О субсидировании семеноводства сельскохозяйственных культур, содержания племенного маточного поголовья сельскохозяйственных животных и возмещения затрат перерабатывающих предприятий при заготовке, транспортировке и переработке санитарного скота Күшін жойған
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының тұқым шаруашылығына, ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды аналық мал басын ұстауға және ауру малдарды дайындау, тасымалдау және өңдеу кезіндегі өңдеуші кәсіпорындардың шығынын өтеуге субсидия беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және "2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 4-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 11 ақпандағы N 5-1 шешіміне (тіркеу N 2406) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1) Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының тұқым шаруашылығына мемлекеттен субсидия берудің Ережесі (1 қосымша);
Тармақша 2
2) Ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды аналық мал басын ұстауға мемлекеттен субсидия берудің Ережесі (2 қосымша);
Тармақша 3
3) Ауру малдарды дайындау, тасымалдау және өңдеу кезіндегі өңдеуші кәсіпорындардың шығынын өтеуге мемлекеттен субсидия берудің Ережесі (3 қосымша).
Тармақ 2
2. Аталған бағдарламалардың әкімшісі болып Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы департаменті белгіленсін.
Тармақ 3
3. Бағдарламаның әкімшісі 1, 2, 3 қосымшалардағы субсидия берудің Ережесіне сәйкес мемлекеттен субсидия беруді жүзеге асырсын және осы қаулыны іске асыру жөніндегі нақты шараларды алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Есенғалиевке жүктелсін.
Басқа 8. Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығына
мемлекеттік субсидия берудің
ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкімдігінің
2004 жылғы 9 маусымдағы
N 165 қаулысына
1 қосымша
Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығына
мемлекеттік субсидия берудің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже облыстық мәслихат сессиясының 2002 жылғы 8 қарашадағы N 25-2 шешімімен бекітілген Батыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық азық-түлік бағдарламасына сәйкес әзірленген және 2004 жылдан бастап тиісті жылға облыстық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен және шегінде N 6 "Өсімдік шаруашылығында тұқымдық қалыптастыруларды қолдау" бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттен субсидия берудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік субсидия отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сатылған жаздық және күздік бидайдың аудандастырылған сорттарының бірінші тұқым қалыптастыру тұқымының құнын жартылай арзандатуға арналады.
Тарау ii. II. Отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне күздік
және жаздық бидайдың I тұқым қалыптастыру тұқымын арзандатылған
құнмен сатылғаны үшін субсидия төлеудің тәртібі
II. Отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне күздік
және жаздық бидайдың I тұқым қалыптастыру тұқымын арзандатылған
құнмен сатылғаны үшін субсидия төлеудің тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік субсидиялар заңмен белгіленген тәртіпте аттестациядан өткен тұқым шаруашылықтарына (бұдан әрі - Тұқымшар) күздік және жаздық бидайдың аудандастырылған сорттарының бірінші тұқым қалыптастыру тұқымын арзандатылған бағамен отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне нақты сатқаны үшін беріледі.
Тармақ 4
4. 1 (бір) тонна тұқымды сатудың жоғары бағасын жыл сайын облыстық ауыл шаруашылығы департаменті тағайындайды. Тұқым шаруашылықтары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тұқымды облыстық ауыл шаруашылығы департаменті тағайындаған бағадан аспайтын бағамен сатады.
Тармақ 5
5. Күздік және жаздық бидайдың сатылған тұқымының 1 (бір) тоннасына бөлінетін сусидия көлемі 4300 теңге.
Тарау iii. III. Тұқымды нақты сатылғанын растау тәртібі
III. Тұқымды нақты сатылғанын растау тәртібі
Тармақ 6
6. Тұқымды нақты сатқанын растау және субсидия алу үшін, тұқым шаруашылықтары облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне төмендегідей құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) тұқымды тауар өндірушілерге өткізудің нақты көлемі жөніндегі жинақтық тізілімі екі данадан (1 қосымша);
Тармақша 2
2) бұл тұқымдарды өндіруге қажетті материалдардың шығу тегін дәлелдейтін құжаттар (апробация актілері, тұқым кондициясы туралы куәлігі, тұқымдарға аттестат);
Тармақша 3
3) тексерілген тұқымның саны мен сапасы туралы лабораторияда белгілі тәртіппен тіркелген тұқымның сапасы жөніндегі анықтама (2 қосымша);
Тармақша 4
4) сатылған тұқымдарға алғашқы төлем құжаттарының көшірмелері (тұқым тиеудің құжаттары немесе счет-фактуралар, төлем түрлеріне байланысты, аударым арқылы есеп айырысу-кіріс кассалық ордерлер, бартерлік есеп айырысу жағдайында-келісім-шарттар, сатып алушылардың сенімхаттары, тұқым жіберуге\алуға құжаттар);
Тармақша 5
5) тұқым шаруашылығымен тұқым сатып алушының арасындағы тұқым сату-сатып алу актісі (3 қосымша);
Тармақша 6
6) жаздық және күздік бидайдың бірінші тұқым қалыптастыру тұқымын мақсатты пайдалану туралы акті.
