О регламенте Шортандинского районного Маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Шортанды аудандық мәслихаттың регламенті туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8 бабына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шортанды аудандық мәслихаттың регламенті бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешім областық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Шортанды аудандық мәслихаттың
2004 жылғы 31 мамырдағы № С-5/3
шешімімен бекітілген
Шортанды аудандық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Конституциясының 86 және 88 баптарына сәйкес жергілікті басқару органдар - мәслихаттар халықтың еркін білдіретін әкімшілік-аумақтық бірлік және жалпы мемлекеттік қызығушылық есебімен, өз қызметіне сәйкес шектерді белгілейді, олардың орындалуын қадағалайды.
Мәслихатты халық төрт жыл мерзімге сайлайды.
Аудандық мәслихаттың кұзыреті, оны ұйымдастыру тәртібі және қызметі, депутаттар саны және олардың құқығы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, сондай-ақ осы Регламентпен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың қызметі ұжымшылдыкка, мәселелерді еркін талқылауға және шешім қабылдауға, жауапкершілікке және аудандық мәслихат алдында депутаттардың олар құратын органдардың, сайланатын немесе тағайындалатын лауазымды адамдардың есеп беруіне, заңдылыққа, қоғамдық түсінікті ұдайы есепке алып отыруға негізделеді.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат қызметінде аудандық мәслихат депутатына өз құқығын және міндеттерін тиімді және кедергісіз орындауда Заңмен, осы Регламентпен және басқа да актілермен бекітілген жағдайлар жасалады.
Тармақ 4
4. Мәслихат және оның органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін, өз аппаратын құрады, оның құрылымын, штатын және еңбек ақы төлеу және аудандық мәслихатты материалдық техникалық қамтамасыз ету сметасын бекітеді.
Тармақ 5
5. Мәслихаттар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес жергілікті басқару органдарының практикалық қызметінде бір қалыпты қолдану мақсатында аудандық маслихат депутаттарын сайлау бойынша аудандық, округтік сайлау комиссияларын және учаскелік комиссияларды қалыптастырумен айналысады.
Тарау 2. 2. бөлім 1 тарау Аудандық мәслихаттың сессиялары.
2. бөлім 1 тарау Аудандық мәслихаттың сессиялары.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын осы мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Тармақ 7
7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Мәслихат сессиясы сессия төрағасының шешімі бойынша шақырылады. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге - сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге - сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды.
Тармақ 9
9. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанасында өткізіледі, сондай-ақ тұрақты комиссиялар отырысы, ортақ күн тәртібімен өткізіледі. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады. Аудандық мәслихаттың сессиясында қаралатын сұрақтарды сессия төрағасы, тұрақты комиссиялар, аудан әкімі, депутаттар ұсынады.
Түскен ұсыныстарды сессияның күн тәртібіне қосу әр ұсыныс бойынша сессияға қатысып отырған депутаттардың санының қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру жолымен шешіледі.
Тармақ 10
10. Отырыстың басталу және аяқталу уақытын төрағалық етуші белгілейді.
Сессияда баяндамаға бір сағат уақытында беріледі, ал кішкене баяндамаға 20 минут беріледі. Сессия күн тәртібіндегі талқыланып жатқан сұрақтарға 10 минут беріледі. Кандидатура, отырыстың күн тәртібі, дауыс беру, өтініштерге, арыз, шағымдарға, сұрақтарға, хабарландыру мен анықтамаларға - 3 минуттан. Депуттаттар арқылы төрағалық етуші уақытты созуына болады.
Сұрақтарға жауап беруге 10 минут, сұрақ қоюға 5 беріледі.
Тармақ 11
11. Сөз сөйлеу туралы өтініш төрағалық етушіге жіберіледі.
Аудандық мәслихат депутаты сессияда төрағалық етуші сөз бергеннен кейін сөйлейді. Төрағалық етуші сессиада сөз сөйлеуге өтініштердің түсуіне байланысты сөз береді. Керекті жағдайда төрағалык етуші сөз сөйлеудің ретін өзгертуі мүмкін, осы өзгертуінің себебін түсіндіріп айтып кетеді. Сессия күн тәртібіне сәйкессөз, анықтама үшін, сұраққа жауап және түсініктемеге төрағалық етуші кезексіз беруі мүмкін.
