Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аудандық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі №279-І "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясы туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 17 тармақшасын негізге ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аудандық комиссия құру туралы от 26.05.2004 г. № 9-15 (Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аудандық комиссия құру туралы)
1. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аудандық комиссия құрылсын (№ 1 қосымша). Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
2. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аудандық комиссия туралы Ереже бекітілсін (№2 қосымша).
3. Аудан әкімиятының 2004 жылғы 24 наурыздағы № 5-3 "Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аудандық комиссия құру туралы" қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Жакиевке жүктелсін.
Cырым ауданы әкімиятының
2004 жылғы 27 мамырдағы
№ 9-15 қаулысына
№1 қосымша
Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен
күрес жөніндегі аудандық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Жакиев Қуандық Мешітқалиұлы - аудан әкімінің орынбасары,
комиссияның төрағасы
Құрматов Хайролла Қарпанұлы - аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы,
төрағаның орынбасары
(келісім бойынша)
Молданиязов Әлібек Елеусінұлы - аудан әкімі аппаратының
ішкі саясат және
әлеуметтік сала жөніндегі
бас маманы,
комиссияның хатшысы
Комиссияның мүшелері:
Дүйсенғалиев Асхат Ғабдылғазезұлы - аумақтық медициналық
бірлестіктің директоры
(келісім бойынша)
Жоламанов Әбіл Тауфикұлы - аудандық мәдениет
бөлімінің меңгерушісі
Молдағалиев Қонысбай Закарияұлы - аудандық ауыл
шаруашылығы бөлімінің
меңгерушісі
Разиев Қадыр Болатұлы - аудан әкімі аппаратының
жастар ісі, туризм және
спорт жөніндегі бас
маманы
Оспанов Нұргүл Бақиқызы - аумақтық медициналық
бірлестіктің
дәрігер-нарколoгы
(келісім бойынша)
Хамза Рақымжан Орынбайұлы - аудандық білім
бөлімінің меңгерушісі
Cырым ауданы әкімиятының
2004 жылғы 27 мамырдағы
№ 9-15 қаулысымен бекітілген
№2 қосымша
Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен
күрес жөніндегі аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Комиссия қызметінің негізгі мақсаты Сырым ауданы аумағында 2004-2005 жылдары нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресті қамтамасыз ету болып табылады.
1. Жалпы ережелер
1. Аудандық нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комиссия аудан әкіміне қазіргі заңдар бойынша берілген өкілеттігін пайдалана отырып, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдар, мекемелер және қоғамдық бірлестіктердің жұмысын үйлестіретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өзінің жұмысын Конституцияға, қолданыстағы заңдарға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия өзінің құзырына қатысты мәселелер бойынша қорытынды жасайды, ұсыныстар әзірлейді, мәселе сипаты мен мазмұнына қарай комиссия хаттамасымен, немесе әкімнің Сырым ауданы аумағында күші бар шешімімен, әкімімен рәсімделеді.
4. Комиссия аудан әкімінің орынбасары болып табылатын төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Төрағаның орынбасары лауазымы бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болып табылады.
2. Комиссияны ұйымдастыру
5. Комиссияның сандық құрамы мен құрылымы әкімияттың қаулысымен бекітіледі.
6. Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
7. Комиссия жұмысында алқалық және жариялылықты ұстанады.
8. Комиссия өзінің жұмысын Ережеде көрсетілген негізгі міндеттер мен қызметтер негізінде мемлекеттік органдар, мекемелер және қоғамдық бірлестіктермен үйлестіреді.
9. Комиссия өзінің кезекті жиналыстарын тоқсан сайын өткізеді. Кезектен тыс жиналыстар аудан әкімінің, комиссия төрағасының немесе комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбінің бастамашылығымен шақырылады. Комиссия отырысына комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысқанда заңды болып саналады. Комиссия отырысы хаттамасына комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды.
