Об утверждении Правил определения перечня сведений, содержащихся на материальных носителях с дактилоскопической информацией, при оформлении документов, удостоверяющих личность, виз Республики Казахстан, выдаче разрешения на постоянное или временное проживание в Республике Казахстан, а также сведений, содержащихся в дактилоскопической информации иностранцев и лиц без гражданства, подлежащих выдворению за пределы Республики Казахстан либо подпадающих под действие международных договоров о реадмисс Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын, визаларын ресімдеу, Қазақстан Республикасында тұрақты немесе уақытша тұруға рұқсат беру кезінде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында қамтылатын мәліметтердің тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын, визаларын ресімдеу, Қазақстан Республикасында тұрақты немесе уақытша тұруға рұқсат беру кезінде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында қамтылатын мәліметтердің тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын, визаларын ресімдеу, Қазақстан Республикасында тұрақты немесе уақытша тұруға рұқсат беру кезінде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын, визаларын ресімдеу, Қазақстан Республикасында тұрақты немесе уақытша тұруға рұқсат беру кезінде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында қамтылатын мәліметтердің тізбесін айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын, визаларын ресімдеу, Қазақстан Республикасында тұрақты немесе уақытша тұруға рұқсат беру кезінде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында қамтылатын мәліметтердің тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын, визаларын ресімдеу, Қазақстан Республикасында тұрақты немесе уақытша тұруға рұқсат беру кезінде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында қамтылатын мәліметтердің тізбесін (бұдан әрі – дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтердің тізбесі) айқындау тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) дактилоскопиялық ақпарат – адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін оның қол саусақтарының және (немесе) алақанының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректер және «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес дербес деректер;
Тармақша 2
2) дактилоскопиялық ақпаратты жинау – дактилоскопиялық ақпаратты алуға бағытталған іс-қимыл;
Тармақша 3
3) дактилоскопиялық тіркеу – дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың дактилоскопиялық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, адамның жеке басын анықтау немесе растау бойынша жүзеге асыратын қызметі;
Тармақша 4
4) дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар – өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүзеге асыратын ішкі істер органдары, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ұлттық қауіпсіздік органдары, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 5
5) материалдық жеткізгіштер – дактилоскопиялық немесе геномдық ақпараты бар дактилоскопиялық немесе ақпараттық карталар, магниттік, электрондық немесе өзге де жазба түрлерін жеткізгіштер.
Тармақ 3
3. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар дактилоскопиялық тіркеу жүргізген кезде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштердегі мәліметтердің тізбесін осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес қалыптастырады.
Тарау 2. 2-тарау. Дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштердегі мәліметтердің тізбесін айқындау тәртібі
2-тарау. Дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштердегі мәліметтердің тізбесін айқындау тәртібі
Тармақ 4
4. Дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштердегі мәліметтердің тізбесі дактилоскопиялық тіркеу кезінде дактилоскопиялық ақпарат жинау барысында қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Дактилоскопиялық тіркеу кезінде дактилоскопиялық ақпаратты жинау адамның екі қолының он саусағының және (немесе) екі қолы алақандарының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректерді дактилоскопиялау арқылы алуды және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелген) Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларында белгіленген дербес деректерді қамтиды.
Тармақ 6
6. Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеген кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
Тармақша 2
2) туған күні мен жері;
Тармақша 3
3) жынысы;
Тармақша 4
4) қай ұлтқа жататыны (иесінің қалауы бойынша);
Тармақша 5
5) азаматтығы;
Тармақша 6
6) фотосуреті;
Тармақша 7
7) қолының он саусағының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;
Тармақша 8
8) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
Тармақша 9
9) құжат иесінің қолтаңбасы;
Тармақша 10
10) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
Тармақша 11
11) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;
Тармақша 12
12) құжатты берген органның атауы;
Тармақша 13
13) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының визасын ресімдеген кезде шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
Тармақша 2
2) туған күні;
Тармақша 3
3) жынысы;
Тармақша 4
4) қолының он саусағының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) азаматтығы;
Тармақша 6
6) фотосуреті;
Тармақша 7
7) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
Тармақша 8
8) визаның берілген күні, қолданылу мерзімі;
Тармақша 9
9) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;
Тармақша 10
10) виза берген органның атауы;
Тармақша 11
11) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат берген кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
Тармақша 2
2) туған күні;
Тармақша 3
3) жынысы;
Тармақша 4
4) екі қолының он саусағының және алақанының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) азаматтығы;
Тармақша 6
6) фотосуреті;
Тармақша 7
7) шетелде тұрақты тұратын жерінің мекенжайы;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы;
Тармақша 9
9) қабылдайтын тараптың мекенжайы;
Тармақша 10
10) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
Тармақша 11
11) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;
Тармақша 12
12) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
Тармақша 2
2) туған күні;
Тармақша 3
3) жынысы;
Тармақша 4
4) екі қолының он саусағының және алақанының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) азаматтығы;
Тармақша 6
6) фотосуреті;
Тармақша 7
7) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
Тармақша 8
8) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;
Тармақша 9
9) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілген күн мен негіздері (заңды күшіне енген сот үкімі немесе шешімі);
Тармақша 11
11) өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына кіруге сот тыйым салған күн.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берген кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
Тармақша 2
2) туған күні;
Тармақша 3
3) жынысы;
Тармақша 4
4) қолының он саусағының және алақанының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) азаматтығы;
Тармақша 6
6) фотосуреті;
Тармақша 7
7) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, қолданылу мерзімі;
Тармақша 8
8) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;
Тармақша 9
9) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
Тармақша 10
10) виза, уақытша тұруға рұқсат берілген күні, қолданылу мерзімі;
Тармақша 11
11) тұрақты тұру жоспарланып отырған жердің мекенжайы;
Тармақша 12
12) тұрақты тұруға өтінішхатты қараған органның атауы. _____________________