Тармақ 7
7. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті тапсырылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, субсидия төлеу үшін ведомость 3 данада (4 қосымша) толтырылып, оны бекітеді, оның бір данасын облыстық қаржы басқармасына, екінші данасын облыстық қазынашылық басқармасына тапсырады және ағымдағы жылға тұқым шаруашылығына мемлекеттік субсидия берудің сәйкес бюджеттік бағдарламадағы қаржы көлемінде тұқым шаруашылықтарының есеп шоттарына тиісті соманы аударады.
Басқа 25. __________________________________________
(ауданның, тұқым шаруашылығының, атауы)
бойынша 200__ жылғы келесі өнім алынғанша отандық тауар өндірушілеріне
жаздық, күздік бидайдың І-тұқымды қалыптастыру тұқымын
өткізудің нақты көлемі жөніндегі жинақтық тізілімі
Ауыл шаруашылығы дақылдарының
тұқым шаруашылығына
Мемлекеттік субсидия берудің Ережесіне
1 қосымша
Бекітемін
ҚР АШМ аудандық аумақтық
басқармасының бастығы
___________________(А.Т.Ә. қолы, мөрі)
"____" _________________ 200__ ж.
__________________________________________
(ауданның, тұқым шаруашылығының, атауы)
бойынша 200__ жылғы келесі өнім алынғанша отандық тауар өндірушілеріне
жаздық, күздік бидайдың І-тұқымды қалыптастыру тұқымын
өткізудің нақты көлемі жөніндегі жинақтық тізілімі
Тұқым сатып алған тауар өндірушінің атауы
Дақыл
Сорт
Күні, сату-сатып алу актісінің №
Сатылған тұқымның көлемі, тонна
Төлем құжаттары бойынша төлеу сомасы, тенге
1 тонна тұқымның бағасы, тенге
1
2
3
4
5
6
7
Қорытынды:
Тұқым шаруашылығы басшысы ____________ (А.Т.Ә. қолы, мөрі)
Бас бухгалтері ____________ (А.Т.Ә. қолы)
Тұқым инспекторы ____________ (А.Т.Ә. қолы, мөрі)
Жалғанады: сату-сатып алу актісі, төлем талаптарының түрі бойынша алғашқы төлем құжаттарының көшірмелері, кіріс кассалық ордерлер, тауарлы-транспорттық құжаттар, шоттар, сатып алушылардың сенімхаттары, бартерлік келісім шарт жағдайда - келісім шарттар, тұқым алу/жіберу құжаттары
Басқа 26
Ауыл шаруашылығы дақылдарының
тұқым шаруашылығына
Мемлекеттік субсидия берудің Ережесіне
2 қосымша
_____________________________________
(ауданның, тұқым шаруашылығының, атауы)
бойынша келесі 200_ жылғы
өнім алынғанша сату үшін тексерілген тұқымның саны мен сапасы туралы
АНЫҚТАМА
Дақыл
Сорт
Репродукция
Барлығы
Соның ішінде сату үшін
Саны, тонна
Егістік стандартының класы
Саны, тонна
Егістік стандартының класы
Тұқым сапасы бойынша лабораторияның
төрағасы (меңгерушісі) _____________ (А.Т.Ә. қолы, мөрі)
Тұқымдық сараптама жөніндегі бас маман _____________ (А.Т.Ә. қолы)
Шандырылды:
ҚР АШМ аудандық аумақтық
басқармасының бастығы _____________ (А.Т.Ә. қолы, мөрі)
Басқа 27. Сату-сатып алу
АКТІ
N___ "___" ______________200 ___ ж.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының
тұқым шаруашылығына
Мемлекеттік субсидия берудің
Ережесіне 3 қосымша
Бекітемін
аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімінің бастығы
___________________(А.Т.Ә. қолы, мөрі)
"____" _________________ 200__ ж.