3. Комиссия төрағасының өкілеттілігі
10. Комиссия төрағасы:
1) комиссияның жұмысын ұйымдастырады және жұмысын басқарады, комиссия мүшелері мен мемлекеттік органдардың, мекемелердің және қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғалары орындауға міндетті шешімдер шығарады және нұсқау береді;
2) мемлекеттік және басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен және азаматтармен құзырына кіретін мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істейді;
3) комиссияның жұмысы бойынша есеп береді;
4) осы Ережеде, аудан әкімінің шешімдері мен тапсырмаларында қарастырылған басқа да өкілдіктерді орындайды.
4. Комиссия мүшелерінің өкілеттілігі
11. Комиссияның мүшелері:
1) комиссия алқасының құзырына кіретін мәселелерді қарастыру кезінде кеңесші дауыс беру құқығына ие;
2) комиссияның қабылдаған шешіміне келіспеген жағдайда, жазбаша немесе ауызша әкімге жеткізілетін ерекше пікір айтуға құқылы;
3) комиссия төрағасының тапсырмаларын орындауға міндетті;
4) комиссия төрағасының рұқсатымен мемлекеттік органдардың, мекемелердің және қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғаларынан нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері бойынша қажетті мәліметтерді сұрауға құқылы;
5) комиссия төрағасының тапсырмасымен нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің жиналыстары мен отырыстарына қатысуға құқылы.
5. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері
12. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері:
1) Сырым ауданы аумағында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес бағдарламасының жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлеп, әрі қарай мәслихатта бекіту үшін әкімияттың отырысына жібереді;
2) аудан аумағында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі бағдарламада қаралған шаралардың тиісті дәрежеде және уақытында орындалуын қамтамасыз етеді;
3) аудан аумағында есірткі заттары мен психикаға әсер ететін заттардың заңсыз таралуына байланысты болатын қылмыстардың жағдайын, дамуын, құрылымы мен деңгейін талдау және есірткіге қарсы саясатты, сонымен қатар есірткі заттары мен психикаға әсер ететін заттарды қолдану деңгейін төмендету бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) есірткі заттары және психикаға әсер ететін заттарға байланысты құқық бұзушылық және қылмыстық алдын алу бойынша жиынтық шаралар жүйесін әзірлеу, ұйымдастыру және орындауға қатысады;
5) құқық қорғау органдарымен біріге отырып есірткі заттары мен психикаға әсер ететін заттардың заңсыз дайындалуын,таралуын және пайдалануын табу, болдырмау және тоқтатуға бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдарды оңалту проблемаларын шешуге ықпал етеді;
6) мәдениет және адамгершілікті қалыптастыру саласында жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау органдары, мәдениет, ғылым және білім мекемелері, қоғамдық бірлестіктермен жастар арасында есірткіге қарсы идеология жүйесін және салауатты өмір салтын насихаттау жүйесін құрып, жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс істейді.
6. Комиссияның құқықтары
13. Комиссияның негізгі құқықтары:
1) өзінің құзыры аясында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу саясатын жүзеге асыруға қатысатын барлық мемлекеттік органдар, мекемелер мен қоғамдық бірлестіктерден ақпараттар сұрау және алу;
2) нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу саласында көкейтесті және қоғамдық маңызы бар мәселелерді әкімияттың және мәслихат сессиясының қарауына ұсыну;
3) барлық мемлекеттік органдар, мекемелер және қоғамдық бірлестіктердің лауазымды қызметкерлерінің баяндамалары мен есептерін тыңдау;
4) нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу жөніндегі өзінен жоғары тұрған органдарға нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу болып табылады;
7. Комиссияның міндеттері
14. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) жұмысын үйлестіретін мемлекеттік органдардың қолданыстағы заңдарға сәйкес өздерінің құзырына жататын қызметтерді жүзеге асыру кезінде дербестігін қамтамасыз етеді;
2) аудан әкіміне комиссия жұмысы, аудандағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жағдайы және оны дамыту жолдары туралы есеп береді.