Баяндамашыларға сұрақ хат түрінде және орыннан беріледі. Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы сөз сөйлеуге кезексіз алуға құқықтары бар.
Тармақ 12
12. Сессияда сөз сөйлеуші өз сөзінде дөрекі және қатаң түрдегі сөздерді қолданбауы тиіс. Мұндай жағдайда төрағалық етуші ескерту жасайды.
Егер де сөз сөйлеуші төрағалық етушінің рұқсатынсыз сөз алса, микрофон ескертусіз ақ сөндіріледі.
Егер де сөз сөйлеуші талқыланып жатқан тақырыптан тыс кетсе, онда төрағалық етуші талқыланып жатқан сұрақты атап өтуін талап етеді. Егер де оратор өзіне берілген уақыттан көп уақыт алса, өз сөзінде қатаң және жаман сөздерді қолданса, төрағалық етуші бір рет ескерту жасағаннан кейін, оның сөзін тоқтатады.
Тармақ 13
13. Шақырылғандар сессия жұмысына кедергі жасауларына болмайды, тәртіп сақтауға және төрағалық етушінің өкіміне бағынуы керек. Аудандык мәслихаттың депутаты емес тұлға, сессия жұмысына кедергі жасаса, төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан кетуі херек.
Тармақ 14
14. Талқылау мәслихат шешімімен тоқтатылады, ашық дауыс беру арқылы сессияда қатысушы депутаттардың санына байланысты.
Сессияның стенографиялық есебіне (хаттамасына) жарыссөздің тоқтатылуына байланысты сөз сөйлеу мүмкіндігі болмаған депутаттардың өтініші бойынша олар сессия төралқасына тапсырған сөздерінің мәтіндері қосылады.
Тармақ 15
15. Аудандық мәслихат сессиясының қаралып жатқан сұрақтардың шешімі жай ғана ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Құпия дауыс беру кез келген сұраққа жүргізілуі мүмкін, егер де бұны депутаттар қалаған жағдайда немесе регламентпен қаралса.
Тармақ 16
16. Ашық дауыс беруде залдағы дауысты есептеуді сессия төрағасына тапсырылады. Ашық дауыс беруді ашық деп жариялауда төрағалық етуші дауысқа түсіп тұрған ұсыныстарды атап өтеді.
Дауыс беру дауыста санамайынша өтуі мүмкін - егер де бірде бір депутат басқаны талап етпесе, немесе дауысты санау бойынша.
Әрбір сұраққа депуттаттың бір-бірден дауысы бар және сұраққа жақтап, немесе қарсы дауыс береді, немесе дауыс беруге қосылмайды.
Мәслихат сессиясының төрағасы сессияда депутаттардың дауыс саны бірдей екіге бөлінсе ақтық дауысты беруге құқылы. Төрағалық етуші дауыс беруден кейін дауысты есептеп шешімнің кабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы жария етеді.
Тармақ 17
17. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сесиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сайлайды. Мәслихат бірінші ұйымдастыру сессиясында мәслихат хатшысын сайлауға құқылы, егер де Орталық сайлау комиссиясы белгілеген оның депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үші сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледі.
Тармақ 18
18. Жабық дауыс беруді өткізуге және оның есебін анықтауға депутаттар санынан ашық дауыс беру арқылы шоттық комиссияны сайлайды. Оған мәслихат хатшысына кандидат депутаттар саны кірмейді.
Шоттық комиссия өз құрамынан комиссия төрағасын және хатшысын сайлайды. Шоттық комиссия шешімі оның мүшелерінің көп дауыс беруі арқылы қабылданады.
Тармақ 19
19. Бюллетендер шоттық комиссия бақылауымен анықталған санымен және формада жасалады.
Дауыс берудің орны мен уақыты, оны өткізу тәртібін шоттық комиссия бекітеді және шоттық комиссия төрағасымен айтылады.
