзiретiне жатқызылатын мәселелердi шешуге аудандық атқарушы органдырының, әкiм аппаратының төмен тұрған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер қызметкерлерiн қатысуға тартуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
Тармақша 4
4) өз құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша сот органдарына талапкер және жауапкер болуға;
Тармақша 5
5) аудандық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысуға құқылы.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Мемлекеттік органға басшылықты Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аудан әкімі (бұдан әрі – бірінші басшы) жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органның бірінші басшысы сайлау тәртібімен сайланады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметінен босатылады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және Мемлекеттік органның жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік органды басқару кезінде бірінші басшы заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет жасайды және барлық ұйымдарда Мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Мемлекеттік органның мүлігіне билік жасайды;
Тармақша 3
3) банктерде есеп-шоттар ашады, Мемлекеттік органның барлық қызметкерлеріне міндетті өкімдер шығарады және нұсқаулар береді.
Тармақша 4
4) заңдарға сәйкес Мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 6
6) қаулыларға, шешімдерге, өкімдерге қол қояды; 7) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді; 8) Мемлекеттік органның жұмыс регламентін бекітеді; 9) Мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. 23. Мемлекеттік органның аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппараттың басшысы басқарады.
Аппарат басшысы:
Тармақша 1
1) аппараттың жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;
Тармақша 2
2) аппараттың құрылымдық бөлiмшелердiң жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, олардың өзара қатынасын үйлестiредi;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлер лаузымдарының бос орындарына конкурстар ұйымдастырады. Олардың қорытындылары бойынша аппараттың құрылымдық бөлiмше басшылары лауазымдарына тағайындау және одан босату туралы әкiмнiң қарауына ұсыныстар енгiзедi, аппараттың кадрлар резервiн қалыптастырады;
Тармақша 4
4) аудан әкiмiнiң тиісті орынбасарларымен келiскеннен кейiн аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмыс жоспарын бекiтедi;
Тармақша 5
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес аппараттың мемлекеттік қызметшiлерiн көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы аудан әкіміне ұсыныс жасайды;
Тармақша 6
6) аппараттың қызметiнiң келешектегi жоспарлауын және ағымдағы ұйымдастырылуы жөнiнде аудан әкiмiне ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 7
7) аппаратта және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді еңбек заңнамаларына сәйкес жұмысқа қабылдауды, босатуды және тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда аппараттың мүдделерін білдіреді;
Тармақша 9
9) аппараттың құқықтық актілеріне қол қояды;
Тармақша 10
10) аудан әкiмiмен жүктелген өзге де өкiлеттердi жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
4. Мемлекеттік органдағы жұмыс тәртібі
Тармақ 24
24. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органның мүлкі
5. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 25
25. Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 27
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 6. 6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 28
28. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.