Сату-сатып алу
АКТІ
N___ "___" ______________200 ___ ж.
Біз төмендегі қол қоюшылар, бір тараптан _________________ тұқым
шаруашылығы және екінші тараптан сатып алушы _____________облысының
___________ауданының _________________________________,
(тауар өндірушілердің толық атауы)
бірінші тарап сатқаны, ал екінші тарап 1 тұқымды қалыптастыру тұқымын сатып
алғаны туралы осы актіні жасадық.
N р\н
Дақыл
Сорт
Сатқан күні
Тұқым сатылғаны туралы төлем құжаттардың N және күні
Апробация актісінің N және күні
Сатылған тұқымның көлемі, тонна
1 тоннаның бағасы, тенге
Төлем құжаты бойынша төлеу сома, тенге
Жиыны:
Сатып алушы тұқымды келесі өнім алу үшін егіске қолдануға міндеттенеді.
Тұқым шаруашылығының реквизиттері:
СТН_______________________
Есепшоты__________________
Банк______________________
БИК_______________________
___________________________
(басшысының А.Т.Ә., қолы, мөрі)
Сатып алушының реквизиттері:
СТН_________________________
Есепшоты____________________
Банк________________________
БИК_________________________
_____________________________
(басшысының А.Т.Ә., қолы, мөрі)
Тұқым инспекторы ______________________________________
(ауданның атауы)
ҚР АШМ аудандық аумақтық
басқармасының бастығы (А.Т.Ә. қолы, мөрі)
Ескерту: АКТ 4 данада бір-бірден тұқым шаруашылығына, тұқым сатып алушыға, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне, облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне толтырылады.
Басқа 28. 200__ жылдың ______нен _____дейінгі аралықта тұқым
шаруашылығын сақтауға және дамытуға субсидия төлеу үшін бөлінген
қаржылардың ВЕДОМОСТІСІ
Ауыл шаруашылығы дақылдарының
тұқым шаруашылығына
Мемлекеттік субсидия берудің
Ережесіне 4 қосымша
Облыстық ауыл шаруашылығы
департаментінің бастығы
______________
(А.Т.Ә. қолы, мөрі)
"___" _______________ 200__ ж.
200__ жылдың ______нен _____дейінгі аралықта тұқым
шаруашылығын сақтауға және дамытуға субсидия төлеу үшін бөлінген
қаржылардың ВЕДОМОСТІСІ
Тұқым шаруа
шылық
тарының атауы
Дақыл
өткізілген күні
1 тұқымды қалыптастыру тұқымының нақты сатылғаны (тонна)
1 тонна сатылған тұқымның бағамы (тенге)
Жыл басынан тиісті субсидия көлемі (тенге)
Жыл басынан төленді (тенге)
Тиісті субсидия көлемінің қалдығы (тенге)
Төлеуге қажетті "__"___ 200_ ж.
Қаржы жұмыстары бөлімінің бастығы (А.Т.Ә. қолы, мөрі)
Басқа 29. Ауылшаруашылық малдарының асыл тұқымды аналық мал басын
ұстауға мемлекеттік субсидия берудің
ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкімдігінің
2004 жылғы 9 маусымдағы
N 165 қаулысына
2 қосымша
Ауылшаруашылық малдарының асыл тұқымды аналық мал басын
ұстауға мемлекеттік субсидия берудің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Батыс Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының 2002 жылғы 8 қарашадағы N 25-2 шешімімен бекітілген Батыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық азық-түлік бағдарламасына сәйкес әзірленген және 2004 жылдан бастап тиісті жылға облыстық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен және шегінде N 8 "Жергілікті деңгейде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау" бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттен субсидия берудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік субсидия асыл тұқымды аналық малдарын ұстауға кететін шығындардың 40 пайызға дейінгісін жартылай өтеуге арналады.
1.
Етті тұқымды сиырлар
-
3000
2.
Сүтті тұқымды сиырлар
-
4000
3.
Етті-майлы тұқымды саулық қойлар
-
900
4.
Қаракөл тұқымды саулық қойлар
-
900
5.
Етті-жүнді саулық қойлар
-
900
6.
Көшім тұқымды биелер
-
3000
7.