Құпия дауыс беру бюллетендері депутаттарға депутаттар тізіміне сәйкес немесе аудандық мәслихат депутатының куәлігін көрсеткен жағдайда санақ комиссиясының мүшелері таратады.
Бюллетендерді толтыру жабық дауыс беру кабинасында, депутат қарсы дауыс беріп жатқан кандидаттың тегінің қасына сызып тастау арқылы дауыс береді. Бюллетендер жарамсыз деп танылады қажетті негізде болмаған жағдайда.
Тармақ 20
20. Санақ комиссиясы жабық дауыс берудің нәтижесі туралы хаттама жасайды, оған шоттық комиссия мүшелері қол қояды. Шоттық комиссияның баяндамасы бойынша сессия ашық дауыспен жабық дауыс берудің нәтижесін бекіту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 21
21. Мәслихат хатшысын сайлауда келесі тәртіп белгіленген.
Бір кандидат ұсынылған жағдайда
Дауыс берудің нәтижесінде кандидат сайланған депутаттар санынан көп дауыс алмаса, онда ол қайта сайлануға жіберілмейді. Кандидат басқалардың саны арасында шығуы мүмкін.
Екі кандидат ұсынылған жағдайда
Егер де ешбір кандидат сайланған депутаттар санынан көп дауыс жинамаған жағдайда олар қайта дауыс беруге қатыса алады, олардың құрамында басқа да кандидаттар болуы мүмкін.
Үш немесе одан да көп кандидат ұсынылған жағдайда
Егер де ешбір кандидат сайланған депутаттар санынан көп дауыс жинамаған жағдайда, көп дауыс жинаған, екі кандидат бойынша қайта дауыс беру жүргізіледі. Егер де нәтижесінде екі кандидат да сайланбаған жағдайда, онда қайта сайлау жүргізіледі, оның ішінде сайлаудың бірінші турында қатысқан тұлғалар және қайта дауыс беруге қатысқан тұлғалар қатыса алады.
Тарау 2. 2. тарау Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
2. тарау Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
Тармақ 22
22. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихат өз қызмет мерзіміне тұрақты комиссияларды мәслихат қызметіне қатысты сұрақтарды дайындап және талкылап, шешімін табуға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, өз құзыретінің шегінде жүзеге асыру.
Қажетті жағдайда жаңа комиссиялар да құруы мүмкін, бұрын құрылған комиссиялар қайта құрылуы және қысқартылуы мүмкін.
Тармақ 23
23. Тұрақты комиссиялар және оның төрағалары депутаттар саны арасынан сайланады (ревизиялық комиссия құрамына басқа да мамандар қосылуы мүмкін)
Тұрақты комиссия құрамына аудандық мәслихат хатшысы сайланбайды.
Тармақ 24
24. Тұрақты комиссиялар құрамына аудандық мәслихаттар депутаттары кіреді, осы және де басқа комиссия құрамында жұмыс істегісі келетін есеппен алынады. Комиссия өздерін сайлаған маслихат алдында жауапты және өз қызметі туралы есеп беріп отыруы керек.
Тармақ 25
25. Аудандық мәслихат тұрақты комиссия құрамына өзгерістер енгізуі керек.
Тұрақты комиссия төрағаларының қызметі аудандық мәслихатпен тез арада осы тұлғалардың өтініші бойынша тоқтатылады, сондай ақ өз қызметін атқара алмайтын жағдай болған кезде.
Тармақ 26
26. Тұрақты комиссиялардың саны туралы ұсыныс, оның тізімі, комиссия төрағасының кандидатурасын аудандық мәслихат хатшысы енгізеді.
Тұрақты комиссияларды сайлау кезінде дауыс беру сессия шешімі бойынша жалпы комиссия құрамы бойынша немесе әр кандидатура бойынша жеке жүргізіледі.
Аудандық мәслихат уақытша комиссия құра алады. Уақытша комиссия құрамына аудандық мәслихат депутаттары емес тұлғалар сайлана алады.
Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын мәслихат оларды құру кезінде белгілейді.
Тармақ 28
28. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады.
Тұрақты комиссия көпшіліктік тыңдауларды өткізу алдында жергілікті басқару органдарын, кәсіпорын, мекеме, қоғамдық бірлестік басшыларына хабарлайды.
Көпшілік тыңдауға қатысушылар сұрақты талқылауда сөз сөйлеуіне болады. Көпшілік тыңдаудағы талқыланған сұрақтардың нәтижесі жалпы ақпарат құралдары арқылы жария етіледі.
Тармақ 29
29. Тұрақты комиссия қызметін және оларға жұмыс атқаруда көмек көрсетуді аудандық мәслихат хатшысы анықтайды.
Тұрақты комиссияның бір сұрақ бойынша көз қарастары әр түрлі болған жағдайда, олар бір шешімге келуге тырысуы керек. Егер де комиссия келісімге келмесе, онда олар өз көзқарастарын аудандық мәслихат хатшысына жеткізеді, сосын ол соңғы шешімді қабылдайды.
Тұрақты комиссия қызметі, міндеті, және кұқығы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.
Тармақ 30
30. Мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясының мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясының төрағасы мәслихат депутаттары арасынан сайлайды. Тексеру комиссиясының төрағасы мәслихат депутаттары саны арасынан өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін.
Тармақ 31
31. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депуттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізіліуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкімдікке хабарлайды. Тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
Тарау 3. 3. тарау Аудандық мәслихатқа сайлау аудандық аумақтық сайлау комиссияларын, округтік және учаскелік комиссияларды құру
3. тарау Аудандық мәслихатқа сайлау аудандық аумақтық сайлау комиссияларын, округтік және учаскелік комиссияларды құру
Тармақ 32
32. Сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау және құру екі айдан кем емес уақытта және үш күннен кем емес уақытта сайлау комиссиялары өз өкілеттілігін тоқтатпай тұрып бастайды.
Тармақ 33
33. Аудандық мәслихаттың хатшысы үш күннен кем емес мерзімде жалпы акпараттық құралдарында сайлау комиссиялары құрылғаны туралы жариялануға дейін өз өкімімен депутаттардан және аппарат қызметкерлерінен жұмыстық топ құрады (әрі қарай жұмыстық топ).
Аудандық мәслихаттың жұмыстық тобы саяси партиялар және оның қоғамдық бірлестіктерінен түскен ұсыныстарды караумен және жинаумен айналысады, жоғары тұрған комиссияларды құрылып жатқан сайлау комиссиясының құрамыны кіретін кандидаттар туралы хабарлап отырады. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссия құрамына тек бір ғана өкілеттерін енгізеді. Саяси партиялар сайлау комиссиясының құрамына, осы саяси партия мүшесі болмаған адамды ұсынуға құқықты. Жоғары тұрған комиссияға жұмыстық тобына ұсынылған саяси партиялар мен оның қоғамдық бірлестіктері құжаттар тізіміне кіреді.
Тармақша 1
1) әділет органдарында саяси партия немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің олардың құрамдық бөлімдерінің тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі.
Тармақша 2
2) саяси партия немесе басқа да бір қоғамдық бірлестік органының, олардың құрылым бөлімдерінің жоғары тұрған сайлау комиссиясына тиісті сайлау комиссиясы құрамына ұсынылған кандидат туралы мәжіліс хаттамасының көшірмесі;
Тармақша 3
3) кандидаттың аудандық мәслихат атына жазған өтініші, сайлау комиссиясы жұмысына қатысуға келісім және кандидаттың өмірбаяны;
Тармақ 34
34. Сайлау комиссиясы құрамын дайындауда жұмыстық топ бірінші ретте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, содан 7 мүшеден кем ұсынылған жағдайда басқа да қоғамдық бірлестік және жоғары тұрған сайлау комиссиясының кандидатурасы да есептеледі.
Тармақ 35
35. Жаңа құрылған сайлау комиссияның құрамына келіп түскен ұсыныстарды Жұмыстық топта қарап сессия шешімі жоспарын дайындайды және сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау үшін бюллетендерді дайындайды.