Қазақ бактрианы інгендер
-
4500
Тарау ii. II. Мемлекеттік субсидия төлеудің тәртібі
II. Мемлекеттік субсидия төлеудің тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік субсидия Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген және аттестаттаудан өткен асыл тұқымды шаруашылығына асыл тұқымды аналық мал басын ұстауға кететін шығынды жартылай өтеуге төленеді.
Тармақ 4
4. Асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын асыл тұқымды мал шаруашылықтары облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы және ауданның статистикалық органы куәландырған белгіленген үлгідегі анықтаманы тапсырады (N 1 қосымша).
Тармақ 5
5. Тапсырылған анықтаманың дұрыстығы тексерілгеннен кейін асыл тұқымды мал шаруашылықтарына субсидия беріледі.
Тармақ 6
6. Субсидия ағымдағы жылдың аяғына дейін ауыл шаруашылығы малдарының аналық мал басын көбейткен жағдайда, сонымен қатар сүт өндіретін шаруашылықтар үшін, сиырлар мен қашарлардың 75 пайызы қолдан ұрықтандырумен қамтылған жағдайда беріледі. Қолдан ұрықтандырудың қамту пайызының актісі дистрибьютерлік орталықтан беріледі.
Басқа 38. Асыл тұқымды мал шаруашылығындағы асыл тұқымды аналық мал басының
саны және 200_ жылға берілуге тиісті субсидия көлемі туралы
АНЫҚТАМА
Ауылшаруашылық асыл тұқымды аналық
мал басын ұстауға мемлекеттік
субсидия берудің Ережесіне
1 қосымша
Келісілді:
ҚР АШМ облыстық аумақтық
басқармасының бастығы
__________________
Бекітемін
Облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы
_____________
Асыл тұқымды мал шаруашылығындағы асыл тұқымды аналық мал басының
саны және 200_ жылға берілуге тиісті субсидия көлемі туралы
АНЫҚТАМА
Асыл
тұқымды
мал шаруа
шылығының
атауы
Ауыл шаруашылығы малдарының түрі
Асыл тұқымды мал бас саны
Соның ішінде 200_ жылдың 1 желтоқсанына асыл тұқымды аналық мал басы
субсидиялар
200__ жылдың 1 қаңтарына
200_ жылдың 1
желтоқ
санына
200__ жылдың 1 қаңтарыңа
200__ жылдың 1 желтоқсанына
1 баска (тенге)
Жалпы сомасы (тенге)
Облыстық ауыл шаруашылығы департаметінің
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта
өңдеу бөлімінің бастығы _____________________
(А.Т.Ә. қолы)
Облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің _____________________
қаржы жұмыстары бөлімінің бастығы (А.Т.Ә. қолы)
ҚР АШМ облыстық аумақтық басқармасының
мемлекеттік асыл тұқымды мал шаруашылығы
инспекциясы бөлімінің бастығы ______________________
(А.Т.Ә. қолы)
Аудандық статистикалық
басқармасының бастығы (мөрі) ______________________
(А.Т.Ә. қолы)
Асыл тұқымды мал шаруашылық
субъектісінің басшысы (мөрі) ______________________
(А.Т.Ә. қолы)
Басқа 39. Ауру малдарды дайындау, тасымалдау және қайта өңдеу кезіндегі
өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын
өтеуге мемлекеттік субсидия берудің
ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкімдігінің
2004 жылғы 9 маусымдағы
N 165 қаулысына 3 қосымша
Ауру малдарды дайындау, тасымалдау және қайта өңдеу кезіндегі
өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын
өтеуге мемлекеттік субсидия берудің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Батыс Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының 2002 жылғы 8 қазандағы N 25-2 шешімімен бекітілген Батыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық азық-түлік бағдарламасына сәйкес әзірленген және 2004 жылдан бастап тиісті жылға облыстық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен және шегінде N 4 "Жергілікті деңгейде малдәрігерлік шараларға қолдау көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттен субсидия берудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік субсидия ауру малдарды дайындау, тасымалдау және қайта өңдеу кезіндегі өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын жартылай өтеуге арналады.
Тармақ 3
3. 1 кг тірілей салмаққа субсидия көлемі аймақтар бойынша қашықтыққа байланысты қарастырылады.
I аймақ - Ақжайық, Жаңақала, Бөкейордасы аудандары - 1 кг тірі салмаққа субсидия көлемі 37 теңге.