Тармақ 36
36. Шешім жоспары мен бюллетендер бөлек дайындалады:
Тармақша 1
1) аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 2
2) Шортанды аудандық мәслихат депутатын сайлауда округтік сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақша 3
3) Учаскелік сайлау комиссиясы бойынша;
Тармақ 37
37. Сайлау комиссиясы құрамына саяси партиялармен, басқа да қоғамдық бірлестіктен және жоғары тұрған сайлау комиссиясы ұсынған кандидаттар жұмыстық топтың арнайы журналында тіркеледі.
Тармақ 38
38. Аудандық мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттардың барлығы сайлау комиссиясының бюллетенін алып және өзі толтырады. Дауыс берудің нәтижесін сессияда құрылған Есеп комиссия анықтайды. Есеп комиссияның төрағасы мен құрамы мәслихат сессиясында анықталады. Сессияда қатысып отырған депуттардың көбі дауыс берген жағдайда ғана комиссия мүшелері сайланған болып есептеледі.
Тармақ 39
39. Саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстар сайлау комиссиясының мүшелерінің санына сәйкес болса (жеті) бойынша Жұмыс тобы мәслихат сессиясына сайлау комиссиясының құрамына дауыс беруге ұсыныс жасайды. Ал саяси партиялардан сайлау комиссиясы құрамына сәйкес мүшелердің санынан көп ұсыныс түскен жағдайда (жетіден көп) Жұмыс тобы мәслихат сессиясында рейтингтік дауыс беруді ұсынады.
Саяси партиялардан сайлау комиссиясы құрамы мүшелерінің санына сәйкес жетіспейтін ұсыныстар түскен жағдайда (жетіге жетпейтін) Жұмыс тобы бюллетенге бос орындарға кандидаттарды енгізеді, басқа қоғамдық бірлестіктен келіп түскен, ал бұндай кандидаттар жоқ болған жағдайда, жоғары тұрған сайлау комиссиялдардың ұсынысы борынша. Бос орындарға келіп түскен ұсыныстар бойынша Жұмыс тобы сессияға осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беруге ұсыныс енгізеді.
Егер де сайлау комиссиясының құрамына кіретін кандидаттың саны жетеу болса, мәслихат ұсынған немесе басқа қоғамдық бірлестік ұсынған кандидаты қарастырады. Бұл процедура бір рет қана жүргізіледі.
Тармақ 40
40. Бюллетенге үміткердің тегі, аты әкесінің аты, қай саяси партиядан (басқа коғамдық бірлестіктен, жоғары тұрған сайлау комиссиясынан) кандидаттың мәліметтері көрсетіліп енгізіледі. Кандидаттың аты - жөні көрсетілген жердегі оң жақтағы шаршыға депутаттар белгі қояды. Депуттаттар жеті шаршыға белгі қояды.
Тармақ 41
41. Сайлау берудің нәтижесін мәслихат сессиясында Есеп комиссия төрағасы жария етеді.
Тармақ 42
42. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары мен хатшысын сайлау комиссия мәжілісінде сайланып, оның құрылғанынан кейінгі жеті күннен кешіктірмеген мерзімде өткізіледі.
Тармақ 43
43. Мәслихат хатшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес сайлау комиссиясының құрамын жалпы акпараттық кұралдар бойынша хабарлайды. Материалдар баспаның бір нөмірінде оның қосымшасымен басылуы керек.
Тармақ 44
44. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңында қаралған сайлау комиссиясының мүшесін құрамынан шығару туралы және шығып қалған адамның орнына басқаны сайлау туралы шешім қабылдайды. Бос орынға саяси партиялардан, басқа да қоғамдық бірлестіктен ұсыныс кабылданады.
Тармақ 45
45. Мәслихат сессиясында сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңында шыққан, оның бір ұйым қызметкерлерінің құрылуына жол қоймай тиісті әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұратынын ескеру керек. Сайлау комиссиясы мүшелері Президенттікке, Парламентке депутат және мәслихатқа, сенім адамдары, жергілікті басқару мүшелері, әйелі (күйеуі) және жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттың тікелей карамағындағы адамдар кандидат болып түсе алмайды.