II аймақ - Сырым, Қаратөбе, Жәнібек, Қазталов аудандары - 1 кг. тірілей салмаққа субсидия көлемі 35 теңге.
III аймақ - Зеленов, Теректі, Бөрлі, Тасқала, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласы - 1 кг. тірілей салмаққа субсидия көлемі 27 теңге.
Тарау ii. II. Мемлекеттік субсидия төлеудің тәртібі
II. Мемлекеттік субсидия төлеудің тәртібі
Тармақ 4
4. Ауру малдарды дайындау, тасымалдау және қайта өңдеумен айналысатын өңдеуші кәсіпорындар облыстық ауыл шаруашылығы департаментімен келісім-шарт жасасады. Келісім-шарт жасасқаннан кейін ауыл шаруашылығы департаменті облыстық қаржы басқармасының қаржы бөлу мүмкіндігіне қарай келісім-шарттағы соманың 30 пайызына дейінгі көлемдегі сомада өңдеуші кәсіпорындарға аванс береді.
Тармақ 5
5. Серологиялық зерттеу жүргізілгеннен кейін және ауру мал басының саны анықтағаннан кейін ауданның бас малдәрігерлік инспекторы, сол ауданда қызмет көрсететін өңдеуші кәсіпорынның басшысын хабардар етеді.
Тармақ 6
6. Актінің негізінде малдәрігерлік инспектор мал иесіне ауру малды оқшаулау және 5 күн ішінде сойып, сол ауданға бекітілген өңдеуші кәсіпорынға тапсыру туралы белгіленген үлгіде нұсқама береді.
Тармақ 7
7. Өңдеуші кәсіпорынның өкілі аудандағы бас малдәрігерлік инспекторымен және ауылдық округ әкімімен бірлесіп ауру малды тасымалдау кестесін жасайды.
Тармақ 8
8. Өңдеуші кәсіпорынның мал дайындаушысы ауылдық округ әкімінің, малдәрігерлік инспектордың, округтік малдәрігерінің, ал қажет болған жағдайда полицияның учаскелік инспекторының қатысуымен мал иесінен малды қондылығына қарай жергілікті нарықта қалыптасқан бағадан төмен емес бағамен сатып алады және мал иесіне шығыс ордерін толтырып береді.
Тармақ 9
9. Ауылдық округ әкімі және мал дәрігерлік инспектор дайындаушыға жолдама құжаттарды береді (мал дәрігерлік куәлік, меншіктігі туралы анықтама, мал иесінің, ауылдық округ әкімінің, мал дәрігерінің, өңдеуші кәсіпорын өкілінің қолы бар және мөрлерімен куәландырылған мал басы саны және жалпы тірілей салмағы көрсетілген ауру малды дайындау актісі толтырылады).
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің аудандық, қалалық аумақтық басқармасының мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы малды әкелісімен жолдама құжаттарды тексереді, малды клиникалық тексеріс жүргізіп, союға рұқсат береді және ет өнімдерінің қайта өңдеуге түсуіне бақылау жасайды.
Тармақ 11
11. Етті қайта өңдегеннен кейін кәсіпорын әкімшілігі облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне көлік шығындарына өтемақы төлеуге шығыс ордерінің жиынтық тізілімін (шығыс ордерлерінің көшірмесі жалғанады), мал басы және жалпы тірілей салмағы, елді мекені, ауылдық округі, ауданы көрсетіліп, ауылдық округ әкімінің қолымен және мөрмен куәландырылған тауарлы-көлік құжаттамасын; ауру малды дайындау актісін; мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторларының қолымен және мөрмен куәландырылған малды сою және уытсыздандыру актісін (сою орындарымен көлік қаржысы); ауылдық округ әкімінің қолымен және мөрімен куәландырылған жол бағыты (жолдама) қағазын, малдың меншіктігі туралы анықтаманы; мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторларының қолымен және мөрмен куәландырылған малдәрігерлік куәлігін (N 1 үлгі), бұдан басқа ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін (ӨК, ЖШС, АҚ) басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған мал басы саны және жалпы тірілей салмағы көрсетілген жүк, құжатын немесе счет-фактураларын тапсырады.
Тармақ 12
12. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті тапсырылған құжаттарды тексергеннен кейін өңдеуші кәсіпорынның есеп шотына қаражат аудару арқылы төлем жасайды.